Осыншалық жақсы көретін осы үшеуі сияқты достар табылар қояр ма екен!



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата30.03.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Осыншалық жақсы көретін осы үшеуі сияқты достар табылар 

қояр ма екен! 



Кристина Рой

Үш дос


1. 

Филина Ағайда

Бүкіл  жарық  дүниеден  бірін  –  бірі  осыншалық  жақсы  көретін 

осы  үшеуі  сияқты  достар  табылар  қояр  ма  екен!  Олар  бақташы 

шал Филинаның тәрбиесі мен қамқорлығына берілген болатын. Бұл 

достарды: Петір, Ондрейко және Фидель, - деп атайтын. Филина жас 

достарына сәл тұжыраңқы көрінгенімен, қайырымды әрі сенімді адам 

болатын. Балалар оны «ағай» - деп атады.

Петірдің ата-аналары бір мезгілде дерлік қызба ауруынан қайтыс 

болды да, қауым оны асырауға берген еді. Сөйтіп, ол Гемерскийлерге 

тиісті  шабындықта  тұратын  Филина  ағайға  –  өзінің  туға  атасының 

туысына келіп қоныстанды. Осы бір бақташы лашығында бала өзін 

бақытты сезінетін, әрі қауіпсіз тұратын.

Андраш  фон  Гемерский,  -  деп  аталатын  Ондрейко  дәрігердің 

ұйғарымымен-тау  ауасы,  қой  сүті  мен  ірімшігі  оның  денсаулығына 

жақсы болады, - деген үмітпен қарт бақташыға жіберілген еді. Бала екі 

жасқа толғанда оның ата-анасы ажырасып кетті. Шамалы уақыт анасы 

баласына қамқорлық жасап тұрды да, содан соң оны жат адамдардың 

қамқорлығына беріп, өзі кетіп қалды. Бұл әйел – әйгілі әнші болған 

еді. Ондрейко оны еміс-еміс білетін. Рас, ол бір рет оған келіп кетті. 

Әйел өте әдемі еді. Баласына бір үлкен қорап тәтті-мәтті, әткеншек 

ат, керней және басқа да көптеген сыйлықтар әкелді, бірақ...бұдан 

соң бала анасын енді қайтып көрген жоқ. Ондрейко бірде әкесі мен 

шешесі жөнінде сұрағанда, - жарық дүниеде енді ешкімің жоқ, - деген 

жауап алды. Бала фон Гемерскийдің иелігіндегі қорғанда тұрып жатты, 

бірақ оның денсаулығы күн өткен сайын нашарлай түсті, сөйтіп ол 

кешікпей сөніп бара жатқан шырақтай болды.

Дәрігер  баланы  таза  ауаға  жіберуге  кеңес  берді.  Осылайша 

ОНДРЕЙКО Филина қартқа келді. Бұл жерде оған ұйықтайтын бөлме 

берілді жұмсақ төсегі бар әсем керуетті қорғаннан әкеліп қойды, 

ал лашықтың алдынан оған арнап отырғыш жасалды, отырғышта ол 


жиі-жиі демелатын.

Үшінші дос төрт аяқты Фидель болатын. Ол барлық жерде Петір 

мен Ондрейконың ізіне бар ынтасын сала еріп жүретін, тек түнде 

ғана Ондрейко өзінің жылы төсегіне сүңгіп, ал Петр шөп сарайдың 

төбесіне өрмелеп шықпақ болып, сатыны қойған кезде Фидель де 

ұйықтау үшін төменде қалатын... 

Қарт бақташы Филина ағай – биік бойлы кісі еді. Оның әжімді 

жүзі  үнемі  дерлік  сұсты  көрінетін;  тістері  сүт  сияқты  аппақ,  ал 

басында бір тал да ақ шаш жоқ, тек қою қастары ғана сәл ағарған; 

ал қап-қара бүркіт көздерінің үстінен қабағын түкситкен кезде, осы 

көздер қатал қарап, таудың үстінде қаһарлы бұлт түнергендей әсер 

қалдыратын... Сөйтіп, осы «қаһардан» тек балалар мен бақташылар 

ғана  емес,  бәрі  де:  тіпті  табын  мен  жайылымдағы  сабалақ  жөнді 

төрт  аяқты  күзетшілер  де  қорқатын.  Филина  ағайды  ашуландыру 

оңай  емес  еді,  бірақ  сөйтсе  қалса,  кінәлі  жанға  сор  келді  деңіз!.. 

Ондрейко мырзаның ұлы болғанына қарамастан, ол оған да кеңшілік 

бермейтін. Бала тыңдауға үйренбеген еді, бірақ Филина оған ақырып 

және саусағын тигізбесе де, оны осы бір қиын өнерге үйретті.

Дәрігер баланы әкелгенде қартқа былай деді: 

Баланың қара нан және сүт ішуі керек; ол тек тәттіні ғана тәуір 



көреді, ал бұл оған зиян. Ол тәңертең мұздай сумен жуынуға тиісті, 

ал  бұл  да  оған  ұнамайды.  Бірақ  сіз  оның  Гемерский  екеніне  мән 

бермеңіз, бұл мәселе оның денсаулығымен байланысты. 

Иә, несі бар, - деп жауап берді ағай қастарын түкситіп, - бұл 



еркетотайды жөнге салармын.

Сөйтіп, ол оны жөнге салды. Алғашқы күннен-ақ Ондрейконың 

тәтіктенуге батылы бармады, ал қазір?... Бұл оның ойына да кіріп 

шыққан емес! Өйткені баланың Филина ғайдан басқа жарық дүниеде 

ешкімі  жоқ  еді.  Күндіз  Филина  ағай  балалардың  немен  айналысып 

жүргеніне көңіл аудармайтын, бірақ кеш түсіп, табынды айдап әкелген 

соң  олар онымен бірге лашықтың алдында: біреу оң жағында, екіншісі 

сол жағында отыратын; Сол кезде балалар оған бәрін айтып беруге 

тиісті болды. Фидель өзінің сабалақ басын өз қожасының тізесіне 


сүйеп, күні бойы өзінің не істегенін ол да айтқысы келгендей, оған 

ақылды көздерімен қарап қалатын. Төбет жас еді, сондықтан оның 

мұрны  мен  құлақтарына  қарап,  оның  ақымақ  екенін  де  көруге 

болатын. Кейде төбеттің жүнінің ұйпа-тұйпасы шығатын, өйткені ол 

Белко және Царай деген кәрі иттерді қуып жүретін.

Ағай балаларды, олар түнемелік жерге айналдырғысы келген пішен 

сарайда алғаш рет көргенде, қастарын түйді, сөйтіп, олар қорқып 

кеткенімен, ештеңе де болған жоқ. Ол бұларға тек Ондрейконың 

өзіне  ақжайма  матаны  төсеп,  жылырақ  қымталуы  керек  екендігін 

айтты.


2. 

Жын-п ерінің ақылы

Түстен кейінгі жексенбілік күндердің бірі еді. Орманда мерекелік 

тыныштық салтанат құрған, кішкентай достар орман ішімен жүгіріп 

келеді. Олар мерекедегідей кейінгі, өйткені Филина ағай жексенбінің 

киесін біреу-міреу бұзғанын ұнатпайтын. Шіркеуге баруға жарайтын 

әрбір  адам  жолдың  екі  сағатқа  созылатынына  қарамастан,  баруға 

тиісті еді. Филинаның өзі шіркеуде сирек болатын, өйткені алысқа 

жүре  алмайтын.  Бірақ  ол  дегенмен  де,  бүгін  шіркеуде  болған, 

сондықтан  балалар  оны  қарсы  алуға  келе  жатыр  еді.  Кетіп  бара 

жатып, ол балаларға Інжілдің аяттарын жаттап алуға тапсырма берген, 

осыған орай олар бір-бірінен сұрап, сабақты пысықтап келе жатты. 

Кенет  Петір  үнсіз  қалып,  Ондрейконың  жеңінен  тартып  қалды  да, 

оған үнсіз ишарамен ағаштың құлап жатқан діңін көрсетті. Сол діңнің 

үстінде басын екі қолымен таянып, қандай бір ауырлық өзін жерге 

тартқандай Филина ағай отыр.

Оған жақындамай-ақ қояйық, - деді Петір. – Ол қатты қайғыға 



беріліпті.

Ондрейко басын изеп қойды.



Бірақ, - деді сәл ойланып, егер жанына барсақ, мүмкін, оны 

көңілдендіре алармыз?

Ағай бұтақтардың сықырын естіп, басын көтерді. Балалар 



тоқтай қалды. Бару керек пе немесе жоқ па?

Сендер қайда барасыңдар? – деп сұрады Филина ағай. Олар 



жақын келді.

Біз сізбен жолығуға келдік, ағай.



Солай ма? Неліктен сендер мені қарсы алуға келдіңдер?

Ағайдың әдеттегі дөрекі дауысы бүгін басқаша естілді.

Өйткені біз сіз үшін қорықтық, - деп жасқаншақтай мойындады 



олар ағайдың аяғының жанындағы мүктің үстіне отырып жатып.

Сіз неліктен қапалысыз, ағай? 



Петір бұл сұрақты қоюға батылы барған Ондрейкоға қорқынышты 

пішінмен  қарады.  Ал,  егер,  кенеттен,  ағай  ашуланып  қалса  қайтер 

еді?


Сенің ойынша, мен қапалымын еді?

Ағай баланың сарғыш шаштарынан сипап қойды, соған түскен 

күн жарығынан шаштары шұғыла құсап, баланың жүдеу жүзін көмкеріп 

тұр.



Шынымен, сіз қапаланған жоқсыз ба?



Бала ағайдың көзіне зер сала қарады.

Иә, балақаным, мен қапалымын, сөйтіп, сендер маған жолығуға 



келгендерің жақсы болды. Ал қазір, әзірше осы жерде отырып дем 

алайық, сендер маған тапсырмаға берген Інжіл аяттарын әңгімелеп 

берулеріңе болады.

Балалар  кезек  –  кезек  бай  мен  кедей  Лазарь  туралы  нақылды 

әңгімелеп берді. 

Ағай, - деп сұрады Петір, - ол бай неліктен кедей Лазарьға 



көмектескен жоқ?

Неліктен дейсің бе? Өйткені оның жүрегі тас қой. Одан анау 



иттер жақсы. Балалар, осыны еске сақтаңдар және құсқа, немесе 

қандай бір болмасын аңға ешқандай зиян келтіріп жүрмеңдер. Олар 

бізден көп артық. Ал енді жүрейік!

Ағай Ондрейконың қолынан ұстап, ал Петірге әндер жинағын 

берді де, олар үйге жүріп кетті. Жайылым жақтан қаңыраулардың 

сыңырлы, ал анда-санда Белко мен Царайдың үздіксіз үргені естілді; 

осы кезде ең жас бақташы Стево құйқылжыта ойнаған сыбызғы сазы 

естілді. Ол словак халық әнін қатты тартуда. Таудың мұны жаңғырақ 

қайталап жатыр. Балаларға бұл әуен таныс еді, сондай-ақ олар бұл 

әннің сөзін де білетін. Ағай қандай бір ауырлық еңсесін езгендей, 

басын салбыратып жүріп келеді.

Кешкі астан кейін олар, әдеттегідей, бақташы лашығының 

алдында отырды. Ағай ағаш діңінде, балалар оның аяғының жанында 

отыр. Достар бір-біріне қарап қойып, ағайдан бірдеңені әңгімелеп 

беруді сұрауға батылдары жетпеді. Ол әр алуан оқиғаларды білетін, 

өзінің жақсы көңіл-күйі болғанда өте қызықты әңгіме айтатын.  

Мархабат, ағай, бізге біпдеңе айтып берсеңіз! – деп сұрады 



Ондрейко оған жалынышты жүзбен қарап. 

Ағай селк етіп, осы бір тамаша, жалынышты көздерге сәл сәтке 

қарады. Содан соң терең күрсініп былай деді:

- Сендер менен неге қапалы екенімді сұрадыңдар ғой. Бұл маған 

күндіз – түні тыным бермейтін өте бір қайғылы оқиға.

- Айтыңызшы ағай, - деп сұрады балалар, ал бәріне қатысы бар 

Фидель болса, ол да жалынышты түрде басын өз қожасының тізесіне 

салды.


-  Мен  бес  жасқа  толғанда  шешем  өліп,  әкем  үйге  бір  басқа 

шешені  әкелді.  Бұл  сүйкімді  жас  әйел  жесір  еді.  Онымен  бірге 

бұрынғы күйуінен туған ұлы – Истванько да келді. Мен саған қарасам 

Ондрейко,  ол  менің  көз  алдымда  тірі  күйінде:  басында  дөңглек 

кепкасы бар, үстінде әр түрлі өрнекпен кестеленген жейде және кең 

балақ шалбар киген қалпында тұрғандай әсер аламын. Ол әдемі әрі 

сүйкімді болатын. Мен әкемнің ең кенжесі едім, үлкен балаларының 

бәрі  өліп қалған еді. Менің ешқашан да бауырым болған жоқ, міне, 



ол бауыр болу үшін келді. Сендердің екеуінің бір – бірлеріңді жақсы 

көретіндеріңді білемін. Бұл да менің балалық шағымды еске салады. 

Бірақ менің оны жақсы көргенімдей, тіпті бірге туған бауырлар да 

бірін – бірі жақсы көре алмас еді. Біз бір жылда туғанбыз: мен күшті 

болсам,  ол  әлсіз;  ал  мен  жабайы  болсам,  ол  момақан;  мен  өңсіз 

болсам,  ол  әдемі  еді.  Бірақ  осының  бәріне  қарамасатан,  біз  бір-

бірімізді жақсы көретінбіз, сондай-ақ біздің ата-аналарымыз да бұған 

аз қуанбайтын. Олар менің оны қорғайтынымды білетіндіктен, оны 

қамқорлығыма қалдырып кететін, сондай-ақ  оған да маған қарауды 

шын көңілден қалдыратын. О, үнемі осылай болса ғой! Бірақ ескі 

мақалда: «Шайтан өзі бара алмайтын жерге кәрі қатынды жібереді», 

- деп бекер айтылмаған ғой. Сөйтіп, ол бізге де бірде кәрі қатынды 

жіберді.  Ол  менің  әкемнің  туысы,  сенің  үлкен  әжең  еді,  Петір. 

Ол бізге бір тамаша күні келіп, мені оңашаға шығарып алып, бәрі 

жөнінде: шешем мені ұната ма, әкем маған қалай қарайды, дегенді, 

Иставанько және басқаларын сұрай бастады. Содан соң ол – бағұс 

жетім, - маған аяныш білдіріп, егер кімде-кімнің өгей шешесі болса, 

ол сонымен бірге өгей әкеге де ие болады, - дегенді айтып, әкең 

сені Истованькоға қарағанда аз жақсы көреді, - дегенді айтты. Ол 

бізде  ұзақ  болған  жоқ.  Ол  қалай  күтпеген  жерден  келген  болса, 

солай  елеусіз  кетіп  қалды,  бірақ  ол  кетісімен  Истованькоға  менің 

де сүйіспеншілігім жойылды. Оны әлгі әйел ұрлап кетті. Мен жабайы 

өсіп, көп сотқарлық жасағандықтан, әкем де мені көбірек жазалауға 

тиісті болды. Истованько болса, әкем мен шешемнің көзіне қараған 

бойдан бәрін орындайтын, сондықтан ол ешбір жаза да алмайтын. 

Мен  енді  үнемі  туыс  кемпірдің:  «Әкең  оны  жазаламайды,  өйткені 

оны көбірек жақсы көреді әрі шешесі де әрқашан арашаға түседі », 

деген сөздерін еске түсіріп жүрдім. Маған арашаға түсетін ешкімім 

жоқ,  сондықтан  жазаға  жиі  ұшыраймын,  -  деп  ойлайтынмын.  Бірақ 

анам мен үшін жиі-жиі сиынатын. Ол өте жақсы әйел еді және маған 

ешқешен зиян келтірген жоқ еді. Бірақ мен оның өзімді бұдан да 

жақсы көруін, тіпті өз ұлынан жақсы көруін қаладым. Менің өшігуім 

мен күншілдігім жыл санап, біз қазіргі сендердей үлкен болғанша өсе 

түсті. Мен қазір сендерге өзім ешқашанда ұмыта алмайтын, қазіргі 



күнге  дейін  жанымды  жегідей  жеп,  нысырымды  жерге  бүгіп  келе 

жатқан оқиғаны әңгімелеп беремін.

Үнсіз қалған ағай қолымен қарсы жатқан төбелерді көрсетті. 

Анау биікті көріп тұрсыңдар ма?



Балалар қостаған сыңаймен бастарын изеп қойды.

Міне, сол төбенің жанында бір кездерде біздің үй мекен еткен 



еді.

Қазір күн түсіп тұрған жерді көріп тұрған шығарсыңдар, 

сол жайылымды тігіншілер тұратын, біз оларға жиі-жиі мата жасауға 

арналған жүн әкелетінбіз. Сол жайылымға екі жол баратын: жолдың 

біреуі биік жартастар бойлаған алаң арқылы, екіншісі аңғар арқылы 

баратын.  Соңғы  жол  жақын,  бірақ  қауіпті  болатын,  өйткені  мұнда 

батпақ бар еді, егер батпаққа адам түсе қалса, одан өз бетімен шыға 

алмайтын. Батпақтың кейбір жерлерінен мүк басып кеткен тастар 

сорайып шығып тұрды.Бұл жолды жақсы білетін адам оның үстіне епті 

болуы керек; сонда ғана сол тастардың көмегімен басқа жағалауға 

жете алуы мүмкін. Дегенмен де, мұндай асудан өтуге тәуекел жасаған 

адамның әрқайсысын сұмдық күш тереңге тартып әкететін секілді 

көрнді.

Бірде ата – анамыз бізді тігіншілерге жүн апарып беруге 



жұмсады. Ол жаққа біз, өзімізге айтылғандай, алаң арқылы баратын 

жолмен келе жаттық. Кейін қайтып келе жатқанымызда, Истванько 

өзіне тігіншінің әйелі берген алманы маған берді. Мен оның қалтасында 

шешесі берген тағы бір алманың бар екенін байқап қалдым. Маған 

шешем жолға ештеңе берген жоқ. Кетіп бара жатқанда мен онымен 

қоштасқан да жоқпын, өйткені ол менің түйіншекті алып кеткенімді 

байқаған  жоқ.  Бірақ  енді  тігінші  әйелдің  дым  бермегені  маған 

күйінішті  болғаны  соңдай,  мен  қатты  ызаланып,  өзіме  Истованько 

берген алманы лақтырып жібердім. Мен одан да жылағанымды дұрыс 

көрдім.  «Сонымен,  -  деп  ойладым  мен,  -  кемпірдің  айтқаны  дұрыс 

екен: менің ешкімге керегім жоқ, менімен ешкім есептеспейді. Бәрі 


тек  Истованьканы  жақсы  көреді...  сөйтіп,  әрқашан  солай  болады». 

Біз көрмесек те жын-перінің ақыл беретінін әрі біздің не ойлап, не 

істеу  керектігін  сыбырлап  кететінін  мен  естіген  едім.  Бұл  рас  па 

екен – ол жағын білмеймін, бірақ сол кезде ол менімен бірге болып, 

маған сұмдық әзәзілдік ақылын берді. Бұл ақылды тек сол ғана бере 

алады. Біз қайтып келе жатқанда мен Истванькоға: « Тау арқылы жүру 

тым  алыс,  канекей,  төменмен  барайық,  бұл  жақтан  жақынырақ»,  - 

дедім.  «Бірақ  бізге  алаңқай  арқылы  жүру  керектігімізді  айтты  ғой, 

- деп қарсы болды ол, - оның үстіне әке де бізге шалғынмен жүрмеу 

керектігін айтып, ауладан айқалаған еді».

Бірақ асуға жақындағанда – мен аяғым ауырады, башпайымды 

жарақаттап алдым, - деп оған шомарт тікенегін кіргізіп, шағым айтты. 

Истванько  мені  аяды,  сөйтіп,  осының  бәрін  ата-  анамызға  айтсақ, 

бізге ұрыспаз, - деп келісті. Сонымен, біз төменгі жолмен кеттік. 

Жұмсақ,  үлпілдек  кілем  сияқты  жердің  үстімен  біз  батпаққа  дейін 

аман-сау жеттік. «Байқа, енді сен тастан-тасқа секіруің керек!» - деп 

мен Истванькоға айқаладым да, алға қарай ұмтылдым.

Ол менен жағалауға дейін қалмай келді, тек әлі де бір тас 

қалған еді. Менің бойым биік, сондықтан ұзын аяқтарым өзімді басқа 

жағалауға аман-сау жеткізді. Истваньконың бұлай істей алмайтынын 

білетін  мен  оған-қалқыма  шөп  бұталарының  арасымен  өт,  -  деп 

айқаладым. Ол осылай етті де, екі бұтадан сәтті өтті, бірақ үшінші 

бұта  оның  аяғының  астынан  сырғи  бастады.  Қорқып  кеткен  ол 

қайтадан тасқа шықты. «Сол жерде тұр! – деп айқаладым мен оған. 

Осы жерге жақын маңда орманшы тұрады, оны ертіп келемін, ол 

саған көмектеседі». Міне, мен осыны істедім! Мен мүмкін болғанынша, 

тез жүгірдім, бірақ... орманшының үйіне қарай емес. «Петруша, кетпе, 

мені  тастама,  мен  қорқамын!»  -  деп  айқалады  Истванько,  іле-шала 

мұның артынан оның «А...на...шым!» - деген жан түршіктірерлік айқайы 

естілді. Бұл айқайды мен жылдар бойына күні-түні естіп келдім, оны 

қазір де естудемін, бәлкім, өзімнің өлім алдындағы ақтық сағатымда 

да  еститын  шығармын,  тіпті  бұл  дауыс  ана  дүниеде  де  менімен 

ілесіп  жүрер.  Мен  әлі  кішкентай  бала  едім,  бірақ  жауыз  балақан 

болатынмын;  ал  сол  сәтте  сезімсіз,  тас  сияқты  қатып  қалғанмын. 



«Ол  шүбәсіз  құлап  түсіп,  батып  кетті,  -  деймін  өзіме-өзім.  –  Енді 

оған ешкімде алма бермейді, сөйтіп, адамдар тек мені ғана жақсы 

көреді». Мен өз бауырын өлтіріп, Құдайдың дидарынан жасырынған 

Қабылға ұқсап, тау арасымен жападан-жалғыз жүгірдім. Бірақ кенет 

мені айтып жеткізгісіз жабайы ауру биледі; жуырда ғана маған: «Оны 

батпаққа батыр», -  деп сыбырлаған сол дауыс енді: «Сен үйге бара 

алмайсың, сенен Истваньконы сұраса, не деп жауап бересің?» - деп 

сыбырлады.

Сілем  қатып,  титықтаған  мен  жерге  жата  қалып,  қатты 

еңіреп, ақыр аяғында, ұйықтап кеткенше тоқтаусыз жылай бердім. 

Ертеңгісің,  таң  атқанда  отын  тасушылар  келіп,  мені  танығасын 

арбасына отырғызып, үйге әкелді. Менің көп ұйықтағаным соншалық, 

кеше не болғанын бірден есіме түсіре алмадым, мен ауыз бөлмеге 

бардым да, есікті ашып қалдым. Күн шығып келе жатқан кезде біздің 

қонақ бөлмеге жарығын түсіретін. Бүгін де сондай екен. Күн әкемнің 

кереуетіне жарығын түсіріпті...де...

Ағай әрі қарай сөйлей алмай қалды, көз жасы оның бетінен 

сырғанап жатты.

-  Одан әрі ағай, әрі қарай не болды?

-  Күн  сәулесі  тұрған  сол  керуетте  кішкентай  періштеге 

ұқсап,  біздің  Истванько  ұйықтап  жатыр  екен.  Шешем  оның 

кереуетінің  жанында  отыр.  Менің  көзім  қарауытып  кетті, 

сөйтіп,  егер  әкем  мені  ұстап  қалмаса,  еденге  құлап  түсуім 

кәдік еді. Есімді жинағанымда менің жанымда әкем мен шешем 

отыр.

-  Ол батып кетпеген бе? – деп шаттана қуанды балалар.



-  Жоқ,  ол  тек  аунап  кеткен  екен,  бірақ  жақын  маңда  оны 

шығарып  алатын  ешкім  болмады.  Біздің  Белко  деген  итіміз 

бар еді, сол осы Фидельге ұқсап, бізге барлық жерде еріп 

жүретін. Сол күні біз оны тастап кеткенбіз, бірақ ол біздің 

соңымыздан іле-шала жүгіріп шықты.


Истваньконың  аяғының  астындағы  тас  батып,  ол  тепе  теңдігін 

жоғалтып,  батпаққа  құлап  кеткен  сол  сәтте  ол  итті  Құдайдың  Өзі 

жіберді. Белко оның шашынан тартып, жағалауға дейін сүйреп апарды 

да, оқиға болған сол жерге орманшының келтірудің сәті түскенде 

дейін үріп, ұли берді. Орманшы Истваньконы алып, оны өзенге алып 

келді  де,  жуындырып,  үйге  жеткізід.  Мен  болсам  әкем  сазайымды 

берер, - деп күткенмін, бірақ ол мқны істеген жоқ. Анашым да мені 

сүйіп, құшақтап жатыр. Ертеңгі астан кейін, ата-анам менің жанымда 

әбігерленіп қалды; сөйтсем, мен, еш жерде жоқ болғандықтан, батып 

кетіпті, - деп ұйғарған екен. Олардың екеуінің де мені жақсы көретініне 

тағы да көзім жетті, бірақ бұл мені қуандырған жоқ. Шындықтын бәрі 

әшкерленеді әлі, - деп ойладым. Бірақ қазір олар мәңгілік тыныштықта 

жатыр және менің олардан кешірім сұрай алмайтынымды бәрі біледі. 

Истванько менің оған істегенімді жасырды, сөйтіп, біз тағы да бір-

бірімізді бұрыңғыдай жақсы көріп кеттік. Мен енді оны бұрыңғыдай 

күндеген жоқпын және әкемнен де, анамна да қызғанбайтын болдым. 

Мен оларды өзімді жақсы көретінін білетінмін әрі сезетінмін, бірақ 

сонымен бірге, сол сүйіспеншілікке лайықты емеспін деп санадым. 

Белкоға енді қарай алмай жүрдім, Истваньконы иттің құтқарғаны мені 

үнемі азаптайтын, ал мен болсам, оны батырып жіберуге ниеттендім 

ғой. Дегенмен де, Қасиетті Құдай оны өзіне алып кетті, ал Құдайдың 

қаһары мені болса, әлі күнге дейін езе түсуде. Сондықтан да мен 

жануарларға  ешқашандай  зиян  келтірмеңдер,  олар  адамнан  артық 

Құдайды  қаһарландырмайды,  -  деп  үнемі  айтп  жүремін.  Жарайд, 

жетер енді! Ұйықтауға барыңдар! Балалардың әлі де көп сұрақтары 

болғанмен, бір-біріне «Қайырлы түн!» - деп түнемелік жерге кетті. 

Пәшен сарайда олар Истванько жөнінде: оның жылым батпақ үстімен 

қалай жүргенін, оның аяғының астындағы тастың қалай аунап кеткенін 

және оның батпаққа сәл-ақ батпай қалып, оның иттің қалай құтқарғанын 

әлі де ұзақ уақыт әңгімелеумен болды.

-  Мен енді Филина ағайдың бұрынғыдан әрі аямаймын, - деді 

Ондрейко. – Ол мұны ешқашан алмай жүр, осының бәрі оған 

ауру мен азап туғызуда; оған Тәңірім ызасын төгуде.


-  Ал қазір Истванько қайда? – деп сұрады Петір. – Егер ол сол 

кезде  ағаймен  бір  жаста  болса,  қазір  де  ағайдың  жасында 

болуы тиісті ғой!

-  Мүмкін, ағай ол жөнінде бізге басқа бір кезде айтып берер.

3.  Жаңа дос

Бүкіл  апта  бойына  Филина  ағайдың  жұмысы  көп  болды, 

сондықтан  балалар  да  өздерінің  қолынан  келгендерін  істеуге 

тырысып  бағумен  болды.  Ондрейконың  халін  білуге  сейсенбі 

күні дәрігер келді. Ондрейко оған өзінің Петірмен бірге пішен 

сарайда ұйықтайтынын айтқанда дәрігер бұған өте қуанды.

-  Дұрыс, балақаным, бұл саған өте пайдалы. Сенің әкең, әрине, 

үлкен барин және үлкен шонжар, бірақ бәрінің өз уақыты 

бар.  Өмір  болса,  көрерміз,  сәтті  күн  туғанда  бұл  таулар 

словактікі болады, ал сенің ата-бабаларың ізгі словак ретінде 

өмір  сүрген  жерде  сен  де  сондай  болып,  қожалық  етесің. 

Өз әкеңнің тілін үйрен және ол бір кезде егін еккен өзіңнің 

туған жеріңді сүй. 

Балалар  оның  не  айтқанын  түсінген  жоқ,  бірақ  дәрігердің 

өздеріне жақсылық ойлатынын сезінді.

Кеш  түсті.  Дәрігер  балалармен  бірге  пішен  сарайда  ұйықтауға 

тілек білдірді. Таңертең ертеңгі астан кейін балалардан өзін шамалы 

жерге  шығарып  салуды  өтінді.  Жол  бойында  Ондрейко  өз  әкесі 

жөнінде сұрастырды. Ол өз әкесінің қазір Парижда тұратынын және 

бұл жазда да келмеуі ықтимал екендігін білдірді. Бала жеңіл күрсінді, 

өйткені  ол  әкесінің  келуімен  бірге  Филина  ағай  және  Петірдің 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 0.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет