35
орындаушылық (дауыс диапазоны, үн шығару ерекшеліктері, дикциясы)
мүмкіндіктері ескеріледі. Кӛбінесе шығармалар халық ертегілерімен,
табиғатпен, жануарлар әлемімен бейнеленеді. Сол шығармалардың бірнеше
түрлері белгелі, олар – ән, хор, аспаптық әуендер, оркестрлық және
музыкалық-сахналық шығармалар. Балаларға арналған шығармалар олардың
қабілеттеріне байланысты болмақ. Балалар әні болса, басты назар олардың
дауыс мүмкіншілігіне қарайды, дауысты шығару және әр дыбысты түсінікті
етіп айтуы, хорға дайындығы, аспаптық шығарма болса, баланың техникалық
мүмкіншілігі назарға алынады.
Біздің алып отырған күйлеріміз Қалек Құмақайұлының күйі «Арман»,
халық күйлері «Айжан қыз», «Келіншек», «Кеңес», «Кербез қыз», «Құр
ойнақ» т.б. Осы күйлердің сарының негіз ете отырып оқушыларға арналған
әндер жасадық. Мысалы, Қадыр Мырза Әлидің сӛзіне жазылған «Табиғат
сыйы», «Табиғат ғажабы», «Құм», Жұмекен Нәжімеденовтың сӛзіне жазылған
«Менің елім», «Домбыра» т.б. әндеріміз бар. Осының ішінде Қадыр Мырза
Әлидің сӛзіне жазылған «Табиғат сыйы» атты ән мектеп оқушыларына
тәжірибе ретінде қолданылды. Әннің мазмұны мен әні оқушыларға тез
жатталды. Осы әнмен 2014 жылы Алматы қаласында ӛткен Д.Б. Кабалевский
атындағы «XXI ғасырдың МУЗЫКА МҰҒАЛІМІ» атты Халықаралық
байқауға қатыстық. Сол байқауда осы ән алғашқы рет оқушыларға ұсынылды.
Осы біздің алып отырған әндеріміз бала тәрбиесіне қандай әсер
береді!?
Ең бастысы, «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, ӛмiрге ғашық
болып ӛседi» деген М. Әуезовтiң даналық сӛздiн әсте естен шығармасақ,
бүгiнгi студент ертең маман болған кезенде эстетикалық тәрбие берудегi
музыканың рӛлiне айрықша назар аударатыны сӛзсiз. Жас ұрпақтың бойына
туған ӛлкесi мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттердi дарытуда музыка
мен әдебиеттiң байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгiлi. Ӛйткенi,
ол жас ӛспiрiмнiң рухани эстетикалық, дүниетанымдық кӛзқарасын
қалыптастырып, кӛркемдiк сезiмталдығын арттырады, талғам ӛрiсiнiң дамуын
зор үлес қосады. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, кӛркемдiк және
материалдық мәдениеттiң құрайтын, ӛзiне тән ӛнер түрлерiне ерекшелiнетiн,
музыкалық және ақындық қасиеттерiн, қабiлеттерiн, икемдерiн тәрбиелейтiн
құрал – ұлттық аспаптар. Соның бiрi әрi бiрегейi – домбыра. Мысалы, бесiк
жыры, тұсаукесер, шiлдехана, сүндет той, тiлашар, тойбастар, бет ашар, жар-
жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-
дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен ӛнер
туындылары домбыра үнiмен ұрпаққа жетiп, жалғасын тауып отырады. Ата-
баба ұстаған бұл киелi домбыраны меңгеру арқылы ӛз даналықтарын
ӛлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады.
Ӛйткенi, осы домбыра аспабы негiзiнде талантты адамдар ауыз әдебиетiнiң
негiзiн қалап, дамыта отырып бiзге жеткiздi. Ән, ӛлен, терме, ӛсиет, жыр,
толғау, айтыс, т.б. түрлерi ой елегiн шымырлатып, адамгершiлiкке баулыды.
Сондықтан тарих пен ауыз әдебиетiн домбыра аспабының негiзiнен iздеу және