Қостанай академиясы ғылым жастар көзімен


ұлттыҚ ырымдар мен тыйымдардың



жүктеу 3.08 Mb.
Pdf просмотр
бет19/33
Дата03.05.2017
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

ұлттыҚ ырымдар мен тыйымдардың 

тәрбиелік мәні

М. Бекжанов,

1 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі: С.К. Қасымова, 

доцент, филология ғылымдарының кандидаты,

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты

Халқымыз ғасырлар бойы даланың қатал табиғатымен бетпе-

бет келгенде, шапқыншы жаумен шайқасқанда, бейбіт өмірдің 

мамыражай тірлігінде жинақталған, бай тәжірибесінен көрген 

– түйген қорытындысы ретіндегі ырым-тыйым сөздердің ұрпақ 

тәрбиесінде қазір де мәні жойылған жоқ. Ізгілікті аңсаудан туған 

ырымдар, бәле-жала кесапаттан сақтандыратын тыйымдардың 

тәрбиелік мәні өте зор. ырымдар мен тыйымдар халқымыздың 

әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан 

бұлжымай  орындалып  отырған.  Тыйым  сөздерді  заң  ретінде 

қабылдаған. Егер осы мәселеге тереңірек көз салсақ,  ырымдар 

мен  тыйымдар  құқықтық  норма  деңгейінде  қолданылғанын 

аңғарамыз.  Әлеуметтік  өмірдегі  түрліше  қарым-қатынаста 

адамдардың әрекеті үстінде көрсететін мінез-құлқын анықтайтын, 

жалпыға  міндетті  ережелердің  жиынтығы  ретінде  танылады. 

Міне, осындай деңгейде ырым-тыйым сөздерді халқымыз пай-

даланып, баршаға бірдей, міндетті түрде орындатқан [1]. Мұның 

өзі қоғамдағы үлгі-өнеге, әдептіліктің негізгі қағидасы болып 

қалыптасқан. Сондықтан, қазіргі біздің ортамызда олқы соғып 

5 секция 

 

 М. Бекжанов


217

отырған имандылықтың, сұйылып бара жатқан адамгершіліктің 

негізі болып саналатын тыйым сөздер кесел мен кесапат атаулы-

дан, жүгенсіздік, тәртіпсіздік атаулыдан сақтандырушы қалқан, 

инабаттылық пен ізгіліктің қайнары еді.

Қазақтың тыйым сөзі – ол ұлттық тәрбие көзі, яғни  қазақ 

халқы  баласын  кішкентай  кезінен  жақсылыққа  үйір,  жаман 

әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеуде, 

халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары 

болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес  қылықтардан аулақ 

болуын үнемі басшылыққа алып отырған. Мәселен, «ақты баспа» 

дейді. ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… 

осының  барлығы  ақтың  құрамына  кіреді.  Өйткені  ол  –  сүт. 

Мал өзінің төлін алғашқыда сүтімен асырайды.  адам баласы 

анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің 

енесінің  ақ  сүтімен  жетіледі.  Мал  да  өзінің  ұрпағын  сүтімен 

өсіреді. оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан 

– жақты білген, өзінің өміріне тірек еткен. Қазақ – малды көп 

ұстаған халық. ақтың қадірін, өзгелерге қарағанда, дәл қазақ 

халқындай жақсы білетін әрі қадірлейтін халық  кемде – кем 

шығар.  «ақты  баспа»,  «ақты  төкпе»  деп  үлкен  кісілер  айтып 

жатуының басты бір себебі мал желінінің ісіп кететіндігімен 

түсіндіріледі  [2].  Сонымен  қатар  алғаш  найзағай  ойнағанда, 

көктемнің алғашқы жауыны жауған кезде, киіз үйдің босағасына, 

керегелерінің басына ырымдап ақ жағады екен. Мұның астарын-

да көктен жаудырсын, жерден өндірсін, ақ мол болсын, береке 

болсын  деген  ізгі  тілек  жатыр.  Қазақ  ұғымындағы  ақ  атаулы 

– азықтың тамақ қана емес, ол шынымен қаншама төлді өсіріп 

отырған қасиетті сүт болып табылады. Сондықтан ананың ақ 

сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін де қадірлеген. 

осылайша  қазақ  танымында  «ақ»  сөзімен  тығыз  байланысты 

ұғым өте көп. Мәселен, «ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», 

«ақ сүт», «ақ неке»  дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымдар 

тазалықты, пәктікті айғақтайды.

Кейбір тыйым сөздер жағымсыз, келеңсіз әрекетті тоқтатуға, 

жат пиғылдан, орынсыз қылықтан, теріс мінезден сақтандыруға 

бағыттала қолданылған. адамдардың бойындағы адамгершілік, 

Ұлттық ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік мәні


218

М. Бекжанов

имандылық қасиеттерінің өлшеміндей деңгейде пайданылған. 

Бұл  тыйым  сөздердің  мән-мағынасының  қаншалықты  екенін 

аңғартса керек. Мысалы, күлді баспа, ақты төкпе, көкті жұлма, 

ұяны бұзба – бұл  сөздер жоғарыда айтқан ойымыздың толық 

дәлелі болады. Тыйым сөздер балалардың есі кірген кезден-ақ 

қолданылғандықтан, ойы айқын, жас ерекшелігіне сай түсінікті, 

нақты  тұжырымдарды  білдіреді.  Балаларды  ертеден-ақ  жа-

ман  әдет,  жат  қылықтан  сақтандырады.  Есі  жаңа  кірген  кез-

ден  басталып  ержеткенге  дейін  құлағында  жүріп,  жүрегінен 

орын  алатыны  сөзсіз.  Мұндай  өнегелі,  мейірімді  сезімге, 

адами  құндылыққа  үйрететін  бұл  сөздердің  естілуі  қаталдау 

болғанымен,  жас  баланың  жанына  төгер  шуағы  мол,  нұрлы. 

Қысқа да нұсқа, айтылу екпіні де ерекше тіркестер шоғыры жас 

адамды сол айтылғанды орындауға еріксіз мойын ұсындырғандай. 

Өйткені ойлы, мағынасы терең бұл сөздер баланың өмірлік есте 

сақтауына  да  жеңіл.  Бұл  талдап,  талқылауды  қажет  етпейтін, 

сөзсіз орындалуға тиісті өмірлік міндеттей мәнді тұжырымдар. 

оны  үлкендердің  ұрпағына  сөзсіз  орындатуы  халықтың  бала 

тәрбиесіндегі  ұстанымы  болған.  атаның  тілін  бала  қайтару, 

айтқанын орындамау адамшылық жолдан таюмен тең саналған. 

Мұны көргенсіздік, шектен шыққандық деп білген. Сондықтан, 

әр жас ата салтынан аспай, айтқаны қалтқысыз орындалған. Міне, 

қазақи тәрбиенің құдіретті ерекшелігі осы жерден көрінеді. ата 

салтын тәрбие үдерісінде басшылыққа алудың мәні де осыдан 

көрінеді. осы дәстүр қайта қолға алынса, ата-ананы тыңдамайтын 

бала, тыңдата алмайтын ата-ана болмас еді деп ойлаймыз.

Қазақ халқының дәстүрлі ырымдары мен тыйым салуларында 

ғибрат, өнеге аларлық мәдениеттілік пен тазалыққа баулитын 

ниет қоюлар аз емес. Мысалы: «Желіні баспа, аттама; сүттің, 

қымыздың, тамақтың бетін жауып қой; шайтан өлген адамның 

өкпесін салып кетеді; құрықты аттама; итті құрықтама; ауылға 

қарай  шаппа;  адамы  жоқ  болса  да,  үйге  сәлем  беріп  кір»  деп 

кете береді.

Ертедегі дәстүр бойынша жастардың қолын қусыртпайтын, екі 

қолын артына ұстатпайтын, екі кештің арасында жатқызбайтын, 

таңертең күн шықпай тұрғызатын. «Күн шыққанша жатқан адамды 


219

періштелер өліге санап кетеді» дейтін. Жерді тепкізбейтін, ошақтан 

шоқ  шығартпайтын,  пышақты  шалқасынан  жатқызуға  рұқсат 

етпейтін. Біреудің кемістігіне (соқырлығына, саңыраулығына, 

шолақтығына т.б.) күлдірмейтін, келеке, етпейтін. Қос қолын 

төбесіне қоюға, дауыс шығарып есінеуге, адамға қарап керілуге 

тыйым салынатын [3]. 

«Қызға қабақ шытпа, ол уақытша жүрген қонағың» деп үйретеді. 

Бұл тыйымда анаға, қызға, жалпы әйел қауымына деген құрмет 

жатқан жоқ па? Сонымен қатар, эстетикалық тәрбиеге қатысты 

адамның сыртқы көрінісінің жарасымдылығы мен жүріп-тұру 

әдебіне байланысты бір алуан сөздер бар. олар: шашыңды жайма, 

тақымыңды  көрсетпе,  езуіңді  керме,  талтайып  отырма,  шаш-

тырнағыңды өсірме, бөркіңді теріс киме, кіндігіңді ашпа.

Халқымыздың  қанына  сіңген  тектілігі,  адамгершілігінің 

жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан 

аулақ болғаны – осы  қазақтың тыйымының арқасы, яғни тыйым 

сөздердің  мән-мағынасына  тереңнен  үңіліп,  бой  ұрсақ,  оның 

астарында  маңызды  да,  мәнді,  адам  баласына,  әсіресе,  жас, 

өскелең ұрпаққа қажетті асыл дүниелер жатқандығын аңғаруға 

болады.  Халқымыздың  ғасырлап  жасаған  қазынасын  шағын 

мақалада қамту мүмкін емес әрине, десекте ұлтымыздың асыл 

қазынасы-тыйым  сөздерді  пайдалана  отырып,  қазіргі  ұрпақ 

бойына әсіресе, жас, өскелең ұрпаққа қажетті асыл дүниелерді, 

халқымыздың  дәстүрлі  ырымдары  мен  тыйым  салуларында 

ғибрат, өнеге аларлық мәдениеттілік пен тазалыққа баулитын 

ниет қоюлар аз емес екенін және оның тәрбиелік маңызының 

зор екенін жеткізіп, сол құндылықтарды дарытсақ дейміз.

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әжіғали С. Е. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары 

(біртұтастығы мен ерекшелігі). 1-том. – алматы: арыс, 2005. 

2. Қатран Д. Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті (тарихи-

этнологиялық зерттеу). - алматы, 2002.

3. Қыдыралин Ү. Маңғыстау қазақтарының дәстүрлі мәдениеті 

мен  әдет-ғұрыптары  (тарихи-этнологиялық  шолу).  -  атырау, 

2002.


Ұлттық ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік мәні

220

значение коммуникативной компетенции 

в формировании позитивного имиджа 

сотрудника правоохранительных органов

Б. Галиев, 

курсант 1 курса



Научный руководитель: Е.Н. Бекжанова,

преподаватель кафедры языков, магистр филологии,

магистр юриспруденции, майор полиции,

Костанайская академия МВД РК им Ш. Кабылбаева

В современных условиях деятельности органов правопорядка 

жизненно необходимо повышение профессиональной подготовки 

сотрудников, в том числе в области организации профессиональ-

ных контактов.

На сегодняшний день вряд ли кто-нибудь будет оспаривать, 

что создание привлекательного, положительного имиджа является 

важной составляющей любой профессиональной деятельности. 

Формирование привлекательного и положительного имиджа полно-

правно может считаться частью культуры профессионала. 

Повышению имиджа сотрудников правоохранительных органов 

следует уделять не меньше внимания, чем добросовестному ис-

полнению ими своих служебных обязанностей. и если последнее 

зачастую  остается  «невидимым»  для  окружающих,  то  имидж 

большей частью относится к внешней стороне профессиональной 

деятельности и, следовательно, чаще подвергается обсуждению 

и  оценке  со  стороны  не  только  подчиненных,  но  и  граждан,  а 

также средств массовой информации.

обретение профессионального имиджа не должно служить са-

моцелью. однако обладание им составляет весьма существенную 

личностную  и  профессиональную  характеристику  сотрудника 

правоохранительных  органов,  имеет  глубокий  практический 

смысл. 


Важнейшим  элементом  формирования  имиджа  сотрудника 

правоохранительных  органов  является  культура  его  делового 

общения. 

6 секция 

 

       Б. Галиев


221

Содержание общения прямо влияет не только на нравствен-

ные  воззрения  сотрудников  правоохранительных  органов,  но 

и  на  качество  их  служебной  деятельности.  Поэтому  знание  и 

владение  этикой  делового  общения  являются  показателями  их 

профессиональной культуры, степени их соответствия современ-

ным требованиям. умение общаться с людьми - это важнейшее 

профессиональное качество, которому человек обязан учиться и 

которое он должен совершенствовать всю свою жизнь.

Культура человека наиболее ярко и непосредственно проявля-

ется в его речи. В определенном смысле культура речи человека 

и манера выражать свои мысли и чувства являются его визитной 

карточкой. Первое представление о человеке и его первоначаль-

ная  характеристика,  как  правило,  формируются  на  основании 

впечатления, которое возникает от речевой манеры собеседника, 

поэтому для работника правоохранительных органов, одной из 

обязанностей которого является воспитательное воздействие на 

людей, культура речи приобретает особое значение. 

Культура  речи  -  это  и  культура  мысли,  и  характеристика 

культурного  уровня,  и  свидетельство  нравственной  цельности 

человека.  Чтобы  хорошо  писать  или  говорить,  надо,  прежде 

всего, правильно думать и поступать. Запутанность выражений 

говорит о запутанности мыслей, о нечеткости взглядов и убеж-

дений. Бедность мышления, его противоречивость, ошибочность, 

иными  словами,  отсутствие  культуры  речи  свидетельствуют  о 

недостаточности  общей  культуры,  знаний,  начитанности  и  от-

рицательно сказываются как на авторитете сотрудника органов, 

так и на эффективности его воспитательной деятельности [1].

известно выражение М.М. Бахтина: «Все слова пахнут про-

фессией».  у  каждой  профессии  свой  язык,  своя  лексическая 

система. Профессиональная речь не является самодостаточной 

языковой системой, она тематически ограничена проблематикой 

соответствующей области практики. Количество профессиона-

лизмов зависит от степени развитости соответствующего произ-

водства. К сожалению, сотрудники зачастую плохо формулируют 

свои мысли, не умеют грамотно, понятно, по существу задавать 

вопросы, толково на них отвечать – кратко, точно и именно на 

Значение коммуникативной компетенции


222

Б. Галиев

тот вопрос, который был поставлен. Грамотная профессиональная 

речь – это базовый элемент общей культуры.

На рост профессионализма непосредственным образом влияет 

развитие речевой культуры: усиливает мотивацию достижения, 

влечет за собой развитие положительных личностных и профес-

сиональных качеств (профессиональная креативность, работоспо-

собность, способность ставить цели, регулировать деятельность, 

быстрее  овладевать  необходимыми  знаниями  и  т.д.).  Повышая 

культуру речи, сотрудник овладевает профессионально значимыми 

речевыми умениями и навыками: выступать публично; строить 

монологическую речь; организовывать профессиональный диалог 

и управлять им; адекватно переводить устную речь в письменную 

форму  (документировать  различные  обстоятельства);  ставить 

вопросы; обосновывать и правильно формулировать решения в 

нормотворческой и правоприменительной практике; адекватно 

отражать в документах обстоятельства и события, попадающие в 

сферу профессиональной деятельности; безошибочно толковать 

смысл словесных сообщений, содержащих правовую информацию 

или информацию, имеющую правовое значение; применять спе-

циальные знания о языке и речи для наиболее полного изучения 

мотивации  сферы  поведения  либо  идентификации  личности; 

эффективного использования знаний о слове для правового вос-

питания населения [2].

Речевая культура профессионала – это оптимальное исполь-

зование средств и возможностей языка для достижения профес-

сионально значимых целей в процессе коммуникации. Это такой 

уровень развития личности, при котором ею достигается наиболее 

полное и свободное владение знаками языковой структуры, ре-

чевыми средствами регулирования социальных, межличностных 

отношений с целью достижения оптимального результата в про-

фессиональной деятельности.

В  правоохранительной  деятельности  сотрудникам  нередко 

приходится сталкиваться с людьми, которые не заслуживают до-

брожелательного отношения к себе. Но в этом случае на первый 

план должна выйти корректность, то есть умение держать себя в 

рамках общепринятых приличий в любых ситуациях [3].


223

Этикет, такт и культура поведения сотрудника правоохрани-

тельных органов есть показатель его нравственной воспитанности 

и свидетельство его общей культуры, важнейшее условие уста-

новления правильных взаимоотношений между сотрудниками и 

гражданами, создания отношений доверия, благожелательности, 

солидарности. Поэтому овладение правилами и нормами культу-

ры делового общения, служебной этики и этикета должно стать 

внутренней потребностью каждого сотрудника [1]. 

Юридическое образование – шаг к утверждению себя как лич-

ности  в  области  реализации  права.  Юридическое  образование 

должно обеспечить знание и понимание речи и мастерства, не-

обходимых для практикующего работника, включая понимание 

правовых  и  этических  обязанностей,  прав  и  основных  свобод 

человека,  признанных  законодательством  страны  и  междуна-

родным правом.

Таким образом, профессиональная роль сотрудника правоохра-

нительных органов многосторонне влияет на личность, предъ-

являя  к  человеку  определенные  требования,  преобразует  его 

облик,  как  внешний,  так  и  внутренний.  Сотрудник  в  процессе 

деятельности сталкивается со сложными задачами, от решения 

которых иногда зависит жизнь и здоровье граждан, он подвер-

жен  различным  психологическим  стрессам,  многостороннему 

социальному контролю. Профессиональная деятельность сотруд-

ников правоохранительных органов очень важна для общества, 

она социально значима, но, к сожалению, имеет низкий статус 

в  связи  со  сложившимися  в  нашем  обществе  приоритетами  и 

стереотипами [4].

Стремление  сформировать  позитивный  имидж  сотрудника 

правоохранительных  органов  должно  опираться  на  результаты 

практики и современных исследований, указывающие на то, что 

лучший имидж у того, кто хорошо работает и внимательно от-

носится к заявлениям и обращениям граждан, опирается на их 

помощь и всемерно стремится к установлению с ними доверитель-

ных отношений. общение с людьми - основа профессиональной 

деятельности сотрудника правоохранительных органов, поэтому 

непременным  условием  его  высокой  квалификации  является 

Значение коммуникативной компетенции


224

коммуникативная компетентность.

СПиСоК ЛиТЕРаТуРы

1. Доронин Ю.П., Сухоруков В.а. Проблемы формирования 

позитивного имиджа сотрудников правоохранительных органов 

/ Вестник Волгоградской академии МВД России. -2009 № 4 (11). 

Волгоградская академия МВД России, 2009 // http://do.gendocs.

ru/docs/index-250658.html.

2. Культура речи сотрудника органов внутренних дел и основ-

ные риторические правила // http://www.studopedia.ru/3_33232_

vopros--kultura-rechi-sotrudnika-organov-vnutrennih-del-i-osnovnie-

ritoricheskie-pravila.html

3. Профессиональная этика сотрудников правоохранительных 

органов: учебное пособие / под ред.: Дубова Г.В., опалева а.В. 

– М., 1997 г. - 327 с. // http://lawlibrary.ru/izdanie7175.html

4. Шиханцов Г.Г. Юридическая психология. - М., 2008. - 380 

с. // http://www.twirpx.com/file/156313 

ҚазаҚ тілін жалғастыруШы топта оҚыту 

мәселелері

Қ. Дауытов, 

 3 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі: Б.Д. Сұлтанов

тілдер кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі

полиция капитаны, 

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 

Бүгінгі таңда алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді топтарда 

қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған 

тіл үйренушілердің болашақ алдындағы ұлт жауапкершілігін 

ұғынып, ертең үшін бүгін ойланар кезі келгенін ұғындыру болып 

саналады. Бұл барлық отандастардың рухани және материалдық 

тығыз  байланыста  болуы  және  өзі  туып-өскен  жерге  деген 

патриотизмді нығайтудың қайнар көзі болары хақ. 

отандастарымызды ұлтжандылық, халқымыздың ғасырлар 

бойғы  мәдениетін,  салт-дәстүрін,  құқықтық  жүйесі  мен 

5 секция 

 

 к. Дауытов


225

бостандығын сыйлауға тәрбиелеу және тіл мәдениетін дамы-

тып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, ресми және 

шет  тілдерін  меңгерту.  Бүгінгі  күні  өзекті  мәселелердің  бірі 

болып отыр. Бұл мәселелер нақты іске асу үшін зор еңбекпен 

қажымас қайратты қажет етеді. Курсанттарға берілетін жұмыстар 

курсанттың күнделікті өмір ағымымен, қазіргі немесе болашақ 

мамандығымен өз үйлесімін тапса, қазақ тілін үйренуге деген 

қызығушылығы  артып  өздері  алғалы  отырған  мамандықтың 

қыр-сырын меңгеру мүмкіншілігінің жоғарылайтыны белгілі. 

Қазақ тілін үйренушілер өз білім деңгейлеріне қарай бастауыш, 

жалғастырушы  және  тереңдетілген  топтарда  жалғастыруда. 

Жалғастырушы топта оқитын курсанттардың тілді білу деңгейі 

жоғары және күнделікті сөйлеу дағдылары қалыптасқан. алайда, 

күні бүгінге дейін әлі де ресми тілдің көмегіне сүйенетін кездері 

де аз емес. Бұған себеп курсанттың сөздік қорының аздығы. 

Сөздік қорды жетілдіру мақсатында атқарылатын жұмыстардың 

барлығы тек қазақ тілі сабағында ғана емес басқа да мамандыққа 

қатысты оқытылатын пәндермен пән аралық байланысты тығыз 

жүргізілсе және сол пәндерде берілетін сөздер екі тілді (қазақ 

және орыс) қатар беріліп отырса, курсанттың сөз байлығының 

дамуына жол ашылар еді. 

Ұлы ғалым ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Жақсы 

мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда 

қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше 

әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пай-

далана білу керек» [1]. Сөз байлығын жетілдіру тіл үйренушінің 

мүмкіндігін арттырады, сонымен қатар мақсатқа жету жолында 

оқытушының  көмегіне  сүйенері  анық.  оқытушының  басты 

мақсаты –  курсантты немесе студентті ауызекі сөйлесуге үйрету, 

осы бірегей мақсатта іріктеу, құрамдастыру, видеоөзгертулер 

және  де  басқа  түрлі  тәсілдерді  аянбай  қолданады.  осыған 

байланысты оқыту әдістемесін таңдау мәселесі өзекті болып 

табылады.

Коммуникативтік  әдіс  біріншіден,  қарым-қатынасқа  де-

ген жүрексінуді жоюға бейімделген. осы олқылықтың орнын 

толтыруға септігі тиер деген үмітпен жалғастырушы топтардағы 

Қазақ тілін жалғастырушы топта оқыту мәселелері


226

практикалық қазақ тілі сабақтарында Ф. оразбаеваның қатысымдық 

әдіс  негізінен  тікелей  қарым-қатынас  арқылы  тілді  үйретуді 

жүзеге асырады [2]. Тілді меңгеруде курсант пен оқытушының 

бір-бірімен кездесуі, ауызекі тілдесуі, яғни, тікелей қатынасы 

болмаса, сөйлесім әрекетінің болуы мүмкін емес. Жалғастырушы 

топтарға  қазақ  тілін  оқыту  кезінде  қандай  бағыт-бағдарды 

ұстану керек, оған қатысты жасалынатын жұмыстар мен тапсыр-

маларды жүзеге асыруда бұл жұмыс түрлерінің оқушылардың 

мамандығында алатын орны мен маңыздылығына мән берген 

жөн. Шағын шығармалар жазады. осы жұмыс түрлерімен қатар 

сабақта қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компоненттік 

пайдалануда жаттығу, тестілеу, шағын шығармалар түрлендіріп 

беріледі.  Бұл  тапсырмалар  курсанттың  оқыған  –  тоқығанын 

ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, 

асықпай  сапалы  орындауға  көп  пайдасы  бар.  Тақырыптың 

өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін емес, керісінше, 

бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге 

де созылуы мүмкін. Мысалы, жазғы тапсырмалар: «Жазғы де-

малысым», «Менің күн тәртібім», «Менің оқу орным», «Менің 

мамандығым» атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады. 

Курсанттардың демалыс уақыттарын қалай өткізетіндерін айта 

келе  Қазақстанның  табиғатын,  демалатын  орындарын  сипат-

тап айтып береді. Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, 

жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. 

Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе 

білу, өз ойын жеткізе білу. ол әрбір сабақта осы қарастырылып 

отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден ба-

сталып кез келген ортада пікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан 

оқытудағы  әр  түрлі  жұмыстар  орталық  өзектен  пайда  болып 

келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.

Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, 

сабақ  барысында  үнемі  түрлі  әдістерге  сүйеніп  отыру  керек 

екендігі қазіргі таңда әр оқытушыға мәлім.

ӘДЕБиЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Байтұрсынов а. Қай әдіс жақсы? // Жаңа мектеп. – 1928. 



Қ. Дауытов
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет