Орда ауылының тұрғыны Саламатов Асыланбек Қабдоллаұлы 8 мамыр күні кешкі сағат 11 шамасын



жүктеу 436.71 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата07.09.2017
өлшемі436.71 Kb.
  1   2   3   4   5

19 мамыр 2015 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Орда  ауылының  тұрғыны  Саламатов  Асыланбек 

Қабдоллаұлы  8  мамыр  күні  кешкі  сағат  11  шамасын-

да  жүргізушілік  куәлігін  жоғалтып  алған.  Ол  тауып, 

қайтарған кісіге сүйінші бар екендігін хабарлайды.

Тел: 8 777 568 78 91.

* * *


Сайқын  ауылының  орталығында,  Берғалиева 

көшесінде 

орналасқан 

электр 


жарығына 

қосылған,  газдандырылған  бір  пәтерлік  №9  үй 

(газдандырылған  жазғы  сарайы,  қора-қопсылары 

бар) сатылады. Құны келісім бойынша. Және үй ие-

лері  жаңа  газплитасы  мен  салқындатқышын  жаңа 

иелеріне  баспананың  бағасына  келіскен  жағдайда 

тегін тастап кетеді. 

Тел: 8 771 849 54 56, 8 778 558 83 88.

* * *

Қорапты  «УАЗ»  автомашинасы  сатылады.  Түсі 



хаки,  құжаттары  түгел.  Бағасы  келісім  бойынша  және 

басқалай ұсыныстар болса қарастырылады. 

Тел: 8 777 569 47 77, 8 711 40 21-5-16.

Құттықтаймыз!

Сайқын  ауылдық  округіне  қарасты  Жәрмеңке  елді 

мекенінің  тұрғыны 



Әбдірова  Айдана  Аюкенқызын 

жалындаған 25 жасымен құттықтаймыз. Әрдайым сәттілік 

серігің болып, бақыт бесігінде тербеле бер. 

Жарылқасын, Алла дәйім қолдасын,

Шаңырағыңда еш жамандық болмасын.

Ибалы қыз, жақсы маман атанып,

Нұр келбетің гүл-гүл болып жайнасын.

Игі тілекпен: апа-жездең Ағира-Ханатбек, 

жиендерің Татухан-Асылгүл, Айша, Ақжол.

*      *     *

Жиекқұм  ауылының  тұрғыны

  Талант  Биболатұлын  13 

жасқа  толуымен  шын  жүректен  құттықтаймыз.  Әр  күнің 

қуанышқа толы болып, ортамызда жарқырап жүре бер. 

Бақыт дәйім ашсын саған есігін,

Болашақтың даңғыл жолын кеш, күнім.

Айналаңа сыйлы болып қашанда,

Бақ талабың биік болсын, құлыным!

Құттықтаушылар: ата-анасы Биболат-

Тойған, інісі Талап, қарындасы Гүлжазира.

*      *     *

М-С.Бабажанов  атындағы  орта  мектептің  биылғы  түлектері  қадірлі  ба-

уырларымыз 



Еркебұлан,  Әділет  Сәменовтер  мен  нағашы  ініміз  Тілекжан 

Ғалелұлын он бір жыл білім нәрімен сусындатқан алтын ұяны бітіріп, жаңа 

өмірге қанат қағуымен құттықтаймыз.

Қанаттарың 

еш 


талмастан 

самғаңдар,

Ата-ананың ақ үмітін жалғаңдар.

Студенттік 

шақтың 

кешіп 


қызығын,

Құшағына алсын биік армандар.



Игі тілекпен: апа-жездең 

Ағира-Ханатбек, жиендерің 

Татухан-Асылгүл, Айша, 

Ақжол.

Ауған  соғысында  қаза  тапқан 

«Қызыл  Жұлдыз»  орденді  жауын-

гер  Зүлзала  Жиенәлиевті  еске 

алуға  арналған  волейболшылардың 

дәстүрлі  аудандық  турнирі  ол  түлеп 

ұшқан  Б.Жәнекешев  атындағы  орта 

мектептің  алдында  салтанатпен 

ашылды. Сап түзеген командалар мен 

жиналған ауыл тұрғындары алдында 

сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрлан Ра-

хымжанов жұртшылықты мерекелер-

мен  құттықтап,  Зүлзаланың  анасы 

Мұқсина апаға, жарыстың бас деме-

ушісі  Сағындық  Сәрсеновке  алғыс 

айтып,  оларға  ескерткіш  сыйлық 

табыстады.  Округ  әкімі  Қайырсапар 

Саматов  З.Жиенәлиевтің  өміржолы, 

азаматтық келбеті жөнінде баяндаса, 

анасы  Мұқсина  апай  баласының  ар-

маны  жайында  сыр  шертіп,  шараны 

ұйымдастырушыларға ризашылығын 

білдірді. Аудандық мәдениет, тілдерді 

дамыту, дене шынықтыру және спорт 

бөлімінің  бас  маманы  Мейрамбек 

Ғиылманов турнир кестесімен таныс-

тырды.

Жеребе  тасталған  соң  2  топқа 



бөлініп,  айналым  жүйесі  бойынша 

ойын  басталды.  Сайқын,  Бисен, 

Бөрлі  ауылдық  округі  мен  шекара-

шылар  командалары  І  топта,  Са-

ралжын,  Мұратсай  ауылдық  округі 

мен Жиекқұм ауылы командалары ІІ 

топта  бақ  сынады.  І  топтан  Сайқын 

ауылдық  округі  мен  шекарашылар 

командасы, ІІ топтан Саралжын мен 

Мұратсай  ауылдық  округі  финалдық 

кезеңге жолдама алды.

Турнир  қорытындысында  І  орынға 

саралжындықтар  қол  жеткізсе,  ІІ 

орын  сайқындықтарға,  ІІІ  орын 

мұратсайлықтарға  бұйырды.  Жақсы 

ойын  көрсеткен  Қ.Төлешев  «Үздік 

тосқауыл  қоюшы»,  Н.Бисенбаев 

«Үздік ойыншы», Д.Рамазанов «Үздік 

ұйымдастырушы»,  С.Саматов  «Үздік 

шабуылшы»,  Н.Әбілхатин  «Үздік 

төреші» атанды.

Жарыстың  жабылу  салтанатында 

Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің 

1968 жылғы түлектері жекелеген ойын-

шылар  мен  жеңімпаз  командаларға 

мадақтамалар, 

саралжындықтарға 

естелік кубок табыс етсе, саралжындық 

команда  осы  жарысқа  ауыл  коман-

дасын  қатыстыруға  тер  төккен  ауыл 

азаматтары  Асқар  Мәмбетов  пен 

Дихан  Рамазановқа  алғыстарын  жа-

удырды.  Олардың  сөз-ләмінен  Са-

ралжын  ауылдық  округі  әкімінің  мін-

детін атқарушы Асқар Мақсотұлының 

қаржылай  демеушілік  жасағанын 

білдік.  Сонымен  қатар  жарыстың 

жеңімпаз  командалары  мен  жекелей 

ойыншыларына  аудандық  мәдениет, 

тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру 

және спорт бөлімінің мадақтамалары 

мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.



М.МҮДІРІСОВ.

Жайма шуақ көктемнің ерекше 

жылылық сыйлайтын мамы-

ражай күнінде Мұратсай ауы-

лында Жәңгірхан, Б.Жәнекешев, 

М.Бегалиева, Ш.Жексенбаев және 

А.Құсайынов атындағы орта 

мектептер мен аудандық балалар 

техникалық шығармашылығы 

орталығының қосымша білім беру 

педагогтері бас қосып, жылдық 

жұмысты қортындылау мақсатында 

үйірмешілерінің «Кеме үлгілері» мен 

«Авто үлгілері» жарысын оздырды. 

А.Құсайынов  атындағы  орта  мектеп 

алдындағы салтанатты ашқан аудандық 

балалар  техникалық  шығармашылық 

орталығының  директоры  Мереке  Ма-

химов  техникалық  сауаттылық  бүгінгі 

заман  талабы  екендігін  атап  көрсетіп, 

оның  маңызына  тоқталды.  Сондықтан 

да  бұл  өткелі  отырған  жарыста  авто 

және  кеме  үлгілерін  шебер  әрі  уақыт 

шығындамай  басқарып,  ережеге  сай 

жүргізе  білген  шәкірттер  ғана  облысқа 

жолдама алатындығын жеткізді. Өз кезе-

гінде сөз алған аудандық білім бөлімінің 

әдіскері Манарбек Алтаяқов жас техник-

терге сәттілік тілесе, аталмыш орталық 

директорының  орынбасары  Миржан 

Сабыров  жарыс  бағдарламасымен  та-

ныстырды. 

Сонымен,  мектеп  алаңқайына  пуль-

тпен  басқарылатын  кішкене  машина 

үлгілеріне  арналып  жол  сызылып,  ар-

найы  айналып  өтуге  тиіс  кедергілер 

орналастырылды.  Зулаған  ойыншық 

машиналарға  қарап  балалар  мәз-мей-

рам,  тамашалаушылар  мәре-сәре, 

қазылар  алқасы  мүлт  кеткен  жерлерін 

есептеп әлек. Осылайша, сайыс мәресіне 

келген  кезде  сағат  тілі  түскі  бір  шама-

сына  тіреліп,  барлық  қатысушылар  көл 

жағасына жиылды. Шайдай ашық аспан 

астына шатырлар тігіліп, исі бұрқыраған 

кәуәп  дайындалды.  Ыстық  тамақ 

пісіріліп,  түскі  ас  та  ұйымдастырылды. 

Ауқаттанып, тынығып алған жетекшілер 

мен оқушылар жарыстың екінші бөліміне 

көшті. 

Көкшілдеу рең тартып жатқан көл беті 



тұп-тұнық. Жағасында қолдарына кеме-

лері мен желкенді қайықтарын қапсыра 

құшақтаған  жеткіншектер.  «Менікі  оза-

ды»,  «Жоқ,  менікі  озадылаған»  олар 

у-шу.  Судан  абайлауларын  ескерткен 

мұғалімдері барлығын тез арада тәртіпке 

шақырып,  кезегімен  әрқайсысының 

кеме,  қайықтарын  айдынға  жібере  бас-

тады.  Осы  сәт  радиобасқарма  іске 

қосылсымен бірі су бетіне із тастап зыр-

лай жөнелсе, бірі желкенінің бағытымен 

жай  ғана  тербеліп,  қарсы  жағаға  қарай 

бет алып бара жатты.

Қос  сайысты  саралап,  бағалаған 

қазылар 

алқасы 


төмендегіше 

ұйғарым  жасады.  Аудандық  «Авто 

үлгілері»  бойынша  1:10  масштабтағы 

мәнерлеп  жүргізу  автомодельдерінен 

Арыстанғали  Мүдірісов  (АБТШО,  жет. 

А.Меңдірасимов)  І,  Жиһазгер  Зинол-

лин  (Жәңгірхан,  жет.  О.Түсіпқалиев) 

ІІ,  Әлішер  Талғатұлы  (М.Бегалиева, 

жет.  Т.Садықов)  ІІІ  орынды  еншілеп, 

1:10  (4wd)  масштабта  багги  жарысы 

бойынша  Арыстанғали  Мүдірісов  (АБ-

ТШО,  жет.  А.Меңдірасимов)  І,  Шерхан 

Вялых  (Жәңгірхан,  жет.  О.Түсіпқалиев) 

ІІ,  Жиһазгер  Зиноллин  (Жәңгірхан, 

жет.  О.Түсіпқалиев)  ІІІ  орындарды 

қанжығаларына байлады. 

«Кеме  үлгілері»  спорттық  жарысын-

да қозғауышсыз ДХ-02 яхта үлгілерінен 

Нұрқанат Естаев (А.Құсайнов атындағы 

орта мектеп, жетекшісі А.Әменов) І, Жеңіс 

Шәріп, Жалғас Нұралиев (АБТШО, жет. 

М.Сабыров) ІІ, Мерұлан Ғайниев, Бека-

сыл Меңдібай (АБТШО, жет. М.Сабыров) 

ІІІ  орын  иеленсе,  қозғауышпен  С-2  тік 

жүретін қайық тобынан Мейрамбек Шай-

доллин (Б.Жәнекешев, жет. А.Құрақов) І, 

Қолғанат Қайрауов (Ш.Жексенбаев, жет. 

Ә.Сәрсенғалиев)  ІІ,  Думан  Әубекеров 

(А.Құсайнов,  жет.  А.Әменов)  ІІІ  орын-

дардан  көрінді.  Радиобасқарушы  Ф2-Ю  

үлгісінен  Шерхан  Вялых  (Жәңгірхан, 

жет.  О.Түсіпқалиев)  І,  Ернұр  Ізғалиев 

(Ш.Жексенбаев, жет. Ә.Сәрсенғалиев) ІІ 

орынға қол жеткізді. 

Табиғат  аясындағы  шара  соңында 

шәкірттер  алған  әсерлерімен  бөлісіп, 

жеңімпаздар  Дипломдармен  марапат-

талды.  Ең  бастысы,  жас  өрендер  үшін 

бұл бір есте қалар ерекше күн болды.

Г.БАДЕЛОВА.

Мамыр айының 15-ші 

жұлдызында облыстық 

қазақ драма театрының 

белді режиссерлері, 

жерлестеріміз, Бисен 

ауылының төл перзент-

тері Самал Әбуов пен 

Қазақстан Республикасы 

Мәдениет саласының 

үздігі Хорлан Шәмелова 

бастаған шығармашыл 

ұжым Бөкейордасы 

ауданында болып, кіш-

кентай көрермендерге 

А.Атымтаеваның «Кім 

патша ?» (қоюшы режис-

сер: Самал Әбуов) және 

С.Балғабаевтың «Ең әдемі 

келіншек»(қоюшы режис-

сер: Хорлан Шәмелова) мелод-

рамасын көпшілік  назарына 

ұсынды.

Соңғы  қойылымда    жұрт  қызыға 

қарайтындай  көрікті  келіншектің 

қиюы келіспеген тағдыр жолы  баян-

далады.  Әсем  қала  Алматыда  сту-

денттік  балдәурені  өтіп,  курстағы  ең 

әдемі қыз атанған  Гүлбаршын (басты 

рөлде әртіс Қорлан Шәмелова)  мен 

оның курстасы Алтай (Мұсағали Бек-

тенов) арқылы образ нанымды сурет-

теледі. Екеуінің бал  махаббаттарына 

өзге жастар қызыға қарайтын. Алай-

да, алғашқы алау сезім күйін кештір-

ген  жігіттің  ықпалды  әкенің  қызына 

үйленіп кетуі Гүлбаршынның жүрегін 

тілім-тілім  етеді.  Ауылға  оралып, 

қарапайым  мұғалім  болып  қызметке 

кіріскен  ол    алғашқы  бүр  жарған 

сезімді  ұмыта  алмайды.  Ақыры,  25 

жасқа келгенде қыр соңынан қалмай 

жүрген  ауыл  жігіті  Жиенбайға  (актер 

Самал  Әбуов)  тұрмысқа  шығады. 

Бірақ,  ол  сұлу  әйелдің  қадіріне  жете 

алмайды. Гүлбаршынды бағалау бы-

лай  тұрсын,  ішімдікке  әуестеу  күйеуі 

ақырында істі боп, темір тордың арғы 

жағынан  бір-ақ  шығады.  Дәл  сол 

бір  сәтте  ғана  басты  кейіпкер  осы 

уақытқа дейін қапаста өмір сүргендей, 

бір  еркіндікті  сезінеді.  Жүрегіндегі 

16  жаста  оянған  махаббатының 

көмескіленген  бейнесі  қайта  қылаң 

береді.  Ол  –  Алтай  еді.  Иә,  осыдан 

біраз  жыл  бұрын  мұны  жылатып, 

өзге  арудың  құлағына  сырға  салған  

сол  сері  Алтай.  Пәк  махаббатына 

опасыздық  жасаған  жігітімен  инсти-

тутты  бітіргендеріне  20  жыл  өткен 

соң қайта кездесулеріне де алғашқы 

боп Гүлбаршын батыл қадам жасай-

ды.  Бұлардың  жолығулары  Алматы 

қаласындағы  қонақ  үйлердің  бірінде 

өрбиді.  Қос  ғашық  сағына  көріседі. 

Бүгінде  самайын  қырау  шалып,  жігіт 

ағасы атанған Алтай (актер Мұсағали 

Бектенов)  министрлікте  қызмет  етіп, 

тасы  өрге  домалаған  жандардың 

бірі  болған  екен.  Сүйгеніне  жасаған 

сатқындығына  ақталған  ол  әлі  де 

жақсы  көретінін  айтып,  аққудай  та-

ралып  тұрған  келіншекке:    «Сен 

бақытқа лайық едің ғой»-дейді мұның 

бақытсыздығын  сезінген  адамдай. 

Бұл  Гүлбаршынның  шамына  тиіп, 

мүсіркегендей  көрінеді.  Ішкі    мұңлы 

күйін  жасырған  әйел  өзінің  бақытты 

ғұмыр  кешіп  жатқанын  байқатқысы 

келіп,  сол  сәтте  бөлмеге  енген 

кездейсоқ танысы Абдолланы (актер 

Теміржан  Матаев)  оған    «күйеуім» 

деп таныстырады. Осы сәт қонақ үй 

бөлмесіне улап-шулап,  бес жыл бір-

ге  оқыған  курстас  құрбылары  енеді. 

Баяғы  жас  кездеріндегідей  еркін, 

ерке  қыздар  қимастықпен  құшақтаса 

көрісіп,  сағыныштарын  басады.  Бір 

кездегі  жанарлары  жәудіреген  елік-

қыздар  бір-бір  үйдің  түтінін  түтетіп 

отырған байсалды келіншекке айнал-

са да, сол кездегі балаң қылықтарынан 

әлі  де  ажырамаған  екен.  Олармен 

бірге  күліп,  жадырап  отырса  да 

Гүлбаршын ішкі әлемінің толқынысын   

бүркей алмай, оңаша қалғанда ағыл-

тегіл көз жасына ерік береді. Өткінші 

өмірдің  баянсыз  махаббаты,  жанын 

жасытқан жалғыздық...

Кенет бөлмеге удай мас адам келіп 

кіреді.  Бұл  оның  күйеуі  Жиенбай 

(Самал  Әбуов)  еді.  Арақтың  уытына 

мас болған ол келіншегін аэропортта 

көріп, соңынан ілескенін айтады. Ал-

дамшы  болса  да  ғажап  сезімді  бас-

тан  кешіп  отырған  Гүлбаршын    тағы 

да  құлазып  қалады.  Бұл  қойылымда 

әдемі  әйелдің  толғанысы  ішкі  иірім 

арқылы терең әрі нанымды  суретте-

леді. Өмір бойына күтіп келе жатқан 

елес-бейненің    мұнымен  бақытты 

ғұмыр  кешуге  тәуекел  ете  алмайты-

нын кеш  те болса ұғынады. Сүйгенінің 

пендешілігі  мен  күйеуі  Жиенбайдан 

көңілі  қалған  көрікті  әйел,  кездейсоқ 

танысы,    өн  бойынан  ауылдың  иісі 

аңқыған  Абдолланың  қарапайым, 

адал  мінезін  бағалап,  мелодрама 

соңында  ешкімді  көзге  ілмей  келген 

ақылды келіншек өз сезімін білдірген 

оған  шын  көңілімен:  «20  жыл  бұрын 

неге кезікпедік екен?»-деп өкінішін ай-

тады. Нағыз бақыт өзіңді бағалайтын 

адаммен  бірге  болу  екенін  дәл  сол 

сәтте ғана түсінеді. Әр бір  әйел ба-

сынан  өткеретін  баянсыз  махаббат 

машақаты,  сезім  сергелдеңі  терең 

көрініс  тапқан  қойылым  көпшілікті 

толқытып, олар  ауылдастарының ри-

ясыз қошеметіне  бөленді. 

Аудан 

әкімі 


Н.Рахымжанов 

шығармашылық  ұжымға  табыс  тілеп 

әрі    биыл  мерейлі  жасқа  толған  қос 

режиссерға  һәм  әртістерге  естелік 

сыйлық  табыс  етті.  Осынау  өнер 

ұжымын еңбек ардагері Ч.Қойшыбаев, 

М-С.Бабажанов  атындағы  орта  мек-

теп  директоры  Н.Сабыровтар  да 

құттықтап,  сый-сияпаттарын  тапсыр-

ды. 


Кеш соңында сөз алған  облыстық 

қазақ  драма  театрдың  режиссерлері 

Хорлан Шәмелова мен Самал Әбуов 

аудандық  демалыс  орталығына  өз 

ұжымдарының шеберханасында тігіл-

ген зерделі шапанды сыйға тартты.



Гүлнар ҚАДЫРОВА.

Өнердің өз өкілдері

«Ең әдемі келіншек»

Ауыл спорты

Дәстүрлі аудандық турнир

Мектептен тыс тәрбие

Шеберлік пен ептілік сынға түсті


Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№22 (6951)    19 мамыр    2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

+22


+9

Сәрсенбі, 20.05.2015

+23

+10


Бейсенбі, 21.05.2015

+26


+13

Жұма, 22.05.2015

+27

+12


Сенбі, 23.05.2015

+28


+15

Жексенбі, 24.05.2015

+31

+16


+29

+16


Дүйсенбі, 25.05.2015 Сейсенбі, 26.05.2015

Нарын тағдыры – біздің тағдырымыз

Шыны 

керек, 


мерзімді 

басылымдардағы 

қаптаған 

хабарландыруларға назар аудармай-

тынмын.  Алайда,  көршім  облыстық 

газеттің  21  сәуірдегі  №47  санында 

жарық көрген біреуін түсіндіріп беруді 

өтінді.  Тәржіме  дүниенің  қазақшасы 

шұбалаңқылау шығып, бірден ұғынуға 

қиындық келтіріпті.

–«Қоршаған орта жағдайын кешен-

ді бағалау жобасына қоршаған ортаға 

әсерді  бағалау  бойынша  қоғамдық 

тыңдау» деген не?- деді ол.

–Жарнаманың  мәтініне  жарнама 

беруші  жауапты,-дедім  мен.–Баспа-

герлер кінәлі емес.

–Әуелі өзің оқып шықшай...

Оқыдым.  Түсінгенім:  13  мамырда 

сағат  15:00-де  Жаңақала  аудандық 

мәдени 

демалыс 


орталығында 

облыстық  табиғи  ресурстар  және 

табиғат 

пайдалануды 

реттеу 

басқармасының  ұйымдастыруымен 



«Капустин-Яр»  және  «Азғыр»  поли-

гондарына  іргелес  орналасқан  елді 

мекендердің экологиялық мәртебесін 

анықтау мақсатында қоғамдық тыңдау 

өткізілгелі  жатыр  екен.  Мен  көршіме 

мұндай  жиынның  2013  жылдың  25 

қыркүйегінде  өз  ауданымыздың  Хан 

ордасы ауылында да оздырылғанын, 

оған  сол  кездегі  Қазақстан  Респуб-

ликасы  Қоршаған  ортаны  қорғау 

вице-министрі  Бектас  Ғафурұлы 

Мұхамеджанов пен Қазақстан Респуб-

ликасы  Парламенті  Сенаты  депута-

ты  С.Қ.Еңсегенов,  Қоршаған  ортаны 

қорғау  министрлігінің  Стратегиялық 

жоспарлау  және  мониторинг  депар-

таменті  директоры  С.Қ.Тәшкенбаева 

бастаған  республикалық,  табиғи  ре-

сурстар  және  табиғат  пайдалануды 

реттеу  облыстық  басқармасының 

басшысы  А.М.Дәулетжанов  бастаған 

облыстық мекемелердің бірқатар бас-

шылары қатысқанын, мұның бәрі «Ка-

пустин-Яр»,  «Азғыр»  әскери  сынақ 

полигондары іргесіндегі аймақтардың 

әлеуметтік-экономикалық,  экология-

лық жағдайларын анықтау мақсатында 

Үкімет 


шешімімен 

құрылған 

республикалық 

комиссияның 

жұмысшы  тобы  қызметі  екенін 

түсіндіріп, «ондай басқосу біздің ауда-

нымызда да өтетін шығар» деп қосып 

қойғанмын.  12  мамыр  күні  редак-

тор  аудан  делегациясы  құрамында 

Жаңақала  ауданындағы  қоғамдық 

тыңдауға баратынымды айтты.

Белгіленген  жерде,  көрсетілген 

уақытта  шара  басталды.  Жаңақала 

ауданының  әкімі  Лавр  Рашидұлы 

Хайретдинов  қонақтарға  Қамыс-

Самар  жеріне  қош  келдіңіздер  ай-

тып,  шараның  мақсатымен,  Астана, 

Оралдан  келген  басшылармен  та-

ныстырды.  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Сенатының  депутаты 

Сәрсенбай  Құрманұлы  Еңсегенов, 

ҚР  Энергетика  министрлігінің  депар-

тамент  директоры  Сәуле  Қанатқызы 

Тәшкенбаева,  Денсаулық  сақтау 

және  әлеуметтік  даму  министрлігінің 

департамент 

директоры 

Гүлнар 


Өтепбергенқызы 

Құлқаева, 

ҚР 

Ұлттық  экономика  министрлігінің  де-



партамент  директорының  орынба-

сары  Нұрлан  Мақсотұлы  Мақсотов 

бар  17  астаналық,  БҚО  эконо-

мика  және  бюджеттік  жоспарлау 

басқармасының  өңірлік  даму  және 

мониторинг  бөлімшесі  басшысы 

Райса  Жұмахметқызы  Еркеғалиева, 

БҚО  табиғи  ресурстар  және  табиғат 

пайдалануды  реттеу  басқармасының 

басшысы 


Амангелді 

Медхатұлы 

Дәулетжанов  бар  22  оралдық, 

ауданымыздың 

әкімі 

Нұрлан 


Сағынтайұлы  Рахымжанов,  орынба-

сары  Рүстем  Мүлкайұлы  Зұлқашев 

бар 15 бөкейордалық қонақтың есім-

дері аталды.

Сенатор  С.Еңсегенов  осындай 

басқосудың  Ганюшкин  ауылында 

(Атырау облысының Құрманғазы ауда-

ны  орталығы)  оздырылғанынан  ха-

бардар етіп, «Капустин Яр», «Азғыр» 

полигондары  тарихынан,  ондағы  жа-

рылыстардан  мәліметтер  келтірді. 

Елбасымыздың  2008  жылғы  Батыс 

Қазақстан облысына сапарынан кейін 

осы полигондарға таяу аймақтардағы 

халықтың  өтініштеріне  назар  ауда-

рылып,  ғылыми-зерттеу  жұмыстары, 

сауықтыру 

шаралары 

жүргізіліп 

жатқанын, 

түрлі 

бағдарламалар 



арқылы  қаржылай  да  көмек  бері-

ле  бастағанын  әңгімеледі.  Алдағы 

жұмыстарды анықтап, нақты жоспар-

лар белгілеу қажеттігін түсіндірді.

Үкіметтің 

тапсырмасы 

негізін-

де  аталмыш  полигон  аймақтарына 

ғылыми зерттеу (ауаның, топырақтың, 

судың  тазалығына)  жүргізген  «Эко-

сервис-С» 

ЖШС-і 


(директоры 

Ғалым  Жұманазарұлы  Беркінба-

ев,  орынбасары  Герман  Василье-

вич  Федоров)  бөлім  бастығы  Ерлан 

Қаржаубайұлы  Садуақасов  Бөкей 

Ордасы ауданының 21, Жаңақаланың 

7,  Құрманғазының  8  елді  мекенінде 

жүргізілген  зерттеу  нәтижелерімен 

таныстырды. Олардың сөздеріне сен-

сек, ауа да, топырақ та, жер асты, жер 

үсті  сулары  да  радиациядан,  әскери 

сынақ-жарылыстарынан келетін басқа 

залалдардан  аман,  таза,  бәрі  де 

қалыпты  жағдайда.  Жаңақалалықтар 

да, бөкейордалықтар да мұндай пікір-

мен  келіспейтіндігін  білдіріп,  нақты 

мысалдармен  қарсы  шықты.  Оқтын-

оқтын  пайда  болатын  тозаңды  ақ 

тұман, адам мен малдың белгісіз ау-

рулары,  киіктердің  жаппай  қырылуы 

неден? Бұрынғы «Орда» совхозының 

№1  бөлімшесінде  полигон  жерінен 

мал  азығын  дайындаған  бойлары 

алпамсадай,  кеуделері  кереқарыс 

пішенші  жігіттер  мен  сол  жерлерде 

мал баққан жандар неге қырыққа же-

тер-жетпестен,  төсек  тартып  жатпас-

тан бақилық болды? Ауа ластанбаса, 

табиғат неге өзгереді? 1-1,5 метрден 

шығатын  құмның  құдығы  4  метрге 

дейін төмендеп кетті. Жәңгір еккізген 

қарағайлар  құлап  жатыр.  Осыларды 

көлденең  тартқан  Хан  ордасы  ауы-

лы  тұрғыны  Төлеген  Өтешев  Қопаға 

су  түсіру,  яғни,  Жәнібекке  келіп 

тұрған Еділ суын канал арқылы жет-

кізу,  оның  ауылдастары  Шымырхан 

Темірболатов  пен  Майдан  Батыров 

жәнібектіктер  суды  Жақсыбайдан, 

сайқындықтар  Шанабастан  алса, 

Орданың  «Аймекен»  суы  үнеммен 

жұмсалса  деген  ұсыныс  та  түсірді. 

Облыстық  мәслихаттың  депутаты 

Ақсерік  Әйтімов  көптен  шешілмей 

жүрген  Сайқын,  Жәнібек  станцияла-

ры арқылы өтетін ресейлік жолаушы-

лар  пойызын  аялдату,  шалғайдағы 

малшы ауылдарды баламалы электр 

көзімен  қамту  мәселелеріне  на-

зар  аударып,  қаржы  бөлу  қажеттігін 

айтты.  Аудан  әкімінің  орынбасары 

Рүстем Зұлқашев келісім бойынша по-

лигон жерін пайдаланып отырған ша-

руа  қожалықтарының  жерге  құқығын 

заңдастыру мәселесін көтерді.

Жаңақалалықтар да өз мүдделеріне 

сай  пікірлер  білдірді.  Жаңақазандық 

зейнеткер  Каримолла  Зейноллин 

«Экосервис-С»  ЖШС-і  өкілінің  ха-

барламасы 

«Кабинетте 

отырып 


жазылған,  шындыққа  жанаспайды, 

қанағаттанарлықсыз»  деп  бағаласа, 

зейнеткер-ұстаз  Мақсот  Шапиев 

ядролық  сынақтардың  адам  қанына 

түскен зардабын тілге тиек етіп, оларға 

өтем төлеу жайын қозғады. Туғаннан 

мүгедек  балаларды  жыл  сайын 

медициналық сараптама комиссиясы-

на сүйрелемей, мүгедектігін түпкілікті 

заңдастыру,  халықты  шекаралық 

аймаққа  қоныстандыру,  полигон    ір-

гесіндегі  тұрғындарға  жеңілдіктер 

қарастыру  жайы  да  сөз  болды.  Ірге-

лес полигондарда атом қаруын сынау 

тоқтатылғанмен,  дыбыстан  да  жыл-

дам ұшатын әскери ұшақтарды сынау, 

бұрынғы  жойқын  зымырандардың 

жаугерлік  бөлшектерін  (боеголовка) 

жою  жалғасуда.  Осы  ауа  тербеліс-

тері  салдарынан  жинала  бастаған 

жауын  бұлты  ыдырап,  бұл  өңірге 

ылғал  да  түсуден  қалды.  Синопти-

ктер  өз  методикаларына  сүйеніп, 

жаңбыр болжағанымен, жерге тамшы 

тамбайтын  халге  жеттік.  Жер  азып, 

шөп  сұйылып,  құм  көше  бастады. 

Сейітқали  елді  мекенін  құм  басып 

болса,  Жиекқұм  мен  Үштеректі  иек-

теп,  енді  Бисен  ауылдық  округі 

орталығына  ойысуда.  Құм  бораны 

жиелеп  барады.  Бұл  апаттың  алдын 

бүгін  алмасақ,  ертең  кеш  қалуымыз 

мүмкін деген пікірлер де айтылды.

Облыстық  мәслихат  депутаты 

Әлібек  Сәтбаев,  «Үкіметтік  емес 

экологиялық  ұйымдар  ассоциаци-

ясы»  облыстық  қоғамдық  бірлестігі 

төрағасы  Ғазез  Хаймолдин,  тағы 

басқалар  тұрғындар  жанайқайының 

орынды екендігін атап көрсетіп, келген 

республикалық  комиссия  мүшелері 

шынайы қорытынды жасайды, Үкімет 

тарапынан  арнайы  бағдарламалар 

қабылданып,  жүзеге  асырылады  де-

ген сенім білдірді.

Республикалық комиссия өздерінің 

жұмыс  барыстары  хақында  халықты 

жергілікті 

бұқаралық 

ақпарат 


құрылдары  арқылы  құлақтандырып 

отырса, нұр үстіне нұр болар еді. На-

рын  тағдыры  –  біздің  тағдырымыз. 

Ендеше, бұл мәселе үлкен-кішіні бей-

жай қалдырмасы және айқын.

Каримолла ҒАЙСИН.

Суреттерде: 1.Сенатор 

С.Қ.Еңсегенов; 2. Облыстық 

мәслихат депутаты 

А.С.Әйтімов. 3. Жиынға 

қатысушылар. 

Қоғамдық тыңдау:



Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 436.71 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет