Осыдан үш ай шамасы бұрын Ұлттык, Ғылым академиясы, республикамыздағы Кен шикізатын кешенді пайдаланудың ұлттық



жүктеу 96.13 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі96.13 Kb.
#12658

Осыдан үш ай шамасы бұрын Ұлттык, Ғылым академиясы,

республикамыздағы Кен шикізатын кешенді пайдаланудың ұлттық

орталық және "Қазақстан" баспасы белгілі жазушы Медеу Сәрсекенің

деректі жаңа туындысы "Ебіней Бөкетов" кітабының тұсаукесеріне

арнап, Алматыда, академияның төралқа залында, ежелден қалыптасқан

рәсімнен өзгешелеу жиын өткізді. Сол жиынға есімі елге мәлім ғылым

иелері — академиктер, өсіресе химик ғалымдар мен Е.А.Бөкетовті

жақсы білетін тарихшы, әдебиетшілер катысты.

Ғалым-жазушы туралы тағы бір жиын Ебекең білім алған, ғылымдағы алғашқы

қадамын бастаған Қ. Сәтбаев атындағы ҰТУ-дың Металлургия институтында өтті

Нақ сондай мерекелік мәжілістер, тұсаукесер рәсімі, ғылыми конференциялар наурыз

айының аяқ шенінде ғалымның көп жыл еңбек еткен қаласы Қарағандыда, өзі іргесін

бекемдеген химия-металлургия институтында жалғасты.

Осынау игі шараларға орай, ұлт мақтанышына айналған ағамыз туралы ғұмырнамалық

кітапты өмірге әкелген жазушы Медеу СӘРСЕКЕНІ әңгімеге тартқан едік...

— Сіздің академик Ебіней Бөкетов туралы

деректі хикаятыңыздың көлемі артық-кемі жоқ

500 бет. Сонда кеңінен баяндалатын ғалым өміріне

қатысты ең маңызды деген оқиғаларды, әрине,

бас-басына даралаудың қажеті болмас. Сөйтсе де

Ебекеңнің ғылымдағы өмір жолын айқын

мысалдар арқылы өрнектеп көрсек...

— Ол кісі кандидаттық диссертациясын 1954

жылы, жасы отызға толмай қорғаған. Алпысқа

іліге алмай опат болды. Демек, ғылымдағы

ғұмыры небәрі 30 жыл. Осы орайда, өзі де

айтқандай, Ебекең мектепте де, институтта

да, тіпті ғылыми, әдеби ғұмырында да шын

мәніндегі ұстаздарға жарыған адам. Айталық,

ол оқыған металлургия факультетінде өте

күшті ғалымдар жұмыс істеген. Бірінші

кезекте академик Х.К.Аветисян есімі тілге

оралады. Бұл ғалымның металлургия саласы

бойынша жазған оқулықтары кешегі Кеңес

Одағы ғана емес, 80-жылдарға дейін

шетелдерде де оқылған. Сондай ірі оқымыс-

тының бірі В.В.Стендер. Ол Ебінейдің

ұғымтал қабілетін студент күнінде байқап,

аспирантураға тартқан. Ал академик В.Д.По-

номарев, жас жағынан Ебіней Арыстанұлы-

нан соншалықты үлкен емес. Ебекең оған да

ұстазым деп құрметтеуден жаңылмаған. Өйт-

кені, Пономарев шынайы білгір еді. Басқа-

сын айтпағанда, бүгінде үлкен қарқынмен

жұмыс істеп тұрған Павлодар аллюминий

зауытының технологиясы сол кісінің еңбек-

теріне негізделген. Біздің тол-

қын студент атанғанда (1953—

1958 жылдар) Ебекеңнің өзі де

әлгі білгірлердің ортасынан тұл-

ғаланып тұрушы еді. Сол күн-

нің өзінде ол белді жұмыстар

атқаратын-ды. Мысалы, жасы

отыздан аса ҚазГМИ-де бірінші

проректор болды.

Ебіней Арыстанұлы бұл жер-

дегі жұмысты тыңнан бастаған.

Зертхана, сынақ алаңы, тіпті сон-

да жұмыс істейтін мамандарды да

өзі жинап, өзі де үйреніп, шәкірт-

терін де жаңа зерттеуге баулыған,

тіпті институт жайғасатын үлкен

ғимаратқа дейін салғызған. Ал әр

жерден шақырылған зерттеуші-

лерді ортақ мақсатқа жұмылдыра

білу де айтқанға ғана оңай. Ол

үшін ұжымның биік мұраты, ынта-

мен шұғылданар ісі болуға тиіс.

Соны металлург-ғалым Алматыдан

ойластырып келген, Қарағандыда

немен шұғылданарын, демек, нақ-

ты білген. Тек соны кіммен,

қалайша жүзеге асырады? Ебекең

осы орайда ешкімді атасына, руына,

жүзіне, тіпті оны айтасыз, ұлтына

оқиғаның тоқ етеріне түсейін: Төкен досым айна-

ласы жиырма жыл ішінде кандидаттығын да,

соңынан докторлығын да қорғады. Қара металлур-

гия ілімінің біздегі алғашқы білгірі атанды, қатал

тағдырға не шара, Ақсу, Ақтөбе ферроқорытпа

өндірістерінде өшпес ізі қалған ғалым болып

дүрілдеп тұрғанда, алпысқа да жете алмай опат

болды. Қазірде Қазақстаннан мыңдаған тонналап

шетке шығатын қымбат ферроқорытпаларда Төкен

Ғабдолла баласының жеке үлесі таудай десем

жаңсақ тұжырым бола қоймас.

Тегінде, Ебекеңнің

РАН академигі, Еңбек Ері В.И.Спи-

цин, МГУ-дің кафедра меңгерушісі,

өйдік профессор, Еңбек Ері А.В.Но-

воселова осы элементті халькогендер

тобына қосып, Менделев кестесіне

түбегейлі өзгеріс енгізуді ұсыныпты.

Ал бұл болса кез келген ғалымның

маңдайына сыймайтын ерекше жаңа-

лық! Айта кетер бір жәйт: Ебекең

өмірден озған соң Бүкілодақтық

халькогендер жайындағы кеңес үш

мәрте тағы да Қарағандыда, соның

ең соңғысы осы ғасырдың басында

өтті. Демек, ұстазы өмірден озған

соңда оның дарабоз түлектері

алдыңғы шепті бере қоймаған. Осы

жәйтке тағы бір мысал айтайын:

Е.А.Бөкетов бертінде Жезқазғанда

сирек металмен айналысатын

шағын кәсіпорын ашты; оған

менің Ебекең жөніндегі кітабыма

демеушілік жасаған академик

Ә.А.Жәрменов басшылық етуде.

Сол кәсіпорын осьмийдің екі-үш

килә изотопын Чехияға 40 мил-

лион долларға сатты. Ойлап

қарасаң сұмдық мол қаржы! Жоқ,

олай емес, тауардың шынайы

бағасын білмегендіктен үш есе арзанға берген.

Өйткені АҚШ химиктері тазалығы 70 пайыз

ғылыммен бірге, жастар тәр-

биесімен де айналысу керек,

әмбе оған КарМУград қала-

шығының әуре-сарсаңы көп

құрылысын қосыңыз... Со-

лай дей тұрғанмен, басқаға

нұсқау берумен ғана шекте-

летін басшы Ебекең емес. Ол

бірінші кезекте ұстаздар

корпусын нығайтуды ойластырған. Әмбе көбіне

оқытушылыққа жастарды шақырған. Басты талап

— білімпаздығың. Мысалы, физика факультетіне

ол 8 қаладан (Алматы, Мәскеу, Тарту, Новосібір,

Том және басқалары) жас мамандарды ұстаздық

етуге шақырған. Жаңа университетте ол

физикалық химия кафедрасын да тездетіп

ашыпты. Сол қарсанда мұндай кафедра Мәскеу

университетінде ғана бар екен. ҚазМУ-де сондай

кафедра он жылдан соң ашылыпты. Демек, оқу

ісінде де Ебекең асқан көрегендік танытқан.

Қалайда қарауындағы университетті физика,

химия ғана емес, өзге факультеттерді де озық

деңгейде ұстауға тырысқан... Бірде ҚарМУ

ректоры Берлинде шыкқан журналдан Н.Г.Ско-

пин деген зоологтың мақаласын көреді. Арада

көп уақыт өтпей әлгі журналда сол ғалымның

тағы бір мақаласы жарияланыпты. Енді ректор

қызығушылық танытып, сұрастырса, өздерінің

доценті, зейнетке шығуға арыз берген кәртаң

адам. Скопинді шақыртып, аз-кем сөйлескен

соң: "Сізге жарты жыл-

дық демалыс беремін,

ол жетпесе тағы да

уақыт қосамын, док-

торлыққа жұмысы-

ңызды әзірлеуге отыры-

ңыз", дейді. Сол Ско-

пин жыл ішінде Ленин-

градқа барып диссер-

тация қорғайды. Ғы-

лыми кеңесте оған:

"Сіз осыдан 20 жыл бұ-

рын доктор болуға

лайық едіңіз, ал мына

еңбегіңіз үш доктор-

лыққа татиды", деген

лебіз айтыпты деседі...

Небәрі ғылым канди-

даты басқаратын ка-

федраға сонау ВАК-тан

рұқсат алып, аспирантура ашып беру де тек

беделді басшының ғана қолынан келеді. Ал сол

кафедрада оннан астам оқытушы ғылым

кандидаты мен доктор болып шыққан...

Қысқасы, Қарағанды университетінің ғылы-

ми, білімдарлық деңгейін көтеруге талай-талай

келелі істер істеген. Оның игілігін Ебекеңнің

орнын басқандар көрді, өзі болса нақақтан таяқ

жеп, портфелін қолтығына қысып кете барды...

Бірақ, тәубә делік, тәуелсіздікке қолымыз жеткен

кезде сол қиянат түзелді, ҚарМУ қазірде Е.А.Бө-

кетовтің есіміне ие болды, ректордың бұрынғы

кабинетінде мемориалды мұражай ашылып, жаңа

ғимараттың алдында арнайы тақта да қойылды.

— Сөз соңында Ебекеңнің әдебиетші, жазушы-

лығына тоқтала кетсек... Сонсоң міне ол кісінің

80 жылдығы келе жатыр ғой. Ал сіздіңше ғалым-

жазушыға, біртуар азаматқа осыған дейін канша-

лықты кұрмет көрсете алдық, тағы не көрсету

керек деп ойлайсыз?

— Ебекең ертеректе тіршілік қамымен бірер

повесть, романды қазақшалаған. Сонсоң біраз

жыл драмалар қойылымьша рецензиялар жазып,

атақты өртістердің өмірі мен өнер жолына

арнаған әдеби портреттері республикалық орыс

газеттерінде жиі жарияланған. Маяковский

шығармаларының қазақшаға аударылуы жайында

жазған сыны жұрт назарына ілігіп, 1954 жылы,

аспирант кезінде осы ақын шығармаларының



қарап бөлмеген. Ол үшін басты

мұрат — білімің, бірдеме білуге ынтаң мен

дарының болсын, ізденістен де қажыма... Сол

жолда ол ең алдымен Алматыда қалған үздік

шәкірті, аспирант Марк Зальманович Угорецті

шақырған, Қарағандының өзінен де ғылымға

ынталы талай жасты іздеп тапқан. Осы ретте кәрі

Оралдың Пышма қаласына ертеректе ғылыми

іссапармен барғанда танысқан ғылым кандидаты

Н.А.Полукарповты іздеуі — өзінше бір хикаят:

Николай Алексеевичті іскер сынақшы ретінде

ұнатқан, әмбе ол Тургенев, Фет, Некрасов

шығармаларын жатқа білетін сұңғыла. Сірә, бұл

да екеуінің рухани жақындасуына себеп болған.

Ал бюрократтық жүйе осындай жан-жақты

білімді адамның тағдырына да балта шапқаны

өтірік пе! Әлқисса, Ебекең Пышмаға телефон

шалып, Полукарповты іздестірсе, ондағылар: "Ол

шіркін қиқарлығынан жаза тартты, міншіл

бастықтармен сыйыспай, біржола ішіп кетті",

деседі. Ебекең қоймай індетіп, оны Одессаның

ойыншықтар жасайтын фабрикасында жүкші

болып жүрген жерінен тауып, Қарағандыға

алғызады. ХМИ директорының алдына келген

Полукарпов: "Маскүнем ғалымсымақ сізге

неменеге керек" деп жылайтын көрінеді.

Институттың жас басшысы оған: "Маған сенің

басың керек", депті-міс. Оған үй беріп, қомақты

еңбекақы тағайындап, қасына оншақты жас

қызметкер қосады. "Ол келген соң ісіміз алға

басып, бұрын кібіртіктеп жүрген сынақ сәтті

жүріп кетті. Николай Алексеевич бізге жасаған

жұмысымызды Жаңалықтар комитетіне қалайша

мәлімдеу жолын да үйретті..." деген-ді маған

институттың байырғы зерттеушілері. Қысқасы,

ол Ебекеңнің көп бастамасына жақсы қолғанат,

әрі сүйеніші бола біліпті.

Ал мұндай жарқын мысал ғалым өмірінде

жетіліп артылады. Мәселен, қазірде Ясауи

атындағы Түркістан университетінде электро-

химик-ғалым Әбдіуәлі Бәйешев ұстаздық етеді.

Сол азамат Шымкенттің технология институтын

қызыл дипломмен бітірсе де, аспирантураға бір

басшының шалағай білімді баласы өтіп кетіп,

институтқа қалдырылмай, Петропавлдың жай бір

зауытына инженер болып аттанады. Бір жылдан

соң ол институттағы ұстаздарының кепілдеме

хатымен қиырдағы Ебекеңе келмей ме!.. Осы

жігіт ХМИ-да жиырма жылдай уақыт зерттеу

жүргізді. Өзі ғана емес, зайыбы Ажар Қоспан-

қызы екеуі де ғылым докторы болып, Түркістанға

нарық кезінде аттанды. Бұрнағы жылы ерлі-

зайыпты Бәйешовтер химия саласындағы ірі

жаңалығы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері

атанды.

Бертінде қара металлургияның білгірі атанған



ғылым докторы, менің студент досым Төкен

Ғабдуллиннің ХМИ-ға тап болу тарихы тіпті

қызық. Жұмыс бабымен Қарқаралы төңірегіне

барған Ебекеңнің жеңіл мәшинесі батпаққа

батып калады. Ғалым бір төбенің басына шығып,

жан-жағына көз салса, иек астынан шопан үйін

көреді... Қазақ, шіркіннің, дарқандығы түсінікті

жәйт, үй иесі құдайы қонаққа қой сойып, бәйек

болып күтеді. Ертеңінде шопан қарт

жолаушының оқымысты адам екендігін білген

соң, ішіне сыймай жүрген ренішін айтады:

"Балам мектепті күміс медальмен бітіріп, өз қа-

тарынан озып, Алматының да тау-кен институтын

жап-жақсы тәмамдап еді, бірақ екі жыл болды,

сол шіркін Қарағайлыдағы үлкен кеніштің

ұстаханасында балғашы. Сонда ол 15 жыл бойы

балғашы болу үшін оқыған ба?..". Ғалым қай-

тарда аттың басын Қарағайлыға бұрғызады.

Ұстаханаға кіріп келсе, кешегі

зерек студенті балға соғып

тұр дейді. Төкенді ертіп алып

комбинат басшысына барады.

Кеудесін астамшылықтың

құрты кеулеген шенеунікке

жүрегін кернеген ащы сөзін

асыра айтады білем... Енді

талантты шәкірттері жоғарыда есімдері аталған

4-5 азаматпен шектелмейді. Дәлел керек пе?

Айтайын. Ебекеңнің жетекшілігімен 60-тан астам

адам кандидаттығын, соның ішінде 12 ғалым

доктор атанды. Бұл сан әлі де еселеп өседі... Ебіней

Арыстанұлының шәкірттерінен менің есебімше,

қазірдің өзінде оннан астам адам Мемлекеттік

сыйлыққа ие болды.

— Осы арада Ебекең ғылымының түп қазығын

да түйіндей кеткен жөн болар...

- Металлургия — сан-салалы ғылым. Соның

бір тармағы — түсті металдар кенінде аз мөлшерде

болатын сирек металдар, әсіресе ол мыс кендерінде

кездеседі. Мысалы, 10 мың тонна полиметал кенін-

де небәрі 3-5 килә селен мен теллур болады. Ал

он тонна Жезқазған кенінде бес-он грамм рений,

ал осьмийдің өзі емес, изотопы кездеседі. Немесе

ондаған жылдар бойы зауыттар үймесінде 50-60

килә сирек металл жатады. Кезінде солар аса кажет

болмаған, көбіне оны қалай бөлуді білмеген. Неме-

се аспанға ұшып жатқан түтіннен грамдап сүзген.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында оларға ділгірлік

туды. Айталық, соларсыз осы күнгі қалта телефон-

дары, компьютер, телевизор өмірге енбес еді...

Ебіней Арыстанұлының өмір бойы шұғылданған

ілімі — осы сала. Ол кісінің көрегендігі — оның

өмірге ділгірлігін алдын ала болжауында. ХМИ-ға

келген бетте-ақ ол осы зерттеумен айналысқан.

Ебекең өз институтында екі топ құрып, 1960 жыл-

дан әлгі элементтерді отпен күйдіру және ертіндіде

еріту әдістерімен алуды зерттейді. Сегіз жыл

сергелдеңге түсуден соң өздері ойлап тапқан екі

әдісті де Балқаштың, Оралдың ескі өндірістеріне

етене етеді. Ол тәжірибе бастағанда Одақта селенді

айыру 40 пайыз мөлшерінде болса, Ебекең тобы 80-

90 пайызға көтереді. Бір ғажабы, нақ сондай зерттеу

Мәскеуде, Ленинградта, Свердловскіде қоса қабат

жүріпті. Бірақ, ХМИ зерттеушілерінің ізденісі

бәрінен де ұтымды болған. Айталық, М.З.Угорец

тобы ойлап тапқан жаңа әдіс Германияның

Мансфельд зауытында 80-жылдары жүзеге асыпты.

Сайып келгенде ХМИ зерттеушілерінің осы

саладағы соны жаңалықтарына 14 ел (Канада, Шве-

ция, АКДІ, Үндістан, Австралия, Германия және

басқалары) қолдануға патент алыпты. Е.А. Бөке-

товтің бір өзі 70 жаңалығы үшін арнайы куәлікке

ие болған. Әрине, сөтті ізденіс зерттеушілерге

айтарлықтай жеміс тергізген: Ебекең өзі докторлық

диссертациясын 1966 жылы Мәскеуден қорғаған;

арада үш жыл өткен соң Балқаш комбинатында

мыс кенін кешенді өңдеу технологиясын дамытуға

қосқан соны үлесі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлы-

ғының иегері атанды. Бір жылдан соң республика

ҒА-ның корреспондент-мүшесі, ал 1975 жылы ака-

демигі атанды; өзі ғана емес, көмекші шәкірттері

көктемде қаулап шыққан жауқазындай ғылым

асуларын игере бастады. Келе-келе зерттеу өрісі

кеңейе түсті.

Менделеев кестесінде халькогендер тобы деген

бар. Оған 19 элемент кіреді. Соның басы селен,

теллур болып әрі қарай жалғаса береді. Халькоген

деген сөздің латынша мағынасы — мысқа еріп

жүретін, яки түп тегі бір элементтер дегенді білді-

реді. Олардың серіктерін халькогенидтер дейді.

ХМИ-дың білгір зерттеушілері Ебіней Арыстанұлы

жетекші болған алғашқы 12 жылда, одан кейін де

осы топтың бәр-бәрін көп мөлшерде, әрі ұтымды

бөлудің амалын ойлап тапқан. Сол себепті халь-

когендер мен халькогенидтерге арналған Бүкіл-

одақтық ғылыми кеңес бұрын химия ілімінің ізі

болмаған Қарағанды қаласында өткен. Соның

алғашқы екеуіне академик Е.Бөкетов төрағалық

еткен. Осыдан-ақ Сарыарқаның кіндік жонында

туған жаңа химия мектебінің табысын, озықтығын

аңғаруға болады. Себебі, түу Мөскеуден, Нева жаға-

сынан, көрі Оралдан келген небір білгір ғалымдар

қарағандылық химиктердің іс-тәжірибесін үйренуді

намыс көрмеген...

Ебіней Бөкетов мектебі мұнымен де шектелмей,

зерттеуді өзге саладан да өрістеткен. Мысалы, мы-

шьяк элементі бұрын халькогендер тобына кірмей-

тін. 80-жылдардың басында өткен екінші кеңесте

осьмийді (шындығында одан өрі тазарта алмаған)

сол бағаға сатқанын бүлар кештеу біліпті, ал біздің

мамандар оның тазалығын 99,99 пайызға жеткізген.

— Кітабыңызда сіз жаңағы селен хикаясының

ХМИ ұжымын сегіз жыл сергелдеңге салғанын

тәптіштей жазыпсыз. Қаламгер үшін қызықты да шерлі

оқиға! Ал жазбай кеткен жәйттер де болған шығар-

ау. Өйткені, ғылым жолы, ашқан жаңалығыңды

өміршең ету — асу бермес шыңға өрмелеген

альпинистей қиын екені мәлім...

— "Шәкіртсіз — ғалым тұл", деген сөзді Абай

дана айтқан. Шындығында өлімсақтан келе жатқан

қағида. Ал Ебекең болса бұл уәжге ден қоятынын

өмірлік ісімен дәлелдеген. "Менің бақытым —

шәкірттерімде!" — дегенді мен ол кісінің аузынан

талай мәрте естідім, тіпті соны мақтан тұтатын-ды.

Солардың бірегейі — Жантөре Нұрланұлы Әбішев,

ҮҒА-ның корреспондент-мүшесі деңгейіне көте-

рілген талантты ізбасары, Ебекең ҚарМУ-ге ректор

болып ауысқанда, ХМИ-дің тізгінін сол марқұм

ұстады. Сол кездің бір оқиғасын айтайын, кіта-

бымда жеріне жеткізе жазбадым, тым одағайлау

нәрсе болған соң тереңдеп қазбадым. Әсілі, қазу

керек-ті...

Теміртау металлургия комбинатының дүркіреп

тұрған шағы. Бертінде үшінші домна іске қосылып,

жылына 4 миллион тонна прокат шығару міндеті

қойылған.. Сол кезде олар шикізаттан тапшылық

көре бастайды. Ол жағдайды академик Бөкетов он

жыл бұрын болжаған да, болдырмауға қам жасаған:

сол үшін Лисаков кеніне жүгінсді, онда қажет кен

мол; тек құрамында фосфор көп, бұл болса домна-

ның отқа төзімді қаптауының соры... Қысқасы, сол

гәпті түбегейлі шешуді Ебекең ізбасар шәкірті

Жантөре Әбішевке жүктейді, арнайы топ құрады.

Олар тапсырманы абыроймен атқарып, кенді

байыту, боқатын шығару, фосфорды одан қалайша

бөлу, қалай қорыту мәселелерін түбегейлі түрде

шешеді... Әлқисса, содан 80-жылдардың басында

бұл технология Теміртауда өңдіріске енгізіліп, Ли-

саковтың қисапсыз мол кені миллиондаған тонна

прокат алуға жол ашады. Ғажап та тиімді техноло-

гияға қолы жеткен көсіпорын басшысы сол үшін

КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығын иеленуді жөн

көреді; тек өздері төрт-бес кісі болып, ғалымдар

үшін ғана бір орын қалдырады білем. Бұл кезде

Ебекең ҚарМУ-ден босап, ХМИ-ге аға ғылыми

қызметкер дәрежесінде кайта оралған. Ұстазының

алдынан кесе көлденең өтпейтін шәкірттері: идея

— сіздікі, жұмысты ақыл-кеңесіңізбен атқардық,

сондықтан сыйлық та сіздікі... демей ме! Ебекең

жаратылысынан адам баласына тән пендешіліктен

жоғары тұра білген тұлға. Қысқасы: "Мен мәртебелі

сыйлықты бір рет алдым ғой, ендігі жол —

шәкіртім Жантөре, сенікі" — дейді. Бір жылдан

кейін Ебекең өмірден озды. Ал келер, 1984 жылы

КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленгендер

тізімінде Ебекең түгіл, оның талантты шәкірті және

барлық зерттеуді атқарушы Ж.К.Әбішев те болмай

шығады. Ал мәртебелі сыйлықты бұл іске атымен

қатысы болмаған, 1983 жылы осы жайында одақтық

"Сталь" журналында жалпылама бір мақала жаз-

ған, бірақ сол кезде аты жүріп тұрған бір академи-

гіміз иеленді. Міне, бірде бетін, бірде артын беретін

өмір деген осы, бауырым. Соған кінәлі өмірден өтіп

кеткен жандардың әруағын шулатып, пасық ісін қа-

йыра қоздатпайын десең де жөнсіз қиянат ішіңе

сыймайды. Мен бұл арада қиянат жасаушылардың

атын атап, түсін түстемей отырмын, өйткені сол

жасанды лауреат та, Ебекең де, Жантөре де орта-

мызда жоқ. Кімнің кім екендігін көзі қарақты

жандар жақсы біледі...

— Ебіней Бөкетовтің 1972 жылы ашылған

Карағанды Мемлекеттік университетіне ректор болып

тағайындалғаны, ол жерде табаны күректей сегіз жыл

қызмет аткарғаны белгілі...

— Ебекең ғылым үшін жаратылған адам. Сол

себепті, ол кісінің университетке барып, жаңа оқу

орнының іргесін бекемдеу жолындағы алмағайып

ісі — өзі үшін сәтті бола қойған жоқ, ақыры, қыз-

ғаныштан іштері күйген әріптестерінің тежеусіз

қастандығымен үзілді. Тегінде, университет сынды

білім ордасының жөн-жосығы бөлек. Мұнда білім,

қазақша аудармасы туралы өткен Қазақстан

Жазушылар одағының пленумында баяндама

жасағаны да оның өдебиетке кездейсоқ келме-

геніне мәнді айғақ. Сол жылдары ол Маяковский-

дің "Қандала" драмасын да тәржімалаған.

Бертінде металлург-ғалым С.Есениннің "Анна

Снегина" деген эпикалық поэмасын аударған.

Мұны енді классикалық дәрежедегі дүние деуге

болады. Ебекеңнің көзі тірісінде қазақша және

орыс тілдерінде жарық көрген әдеби кітаптары

небәрі екеу-ақ — "Атан қомында туған адам және

оның замандастары". Ол алғаш рет 1972 жылы

одақтық "Знамя" журналында жарияланған.

1978 жылы "Простор" журналының 8-9 са-

нында "Время светлой судьбы" деген мемуарлық

шығармасы (Кейінгі редакциясында "Алты хат")

жарық көрді. Осы шығармасы оған сор болып

жабысты. Оның бүге-шігесін ғұмырнама

кітаптың "Көздеп атқан қастандық оқтай тиді,

Жанға иілмес өр кеуде жан отқа күйді" деген

тарауында тәптіштей жаздым. Бұл арада ежікте-

сем ұзақ сөзге айналады... Ұстазымның оншақгы

жыл бойы Сәтбаев тақырыбымен айналысқанын

да жақсы білемін, түп мақсаты — ұлы ғалым

туралы көлемді дүние жазу еді, оны жазатын да

еді. Өкінішке қарай, қолы байлаулы болды. Өмі-

рінің соңғы алты жылында ешқандай шығармасы

ешқайда жарияланбады. Есімін атауға да жасы-

рын түрде тыйым салынды, газет бетінен

қырқылып отырды. Қанекең жайындағы шығар-

масы балалық шағынан аспай тоқталып калды.

Меніңше, Ебекеңнің ең мықты дүниесі —

"Шоқанның қасиеті ісі" атты эссесі еді. Ғалым

туралы мұндай мықты дүниені тек ғалым адам

ғана жаза алады. Амал не, оны да көзі тірісінде

ешқайда басқыза алмай арманда кетті...

Өз атын иемденіп отырған ҚарМУ-дің акаде-

мик ЕА.Бөкетовтің 80 жылдық мерейтойына орай

ғылыми-әдеби еңбектерінің 10 томдығын өзірлеп

жатқанын естіп отырмын. Оның қақ жартысы

әдеби шығармаларын қамтыса керек. Мұның

ішінде бұрын ешқайда жарияланбаған туын-

дылары да бар. Мәселен, Шекспирден аударған

үш драмасы. Өзінің орысша, қазақша толғаған

өлеңдері мен Есениннен, С.Надсоннан,

Маяковскийден аудармалары...

Бір айта кетер ұлағатты жәйт: еліміз тәуел-

сіздікке көшкен шақта академик Бөкетовтің

шынайы бағасын көп жұрттан асыра айтып және

әділ бағамдаған адам — бүгінгі Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаев. Менің пайымдауымша, ол кісі

Ебекеңді Қарағандыда еңбек жолын бастаған

жылдардан жақсы білген, сірә, білім-танымын

жете түсініп, ерекше қадір тұтқан. Ебекеңнің

қабіріндегі алып құлпытас, ХМИ-дың өзі

тұрғызған әсем ғимаратының кіреберісіндегі,

Алматыда тұрған үйіндегі ескерткіш-тақта,

Петропавл мен Қарағандыдағы көшелер мен

мектептер, бертіндегі одан да зор игіліктердің

бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қолдау-

нұсқауымен жүзеге асты. Әмбе өзге жұрт

кібіртіктеп, көкейіндегі өксікті ашық айта алмай

іштен тынып құсталаньш жүргенде, ол кісі 1990

жылы бұл мәселені бір емес, бірнеше мәрте

республикалық, одақтық басылымдар бетінде

қалың сенді қопара түрген мұзжарғыштай бұзып-

жарып, барынша батыл айтты. Сол гөп үзақ

жылғы үнсіздіктің бет пердесін айқара ашуға

түрткі болды. Бұл сөздерді әншейін қолпаштау

үшін емес, нақты құжаттарды қолға ұстап айтып

отырмын. Өмір шындығы осы...

Бүгінде біртуар тұлғамыз Ебіней Бөкетовтің

аяулы есімі Карағанды университетіне ғана емес,

исі қазақ еліне қайта оралғаны қуантады. Сол

себептен де, ғалым-жазушының мерейтойы бар-

шамызға құтты болсын дей-

мін! Ебінейдей алыптары-

мызды ұлықтай білейік...

— Әңгімеңізге рахмет!

Сүхбатты жүргізген

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,



"Егемен Қазақстан"

СЕМЕЙ.

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Gylym -> Buketov E
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Gylym -> Рашит каренов. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор «Ғылыммен дүниеге шықса даңқы, Ө з І ө л с е д е ө л м е й д І о н ы ң а т ы»
Buketov E -> Қайран да біздің ебекең халқамыздың аяулы ұлы, ардақты азаматы
Buketov E -> Асыл ағамыз Евней Арыстан ұлы Бөкетовтің соңғы жылдары
Gylym -> Әлімхан Ермековтің

жүктеу 96.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет