Қосымша №1 Бұйрықпен бекітілген 20 ж. №



жүктеу 28.49 Kb.

Дата02.06.2017
өлшемі28.49 Kb.

Қосымша №1 

Бұйрықпен бекітілген 

 «____»__________   20__ж. №___ 

 

 



Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында  

білім беру қызметтерін кӛрсету саласында 

 ӛзара ынтымақтастық қатынас туралы 

 КЕЛІСІМ-ШАРТ 

 

 



Астана қ.                                                                                                  «___» _________2012ж. 

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ЕҰУ) ректоры 

Ерлан  Бәтташұлы  Сыдықов,  Жарғы  негізінде  әрекет  ете  отырып,  бір  тараптан  және 

_____________________________________________________________________________ 

(бұдан  әрі  -  _____),  ректоры  _________________________________,  жарғы  негізінде 

әрекет ете отырып, екінші тараптан, әрі қарай «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп 

аталып, төмендегі Келісім-шартты жасасты: 

 

1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ 

 

1.1.  Осы  келісім-шарттың  мәні,  Тараптардың  білім  беру  қызметтерін  көрсету 



саласындағы бірінің білім алушыларының оқыған пәндерін, модульдерін екінші Тараптың 

білім беру ұйымының мойындауы жағдайындағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары 

аясындағы ынтымақтастығы болып табылады.  

 

1.2.  Осы  келісім-шарт  аясында  ҚР  заңнамасымен  және  Тараптардың  тиісті 



ережелерімен бекітілген шарттарына және тәртіптеріне сәйкес бір Тарап екінші Тараптың 

білім  алушыларына    бакалавриат,  магистратура,  докторантура  мамандықтары  бойынша 

кейбір пәндерді немесе модульдерді оқып үйренуге мүмкіндік жасау жолымен білім беру 

қызметтерін көрсетуге міндеттенеді.  

 

1.3.  Бір  Тараптың  білім  алушыларының  осы  келісім-шарт  аясында  екінші    Тараптың 



білім  беру  ұйымында  сәйкес  мамандықтар  бойынша  1  семестр  немесе  1  оқу  жылында 

оқыған  пәндері  мен  модульдері  Тараптармен  мойындалады,  білім  алушылардың 

транскриптілеріне  енгізіледі  және  олардың  оқуларын  жалғастырулары  кезінде  есепке 

алынады. 

 

2. ТАРАПТАРДЫҢ ӚЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ  

 

2.1.  Бакалавриат,  магистратура,  докторантура  мамандықтарына  (біліктіліктеріне) 



сәйкес  лицензиялары  бар  Тараптар  білім  алушыларға  білім  беру  қызметтерін  көрсету 

саласында өзара ынтымақтастықты іске асырады.  



 

2.2.  Пәндердің,  модульдердің  атаулары  және  олардың  басқа  Тарап  бағдарламаларына        

сәйкестігі,   кредиттер   мөлшері,   ұзақтығы,  тәжірибелік  және теориялық  сағаттардың 

саны,      бағалау      шкаласы,    сабақ      кестесі,  әр-түрлі  іс-тәжірибелерден  өтуі,  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  тараптардың  өзара  әрекеттері  мен  басқа  да  мәселелер 

(академиялық  сипаттағы  мәселелермен  қоса)    Тараптардың      өкілетті      құрылымдық       

бөлімшелерімен  қосымша  түрде    шешіледі.  Әрбір  Тараптың  жетекшісі  басқа  білім  беру 

ұйымындағы оқуға арналған  кредиттер мөлшерінің жоғарғы шегін анықтайды. 

 

2.3. 


Осы 

келісім-шарт 

аясында 

Тараптар 

әрбір 

тарап 


студенттерінің, 

магистранттарының, докторанттарының оқуы үшін бірдей жағдайлар жасайды, бір-бірінің 

кітапханалық қорына қол жетімдік мүмкіндіктерін ұсынады. 

 

2.4. Тараптардың білім беру қызметтеріне төлемақы төлеу мәселелері және қаржылық 



сипатқа ие басқа да мәселелер тараптар арасында сәйкесінше қосымша келісім-шарттарды 

жасасу, сол сияқты әрбір тарап пен білім алушы арасында білім беру қызметтерін көрсету 

бойынша келісім-шартқа отыру жолымен шешіледі.  

 

2.5.  Пәндерді,  модульдерді  оқу  ережелері,  оқу  үрдісі,  ішкі  тәртіп  ережелері  және 



Тараптардың білім алушыларының бір-бірінің білім беру ұйымында болуына байланысты 

басқа  да  сұрақтар  Тараптардың  ішкі  құжаттарына  сай  бекітіледі  және  ол 

туралы Тараптардың өкілетті құрылымдық бөлімшелері білім алушыларға мәлім етеді. 

 

3. БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР 



 

      3.1. Осы Келісім-шартқа сәйкес Тараптардың бір-біріне ашқан жазбаша немесе ауызша 

түрдегі кез келген ақпараты қатаң құпиялықта сақталуы және жарияланбауы немесе басқа 

жолмен қандай да бір үшінші жаққа мәлім болмауы тиіс. 

      3.2.  Осы  Келісім-шарт  аясындағы  ынтымақтастықты  жүзеге  асыру  барысында 

Тараптар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  жетекшілікке  алады  және  өзара 

әрекетті тең құқылық, ашықтық және парасаттылық қағидалары негізінде іске асырады. 

 

3.3.  Осы  Келісім-шартқа  өзгерістер  мен  толықтырулар  Тараптардың  өкілетті 



тұлғалары  қол  қойған  жазбаша  ресімделеді  және  осы  Келісім-шарттың  ажырамас  бөлігі 

болып табылады.  

      3.4.  Аталмыш Келісім-шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қол 

қойған кезден бастап 3 (үш) жыл мерзімге жарамды. 

      3.5. Келісім-шартты бұзу мерзімінен 1 ай бұрын басқа тарапты жазбаша түрде ескерте 

отырып, кез келген тарап келісім-шартты бұзуға құқылы. Аталмыш Келісім-шарт аясында 

оны  бұзу  мерзіміне  дейін  оқуды  бастаған  білім  алушылар  Келісім-шарттың  тоқтатылу 

мерзіміне қарамастан Келісім-шартта белгіленген шарттар негізінде оқуды аяқтайды. 

 

3.6.  Осы  Келісім-шарт  қазақ  және  орыс  тілдерінде  әрбір  тарапқа  бір  данадан  келетін 



екі түпнұсқа данада жасалған.  

 

4.



 

ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ БАНК РЕКВИЗИТТЕРІ  

 

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 



университеті» РМК  

Мекен-жайы: 

010008, Қазақстан Республикасы, 

 

 

 

Астана қ-сы, Мұңайтпасов к-сі, 5 

веб-сайт: 

www.enu.kz

  

Тел. факс:70-94-57 

 

 

 

 

 

 

 

              

  Ректор _________Е.Б. Сыдықов 

               

   «_______»__________2012 ж. 

       МО 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ректор  ____________________                                       

                                                                               

   «_______»__________2012 ж. 

       МО 

 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал