Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр



жүктеу 89.84 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.01.2017
өлшемі89.84 Kb.

Орталық Қазақстан.-2001.-23 маусым.-14 б. 

Ақжолтай 

Ағыбай батыр 

Сарыарқадай жер қайда, 

Ағыбайдай ер қайда. 

Х а н  К е н е . 

Елдің еркіндігі мен елдігі 

үшін "Ереуіл атқа ер салып, 

егеулі найза қолға алып" халқын 

үрыс даласына бастап шыққан 

Ақжолтай Ағыбай батыр Қоңыр-

байүлы 1802 жылдары Ұлытау 

өңірінде дүниеге келген. Ағы-

байдың шешесі Қойсана Тарақ-

ты Байғозы батырдың ұрпағы. 

Ержүректілігі, баһадүрлігі және 

көрегендігі аңызға айналған 

Ағыбай батыр туралы халық 

арасында небір қызық хикаялар, 

өлең-жырлар, қисса-дастандар 

туған. Ағыбай бастаған әскер 

жауды алмай қоймайтын болған. 

Ерлігіне ақылы сай батыр бас-

таған іс қашан да халық тілегі-

нен шығып, жақсылықпен бітіп 

о т ы р ғ а н . Сондықтан ел оны 

"Ақжолтай батыр" атап кеткен. 

Хан Кене сарбаздары Абылай-

мен бірге Ағыбай атын ұранға 

айналдырған. Халқымыздың та-

рихында алтын әріппен жазы-

луға тиіс батырдың биік тұлға-

сы, халық ақын-жыршыларынан 

бастап, қазақ классиктері мен 

қаламгерлерді де әрқашан үлкен 

ілтипатпен назар аударып отыр-

ған. 1914 жылы Қазан қаласын-

да Есім төре иждихатымен Әли-

хан Бөкейханов Ағыбай туралы 

"Қызыл Қайнар Тектұрмас" атты 

кітап шығарды. С.Сейфуллин 

"Ақжолтай батыр" атты роман 

жазған болатын. Бірақ, бұл шы-

ғарма бізге  ж е т п е й ,  қ у ғ ы н -

сүргін жылдары асыл ағамыз-

бен бірге келмеске кетті. Ағыбай 

батыр бейнесі М.Әуезов, М.Кө-

пеев, Д.Әлімбаев, И.Байзақов, 

Ә.Қоныратбаев, Қ.Жұмали-

ев, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, 

Қ.Бекхожин, І.Есенберлин, Ж.Ал-

тайбаев, Ж.Қашқынов, М.Әбсе-

меттің шығармаларында әр 

қырынан танылып отырды. Ба-

тырдың тарихи тұлғасын белгілі 

ғалым-тарихшы Е.Бекмаханов 

өзінің әйгілі еңбегінде жазған 

еді. Шәміл Әбілтаев күй шығар-

ған Жүсіп Алтайбаев "Ер Ағы-

бай" атты повесть жазған. Бірақ, 

жазушы батыр туралы жаңа ту-

ындысын шығара алмай көз 

жұмды. Тоқырау жылдарындағы 

сыңаржақ түсініктен Ағыбай ба-

тырдың аты О.Сәрсенбаевтың 

"Тамыр" деген повесінде Алы-

бай деп берілген еді. Соңғы 

жылдары батырды зерттеген-

дер — Марат Әбсемет пен осы 

өңірден шыққан еліміздің 

тұңғыш сенаторы, ел басымыз-

д ы ң көмекшісі, 1975 жылдан 

бастап Санкт-Петербург, Омбы, 

Мәскеу және еліміздегі барлық 

архивтерді көтеріп зерттеген 

ғалым Қабылсаят Әбішев. 

1731 жылғы Келісім бойын-

ша Қазақ хандығы өз еркімен 

Россияға одақтас мемлекет 

ретінде кірген болатын, сол 

келісімде  Қ а з а қ хандығы өз 

егемендігін сақтап, Россия оның 

ішкі саясатына ықпал жасамауға 

және Хандық билік сақталып қалу 

керек еді. Кенесары осы жағдай-

ларды жазып Ресей патшасына 

бірнеше рет хат жолдаған бола-

тын, бірақ Патшадан жауап бол-

ған жоқ. Көтерісшілер Бұғылы 

мен Тағылы өңірінен бой 

көрсетті. 1826 жылғы 14 шілдеде 

жөнелтілген тағы бір хабарла-

мада көтеріліске шығушылар-

дың саны 1000-ға жетіп қалғаны 

айтылған. 1826 жылғы тамыз 

айында Ағыбай батыр Қарқара-

лы бекінісіне шабуыл жасады. 

Батырдың көтерілісті дұрыс 

ұйымдастыра білуі үлкен нәти-

же беріп, отарлаушылар тара-

пынан барымталанған мал қай-

тарылып, тұтқында жатқан адам-

дар азаттық алады. 

1827 жылы майор Мыңғари-

ев пен сұлтан Тұрсын Шыңғы-

совтың басқаруымен құрамын-

да 200 әскері бар қарулы қол 

Ағыбай батыр аулына баса-

көктеп кіріп, қанды-қырғын со-

ғыс ашады. Сойыл, найза, шоқ-

пармен ғана қаруланған Ағыбай 

бастаған топ мылтықты жаулар-

дан өз ауылын қорғауда табан-

дылық таныта білді, бірақ осы 

шайқаста ол 58 адамнан айыры-

лады. 1832 жылғы 1 наурызда 

Саржан, Есенкелді Қасымовтар 

Ағыбай батырдың әскерімен 

б і р і г і п , жиыны  4 0 0 - д е й адам 

Ресей империясының тірегі 

атанған Қарқаралыға тағы да 

шабуыл жасайды. Шабуылда же-

ңіске жеткен олар 1600 жылқыны 

отаршылардан құтқарып алды. 

Осындай азды-көпті жеңістерге 

қол жеткізе жүріп, әділет үшін көте-

ріліске шығушылардың саны күн 

санап, көбейе берді. Саржан 

Қасымұлы өзіне ташкенттік құсбе-

гілерден одақтастар іздей баста-

ды. Осындай мақсатпен Саржан 

ағасы Есенкелді және Ағыбай ба-

тырмен бірігіп, Ташкентке жол тар-

тады. Бірақ, өзбек үкіметінің ба-

сындағылар бұлардың қазақ хал-

қын азат ету мақсатындағы ойла-

рын біліп қойып, өздерін қуғын-

дайды. Ақыр аяғында ондағылар 

Саржан мен Есенкелдіні қолға 

түсіріп, өлтіреді. Тек, Ағыбай ба-

тыр ғана аз ғана сенімді серік-

терімен жанталаса соғысып, аман 

құтылады. Қасым төре Түркістан-

дағы қожа Ахмет Яссауи мешітіне 

барған сәтінде ташкенттік Бегдер-

бектің қолынан қаза табады. Со-

ңыра Кенесарының ағалары мен 

әкесінің кегін қайтарып, өш алу 

мақсатында Ағыбай батыр қол 

жинап Шу өзенінің бойындағы Бес-

құлан деген жерде өзбек әскерін 

тас-талқан етеді. Ал, 1837 жылдың 

жазында "халқым" деп қан жұтып, 

"елім" деп еңіреп жүрген Кенеса-

рыны Айыртау бөктерінде жинал-

ған арғын, қыпшақ, найман, керей, 

уақ және қоңырат руының өкілдері 

ақ киізге отырғызып, Орта Жүздің 

ханы етіп сайлады, ал Ағыбай ба-

тырды бас сардар етіп тағайын-

дайды. 

Халық арасында кең тараған 



аңыз, тарихи деректер бойынша 

Ағыбай Еділ жағынан келген қал-

мақпен соғысқан қазақтың соңғы 

батыры. 


Кенесары Көкшетау шайқасын-

да жеңіске жеткені және шынайы 

ержүректік көрсеткені үшін Ақжол-

тай Ағыбай батырға, Абылай-хан 

атасынан қалған күмістелінген қан-

жарды тарту етеді. 

Хан Кененің қоластында жүріп 

Ағыбай 1838 жылы 7 тамызда Ре-

сей империясының Ақмоладағы 

тірек-орталығына шабуыл жасай-

ды. Ол кезде Ақмола қаласын пол-

ковник Қоңырқұлжа Құдаймендин 

басқаратын. Сібір казактарының 

ауыр  з е ң б і р е к п е н қаруланған 

түренімен мықтап қоршалған бо-

латын. 


Бұл қанды қырғын айқаста да 

Ағыбай батыр сарбаздары күш 

басымдылығын көрсетіп, қаланы 

басып алады. Қоңырқұлжа қалған 

солдаттарымен қашып құтылады. 

1839 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау 

бекінісінен Ташкентке хорунжий 

Рытов жасағы бастап бара жатқан 

керуенді Ағыбай мен Наурызбай 

батыр сарбаздары Қойлыбай Бо-

лат маңында тас-талқан етті. 

Ағыбай мен Наурызбай Ақтау 

бекінісінің коменданты әрі стар-

шыны Симонов әскерлерін қанға 

бөктіріп, бас сауғалап, қару-жа-

рақтарын тастай қашуларына 

мәжбүр етті. 

1841 жылы Ұлытау тауының ба-

урайында үш жүз тайпаларының 

бас қосуында Кенесары қазақ хал-

қының ханы болып сайланды. Бұл 

кез генерал-губернатор Перов-

с к и й д і ң  д а ң қ ы дәуірлеп тұрған 

уақыт болатын. Содан кейінгі екі 

жылда Ағыбай батыр бастаған Ке-

несары ханның қоластындағы 

қазақ сарбаздары өзбек езгісін-

дегі бауырластарын азат ету жо-

лында қоқандықтармен күресті. 

1843 жылдың басында генерал-

губернатор Горчаков Кенесарының 

бәйбішесін тұтқынға түсіріп, 

көтерісшілер әлеміне "өзгеріс" 

жасауға әрекеттенді. Сол жылдың 

тамыз айында полковник Бизанов 

пен А.Жантөрин Б.Айшуақов сын-

ды сұлтандардың басқаруымен 

500 адамнан құралған қарулы қол 

Кенесары ханның сарбаздарымен 

соғысуға бет алды. Олар Ырғыз 

өзенінің бойында Ағыбай мен На-

урызбай бастаған көтерісшілер 

жасақтарымен кездесіп, тағы бір 

қантөгіс болады. Осы шайқаста 

Наурызбай батыр қатты жарала-

нады. Біраз сарбаздарынан айы-

рылғанына қарамастан Ағыбай 

батыр "Абылайлап" ұрандап жүріп, 

басқыншылардың құрсаулы тобын 

тас-талқан етті. 

1844 жылы көктем шыға Ресей 

империясы қазақтың кең байтақ 

даласын тұтас басып алудың 

құйыртқы шараларын ойластыра-

ды. Генерал-майор Жемчужников-

тың қоластына үш отрядтан тура-

тын қарулы қол жасақтады. Оның 

бірінші отрядына полковник Лебе-

дев, екіншісіне султан Ахмет Жан-

төрин, үшіншісіне жүзбасы Фали-

леев басшылық етті. 

Кенесары хан жоғары билер 

және әскери кеңес ашьіп, өз сар-

баздарын төрт жасаққа топтасты-

ру жөнінде әскери кеңестің шеші-

мін шығарады. Бірінші жасақты 

Ағыбай батыр, екіншісін Наурыз-

бай батыр, үшіншісін Ержан батыр 

басқарады да, төртіншісі қосалқы 

жасақ резерв ретінде Кенесары 

ханды қорғайтын болады. Осы 

түста Наурызбай батыр өзінің тап-

қырлығын танытып полковник Ле-

бедев отрядын сұлтан Байқада-

мовтың аулына қарай бұрып 

жіберді. 

Кенесары ханның алдын-ала 

жасаған жоспарына сай 1844 жыл-

дың 20 маусымнан 21 маусымына 

қараған түнде Ағыбай батыр мен 

Ержан батыр сарбаздары Тобыл 

ө з е н і н і ң  ж о ғ а р ғ ы сағасымен 

Ұ л қ о я қ өзенінің бойында Ахмет 

Жантөриннің отрядын қоршап 

алып, толық жойып жібереді. Ұрыс 

барысында көрнекті 44 сұлтан қаза 

табады. Бұл полковник Дуниковс-

кий басқаратын ауыр зеңбіректі 

түренге жасалған шабуылдың бас-

тамасы еді. 

Тамыз айының орта шенінде 

Ағыбай батыр мен Наурызбай ба-

тыр бастаған қол Екатеринин 

бекінісіне лап қойды. Бірнеше ша-

буылдың нәтижесінде бекіністі ба-

сып алады. Бұл — Кенесары хан-

ның ең үлкен жеңістерінің бірі еді. 

1844-1846 жылдар аралығын-

да Кенесары ханның сарбаздары 

Ресей империясының әскерлеріне 

д ү р к і н - д ү р к і н шабуыл  ж а с а п , 

бірде сәтсіздікке ұшырап, енді 

бірде ойсырата жеңумен болды. 

Осы жылдары ауыр зеңбірек, оқты 

мылтықпен қаруланған патша 

өскерлеріне қарсы — білектің 

күшімен, найзаның ұшымен қазақ 

жерін қорғаған батырларымыз-

дың даңқы шықты, сол батырлар-

дың даңқы халқымыздың еңсесін 

көтерді де. 

Кенесары хан, Ағыбай батыр 

бастаған Орта Жүздің сарбазда-

ры патша отаршылдарымен он 

жылдай соғысып әлсіреп, Көкше-

тау мен Қарқаралыдан көшіп Бал-

қаш көліне, Мыңаралдың бойына 

қоныстанады. Осы жерде хан Кене 

арнаулы хат жазып, өзінің елшісі 

Бекбатырды қырғыз манабы Ор-

манға жібереді. Ондағы мақсаты 

—  Ш у д ы ң бойынан жер алып 

уақытша қыстап шығу. Орман елші 

болып келген Бекбатырды он екі 

кісімен қамауға алады. Содан соң 

қысты күні мұз боп қалған өзеннің 

үстімен Шудың терістік жақ бетіне 

өтеді. Осы терістік  ж а қ бетінде 

Байқара тауының бергі оңтүстік 

бауырында Орта жүз — Қаракесек-

Кәрсон, Кәрсонның ішінде Науры-

зымбет (Қозыбақ) руына жататын 

атақты Аңдас әулиенің үлкен 

күмбезі тұрған болатын, сол 

күмбезді Орман манап талқандап, 

бүзып жермен жексен етеді. Он-

дағы ойы-қазақтың халы нашар-

лап тұрғанда Шудың теріскей 

бетінен  қ а з а қ т ы ң жерін басып 

алып иемденіп кету. Қазақ пен қыр-

ғыздың арасында соғыстың бас-

талу себептерін Нысанбай жырын-

дағы Кәрібоз бен Наурызбайдың 

айтысынан байқауға болады. 

Кәрібоз: 

Бұрыннан-соңнан бар ма еді 

Елшіге ниет өлімді? 

Жаманқарамды өлтіріп 

Бір сындырдың белімді... 

Атаңның ақы бар ма еді, 

Есқожа, Қанай көрінде?.. 

Наурызбай: 

— Жақсы айтасың, Кәрібоз, 

Тату едім сенімен, 

Қонысты орыс алған соң 

Кенекем көшкен жерінен... 

Он екі кісі жібердік. 

Бекбатырдай еріммен 

Бізге қоныс берсін деп 

Қоқидың салған көлінен... 

Жаманқараны өлтірдім, 

Өзіңнің салған жолыңмен... 

Қанайына мен қылдым, 

Кекті болған шағымда. 

Сенің ақың бар ма еді, 

Аңдасымның тамында? 

Соғыстың басталуының бірінші 

себебі Наурызбайдың сөзінен 

ашық байқалып тұр. Екінші себебі: 

орыс пен қырғыз  б і р і г і п , қазақ 

әскерін талқандау. 

Ағыбай батыр көтерілістін 

ақыр-аяғына дейін Кенесарыға 

адал болды. Ақтық айқас 1847 жыл-

дың көктемінде Қырғыз Алатауы-

ның Кекілік тауында өтеді. Осыдан 

бурын Ағыбай батыр Кенесары 

ханға: "Осы қырғыздармен соғыс-

қанымыз жетер, біздің әскер дала 

соғысына  ү й р е н г е н , таудағы 

жердің жайын білмейміз және сар-

баздар шаршады" дегенде, Кене-

сары оған "Е, Ағыбай сен қартай-

ған  е к е н с і ң "  д е п , айтқанына 

көнбей, бас қолбасшылықтан 

алып, орнына Бұғыбай батырды 

сайлайды. Ағыбай көп қайрат 

көрсеткенімен жай батыр есебінде 

соғысады. Ертең шешуші ұрыс бо-

лады деген түнде Дулат руының 

батыры Сыпатай мен Рүстем төре 

12 мың жігітті ертіп Кенесарыны 

тастап кетіп қалған. Өзіне шын 

берілген мыңдай ғана жігітімен 

жау қоршауында қалғанын Кенеса-

ры таңертең бірақ біледі. 

Мәшһүр Жүсіп Көнейұлының 

жазғанындай, Бұғыбай батырға 

сенген Кенесары осылай қырғыз-

орыс қолына түскен соң, Ағыбай 

батыр бұрынғыдай бас билікті 

қолға алып, әскерді құрап, майдан 

ашып, жеті қабат Алатауды айнал-

ған жауды жарып өтеді. 

Неміс ғалымы Радлов жинаған 

Кенесары туралы жырда былай 

делінген: 

Кенеге тігілмеді торғын шатыр, 

Топалаң тиген қойдай қазақ жатыр. 

Басы екен шұбыртпалы ер Ағыбай, 

Құтылды бұзып-жарып 

сексен батыр. 

Қырғыздар Кене ханды бір-

неше найзамен түйреп көтергенде 

"Ей, маңқа қырғыздар, бәрібір мен 

сендерден биік тұрмын" деп өліп 

кеткен екен. 

Ал Ағыбай батыр Арқаға қай-

тып бара жатып: 

Кенесары құрдасым, 

Бірге туған сырласым. 

Арыздаспай айырылыстық 

Ақыретке қимасым. 

Наурызбай ер беренім 

Қайратты туған ер едің 

Маңдайыңнан иіскеп 

Қош, Наурызжан, дегенім, — 

деп егіліп қайғырыпты. 

Қырғыз Алатауынан қайтқан 

Ағыбайдың қолын Абакумов пен 

Черняевтің әскері қоршап алып, 

зеңбіректермен атады. Көтеріліс 

біткен соң 1847-1849 жылдар ара-

лығында Ағыбай батыр нағыз 

"партизан" соғысын ашып, орыс 

отаршыларымен қанды майданда 

тайсалмай соғысады. Бұл жылда-

ры Абакумов пен Черняевтің және 

де оларға ерген әскерлерді үш рет 

шабады. Кенесары-Наурызбай кегі 

үшін қырғыз манабы Кәрібозбен 

соғысып, жекпе-жекте оны жеңіп, 

басын шабады... 1849 жылы-ақ пат-

ша Ағыбай батырды мойынсынтуға 

әрекет жасайды. Бірақ, 1855 жылы 

Қарқаралы шенеунігі Трусовтың 

рапортына қарағанда Ағыбай ба-

тырға ерген ел: "бұл қырғыздар 

(қазақтар) мойынсынуға әрі көндік-

пеген және басқаларға қарағанда 

жауынгер, барлық үйде дерлік 

найза, көбінде оқ-дәрімен атыла-

тын қару бар" деп жазылған еді. 

(Қазақстан Орталық Мемлекеттік 

архиві, 345 қор, 1 тізбе, 540 іс, 62-

бума). Жас кезінде Ақжолтай Ағы-

байдың тәрбиесінде болған орыс 

отаршыларымен өмір бойы соғы-

сып кеткен Садық төре, батыр 

ағасына әкесі Кенесарының күміс-

телген тапаншасын сыйлыққа тар-

тып, Түркістан соғысына шақы-

рады. Ол кезде Ағыбай батыр-

д ы ң алпыстан асқан кезі еді. 

Осы соғысқа орыс отаршыла-

ры қолбасшысы генерал Чер-

няевтің кеңесшісі болған атақ-

ты  қ а з а қ халқының біртуар 

аяулы азаматы Шоқан Уәлиха-

новтың қатысқанын біз тарих-

тан білеміз. Бірақ, орыс отар-

шыларының қазақ әскерлерін 

ауыр зеңбірекпен аяусыз қыр-

ғанын көрген соң, және өзінің 

немере туысы  К е н е с а р ы н ы ң 

баласы Оадық төремен жасы-

рын  к е з д е с к е н  с о ң ,  Ш о қ а н 

ө з і н і ң әскери қызметін  б і р -

жолата тастап кеткен болатын. 

Түркістан соғысында Ағыбай 

батыр және оған ерген қоңы-

раттың батырлары Иқан деген 

жерде орыс отаршыларын ой-

сырата жеңеді. Кейін-ақ патша 

қазақ батырларының қолынан 

өлген орыс солдаттарына 

е с к е р т к і ш орнатады. Осы 

Түркістан қаласының маңай-

ында орыс әскерімен соғысып 

жатқанда, Ағыбай батырға 

Қожа Ахмет Яссауи аян берген 

екен дейді. "Ағыбай, саған ару-

ақтар мен мұсылман халқы 

риза, кәпірлермен аз соғысқан 

жоқсың, енді соғысуды қой, сен 

пайғамбар жасына келдің, енді 

құдай жолына түс" депті. Осы 

аяннан кейін Ағыбай батыр Са-

дық төреден және басқа да со-

ғ ы с ы п жатқан батырлардан 

рұқсат  с ұ р а п , елге қайтқан 

екен. Кейін атақты қазақ батыр-

ларының бірі Жарылғап батыр-

дың ұрпағы, қарт Бөгенбай ба-

тырдың жиені Байсейіт болыс-

тың қамқорлығымен Тоқырау-

ын өзенінің бойында қоныста-

нып, егіншілікпен айналысады. 

Ол жер "Ағыбай тоғаны" ата-

лып қалған. Аға сұлтан Құнан-

бай мырза Жанғұтты Шорман-

ның Мұсасы Кәрсон руының 

игі-жақсыларының жерімізден 

Ағыбай батырға жер бөліп 

береміз деген шешімдерін 

құптап, Батыс Сібір генерал-

губернаторы Гасфордтқа хат 

жолдайды. Осыдан кейін оны 

Гасфордт қабылдайды, біраз 

уақыттан  к е й і н - а қ патшаның 

Ағыбай батырға кешірім жаса-

ған хатын алғаннан кейін, гене-

рал-губернатор Ағыбай батыр-

д ы ң жаңа қонысын қартаға 

түсіріп, мөрін басып береді. Ақ 

патша Орта Азия мен Кавказ ха-

лықтарының арасынан отар-

шыларға қарсы күрескен "им-

перия жауларының" арасынан 

Ағыбай батыр мен Кавказдағы 

Шәмілге ғана кешірім жасаған. 

Ал Шәміл болса 63 жасында 

Меккеге қажылыққа барғанда 

қайтыс болған. Сол уақытта ге-

нерал-губернатор өзінің су-

ретшілеріне Ағыбай батырдың 

суретін  с а л ғ ы з ы п , Ресейдің 

Петербор қаласындағы әлем-

ге әйгілі Эрмитаж көрме-му-

зейіне жіберген екен. Елімізге 

әйгілі қойшы, екі дүркін еңбек 

ері атағын алған Ж.Қуанышба-

ев сол кездегі Ленинград қала-

сына Қазақстаннан барған ха-

лық қалауларының делегация 

мүшелерімен Эрмитажды ара-

лап жүргенде Ағыбай батыр-

дың суретін көріп, музей бас-

шыларынан рұқсат алып, сол 

жердегі суретшілерге салғы-

зып алған екен. 

1855 жылы Ағыбай батыр 

83-ке қараған жасында қайтыс 

болып, Тайатқан Шұнақта ару-

лап жерленеді. 

Шынында да, мерейтойға 

бүгіннен бастап дайындалып, 

ұйымдастыру тобын құру ке-

рек. Біріншіден, жұмысты Ағы-

бай батырдың күмбезінен ба-

стау керек. Күмбезге жөндеу 

жұмыстарын жүргізіп, сыртын 

су мен жерге төзімді матери-

алмен қоршау керек. Батырдың 

басына ел қысы-жазы ағылып 

барып жатады, сондықтан сол 

жерге үлкен үй салу керек. Осы 

өңірдің сыйлы азаматы әрі ба-

т ы р д ы ң ұрпағы бір ақсақал 

шырақшы болуға ниет білдіріп 

отыр. Тағы бір ұрпақтары Ағы-

бай батырдың ат үстінде отыр-

ған мүсіні бар ескерткіш орна-

тып, тарихи іс қалдырамыз деп 

дайын отыр. Тағы да басқа ша-

ралар ұйымдастырып, игі істер 

жүргізу керек. Балқаш қаласы-

ның әкімі Қ.Ахметовтың бұл іс 

жөнінде бастамасын жалғасты-

рып, халық болып құптап қол-

дауымыз керек. 

Мақаланың соңын атақты 

батыр, әрі би  С е ң к і б а й д ы ң 

сөзімен аяқтағым келіп отыр: 

"Бұл өмірге келгеннен соң кет-

пек керек, ақыл-күшің жеткен-

ше өмір гүлін екпек керек". 

Жұмағұл ШӨЖЕНТЕГІ. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Batyrlar -> Agybay batyr
Agybay batyr -> Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Kraeved -> Аласұрған ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қан-сел болып
Agybay batyr -> Батыр баба □ тарихтан тағылым. БатырғА 200 жыл
Batyrlar -> Жидебай батыр Қожаназарұлының туғанына 300 жыл толу қарсанында жидебай батыр хақында

жүктеу 89.84 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет