Қостанай академиясы ғылым жастар көзімен


жастаР аРасындағы Өзіне-Өзі Қол салу



жүктеу 3.08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата03.05.2017
өлшемі3.08 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

жастаР аРасындағы Өзіне-Өзі Қол салу 

ҚылмыстаРының себептеРі мен шаРттаРы

А.Р. Муслимова,

2 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі: Г.Х. Жүсіпова,

ҚҚжК кафедрасының оқытушысы, құқық магистрі, полиция 

капитаны, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

Өмір - сағаттардан сырғыған, күндерден жылжыған, жыл-

дардан құралған, көкжиек секілді шеті жоқ, сырға толы жұмбақ 

құбылыс. Әр адам өмір сүру хақысы бар. Оны өзге адам да, өзі де 

өз өмірін қиюға құқығы жоқ. Сондықтан да өмірден соққы алып, 

оған төзе алмаған қаншама жандар бұл өмірден қош айтысып 

жатырғаны үлкен қателік болып келеді. ең өкініштісі,бұл қателікті  

буыны  қатпаған,  өмірге  енді  аяқ  басқан  қазақ  жастарының 

жасауында. Бұл неліктен болады? Оның алдын алуға бола ма? 

Міне, бұл криминология саласында маңызды мәселелердің бірі 

болып табылады [1, 7 б.].

теория  жағынан  қарастырғанда,  суицид,  латын  тілінен 

аударғанда, өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. 

Былайша  айтқанда,  бұл  адамның  өзінің  «ішкі  болмысына» 

жасалған қатігездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте 

рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. 

Мамандар суицид оқиғасының жiктеуiне әр түрлi себептердi алға 

тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық 

және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық 

зорлық-зомбылық,  есiрткi  қолдану  сияқты  жағдайлар  негізгі 



107

факторлар. ересектерге қарағанда негізінен жастардың өз-өзіне 

қол жұмсауы көп байқалады. Жастар көбінесе өз проблемала-

рын ашылып ешкімге айтпайды. Өзіне-өзі қол салу өміріндегі 

кездескен  дағдарыстан  шығудың  дұрыс  жолы  деп  ойлайды. 

зерттеу нәтижесі бойынша әрбір бесінші жас бұл сұм жағдайға 

ұшырайды  екен.  Өзіне-өзі  қол  жұмсауға  ұмтылған  көптеген 

жастар, өздерінің осы іс-әрекеті туралы ылғи ескерту жасайды. 

Өзін қоршаған адамдардың барлығына білдірмегенмен жақын 

досына немесе туысына білдіреді. егер осы кезде өзіне қымбатты 

бір  адам  ара  түссе,  өмірдің  қымбатшылығын  түсіндірсе,  ол 

ешқашан мұндай қадамға бармайтыны анық [2, 25 б.].

ендігі  жастар  арасындағы  суицидке  не  себеп  болатынын 

аңғарайық. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың пси-

хологиясына, дұрыс өсіп-жетілуіне, дұрыс тәрбие алмауы және 

де олардың талап-тілектеріне, мұқтаждықтарына мән бермеуі. 

Балалардың өзіне өзі қол салуға бейімділігі мына мәселелерге 

байланысты болады: бала ешкіммен араласпаса, ата-анасымен 

сырласпаса, қымбат адамын жоғалтса, біреуге ренішін ұзақ уақыт 

уайымдаса, жасөспірім қыздар жүктеліп қалып ұяттан қашып, 

сондай іс әрекетке баруы мүмкін. Мұның бәрі әрине жастардың  

өміріне жақын адамдарының мән бермеуінде, араласпауында. 

Отбасында қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, 

оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған ересек адам 

қажет. Әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан 

сырын аша білсе, баланың өмірге деген сенімі күшейеді. Ал 

ата-аналарымен  араласпай  өз  бетімен  проблемаларын  шеше 

алмаған бала депрессияға түседі [3, 149 б.].

Депрессия кезінде жасөспірімдер көп сөйлемейді, қобалжушылық 

көрсетіп көңіл-күйі, ұйқысы бұзылып, тез шаршап, сабақты жиі 

босатады, кейбіреулері шылым шегіп, ішімдік ішуді бастайды, 

ата-аналарын тыңдамай агрессивті мінез-құлық көрсетуі мүмкін. 

Осы кезеңде ата-аналар қабылдаушы және қамқоршы болу керек, 

адамда қайғылы жағдайлардың болатынын түсіндіру, психологиялық 

қолдау  жүйесі  жөнінде  ақпарат  беру,  жағымды  эмоцияларды 

көрсету  (жасанды  түрде  шығаруға  болады)  қажет.  Шынында 

да, қазіргі кездегі жастардың психологиясы өзгешелеу. заманға 

Жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу қылмыстарының


108

А.Р. Муслимова

сәйкес жастардың да ойлары, түйсігі басқашалау болып келеді. 

Көп жағдайда тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары 

бүгінгі дүкенде жайнап тұрған киім мен техникалық құралдарға 

қол жеткізе алмайды. Сол үшін де жастардың психологиялық 

өзгеруіне  жан-жақты  сипаттама  беруіміз  керек.  Қазақстан, 

өкінішке орай, өзін-өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан 

әлемде  үшінші  орынға,  тіпті  қыз  балалар  жағынан  бірінші 

орынға шыққан [4, 116 б.].

Сондықтан  да  бұл  проблеманың  шешімін  табу  кезде  әр 

түрлі теорияға сүйене отырып, ислам дінінен де іздеген жөн.

Өзіні-өзі өлім тілеу - бұл мұсылмандықтың белгісі емес. Мұны 

бәріміз білеміз, қазақтыққа жат қылық. Бұл жайында да бала-

лар  арасында  түсінік  жұмыстары  жүргізілуі  тиіс  деп  ойлай-

мын.  Жастардың  жұмыссыздығы,  оқу  орындарында  әр-түрлі  

тәрбиелік-тағылымдылық  үйірмелердің болмауы да көп  әсер 

етеді. Сондықтан да жастардың өзіне-өзі қол салуын алдын алу 

шараларын  жан-жақты  қарастыру  қажет.  «Сүйегі  жоқ  балық 

болмайтыны секілді, қателіксіз адам болмайды». тек қателіктен 

қорқудың да, намыстанудың да қажеті жоқ. Бәрін айт та, бірін 

айт, жастарға, ата-аналарға айтарым, екі өмір жоқ. Адам баласына 

өмір бір-ақ рет беріледі. Әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ 

тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік [7].

Ұсыныстар: Менің осы мақалама қоса кетерімді айтып өтсем, 

яғни жастар арасындағы суицидтің орын алуының алдын алу 

үшін басқа да шаралар, не болмаса өзге де іс-әрекеттер жасау 

қажет. Мұның бәрі жастарға тікелей психологиялық тұрғысынан 

әсер етіп, алдағы уақытта өмірдегі тосын сыйларға әзір болуына 

үйретеді. Дәлірек айтқанда:

1. Мектеп оқушыларына директордың, мұғалім, психологтардың 

бірігуімен әр түрлі жиналыстар, қызықты әрі пайдалы ойындар, 

сайыстар ұйымдастырып, не болмаса оқушылар арасында неше 

түрлі сайыстар өткізу.

2.  Психологтардың  балалар  және  олардың    ата-анасының 

қатысуымен  тренингтер  өткізіп,  пайдалы  жаңалықтар  мен 

ақпараттармен таныстыруы.

3. Мектепте, не болмаса басқа оқу орындарында жастарды 


109

ынталандыру мақсатында әр түрлі жарыстар өткізіп, олардың 

қатысуымен  концерттер  жүргізу,  алғыс  хаттар  және  жарыс 

барысында сыйлықтармен марапаттау.

4.  Балаларды  қоғам  өміріне  араластыру  (ағаш  отырғызу, 

мейрам күніне қарсы орталықта кештер ұйымдастыру, жағдайы 

нашар  отбасыларға,  не  болмаса  денсаулығы  нашар,  мүгедек 

балаларға қол ұшын созу, яғни, «Жүректен жүрекке» секілді 

ұйымдарды құру. 

5.  Мектепте  және  басқа  да  оқу  орындарында  жастардың 

қызығушылығын арттыру мақсатында үйірмелер ашу (аспаптар 

үйірмесі,  би,  ғылыми  жұмыстармен  айналысу,  химия  немесе 

физика саласындағы ғылыми жұмыстар, актер шеберлігі, жур-

налистика мамандығы және т.б ).

6. Жастардың санасына барға қанағат ету керектігін, жақсылық 

жасаудан тартынбауын үйрететіндей, олармен бірігіп, жағдайы 

төмен балаларға көмек көрсету, жетімдер үйіне барып, оларға 

арнайы кеш өткізу. 

7. Балалардың әр іс әрекетіне, көңіліне назар аудара отырып, 

ата-аналарымен жеке әңгімелесу. 

Міне,  осылардың  барлығы  да  балалардың  өмірге  деген 

құлшынысын  арттырады.  Әрине,  бұл  жерде  де  ата-ананың 

да әсері көп. Бала - ата-ананың айнасы. Оларға дұрыс тәлім-

тәрбие беру тек ата-ананың қолында. Жастар қоғамдық өмірге 

араласа  отыра,  кеңінен  ойлана  бастайды,  барлығына  да  мән 

беріп,  қанағат  етуді  үйренеді.  Өзге  адамдармен  тіл  табыса, 

өзін еркін, әрі ортада қажет екенін ұғынады. Бұның барлығы 

да жастар үшін, олардың өз-өзіне қол жұмсамауына көп әсерін 

тигізеді. 

ӘДеБиеттеР тІзІМІ:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 

30 тамызда қабылданған.

2.Алтайбаев  С.Қ.  Виктимология  негіздері:  оқу  құралы.  – 

Қарағанды:  ҚР  ІІМ  Б.Бейсенов  ат.  Қарағанды  академиясы, 

2014. - 77 бет. 

3. Алауханов е.О. Криминология (Қылмыстану): оқулық. – 



Жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу қылмыстарының

110

Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 232 б.

4. Криминология: дәрістер курсы. - Астана: Дәнекер, 2005. 

- 188 б.


5.  Бала  құқықтары  туралы  конвенция.  1989  жыл  20 

қараша.


6. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы 

заңы. 2014 ж. 5 шілде. - Алматы: «Юрист» баспасы, 2014. - 24 

б.

7. «Параграф» ақпараттық жүйесі // http://prg.kz/



кәмелетке толмағандаРдың 

Қылмыстылығының алдын алу

М.Н. Оралбай,

2 курс курсанты 



Ғылыми жетекшісі: Г.Х. Жүсіпова,

ҚҚжК кафедрасының оқытушысы, құқық магистрі, полиция

капитаны, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

Кәмелетке толмағандар арасында жасалынатын қылмыстардың 

қоғамға қауіптілігі және жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып 

дамымауы, криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, 

кәмелетке толмағандардың ішімдікке, нашақорлыққа, шылым 

тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға алып 

келуде. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы 

аурулар  көбейіп  кеткен,  бұл  құбылыс  ертеңгі  болашағымыз 

үшін аса қауіпті.

Жұмыс нәтижелерiн кәмелетке толмағандар арасында жаса-

лынатын қылмыстармен күрес шараларын әрi қарай жетiлдiруге, 

балалардың құқықтарын қорғау органдарының қызметтерін және 

құқық қорғау органдарының аталған саладағы қылмыстармен 

күресу шараларын ұйымдастыру барысында қолдануға болады 

[4, 16 б.].

Дұрыс  тәрбиеленген  адам  қарапайым  еліктегеннен  сана-

лы тәртіпке көшеді, мақсатты әрекетпен айналысуға, сыртқы 

жағдайлар мен шарттарға белсенді әсер етуге, оларды дұрыс 



2 секция  

 

   М.Н. Оралбай

111

бағалап, нақты әрекет жасауға және оларға тәуелді болмауға 

мүмкіндік алады [5, 25 б.].

Алайда, кәмелетке толмағандардың сыртқы тәртібін анықтайтын 

теріс қасиеттердің қалыптасуы тек қана жаман тәрбие мен жаман 

сыртқы әсер мен қолайсыз мән-жайлардың нәтижесі ғана емес, 

ол  тұлға  мен  сыртқы  ортаның  қайшылықты  әрекеттестігінің 

нәтижесі де болады. Мұнда тұлғаның тікелей және жақын айна-

ласы - микроорта және неғұрлым кең мағынадағы орта туралы 

сөз болып тұр. Қоғам адам психикасын оның барлық идеяла-

рымен, сезімдерімен және тәртібімен бірге қалыптастырады, 

ал дұрыс тәрбиенің берілмеуі, өз кезегінде, әлеуметтік ортаға 

теріс ықпалын тигізеді [6, 14 б.].

Кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы тәртібін түсіндіруде 

тұлғаның қалыптасу сипатына қоғамның дамуындағы қайшылықтар, 

әлеуметтік жағдайдың әсерін тану шешуші жағдай болып табы-

лады. Саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, 

демографиялық, әлеуметтік-психологиялық сипаттағы үрдістер 

мен  құбылыстар  адам  тәртібіне  әсер  етеді.  Оның  тәртібінің 

сипаты  мен  мәнін  анықтайды.  Аталған  үрдістер,  қоғамдағы 

өмір жағдайларын неғұрлым жалпы нысанда анықтай отырып, 

балалар  мен  жеткіншектерді  оқыту  мен  тәрбиелеу  бойынша 

олардың  жеке  тұлғасын  қалыптастыру,  азаматтардың  отбасы 

мен  қоғамдағы  тұлғааралық  қатынасының  сипатына  мәнді 

түрде  әсер  етеді.  Біз  қылмыстардың  алдын  алуымыз  қажет. 

Бұл  мәселе  тек  біздің  мемлекетімізде  ғана  емес,  бұл  дүние 

жүзілік  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Қылмыстылық, 

онымен күресте бүкіл қоғамның күшін талап ететін құбылыс 

болса, ал қылмысты ескерту – осы күрес нысандарының бірі. 

Осыған  байланысты  теория  қылмысты  ескертуді  ең  алдымен 

адамның қоғаммен, адам арасындағы шиеленісті кикілжіңді-

болдырмас  үшін  экономикалық,  әлеуметтік  қатынастармен 

байланыстырады [6, 19 б.].

Кәмелетке толмағандарға және олардың мүдделеріне қылмыстық 

қол  сұғу  оларды  әлеуметтендіруге,  тәрбиелеуге  елеулі  қауіп 

төндіруде.  Әрқашан  болмаса  да  кейде  жәбірленушілердің 

психофизиологиялық  ерекшеліктері  мен  өзара  әрекеттестік 

кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу


112

те мұндай қылмыс жасауға итермелейді. 

Алдын алудың тиімді жүргізілуі қоғамда адамдардың өмір 

деңгейінің бірден-бір көрсеткішін құрайды. Әлеуметтік қызметтің 

осы түрі неғұрлым нәтижелі болса, соғұрлым адамдар адамзаттың 

ен байлығына қылмыстық қолсұғушылықтан қорғалған болады. 

Сөйтіп, қылмыстың алдын алу – кез келген нағыз гуманистік 

және құқықтық мемлекеттің құрамдас бөлігі. Осыдан келіп ту-

ындайтыны, қылмыстың алдын алу жүйесі тек қана қызмет етуі 

тиіс емес, ол тұрақты түрде жетілдіріле түсуі тиіс. Кәмелетке 

толмағандар қылмыстылығының алдын алуды қамтамасыз ету 

және оның тиімділігін көтеру үшін мыналар қажет:

- кәмелетке толмағандарды қылмыстылыққа итермелейтін 

барлық қоғамға қауіпті іс-әрекеттер толықтай заңмен қамтылуы 

керек;

- әр түрлі қылмыстылыққа итермелейтін, арандататын, кәмелетке 



толмағандарды  тәрбиелеу  мүддесін  бұзатын  ықпалдардың 

қауіптілік деңгейі заңда дұрыс анықталуы керек [9].

Мемлекетіміздің  бүгіні  мен  ертеңін  өрге  бастырар  жас 

жеткіншектер екені баршамызға мәлім. Қазақстан Республикасы 

өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз 

көңіл бөлмегендігін байқауымызға болады. Көптеген жастар ісі 

бойынша қоғамдық ұйымдар құрылғандығы тағы да белгілі.

ӘДеБиеттеР тІзІМІ: 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 

30 тамызда қабылданған.

2. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы кодексі.

3.  Бала  құқықтары  туралы  конвенция,  1989  жыл  20 

қараша.


4. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы 

заңы, 5 шілде 2014 ж. - Алматы: «Юрист» баспасы. - 24 б.

5. Права ребенка // Сборник нормативных правовых актов. 

– Алматы: Юрист, 2015. - 96 с.

6.  Алтайбаев  С.Қ.  Виктимология  негіздері:  оқу  құралы. 

– Қарағанды: ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды акаде-

миясы, 2014. - 77 б. 

М.Н. Оралбай


113

7. Алауханов е.О. Криминология (Қылмыстану): оқулық. – 

Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 232 б.

8. Криминология: дәрістер курсы. - Астана: Дәнекер, 2005. 

- 188 б.

9. «Параграф» ақпараттық жүйесі // http://prg.kz/



2 секция  

 

   Г.М. Шакаримова

жазаның Өтелмеген бӨлігін неғұРлым жеңіл 

жаза түРіне ауыстыРу

Г.М. Шакаримова,

3 курс курсанты



Ғылыми жетекшісі: С.Қ. Алтайбаев,

ҚҚжК кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, 

полиция подполковнигі,

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

ҚР ҚК-нің 73-б. 1-б. онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы 

және ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдардың жазаларын 

неғұрлым  жеңіл  жаза  түріне  ауыстыру  (әрі  қарай  -  ЖЖА) 

көзделген. Аса ауыр қылмыстар неғұрлым жеңіл жаза түріне 

ауыстыруға жатпайды. 

заңнамамен ЖЖА қолданудың тек екі шарты қарастырылған 

– қылмыспен келтірілген зиянның орнын толығымен толтыру 

және жазаны өтеу мерзімі ішінде бекітілген тәртіпті қасақана 

бұзушылықтардың болмауы. 

Бас  бостандығынан  айыру  жазасының  өтелмеген  бөлігін 

жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың мерзімінен бұрын 

шартты түрде босатудан айырмашылығы - ол сотталған адамның 

жағымсыз тәртібіне байланысты бұзылуы мүмкін емес. 

Неғұрлым  жеңіл  жаза  түрін  өтеу  кезінде  сотталған  адам 

жаңа қылмыс жасаған жағдайда оған тағайындалған жазаға бас 

бостандығынан  айырудың  өтелмей  қалған  бөлігі  емес,  жаңа 

жазаның тек өтелмеген бөлігі толық немесе ішінара қосылады 

(2015 ж. ҚР ЖС №6 Нормативтік қаулысы). 

ЖЖА қолдану барысында тұлға өмір бойына тағайындалған 

жазалардан басқа, қосымша жаза түрінен де толығымен немесе 



114

ішінара босатылуы мүмкін.

Сот ЖЖА қолдану не қолданбауын анықтайды, яғни қасақана 

бұзушылықтардың жоқтығы және зиянның орнын толығымен 

толтыру  ЖЖА  қолдануға  кепіл  болмайды.  Сот  ЖЖА  тура-

лы  жіберіліп  отырған  барлық  сипаттамалы  материалдарды 

қарастыра отырып, сотталғанның бостандыққа шығуы немесе 

әрі қарай неғұрлым жеңіл жазаны өтеуге дайындығы туралы 

шешім қабылдайды. 

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі ЖЖА 

барысында тек екі жаза түрін қарастырған – айыппұл және бас 

бостандығын шектеу. 

талаптары  бар  сотталғандар,  әдетте,  ЖЖА  түрінің  тек 

айппұлына ғана үміттене алады, мұның өзі тек зиянның орнын 

толығымен толтырған кезде орын алады. 

Қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтыру туралы та-

лаптары жоқ және жазаны өтеудің бекітілген ережелерді қасақана 

бұзушылықтары  жоқ  тұлғаларға  қатысты  бас  бостандығын 

шектеу  түрінде  ЖЖА  қолдану  туралы  соттың  шешімі  заңды 

болады. 


Бас бостандығын шектеудің қылмыстық-құқықтық сипатта-

масы сотпен сотталғанға белгілі бір міндеттеменің жүктелуінде 

болып отыр. 

Бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шек-

теуге ауыстырған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге 

тағайындалуы  мүмкін,  бұл  ретте  сотталған  адам  мәжбүрлі 

еңбекке тартылмайды (ҚР ҚК-нің 44-б. 2-б.).

Сотталғанның ЖЖА туралы өтініші бойынша құжаттарды 

ресімдеу мәселелері ҚР ҚК-нің 72-б. 4-б. қарастыру барысында 

осы әдістемелік нұсқаулардың 11-13 беттерінде көрсетілген. 

Сотталған  адамның  жазаның  өтелмеген  бөлігін  ауыстыру 

туралы өтінішхатын өзінің өндірісіне қабылдау туралы мәселені 

шешу кезінде сот оның оған заңмен қойылатын талаптарға (ҚР 

ҚАК-тің 162-бабының бірінші, үшінші, тоғызыншы бөліктеріне 

және ҚР ҚПК-нің 480-бабының екінші бөлігіне) сай келетін-

келмейтінін және ұсынылған материалдарда сотталған адамның 

тәртібін,  оның  жазаны  өтеудің  бүкіл  уақыты  ішінде  еңбекке 

Г.М. Шакаримова


115

және  оқуға  көзқарасын,  сотталған  адамның  жазасын  өтеуге 

негіз болып табылатын құжаттар көшірмелерінің бар-жоғын, 

сондай-ақ  жаза  мерзімінің  заңмен  белгіленген  бөлігін  өтеу 

туралы мәліметтердің болуын тексеруі керек.

егер ұсынылған материалдардың ішінде өтінішхатты қарау 

үшін жеткілікті деректер жоқ болса және оларды сот отырысы 

барысында толықтыру мүмкін болмаса, судья материалдарды 

қарауға  дайындау  барысында  осы  материалдарды  тиісінше 

ресімдеу үшін өзінің қаулысымен кері қайтарады.

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне 

ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқараспен 

қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материал-

дарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде 

мерзімінен  бұрын  босату  және  жазаның  өтелмеген  бөлігін 

жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін 

әрбір  талқылау  кезінде  анықтауға,  яғни  сотталған  адамның 

тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

Соттар  сотталған  адамның  тәртібіне  баға  беру  кезінде 

олардың ішкі тәртіп қағидасын сақтауын, қылмыстық-атқару 

жүйесі мекемесі әкімшілігінің (бұдан әрі – мекеме) талаптарын 

орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға және мекеменің 

қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеулерді, жазаларды, туған-

туыстарымен  және  сотталған  адамдармен  қарым-қатынасты 

сақтауын, оқуға көзқарасының оң немесе теріс бағытын, залалды 

өтеуін, жеңіл тұрмыстық жағдайға ауыстыруды және сотталған 

адамның түзелгенін айғақтайтын басқа да мән-жайларды еске-

руге тиіс.

Соттың  сотталған  адамның  түзелгені  туралы  тұжырымы 

өтінішхатты дәл қарау алдындағы уақыт ішіндегі ғана емес, со-

нымен бірге үкім шығарылғанға дейін қамауда ұсталған уақытын 

қоса есептегенде оның мекемеде болған бүкіл кезең ішіндегі 

тәртібі  туралы  деректерді  жан-жақты  ескеруге  негізделуге 

тиіс.


ӘДеБиеттеР тІзІМІ

1.  Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы  3  шілдедегі 

Қылмыстық кодексі № 226-V ҚРз.

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне


116

2.  Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы  5  шілдедегі 

Қылмыстық-атқару кодексі №234-V ҚРз.

3. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, 

жазаның  өтелмеген  бөлігін  жазаның  неғұрлым  жеңіл  түріне 

ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың 

сот  практикасы  туралы:  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы.



Г.М. Шакаримова

117

3 СЕКЦИЯ.

ҚазаҚСтан РЕСпублИКаСы ҚылмыСтыҚ-

пРоЦЕССуалдыҚ жәнЕ әКімшіліК 

заңнамаСының өзЕКті мәСЕлЕлЕРі

CЕКЦИЯ 3.

аКтуальныЕ пРоблЕмы уголовно-

пРоЦЕССуального И адмИнИСтРатИвного 

заКонодатЕльСтва 

РЕСпублИКИ КазахСтан

пРИвлЕчЕнИЕ К адмИнИСтРатИвной 

отвЕтСтвЕнноСтИ за нЕКотоРыЕ 

пРавонаРушЕнИЯ, зафИКСИРованныЕ 

СИСтЕмой «ИнтЕгРа Кдд»

C.М. Аман,

курсант 3 курса



Научный руководитель: Е.М. Хакимов,

преподаватель кафедры АПиАД, магистр права, капитан полиции, 

Костанайская академия МВД РК им. Ш. Кабылбаева

Дорожное движение в настоящее время следует рассматри-

вать  как  одну  из  самых  сложных  составляющих  социально-

экономического развития городов и регионов. В данной области 

должны использоваться самые современные технологии сбора 

и обработки информации о параметрах транспортных потоков 

(плотности, скорости, составе) с целью обеспечения безоста-

новочного  движения  по  улицам  и  дорогам.  Происходящие  в 

стране значительные социально-экономические преобразования 

предъявляют новые требования к уровню согласованности всех 

сфер  жизнедеятельности  общества  –  в  том  числе  в  системе 

автомобильного движения и транспортных перевозок. Между 

тем в последние десятилетия нарастает несбалансированность 

между  потребностями  в  транспортных  услугах  и  реальными 



3 секция 

 

C.М. Аман

118

C.М. Аман

пропускными способностями всех видов транспорта. Возмож-

ности экстенсивного пути удовлетворения потребностей обще-

ства в наращивании объемов перевозок пассажиров и грузов 

путем  увеличения  численности  транспорта  в  значительной 

мере исчерпаны – особенно в крупных городах. В настоящее 

время  в  Республике  Казахстан  ведется  разработка  и  внедре-

ние  интеллектуальных  транспортных  систем  (ИТС)  разного 

масштаба [1].

17 апреля 2014 года Президент Республики Казахстан Н.А. 

Назарбаев подписал Закон «О дорожном движении», в котором 

впервые на законодательном уровне дано определение интел-

лектуальным  транспортным  системам  [2].  Согласно  данному 

законодательному акту интеллектуальные транспортные систе-

мы - это системная интеграция современных информационных 

и  коммуникационных  технологий  и  средств  автоматизации  с 

транспортной инфраструктурой, транспортными средствами и 

пользователями, ориентированная на повышение безопасности 

и эффективности транспортного процесса, комфортности для 

водителей и пользователей транспорта.

К интеллектуальным транспортным системам, применяемым в 

Республике Казахстан, можно отнести Систему автоматической 

фотовидеофиксации нарушений ПДД «Интегра КДД». 

Система предназначена для информационно-технологического 

и аналитического обеспечения процесса контроля за движением 

автотранспорта  на  автотрассах,  перекрестках  и  пешеходных 

переходах, оперативного анализа дорожной ситуации и дове-

дения требуемой информации до пользователей, обладающих 

правом доступа. Система фотовидеофиксации «Интегра КДД» 

на протяжении нескольких лет показывает отличные результаты, 

как в части автоматической фиксации нарушений ПДД, так и в 

части надежности работы оборудования, в таких городах РК, 

как Алматы, Астана, Караганды, Шымкент, Костанай и др.

Система «Интегра КДД» позволяет в автоматическом режи-

ме  выявлять  нарушения.  Каждое  нарушение  сопровождается 

фотоматериалом, который содержит фото до нарушения и фото 

на момент нарушения, и видеоматериалом, подтверждающим 


119

факт совершения нарушения. Работа системы осуществляется 

в круглосуточном режиме.

Функциональные возможности системы «Интегра КДД»:

1. Фиксация событий возможного нарушения с видеомате-

риалом для последующей проверки инспектором:

-  пересечение  стоп-линии  на  запрещающий  сигнал  свето-

фора;


- проезд на красный свет;

- движение по полосе встречного направления;

- пересечение или движение по сплошной линии;

- пересечение или движение по двойной сплошной линии;

-  стоянка  /остановка  в  неположенном  месте  (пешеходный 

переход и пр.);

- фиксация не включения (неисправности) ходовых огней.

2. Формирование квитанции (постановления) о нарушениях 

по шаблону и другие [3].

Одним из наиболее часто регистрируемых правонарушений 

является  пересечение  стоп-линии  на  запрещающий  сигнал 

светофора,  что  влечет  административную  ответственность 

по  ст  601  КРКоАП.  Диспозиция  части  1  ст  601  КРКоАП  яв-

ляется  бланкетной  и  при  определении  объективной  стороны 

правонарушения, следует руководствоваться постановлением 

Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года  

№ 1196 «Об утверждении Правил дорожного движения, Основ-

ных положений по допуску транспортных средств к эксплуа-

тации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт 

которых подлежит оборудованию специальными световыми и 

звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографи-

ческим схемам».

Раздел 5 п.13 ПДД гласит, что «13.При запрещающем сигнале 

светофора (кроме реверсивного) или регулировщика водители 

останавливаются  перед  стоп-линией  (знаком  5.33),  а  при  ее 

(линии, а не «его» знака) отсутствии:

1)  на  перекрестке  -  перед  пересекаемой  проезжей  частью 

дороги либо руководствуются требованиями пункта 8 раздела 

13 Правил, не создавая помех пешеходам;

Привлечение к административной ответственности за


120

2)  перед  железнодорожным  переездом  -  в  соответствии  с 

пунктом 4 раздела 15 Правил;

3) в других местах - перед светофором или регулировщи-

ком, не создавая помех транспортным средствам и пешеходам, 

движение которых разрешено» [4].

То есть обосновано, что информационно-указательный знак 

5.33 информирует водителей о месте остановки транспортных 

средств, но без наличия стоп - линии не обладает правовым зна-

чением о конкретном месте остановки транспортного средства, 

а водитель должен руководствоваться знаками светофора.

Поскольку  система  «Интегра  КДД»  работает  в  автомати-

ческом режиме по зонам и не видит наличие или отсутствие 

стоп-линии,  при  вынесении  постановлении  о  наложении  ад-

министративного взыскания участие сотрудника полиции обя-

зательно.  Сотрудники  процессингового  центра  по  работе  с 

Интегра КДД должны изучать все факты правонарушений по 

видеоматериалам  и  только  после  этого  рассылать  «письма  с 

уведомлениями».

СПИСОК лИТеРАТуРы

1. http://www.kazedu.kz/referat/100407.

2. О дорожном движении: Закон Республики Казахстан от 

17 апреля 2014 года № 194-V ЗРК.

3. http://www.integra-s.com/instruction.

4. Об утверждении Правил дорожного движения, Основных 

положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, 

перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых 

подлежит оборудованию специальными световыми и звуковы-

ми  сигналами  и  окраске  по  специальным  цветографическим 

схемам: постановление Правительства Республики Казахстан 

от 13 ноября 2014 года № 1196.

C.М. Аман

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет