Қостанай академиясы ғылым жастар көзімен


кРиминологическая хаРактеРистика



жүктеу 3.08 Mb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата03.05.2017
өлшемі3.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

кРиминологическая хаРактеРистика 

пРофессионального пРеступника

А. Куприч,

курсант 3 курса 



Научный руководитель: М. Олексюк,

преподаватель кафедры УУиПиК, магистр права, капитан полиции,

Костанайская академия МВД РК им. Ш. Кабылбаева,

В связи с тем, что профессиональная преступность по ряду 

криминологических характеристик тесно переплетается с реци-

дивной, а специальный многократный рецидив преступлений, 

особенно корыстной направленности, непосредственно связывает 

их, первая включает в себя неоднократное совершение одно-

родных и тождественных преступлений корыстной направлен-

ности.  такая  деятельность  профессиональных  преступников 

требует наличия специальных знаний, умений и навыков.

Рассматриваемая проблема становится еще более актуальной 

в связи с тем, что превалирующее значение институту рецидива 

преступлений отводится в Концепции правовой политики Респу-

блики Казахстан на период с 2010 до 2020 года утвержденной 

Указом Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 

года №858. Одна из основных целей Концепции - сокращение 

рецидива преступлений, совершенных лицами, отбывшими на-

казание в виде лишения свободы [1]. Ожидаемым результатом 

Концепции  также  является  создание  условий,  исключающих 

распространение  в  обществе  криминальной  субкультуры,  а, 

как известно, носители данной субкультуры - это прежде всего 

профессиональные преступники.

исследование профессиональной преступности - очень слож-

ная задача. Это объясняется несколькими причинами:

- преступная деятельность, в том числе профессиональная, 

связана с риском уличения и привлечения к уголовной ответ-

ственности и носит законспирированный характер. тем самым 

в  абсолютном  большинстве  преступники  не  сотрудничают  с 

правоохранительными органами и не предоставляют им какую-



2 секция 

 

А. куприч

73

либо необходимую информацию;

-  по  существовавшим  политическим  и  идеологическим 

мотивам  в  СССР  проблема  профессиональной  преступности 

практически не исследовалась [2].

По нашему мнению, профессиональных преступников можно 

называть  не  только  рецидивистами  антисоциального  типа,  а 

также рецидивистами с антисоциальной установкой корыстной 

направленности. Для них характерна стойкая, целеустремлен-

ная антиобщественная направленность; отсутствие привычки 

трудиться;  корыстная  направленность  мотивов  преступного 

поведения, превращение системы корыстных преступлений в 

единственный или основной источник существования. Данная 

категория лиц обладают преступными навыками, той или иной 

преступной квалификацией. При совершении преступления им 

свойственно применение хитроумных и отточенных приемов, 

маскировка и уничтожение следов преступления.

Профессиональная  преступность  не  стремится  постоянно 

к  высоким  доходам.  Цель  профессиональных  преступников 

совершить  преступление,  сделать  реальную  предпосылку  к 

доходу,  и  жить,  как  правило,  нелегально  или  конспиративно 

на полученный преступный доход. Выявление смыслового со-

держания понятия личности профессионального преступника 

необходимо для правильной организации предупредительной 

работы в отношении определенной группы осужденных, при-

менительно к нашему вопросу в отношении профессиональных 

преступников. 

Для большинства профессиональных преступников, особен-

но многократно судимых, свойственно отсутствие профессии, 

семьи, постоянного места работы и места жительства. Не надо 

думать, что профессиональные преступники, особенно много-

кратно судимые, все время находятся в постоянной оппозиции 

к обществу. Современные исследования показывают, что неко-

торые из них сотрудничают и с полицией, и с администрацией 

учреждений УиС.

Наличие лидерских способностей можно отметить лишь у 

некоторых  профессиональных  преступников.  если  они  соче-

криминологическая характеристика профессионального


74

таются с профессиональными преступными умениями и навы-

ками, то лицо, обладающее такими качествами, представляет 

собой серьезную общественную опасность.

Систематическое совершение преступлений, антиобществен-

ный образ жизни, отсутствие позитивных социальных контактов 

неуклонно  снижают  уровень  развития  личности,  происходит 

постепенная  деградация,  чему  активно  способствует  много-

кратное и длительное нахождение в учреждении. 

Профессиональные преступники утратили страх перед нака-

занием, они плохо адаптированы к условиям на свободе. Многие 

из них совсем не боятся вернуться обратно в учреждение, для 

них «тюрьма - дом родной». значительной части преступни-

ков  действительно  не  плохо  в  местах  лишения  свободы,  они 

не могут находиться вне рамок регламента правил отбывания 

наказания. Для профессиональных преступников, несомненно, 

интересны существующие в учреждении неформальные группы 

осужденных, членством в которых они очень дорожат [3].

СПиСОК ЛитеРАтУРЫ

1.  Концепция  правовой  политики  Республики  Казахстан 

на период с 2010 до 2020 года: Указ Президента Республики 

Казахстан от 24 августа 2009 года №858.

2. Мацкевич и.М. Профессиональная преступность // Вестн. 

Саратов. гос. академии права. - 2008. - № 1. - С. 127-135.

3. забелич А.А. Личность профессионального преступника, 

отбывающего наказание в местах лишения свободы, как объ-

ект криминологического исследования // дисс ... канд. юрид. 

наук. - Рязань, 2013. 



А. куприч

75

2 секция 

 

М. Қабай

алаяҚтыҚ Қылмысының ҚазаҚстан 

Республикасындағы мәселелеРі

М. Қабай,

3 курс курсанты 



Ғылыми жетекшісі: М.Х. Шалгимбаев,

ҚҚАҚжК кафедрасының бастығы, полиция полковнигі,

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 

 

Алаяқтық  «іскери»  қарым-қатынастар  орнап  бастағаннан 



пайда болды. Саудагерлер сатып алушыларды жарамсыз тауар-

ды (құндыз жүнін мысықтікімен араластыру) жоғары бағамен 

сатып алдаса, сатып алушылар тауар үшін бүлінген тиынмен 

немесе тауармен есептескен. Қазіргі таңда алаяқтық қылмыстық 

құқық  бұзушылығының  көп  тараған  түрі  жалған  ақша  жасау 

болып табылады.

ежелгі  Римде  жалған  ақша  жасаушыны  тауып  берген  аза-

матты өмір бойы салықтан босатқан, ал осындай ізгі әрекетті 

жасаған құлдарға еркіндік берілген. Жалған ақша жасаушылардың 

өздерін  өртеп,  аңға  талататын  болған.  Үндістанда  мұндай 

қылмыскерлерді ұстарамен тілімдеп тастаса, Францияда тірідей 

қайнаған суға тастаған.

Жалған ақша жасаудың ең өршіген кезі — ХХ ғ. 90-жылдары, 

бұл  компьютерлік  технологиялардың  пайда  болуына  байла-

нысты  еді.  Әр  елде  әр  түрлі,  бірақ  орта  есеппен  алғанда  әр 

мемлекетте  ақшаның  қорғаныс  белгілері  әр  7-10  жыл  сайын 

жаңарып  отырады.  Қылмыскерлер  осындай  мерзімде  сапасы 

жақсы жасанды ақшаны істеп үлгереді екен.

Қазіргі таңда елімізде жалған ақша жасау үлесіне экономикалық 

қылмыстардың  15%-ы  тиесілі.  Қазақстан  Республикасының 

Қылмыстық  кодексіне  сәйкес  жалған  ақша  жасаған  адам  не-

месе топ 5-тен 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы 

мүмкін, бұған қоса мүлік тәркіленуі ықтимал [1].

Қаржы  қызметтерінің  нарығы  жоғары  қарқынмен  дамып 

келеді, төлем жасаудың жаңа түрлері — карталар пайда болуда. 

Алаяқтар да қол қусырып отырмай, бөтен ақшаны алудың жаңа 



76

жолдарын тауып жатыр.

Кардинг — банк карталарына байланысты алаяқ операциялардың 

бейресми атауы, мұнда картаның өзі немесе оның реквизиттері 

пайдаланылады. Кардингтің бірнеше түрі бар. Біріншісі — бұл 

жоғалған немесе ұрланған карталардын пайдалану, мұндайда 

банк осындай картаны бұғаттап үлгірмей, алаяқ оны «босатып» 

тастайды. екіншісі — жалған карта жасау, мұнда бөтен карта 

туралы  заңсыз  жолмен  алынған  ақпарат  (яғни,  карта  нөмірі, 

клиенттің аты-жөні, жарамдылық мерзімі және т.б.) пластикке 

(ақ пластикке) механикалық түрде басылады немесе жасанды 

картаның не болмаса шын картаның магниттік жолағына жа-

зылады.

төлем карталарының реквизиттері, әдетте, интернет-дүкендердің, 



төлем және есеп жүйелерінің бұзылған серверлерінен, сонымен 

қатар  дербес  компьютерлерден  (тікелей,  не  болмаса  «троян» 

және «құрт» деп аталатын қашықтықтан алу бағдарламалары 

арқылы) алынады.

тағы  бір  түрі  —  пошта,  телефон,  интернет  арқылы  түрлі 

тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру, мұндайда картаның 

иесі емес адам төлем картасының деректерін пайдаланады.

Кардингтің екі нұсқасы бар — скимминг және фишинг.

Қазақстанда да скимминг оқиғалары болып тұрады. Мысалы, 

2013  жылы  Болгария  азаматы  Алматыдағы  бір  қазақстандық 

коммерциялық банктің банкоматтарына скиммерлерді орнатып, 

клиенттер карталарының деректерін көшіріп отырған. Ол бес 

жылға бостандығынан айырылып, мүлігі тәркіленген.

Фишинг (ағыл. — балық аулау) — бұл компьютерлік алаяқтықтың 

ерекше  түрі.  Фишинг-шабуыл  келесідей  ұйымдастырылады: 

киберқылмыскерлер  жалған  сайт  жасайды,  ол  сайт  банктің, 

интернет-дүкеннің сайтынан және интернет арқылы қаржылық 

есеп айырысуға мүмкіндік беретін басқа сайттан аумай қалады. 

Содан  соң  алаяқтар  алдау  арқылы  пайдаланушының  жасан-

ды сайтқа кіргізіп, жеке мәліметтерін, мысалы тіркеу есімін, 

құпиясөзін немесе пин-кодын енгізуін күтеді, соны жасатуға 

тырысып  бағады.  Сол  деректерді  пайдаланып,  қаскүнемдер 

пайдаланушылар шотынан ақша ұрлайды.

М. Қабай


77

Алаяқтық қылмысының Қазақстан Республикасындағы 

Фишинг-хабарламалар шын банктер пайдаланатын логотип 

пен рәсімдеулерді пайдаланады, сілтемелері де интернеттегі 

банктің  шынайы  мекенжайына  ұқсас.  Бұған  қоса,  шынымен 

сізге жөнелтілгендей хабарламада сіздің есіміңіз болуы мүмкін. 

Алаяқтардың хаттарында «банктің» сайтына өз деректеріңізді 

енгізуді талап ететіндей шындыққа жанасатын себептер айтылуы 

мүмкін.  Мысалы,  сіздің  банкіңіз  таңдап-таңдап  жеке  жазба-

ларды тексеріп жатыр немесе компьютерлік инфрақұрылымын 

өзгерткен,  осыған  байланысты  клиенттерге  өздерінің  жеке 

мәліметтерін қайта енгізу қажет.

Қазақстанда 2013 жылы mobile500.kz алаяқтар сайты анықталған 

еді.  Бұл  сайт  арқылы  алаяқтар  Қазақстандағы  төлем  карта 

иелерінің деректерін жинап отырған. Фишинг интернетте ең 

көп тараған алаяқтықтың бір түрі болып табылады. Бұл термин 

ағылшынның  «password  fishing»  (сөзбе-сөз  «құпия  сөздерді 

қармақпен іліп алу») сөз тіркесінен шыққан және классикалық 

түсіндірмеде жалған сайт көмегімен, қолданушыны банк сайтына 

ұқсас немесе қолданушының басқа интернет-жүйені болжамалды 

сәйкестендіру  арқылы  қателестіруді  білдіреді  [2].  Фишердің 

басты мақсаты – қолданушыны алдап, тұзақ-сайтқа әкелу және 

оны қандай да бір тәсілмен сәйкестендірме мәліметті хабарлауға 

көндіру. Осындай мәселені шешу үшін фишерлер әдетте келесі 

тәсілдердің бірін қолданады: спам – оның әдеттегі ойы, қандай 

да бір операцияны (шотты ашу, қате транзакцияны қайтару және 

т.б)  орындау  үшін  қолданушылардан  жедел  авторландыруды 

талап ететін әлдебір проблемамен қорқыту болып табылады. 

Осындай хатта жалған сайтқа сілтеу қамтылады және де көзбен 

қарағанда, әдетте, нағыз сілтемеден ол оңайлықпен ажыратылмай-

ды. Соңғы уақытта фишингтің жаңа түрі – қолданушыдан оның 

сканерленген құжаттарының көшірмесін алу – жиі баяндалады. 

Жеке жағдайда, паспорт көшірмесі мен қолтаңбасының үлгісі 

болса, теориялық тұрғыдан қолданушы атынан несие жасауға 

болады. Сенімді қолданушының сканерленген құжаттарының 

көшірмесін  алу  қиынға  соқпайды  –  мысалы,  оның  лотерея 

ұтқандығы туралы, Х сайтының N-мыңыншы келушісі болып 

табылатындығы және т.с.с. хабарлама жіберу.


78

Фишерлердің көптеген тәсілі сенімге негізделген – сондықтан, 

олардан басты қорғаныс «сен, бірақ тексер» кағидасына негізделген. 

Бұл қағиданың тәжірибелік жүзеге асырылуы қарапайым ере-

желер қатарына негізделеді.

1. Банк ешқашан өз клиентінен несие картасының нөмірін, 

олардың  PIN-кодтарын  және  басқа  да  дербес  мәліметтерді 

сұрамайды. Банкке бұл ақпараттар басынан бастап мәлім және 

нақтылау қажет болған жағдайда, банк өкілдері қолданушыға 

керек  құжаттармен  банкке  келуін  сұрайды,  бірақ  ешқашан 

оларды, мысалға, пошта арқылы жіберуді талап етпейді;

2. Спам-хаттарда көрсетілген сілтемелерден өту қажет емес. 

Сілтеу  сырттай  дұрыс  сілтемеге  ұқсағанымен,  оның  дұрыс 

сайтқа апаратындығын білдірмейді.

Смишинг — фишингтің бір нұсқасы. Бұл жағдайда алаяқтық 

интернет арқылы емес, СМС-хабарлама арқылы жүреді.

Банктің клиенті банк атынан хабарлама алады, онда оның 

картасымен бір проблема туындап, «жасанды» сайтқа кіру не-

месе көрсетілген нөмірге қоңырау шалу туралы өтініш айты-

лады. Осындай СМС-тің бір түрі — «банк» клиентке акцияға 

қатысуды  ұсынады.  Осылайша,  алаяқтар  сіздің  картаңыздың 

реквизиттерін алады.

Алаяқтардың ең сүйікті ісі — бөтен кісінің атынан, әрине 

оны  ескертпей,  несие  алу  немесе  несие  картасын  рәсімдеу. 

Соның  салдарынан  банк  несиені  сіз  алды  деп  есептеп,  оны 

қайтару жөніндегі тиісті талаптарды қоя бастайды. Бұл несие 

алаяқтары атымен танымал.

Алаяқтық жолмен несие алу тәртібі күрделі емес. Алаяққа не 

бары «қарыз алушының» жеке мәліметтері керек, атап айтқанда 

паспорт  деректері,  тіркелген  мекенжайы  және  осыған  ұқсас 

мағлұмат.

Алаяқтықтың  тағы  бір  түрі  —  «қара»  брокерлер.  Негізгі 

бұл  әрекет  жылжымайтын  мүлік  нарығына  мәлім.  Брокерлер 

банкте несие рәсімдеуді уәде етеді, барлық мәліметтерді жи-

найды,  сіздің  атыңызға  несие  алады,  бірақ  сізге  банк  несие 

беруден бас тартты деп айтады. Осылайша, несиені бейшара 

қарыз  алушы  төлейді,  ал  оның  жазықсыз  екендігін  дәлелдеу 

М. Қабай


79

қиынға соғады.

ҚР Ішкі істер департаменті ұсынған статистикаға сүйенсек, 

елімізде несиелік алдап-арбау алаяқтық түрлерінің арасында 

ең кең тарағаны.

Өкінішке  орай,  бұл  алаяқтар  қолданатын  барлық  тәсілдер 

емес.  технологиялар  дамыған  сайын  қаржы  ұйымдарының 

қорғаныс  құралдары  да  күшейе  түсуде,  бірақ  олармен  бірге 

алаяқтық  әдістері  де  жетілуде.  Алайда,  бұрынғыша  адамдар 

ең  қарапайым  қауіпсіздік  шараларын  ұмытып,  ең  қарапайым 

«қақпандарға» түсіп қалады.

ӘДеБиеттеР тІзІМІ

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: Қазақстан 

Респубикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі кодексі.

2. Апта kz. - 2015. - 6 қараша.

3. Экономика: оқулық. - Алматы, 2010.



ӨңіРлік лаңкестіктің әлемге 

енуінің кеЙбіР мәселелеРі

Б. Қуандык,

3 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі: Ж.С. Бухметова,

ҚІЖжК кафедра аға оқытушысы, полиция подполковнигі,

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

ДАиШ – ирак және Шам ислам мемлекеті. ирак және Си-

рия мемлекеттерінің солтүстігінде азаматтық соғыс лаңкестік 

әрекеттерін  жасайтын  халықаралық  террористік  діни  ұйым. 

Өздерін мемлекет атаған ұйым қазіргі кезде 90 000 шақырым 

квадраттан астам жер аумағын қамтып, 10 млн. астам халықты 

қысым  жасап,  ұстап  отыр.  Бұл  ұйым  қазіргі  таңда  көптеген 

халықаралық қылмыстар, лаңкестік іс-әрекеттер жасау үстінде 

және  сол  үшін  бұл  ұйым  әлем  тарапынан  айыпталып  отыр. 

Басшысы  өзін  халиф  атаған  Абу  Бакр  Аль-Багдади.  Жаулап 

алған  ірі  қалалары:  Мосул,  Эр-рамади,  Дайр,  Эз-заур,  Сирт, 

2 секция 

 

Б. Қуандык


80

Пальмира. Ал негізгі астанасы және орталығы есептелетін – 

Эр-ракка қаласы, Сирияда орналасқан. Жалпы ДАиШ әлемдік 

халифат  ретінде  өзін  2014  жылдың  29  маусымынан  көрсетіп 

келеді. ДАиШ қазіргі таңда Сирия, ирак, Ливан, Афганистан, 

Алжир, Пәкістан, Ливия, Мысыр, Йемен, Нигерия, Франция, 

Ресей  және  басқа  да  әлемдегі  мемлекеттеріне  аты  тағылған 

әлем шулатқан қанды лаңкестік қимылдарды, әскери шабуыл-

дарын,  жарылысты  және  геноцидтік  мінездегі  іс-әрекеттерді 

өз мойнына алған.

ДАиШ-тің құрылуы: бұл ұйымның топ болып қалыптасуына, 

алғаш  құрылуына  септігін  тигізген  үлкен  деңгейдегі  ұйым 

«Аль-Каида» болған және негізін қалған тұлға - халықаралық 

деңгейдегі террорист Абу Мусаба аз-заркави. 2003 жылы ирак 

елін окуппациялау аяқталғаннан кейін иорданиялық Абу Мусаба 

аз-заркави «товхид және Джихад» салафиттік ұйым құрады және 

кейіннен сол ұйым «Аль-Каида» секілді үлкен күш-қуаты бар 

лаңкестік ұйымнан мол қолдау алады. Кейінгі кездері өздерін 

ирактық «Аль-Каида» деп те атап кетеді [1].

Халықтарға жаулап алған материалдық, ақшалай құндылықтармен 

бөлісе отырып, бұл ұйым халық арасында қолдауға ие болады. 

Осыған орай топ ары қарай өркендеп, аяғына нық тұрып, өзін 

ұйым ретінде сақтап қалды. 

Америка әскерлерімен 2004-2010 жыл аралығында өткізілген 

операциялардың арқасында осы ұйымға қарсылас, бәсекелес 

лидерлер қаза табады. Осыны пайдалана отырып биліктің тізгінін 

Абу Бакир аль-Багдади және оның көмекшісі Абу Хамза аль-

Мухаджира өз қолдарына алады. Аль-Багдадидің террористтік 

қоғам  арасында  беделі  артып,  әскер  саны  көбейеді.  Багдади 

өздерін ислам әлемінің халифаты атап, Сирия жеріндегі Аме-

рика  әскерін  жоюды  жоспарлаймыз  деп  бұқаралық  ақпарат 

көздеріне нақты хабарлайды.

Келесі бір қадам бұл - «араб көктемі» . Саясатқа пайдасын 

әкеледі  деген  үмітпен  жасалған  «араб  көктемі»  мемлекеттің 

саясатын әлсіретіп, иШиМ-нің билігін күшейте түседі. иракка 

әскери  жорықтар  жасауына  септігін  тигізеді.  Аяғына  бекем 

тұрып алған ДАиШ, Асад режимін төңкеріске алып келіп, өз 

Б. Қуандык


81

идеологиясын  Сауд  Арабиясы,  Катар,  турция  елдеріне  наси-

хаттай бастайды. 

2014 жылы ислам мемлекеті жауынгерлері ирак және Сирия 

мемлекеттеріне басқыншылық әрекеттерді жасайды. Нури аль-

Маликидің ирак еліне қате жүргізілген саясатының нәтижесінде 

1  ай  шамасында  бірнеше  қаланы  өз  қарауына  алып,  Бағдад 

қаласына дейін жетеді. Мемлекеттің барлық пайдалы қазбаларын, 

мұнайы мен ресурстарын, материалдық құнлықтарын иемденеді. 

Осындай іс-әрекеттерден кейін өздерін Халифат жариялайды. 

Бірақ сол уақытта ислам мемлекетін ешбір ұйым және ешбір 

мемлекет мойындамайды [2].

Қазіргі таңда бұл ұйым құрамындағы әскери күш әлемнің төрт 

бұрышынан жиналған. Дәлірек айтсақ ол, Шешеністан, Афгани-

стан, Пәкістан Африка, Ливия, тіпті еуропа және Азия елдері. 

Бұл адамдардың барлығының түпкілікті ойы сунниттік ағымдағы 

шариаттық мемлекет құру. Ресми емес ақпарат құралдарының 

пайымдауы  бойынша,  ДАиШ  әскерлерінің  Сириядағы  саны 

7-8 мың болса, ал иракта 12 мыңнан асып түседі екен. Қару-

жарақтармен қамтамасыз ету жайында тоқтала кетсек, иШиМ-

дегі қолданыстағы қару бұл бұрынғы Америка базаларындағы 

қоймалардан тоналған және Сирия және ирак мемлекеттерінің 

әскери қолданыста болған қару жарақтары болып табылады.

Mи-6  агенттілігінің  бұрынғы  қызметкері  қазіргі  кездегі 

журналист-жазушы Аластраир Кроокенің пайымдауы бойын-

ша, ДАиШ ирак Сирия территорияларымен тоқталмай, Пар-

сы  бұғазы  мен  Сауд  Арабиясын  жаулап  алуды  мақсат  тұтып 

отырғанын айтады.

Аль-Каидамен қарым-қатынас үзілуі - 2014 жылдың ақпан 

айында  «Аль-Каида»-ның  бас  қолбасшылығы  ДАиШ  -тың 

«Аль-Каида» құрамында еместігі жайлы және ДАиШ жасаған 

барлық іс-әрекеттерге жауап бермейтіндігін ресми атап кеткен. 

Бұл туралы бұқаралық ақпарат көздері ДАиШ пен «Аль-Каида» 

арасындағы қарсылық пайда болағаны туралы атап, қақтығыстар 

ошағы ан-Нусра майданы деген атауға ие болғанын алға тарта-

ды. Қазіргі кезде бұл майданда 2000 астам екі ұйымның ланкес 

жауынгерлері қаза тапқан.

Өңірлік лаңкестіктің әлемге енуінің кейбір мәселелері


82

Б. Қуандык

ислам терроризмінің өзге елдер территориясына енуі: ма-

мандардын пайымдауы бойынша, ислам терроризмінің қауіпі 

Ресей Федерациясына төніп тұр. Осыдан бір жыл бұрын ДАиШ 

Ресей мен Солтүстік Кавказ арасында соғыс ошағын жандан-

дыратынын  алға  тартып,  қазіргі  таңда  Кавказда  ДАиШ  -тің 

филиалы бар екенін айтқан болатын. ДАиШ тарапынан ғаламтор 

көздерінен басқа да Ресейге қатысты бейне және аудиобаспа-

ларын көре аламыз. Мысалы, ислам мемлекеті лаңкестерінің 

жолдауы: «Бұл жолдау саған, о, Владимир Путин. Сенің Башарға 

(Асаадқа) жіберген ұшақтарын, Аллахтын қолдауымен, өзіне 

қайта жібереміз...». Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің 

ақпараттары бойынша, осыдан кейін Кавказдағы террористер 

лидерлері  ДАиШ-ке  ант  қабылдайды.  Олардың  ішінде:  Су-

лейман  зайланабидов,  Абу  Мухаммад  Кадарский  және  Абу 

Мухаммад Агачульский. 

еске  сала  кетейік,  ислам  мемлекетінің  жауынгерлері  26 

маусымда Франция, тунис, Кувейт мемлекеттерінде, жұма на-

маз уақыты кезінде, шииттік мешіттерде бірдей жарылыстар 

жасайды.  Салдарынан  бір  Кувейт  қаласының  астанасы  Эль-

Кувейтте 16 адам қаза тауып, 179-ға жуығы түрлі ауырлықтағы 

жарақат алады. тарих сахынасында бұл қаралы күн «Лаңкестік 

жұма» деген атауға ие болды [3].

  Ал  2015  жылдың  қараша  айында  Синай  провинциясында 

Ресей Федерациясының жолаушылар тасымалдайтын ұшағында 

жарылыс  болады.  Бұл  оқиғаны  ДАиШ  ұйымы  өз  мойнына 

алған Жарылыс салдарынан 220 жуық Ресей азаматтары қаза 

тапты. Ресми ақпарат көздері бойынша, бұл аппаттың себебі 

анықталмады.

ислам мемлекеті лаңкестерінің Францияға қайта шабуылы: 

көшелердегі  атыс,  халыққа  толы  стадион  алдындағы  жары-

лыстар  және  концертке  келген  көрермендерді  кепілге  алу. 

13  қарашада  Парижде  қатарынан  бірнеше  лаңкестік  шабуыл 

жасаған. Қанды қырғында қаза тапқандар саны 150-ге жуық, 

200-ден  астам  адам  жараланған.  Лаңкестер  өз  шабуылдарын 

адам  көп  жиналатын  орындарда  жасаған.  Алдымен  содылар 

Париждің  солтүстігіндегі  кафеде  отырғандарды  атып  таста-


83

ды. Осында 14 адам қаза тапты. Көп ұзамай стадион маңында 

қатарынан  2  жарылыс  болған.  Осы  уақытта  футбол  көруге 

мыңдаған Франция және Германия азаматтары жиналған бола-

тын. Олардың арасында Франция президенті Франсуа Олланд 

та болған. Жарылыста шамамен 40-қа жуық адам көз жұмды. 

Осы  кезде  суық  қаруланған  содылар  «Батаклан»  концерт  за-

лында 112 адам атып тастаған [4].

Қазіргі таңда біз өңірлік лаңкестіктің әлемге ену мәселесін 

кең ауқымда таралуын, оның қанды зардаптарын күнделікті күнде 

көріп отырмыз. Және бұл мәселе бүгінгі кезде үлкен бір гло-

бальды проблемаға айналып бара жатқанына көз жеткіздік.

ӘДеБиеттеР тІзІМІ

1. http://chtooznachaet.ru/igil.html

2. http://lifenews.ru/news/156433

3. http://korrespondent.net/world/3594259-evropa-stolknulas-

s-teraktamy-novoho-typa

4.  http://ru.euronews.com/2015/11/24/hollande-and-obama-

press-for-greater-cooperation-against-isil/



жүктеу 3.08 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет