Өмірзақ айтбайұлы


академик  і.К.  Кеңесбаев  –  ұлағатты  ұстаз



жүктеу 7.95 Kb.
Pdf просмотр
бет6/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

академик  і.К.  Кеңесбаев  –  ұлағатты  ұстаз.  Бұл  тұ- 
жырымның  ақиқаттығына  оны 
ұстаз  ретінде 
танып,  мо-
йындаған  замандас-тұрғыластарының,  өзінен  кейінгі  ізба-
сарлары мен шәкірттерінің жазған естеліктері куәлік етеді. 
Ұстаздың  құдіретті  тұлғасын  айшықтай  түсетін,  шынайы 
көңілден  шыққан  ақ  тілеулі,  алғысты  ағыстарға  толы, 
буырқанған  ішкі  сезім  селі  арнасынан  асып  төгіліп  жата- 
тын  жазу  жолдарын  тебіренбей  оқу 
мүмкін  емес.  Осын-
дайда  ұлы  жазушы 
М.  Әуезовтің  оған  «Қазақстандағы  тіл 
ғылымының  ағасы,  үлкен  ұстазы»  деп  баға 
беруінің  себе- 
бін ұғына 
түсесің. 
Ғалымның 
1930-50 
жылдары  жазылған  оқулықтары  
мен  оқу  құралдары  Қазақстандағы  оқу-ағарту  саласының 
барлық  негізгі  деңгейлерін  (бастауыш, 
орта, 
жоғары 
мек-
теп) 
түгел  қамтып,  қамтамасыз  етіп  отырды. 
Олар  ұзақ  
жылдар бойы дүркін-дүркін 
басылым көріп, қазақ 
тілін 
оқи-
тын бірнеше 
өскелең ұрпақтың білімге деген қажетін өтеді. 
Ол  кісінің  тіл  білімінің  аса  күрделі  мәселелерін  қазақ  ті- 
лінде  шешен  жеткізетін  қабілетін,  дәрісін  тыңдай  жүріп 
тағылым  алған  ұрпақтың  өкіліміз.  Секеңнің  ерен  тұлғасы, 
естен кетпес сөйлеу мақамы, үні құлақтан кетпейді. 
Кандидаттық,  докторлық  диссертациялар  қорғау  кеңе-
сінің  басшысы  ретінде  көптеген  ғалымдардың  ғылыми-
зерттеу еңбектеріне жол ашып, бағыт-бағдар беріп отырды. 
Ол  басқарған  Тіл  білімі  институты  ғылыми  кадр  даярлау 
жағынан  Одақтағы  негізгі  үш  орталықтың  бірі  болып  кел-
ген. Ғалымның өзі он шақты ғылым докторы мен жиырма-
дан  астам  ғылым  кандидаттарының  диссертациялық  еңбек 
жазуына жетекшілік, кеңесшілік жасаған. 
академик  і.К.  Кеңесбаев  –  ғылым  мен  білім  сала-
сындағы  кемеңгер  ұйымдастырушы.  Ғалымның  басшы-
лық  қызметке  ерте  араласқандығы  белгілі.  Ол  сонау  1933 
жылдан  Медицина  институтында  тілдер  кафедрасының 
меңгерушісі  болған  кезден  бастап  лауазымды  қызметтер 
атқарып келді. 1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы-
ның вице-президенті болып сайланған соң ғалым көп жыл-

80
дар  бойы  қоғамдық  ғылымдар  саласына  басшылық  жасап, 
оның өркендеп дамуына зор үлес қосты. Тіл және әдебиет 
институтын басқарған жылдары қазақ филологиясының ке-
мелдене түсуіне атсалысты. Ғалымның ұйымдастырушылық 
қабілеті  әсіресе  Тіл  білімі  институтын  басқарған  жыл-
дары  ерекше  танылды.  Осы  бір  ширек  ғасырдай  мерзім 
аралығында  институт  Одақтағы  ең  беделді  ұлттық  ғылым 
ордасына  айналды.  І.К.  Кеңесбаев  одақтық  деңгейдегі  
жиындарда,  симпозиумдар  мен  конференцияларда  үнемі 
ұйымдастырушылар  қатарында  жүрді.  Алматы  қаласында, 
Тіл білімі институтында өткен одақтық конференцияларды 
(1962, 1973, 1976) білгірлікпен басқарды. Ғалымның әлем-
дік  түркітанушылар  ортасындағы  беделі  де  өте  жоғары  
болады.  Ол  шығыстанушылардың  Мәскеуде  өткен  халық-
аралық конгресінде (1960), «Түрік Тіл қоғамының» Түркия-
да болған конгрестерінде (1966,1972), Алмания (1970) мен 
Мажарстанда  (1971)  өткізілген  алтаистикалық  конферен-
цияларда  маңызды  мәселелер  бойынша  баяндама  жасап, 
отандық  тіл  білімінің  беделін  асқақтатты.  Ол  Г.  Ярринг,  
Л.  Базен,  Д.  Синор,  Н.А.  Баскаков,  А.  Габен,  К.  Менгес,  
Н.  Поппе,  О.  Прицак,  Б.  Серебренников  тәрізді  ғалымдар-
мен  бірге  «Орал-Алтай»  қоғамының  құрметті  мүшесі  бо-
лып  бекітілді.  Ғалым  1978  жылдан  бастап  «Түрік  Тіл 
қоғамының»  корреспондент-мүшесі,  ал  1988  жылдан  бері 
аталмыш қоғамның толық мүшесі болды.
Академик  І.  Кеңесбаев  қазақ  тіл  білімінің  туын  жоға-
ры ұстай білді, өзінің алдындағы ағаларының ұлы ісін аса 
біліктілікпен жалғастырған ұлы тұлға. Осы жерде, реті кел-
генде, айта кететін бір жағдай бар. Кеңес өкіметі дәуірінде 
өзге  түркі  республикаларына  ұлттық  тіл  ғылымын  дамы-
ту  ісіне  көмек,  жәрдем  жасау  үшін  орталықтан  маман-
дар  жіберілгені  белгілі.  Қазақстан  ол  кезде  ғылыми  кад-
рлар  жағынан  толық  қамтамасыз  етілген  ел  деп  танылды. 
Себебі  қазақ  тіл  білімінің  деңгейі  мен  дәрежесінің  биік 
болуына  аянбай  атсалысқан  тұлғалардың  елімізде  қай  кез-
де  де  көп  болғандығы  көпшілікке  аян-ды.  XX  ғасырдың 

81
алғашқы ширегінде халқымыздың рухани көсемдерінің бірі 
А.  Байтұрсынұлы  бастаған  ғалымдар  шоғыры  иық  тіресіп 
тұрған  болса,  одан  кейінгі  кезеңде  олардың  ісін  ғұлама 
ғалым  профессор  Қ.  Жұбанов  бастаған  топ  жалғастырды. 
Ғылымға олардан кейін қадам басқан тілшілер шоғырында 
академик  І.К.  Кеңесбаевтың  шоқтығы  биік  болды.  Тумы-
сынан  көсем  серкедей  болып  жаратылған,  бүкіл  болмысы-
мен ірі, кесек тұлғалы азаматтың біліктілігі мен білімділігі, 
ұйымдастырушылық  қабілетімен,  мәмілегерлігімен  бірге 
айдыны  мен  айбыны  да  жетерлік  болатын.  Кеңес  өкіметі 
кезеңіндегі  түрлі  «тар  жол,  тайғақ  кешулерде»  басшының 
рөлі зор болды. Қазақ тіл білімінің қара шаңырағы санала-
тын  Тіл  институтына  ширек  ғасырдай  басшылық  жасаған 
ғалым қазақ ғылымының мәртебесін үстем етті. Егемен ел 
болып  отырған  заманымызда  ләйім  осындай  ұлтжанды, 
халқына тұлға боларлық азаматтарымыз көп болғай!
Секеңмен тілдескен соңғы сәт естен кетпейді. Бірде ол 
кісінің  халін  білуге  Ә.Т.  Қайдар,  К.Ш.  Хұсайын  үшеуміз 
үйіне  сәлем  бере  бардық.  Әбден  жүдегенмен  ойы  сергек, 
тың  екен.  Кабинетінде  жатыр.  Айналасы  толған  кітап,  га-
зет,  журналдар.  Біздің  барғанымызға  қатты  қуанып,  аб- 
дырап қалды. Алып адамның мынадай халде жатса да сер-
гектігіне таңғалдық. Кетерде «Тілге абай болыңдар!..» деді. 
Бұл бізге айтылған ол кісінің соңғы аманатындай еді. Құдай- 
ға  шүкір,  қазақ  тіл  білімінің  бүгінгі  мамандары  І.  Кеңес-
баевтың бұл аманатын адал орындап келеді деп ойлаймын. 
(Авторлас)
тіл мерейі
Қалың  оқырман  қауымның  қолына  жуырда  «Ғылым» 
баспасынан  шыққан  құнды  бір  кітап  тиді.  Авторы  –  қазақ 
тіл  білімінің  іргетасын  алғаш  қаласқан  ғалым,  Қазақ 
ССР  Ғылым  академиясының  академигі,  профессор  Ісмет 
Кеңесбаев. Құнды кітап деуіміздің себебі тілге ажар, сөзге 

82
нәр  беретін  тіл  байлығының  мақал-мәтел  тәрізді  берекелі 
бір бұлағы, бейнелі сөз тіркестерінің сөздігі жеке еңбек бо-
лып, түркология тарихында тұңғыш рет жарық көріп отыр. 
Кітапта  тек  фразеологизмдердің  жалаң  тізбесі  ғана  емес, 
сұрыпталған,  жүйеге  түсірілген,  мән-мағынасы  ашылған  
сан алуан тұрақты сөз тіркестері бар. Халық ауыз әдебиеті-
нің  мол  мұралары  –  ертегі,  дастан,  эпос,  ғашықтық  жыр-
лары, өлең, шешендік сөздер; қазақ әдебиетінің озық үлгі- 
лері,  таңдаулы  туындылары  –  Абай,  Жамбыл,  Мұхтар,  
Сәбит,  Ғабит,  Ғабиден,  тағы  басқа  ақын-жазушы  шығар-
маларынан алынған мысалдар сөздік жасауға ұйтқы болған. 
Сәтті  алынған  текстер  автордың  зергердей  шеберлігін,  
жан-жақты білімдарлығын көрсетеді. 
Сөздіктің  тағы  бір  назар  аудартатын  құндылығы  мы-
нада:  сөздік  материалдары  тек  қазіргі  әдеби  тілмен  шек-
теліп қана қоймайды, жалпы халықтық тіл аясында жүрген 
фразеологизмдер, жергілікті ерекшеліктерде қолданылатын 
фразадиалектизм  мен  көне  басылымдарда  ұшырайтын  тұ-
рақты сөз орамдары жан-жақты қамтылған. Сөздікте кейбір 
вариант сыңарларды қоспағанның өзінде он мыңнан астам 
тұрақты сөз тіркестері берілген. Бірақ автор қазақ тіліндегі 
фразеологизмдердің  бәрін  қалдырмай  танауынан  тіздім 
деп отырған жоқ, ол жайында оқушысын хабардар да еткен 
екен. Біздің айтайық деп отырғанымыз – сөздіктің 88 баспа 
табақ көлеміне сапасының орайластығы. Егер осы сөздікте 
қамтылған фразеологизмдерге лингвистика тұрғысынан на-
зар  аударсақ,  олардың  табиғаты,  бітім  тұлғасы  сан  алуан. 
Кітаптан  фразеологизм  деп  аталатын  күрделі  категорияға 
тән  нәзік,  қызғылықты,  сирек  сипатты  құбылысты  ұшы-
ратуға болады. Мысалы, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар  
тәрізді тұрақты сөз орамынан «асқан сұлу» деген мағынаны 
білуіміз мүмкін. Ал ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ де- 
ген фразаның да тап сол мағынада екенін жыға біле бермей- 
тініміз де кәдік. Немесе екі тізгін, бір шылбыр деген орам- 
ды  сөйлеу  тілінде  қолданып,  көркем  әдебиетте  ұшыратқа-
нымызбен, осы фразеологизмнің екі тізгін, бір айыл тәрізді 

83
лексикалық варианты екінің біріне таныс емес. Сөздік мұн-
дай фактілерге өте бай. Бұл тәрізді материалдар тек маман- 
дар үшін ғана құнды емес, жалпы тіл ұстартам, тіл қазына-
сынан нәр аламын, тіл жұмсау шеберлігін шыңдаймын деген 
талапкер  қауым  үшін  де,  әсіресе,  автор  бағыштап  отырған 
жас ұрпақ, өскелең өрендер үшін де пайдасы зор болмақ. 
Сырт көзге фразеологизм керек жерінде білгеніңше қол-
дана беруге болатын пішімі дайын категория тәрізді. Бірақ 
ондағы нәзік реңк, астарлы мән-мағынаны жіті аңғармасақ, 
қалыптасқан  тиянақтылықты  бұзсақ,  сөз  қолдану,  сөйлеу 
мәдениетімізге  нұқсан  келіп,  мүлт  кетпелер  көбейер  еді. 
Мәселен, кейбір авторларымыз құрыққа сырық жалғап де-
генді  сырыққа  құрық  жалғап  деп  «инверсиялап»  қолдана 
береді. Немесе барар жер, асар тауым жоқ деген тұрақты 
сөз тіркесін «логикаға» сүйеніп, басар жерім, барар тауым 
жоқ деп қолдану дұрыс дегенді айтады. Айрандай аптап… 
тәрізді фразеологизмді айранын аптап деп түрлендіру; еңіс-
тен салса, төске озған деген бейнелі сөз орамын қапталдан 
салса, төске озған деп бұзып қолдану фактілері де аракідік 
жас  қаламгерлердің  тіл  жұмсау  дағдысында  кездесіп  оты-
рады.  Әрине,  мұндайда  сөздіктің  нормалаушы  функция-
сы  бар,  әдеби  тілге  көрсетер  қызметі  мол.  Сөздіктің  әрбір 
фразеологизмді  мән-мағынасына  орай  орынды  қолдануға 
тигізер  септігі  де  осындай  тұста.  Сондықтан  бұл  еңбектің 
тіл  мәдениетін  арттыруда  да  өзіндік  үлесі  аз  емес.  Жеке-
леген сөздер тәрізді фразеологизмдерде де жарыспалы сы-
ңарлар (варианттар) болады. Олардың ішінде де, бәлкім, қа-
лып қоятын қосалқылары да, қолданыла келе өзіндік реңк, 
стильдік  сипат  алып,  әдеби  тіл  кәдесіне  жарайтындары  да 
болады. Әрине, фразеологизм варианттарының сөздікте мо-
лынан, түр-түрімен қамтылуы құптарлық жай. Автор олар-
ды  қалай  болса  солай  ендіре  салмай,  әдеби  тіл  нормасына 
лайық-ау дегендерін саралай білген, фразеологизмнің негізгі 
варианты  деп  танылғанын  алдымен,  қосалқыларын  соңын 
ала  беріп  отырған.  Мәселен,  ай  дейтін  ажа,  қой  дейтін 
қожа жоқ тәрізді тіркесті алдымен, ал әй дейтін әже, қой 

84
дейтін  қожа  жоқ  деген  вариантын  қосалқы  етіп  берген. 
Варианттардың нормалану барысында мұндай шешімнің тіл 
мәдениетінде алатын орны ерекше.
Автордың отыз жылдан астам уақыт қазақ тіліндегі тұ- 
рақты сөз тіркестерін жинап, лексикографиялық сұрыптау-
дан өткізу барысында тіліміздегі фразеологиялық тіркестің 
табиғатына  дөп  келетін  сөздіктің  жаңа  құрылымын  табуы  
лексикография теориясы, практикасы үшін де ерекше мек-
теп  дер  едік.  Түркология  тарихында  тұрақты  сөз  тіркес- 
терінің  бұрын-соңды  мұндай  академиялық  сөздігі  жасал-
маған.  Сондықтан  сөздіктің  құрылым  жүйесіндегі  кейбір 
өзгешілікті қысқаша айта кетуді жөн көрдік. Сөздік алфавит 
тәртібіне құрылған. Осыған орай оқушы өзі іздеген тұрақ- 
ты  тіркесті  алфавит  тәртібі  бойынша  табады  да,  керекті  
сөзін  сөздік  соңындағы  индекс  түрінде  жасалған  сөз  тізбе 
арқылы іздейді. 
Автордың  тағы  бір  тер  төккен  тұсы  фразеологизмдер- 
дің  мағынасын  ашудағы  еңбегі.  Бұл  ұзақ  ізденіс,  көптеген 
салыстыруды  керек  ететін,  инемен  құдық  қазғандай  қиын-
дығы мен қызығы қатар жұмыс. Олай дейтініміз жазба тілде 
дерегі  жоқ,  үйірге  қосылмай,  мағынасы  жыға  танылмай 
жүрген тұрақты тіркестер қаншама? Немесе жалпы ұғымы 
таныс сияқты болғанымен, мағынасын дөп басып, тобықтай 
түйінін дәл табуға кез келген тұрақты тіркестің ырық бер-
мейтіні  де  бар.  Мәселен,  жылқы  мінезді,  мәйегі  шығып 
отыр  дегеннің  жалпы  қандай  мәнде  екендігі  байқалғаны-
мен, нақтылы мағынасын аша қою қиын. Өйткені осындай 
жалпылық мәндегі фразеологизмді әркім өзінше топшылай-
ды. Әрине, мұндай жерде фразеологизмдегі көпмағыналық 
пен  мағынадағы  жалпылық  құбылысын  шатастыруға  бол-
майды.  Сөздік  құрастырушының  мұндай  тұста  ізденіспен, 
білімдарлықпен  жауап  тауып,  білгенін  байқаймыз.  Тағы 
бір  қиындық  –  фразеологизмдер  әлденеше  мағыналы  бо-
лып  келеді,  әртүрлі  ұғымды  білдіреді.  Олардағы  айырма-
ны  дөп  тауып,  әр  мағынасын  орынды,  орайлас  текстермен 
жабдықтап отыру да күрделі жұмыс. Мұндағы түсініктеме-

85
лер ұқыпты, анықтамалар ықшам. Автор сөздік түзу бары-
сында  озық  лексикография  теориясының  үдесінен  шыға 
білген. Олай дейтініміз – лексикографияда мағына ашудың 
бірнеше жолы бар. Олардың негізгісі синонимия мен сипат-
тама  тәсілі.  Қазіргі  кездегі  лексикографтар  мағына  ашуда  
синонимия  тәсіліне  алдымен  бой  ұрады.  Осы  сөздік  авто-
ры  да  фразеологизмдердің  мағынасын  ашуда  синонимия 
тәсіліне көбірек жүгінген. 
Кітаптың  екінші  бөлімі  қазақ  тілі  фразеологиясының 
теориялық  негізіне  арналған.  Ана  тіліміздегі  тұрақты  сөз 
тіркестерінің типтері, оны танып-білу, ондағы құбылыстар, 
тілдің  басқа  да  қабаттарымен  байланысты  тағы  да  толып 
жатқан мәселелер қамтылады. 
Әдетте  фразеологизм  табиғатын  танып-біліп,  оны  топ-
тастыруда  зерттеушілер  арасында  үлкен  екі  пікірсайысы 
бар.  Фразеологизмді  тар  мағынасында  ұғушылар  мағына 
шарттылығын  ғана  мойындап,  тұрақты  сөз  тіркесінің 
объектісіне тек идиомдарды жатқызады. Сан алуан тұрақты 
тіркес түрлерін фразеология объектісінен шығарып тастай-
ды. Мұндай зерттеушілер тілдің мәнді бір қаттауын, көпте-
ген  тұрақты  тіркестерін  ескермей,  шетқақпай  қалдыратын 
тәрізді.  Ал  фразеологизмді  кең  мағынасында  түсінушілер 
мақал-мәтел,  қанатты  сөз  орамдарын,  тіпті,  мекеме  атта-
ры  тәрізді  күрделі  тіркесті  де  фразеологизм  деп  таниды. 
Мұндайда  тұрақты  сөз  тіркесінің  мағына  тиянақтылығы-
нан гөрі қолдану тиянақтылығына баса мән береді де, өзге 
еркін  тіркестерден  фразеологизмнің  шегарасы  ашылмай, 
тым  шексіз  болып  кетеді.  Ал  сөздік  авторының  бұл  мәсе- 
леде пайымдауы өзгешелеу. 
Тіл білімінде фразеология саласының теориялық тұрғы-
да  зерттелуі  1930-40-жылдардан  басталады.  Бұл  салада  
басқаларға  қарағанда  кешегі  кеңес  тіл  білімі  көшбойы 
озық тұрады. Жалпы тіл білімінде зерттелуі кенжелеп бас-
талған  бұл  саланы  қазақ  тіл  ғылымында  үлкен  көшбасшы 
ғалымның өзі қолға алып, биік бір белеске шығарды, қазақ 
фразеологиясы  дербес  пәнге  айналды.  Алдымен  тұрақты 

86
сөз  тіркестерінің  типтері  мен  түрлеріне  классификация  
жасалынды.  Оларға  тән  сан  алуан  құбылыстардың  таби-
ғаты,  сыры  ашыла  бастады.  Қазақ  фразеологиясының  
проблематикалары,  міндеттері,  тағы  басқалары  белгіленді. 
Міне,  осындай  зерттеудің  нәтижесі  қазақ  фразеологиясы-
ның дербес пән дәрежесіне жеткендігін көрсетеді. 
Сайып  келгенде  айтарымыз:  бұл  сөздік  қолына  қа-
лам ұстап, ой-пікірін ана тілінде өрбіткісі келген әрбір қа- 
ламгердің күнделікті тірлігіне көмекші құрал есебінде қол-
ғабыс  тигізері  даусыз.  Ойының  орамды,  сөзінің  нәрлі  бо- 
луын  қалайтын  әрбір  сауатты  азамат  тіліміздің  інжу-мар-
жанын тізіп әкеп, таратып, талдап отырған мұндай сөздікті 
ешбір көркем туындыдан кем санамаса керек. Ана тіліміз-
дің  мәресі  биіктен  көрінуін  ойлағанда  мұндай  еңбектердің 
шоқтығы  тіпті  биіктей  түспек.  Өзінің  болмыс-бітімімен, 
салмақ-саралығымен даралана шыққан еңбекке жол болсын 
айтып, жолшыбай демеушілік жасаудың өзі де кейде артық. 
Сондықтан ендігі баға оқушының өресіне байланысты деп 
білеміз. 
(Авторлас)
алаПат СезімГе Ие алПауыт тұлға...
(Академик І. Кеңесбаев туралы)
Қадірменді халайық, шырғалаңы мен шырайы алма-ке-
зектеніп, адамды әлденеше саққа салып, ауысып келіп оты-
ратын  Өмір  өлкесінде  сенің  тағдырың  көбінесе  өзіңе  ғана 
байланысты  емес,  туған  ұяң  мен  өріс  ашар  ортаңа  байла-
нысты  да  болады  екен.  Кімдерге  кезігесің,  қай  ортаға  тап 
боласың,  ендігі  өмірің  соларға  тәуелді.  Мәселен,  мен  өз 
басым  талайыма  тап  келген  тағдырыма  ризамын.  Қолыма 
қалам  ұстадым,  тілді  қалап  алдым,  ғылым  атты  киелі 
шаруаға  өз  өмірімді  бағыштадым.  Міне,  осы  жолда  небір 
асыл  жандармен,  әсіресе  өзінің  кісіні  шошындырар  тосын 
мінезімен де, өзгелерге ұқсамайтын алып әрекеттерімен де 

87
қымбат  адамдармен  сырлас,  сыйлас,  қадірлес  болуға  тура 
келді.  Олардың  көбі  қазір  ортамызда  жоқ.  Бар  болмыс-бі-
тімімен,  келеңді-келеңсіз  қылықтарымен,  адамгершілік  
адал мінез-құлықтарымен жыл өткен сайын тұлғалана түс- 
кен  сол  бір  ағалар  табиғаты  қазір  аңсатады,  іздейсің,  ізде-
генмен  таппайсың.  Ойсырап  жатқан  орындарын  толтыру  
мүмкін  емес,  қажет  те  емес.  Өйткені  олар  жасап  кеткен  
дүние тарихқа сол қалпымен енбек, ал келер ұрпақ оны ары 
қарай жалғастыруға, дамыта түсуге міндетті. 
Әңгіме  өткеннің  өнегесін  танып,  тағылым  ала  білуде 
ғой. Бәлкім, осы тұрғыдан кезінде қағаз бетіне түсіп қалған 
жазбаларымның  қайсыбірін  бүгін  оқырманға  ұсынған  
дұрыс шығар деп ойладым. Бұл жолғы әңгіме оқырманға сәл  
тосындау болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де Ісмет Кеңесбаев-
тың  бұрыннан  мәлім  ғылыми  еңбектерін  тағы  да  таратып 
талдап  беруден  гөрі,  оқырманға  кейде  оның  адами  бол-
мысына тән қасиеттерін көрсететін тұстарын баяндаған да 
жөн бе дедім. Сондағы үзік сырлар мынадай еді. 
туған күн
1973  жылдың  ақпан  айы  орталап  қалған.  Қыс  болған-
мен,  күн  суық  та  емес,  жылы  да  емес,  әйтеуір  адам  онша 
қымтанбай,  қысылмай  жүрген  шақ.  Ғылым  қарашаңырағы 
саналатын  Тіл  білімі  институтының  ұжымы  бірде  біраз  
жылдардан  бері  дағдыға  айналған  бір  қарбаласқа  кірді  де 
кетті. Сыбыр-күбір көбейіп, оңаша сөйлесу, сыбырласудың 
аяғы туған күнге барып тірелді. Әңгіменің арқауы Секеңнің 
(Ісмет  Кеңесбаевтың)  туған  күні  туралы  болып  шықты.  
Секең көп жылдан бері ұжымды басқарып келе жатқан ұста-
зымыз.  Ол  кісінің  туған  күнін  тойлау  институт  шаруасы- 
ның біріндей болып қалыптасып кеткенін сезетінмін. Өзге-
лердей  қоян-қолтық  араласып  кетпегенмен,  ұстазға  деген 
ілтифатымнан жаңылған емеспін. Ел тағы да сол дәстүр бо-
йынша жиналып, Секеңдікіне бармақ екен. Бағанағы сыбыр-

88
күбірдің  мәнісі  осы  болды.  Осындайда  кейбір  әріптестер- 
дің  қылығы  маған  мүлде  ерсі  көрінуші  еді.  Бұқпантайлап, 
жасырын  жылғаласып,  әйтеуір  болмашы  бір  ұсақ-түйек 
нәрсені атан түйедей етіп бұлдап, туған күнге апармақ бо-
лып жататын. 
Тап  сол  күні  үйге  Керімбек  келді.  Ол  М.  Әуезовтің  
сыни көзқарастары жөнінен жақсы кітап жазып, кандидат-
тықты  қорғаған  зерделі  зерттеуші  Сыздықов  деген  азамат. 
Менің  сырлас,  сыйлас  дос-жарандарымның  бірі.  Секеңнің 
жиені болатын. Бүгін Секеңнің туған күні екенін сол айтты. 
Оның бұл жолғы шаруасы да сол туған күнге «барамыз ба, 
қайтеміз?» дегенді кеңескелі келген екен. Мен: 
– Кереке, біз ертең барайық. Өйткені бүгін баратын кі-
сінің қарасы көптеу екен. Үлкендердің арасында бізге орын 
да  болмас,  қыстырылмай-ақ  қойсақ  қайтеді,  –  дедім.  Бұл 
ұсынысым көкейіне қонды да:
–  Осы  жөн-ау!  –  деді  де,  ертең  кездесетін  болып  кетіп 
қалды. Ертеңіне біз Секеңе құр қол бармаудың жайын ақыл-
дастық.  Мұндайда  «бейілдің  белгісін»  танытатын  ықылас-
тың артықтығы жоқ деп қоямыз. Сонымен, ең дұрысы сол 
болар деп «Қазақстан» магазинінен домбыра алмақ болдық. 
Ол кезде тәуір домбыраны ел осы дүкеннен іздейтін. Сөйтіп 
30  домбыраның  ортасынан  ойып  тұрып  біреуін  таңдадық 
та, алған сыйымызға мәз болып, Секеңнің үйіне қарай аяң- 
дадық.  Осынымыздың  өзіне  біртүрлі  қысылып,  ыңғайсыз-
данып  та  келеміз.  Мұндайды  жасап  кім  көріпті.  Дегенде 
мына  таңдауымызға  өзіміз  мәзбіз.  Сөйтіп,  келе  жатқанда 
Керімбек: 
–  Мұнымызды  жеңгеміз  ұната  қойса,  бір  сәрі.  Қу  аға- 
шың кімге керек деп жүрсе не істейміз? – деп оқыс ой тас-
тады. 
– Домбыра қазақтың киелі қазынасының бірі ғой, өйте 
қоймас,  –  деймін  мен.  Керімбек  тағы  бір  әңгімені  бастай 
беріп, күліп жіберді. 
– Не болды?
–  Мана  киініп  үйден  шыққалы  жатсам,  көкем  (әкесі 
Сыздық  қарияны  ол  осылай  деп  атайтын):  «Е,  қайда  асы- 

89
ғып  барасың?»  –  дегені.  Мен:  «Көкемнің  туған  күні  еді, 
бүгін. Соған!» – дедім. «Кімнің? Ісіметтің бе? О, тәңір ал-
сын, тәңір алғырды. Сомадай боп онысы несі-ай, бала емес, 
шаға  емес.  66-ға  келдім  деп  туған  күн  жасап  жатқаны  ұят 
емес пе, қой ары!» – деп кейігені. 
Мен көзімнен жас аққанша күлдім. Шынында, көненің 
көзіндей  Сыздекеңдей  тақуа  адамның  миына  кірмейтін  іс 
қой бұл. Осындай күлкімен келіп, Секең үйінің қоңырауын 
бастық. 
Есікті Жұмаш жеңгей ашты. Кешегі қонақтан шаршаған 
ба,  жеңгейдің  қабағы  қатыңқы.  Әуелі  біздің  қойны-қоны-
шымызды  бір  шарлап  өтті  де,  бозарыңқырап  барып  үнсіз 
кухняға кіріп кетті. Біз жайлап шешіне бастадық. Кухнядан: 
–  Сімет,  саған  кепті,  Керімбектер  ғой,  –  деген  дыбыс 
шықты. Сол кезде арғы түкпір бөлмеден аңқылдаған атан да-
уыс кеп бізді құшаққа алды. 
–  Өй,  айналайындар!  Қайдан  адасып  жүрсіңдер?  Мә, 
мынаны  қара,  домбыраларын  ала  кепті  (өзіне  алынғанын 
аңғармай тұр). Жұмаш, ей! Ал, қане, сен басқа әңгімені қой 
да, қазаныңды қайта көтер. Жина, мыналарыңды (дастарқан 
үстіндегі қалдықтарды нұсқап). Екеуі келгенде бар ғой, еш-
теңе аяма, – деп үлкен басымен лезде әбігерге түсті де қалды. 
 Жұмекең шаршаңқы кейіптен арыла алмай жай ғана: 
– Барын берем. Соған риза болар! – деді. Осы екі орта-
да  біз  де  сырт  киімімізді  ауызғы  бөлмеге  іліп,  домбыраны 
қалай тапсырудың ыңғайын таппай тұр едік. Секең ерекше 
бір ықыластана: 
– Ал енді бар ғой, жігіттер, мыналарың тамаша болды. 
Осы бір ғой енді, домбыраны сағынып жүрмін. Ән мен күйге 
бір  кенелтіп  кетіңдерші,  бүгін  домбыра  ала  келгендерің 
мұндай жақсы болар ма?! Өзіміз бір оңаша отырайықшы! – 
дегені. Секеңнің адамды бірден тартып әкететін осындай бір 
екпінінен елтіңкіреп тұрып: 
–  Бұл  домбыраны,  Секе,  Сізге  әкелдік.  66  дейтін  бір 
қарағанда  көп  көрінгенмен,  қайраттысыз  ғой.  Жастық  жа-
лын бойыңыздан кетпесін! Домбыра әрдайым жақсылықтың 

90
шақыртқысы болсын! – деп Керімбек екеуміз жарыса сөйлеп 
кетіппіз.  Мұның  осы  үйге  басымен  келгенін  енді  аңғарған 
Жұмекең: 
–  Бізге  әкелдіңдерме-ей,  анаң  қара!  Бәле  ғой  мыналар. 
Рахмет!  –  деп  енді  ғана  жылы  шырай  танытты.  Ал  Секең 
сол бағанағы көңіл-күйі, ағыл-тегіл, тіпті тоқтар емес. Жал-
пы бұл кісі кішкентай қуаныштың өзін төңірегін түгендеп, 
ортақ  мерекеге  айналдырып  жіберетін,  тумысы  бөлек  жан 
еді ғой. Жұмекеңнің қабағына аздап жылы шырай енген соң 
Секеңнің кабинетіне өттік. 
–  Ал,  қане,  Жұмаш,  дастарқан  жай,  әкел  бәрін!  Қайда, 
әлгі,  қазы-қарталарың?  –  деп  Секең  жеңгеміздің  дегбірін 
одан сайын ала бастады да, бізге қарап: – Енді бар ғой, мұн-
дайда бірер рюмка коньяк тастап алса да болады, – деп жы-
миды. 
–  Коньяк  жоқ,  ол  қайдан  болады?  –  деп  Жұмекең  таң-
дайын тақ еткізді. Бірақ оған бола қоятын Секең бе? 
– Ай, енді, шын жыласа соқыр көзден жас шығады деген. 
Біздің  Жұмаш  бар  ғой,  қара  да  тұрыңдар,  шындап  кіріссе,  
таппайтынды табады, – дейді Секең қуланып. Осы қалжы-
ңымен өзін де, бізді де бір жайлы да жайсаң қалыпқа түсіріп 
алды... Бұл әзіл-әжуасы аралас қалжың торынан Жұмекең-
нің сытылып шыға қоюы қиын боп қалды ғой деймін. Бір 
мезгілде ол:
– Бұл енді көрген нәрсесін ұмытсайшы. Кешегі кештен 
әдейі Сәулеге деп алып қойған бір коньягім бар еді. Сол ғой, 
бұның  қоймай  отырғаны.  Тойдан  сарқыт  қалсын  да,  енді, 
қызыңа, – деді сонда да көнгісі келмей. Сәуле алыста, Герма-
нияда жүрген. Соған сақтамақ болғаны ғой, коньякты. 
–  Әкел,  әкел,  табылады,  бәрі  табылады,  –  деп  бастыр-
малатып әкетті Секең. Дәл осы кезде телефон безілдеп қоя 
берді. Трубканы көтерген Сәкең: 
– О ..ооо... ой, – деп дауысын емірене созып, соншама бір 
қуанышты хабар алғандай, – кел, кел, күтеміз, тездет. Оқасы 
жоқ! Енді бар ғой звандағаның мұндай жақсы болар ма, по-
жалыста. Жақсы, жарайды, жарайды! 

91
Трубканы қойды да: 
–  Еркебай  ғой.  Ойпырмай,  енді  бар  ғой,  өзі  бір  жақсы 
адам. Біреуге жақсылық ойлағаннан басқа залалы жоқ кісі. 
Мен  кейде,  әдейіге  оның  өзін  қалайтын-қаламайтын  адам-
дары жөнінде сөз қозғап, «осы қалай?» деп сөзге тартсам, 
міз  бақпайды-ау,  міз  бақпайды,  қайта  әлгілерді  мақтай 
жөнеледі.  Сол  кеше  келе  алмағанына  өкініп,  «кіріп  шық- 
сам» дейді. Келсін, ешкімді шақырғам жоқ. Бәрі де өз бет-
терімен келіпті. Мәкең (М. Балақаев) де бар. Ай, бір жақсы 
кеш болды ғой, несін айтасың, – деп барып тоқтады. 
Аздан соң Ерекең (Қойшыбаев) келді. Шай үстінде біраз 
әңгіменің  бұлағы  ақтарылды.  Үзіліс  кезінде  Секең  жаңа 
домбырасын менің қолыма ұстатып «аяқ алысын көрелікші» 
дегендей болған соң, Тәттімбеттің «Азаматын», Төлегеннің 
«Қосбасарын»  шерттім.  Секең  көзін  жұмып,  елтіп  тыңдап 
отырды. Қозғалыс, қимылынан қай-қайдағы ойлар жетегін-
де кеткені байқалады. Жанары көп нәрсенің байыбына ақыл-
мен бара алатын үлкен азаматтың пайымын, түйсік, түсіні-
гін әйгілеп жалтаңдады. Толғанып біраз отырды да, бір то-
сын әңгімені бастап кетті. 

жүктеу 7.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет