Орайы келген әҢгіме ( 9-¾ ) №18 №18



жүктеу 0.74 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата12.06.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

» 

 Þ

 

Þ  

Þ ?

– Оңтүстік Қазақстан облысы 

Отырар ауданы Қоғам ауылындағы 

Сейітқазы Мәшіров атындағы жалпы 

орта мектепте оқыдым.

– ¾  

Þ  

 

ï

Þ  

 

¾

 ¾ ?

– Таңертең сағат 7-де ұйқыдан 

тұрамыз. Тұрған соң жалпы 

дамыту жаттығуларын жасаймыз, 

жүгіреміз. Одан кейін ротаға келіп, 

сапқа тұрамыз. Таңғы тексеруден 

теміз. Біздің тазалығымыз, әскери 

формамыз тексеріледі. Таңғы ас 

ішкен соң 8:45-те сабаққа кірісеміз. 

Сағат 2-де сабақ бітеді. 7-сабақ 

алғашқы әскери дайындық. Ол 

кезде бізге әскери техникалардың 

қыр-сырын, автоматтарды 

шашып-жинауға, сапта дұрыс 

жүруге үйретеді. Одан соң  зіндік 

дайындық сабағы, ол кезде біз 

келесі күннің тапсырмаларын 

орындап, дайындық жасаймыз. 

Сағат 6-дан 8-ге дейін спорттық 

іс-шараларға қатысамыз. Кешкі 

астан соң киім-кешегімізді 

дайындап, жағаларымызды тігіп, 

формаларымызды ретке келтіреміз. 

– 

Þ Þ  

 

?

– Мектебіме аты берілген, 

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы 

қорғаныс министрі, Халық 

Қаһарманы, қазақтан шыққан 

тұңғыш армия генералы Сағадат 

Нұрмағамбетов атамды үлгі тұтамын. 

Сол кісідей болсам деймін. Ол кісі 

туралы к бірек білуге, зерттеуге 

тырысамын.  рбір ісін  зіме үлгі 

тұтамын. 

– 

 10-

 

 

 ¾ ?

– 10-сыныпта 2 рота бар. 2 

ротаның әр қайсысында 4 взводтан 

бар.  р взвод жеке бір класс 

есебінде. Сондықтан бізде 8-сынып 

бар. Қазақ класы қазақша, орыс 

сыныбы орысша білім алады. 

Ә

 

¾

 



 

Астанада 7 мамыр күні әскери шеру болады. 

Қазір дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биылғы 

шеруге 5 мыңнан астам жауынгер, 300 техника, 

70-ке жуық ұшақ қатыстырылады. Әскери 

шерудің ең алдында жасындай жарқырап, сап түзеп жүргендер 

генерал С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық 

мектебінің оқушылары. Тәуелсіз елдің жас қырандарының 

бірімен жолығып, әскери шеру жайлы пікірін білген едік.

Қ

ш

7

Өрен

Өмірдің өзінен

Күні кеше ғана қойын-қоншы 

ақшаға толып, теңге емес, 

доллар санап жүрген Жақсылық 

қазір сиыр бағады. Бұрын 

айдарынан жел ескен жуан 

кәсіпкер еді, қазір – бақташы. 

Өз малы емес, өзгеге жалынып 

жүрген жалшы. Іші күйеді, 

қайтсін енді. Бір кезде қолында 

бар байлықтың қадірін білмепті. 

Енді соған өкініп, бармағын 

шайнап отырғаны. 

Қазақтың Лас-Вегасы: бірі 

– Қапшағайда, бірі – Бурабай 

баурайында. Таза ауа, тамаша 

табиғат. Сауыққұмарлар үшін нағыз 

таптырмас мекен 

осы. Құмархана дегеніңіз – жекенің 

меншігінде. Ол жерге журналист 

камера, диктафон алып кіре алмайды. 

Рұқсат жоқ. Дегенмен, құмарға 

құныққандардың осында қаншалықты 

к п келетінін байқап к руге болады.

Қазір Бурабайда жалғыз ғана 

құмархана бар. Біз де барып к рдік. 

Байларды баурап алудың барлық 

амалы жасалған бұл жерде. «Құмар 

ойнаймыз» деген бізді мұндағы 

бикештер аса ілтипатпен жылы 

шырай танытып, иіле қарсы 

алды. Ішін аралатты... Сыланған 

сылқымның айтуынша, мұнда ең 

кемі 25 доллармен кіресің. Жұмыс 

күні барған соң ба, кім білсін, бірен-

саран ер кісілерден басқа ешкімді 

кездестірмедік. Құмархана түнде 

қызады. Ал сенбі-жексенбі бұл жерде 

ине шаншар орын болмайды. 

Құмархананың отаны – Америка 

мен Еуропа. Ал елімізде ең алғаш 1993 

жылы ашылды. 2000-шы жылдары, 

тіпті к бейді. Мысалы, 11 жыл бұрын 

12 миллион тұрғыны бар Мәскеуде 38 

құмархана болса, 1,5 миллион халқы 

бар Алматыда 50 құмархана тіркелген. 

Осыдан-ақ, біздің жұрт құмар ойынға 

қаншалықты әуес екенін бағамдай 

беріңіз. 

Жақсылықтың 4 жыл құмар 

ойнауы жақсылыққа апармапты. Қазір 

құтылды құмардан. Құр құтылған 

жоқ, әйелі мен бала шағасынан да 

айырылып тынды. Қалтасы қалың 

бұрынғы кәсіпкер қазір сиыр 

бағады. «Жәй әшейін тиын-тебен, 

еңбекақыны жинап, бәрін салдық. 

Одан құрысын машина кетті бір күні. 

Машина алып шықпақшы болдым. 

Анадан қарыз алам, мынадан қарыз 

алам. Солай жүрдік. Бір күні үйден 

де айырылып қалғанымызды білмей 

қалыптық. Балам да болды. «Папа-

папа» деп жүретін. Жұбайым да болды 

жап-жақсы. Ешкімді кінәламаймын. 

зімнің кінә – сол. Құмарлық қой 

бәрін  лтірген, құртқан түбінен», – 

дейді орда бұзар жастағы ойынқұмар 

жігіт. 

Құмарханада сағат, терезе деген 



мүлдем болмайды. Күн бе, түн бе, 

таң ба, кеш пе білмейсің. Қалтаңнан 

қағылып, барыңды бітірсең, 

астыңдағы к лігіңді, не үйіңді тігіп 

кету үшін ойынхананың маңында 

міндетті түрде 

нотариус тұрады. Сұлу сылқымдар, 

қонақүй, қымбат ішімдік, ыстық 

тамақтың бәрі тегін. Осы «тегін» деген 

нәрсе ғой құртатыны. Алғашында 

алтылық, азидың ақшасы арбай 

бастайды. 1-2 сағатта 50-60 мың теңге 

тапқан адам 200, 300 мыңдап к тергісі 

келеді. Осылай-осылай оңай олжаға 

әбден дәнігіп алады.  шейін карта 

ойнап қайтамын деген адамның 

қалайша құмарханадан бір-ақ 

шыққанын білмей қалады. 

Құмарлыққа арбалуды ғылымда 

лудомания дейді. Сарапшылардың 

есебінше, елімізде әрбір 6-адам 

құмар ойнауға бейім. Гәптің 

бәрі «аз беріп, к п алам» деген 

тойымсыздықта. Психологтар құмарға 

кіріп кеткендерді ауруға жатқызады. 

Медицина ғылымдарының докторы, 

психолог Қуанған Шүкенов «Олар 

к бінесе миы жетілмеген, ақылы жоқ, 

ақшасы к п, есірген адамдар болып 

келеді» – дейді.

Құмарлық ауруы маскүнемдіктен 

де қиын. Лудоманияға 

шалдыққандардың 40 пайызы 

зіне- зі қол жұмсайды. Ал қалған 

60 пайызы суицид жасауға бейім 

тұрады. Астаналық Ерлан Ерболұлы 

«Ұтылғаным бір 5-6 миллион теңгедей 

болады. Отырған орныңнан тұра 

алмайсың. Екі аяқ-қолың жоқтай. 

Сол жерде отыра бересің басың ауып, 

ана жерде ақша к бейген сайын одан 

әрі к бейсе 

екен дейсің. 

Ақыр соңында 

түсінесің: 

саған берді, 

сен  зің алып 

шыға алмадың. 

Оларға да кінә 

арта алмайсың, 

тек қана 

зіңнен к ресің», – дейді. Ерланның 

«құмардан құтыламын» деп бармаған 

жері қалмаған. Қазір молдалардың 

жіті бақылауында. Автоматқа тиын 

салудың ақыры осылай тақырға 

отырғызып кетті. Айта берсек, 

құмарханадан күйінген адам жетеді 

бізде. 

Қаржыңнан қағылғың келсе, 



құмарханаға бару міндетті емес. Ойын 

автоматтары немесе букмекерлік 

кеңсеге барып та барыңнан 

айырылуыңа болады. Бізде 21 мен 35 

жас аралығындағы 

10 ер-азаматтың бесеуі букмекерлік 

орталыққа бәс тігеді. Осындай 

мекемелер табысы мол бизнестің бірі 

қазір. 2016 жылы республикадағы 

букмекерлік кеңселердің бір жылдық 

қаржы айналымы 150 млн долларға 

жеткен. Тек Астанадағы букмекерлік 

кеңселер мемлекет бюджетіне 250 млн 

теңге салық т леген. 

Ал ешкімге ештеңе т лемейтін 

заңсыз қаншама автомат бар. 

Мысалы, былтыр Алматыдағы заңды 

букмекерлік кеңселер 6 млрд теңге 

олжалаған. Одан кейін Ақмола 

облысы. Ондағы құмарханалар мен 

тотализаторлардың бір жылдық кірісі 

1,8 млрд теңге. Одан кейін Жамбыл 

облысы – 446,1 млн теңге. Атырау 

облысы – 202 млн теңге, Павлодар 

облысы 160,6 млн теңге. Бұл заңды 

жұмыс істейтін мекемелердің тапқан 

ақшасы. Ал былтыр елімізде заңсыз 

қолданылған 370-тен аса ойын 

автоматтары тәркіленген. Олардың 

қанша пайда тапқанын есептеген 

ешкім жоқ. Қаржы министрлігі, 

кірістер комитетінің экономикалық 

тергеулер қызметінің мәлімдеуінше, 

заңсыз ойын автоматтарын қолданған 

азаматтарға тағайындалатын жаза 

ауыр.


Еліміздегі ойынханалардың 

жергілікті бюджетке т лейтін салығы 

жылына 6,2 миллиард теңге. Ұтылған 

ақшаның 40 пайызы да мемлекет 

қазынасына құйылады. Бұрын 

жиырмадан астам ойын үстелі бар кез 

келген құмархана  з лицензиясын 

ала алатын болса, қазір кемінде отыз 

ойын үстелі бар мекеме ғана ойынхана 

ретінде тіркеле алады. Былтырғы 

дерек бойынша, елімізде 16 казино, 

8 ойын автомат залы, 37 букмекерлік 

компания мен бір тотализатор ресми 

тіркелген. Құмархана мен ойын 

автоматтарының бір жылдық қаржы 

айналымы 150 миллиард теңге. 

Ал букмекерлік орталықтардың 

т менгі қаржы айналымы жылына 30 

миллиард теңге. 

Біреулер бекер шашып жүрсе, 

енді бірі – құмардың құрбанынан 

байып отыр. 2007 жылы құмархананы 

Қапшағай мен Бурабайға к шіргенде 

бизнесін жасырын жүргізген талай 

кәсіпкер ұсталған еді. Бір ғана мысал 

айтайын, ойынхананың отаны болған 

Алматыда, «Мулиен Руж» деген 

ойынхананың қожайыны заңсыз 

жұмыс істеп, 4 айдың ішінде 2 822 750 

доллар пайда тапқан. Сұмдық енді! 

Ойынханасы барлар байып отыр, 

ал ойнайтындар ше? К пшіліктен 

сұрастырып к рдік: «әр адамға, әр 

қалай ғой. Бағына байланысты. 

К бінесе оңай ақша, оңай кетіп 

қалады, байығандарды білемін». 

«Құмархананы мен де ойнағанмын

1995 жылдары. Ешкім байыған емес!» 

– дейді біздің сұраққа жауап берген 

қала тұрғындары. 



¾   Ө



«

» 

« ә

» ¾ Þ

КӨКЕЙКЕСТІ

КӨКЕЙКЕСТІ

КЕШЕ – МИЛЛИАРДЕР,

КЕШЕ – МИЛЛИАРДЕР,

БҮГІН – БАҚТАШЫ!

БҮГІН – БАҚТАШЫ!

Ақтөре ЕРДӘУЛЕТ:

Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА



«ЖАС ҰЛАН» 

«ЖАС ҰЛАН» 

ӘСКЕРИ ШЕРУДІҢ 

ӘСКЕРИ ШЕРУДІҢ 

АЙНАСЫ

АЙНАСЫ

№18 (642) 5 мамыр 2017 жыл

8

ww



www.ja

w.jasqazaq.kz

sqazaq.kz

E-mail: jas_qazaq@mail.ru

E-mail: jas_qazaq@mail.ru

ЕЛБАСЫМЕН ӘЗІЛ

Елбасымыз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жамбыл облысына 

келген іссапарының бірі еді. 

Облыстық әкімшіліктің үйінде зиялы 

қауым  кілдерімен, белгілі кісілермен 

кездесті. Есіктен Шерағаң кіргенде 

Елбасы ерекше ілтипат жасады, қос 

қолдап қолын алды, кеудесіне басты, 

жанына отырғызды. Сосын қал-

жайын сұрады .

– Шераға, Алматыны, 

Астананы тастап, ел ішіне – туған 

Таразыңызға келдіңіз. Бұл жердегі 

жағдайыңыз, тұрмысыңыз қалай? 

Сіз мемлекет адамысыз, ашығып 

қалып жүрген жоқсыз ба? Мына 

басшылар 

к мектесіп тұра 

ма, – деді.

Шерағаң к п 

ойланып жатқан 

жоқ.  детінше 

сәл ғана жымиып 

алып, қыран 

дауысымен саңқ 

ете қалды.

– Кәрі 


кісілерге к п 

нәрсенің керегі 

жоқ қой. Бірде қысырақтың тайын жеп, 

бірде ешкінің тоңған майын жеп, жүріп 

жатырмыз, – деді Шерағаң.

Табан астында тауып айтылған бұл 

с зге Нұрекеңнің  зі бастап, б лме 

толы жұрт қоштап, ду ете күліп, қол 

шапалақтап жіберді. С з қасиетін 

түсінетін елдің баласы түгел қошемет 

жасады...

«ШЕРАҒАҢНЫҢ КЕНІШІ»

Шерағаң ж нінде бұрын да, 

алда тағы да талай-талай дуалы 

ауыздылардан небір с з маржандары 

т гіледі. Және қалай айтылса да, тура, 

дұрыс екенін ел ұғады.  йткені, нысана 

оған әбден лайықты.

Жанкешті жазушылығын, қоғамға 

қомақты үлес қосқанын қоя тұрып, 

қарымды қайраткерлігінен ғана бір үзік 

сыр ашып к ріңізші!

Қазіргі «Амангелді» газ кеніші 

тұрған орын бұрын к п жылдардан 

бері тусырап, тың жатқан жер еді. 

Оның ұлан-асыр байлығын ел игілігіне 

беруге ешкімнің к ңілі дауаламаған. 

Осы Толағайдай алпауытқа алдымен 

ауыз салған Шерағаң болды. 

Парламенттің жоғары мінбесінен бүкіл 

елге, елін сүйген Елбасыға жеріне 

жеткізе, түбін түсіре түсіндіріп берді. 

Иландырды, игеруді, игілікке асыруды 

талап етті.

Сол сол ақ екен, Сенатта отырған 

мірбек Байгелді де, облысты басқарып 

тұрған Серік Үмбетов те Шерағаңды 

дереу қоштай кетті.  здерінің ойында 

бар, бірақ күші жетпейді, қаржы жоқ. 

Елбасының к ңілін алуға да дәрмен аз, 

бүкіл ел тоқыраудың тұйығында тұр. 

Осы тұйықты июге шамасы бір келсе, 

ол тек Шерағаңның қолынан келеді. 

збектің газына  ңешін созғылап, 

әбден  лермен күйге жеткен облысты 

бірі бұрын басқарып, екіншісі осы 

тұтқаны қазір ұстап тұрған екі елімшіл 

азаматтың іздегені де сол еді. Содан 

здері бар, әсіресе, Шерағаны қайта-

қайта қайрағандай, қайраткерлігін, 

қанжар тілін қарсы дауды қақ тілуге 

әдемі, әдейі иіп келтірді. «Киелі с з 

жүйесін таппай ма?» Тапты. «Ақ түйенің 

қарны жарылған» күн туды. Аз жылда 

ауыл-аймақ  з жері,  лең т сегінің 

қызығын к рді.  р түтін, сорайған 

мұржадан  з газының исі шықты.

Бұл әңгіме ж нінде к п адам 

білмейді. Бірақ, білуі керек. Шерағаны 

сыйлап, құрметтеуі үшін емес,  з 

қолының  з аузына қалай жеткенін ұғуы 

үшін де керек...

Күні бүгінге дейін аралас-құралас 

болғандар, Парламентте қатар 

жүргендер «Амангелді» газ кенін 

«Шерағаңның кеніші» деп айтады. 

Ешкім де олай деуге пәрмен берген жоқ. 

Бірақ ел аузында солай аталып кетті...

АСАНӘЛІГЕ АҚ ТІЛЕК

Шерағаңның 80 жылдық тойының 

қарсаңы болатын. Қазақстанның халық 

әртісі, белгілі актер Асанәлі  шімовтің 

күндіз облыстық драма театрда 75 жасқа 

толу мерекесі аталып  тті. Халық к п 

жиналған жиында халқы сүйген актерге 

к п-к п қошемет жасалды...

Кешкісін есік алдында отыр едім, 

Шераға далаға шықты да:

– Тез киін, Асанәлінің банкетіне 

барамыз, – деді. Атқосшыда жан қала 

ма? Бір киерімді үстіме іліп, әп-сәтте 

ағаның қасына келдім. Облыстық 

ішкі саясат басқармасы бастығының 

орынбасары Дауыл да к лігімен келе 

қалды...

Тараздағы «Сәтті» мейрамханасы-

ның банкет залына кіріп келгенде:

– Міне, Шерағам да келді. Енді 

тойды бастайық, – деп Асекең ағасының 

алдынан шықты.

30-40 кісі жиналған шағын той 

басталып берді.  уелі облыс әкімі Қанат 

Бозымбаев с йлеп, құттықтап, той 

иесіне темір тұлпардың кілтін тапсырды. 

Асекең рахметін айтып, облыс әкіміне 

«Асанәлі  шімов қорының» сыйын 

ұсынып, т с белгісін кеудесіне тақты.

Салтанатты отырыс дүрілдеп кетті.

– Башна баш, бір де бір, – деп той 

басқарушы, халық әртісі Есмұқан Обаев 

саңқ ете қалды.

С з кезегі т ргі үстелде облыс 

әкімі, Асекеңнің  зі,  зге де сыйлы 

қонақтардың ортасында отырған 

Шерағаңа берілді.  зімен  зі, терең 

ой үстінде отырған аға микрофонды 

әкелгенде селт ете қалды. Бірақ, 

орнында отырып-ақ с йлей берді.

Қаумалаған ел-жұртқа рахметін 

айтты, құрмет к рсетіп жатқан облыс 

басшыларына ризашылық білдірді. 

Туған Қазақстанның болашағына, 

жастардың жарқын  міріне жақсылық 

тіледі, жұптасқан екі кісіге ізгі тілегін 

арнап, бәтуәлі батасын берді. Бірақ 

Асекеңнің аты аталып, мерейтойы 

ж нінде айтылатын емес. Қысқа 

қайырып барып, Шерағаң с зін аяқтауға 

айналды.

Бір үстел басында біз-сыншы  лия 

Б пежанова, әнші Сәуле Жанпейісова, 

ақын Маралтай Райымбекұлы бәріміз 

отырған едік.  лия дереу маған қарап, 

дегбірсіздене с йледі:

– Ойбай, Дүйсенбек, Шерағаңа бар, 

Асекеңнің тойын есіне сал, шамасы, 

ұмытып барады-ау деймін, – деді.

Мен қонақтардың артқы жағымен 

барып, т рдегі үстелде енді микорфонды 

қойғалы жатқан Шерағаңның құлағына 

сыбырладым.

Шерағаң саспады. Асекеңнің 

мерейтойында отырғаны, соған арнап 

с йлеуі керектігі тарс есінен шығып 

кетіп, ұмытшақтығы жеңіп, әйтеуір, ақ 

тілек, жылы лебіз айтып отырғанын енді 

ғана ойлаған Шерағаң есін тез жиып 

ала қойды. Онысын тойдағылардың 

к пшілігі сезбей де қалды.

Сосын саңқылдағын даусымен с зін 

жалғай берді.

– Айтып отырған жоқпын ба, 

Асанәлі келінмен бірге бақытты болсын! 

Тойлары тойға ұласып, жас Асанәлілер 

к бейе берсін!, – деп біраз екпінді 

с здерді үстемелетіп жіберді.

Жұрт дүрілдеп кетті, дуылдата 

кол соқты. Асекең ризашылығын 

білдіріп, ағасының иығына шапан 

жапты, бетінен сүйді. Бағдат жеңгей 

Шерағаңның алдына имене келіп, иіліп 

сәлем жасады...



«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫНА» БАТА

– Менің ұстаздарым к п болды. 

скери  мірде әр командир – бір тұлға. 

Бірақ қасиетті, құдіретті Бауыржан 

аға Момышұлының орны б лек. Ең 

басты ұстазым да – сол кісі. Ол кісіге 

табынғаным соншалық – күндіз к з 

алдымнан, түнде түсімнен кеткен емес. 

Бір топырақтан жаралғаннан ғана 

демейін, барша қазақтың патриоттық 

ерлік рухын паш етіп тұрған Баукең 

тұлғасы – менің бірден-бір пірімдей 

жүрегімде тұрады.

Парламентке депутат болғанда, 

алдымен Шерағаңның отырған жұмыс 

б лмесін іздедім. Аудиториядағы 

орнын таптым. Ол-қазір менің 

орным. Депутаттардың бәрі де 

біледі. Шерағаңның ойын, идеясын 

жалғастыруға күш салып жүрмін. Бұл 

– ұлттың, қазақтың жайы екенін кім 

білмейді?

Генерал, Парламент 

Мәжілісінің депутаты, «Халық 

қаһарманы» Бақытжан 

Ертаевтың бізбен бірінші с зі 

осы еді. Шерағаңа барғанда, 

әскери тәртіппен тік тұрып, 

оң қолын шекесіне қойды. 

Ағасымен құшақтасып, т с 

қағысты.

– Аға, Жамбыл жеріне аяғым 

тиісімен Сізді іздедім, – деп 

Шерағаңды елжірей, еркелей 

сүйіп, бауырына кіре түсті.

– Айналайын, – деді 

Шерағаң. Бұл с з ағаның 

жүрегін жарып, к кірегін 

қарс айырып шыққаны – түр-

тұлғасынан білініп тұрды. 

Шерағаңның қолдануында  те 

сирек кездесетін с з осы жолы 

те нәзік шығып, к ңілдерді 

дір-дір сілкіндірді.

– Аға, Сізден бата, әрі рұқсат 

сұрауға келдім, – деді Бақытжан 

Ертаев.

«Халық қаһарманы» 



60 жасқа толар қуанышы 

алдында Шерағаның үйіне 

келді. Шерағаңның сексенінен бұрын 

жиын  ткізудің реті келіпті. Соны 

меңзеп тұрғаны ғой. Оны қасындағы 

«Нұр Отан» ХДП облыстық б лімі 

т рағасының бірінші орынбасары Масат 

Берік және Жуалы ауданының бұрынғы 

әкімдері, қазір облыстық деңгейдегі 

басшылық қызметтерде жүрген 

Еркінбек Солтыбаев пен Мейірбек 

Піралиевтер қоштап отырды.

Шерағаң батыр інісіне ілтипат 

к рсетті, батасын тез әрі қысқа 

қайырды:

– Біздің қазақ «Шабан үйрек бұрын 

ұшады» дейтін еді. Мен шамасы, жаман 

үйрек шығармын, кештеу қимылдап 

жатырмын. Сен табан үйрек, аман 

үйрек бол, алдыға самғай ұш! Мен 

бұрынғылардың жолынан айнымаймын: 

«Тұлпар мін де, Ту ұста». Жолың 

болсын, – деді.

Ертаевтың жүрегі егіліп кеткендей 

болды. Орнынан ұшып тұрып, тағы 

да ағасының бетінен сүйді. Қаһарман 

ұлдың осы бір әрекетінің астарында 

туған жерге,  скен елге, аға – бауыр, 

ел-жұртқа деген мол-мол сағыныш 

жатқаны беп-белгілі еді...



«ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚАШЫП 

БАРМАЙМЫН»

К рші қырғыз еліндегі кезекті 

дүрбелең, кезекті Президенттерінің елден 

қашқан кезі еді. Оның әсері, әбігері, 

әсіресе Жамбыл жерінің жұртшылығына 

да оңай бола қойған жоқ.

Бір күні халық гу ете қалды. «Қырғыз 

Алатауындағы су қоймасы жарылады 

екен, Таразды түгелімен топан су шайып 

кетеді дейді», деген суық с з желдей есті. 

Жұрт дүрлікті, үдере босты, к шті. Тау 

жаққа қарай, әсіресе, Жуалы, Шымкент 

бағытына бет алғандар басу с зге бой 

бермеді. Ел іші алай-түлей болды...

Пәтерінің балконында Шерағаң тұр 

екен. Жылдамдатып сол кісіге бардым.

– Мына жұрт неге қашып барады? 

Бұл халыққа не болды? – деді Шерағаң.

– «Қырғыздардағы Киров су қоймасы 

жарылады, қаланы су басып қалады» – 

деп дүрлігіп жатыр ел. К пшілік мына 

таулы беткейге, Жуалы жаққа қарай 

жосып барады. К лік дайындадым, 

жүреміз бе, не істейміз, Шераға, – дедім 

мен де дегбірім қашқан түрмен.

–  й, не деп тұрсың  зің, – деп 

Шерағаң шаңқ ете қалды. – Сонда, 

қашуымыз керек пе, жан сақтау үшін 

Жуалыға босып баруымыз керек пе? 

Жоқ, мен  лсем осында  лемін. Туған 

жерге  лігім ғана барады,– деген қатулы 

ағаның қалың қабағы табан астында 

қатты түксиіп кетті...

 Сол күні мен Шерағаның қасында 

түнеп шықтым. Жатарда ол кісі сыртқы 

жорықтарда бастарына қиыншылық 

түскенде жансауғалап туған жеріне 

қашып келгендер мен жеңімпаз болып 

желкілдеп жеткендер ж нінде к п-к п 

әңгіме айтты...

 Түнімен мен елеңдеп, алаңдап 

ұйықтай алмадым. Ал Шерағаң 

ештеңеге елегізбей, емін-еркін к сіліп 

жатып, жәйлі ұйықтады. «Шерағаң 

түнде қандай түс к рді екен? Сірә, туған 

жерінде нық басып жүрген болар» 



Þ

¾  

¾

,

 

РУХАНИЯТ

РУХАНИЯТ

Тұлға

Қазақстанның халық жазушысы, 

заманымыздың заңғар тұлғасы Шерхан 

Мұртазаның ауызекі сөзге айтқыштығы, 

табан астында тауып сөйлейтіні біраз 

жұртқа белгілі. Сондықтан да ел арасында 

«Шерағаң былай депті» дейтін әңгімелер 

аз емес. Олар жөнінде айтылып та, 

жазылып та жүр. Ал біз бұл жолы өзіміз 

естіген, көзіміз көрген, ортасында 

болған сондай сәттердің бір 

парасын оқырман назарына 

ұсынғымыз келді.

үр

ж



д

Дулат ИСАБЕКОВ:

– Елбасымен болған 

кездесуде латын әліпбиіне к шу 

мәселесі с з болды. Мәселен, 

кириллицамен жазылған қаншама 

тарихымыз, әдебиетіміз бар. 

Осылардың барлығын латын 

әрпіне кім түсіреді? С зсіз, оған 

бірнеше институт керек болады. 

Биыл бірінші сыныпқа барған 

бала, латынмен оқып, мектеп 

бітіргенде, кириллицаны танымай 

кетеді. Сонда ол бала  ткен 

тарихымызды қалай білмек? Бір 

ғана М. уезовтің 50 томы бар 

емес пе? Қалған шығармалар 

қайда қалады? 700 жазушымыз бар 

деп мақтанамыз. 

…Тіл мәселесі, оның ішінде 

қаза тілінің мәртебесі туралы 

ойлар ортаға салынды.  кінішке 

қарай, бүгінде  зге театрларда 

қазақ авторларының туындылары 

сахналанбайды. Бірлі-жарым 

к рінеді. Бірақ қойылмайды 

десек те болады.  сіресе, орыс 

драма театрларында. Лермонтов 

атындағы орыс драма театры қазақ 

драматургтерінің спектекльдерін 

қоймайды. Қазақ драматургиясы 

ондай деңгейге к терілген жоқ 

деп есептей ме? Түсіне алмадым. 

Қазақ халқы толерантты 

боламыз деп, к бінесе  зімізді 

сыйлата алмайтын жалтақтау 

халықпыз. Талап қоя алмаймыз, 

жасқаншақпыз. Біздің сондай 

халық екенімізді біліп менсінбей 

ме, бірлі-жарымы болмаса, 

к бі қазақ драматургтерінің 

шығармасын қоймайды. Ал 

біздің қазақ театрлары орыс 

драматургтерінің шығармасын 

кеңінен қояды… Осының бәрі тіл 

мәселесіне қатысты.

…Еліміздің сыртқы имиджін 

экономика, саясатпен емес, 

рухани байлығымызбен, ұлттық 

дәстүрімізбен игеретін кез жетті. 

Қазақты әлемге танытатын спорт 

пен мәдениет қана емес. Сонымен 

бірге әдеби мұраларымыз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет