Қостанай академиясы ғылым жастар көзімен


кекпен – жерді қазуда қолданылатын құрал. күрке



жүктеу 3.08 Mb.
Pdf просмотр
бет25/33
Дата03.05.2017
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

кекпен – жерді қазуда қолданылатын құрал.

күрке – мал жейтін шөпті жинап қоятын кішкене қора

Қауыз  –  жерді  қазып  цементтелген,  су  құйып  қоятын 

құдық.


Қосқол – үлкен балға. 

Қыжым – матаның түрі

лом  –  қатты  жерді  қазуда  қолданылатын  бір  ұшы  ұзын 

құрал


мазарат – мола, бейіт

моржы – шыраның (шамның) әйнегі. Моржы арқылы жарық 

түсіп тұрады.



науа  –  малдарды  суғару  үшін  су  құйып  қоятын  арнайы 

ыдыс


палшы – бақсы, балгер. 

паныс – шамның бір түрі

пәсеңгі – таразының екі жағы тең болуы үшін салынатын 

зат.


Қостанай облысына Өзбекстаннан қоныс аударған

286

пешехана (масахана) – масадан қорғану үшін ақ марлыдан 

тігілетін төртбұрышты қорғаныс



пыстан – мылтықтың ішіндегі оғы.

пілік – шыраның (шамның) ортасындағы от жанып тұратын 

қалың мата.



пірезен  –  жаңбыр  суы  өтпеу  үшін  үйдің  үстіне  төселетін 

қатты, қалың мата сияқты зат



сәтін – жылтырақ мата.

сестырна – су құюға арналған үлкен бөшке

сүрме – қыз-келіншектер қас, кірпігін өсіру үшін жағатын 

зат


тандыр – нан пісіруге арналған ошақ секілді, саз балшықтан 

жасалған 



тапшан – жазда далада жатып демалуға арналған ағаштан 

істелетін жатар орын



туым – малдың туатын кезіндегі жайлы қоныс

Шөпшек  –  от  жағатын  кезде  қолданылатын  отынның 

ұсақтары


Шыра – керосинмен жанатын шам

Шырдан – қозының мәйегі (қарыны). 

Шыт – матаның түрі

пақта (мақта) - басында қауашақты ақ ұлпа өсетін техникалық 

дақыл.


Ыдыс-аяқ атауларына қатысты диалек сөздер

алжапқыш  –  белдемше,  әйелдердің  тамақ  істеген  кезде 

беліне байлап алатын белдемшесі.



әтешкір – шоқ қысқыш құрал.

бәк – ет қайнатуға арналған үлкен ыдыс

елек – ұн т.б. заттар елейтін елеуіш.

итаяқ – итке тамақ беретін ыдыс

кекпір – темірден жайпақтап жасалған тесік ожау

керней  –  самаурынның,  пештің  қаңылтырдан  жасалған 

үрлемелі құралы



күршек – су ішетін ыдыс

Қақандоз – қоқысты (мусорды) алуға арналған ыдыс

Г. сайфуддинова

287

ләл табақ – бесбармақ салатын үлкен табақ

леген, ләгән – кір, қол жуатын кішірек ыдыс (тазик).

нымкесе  –  сорпа  құйып  ішуге  арналған  тереңдеу  келген 

үлкен ыдыс.



патнос – паднос, самаурынның астына қоятын ыдыс.

пияла – кесе.

сапал кесе – сұйық тағам құюға арналған үлкен кесе.

сүзгіш  –  сүттің  бетіне  түскен  шаң-тозаңды  сүзіп  алатын 

зат


тапа – үстіне от жағып нан пісіретін ыдыс.

тегеш - ағаштан жасалған шұңғыл табақ, аяқ тегене, яғни 

жалпы мағынасы ыдыс. 



Үнелек – ұнды елейтін елек

Шапқы , шаппа – бәкі, пышақтың кішкентай түрі.

Тағам атауларына қатысты диалект сөздер

бадам – жаңғақтың сопақша болып келген бір түрі.

бәрәкөш – жаңа туған қозының еті

бұжы  -  қарын  ішіне  ет,  сарымсақ,  бауыр,  картоп  қосып 

жасалған тамақ.



быжыма – ыстық нанға май жағып жасалатын тамақ.

быламық – ұннан істелетін тағам.

жарма – наурыз көжеге салынатын тағам. 

зуала – иленген қамырдың кішкентай үзіндісі

кәді, ас кәді – асқабақ.

Қайыс – қамыр салынып жасалатын тамақ. Кейбір аймақтарында 

майсалма деп те аталады. 



Қамыртұрыш – дрожжи, қамырды ашытатын ашытқы

Қаттама  –  қамырды  оқтаумен  жазып,  бетіне  май  жағып 

бүктеп пісіретін нан



пәтір нан – арасына май жағып пісірілетін жұқа нан

сумалак – наурыз мерекесінде бидайды ұзақ қайнату арқылы 

дайындалатын тағам. 



тандыр нан – тандырға пісірілетін нан

тұздық – бешбармақтың қамырының бетіне құятын арнайы 

пісірілген пияз



Қостанай облысына Өзбекстаннан қоныс аударған

288

Үзбен – қамырды жұқалап кесіп дайындалған тағам.

Шәккі – сүзбе. 

Шәмбе – шайдың қалдығы

Шөрдәнек – жаңғақтың бір түрі

Киім-кешек атауларына қатысты диалект сөздер:

герзабай етік – қыста киетін қалың, су өтпейтін етік. 

жаулық – орамал деген мағынада қолданылатын сөз.

күбәйкі  –  ер  адамдардың  қыс  мезгілінде  киетін  қалың 

киімі.


тымақ – ер адамдардың қыс мезгілінде киетін бас киімі.

ұлтарақ – аяқ қиімнің ішіне су өтпеуі үшін салынатын киіз 

сияқты зат.



Шарқат – жаңа түскен келіннің 40 күн бойы тағып жүретін 

орамалы


Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты диалект сөздер

жарысқазан – әйел босанған кезде дәстүрлі түрде жастардың 

ойын-сауық құратын жиыны



сәлем салу – әрбір келіннің парызы. иіліп сәлем беру арқылы 

өзінің инабатты, ибалы екенін білдіреді. 



тәтті  шай  –  жаңа  түскен  келіннің  қолынан  үлкен  кісілер 

жиналып ішілетін алғашқы шай. 



тоғыз – баяғыдан келе жатқан кәде, қыз артынан келетін 9 

дана мата, шапан.



тұтқа шаю – ауырып қалған адамға есіктің тұтқасын шай-

ып соның суын ішкізу. Тіл немесе көз тиген кезде жасалатын 

ырым.

Шілдехана – сәби дүниеге келген кезде жасалатын жиын.

Қоржын  –  ұзатылған  қыздың  қайын  жұрты  алып  келетін 

маталар.


Адамның мінезіне қатысты және олардың сөйлеу тіліндегі 

диалект сөздер:

әккі – жаман мінез, қырсық адам

берешек – қарыз мағынасында. Мысалы: сіз маған берешексіз 

– сіз маған қарызсыз (белгілі бір затқа ғана қатысты айтыла-



Г. сайфуддинова

289

ды).


дастархан тақтау – дастархан жасау

дат басу – тат басу

кәуіс-кәуіс  –  сауын  түйені  шақыруда  айтылатын  қаратпа 

сөз.


Қайырлы болсын – өмірден өткен кезде туыстарына айты-

латын жұбату сөз.



пәм  –  түйсік,  түсінік.  Мысалы:  пәмі  жоқ  екен  –  түсінігі 

жоқ екен. 



пәтия,  пәте  –  бата.  Мысалы:  Пәтия  берейін  –  бата 

берейін.


пәтуасыз  –  текке,  босқа,  мағынасыз.  Мысалы:  пәтуасыз 

сөйлей бермеңіз – текке сөйлей бермеңіз.



сәскей – түстен кейінгі уақыт. Сағат 3-4 аралығы.

соңара  –  со сын,  кейін,  артынан  деген  мағынада 

қолданылады

Қорытындылай келе, Қостанай өңіріне Өзбекстаннан қоныс 

аударған  қазақтардың  тілдік  ерекшеліктері  бұрын  –  соңды 

зерттелмеген тақырып болғандықтан, қандастарымыздың тілдік 

ерекшеліктерін зерттеп, олардың тілінде кездесетін диалект сөздерді 

жинақтап, сөздік құрастырып шығаруды мақсат етеміз. 

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру:  

оқу құралы. - алматы: «Мектеп» баспасы, 1985. - 232 б.

2.  Досқараев  Ж.,  Мұсабаев  Ғ.  Қазақ  тілінің  жергілікті 

ерекшеліктері. - алматы, 1951. - 132 б.

3. атабаева М. Диалектілік сөз мағынасы. - алматы: «Ғылым» 

баспасы, 1972. - 176 б.

4.  Қалиев  Ғ.,  Нақысбеков  о.,  Сарыбаев  Ш.,  Үдербаев  а. 

Қазақ  тілінің  аймақтық  сөздігі.  -  алматы:  «арыс»  баспасы, 

2005. - 824 б.

Қостанай облысына Өзбекстаннан қоныс аударған


290

отансҮйгіШтік - заман талабы

М. Сейілбек

2 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі : Г.К. Мадина,

педагогика ғылымдарының магистрі, азаматтық қорғау майо-

ры, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты

Патриотизмді ұлттың тілі, діні  тығыз байланысып, астасып 

жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта 

көтеріліп  отырған  маңызды  мәселелер  қатарында  жастарды 

патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті мәселе болып саналады. 

Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық 

рухта  тәрбиелеудің  орны  бұрын  да  ерекше  болған,  бүгін  де 

маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар 

қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ 

жастарының қолында. ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп 

ерінбей  еңбек  ететін  болсақ,  өз  үлесімізді  қосарымыз  анық. 

Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, 

жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың 

отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік 

болса  керек.  Өйткені,  елін,  жерін  сүймеген  азамат  отанына 

адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты 

болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. ал өз тілінде 

де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне 

пайда  келтіре  алатыны  анық.  Қазіргі  тәуелсіздік  жағдайында 

патриоттыққа баулу – айрықша маңызға ие мәселелердің бірі 

болып отырғаны да сондықтан [1].

2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі 

күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз 

керек. Біздің  сырт елден гөрі отанында өмір сүргенді артық 

көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға 

тиіс.  Біздің  еліміздің  әрбір  азаматы  өзін  өз  жерінің  қожасы 

ретінде сезінуге тиіс». Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, 

өз елінде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп, айтқан 

сөздері әр адамға рух беріп, отанын сүюге баулиды.

5 секция  

 

М. сейілбек


291

Патриотизм  феноменін  үшке  бөліп  қарастырған  жөн  дейді 

отандық ғалымдар. ол: мемлекеттік, ұлттық және жеке түрлер. 

оның біріншісі бүгінгі таңда аса маңызды саналып отырған – 

жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл елімізде мекен етіп жатқан 

жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстардың елге деген сүйіспеншілігі 

тұрғысында қарастырылады. Жалпы, кез келген адам патриоттықты 

бесіктегі  шақтан  бастап  бойға  сіңіре  бастайды.  Бұл  жерде 

отбасылық  тәрбиенің  де,  балабақша  мен  мектеп,  жоғары  оқу 

орындары мен ондағы білім беруші ұстаздардың да үлесі зор. 

Сондай-ақ, жұмыс істеу барысында қоғамдық ұйымдардың не-

месе басқа да орталықтардың ықпалы болары сөзсіз [2].

Тілі - қазақ тілі. ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінетін. 

Қазақша ойлап, қазақша сөйлейтін, жаза білетін, тілінің дамуын 

мақсат тұтатын жанашыр. Жастарын ең алдымен иманға, содан 

кейін елін-жерін, ұлтын сүюге тәрбиелейтін ата-ана .

Қазақ ұлты - Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі 

ұлт. Қалған ұлттар диаспора болып саналады. Қазақ ұлты басқа 

ұлттардың  дамуы  мен  тілін,  дінін,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын 

сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының 

тілі  мен  дінін,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпын,  ұлттық  болмысын 

сыйлауын құрметтеуін талап етеді. 

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың 

тілі  мемлекеттік  тіл  бола  алмайды.  Барлық  қазақстандықтар 

мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы міндетті. 

Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына 

қарсы болмайды.

Қазақтар - мұсылман ел. ислам діні қазақ ұлтының тарихи 

діні,  сенім-нанымдарының  түпқазығы  болып  саналады.  Дін-

мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының біріне айналуы тиіс. 

Қазақстан  мемлекеті  дәстүрлі  діндердің  дамуына  жағдай  жа-

сайды, дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың жұмысына 

тосқауыл қоюы тиіс [3].

Қазақстанның  азаматтығы.  Шет  елдерден  оралған  қазақ 

ұлтының  өкілдері  кедергісіз  Қазақстан  азаматтығын  алады. 

Басқа  шет  елдік  ұлт  өкілдері  Қазақстан  мемлекетінің  дамуы 

мен қазақ ұлтына ерекше еңбегі сіңген болмаса уақытша виза 

Отансүйгіштік - заман талабы


292

алуы тиіс.

Өзін  ұлтының  патриотымын  деп  санайтын  әрбір  азамат 

қазақ ұлтының мүддесін кез келген артықшылықтар мен жеке 

басының мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Қажет болса жанын да 

қиюы керек. Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші 

орынға қояды. Біз қыздарымызды сыйлау арқылы ұлтымызды 

сыйлаймыз. Қазақ қызы-қазақтың анасы. ана-болашақ ұрпақтың 

бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт 

шығуы мүмкін емес.

отансүйгіштік  дегеніміз  -  біріншіден,  өз  тарихымызды, 

екіншіден, өз тілімізді - туған халқымыздың тілін білуіміз керек. 

Үшіншіден, атадан  балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа 

жалғасып  келе  жатқан  салт,  дәстүрлеріміз,  әдет-ғұрыптарды 

білген жөн. Төртіншіден, абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-

қасиетімізді арттыру. Қазақстанның тарихын, дәстүрін, әдеп-

ғұрпын  құрметтеп,  түсінбесек,  олардың  ұлттық  болмысында 

сүйіспеншілік,  ұғынушылық  болмаса,  онда  патриоттық  сезім 

оянуы мүмкін емес. Патриотизм грек тілінен - отан, атамекен 

деген мағына береді және адал қызмет етіп, қорғауды мақсат 

тұтатын өз отанына, атамекеніне деген терең тамырын жайған 

ұғым  болып  саналады.  Н.Г.  Чернышевский  айтқандай:  «Өз 

отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді». «Па-

триотизм дегеніміз - отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның 

аман-саулықтың  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну, 

патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның 

өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты 

білдіреміз». осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат 

тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе 

жатқан ұлы мақсат болғандықтан,  курсанттардың бойындағы 

отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда 

халқымыздың ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның 

Халық  Қаһарманы  батыр  Б.  Момышұлы  ағамыздың  кейінгі 

ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке 

толы  шығармаларының  алатын  орны  ерекше.  К.Д.  ушинский 

айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық бо-

луы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын 

М. сейілбек


293

сақтап,  сол  рухта  тәрбиелеуге  баса  назар  аудару  қажеттігін 

ескерткен.

Жастар-қоғамның болашақ құрлысшылары. Қоғамның тағдыры 

біздің  қолымызда.  Біздің  отанымыз  -  Қазақстан.  Ендеше  біз 

осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болуымыз 

керек [4].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

2014 жылғы халыққа Жолдауындағы Қазақстан тарихына енетін 

10 креативті идеяның біріншісі - патриотизм деген болатын.

Жалпы алғанда, патриоттық сезімнің қай-қайсысының бол-

сын  қалыптасуы  отбасы  тәрбиесінен  бастау  алатыны  белгілі. 

Сондықтан отбасында патриотизмге тәрбиелеу ана тілін үйрету, 

ұлттық мінез-құлықтарын қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді 

сақтау, шыққан ата тегін білу және сезінуден басталып, халқына 

сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау - осының бәрі патриоттық 

тәрбиеге әкелетін жолдар [5].

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Саяси түсіндірме сөздік - алматы, 2007.

2. Жәрімбетова Н. Егемен Қазақстан. - 2009. - 19 тамыз.

3. 2006-2008 жылдарға арналған жастарға патриоттық тәрбие 

берудің мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2006 ж. 

10 қазандағы Жарлығы.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың 

өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздік  және  әл-ауқатының  артуы.  Ел 

Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - алматы: Білім, 

1997. - 17 б.

5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. -алматы,- 2001. -97 

б.

Отансүйгіштік - заман талабы


294

жазуШы т. ахтановтың «Шырағың сөнбесін» 

Шығармасы тіліндегі метонимияның 

стильдік Қызметі

А.С. Серигхан,

2 курс студенті



Ғылыми жетекшісі: С.Ғ. Қанапина, 

кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, 

доцент, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Халық тілі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін, 

бейнелі ойды бедерлеп жеткізетін өрнекті сөз орамдарына аса 

бай. Қай тіл болса да оның сөздік қорының мол болуы сол тілде 

сөйлеушілердің қарым-қатынасын жақсартуға, айтайын деген 

ойын терең, мазмұнды етіп түсіндіруге өз септігін тигізеді. Қазақ 

тіл білімінде соның ішінде метонимияның алар орны ерекше.

Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бірізді 

емес. Мәселен, І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың анықтауынша, 

«Бір  сөздің  орнына  екінші  бір  сөздің  ауыс  қолданылуынан 

шығатын  іргелес  ұғым  метонимия  деп  аталады».  академик 

З.Қабдоловтың тілімен айтсақ, метонимия «өзара шектес заттар-

мен себептес құбылыстардың,  өзара байланысты ұғымдар мен 

шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану». ал Қ.Жұмалиев 

былай анықтама береді: «Не құбылыстың бір жағы, не аттары 

алынып, өз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы 

жақындығымен бірінің орнына екіншісі алмастырылып қолданылса 

және  сол  құбылысты  түгел  көрсете  алса,  метонимия  дейді». 

«Метонимия дегеніміз – белгілі бір заттар мен құбылыстардың 

сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына 

қарай алмастыру амалы» - дейді Ә. Хасенов.

Л.Нұржекеева өзінің «Метонимияның лингвистикалық табиғаты» 

еңбегінде мынадай анықтама береді: «Мәндік, мекендік, мезгілдік, 

түр-түстік  жағынан  бір-біріне  бүтіндей  немесе  бөлшектей 

жақындығы  бар  екі  заттың,  я  құбылыстың  бөлшегі  орнына 

бүтінін алмастырып айтуды метонимия дейміз». 

Қазақ  халқының  ірі  ғалым  лингвисі,  әдебиет  зерттеушісі, 

түрколог,  дарынды  ақын,  аудармашы  ахмет  Байтұрсынов  та 



5 секция 

 

А.с. серигхан

295

метонимияның  әдеби  шығармалар  үшін  айрықша  мәні  бар 

екендігін  атап  көрсете  келіп,  былай  түсіндіреді:  «арасында 

жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына 

бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу, алмастыру (яғни 

метонимия) деп аталады [1, 32 б]. 

арнайы  зерттелмеген,  троптарды  талдау  барысында  қазақ 

ғалымдары  метонимияның  басты  қасиеттері  жөнінде  бағалы 

пікірлер айтқан. ол жайында өзінің «Әдебиет танытқыш» атты 

еңбегінде  (1926)  алғаш  теориялық  тұжырым  жасаған  қазақ 

ғалымы – ахмет Байтұрсынов. Қазақ тіліндегі метонимияның 

лексикалық және грамматикалық басты ерекшеліктерін айқындауға 

қазақ ғалымдары, негізінен, орыс тілін зерттеушілерден үлгі, 

тәжірибе алған. орыс тілінде М.В. Ломоносов, а.а. Потебня, 

М.М. Покровский, В.а. Звягинцев, Д.Н. Шмелев, и.В. арнольд, 

о.С. ахманова, Г. Пауль, С.ульман, Б.В. Томашевский, В.Г. Гак,  

Е.Л. Линзбург, М.Г. араратян, Ю.Д. апресян, Л.и.Рахманова, 

Н.Д. арутюнова, В.и.Корольков, Е.а. Некрасова, М.В. Никити-

на, З.и. Бабицкене, В.а. Сиротина, а.К. Бирих, т.б метонимия 

мәселесіне бірі арнайы, екіншісі өзінің зерттеу объектісі ретінде 

тоқталып отырса, қазақ ғалымдары арасынан Қ. Жұмалиев, І.  

Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Ғ. Мұсабаев, К.аханов, 

а.ысқақов, Ә. Хасенов, З. Қабдолов, Т. Қоңыров, Р. Барлыбаев, 

Б. Хасанов, Ш. Мұхаметжанов, Ә. ахметов т.б метонимияның 

жеке ғылыми-лингвистикалық  объект есебінде танылуына өз 

үлестерін қосты.

Сөздердің дағдылы мағынасынан ауытқып, әдеттегіден тыс, ауыса 

қолданылуымен байланысты «метонимия» және «метонимиялық» 

деген терминдер ежелгі Грециямен Рим заманындағы зерттеу 

еңбектерден  белгілі.  «Метонимия»  термині  алғаш  рет  б.з.д. 

384-322 ж. аралығында , яғни б.з.д. IV ғасырда айтылады. «Ме-

тонимия» - гректің сөзі («metonymіa»), атын өзгертіп, алмасты-

рып атау деген мағынаны білдіреді. Лингвистикалық әдебиетте 

метонимияға  берілген  анықтамалар  түсініктемелер  әртүрлі. 

Ең  алғаш  рет  аристотель  өзінің  еңбектерінде  метафора  мен 

метонимияның теориясын негіздеді: «Метафора (метонимия) – 

есть перенесение слова с изменением значения из рода в вид, 

Жазушы Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» 


296

или в форме пропорции». осыған орай айта кететініміз, ежелгі 

(Греция,  Рим)  және  орта  ғасырдағы  шешендік  сөздің  өзіндік 

троптарды зерттеу, негізінен, метафора, теңеу, т.б.  мағынасында 

түсіндірілді.  Немесе  метонимия  метафорамен  аралас  түрінде 

баяндалды, не болса мүлдем көлеңкеде қалып отырды.

аристотельмен қатар Квинтелиан және Цицерон да метони-

мия мен метонимиялық алмастырулардың қызметін түсіндірген. 

Квинтилиан оған мынандай анықтама береді: «она (т.е метони-

мия) обозначает изобретенные предметы именем изобретателя 

и  вещи,  принадлежавшие  кому-нибудь,  именем  их  собствен-

ника.  Так  мы  постоянно  слышим,  как  говорят  «Вулкан»  вме-

сто  огня.  Бұдан  кейінгілер  «метонимия  және  метонимиялық» 

деген  терминдерді  троп  түрінде  ғана  емес,  сонымен  бірге 

сөздердің  мағыналарының  тарихи  өзгерулеріне,  заттар  мен 

құбылыстардың өзара ортақ жақтары мен белгілі бір қатынасының 

негізінде болған ауысу мағыналарына байланысты қолданған. 

Сөйтіп,  лингвисттер  метонимияны  екі  бағытта  қарастырған. 

Бірінші бағыттағылар метонимияны троп жүйесіне жатқызып, 

оның семантикалық және стилистикалық ерекшеліктерін ғана 

қарастырады. Екінші бағыттағылар сөз мағыналарының тарихи 

өзгеруіне  байланысты  пайда  болған  деп,  метонимияны  жеке 

метонимиялық қолданыстарды көп мағыналыққа (полисемияға) 

негіздеп қарастырады [2, 75-77 б].

1. Баласының лауазымы ата-анасына да ұнайтын болуы керек, 

өйткені «Вовка командир» деген атты балалардан гөрі үлкендер 

көбірек айтады... («Шырағың сөнбесін», 29 бет.)

2. ...олардың үй-іші бізге жақын араласып кеткен. («Шырағың 

сөнбесін», 45 бет.)

3. осы ауыр әсер жаншып тастады ма, сүлесоқ қалпымнан 

ұзақ  уақыт  арыла  алмай,  әйтеуір  көппен  бірге  жүре  бердім. 

(«Шырағың сөнбесін», 73 бет)

4. поездағылар вагонға кіруге емес, шығуға таласып жатыр. 

(«Шырағың сөнбесін», 130 бет.)

5. Шығып үлгіргендері тым-тырақай станцияның далалық 

жағына қарай қашып барады («Шырағың сөнбесін», 130 б.).



А.с. серигхан
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет