Орайы келген әңгіме «К а р а г а н д а о д е ж д а»



жүктеу 50.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.02.2017
өлшемі50.35 Kb.

Орайы келген әңгіме 

« К а р а г а н д а о д е ж д а » бірлестігіндегі экспериментальді цех 

кәсіпорында дайындалатын өнімнің тұтынушылар көңілінен 

ш ы ғ а т ы н д а й сапалы да сәнді етіп тігілуіне тікелей бағыт 

беріп отырады. Әрине, бірлестік тігіншілерінің 

қолынан шық-

қан өнімдердің барлығы дерлік талап деңгейінде дегендей жо-

ғ а р ы - б а ғ а беруден аулақпыз: Мұндай маңызды істе ең басты 

т ө р е ш і — тұтынушы екені көпшілікке белгілі. Сондықтан да 

бірлестік коллективі соңғы уақытта өз өнімдерінің тұтынушы 

талғамынан шығуы бағытында бірқатар шараларды жүзеге 

асырып, творчестволық, ізденіс  т а н ы т у д а , бірлестіктегі экспе-

р и м е н т а л ь д ы цехтың бастығы, модельер-конструктор Галина 

Николаевна Митренко осы мәселе төңірегінде былай  ә ң г і м е -

лейді: 

сімді де жинақы киіну жас 

талғамайды. Ол әрбір адам-

ға  қатысты. Заман үлгісіне 

сай киіну мәдениетті де зия-

лы азаматтың 

қайсысына 

болса да жарасады. 

Киім киюде әрбір әйелдің 

өзіне үйлесімдісін тауып 

киінуі оның талғам деңгейін 

көрсетеді. Әйел сәні-ең бас-

тысы жоғары талғампаздық-

та. Мұнда ең алдымен оның 

дене бітімі, бет-бейнесі ес-

материалдардан жасөспі-

рімдерге, жас жігіттерге ар-

налып тігілген сәнді күрте-

лердің, алғашқы партиясы 

жақында  қала сауда орын-

дарына, атап айтқанда, жа-

ңадан ашылған «Сымбат» 

магазиніне түспек. Олар-

дың бағасы да аса  қымбат 

емес. 

Киіммің  ұзындығы жөнінде 



айтсақ, жастар киіміне тағы 

да «мини»  қ а й т ы п оралды. 



 Біздің цех коллектнві-

нің негізгі мақсаты — көп-

шілік сұранысын, талғамын 

зерттеп, соған орай сәнді 

үлгілер дайындауға  ұмтылу. 

«Карагандаодежда» бірлесті-

гі Алматы сән үйімен келі-

сім жасап, бұдан бұрын әр-

түрлі үлгілер мен лекало-

ларды республикадан алып 

тұратынбыз. Жасыратыны 

жоқ, өз республикамызда 

жасалған үлгімен тігілген 

көптеген киім өз тұтынушы-

сын таба алмай, талай  қиын-

дыққа душар болдық. Сон-

дықтан, жұмысты түбірімен 

қайта  құру  қажеттігі туын-

дады. Соған орай бірлестік 

биылғы жылдан бастап 

Минск сән үйінен жаңа үл-

гілер алу жөнінде келісімге 

отырды. Республикалық сән 

үйі модельер-конструкторла-

ры дайындаған үлгінің ең 

басты  ұтымдылығы онімнің 

заман үлгісіне сай болуы. 

Әрине,  қарағандылық кон-

структорлар арасында да 

творчестволық ізденіске  құш-

тар жандар аз емес, жалпы 

біздің цехта елуге жуық 

адам еңбек етеді. Бұл орай-

да М. Теретянская, С. Ефи-

мова және Т. Кудряшова 

сияқты шеберлер есімін 

атап айтқым келеді. Олар 

дайындаған үлгімен тігілген 

кішкентай  қыздарға арналған 

сәнді де арзан жазғы көй-

лектер көпшіліктің жоғары 

сұранысына ие болды. Өткен 

айдың өзінде балабақша жа-

сындағыларға арналған мұн-

дай көйлектердің он мыңға 

жуық данасы сатылды. Әри-

не, өнімнің жоғары сапалы-

лығы, сәнділігі біз үшін үл-

кен абырой. Сондықтан жа-

ңа әрі әсем модельдерді өн-

діріске уақтылы енгізу  қа-

жет. Мәселен, өткен бір жыл-

да кәсіпорында жүзден ас-

там модель өндіріске енгі-

зілді. Олардың арасында ер-

лер мен жасөспірімдердің 

қысқы және жазғы пальтола-

ры мен курткалары және 

мектеп пен балабақша жа-

сындағы  қыздардың койлек-

тері бар. Коллектив мүшеле-

рі сонымен бірге киім пішу-

дің жаңа әдістерімен, мода-

дағы жаңаға бағыт, сондай-

ақ, материалдың шығынын 

азайту,  ұқыптылық мәселесі-

не де  қөңіл аударуда. 

Эксперименальды цехтың 

жұмысы күрделі де  қызық-

ты, ең бастысы творчество-

лық жұмыс, сұраныс көп, 

сондықтан да конструктор-

лардың көп ізденуіне тура 

келеді. Сентябрь айының 

бас кезінде Москва  қаласын-

да өтетін балалардың  ұлт-

тың өрнегі бар киімде-

рінің көрмесіне 

қатыс-

пақпыз. Бүкілодақтық көр-



меге арналған  ұлттың өрне-

гі бар он түрлі модельді 

қ ы з балалар көйлегін дайын-

дадық. Әрине, алда жоспар-

лар көп. 

— Көпшілікке белгілі, әр-

бір адамның жан сұлулығы-

мен  қатар оның сыртқы кел-

бетіне де әсемдік 

қажет. 


Соғаң орай жалпы киім сә-

ні, талғам мәдениеті жөнін-

де не айтар едіңіз. 

— Жасыратыны жоқ, біз 

күнделікті өмірде талғам мә-

дениеті жөнінде өте аз ай-

тамыз. Ал, шындығында 

талғам мәдениеті әйелдерге 

ғана емес, ер азаматтарға 

да  қатысты. Өйткені,  қара-

пайым да  қонымды, талғам-

мен киінуге кей азаматтар 

көңіл аударып жатпайды. 

Тіпті олардың арасында  қан-

дай көйлекке  қандай галстук-

тің келісімді екені туралы 

ұғым деңгейі, түсінігі төмен-

деу, жалпы, «мода — жас-

тардың ғана ісі» деп  ұғатын-

дар да аз емес. Ал біздің 

ойымызша талғам яғни үйле-

ке алынуы керек. Биылғы 

жылдың модасы мазмұны-

ның байлығымен  қуантады, 

оған классикалық және ро-

мантикалық стильдер тән. 

Киім сәніндегі басты ерек-

шелік сырт пішіні тура, тік 

тігілген үлгілер басым көп-

шілік  қалауына ие болуда. 

Оның негізгі себебі мұнда 

силуэттер дене бітіміндегі 

кейбір кемшіліктерін көр-

сетпейді. Сонымен  қатар белі 

бүгілген немесе трапеция 

формалы, кеуде тұсы еркін, 

ыңғайлы киімдер де сәннен 

қалган жоқ. Әсіресе, көй-

лектердің  ұзындығы ең көр-

некті роль атқарады. Сали-

қалы жасқа келген әйелдер 

үшін киімнің  ұзындығы ті-

зеден төмен болғаны келі-

сімді көрінеді. Ал авангард-

тық тәсіл негізінен сұлу да 

нәзік мүсінді әйелдерге жа-

расымды. Сонымен бірге әй-

ел мүсініне жеңіл де шек-

теулі сән беретін жартылай 

қынамалы силуэттердің де 

өзіндік әсемдігі мол.  Қазір-

гі киімдердің бұрынғыдан да 

күрделене түскенін атап ай-

ту  қажет. Бұл орайда әртүр-

лі  қатармалар мен  қайырма-

лар сияқты  қосымша деталь-

дарға кең орын берілуде. 

— Жастардың киім үлгілері 

және ондағы негізгі ерекше-

ліктер туралы не айтуға 

болады. 

— Жастар киімдерінің ере-

сектермен салыстырғанда ті-

гілу формасы, материалдың 

түсі жағынан, бірден ерек-

шеленетіні белгілі. Биылғы 

жылғы маусымда кәдімгі 

«шинель» матасынан тігілген 

күртелер сәнді деп табыл-

ды. Біздің «Карагандаодеж-

да» бірлестігінде о с ы н д а й 

Алайда, тізеден жоғары юб-

калар мен көйлектердің тек 

қана дене бітімі сымбатты 

қыздарға ғана үйлесетінін 

еске салғымыз келеді. Сөз 

реті келгенде айта кететін 

тағы бір мәселе сырт көзге 

оғаш көрінетін, өз үйлесімін 

таппай тұрған киімдерді таң-

дау жас  қыздар тарапынан 

жиі кездесуде. Мұның өзі 

одардың талғамының, ой-

өрісінің жеткілікті деңгей-

де дамымағандығының көрі-

нісі. Сондықтан да олардың 

аналары, жалпы үлкендер 

жастардың талғам мәдение-

тін дамытуға ықпал етіп, 

ақыл-кеңестер беріп отыруы 

қажет. 

—Жасыратыны жоқ, әй-



елдер арасында «бүгінгі мо-

да осындай» деп жаңадан 

пайда болғанның бәріне бір-

дей  ұмтылушылық, «әсіре 

қызылдық» пен талғамсыз-

дық жиі көрініс беруде. 

Айтыңызшы, моданы сол 

қалпында, ешбір өзгеріссіз 

көшіріп алу, яғни тікелей 

қабылдау дұрыс па? 

— Жастар арасында шын-

дығында да «Мода» «Бурда 

— моден» журналдарынан 

шыққандай болып моданы 

айна-қатесіз  қабылдайтындар 

және сол күйімен күлкі ту-

ғызатындар аз кездеспейді. 

Ойлана білген адамға өз үй-

лесімін таппай тұрған киім-

нің  қанша дәрежеде сәнді 

тігілсе де көрікті көрінбей-

тіңі мәлім. Сондықтан да 

моданы сол  қалпында, еш-

бір өзгеріссіз көшіріп алу 

қате. Адамдардың дене біті-

мінің бір-біріне мүлде  ұқса-

майтыны сияқты киім киі-

сінде де өзгешелік болуы 

керек. Біреулерге  қонымды 

көйлектің, пальтоның неме-

се күртенің екінші біреуге 

жараспауы осыдан. Бұл ба-

ғытта әрбір адамның өзін-

дік стилі болуы  қажет. Сол 

себептен де модельер-конс-

трукторлардың бүтінгі таң-

дағы басты мақсаты тұты-

нушыларға моданың тікелей 

дайын рецептісін ұсыну ғана 

емес, әрбір адамның өзін-

дік дербес шешімін, талғам 

деңгейін дамыту, оны одан 

әрі жетілдіру болып табы-

лады. 


Бұл орайда күнделікті 

өмірімізде, тұрмысымызда 

сирек те болса кездесіп жүр-

ген кемшіліктер жөнінде атап 

айту қажет. Жасы егде тарт-

қан немесе орта жастан ас-

қан әйелдер арасында жас-

тар модасына еліктеушілік 

бар. Бұл жастағы әйелдер 

өз киіміне қатаң сын тұрғы-

сынан  қарауы  қажет. Сән-

мен, жоғары талғаммен ки-

інгеннің еш оғаштығы жоқ, 

әйтсе де оның өзіндік ше-

гі, өлшемі болуы керек. 

Ерлердің бас киімі —бөрік, 

негізінен спорттық стильде-

гі киімдерге жатады. Әрине, 

жастарға бұл бас киім сөз-

сіз жарасады, ал жасы  қы-

рықтан асқан әйелдердін 

«моданың жөні осы екен» 

деп үйлескен-үйлеспегеніне 

қарамай, бөрік киюі лайық-

сыз және талғамсыздықты 

аңғартады. 

Барлық жағдайда әйелдің 

дене бітімі, жүріс-тұрысы-

ның ерекшелігі еске алына-

ды. Әрбір әйел өзінің жа-

сына сай келетін киімді 

таңдай білуі шарт. Бір есте 

ұстайтын жағдай ашық түсті 

мата адамды толықтыра 

түссе, керісінше 

қоңырқай 

түсті маталар денені жіңіш-

кертіп, ықшамды етіп көр-

сетеді. Жалпы алғапда кім 

болмасын дене кемістікте-

рін, өз бойындағы олқылық-

тарды көрсетпейтіндей, сырт 

көзге әдемі көрінетін киім 

таңдай білгені жөн. Соны-

мен бірге  ұсақ тор көзді, 

жолақ немесе  ұсақ дөңге-

лектер салынған маталар-

дың маусым сәні екенін 

есте  ұстау артықтық етпей-

ді. Әсіресе, ақ пен  қара түс-

тердің үйлесімі ерекше әде-

мі көрінеді. Сөз соңында ай-

тарым, әйел ажарын ашатын 

сәнді киім ғана емес, соны-

мен  қатар көтеріңкі көңіл-

күй


г

 салауатты да көрікті 

өмір салты. 

Әңгімелескен 

Б. БАЛҒАРИНА. 

Орталық Қазақстан. - 1989 ж. - 28 қыркүйек (№223). 4 - б. 



жүктеу 50.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет