“Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы”



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата02.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
Жаратылыстану-математикалық факультеті 
Биология жəне экология кафедрасы 
5В060800 «Экология» 
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын  
студенттерге арналған 
 
“Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы” 
(пəннің аты)
 
ПƏННІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 
 
  
 
 
 
 Курс – 1 
 Семестр – 1 
 Кредит саны - 3 
 Дəріс –  30 cағат  
 Лабораториялық сабақ – 15  сағат  
 ОЖСӨЖ–  45 сағат 
 CӨЖ - 45 сағат 
 Емтихан –  1 семестрде 
 Барлығы – 135 сағат 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал-2011 
 

 
 
 
Пəннің  оқу-əдістемелік  кешені    «Өсімдіктер  анатомиясы  жəне  морфологиясы»  бойынша  
типтік бағдарлама, Алматы, 2007 ж. негізінде құрастырылған. 
 
Құрастырушылар:      б.ғ.к.  каф.  меңгерушісі  Кайсагалиева  Г.С.,  биология  магистрі 
Кажиахметов С.А.
 
 
 
Биология жəне экология кафедрасының отырысында қарастырылды. 
07.09.2011 ж. №  1 хаттама. 
 
Жаратылыстану-математика 
факультетінің 
оқу-əдістемелік 
кеңесінің 
отырысында бекітілді. 
13.09.2011  ж.  № 1  хаттама. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы” 
2. КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
2011
 
- 2012 оқу жылының 1 оқу тоқсанында 3 кредит. 
 
2.1.Оқытушы туралы мəлімет 
 
Оқытушы:  Биология  жəне  экология  кафедрасының  аға  оқытушысы  Кайсагалиева 
Гүлжахан Смаилқызы 
Оқытушының  кафедрада  болатын  уақыты:  Əр  аптаның  сейсенбі  жəне  бейсенбі 
күндері. 
Курстың аты, номері жəне кредит саны:  3-кредит 
     Курстың өткізілетін орны жəне уақыты: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Жаратылыстану-математикалық факультеті, Достық даңғылы 121 , тел. 50-35-49 (ішкі 14). 
 
2.2. Пəн туралы мəлімет 
Сабақ кестесі:  
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан жəне 2 сынақ аптасынан тұрады. 
Аптасына 3 кредит-сағат жоспарланады, оның əрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан 
(дəріс,  практика)  жəне  оқытушының  басқарумен  жүретін  студенттердің  өзіндік 
жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) 
 
Сабақтар 
Өткізілу 
уақыты 
Сабақтар 
Өткізілу 
уақыты 
Байланыс сағаты 1 
( дəріс ) 
50 мин. 
СМЖӨЖ 
(дəріс), СӨЖ 
50  мин. 
Байланыс сағаты 2 
(практикалық сабақ 1) 
50 мин. 
СМЖӨЖ 
(практикалық сабақ), СӨЖ 
50  мин. 
Байланыс сағаты 3 
 
( практикалық сабақ 2) 
50 мин. 
СМЖӨЖ 
(практикалық сабақ), СӨЖ 
50  мин. 

 
Кредит саны – 135 сағат 
Өту орны: Жаратылыстану-математикалық факультеті, сабақ кестесі бойынша
 
 
Оқу жоспарынан көшірме: 
 
 
Курс  Семестр  Кредит 
саны 
Дəрістер  Лаборатория 
лық сабақ 
СОЖ 
ӨЖ 
СӨЖ 
Барлы
ғы 
Бақыл
ау  
түрі 



15 
30 
45 
45 
135 
емтих
ан 
2.3. Кіріспе 
 
Курстың қысқаша сипаттамасы: 
Ботаника- 
өсімдік, 
оның 
пішіні, 
құрылысы, 
дамуы, 
тіршілік 
əрекеті, 
таралуы,қасиеттері жəне т.б. туралы ғылым.  
Өсімдік –бұл тірі ағзалардың ерекше формасы. Өсімдіктер əлемі алуан түрлі тіршілік 
ортасындла тіршілік етуге бейімделген басқа тірі ағзалар секілді тіршілік-тынысы, пішіні, 
көлемі  жөнінен  алуан  түрлі.  Өсімдіктер  шөлдерде,ағысы  қатты  өзендердің,  теңіздер  мен 
мұхиттардың  түбінде  сол  сияқты  биік  таулардың  қар  жамылғысы  бар  белдеулерінде  де 
тіршілік ете алады. 
Өсімдік  жəне  жануар  ағзалары  алғашқы  қарапайым  тіршілік  формаларынан 
қалыптасқан,  сондықтан  олардың  барлық  тіріге  тəн  ортақ  қасиеттері  бар.  Өсімдіктердің 
жануарлардан ерекшелігі - оларда фотосинтез процесінің жүруі жəне олардың құрамында 
осы  процестің  жүруіне  негіз  болып  табылатын,  өсімдіктерге  жасыл  түс  беретін,  бояғыш 
зат- хлорофиллдің болуы. 
Өсімдіктердің табиғаттағы жəне адамның шаруашылық əрекетіндегі маңыздылығына 
орай  оларды  зерттеу  өте  маңызды  болып  табылады.  Өсімдік  туралы  ілім,  өсімдік 
тіршілігіндегі  заңдылықтарды  зерттей  отырып,  оларды  пайдаланудағы  жəне  басқарудағы 
жаңа мүмкіндіктерді ашады.  
Курстың мақсаты: 
Студент  санасында  біртұтас  өсімдік  ағзасы,  оның  ішкі  жəне  сыртқы  құрылысы, 
макро  жəне  микроқұрлымы,  бейімделу  ерекшелігі,  онтогенез  барысындағы  өзгерістері, 
көбею  жолдары  туралы  нақты  білім  жүйелерін  құру.  Олардың  тіршілік  ету  формалары 
жəне биосферадағы маңызы туралы ұғым қалыптастыру 
Курстың міндеттері: 

- өсімдіктің біртұтас ағза ретінде қарастыру; 
- өсімдік  мүшелерінің  ішкі  жəне  сыртқы  құрылысының  алуан  түрлілігін  жан-жақты 
талдау; 
- өсімдіктердің  тіршілік  əрекеті  жəне  жер  шарындағы  таралуы  туралы  ұғым 
қалыптастыру; 
- өсімдіктердің бейімделу  ерекшеліктері жəне қоршаған ортамен қарым –қатынасын 
анықтау; 
- өсімдіктердің көбею жəне таралу жолдарын талдау. 
Курстың мазмұны:  
1.  Кіріспе 
2.  Өсімдік жасушасының жалпы сипаттамасы 
3.  Жасуша органеллалары 
4.  Ұлпалар 
5.  Тұқым жəне өскін 
6.  Тамыр жəне тамыр жүйелері 
7.  Өркен жəне өркен жүйелері 
8.  Сабақ 
9.  Жапырақ - өркеннің бүйір мүшесі 
10.  Гүлді өсімдіктердің көбеюі жəне ұрпақ беруі 
11.  Гүл. 
12.  Гүл шоғырлары 
13.  Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы 
14. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы 
15. Өсімдіктерідің экологиялық топтары жəне тіршілік формалары. 
 Оқыту əдістемесі:  
Дəріс сабақтарында: 
-  көрнекі құралдарды пайдалана отырып ауызша баяндау; 
-  үсіндіру; 
-  диалог; 
-  пікірталас; 
-  ойтолғау; 
 Практикалық сабақтарда: 
-  сұрау 
-  пікірталас; 
-  көрнекі  құралдармен  жұмыс  жасау  (кестелермен  жұмыстану,  микроскоппен 
жұмыс, дайын микропрепараттарды қарастыру, микропрепараттарды дайындау) 
Пререквизиттер:  
Қарастырылып  отырған  пəнді  тиімді  игеру    жолында  студенттердің  мектеп 
бағдарламасы  бойынша  оқытылған  алғашқы  фундаментальді  білімдері  болу  қажет.  Бұл 
алдымен: өсімдік жасушасы, ұлпасы, оның түрлері, өсімдік мүшелері, олардың атқаратын 
қызметтері, ерекшеліктері, өсімдіктердің көбею жолдары, олардың биосферадағы маңызы 
туралы алғашқы түсініктер. 
Постреквизиттер:  
Аталып  отырған  пəнді  оқу  нəтижесінде  студенттерде  “Ботаника  экология 
негіздерімен”  пəніне  арналған  типтік  бағдарламада  көрсетілген  білім,  білік,  дағды 
қалыптасады.  Студенттер  өсімдіктердің  ішкі жəне  сыртқы  құрылысы,  өсімді  жəне  көбею 
мүшелері, олардың атқаратын қызметі жəне т.б. туралы толық жəне тиянақты білім алуы 
қажет.  Сонымен  бірге практикалық  сабақ  кезінде  меңгерген,  іс  жүзінде  қажет  дағды  мен 
білікті  игеруі  міндетті.  Микроскоппен  жұмыс,  микропрепараттарды  дайындау  секілді 
практикалық дағдыларды калыптастыруы қажет. 
 

2.4 Сабақ мазмұны мен кестесі 
 
1 апта  
Кредит сағат 1 
Дəріс №1 
Тақырыбы: Клетка туралы ілімнің тарихыКіріспе.  
Дəріс мазмұны: Бұл дəрісте өсімдік əлемінің пайда болуы, дамуы, əртүрлі ортада тіршілік 
етуіне  байланысты  көлемі,  формасы  жағынан  алуан  түрлілігі  туралы  ғылыми  деректерге 
сүйеніп  түсінік  беру.  Қарапайым  құрылысты  жəне  күрделі  құрылысты  өсімдіктердің 
арасындағы айырмашылыққа тоқталу.  Өсімдік клеткасындағы клетка бөліктеріне тоқталу. 
Клетканың зерттелу тарихы. Ағзалардың жасуша құрылысы теориясы жəне оның маңызы. 
ОЖСӨЖ: Ботаниканың даму тарихы. Өсімдік клеткасының алуан түрлілігі. 
СӨЖ: Өсімдік клеткасының алуан түрлілігі. Пластидтердің субмикроскопиялық құрлысы. 
Əдебиеттер: 
1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.4-10, 10-17 бет. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 4-7 бет. 
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 5-19 бет. 
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 3-16 бет 
5. Курсанов Л.И. и др. «Анатомия и морфология растений» 1 том, М., 1966 ж. 
6. Жуковский П.М. «Ботаника», 1964 г.  
7. Мұхитдинов Н. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы», Алматы, 1993 ж. 
8. Мəкенова М. «Ботаника», 2002 ж. 
 
Кредит сағат 2 
Дəріс №2 
Тақырыбы:  Өсімдік  жасушасының  жалпы  сипаттамасы.  Өсімдік  жасушасының 
органеллалары 
Дəріс  мазмұны:  Өсімдік  клеткасының  құрлысы.  Цитоплазма,  оның  химиялық  құрамы 
жəне физикалық қасиеттері. Органеллалар. Пластидтер, олардың типтері. Ядро құрылысы, 
алуан  түрлілігі,  көбею  жолдары.  Митоз  жəне  мейоз.  Клетка  қабықшасы,  құрамы, 

құрылысы.  Оның  биологиялық  маңызы  жəне  клетка  қабықшасында  жүретін  өзгерістер: 
ағаштану, сүректену, кутикулалану, шырыштану. 
ОЖСӨЖ:    Ботаника  ғылымының  қалыптасуы.  Ботаниканың  даму  тарихы.  Өсімдік 
органдарының даму тарихы, оларды пайда болуы. 
СӨЖ: Цитоплазманың коллоидты қасиеті. Өсімдік жасушасындағы қор заттары 
Əдебиеттер: 
1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.4-10, 10-17 бет. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім          
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 4-7 бет. 
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 5-19 бет. 
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 3-16 бет 
5. Курсанов Л.И. и др. «Анатомия и морфология растений» 1 том, М., 1966 ж. 
6. Жуковский П.М. «Ботаника», 1964 г.  
7. Мұхитдинов Н. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы», Алматы, 1993 ж. 
8. Мəкенова М. «Ботаника», 2002 ж. 
 
Кредит сағат 3 
Лабораториялық сабақ №1 
Тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы  
Лабораториялық  сабақ  мазмұны:  Микроскоп.  Микроскоппен  жұмыс  жасау  тəртібі. 
Препараттарды  дайындау.    Хлоропласт,  хромопласт  жəне  лейкопласт  пластидтерінің 
құрылысының  ерекшелігімен  түрлі  өсімдік  мүшелерінен  таныс.  Өсімдік  жасушасындағы 
қор  заттары  Пияз  қабығындағы  кристалдармен  танысу.  Портулак  тəрізді  кактус 
жапырағындағы кристалдарды қарап, құрылысымен танысу. 
Астық  тұқымдастары:  бидай,  арпа,  жүгерідегі  жəне  картоптағы  крахмал  дəндерін  
зерттеу.  Микроскоп  арқылы  бидай  дəнінен  жасалған  дайын  препараттарды  қарау 
(тапсырма №2).  
ОЖСӨЖ: Цитоплазманың химиялық құрамы жəне физикалық қасиеттері
 
СӨЖ: Пластидтер
 
Əдебиеттер: 
1.Чижевская “Практикум по большой ботанике”, 50-51 беттер, 20-сурет 
2. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.20-62 бет. 

3.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 17-46 бет. 
4. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 24-77 бет. 
5. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 20-68 бет. 
 
 
2 апта 
Кредит сағат 4 
Дəріс №3 
Тақырыбы: Ұлпалар. Жасаушы ұлпа.  
Дəріс  мазмұны:  Ұлпалар  туралы  жалпы  түсінік.  Ұлпалардың  жіктелуі.  Жасаушы  ұлпа, 
оның  өсімдіктегі  таралуы.  Жасаушы  ұлпалардың  құрылысы,  атқаратын  қызметі,  бір-
бірінен  айырмашылығы.  Меристеманың  өсімдік  бойында  кездесетін  түрлері,  атқаратын 
қызметі. Камбий құрылысы, құрамы, маңызы туралы түсіндіру.  
ОЖСӨЖ: Ұлпалардың жіктелуі
 
СӨЖ: Меристемалық ұлпалар 
Əдебиеттер: 
1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.92-106 бет. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 66-72 бет. 
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 96-117-77 бет. 
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 75-88 бет. 
 
Кредит сағат 5 
Дəріс №4 
Тақырыбы:  Жабын ұлпалары      
Дəріс  мазмұны: Жабын ұлпаның құрылысы, құрамы, түрлері айырмашылығы атқаратын 
қызметі.  Эпидермис,  тоз,  олардың  бір-бірінен  айырмашылығы.  Суберин,  легнин  заттары 
олардың ролі. Устьица оның құрылысы, қызметі жəне  өсімдіктің экологиялық жағдайына 
байланысты өзгеруі. 
ОЖСӨЖ: Устьице аппараты, оның құрылысы
  
СӨЖ: Жасымықша 

Əдебиеттер: 
1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.107-128 бет. 
2. Əметов Ə.Ə. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 72-85 бет. 
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 126-135 бет. 
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 88-92 бет. 
 
Кредит сағат 6 
Лабораториялық жұмыс №2 
Тақырыбы: Клеткадағы запастық қоректік заттар 
Лабораториялық  сабақ  барысы:  Астық  тұқымдастары:  бидай,  арпа,  жүгерідегі  жəне 
картоптағы крахмал дəндерін  зерттеу. Микроскоп арқылы бидай дəнінен жасалған дайын 
препараттарды  қарау.  («Строение  зерновок  хлебных  злаков»  препаратының  1-10 
аралығындағы препараттарды қарау) 
ОЖСӨЖ: Ассимиляциялаушы ұлпалар      
СӨЖ: Қор жинаушы ұлпалар 
Əдебиеттер: 
1. Мусакулов Т. “Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы”, 64-68 беттер, 13-сурет /1/. 
2.  Ағелеуов  Е.  “Өсімдіктер  морфологиясы  мен  анатомиясы  “,  129-150  беттер,  29,30  - 
суреттер 
 
 
3 апта 
Кредит сағат 7 
Дəріс №5 
Тақырыбы:  Механикалық ұлпалар 
Дəріс  мазмұны:  Механикалық  ұлпаның  түрлері,  атқаратын  қызметі,  бір-бірінен 
айырмашылығы,  склеренхима,  либриформ,  тін,  сүрек  талшығы  туралы  түсіндіру,  мысал 
келтіру. Склереид, оның склеренхимадан айырмашылығы атқаратын қызметі.  
ОЖСӨЖ: Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар 
СӨЖ: Ішке бөліп шығарушы ұлпалар 
Əдебиеттер: 

1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 
2. Əметов Ə.Ə. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.  
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.  
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 
 
Кредит сағат 8 
Дəріс №6 
Тақырыбы:  Өткізгіш ұлпалар        
Дəріс  мазмұны:  Өткізгіш  ұлпа,  оның  атқаратын  қызметі.  Төменгі,  жоғарғы  ағыстар. 
Олардың  элементтері,  сосуд  шоқтарының  түрлері,  бір-бірінен  айырмашылығы  туралы 
түсінік  беру.  Ашық  жəне  тұйық  шоқтар.  Оларға  мысал  келтіру.  Өсімдік  органдарында 
кездесетін сосуд шоқтарына тоқталу, мысал келтіру. 
ОЖСӨЖ: Өткізгіш шоқтар  
СӨЖ: Трахеялар 
Əдебиеттер: 
1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.  
3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.  
4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.  
 
Кредит сағат 3 
Лабораториялық жұмыс №3 
Тақырыбы: Жасаушы жəне жабын ұлпалары. 
Лабораториялық  сабақ  мазмұны:  Дайын  препарат  арқылы  сабақ  пен  тамырдың  өсу 
конусынан жасаушы ұлпаны қарау (тапсырма №3). 
Герань  өсімдігінің  эпидермисін,  ырғай  бұтағын,  картоп  түйнегін  мысалға  ала  отырып, 
жабын ұлпасынынң түрлерін қарау. Ондағы өзгерістерге көңіл бөлу. 
ОЖСӨЖ: Ауа алмастырушы ұлпалар 
СӨЖ: Қабылдаушы ұлпалар 
 

4 апта  
Кредит сағат 10 
Дəріс №7 
Тақырыбы: Тамыр морфологиясы.Тамыр түрлері жəне тамырдың түр өзгерістері 
Дəріс  мазмұны:  Тамыр  морфологиясы  жəне  қызметі.  тамыр  типтері  (негізгі,  бүйір, 
қосалқы). Тамыр зоналары. Тамыр түктері. 
 
Тамыр түрлері, метаморфозасы, жоғарғы жəне төменгі сатылы өсімдіктердің селбесіп өсу 
заңдылығы.  Симбиоз  жəне  паразитизм  туралы  түсіндіру.  Экологиялық  жағдайға 
байланысты тамыр формаларының өзгеруі. 
ОЖСӨЖ: Тамырлар жүйесі 
СӨЖ: Тамыр ұшының құрылысы  
Əдебиеттер: 
1.  Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 
2.  Əметов Ə.Ə. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.  
3.  Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.  
4.  Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 
 
 
Кредит сағат 11 
Дəріс №8 
Тақырыбы: Тамыр анатомиялық құрылысы. 
Дəріс мазмұны: Тамырдың алғашқы құрылысы. Тамырдың соңғы құрылысы. 
ОЖСӨЖ: Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы 
СӨЖ: Дара жарнақтылар тамырының соңғы құрылысы 
Əдебиеттер
1.  Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 
2.  Əметов Ə.Ə. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.  
3.  Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.  
4.  Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.  
 
 
Кредит сағат 12 
Лабораториялық жұмыс №4 
Тақырыбы:   Механикалық  жəне өткізгіш ұлпалар 
Лабораториялық  сабақ  мазмұны:  Дайын  препараттардан  механикалық  ұлпаларды 
(асқабақ,  қалақай,  зығырсабағындағы  жəне  алмұрт  жемісіндегі)    -  колленхима, 

склеренхима,  склеридті  зерттеу.  Сосуд  –  талшық  шоқтарын  зерттеу.  Олардың  түрлері: 
ашық жəне жабық шоқтар жəне олардың элементтері (тапсырма № 4). 
ОЖСӨЖ: Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы 
СӨЖ: Тамыр ұшының құрылысы 
 
5 апта 
Кредит сағат 13 
Дəріс №9 
Тақырыбы: Өркен. 
Дəріс  мазмұны:  Оның  атқаратын  қызметі,  құрылысы,  анатомиялық  құрылысындағы 
өзгешеліктер, бұтақтану түрлері. Қысқарған жəне ұзарған өркендер. Бүршіктің дамуы. 
ОЖСӨЖ: Өркеннің бұтақтану типтері 
СӨЖ: Өркенде жапырақтардың орналасу заңдылығы  
Əдебиеттер
1.  Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.187-200, 265-266 бет. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 133-134, 139-145 бет. 
3.  Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 183-203, 307-331 
бет. 
4.  Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.  
 
Кредит сағат 14 
Дəріс №10 
Тақырыбы: Өркеннің түр өзгерістері.  
Дəріс  мазмұны:  Өркеннің  түр  өзгерістері.  Олардың  биолдогиялық  маңызы  (түйнек, 
тамырсабақ, пиязшық, тікен). Қысқарған жəне ұзарған өркендер. 
ОЖСӨЖ: Тамыр жемістер, олардың анатомиялық құрылысы 
СӨЖ: Түптену 
Əдебиеттер: 
1.  Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.187-200, 265-266 бет. 
2.  Əметов  Ə.Ə.  «Ботаника»  Алматы  «Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақстан  білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 133-134, 139-145 бет. 
3.  Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 183-203, 307-331 
бет. 
4.  Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.  
 

Кредит сағат 15 
Лабораториялық жұмыс №5 
Тақырыбы: Тамырдың анатомиялық жəне морфологиялық құрылысы. 
Лабораториялық  сабақ  мазмұны:  Дайын  препараттан  тамырдың  алғашқы  жəне  соңғы 
анатомиялық    құрылысымен  танысу,  олардың  арасындағы  айырмашылықтарды  анықтау. 
Кеппешөп  материалынан  жəне  кестеден  тамыр  түрлерін  жəне  түр  өзгерістерін 
қарау,олармен танысу жəне суретін салу. 
ОЖСӨЖ: Өркен түрлері жəне өсімдік тіршілігінің ұзақтығы 
СӨЖ: Қысқарған жəне ұзарған өркендер 
 
 
 
6 апта 
Кредит сағат 16 
Дəріс №11 
Тақырыбы:  Сабақ.  Сабақтың  морфологиялық  құрылысы.  Сабақтың  анатомиялық 
құрылысы. 
Дəріс  мазмұны:  Сабақтың  морфологиялық  құрылысындағы  ерекшеліктермен  танысу. 
Сабақтың  кеңістікте  таралуы,  қырлары  бойынша  жіктелуі.  Сабақтың  алғашқы 
анатомиялық  құрылысы.  Алғашқы  ұлпалардың  орналасуы,  сабақ  пен  жапырақтың 
өткізгіш ұлпаларының байланысы.  
ОЖСӨЖ:   Сабақтың морфологиясы  
СӨЖ: Сабақтың морфологиялық құрылысындағы ерекшеліктер  
Əдебиеттер: 
1.  Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж. 251-254 бет. 
2.  Əметов Ə.Ə. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім 
академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж. 109-123 бет. 
3.  Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г. 234-263 бет. 
4.  Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж. 134-165 бет. 
 
Кредит сағат 17 
Дəріс №12 
Тақырыбы: Сабақ. Сабақтың анатомиялық құрылысы. 
Дəріс  мазмұны:  Сабақтың  соңғы  анатомиялық  құрылысы.  Көпжылдық  өсімдіктердің 
сабағының  анатомиялық  құрылысымен  танысу.  Қабықтың,  тіннің  жəне  сүректің  пайда 
болуы. Жылдық сақинаның пайда болуы. 

Екіншілік өткізгіш ұлпалардың пайда болуы. 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет