Қостанай академиясы ғылым жастар көзімен


кіші жүздің ру-тайпалары туралы мақал-мәтелдер



жүктеу 3.08 Mb.
Pdf просмотр
бет23/33
Дата03.05.2017
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

кіші жүздің ру-тайпалары туралы мақал-мәтелдер

адайдың  бейіттерін  көргенде  өлгің  келеді.  (кіші  жүз  ру-



тайпаларының  арасында,  әсіресе,  адайлар,  арасында  бейіт 

соғу, мола салу, құлпы тас орнату дәстүрі айрықша дамыған. 

Үстірт үстіндегі Арал төңірегіндегі байтақ қорым-паниондар 

қазақтық молалық сәулет өнерінің озық үлгілері болып табы-

лады. Әйгілі тұлғаларды даралап жерлеу, сын тастарды әулет 

ата  мен  там  соғу  сияқты  ежелден  бастау  алған  дәстүр  на-

зар аудартады. Қоңырат ауданындағы Дәуіт ата қорымында 

адай қыз-келіншектеріне бірінен-бірі әсем ақшаңқан күмбездер 

шоғыры бөлек соғылады) [5, 30 б.].

1. Қызықты дерек: тіпті қазақтың шоқ жұлдызындай болған 



Әбіш кекілбаевтың анасының бейіті Маңғыстау өңіріне қарасты 

«Қамысбай ата моласында» жерленген екен. сол жердің адай 

руынан шыққан тұрғыны 2 курс студенті Әлкеева Айғанымның 

айтуынша: «Әбіш кекілбаевтың анасының моласы үлкендігі, 

әдемілігі соншалық тіпті алыстан көз тартады, үлкен бір үй 

секілді.  Негізінен  бұл  моланы  екі  адам  сиятындай  өте  үлкен 

етіп салған екен» - деген құнды деректерді айтқан болатын. 

2. Жеменей, жеменей,

Жеменейдің қыздары

Суға  түскен  кемедей  (кіші  жүзден  тараған  Жеменей 



руының  қыздарын  өте  көркем  суреттей  келіп,  сұлулығында 

шек болмайтындығын осыдан көруімізге болады).

Диалектілік мақал-мәтелдер

262

3. Рамаданның өлген өлігі жеті кісіні алдаған (Әйгілі Алдаркөсе 



– Рамадан руынан шыққан екен, сондықтан болар Рамаданнан 

тараған ұрпақтың айлакер, кез келген істің ебін таба алады 

деген тұжырымдамаға келгені).

4. Табын, табын талталы,



Табын қызы қалталы,

Қалтасына қол салсаң,

Он екі уыс талқаны.

5. Тышқан құтырса мысық бар,



Адай құтырса ысық бар.

6. Тазда ұрлық,



Адайда-зорлық,

есентемірде-қорлық.

7. Шөп жаманы-селеу,



ел жаманы-телеу.

Қорыта айтар болсам, ауыз әдебиетінің қазынасында мақал-

мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтел ел өмірінде орын 

тепкен барлық құбылыстарға тұжырымды, қысқаша қорытынды 

жасаған энциклопедия тәрізді. Мақал-мәтелдер зердемізді ашып, 

ұлттық санамызды оятады, салт-дәстүр, әдет ғұрпымызды терең 

білуге  үйретеді.  Мақал-мәтел  өзінің  бейнелі  табиғатымен 

көркем  сөз  өнерінің  көрікті  де,  құнарлы  үлгілеріне  жатады. 

ауыз әдебиетінің өзге салалары секілді мақал-мәтелдер де за-

мандар барысында сұрыпталған, толысқан, өткірленген. Өмір 

талабына  сәйкес  келмейтін  ұғымдар  ысырылып,  ең  ескірмес 

даналық қана сақталған. ауызша тарағандықтан, көпшілік жал-

пы  айтқандықтан  мақалды  шығарушылардың  аты  ұмытылып, 

көпшіліктің ортақ рухани байлығына айналған. Мақал-мәтелдер 

халық өсиеті, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, 

ғасырлар бойы қалыптасып, халық жадында сақталып, ұрпақтан-

ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан халықтың асыл дүниесі. 

Сондықтан да мақал-мәтелдерді оқу, оның мағынасын ашу, оны 

ғылыми тұрғыдан тану қажет. Кешегі өткен Кеңес үкіметінің 

кезінде шыққан кітаптардың басым көпшілігі ел қажетіне жа-

рамай қалды. Жағдай осылай екен деп рухани азықсыз қалуға 

болмайды. онсыз біз ұрпағымызды жан-жақты тәрбиелей ал-



Ж.к. Махрубаева

263

маҚал-мәтелдер - халыҚ мұрасы

А.М. Мукажанова,

2 курс студенті



Ғылыми жетекшісі: К.Қ. Есіркепова,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Мақал-мәтел жөнінде көптеген еңбектер жинастырып, бүгінгі 

ұрпаққа  дәріптеп  жүрген  белгілі  ғалымдардың  бірі  паремио-

лог – ғалым Ә. Қайдар. Ә. Қайдар мақал-мәтел туралы былай 

дейді:  «Қазақ  мақал-мәтелдерінің  халықтың  өткен  өмірі  мен 

бүгінгі  болмысын  танып  білуге  дүниетанымдық,  логикалық, 

этнолингвистикалық  жағынан  мәні  өте  зор.  Себебі,  дүниеде, 

қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-

мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ 

қалыптасқан табиғи реттілік бар. ол реттілік барша заттар мен 

құбылыстарды  үлкен  үш  салаға  топтастырып  қарағанда  ғана 

көрінеді». Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде 

«адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп атауды ұсынды [1, 4 б].

Ә.Т. Қайдардың мақал-мәтелдері этнолингвистикалық аспектіде 

зерттеуге  байланысты  ғылыми  пікірлері  мен  тұжырымдарын, 

5 секция 

 

А.М. Мукажанова

маймыз. Сондықтан жас ұрпаққа бұрын қолданыста көп кездесе 

бермейтін мақал-мәтелдерді жинастырып, қалың қауымға кітап 

етіп шығарып, ұсынсақ дұрыс болар деп ойлаймыз.

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. – алматы: Тоғанай, 2004. – 

560 б. 

2.  Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері.  -  алматы:  «ҚМК 



Баспасы», 1959. - 400 б.

3.  Әлімбаев  М.  Өрнекті  сөз  –  ортақ  қазына.  -  алматы: 

«Қазақстан», 1967. - 70 б.

4.  Қазақтың  мақал-мәтелдері  /  құраст.  Ө.  Тұрманжанов.  – 

алматы: Жазушы, 1980 – 352 б.

5. Жаңбырбаева Д. Мақал-мәтел. - Тараз, 2014. – 56 б.



264

А.М. Мукажанова

сондай-ақ  паремиологтардың  іргелі  еңбектерін  теориялық-

методологиялық  тұғыр  еткен  Д.  Бегалықызы,  С.  Қанапина,  

Р. атаханова, Ш.П. Қарсыбекова, М. Мирза, Ж. исаева, Г. Қалиева, 

Р. Жүнісова т.б. зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдері танымдық, 

прагматикалық, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық 

тұрғыдан  қарастырылып,  жан-жақты  талданды.  Қазақ  мақал-

мәтелдерінің  табиғатын  зерттеген  ғалымдардың  бірі  –  

М.о. Әуезов өз ойын былайша топшылайды: «ММ дегеніміз – 

халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде ұтымды 

өткір  етіп  айтып  беретін  кестелі  сөз»  -  дей  келіп,  ММ-дің 

айырмашылығы ол: «Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас 

келеді,  мақал  сияқты  толық  түрінде  құрылмай,  сөз  тіркесі, 

қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады». 

ММ-дер  барлық  жағдайда  өзінің  алғаш  қалыптасқан  толық 

номинативті түрінде қолданыла бермейді. олар адамдар арасындағы 

қолданысында жазбаша, ауызша, әсіресе ауыз екі тілде тұлғасы 

өзгеріп отыруы мүмкін. Өзгергенде кейде құрамдық бөлшектері 

кеңейіп, кейде қысқарып, ықшамдалып, тиянақталып отырады. 

Мұндай өзгерістер мақал-мәтелтаным ғылымында окказиональ-

ды  қолданысқа  байланысты  өзгеріс  деп  қарайды.  Әдеби  тіл 

нормасына  сай  номинативті  қолданыс  –  узуальды  қолданыс. 

ММ-дердің  бастапқы  қалпында  дейді,  деген  екен,  дегендей, 

деп,  дей  т.б.  көмекші  етістік  арқылы  дайын  тұрған  тұтас  та 

күрделі бірлестік ретінде қолданылады. ММ-дердің әдеби тіл 

нормасына  сай  узуальды  қолданысында  олардың  құрамдық 

элементтері өзінің орын тәртібі бойынша саны мен тұлғасын 

түгел  сақтап,  тұрақты  болып  келеді.  Кейде  узуальды  түрде 

қолданылған ММ-дер сөйлеуші адамның ырқымен, қалауымен 

құрамы  жағынан  адам  танымастай  өзгеріске  ұшырап,  тіпті 

бір ММ бойынан бір-ақ сөз сақталып, сол ММ-дің мағынасын 

білдірсе, оны аллюзия құбылысы дейміз.

аллюзия  –  мақал-мәтел  мағынасын  оның  тұлғасын  түгел 

сақтамай, құрамындағы бөлшектерін бұтарлап қолдану арқылы 

жеткізу тәсілі. Бұл құбылыстың табиғатын зерттеуші С.и. Вяльцева 

былайша түсіндіреді: «Это окказионально-трансформированные 

пословицы, подвергшиеся наибольшим структурно-семантичиским 



265

изменениям  в  контексте...  Это  не  только  ссылька  на  какую-

то  пословицу,  но  и  опущение  значимых  ее  компонентов,  по 

сравнению с оригиналом..." Мысалы:  Орамал тон болмайды, 



жол болады деген мақал аллюзия түрінде «Әңгіме дәстүрдің 

орамалында емес, жөн-жоралғасының шама келмес тонында» 

[2, 15-21 б].

Зерттеуші – ғалым С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал – 

мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов 

шығармалары  негізінде)»  атты  монографиялық  еңбегінде  па-

ремиология жайлы былай дейді: «Тілдегі мақал – мәтелдер – 

мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің 

қалыптасуына  қатысатын  үлкен  күш,  мәдени  ескерткіші,  ұлт 

өмірінің айнасы. ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, 

негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. осыған 

сай тіл әрбір этнос мәдениетінің өзгешелігін, екінші жағынан, 

тіл  шеңберінде  мәдениеттің  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғасуын 

қамтамасыз етеді. Тіл, соның ішінде мақал – мәтелдер, қазіргі, 

келер  ұрпақты  үлкен  бір  тарихи  арнаға,  бүтіндікке  байланы-

стырады» [3, 3 б].

Зерттеуші – ғалым К.Қ. Есіркепова «Қазақ тілінің стилисти-

касы» атты еңбегінде мақал-мәтел жөнінде мынадай ой айтқан 

болатын: «Мақал-мәтел – халықтың қоғамдық құбылыстарды кең 

қамтып, өмірдегі әр қилы қарым-қатынастарды әсерлі, көркем 

бейнелейтін тақырыбы, идеялық мазмұны бай, ең бір мол сала-

сы. Мақал мен мәтелде қамтылмайтын өмір саласы жоқ»,-деген 

болатын. Мақал-мәтелдерден халықтың сергек ойы, тапқырлығы 

көрінеді. Халықтың мақал-мәтелдері қоғамдық өмірдегі түрлі 

оқиғаларды,  табиғат  құбылыстарын,  адам  баласының  тұрмыс 

жайы, шаруашылық кәсібі, үміт – тілегі, халықтың өмірі мен іс-

әрекеті сияқты алуан түрлі мәселелерді түгел қамтиды. «Тоқсан 

ауыз сөздің тобықтай түйіні» болған мақал-мәтелдер - «аз сөзге 

көп  мағына»  болсын  деген  талапқа  сай  жасалған,  айрықша 

мәнерлі сөз өрнегі [3, 13 б].

Қазақ  паремиологиясының  қалыптасу  тарихын  3  кезеңге 

бөліп қарастыруға болады:

1)  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  ХХ  ғасырдың  40-60 



Мақал-мәтелдер - халық мұрасы

266

жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан 

жинақтау,  қағаз  бетіне  түсіру,  жеке  басылым  ретінде  шығару 

жұмыстарының  жүргізілуімен  сипатталады  (ы.  алтынсарин,  

Ә. Диваев, В. Радлов, Ш. ибрагимов, М. Терентьев, Ф. Катанов, 

В.В.  Катаринский,  П.М.  Мелиоранский,  Н.Н.  Пантусов,  а.Е. 

алекторов, М. ысқақов, а. Байтұрсынов, Ө. Тұрманжанов, Б. 

ақмұқанова, М. аққозин т.б.).

2) Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М. 

Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, 

Б. адамбаев, М. Әлімбаев, Н. Төреқұлов, Т. Кәкішев, З. Қабдолов, 

М. Базарбаев, С. Қасқабасов, С. Нұрышов, Б. ақмұқанова т.б. 

әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің 

әдеби табиғаты, Р. Сәрсенбаев, Ә. Қайдар, Б. Шалабаев, Ө. айт-

баев, М. Мұқанов, З. Ерназарова, Қ. Бейсенов, Ғ. Тұрабаева, а. 

Нұрмаханов, С. Сәтенова, Д. Бегалықызы, Б. Сағын, С. Қанапина 

т.б. тілші – мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз 

болды.


ХХ ғасырда қазақ лингвистикасында үстемдік еткен құрылымдық 

– жүйелілік парадигма аясындағы зерттеулерде мақал-мәтелдер 

фразеологияның шеңберінде лексика – семантикалық, лексика 

–  грамматикалық,  құрамдық  –  құрылымдық,  стилистикалық 

тұрғыдан  зерттеліп,  олардың  жалпы  құрамдық,  мағыналық 

заңдылықтары мен іштей жіктелу принциптері, узуальды және 

окказиональды қолданысы мен стильдік мәнері, шығу төркіні 

мен тілара ауыс – түйістігі, көркемдік – поэтикалық табиғаты, 

ауыспалы – идиомалық мағыналары, эмоционалды – экспрессивтік 

реңкі т.б. мәселелер қарастырылды.

3) ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның 

зерттеу нысанына айналып, анторпоцентристік бағытта қарастырылуда 

[6, 9-10 б].

Мақал-мәтелдер қазақ халқының көнеден күні бүгінге дейін 

жеткен аса бай қазыналарының бірі. Мақал-мәтелдерден халықтың 

тіл  байлығын,  тұрмыс-тіршілігін  көруге  болады.  Бай  сөздік 

қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жетуіне көмегі мол, 

септігі зор деп санаймын.



А.М. Мукажанова

267

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Қарсыбекова  Ш.П.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мәтелдерді 

топтастырудың этнолингвистикалық принциптері: филол.ғ.канд. 

... дис. автореф. - алматы, 2004. – 29 б.

2.  исаева  Ж.и.  Дүниенің  паремиологиялық  бейнесі 

(лингвомәдениеттанымдық  аспект):  филол.ғ.канд.  ...  дис.  ав-

тореф. - алматы, 2007. – 29 б.

3. Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық 

бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде). 

– Қостанай: Тоо «Центрум», 2010. – 180 б.

4.  Кенжемұратова.С.К.  Мақал-мәтелдердің  синтаксисі: 

филол.ғ.канд. ... дис. автореф. - алматы, 2002. – 29 б.

5. Қасымова.С.К. Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық-

мәдени  негізі:  филол.ғ.канд.  ...  дис.  автореф.  -  астана,  2010. 

- 24 б.


6. Есіркепова К.Қ. Қазақ тілінің стилистикасы: оқу құралы.-

Қостанай: Тоо «Центрум», 2010. - 166 б.



интернет-ресурсы как источники научной 

деятельности курсантов 

и студентов образовательных организаций 

фсин россии

М. Одинцова, 

курсант 4 курса 



Научный руководитель: Р.И. Иваняков, 

доцент кафедры государственно-правовых дисциплин 

кандидат исторических наук, подполковник внутренней службы,

Псковский филиал академии ФСиН России

Поступив  в  высшее  учебное  заведение,  вчерашние  школь-

ники почти не имеют представления о научной деятельности. 

В  то  же  время  современные  стандарты  высшего  образования 

предусматривают не только самообразование, но и самое актив-

ное занятие научно-исследовательской деятельностью. 

С учетом этого каждая из образовательных организаций по-



5 секция  

 

М. Одинцова

268

своему решает вопросы популяризации и активизации научно-

исследовательской  деятельности.  однако  задача  усложняется 

тем, что пробужденный интерес к занятию наукой нужно под-

держивать на высоком уровне, по крайней мере, до пятого курса, 

когда выпускник приступит к подготовке выпускной квалифи-

кационной работы, а затем к ее защите. Более того, в процессе 

занятия наукой у каждого курсанта или студента открывается 

широкий  выбор  темы  исследования  и  направления  научно-

исследовательского поиска, возникают вопросы о способах и 

методах ведения научной работы, требованиях к создаваемым 

научным продуктам.

Современные телекоммуникационные технологии и электронные 

ресурсы не обошли стороной образование. Электронные ресурсы 

становятся таким же инструментом познания, как и книга, они 

открывают мир электронной информации курсантам и студентам. 

Это вызвано в первую очередь практичностью использования 

интернета для поиска необходимой информации.

Посещение библиотек постепенно становится менее популяр-

ным в связи с созданием библиотечных фондов в электронном 

формате.

Следует отметить, что начинающим молодым ученым про-

блематично  получить  доступ  к  документам,  находящимся  в 

архивах,  и  только  куратор  может  им  в  этом  помочь,  но  при 

этом  теряется  некая  самостоятельность  в  исследовании.  При 

обращении к электронным ресурсам курсанты и студенты эко-

номят время на какие-либо организационные вопросы и больше 

уделяют времени на исследование выбранной темы.

однако,  обращаясь  к  электронным  ресурсам  при  занятии 

научно-исследовательской  деятельностью  необходимо  осу-

ществлять подбор информации на основе ряда критериев: до-

стоверность  и  надежность  ресурса,  соответствие  возрастным 

возможностям  и  интересам,  общественная  оценка,  научная  и 

художественная ценность и др. 

Современные технологии делают возможным исключительно 

быстрый доступ к богатейшим источникам знания независимо 

от места их хранения, а также обеспечивают оперативный об-

М. Одинцова


269

мен информацией.

Электронная  форма  представления  знания  порождает  не-

мыслимую  раньше  мультимедийность,  позволяющую  совме-

щать друг с другом тексты, изображения, звукозаписи, фильмы, 

базы  данных,  интерактивные  сервисы  и  т.  д.  Стремительное 

развитие и активное использование современных информаци-

онных и коммуникационных технологий позволило приступить 

к  широкомасштабному  переводу  накопленной  человечеством 

информации в электронную форму и созданию большого числа 

новых электронных информационных ресурсов [1].

Новая форма представления информации позволяет на качествен-

но ином уровне организовать процесс научно-исследовательской 

деятельности. обеспечение публичного доступа пользователей 

к информационным ресурсам стало одной из первоочередных 

задач  обслуживания  науки,  культуры  и  образования.  Сегодня 

становится очевидным, что наиболее эффективно это достигается 

путем создания электронных библиотек и энциклопедий.

В настоящее время существуют различные правовые системы, 

электронные библиотеки и энциклопедии. однако большинство 

из них являются коммерческими и доступ к ним имеют далеко не 

все студенты и курсанты. Эти интернет-ресурсы в большинстве 

случаев содержат достоверную и обновленную информацию, а 

также литературу, одобренную Министерством образования и 

науки Российской Федерации [2].

обращаясь к поисковым системам в интернете, студенты и 

курсанты получают огромный перечень источников, в которых 

содержится интересующая их информация. При этом они стал-

кивают с рядом проблем:

- информация, содержащаяся в некоторых электронных ис-

точниках, является недостоверной;

- устаревшая информация, без указаний на имеющиеся из-

менения и дату опубликования данного материала;

-  не  все  материалы  имеют  автора  и  названия,  отсюда  воз-

никают проблемы с цитированием такой информации;

- у многих статей нарушены авторские права и др.

Перечисленные проблемы связаны в первую очередь с отсут-

интернет-ресурсы как источники научной деятельности


270

ствием фильтрации поступающей информации в интернет.

В  связи  с  этим  можно  создать  исследовательскую  группу 

для выявления страниц, на которых размещена информация с 

нарушением авторских прав, ложная информация и иные фаль-

сификационные документы и материалы.

используя  информационные  ресурсы,  необходимо  пом-

нить:


1)  об  актуальности  и  достоверности  информации,  находя-

щейся  на  сайте,  которую  можно  проверить  путем  изучения 

даты  появления  информации,  а  также  просмотрев  ссылку  на 

первоисточник, указанную внизу;

2)  о  безопасности  сайта,  отсутствии  баннеров,  вирусных 

ссылок;


3)  использовании  антивирусных  программ  с  функцией  за-

щиты компьютера от несанкционированного доступа;

4) необходимости в первую очередь пользоваться электронными 

ресурсами, одобренными Министерством образования и науки 

Российской Федерации, правовыми системами и источниками, 

одобренными государственными органами.

При использовании информации следует также не забывать 

о цитировании.

СПиСоК ЛиТЕРаТуРы

1. Корец а.о. Электронные ресурсы – современный инстру-

мент  формирования  читательской  активности  школьников  // 

Молодой ученый. - 2014. - № 14. - С. 297–298.

2.  Цветков  В.Я.,  Семушкина  С.Г.  Электронные  ресурсы  и 

электронные  услуги  //  Современные  проблемы  науки  и  обра-

зования. - 2009. - № 6. - С. 39–40.

М. Одинцова


271

Этикет - адам мәдениетінің Құрамдас бөлігі

К. Петрова, 

1 курс курсанты



Ғылыми жетекшіcі: Л.Т. Кинжебаева,

тілдер кафедрасының оқытушысы, полиция майоры,

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

Этикет  адам  мен  қоғам  мәдениетінің  құрамдас  бөлігі  бо-

лып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу 

процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы  [1]. 

Этикет сөзінің шығу тарихы төмендегідей: Франция королі XIV 

Людовиктің қабылдауына келушілерге король сарайының арнайы 

қызметкерлері этикетка деп аталатын бір жапырақ қағаз беретін 

болған.  ол  қағазда  корольді  қалай  атау  керек,  оның  алдында 

қалай  сөйлеу  керек,  корольдің  алдына  барған  кезде  қандай 

қимыл жасауға болады, қандай қимыл жасауға болмайды, т.б. 

қысқаша әдеп ережесі жазылатын болған. Бұл этикеткаларды 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  пен  норма  ережелерінің 

алғашқы құжаты ретінде бағалауға болады [1]. Этикет норма-

лары дербес қасиетке ие. 

адамгершілікті мәдени қарым-қатынастың құрамдас бөлігінің 

бірі этикет болып табылады. Сөздікте «Этикет дегеніміз – адам-

дармен қарым-қатынастағы мінез-құлық жиынтығының сыртқы 

көрінісі (қарым-қатынас формасы, өзін-өзі ұстауы, киім-киісі, 

жүріс-тұрысы). Этикет тек дастархан басында немесе қоғамдық 

орында өзін-өзі ұстауы емес, айналасындағылармен өзара қарым-

қатынаста балалық шақтан үйренген, қалыптасқан ережелерді 

сақтау деген сөз. 

Этикет дегеніміз – адамдардың сырттағы қарым-қатынасын 

(қоршаған ортамен қатынаса білу, көпшілік орындарында өзін 

ұстай білу әдебі және т.б.) реттеп отыратын мінез-құлық ережесінің 

жиынтығы.  Этикетте  әрбір  қоғамға  тән  қатынас  формалары 

көрініс табады. Мысалы, дәстүрлі қоғамда бұл салт-жоралар, 

әдет-ғұрыптар,  рәсімдер  деп  аталады.  Бүгінгі  өмірде  этикет 

нормаларының мазмұны қоғамдағы қатынастардың демократи-

зациялануымен және гуманизациялануымен байланысты. Эти-



5 секция  

 

к. Петрова 

272

кет мінез-құлық мәдениетінің маңызды саласы ретінде тәрбие 

арқылы қалыптасады. Этикет формаларында терең моральдық 

қасиеттер орын алады. Мысалы, «рұқсат етіңіз», «кешіріңіз», 

«рахмет»,  «өтінемін»  және  т.б.  сөздер  тұлғаның  моральдық 

қасиеттері  ауқымының  көлемділігін  көрсетеді.  Бұл  ілтипат 

көрсетудің  немесе  өткендегі  іс-қылығына  кешірім  сұраудың 

бір көрінісі де болуы мүмкін. Этикет сыпайылық, ұстамдылық, 

сыйластық, ашықтық, әдептілік сияқты қасиеттерді пайдалану-

ды қажет етеді. Сонымен бірге этикет ережелерін пайдалануда 

дөрекілік,  бөспелік,  арсыздық,  әдепсіздік,  жүгенсіздікке  жол 

берілмейді.

Моральдың  құрамдас  бөлігі  ретінде  этикет  аса  маңызды 

коммуникативтік міндетті атқарады. оның принциптері мен норма-

ларын білу қарым-қатынасты жеңілдетеді, адамгершілікті мәдени 

деңгейге көтереді, достық, махаббат, отбасы қатынастарындағы 

және т.б. адамгершілік құндылықтарды көре білуге, бағалауға 

үйретеді, рухани мәдениетінің, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына 

көмектеседі, моральдық қатынас мәдениетін бағалауда кездесетін 

кейбір келеңсіздіктерге жол бермейді. осы айтылғанның бәрі 

этикеттің, тұлғаның мінез-құлқының сыртқы көрінісі ретінде 

әрдайым тұлғаның рухани дүниесінің ішкі моральдық мазмұнымен 

байланыста болатынын дәлелдейді.

Қызмет барысында, яғни істі жүргізу барысында осы талап, 

ережелерге  бағыну,  орындау  арқылы  этикет  сақталады.  Эти-

кет қызметі адамдардың бірін-бірі түсінісуін реттейді. Кәсіби 

этикетті екі топқа бөлуге болады:

1. Статус бойынша бірдей, бір топтағы мүшелер арасындағы 

қарым-қатынас нормалары.

2.  Бағынушы  мен  басқарушы  арасындағы  қатынас  норма-

лары [1].

Құқық қорғау органдардың қызметкерлердің кәсібіндегі ең 

маңызды мәселе этикет мәселесі. Полиция қызметкері жұмыс жасай 

отырып, ылғи да осындай, проблемалық мәселелерге кездесіп 

қалады. Бұл әсіресе жас қызметкерлерде көп кездеседі. олардың 

қызметін реттеу үшін не істеуге болады? Ең алдымен моральдық 

ұстаным мен сенім болу керек. Екінші жағынан қызметкерлердің 

к. Петрова


273

ойлау тереңдігі, икемділігі мен қарым-қатынасты дипломатиялық 

тұрғыда  ұйымдастыру  аса  қажет.  Сондықтан,  қарым-қатынас 

дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажет, тыңдаушымен 

контактіге түсу үшін оның көңілін алдымен өзіңе қаратып алуың 

қажет. американдықтар мұны «қатысушы» деп атайды, қалың 

топтың ішінен елді өзіне қарата алатын адам, ол кісі отырған 

жерде ұрыс та басылып қалады. Мұндай дағдыны қалыптастыру 

оңай емес, бұл көбінесе адамның мінезіне, тәрбиесіне, ойлау 

қабілетіне байланысты. Өзінің атына айтылған сынды ақылмен 

шешу бұл адамның өзіне жасаған симпатиясы (құрметі) [3].

Сондай-ақ,  бұл  көбінесе  мұғалім  кәсібімен  айналысатын 

ортада көп кездеседі. Курсант бір оқытушыға жақсы көңілмен 

қарайды да, екінші бір оқытушыны жақтырмайды. Мұғалімге 

деген жеккөрушілік сабақты жек көрумен байланысады да, со-

сын сол пәннен үлгермеушілік болады. Мұғалімнің жеке басына 

деген  қызығушылық  болмаса,  пәнге  деген  қызығушылық  та 

жойылады.  Екінші  жағынан  басқа  адамды  өз  пайдасына  пай-

далану (манипулирование) этикаға жатпайды және психиканы 

жаралайды. Сондықтан, ең алдымен оқытушы өзі басқа адамды 

құрметтеуі, олардың сезімі мен эмоциясын түсінуі қажет, со-

сын  барып  соны  басқалардан  талап  ете  алады.  Егер  мұғалім 

курсанттарға  ұнаса,  оны  барлық  параметр  бойынша  жоғары 

бағалайды. Психологтар мұны «қыранның самғауы» дейді [3]. 

Бұл бағаны түсіріп алмау үшін оқытушы өз кәсіби шеберлігін 

шыңдауы тиіс. осыдан оқытушының жеке имиджі қалыптасады. 

Жеке имидж – бұл ортаның, белгілі бір топтың берген бағасы. 

алайда  ортаның  бәрі  бірдей  әділетті,  тәрбиелі,  әдепті  емес. 

Бірақ  мұндай  жағдайда  имиджіңді  жоғалтпай,  топқа  қарсы 

тұра алатындай болуың қажет. адамдар күштілерге табынғыш 

келеді. Бұрын күшті деп сумаларды айтсақ, қазір интеллектісі 

жоғары  адам  күшті.  ал  интеллект  дегеніміз  тек  ББД  емес, 

адамның  жеке  тұлға  ретінде  көрінуі.  оқытушы  өзінің  жеке 

тұлғасымен, қалай киіну керек, қалай жүру, қалай сөйлеу керек, 

осының бәрі маңызды, өнеге. ол өзі жоқ кезде де курсанттар 

оқытады. Қалай? Курсанттардың жүрегіне, жан дүниесіне жол 

табу арқылы оқытады.

Этикет - адам мәдениетінің құрамдас бөлігі


274

Педагогикалық  этикет  оқытушының  сөйлеу  мәнерінде  де, 

сыртқы имиджінде де жан-жақты байқалады. Этикет нормаларын 

сақтау оқытушының әріптестерімен, курсанттармен қарым-қатынас 

жасауға,  өзіне  деген  сенім  ұялатуға  ықпалы  зор.  Курсанттар 

арасында мерейі өседі. Мысалы, курсантқа шын көңілмен мақтау 

айтса, ол курсанттың тек көңілі көтеріліп қана қоймайды, сол 

оқытушыға  сенімі  орнығады.  Немесе  дұрыс  айтылған  сын-

нан  курсант  оқытушыға  ренжимейді,  өзінің  олқылықтарын, 

кемшіліктерін түзетуге тырысады. Сонымен қатар, этикет нор-

маларын сақтамау, ерекше жарқырап, қызылды-жасылды түспен 

талғамсыз киінсе, курсанттардың арасында ол оқытушыға деген 

сенімсіздік пен жақтырмаушылық пайда болады.

Кез келген адамның сөз этикетін қаншалықты меңгергендігі 

оның  кәсіби  деңгейінің  де  көрсеткіші  бола  алады.  адамдар-

мен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөз этикетін жетік білу 

–  мемлекеттік  қызметшілерге,  саясаткерлерге,  педагогтар 

мен  заң  қызметкерлеріне,  журналистерге  қойылатын  негізгі 

талаптардың бірі. Сөз этикетін жетік білу адамның абыройы мен 

құрметінің арта түсуіне, басқалардың ол адамға деген сенімінің 

күшеюіне  де  ықпал  етеді.  Тіл  мамандары  мен  тәрбие  беретін 

мекеме қызметкерлерінің басқаларды сөз этикеті нормаларын 

сақтауға, оның негізгі талаптарын орындауға үйретіп отыруы 

сөз  мәдениетінің  ғана  емес,  қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің 

деңгейінің көтерілуіне көп ықпал етеді [4].

Қорыта келгенде, этикеттің кейбір ұстанымдары, қай ортада 

жүрсе  де  мынаны  есте  ұстағаны  жөн:  ұрыс-керіс,  айқай-шу 

шығарып,  істі  насырға  шаптырғаннан  гөрі  сондай  жағымсыз 

эмоционалды күйдің алдын алған жөн. ол үшін ең тиімдісі — 

қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп 

(оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу 

керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Рукавчук Л.Н. Энциклопедия этикета. – СПб., 2007.

2. Васильева а.Н. основы культуры речи – М., 2010.

3. урунбасарова Э.а. Этика преподавателя - а., 2007



к. Петрова
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет