Өмірзақ айтбайұлы


қазақ термИНОлОГИЯСыНДағы



жүктеу 7.95 Kb.
Pdf просмотр
бет3/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

қазақ термИНОлОГИЯСыНДағы
қ.қ. ЖұбаНОВтыҢ ОрНы
(1899-1938)
Бүгінгі қазақ терминологиясының дамып, қалыптасуына 
Қ.Қ.  Жұбановтың  алатын  оны  ерекше.  Ерекше  болаты-
ны  ғылым  тармақтары  енді-енді  ерекшеленіп,  енді-енді 
айқындала  бастаған  тұсының  өзінде  еуропаша  арнайы 
білім алған, сөйтіп қазақ тілі білімінің мәселелерін кезінде 
ғылыми  тұрғыда  жүйелеп  қарастыра  бастаған  одан  басқа  
маман лингвист бола қойған жоқ. Бұл – бір.
Екіншіден,  алып  Ахаң  (А.Байтұрсынұлы)  қазақ  тілінде 
терминдердің алуан түрін жасап, өзі жазған оқу құралдарын 
ендіріп,  қолданысқа  қосып  кетсе,  зерек  Құдекең  сол  тер-
минжасамның  принциптерін  саралап,  ғылыми  тұрғыда  не-
гіздеп берген.
Қазақтың  ғылым  тілін  жасауға  зор  септігін  тигізген  
Қ.  Жұбанов  бұл  салаға  неше  алуан  практикалық  тәжірибе 
жинап,  теориялық  тұжырымдарды  ой  елегінен  өткізе  оты-
рып келген болатын. Оның қазақ терминологиясымен айна-
лысуы 1925-35 жылдар арасына жетелейді. 
Қараңыз, 1935 жылы Мәскеуде академик Е.А. Чаплыгин  
мен  проф.  Д.С.  Лоттенің  бастауымен  Одақтық  Академия  
жанынан  ғылыми-техникалық  терминология  Комитеті  құ- 
рылды.  Дәл  осы  1935  жылы  біздің  автономиялы  Респуб-
ликамыздың Халық Комиссарлар Кеңесінің жанынан Мем- 
лекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) құрыл-
ды.  Осы  комиссияның  құрылуына  себепкер  болған  проф.  
Қ. Жұбанов оның тұңғыш төрағасы болып белгіленді. Міне, 
осы  кезеңнен  бастап  Қазақстанда  терминология  мәселе- 
лері  жүйелі  түрде,  жоспарлы  жұмыс  ыңғайында  жүргізіле 
бастады.

38
1935  жылы  енгізілген  мәдениет  саласы  қызметкерлері-
нің Бүкілқазақстандық съезі ашылар қарсаңында Қ. Жұба-
новтың жетекшілігімен Мемелекеттік терминология комис-
сиясы «Бюллетенінің» 4 саны жарық көрді. Бұл төртеуінде 
жария  болған  17  зерттеу  мақаланың  тең  жартысы  термин 
мәселесіне  бағышталған.  Емле,  әліппе,  әріп  жөніндегі  ма-
қалалардың өзінде термин сөзге соқпай кететіні жоқ. 
Бюллетеннің 1-ші санында терминология мен орфогра-
фияға  қатысты  бірнеше  материал  басылған.  Олардың  қай- 
сыбірінің  қазақша-орысша  нұсқасы  қатар  беріледі  де,  қай-
сыбіреуі  ана  тілінде  ғана  жарияланған.  Біздіңше,  мұның 
мынадай  себептері  болған  тәрізді.  Біріншіден,  саяси  мәні 
ерекше  сауаттылық  әлемінде  жасалып  жатқан  мұндай  ша- 
ралардың  деңгейін  бүкілодақтық  дәрежеге  көтеру  болса,  
екіншіден,  айтулы  ғұламалардың,  партия-кеңес  қызмет-
керлерінің  және  оқу-ағарту  ісіндегі  мамандардың  мағлұ-
матының кеңеюіне жол ашу. Қалайда, сол кезеңнің өресінен 
қарағанда, материалдардың осындай тәртіппен берілуі өзін-
өзі  ақтады  деп  білеміз.  Мәселен,  осы  алғашқы  санының 
өзінде  «Қазақ  әдебиет  тілінің  терминдері  туралы»  және 
«Термины казахского литературного языка» деген атпен ма- 
қала  екі  тілде  берілсе,  «К  пересмотру  казахской  орфагра- 
фии»  мақаласы  орысша  жарияланған.  Бұл  аталған  дү-
ниелердің  авторы  –  Қ.  Жұбанов.  Ал  «Теріс  жазуға  емле 
себепші болмасын» (К. Бегалинұлы), «Қосар ма, дара ма?» 
(Жұбанұлы  Құдайберген)  және  «Қазақ  тілінің  емлесі  мен 
әліппесіне  кіргізілетін  өзгерістердің  жобасы»  дейтін  ма-
териалдар қазақша басылыпты.
2-ші  санында  «Терминдердің  спецификасы  жөнінде»  
(«О специфике слов-терминов»), «Қазақ тілі орфографиясы 
мен  алфавитіндегі  өзгерістер  жөнінде  жоба»  («Проект  из-
менений орфографии и алфавита казахского языка») сияқты 
орыс тіліндегі мақалалар, сондай-ақ қазақ тілінде жазылған 
«Математика  терминдері  жөнінде»,  «Физика  терминдері 
жайынан» тәрізді мақалалар басылған.

39
3-ші санында өткен 2-ші санда жарияланған «О специ-
фике слов-терминов» деген мақаланың қазақшасын беріпті. 
Соған  қоса  дүнген  тілі  орфографиясы  жөнінде  Цунваза- 
ның жобасы басылған.
«Бюллетеннің» соңғы 4-ші санындағы материалдар тек 
қана қазақша. Олар мыналар: «Қазақ тілінің емлесін өзгерту 
жайы»  (Қ.  Жұбанов),  «Емле,  әліппені  өзгерту,  дұрыстау 
жөніндегі жоба» (Аманжолұлы Сәрсен), «Әріп, емле, тер-
мин  мәселелеріндегі  негізгі  таяныш-тірегіміз  не  болуы 
жөн?» (Басымұлы Қажым), «Терминдер туралы».
Сонда «Бюллетеннің» төрт санында жарияланған ғылы-
ми мақалалардың термин мәселесін тікелей сөз ететіні со-
ның жеті-сегізі. Басқалары терминді орфография мен алфа-
витке байланысты әңгіме етеді. Алайда сөзіміздің басында 
ескерткеніміздей, осы мақалалардың өзінде-ақ көптеген мә- 
селелердің  басы  ашылып,  жазуымызда  жүйе  бола  баста-
ды. Көптеген термин сөздерді ретке келтіріп, оны қолдану, 
қабылдау, тіпті жасау принциптері айқындала түскені мәлім.
Мемлекеттік  терминология  комиссиясының  бұл  басы- 
лымында  тағы  бір  көңіл  қоюға  тұрарлық  бір  мәселе  бар. 
Ол  мынау:  Оның  әрбір  санында  комиссияда  қаралған, 
талқыланған термин сөздер тізімі жарияланып отырған. Бұл 
мәселенің дер кезінде шешім тауып, қабылдануына септігін 
тигізген шара деп білеміз.
«Бюллетеннің» алғашқы санының өзінде алдымен қазақ 
әдеби  тілінің  теринологиясын  жан-жақты  әңгімелеп,  оның 
жасалу,  қалыптасу,  даму  және  қолданылу  өрісі  жайында 
нақты мағлұмат-нұсқау беріп алған соң, «Социал-экономик 
пәндерінің  терминдері»  мен  «Математика  терминдерінің 
орысша-қазақша  сөздігі»  берілгені  осыны  ұйымдастыру- 
шы адамдардың білігін танытқандай.
Ал  екінші  санда  «Физика  терминдері»  мен  «Ботаника  
терминдері», үшіншісінде «Математика терминдерінің жал-
ғасын»,  төртіншісінде  «Физика  терминдерінің  жалғасын» 
жариялап үлгеріпті. Сонда, байқап қарасақ, сол кездің өзін-
де-ақ біздің ғылыми мекемелер мен маман адамдар кезеңі-

40
нің  тілек-талабына  сай  ел  мұқтажын  өтейтін  мәселелерді 
әлеумет  талқысына  дер  кезінде  салып,  көпшілік  назарын 
уақтылы  аудара  білген  екен.  Ендігі  мақсат  осы  «Бюлле-
теньде» жарияланған мақалалардың ғылыми мәнін саралап, 
ондағы  көтерілген  мәселелердің  салмағын  таразыға  салу 
болса  керек.  Мұнсыз  біздің  жалпы  әдеби  тіліміздің,  оның 
ішінде  өте  бай  терминологиялық  лексикамыздың  жасалу, 
қалыптасу, даму жолын анықтай алмаймыз.
Қ.  Жұбанов  «Қазақ  әдебиет  тілінің  терминдері  жайын- 
да» деп атаған мақаласында сол кезеңнің саяси-әлеуметтік 
болмысына  бойлап,  тіл  мәселесіндегі  неше  алуан  құбы-
лыстарға  тоқтайды.  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  алғашқы 
жылдарда ұлттық мәдениетіміздің айқын бір көрінісі – са- 
уат ашу саласында әрқилы талас-тартыс, айтыстардың бол-
ғаны  мәлім.  Айтыстың  дені  интертерминдерге  қатысты  
туындап жатты.
Шынында, бұл тіпті де оңай мәселе емес еді. Неге десе-
ңіз,  ол  кезде  айқайлатып  айтылмағанмен  әрбір  іс-әрекет- 
тен  орыстандыру  саясатының  салқын  салдарын  көруге  
болатын.  Осының  түп  негізін  ерте  байқаған  көреген  Ахаң  
(А.  Байтұрсынұлы)  қазақ  тілінің  заңды  даму  жолын  алды-
мен өзі танып-біліп, сосын ел-жұртына білдіргісі келген-тін.
Сөйтіп,  ол  тілде  болатын  өзгеріс,  өріс,  не  түрлі  құбы-
лыстың  бәрі  тек  ішкі  заңдылыққа  орай  өрбуі  тиіс  деген 
түйінге  келеді.  Әсіресе  ол  қазақ  тілінің  ғылым  мен  білім 
әжетіне  жарарлық  қазынасын  сарапқа  салып,  теңдесі  жоқ 
терминдік жүйені жасап, қалыптастырады. Сөйтіп, ол өзінің 
тілге  деген  оң  көзқарасынан  таймай,  ұлт  мәдениетінің 
Хантәңіріндей  болып,  өз  ұлтына,  өз  тіліне  деген  ұлы  ма-
хаббатын  сөндірмеген  күйі  дүниеден  өтті.  Тілдегі,  әсіресе 
терминжасамдағы  ол  ұстанған  бағыттың  басты  шарты  
әуелі  ана  тілінің  бар  байлығын  іске  жарату  болатын,  шет-
тен  келген  қандай  сөз,  қандай  аталым  болса  да,  оның  тіл 
заңдылығын қабылдап, кіріге келуі қадағаланатын.
30-жылдардың екінші жартысында осы басты байламға 
күрделі өзгерістер енгізілді. Ол, әсіресе, орыс тілінен және  

41
сол  тіл  арқылы  келген  интернационалдық  терминдерге  қа- 
тысты болды. Онда өз тіліміздің емес, әлгі кірме терминдер-
дің өзгертілмей айтылуы мен жазылуы қатты қадағаланды. 
Сөйтіп  ана  тіліміздің  табиғи  болмысынан  тыс,  жат  заңды-
лық  күштеп  енгізілді.  Термин  жасау  принциптерінің  ал-
ғашқы  жобасын  жасаған  проф.  Қ.  Жұбанов  екені  даусыз. 
Алайда  осы  принципті  түзу  барысында  профессор  өз 
еркінен  тыс  қатал  тапсырма  торына  түсіп  қалған  сияқты. 
Өйткені  қазақ  тілі  заңдылықтарын  бір  білсе,  осы  адам  бі-
леді  дейтін  ғұламаның,  «өзге  тілдік  кірмелерді  бұлжытпай 
алайық»  деуінде  амалсыздық  байқалады.  Бұл  сол  кезеңнің 
білімпаздары  амалсыз  мойынұсынған  шара  демеске  бол-
майды.  Қазақ  тілінің  емле  ережелері  де  сол  баяғы  Мәскеу 
ықпалымен жасалғаны мәлім.
Бұл  тілдің  даму  жүйесіне,  сауат  ашу  ісіне  жасалған 
қиянат еді. Әйтсе де Мемлекеттік терминология комиссия-
сы  жұмысының  айрықша  болғанын  атап  айту  парыз.  Ол 
құрылған  алғашқы  күннен  бастап  осы  тектес  ең  күрделі 
мәселелермен айналысып, әдеби тілдің нәрлене, қалыптаса 
түсуіне септігін тигізген талай шешім қабылдап келеді.
20-жылдардағы әлеумет өміріне, соған орай ғылым мен 
мәдениет  тарихына  зер  салсақ,  неше  алуан  ұғымдар  мен 
көзқарастардың,  қым-қиғаш  талас-тартыстың  болғанын  да 
байқар едік.
Әйтсе де білімге сусаған ел жаңа өмірдің жарқын істері- 
не араласып, өз әліпбиін түзіп, өз жазуын жолға қоюға кі-
рісті. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында бұрын-соңды бо-
лып  көрмеген  жаңалықтар  мен  оны  білдіретін  жаңа  ұғым, 
түсінік,  құбылыстардың  бәрін  тіл  фактілерімен  деректеп 
отырарлық  термин  сөздер  қалыптаса  бастады.  Оқу,  білім, 
өнер,  ғылым,  мәдениет,  экономиканың  қай-қайсысында  да  
халық  ұғымына  тосын  сөздер  пайда  болды.  Оның  әрқай-
сысының  терминологиялық  жүйесін  жасау  үшін  сауатты, 
білікті мамандар даярлау проблемасы тұрды күн тәртібінде, 
ал мамандар жетіспейтін.
Алға жетектеген шаралар ретінде мыналарды айтуға бо-
лады:  кеңселерде  ісқағаздары  қазақ  тілінде  жүргізіле  бас- 

42
тады,  қазақ  тілінде  шығатын  газет-журналдар  көбейді,  қа-
зақ  мектептері  ашылып,  онда  оқылатын  пәндердің  бәрі 
ана  тілінде  жүргізілді.  Сонымен  бірге  қазақ  тілі  мейлінше 
кең қанат жайған көркем әдебиет тіліне, әлеуметтік өмірге 
тікелей араласу барысында қоғамдық-саяси әдебиет тіліне, 
түрлі  шаруашылық  пен  экономика,  өнер,  жалпы  мәдениет 
тіліне  айналды.  Сөйтіп,  қазақ  тілі  күнделікті  өмірдің  қай 
саласына  да  белсене  араласып,  қоғамдық  қызмет  аясы 
кеңейе түсті. Күн өткен сайын, өмір алға озған сайын мына 
сөзді  қалай  жазамыз,  ана  сөзді  қалай  қабылдаймыз  деген 
тәрізді  сұрақтар  көбейіп,  терминге  деген  ділгерлік  артып, 
мұқтаждық молайды.
«Атаулар  сөздігі»  (Қызылорда,  1931)  осындай  мұқтаж-
дықты  сәл  де  болса  өтеу  жолындағы  алғашқы  әрекет  еді.  
Бұл – Қазақстан Оқу комиссариаты Білім кеңесінің жетек-
шілігімен жасалған сөздік. Білім кеңесі сол кездегі бірінші 
кезекте тұрған мәселе ретінде осы пән атауларын жинап, тез 
арада жұртшылыққа ұсынды. Алғашқының аты – алғашқы. 
Мұның  негізінен  кейінгі  жұмыстарға  аздап  септігі  тиген-
мен,  жоғарыда  ескерткеніміздей,  кемшіліктері  де  аз  емес. 
Өйткені  бұл  әлі  ғылым  салаларынан  маман  адамдар  даяр- 
ланбай тұрған шағында, сол игі іске себі тие ме деген мақ-
сатпен жасалған сөздік еді.
1935  жылы  өткен  мәдениет  қайраткерлерінің  Бүкілқа-
зақстандық  съезінің  күн  тәртібінде  қаралған  негізгі  мәсе-
лелердің  бірі  –  орфография  мен  терминология  мәселесі 
болды.  Осы  съезд  қарсаңында  Мемлекеттік  терминоло-
гия  комиссиясы  өзінік  кеңейтілген  мәжілісін  өткізіп,  онда 
ғылымның  әртүрлі  саласына  байланысты  жасалып  жат- 
қан терминдер жүйесі туралы сөз қозғады.
Қазақ  тілінің  ғылыми  терминологиясын  жасап,  олар-
ды  ретке  келтіруде,  сондай-ақ  алдағы  жұмыстар  бағытын 
айқындай  түсуде  бұл  съездің  атқарған  рөлі  зор  болды. 
Съезде  терминология  мәселесі  ғылыми  проблема  есебінде 
қарастырылып, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анық-
талды.  Лексиканың  өзге  қабаттарына  қарағанда  терминнің 

43
өзіне тән өзгеше қызметі, жасалу жолдары, қалыптасу сыр-
лары  бар  екені  дәлелденіп,  ғылыми  принциптері  түзілді. 
Осының негізінде бұдан былай қарай термин жасау ісі бел- 
гілі  бір  ғылыми  жүйеге,  тіл  заңдылығына  сәйкес,  қабыл-
данған принциптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни тер- 
мин  жасаудың  ортақ  принципі  түзіліп,  оның  басқа  да  ма-
ңызды мәселелері шешімін тапты.
Съезд  қарсаңында  жасалып,  жұртшылық  талқысынан 
өткен,  сөйтіп  съезд  мақұлдамасын  алған  қазақ  терминдері 
Қазақстан  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  1935  жылғы  
23 маусымдағы 812-ші қаулысымен бекітілді.
Съездің  алды-артында  қауырт  жүргізілген  осы  тектес 
жұмыстар  нәтижесі  іле-шала  І936  жылы  терминологиялық 
сөздік  күйінде  «Қазақ  тілі  терминдері»  деген  атпен  жұрт 
қолына тиді. Қ. Жұбановтың жалпы редакциясымен «Қазақ-
стан»  баспасынан  жарық  көрген  бұл  сөздіктегі  терминдер 
негізінен  үш  саланы  (әлеуметтік-экономика,  физика  мен 
математика) қамтыған. Жинақталған терминдер саны онша 
көп  бола  қоймағанмен,  бұл  қазақ  терминологиясының  сол 
кезеңнің  талап-тілегіне  орай  ғылыми  арнаға  түсіріп,  оның 
әлеуметтік  мәні  бар  мәселе  екенін  танытқан  игі  іс  ретінде 
тарихта қалды.
Сөздікте  үкімет  қаулысымен  бірге  Мемлекеттік  терми-
нология  комиссиясы  басшылыққа  алатын  қазақ  әдеби  тілі 
терминологиясының  он  тармақтан  тұратын  принциптері 
берілді. Бұл құжат терминологтар алдына мынадай талаптар 
қойды:
Бірінші  шарт  бойынша,  әдеби  тілдердің  көбіне  ортақ 
революция,  совет,  теория,  практика,  тенденция,  меди-
цина,  хирургия,  климат,  абсолютный,  конкретный  т.с.с. 
халықаралық  сипаты  бар  терминдерді  сол  түпнұсқадағы 
қалпынша  қазақ  тіліне  аудармай  алу;  екінші  шарт  бойын-
ша, әдеби тілдер тәжірибесінде аударылып алынып жүрген  
производство,  труд,  деньги,  корень,  стебель,  мышцы,  де-
ление, умножение тәрізді халықаралық терминдерді аудару  
керек.  Ал  сословие,  состав,  клетка,  слет  сияқты  қазақ 

44
тілінде  баламасы  жоқ  немесе  терминнің  қазақша  нұсқасы 
бастапқы  мағынадан  ауытқитын  болса,  онда  оны  аудармай 
алған жөн, делінеді.
Үшіншіден,  әртүрлі  ғылым  салаларына  ортақ  термин-
дер  болуы  мүмкін.  Мысалы,  материя  термині  философия 
мен  физикада,  түбір  термині  математика,  ботаника  және 
лингвистикада,  реакция  термині  химия,  биология  және  
саяси ұғым есебінде, экскурсия сөзі оқу-ағарту ісі мен фи-
зиология ғылымында кездеседі. Бұларды сол бірыңғай түр-
де қалыптастыру керек.
Төртіншіден, әрқилы жағдайда әр алуан мағынаны біл-
діретін мануфактура (тарихи-экономикалық және товарта-
ну  мағынасында),  продукт  (өндіріс  өнімі  және  азық-түлік 
мағынасында)  сияқтылар  бір  пәнде  термин  ретінде  алын-
сын да, екіншіде жай сөз ретінде аударылсын.
Бесіншіден,  халықаралық  терминдер  орысшада  қалай 
алынса, қазақшада да солай алынады. Егер ол сөздерді таң-
балайтын  кейбір  әріптер  жетіспесе,  қазақ  алфавитінің  бар 
мүмкіндігі пайдаланылатын болсын.
Алтыншы  тармақ  бойынша,  аударуға  келетін  термин-
дерді аударғанда оның ғылыми мәні дәл берілуін қадағалау 
қажет.  Аудару  кезінде  қазақ  тілінің  грамматикалық  ерек- 
шеліктері  қатаң  сақталуы  тиіс.  Беріліс  –  передача,  көпбұ-
рышты – многоугольник, тәжірибе – практика тәрізді тер- 
миндерді  түсініксіз  ететін  жасанды  сөзжасамға  үйір  бол-
маған жөн.
Жетінші  тармақта  былай  деп  көрсетіледі.  Есім  және 
есімденген  етістік  түріндегі  халықаралық  (интернационал) 
терминдер  сол  түрінде  алынсын.  Ал  -изация,  -ификация, 
-ация  жұрнақтарымен  келетін  машинизация,  электрофика-
ция,  обьективация  сөздеріне  қазақ  жұрнақтары  жалғанып 
алынсын (машиналандыру, электрлендіру, объективтену).
Ал  -ский,  -ный  жалғаулары  арқылы  жасалған  анықта-
уыш  сын  есімдер  қазақшасында  қысқартылып,  популяр 
кітап  (популярная  книга),  абсолют  шама  (абсолютная  ве-
личина),  буржуаз  идеология  (буржуазная  идеология),  экс-

45
тенсив  шаруашылық  (экстенсивное  хозяйство),  дифферен- 
циал  теңгерме  (дифференциальное  уровнение)  түрінде 
алынуға  тиіс.  Сондай-ақ  түбір  сөздің  к  дыбысы  ч-ға  ай-
налып,  -ский  жұрнағымен  келетін  сын  есімдер  жалғауы 
қазақшасында  қысқартылып,  электршам  (электрическая 
лампа),  физикалық  география  (физическая  география)  т.б. 
түрінде берілсін.
«Изолировать», «машинизировать» тәрізді есімнен бол-
ған етістік формалар қазақ тілінің жұрнақтары арқылы изо-
ляциялау, машиналандыру деп аталсын.
Сегізінші тармақта халықаралық терминология тәжіри-
бесінде қолданылып жүрген кейбір -ист, -изм тәрізді суф-
фикстер  мен  ре-,  син-,  де-,  анти-,  контр-  тәрізді  сөз  алды 
префикстерінің  қазақ  тілінде  баламасы  жоқ  болғандықтан, 
термин  сөздермен  бірге  бұлар  да  қабылдансын,  басқа  қо-
сымшалардың бәрін де қазақша түрінде алу керек делінді.
Тоғызыншы тармақта қысқарған сөздер жайы әңгіме бо-
лады, авто, аэро, авиа т.б. қазақ сөздерімен біріктіріп, ав-
тожол, автоқатынас, авиашана, т.т. деп алынсын делінген. 
Осы күнге дейін қазақша аудармасы беріліп келген дикта-
тура,  революция,  совет,  теория,  практика,  контрреволю-
ция, милитаризм тәрізді т.б. терминдер бұдан былай қарай 
аударылмай,  бәрі  сол  халықаралық  қолданыстары  қалпын-
ша алынуы тиіс.
Оныншы тармақта өте маңызды мәселеге мән беріледі. 
Атап айтқанда, Қазан төңкерісінен бері, әсіресе орыс тілінің 
сөз жасау тәжірибесінде қолданылып келе жатқан біріккен 
күрделі  сөздер  мәселесі  әңгіме  болады.  Саяси  экономия 
(политэкономия), ауатком (райисполком), т.б. тәрізді жаңа 
тіркесім терминдер қазақ тілі заңдылығына орай жасалып, 
Мемтерминком бекіткен соң қолданысқа ендірілсін.
Міне,  ең  алғаш  түзіліп,  басшылыққа  ұсынылған  тер-
минжасам  принциптерінен  өзіндік  сипаты  осындай  жетіс-
тіктермен қатар, кейбір кемшіліктерінің болғанын да жасы-
рудың қажеті жок.
Мәселен, кейбір халықаралық терминдер мен советизм-
дерді  сөз  еткенде  қайсыбір  жүйесіздіктер  көзге  түседі. 

46
Оның  бер  жағында,  терминжасам  үрдісіндегі  қазақ  тілінің 
өз  мүмкіндігі  жан-жақты  ашылып  айтылмайды.  Сондай-
ақ  аударылсын  деген  сөздердің  біразын  аударудың  керегі 
жоқтығы, ал түпнұсқадағы күйінде берілсін дейтін сөздер-
дің қайсыбірінің тамаша баламасы бар екені көрінеді. Қыс-
қасы, күні кешеге дейін бұл істе орыста қалай болса, солай 
алу  керек  деген  пиғыл  үстем  болып  келді.  Соған  қарамас-
тан  осындағы  көрсетілген  ұстаным  алдағы  терминжасам 
үрдісіне қызмет еткен құжат еді.
Бұл  принциптер  күні  кешеге  дейін  қаймағы  бұзылмай 
емле  ережеріне  де  енгізілді,  барлық  сөзжасам  мен  тер-
минжасам  процесінде  қолданылып  келді.  Терминжасам 
ұстанымдары туралы сөз қозғағанда, біз А.Н. Самойлович-
тің,  Н.  Сауранбаевтың,  Қ.  Шәріповтың,  М.  Балақаевтың,  
С. Бәйішевтің есімдерін еске аламыз. Бұлардың да термин- 
жасам  процесіндегі  ұстанған  негізгі  бағыты  интернацио-
налдық  терминдерді  және  орыс  тілінің  атау  сөздерін  өз-
гертпей, сол қалпында қабылдау дегенге саяды.
Ахаң,  Құдекеңдер  тәрізді  ұлы  тұлғалар  тастап  кеткен  
ғажайып мұра жалғасын таппай қалған жоқ. Өмір сұраны-
сына  өзінше  жауап  беруге  тырысқан  зерттеулердің  қарасы 
қазір баршылық. Солардың қайсыбір тұстарына да тоқтала 
кеткенді жөн көріп жүрміз.
50-жылдардағы  баспасөз  материалдарын  қарап  отыр- 
сақ,  термин  жасау  ісінде  кезеңіне  лайықты  аздаған  өзге-
шіліктер  кездеседі.  Көптеген  интертерминдердің  қазақша 
баламасын  (І.  Жарылғапов,  Ә.  Сатыбалдиев,  Р.  Бердібаев) 
тауып,  қолданысқа  енгізе  бастаған  жандар  болған.  Бірақ 
мұндай бірен-саран әрекеттер кең өріс ала алған жок. Қазақ 
сөзін  осылайша  терминдендіру  әрекеті  70-жылдарға  дейін 
созылып келді.
Терминдердің жалпы халықтық сипат ала бастаған тұсы 
кейінгі  15  жыл  шамасы.  Әсіресе  қайта  құру  кезеңі  көпте- 
ген сөздеріміздің терминдік қызметін жандандырып, қаласы 
бұзылмай  сіресіп  тұрған  кірме  сөздерді  тіл  заңдылығына 
сәйкестендіріп  қабылдау  бағыты  қайта  жанданды.  Тер-
мин  жасау  процесінде  әр  алуан  үлгілер  өріс  ала  бастады. 

47
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебені иеленіп, ол «Тіл тура-
лы» Заң мен Конституцияда заңдастырылуына орай термин 
шаруашылығындағы  көптеген  кемшіліктерді  түзеу  мүм-
кіндігі туды. Әсіресе терминжасам принциптерінен осы уа-
қытқа дейінгі орын алып келген қайсыбір қисынсыз шарт-
тарды қайта қарау қажеттігі көрінді.
Кезеңнің  сұранысын  дәл  аңғарған  ғалымның  бірі  –  ака- 
демик  Ә.Т.  Қайдаров.  Ол  «Қазақ  тілі  терминологиясына  жа-
ңаша  қөзқарас»  деген  мақаласында  казіргі  жағдайды  баян-
дай келе, өзіндік екі принципті ұсынады. Сонау 1935 жылдан  
бергі аралықта терминжасам принциптеріне азды-көпті көңіл 
бөлген  бірен-саран  авторлар  болмаса,  ауыз  толтырып  айтар-
лық  еңбек  кездесе  бермейді.  Сондықтан  академик  Ә.  Қайда-
ров  ұсынып  отырған  бұл  принциптерге  көңіл  бөліңкіреген  
жөн сияқты. Олардың қысқаша мазмұны мынадай:
1. Мемлекеттік тіл тірегі – терминологияға мемлекеттік 
қамқорлық.
2. Терминжасам ісінде көрініс беріп жатқан бұқаралық 
үрдістің жақсы үлгілерін орнықтыру.
3. Байырғы лексикалық байлығымызды сарқа пайдалану.
4. Туысқан түркі тілдері тәжірибесін іске қосу.
5.  Интернационалдық  терминдерді  қазақ  тілінің  фоно-
морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп алу.
6.  Орыс  тілінен  (жалпы  славян  тілдерінен)  енген  тер-
миндік  атауларды  мүмкіндік  болғанша  қазақшаға  аударып 
қолдану, аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фономорфо-
логиялык ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7.  Салалық  күрделі  терминдер  мен  атауларды  қазақ 
тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойын-
ша қысқартып пайдалануды заңдастыру.
8. Көп жылғы тәжірибе арқылы қалыптасқан дәстүр мен 
шарттылық заңдылығын мойындау.
9.  Лексикалық  байлығымызды  салалық  жүйе  бойынша 
жіктеп, саралап пайдалану.
10.  Тіліміздегі  ұлттық  және  интернационалдық  термин 
атаулардың  сандық,  сапалық  салмағын  табиғи  қалпында 
сақтаудың жолдарын іздестіру.

48
11. Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу 
дәстүріне сәйкес реттеу.
Әрине,  бұл  көрсетіліп  отырған  принциптер  ешбір  пі-
кірталас  тудырмайтын  қағидалық  дүние  емес  деп  ойлай-
мыз.  Сондықтан  біз  де  бұл  принцип  туралы  ойымызды 
түйіндемекпіз. Біздің ойымызша, ең негізгілері деп 3-8 және 
11-ші  принциптерді  айтуға  болатын  сияқты.  Басқалары 
күнделікті  қажеттілікке  орай  қатар  жүргізіліп  отыруға 
тиісті  шаралар,  солардың  ішінде  үнемі  күнделікті  назарда 
тұратыны  –  өз  байлығымызды  сарқа  пайдалану,  түркі  тіл-
дері  тәжірибесін  ескеру,  интертерминдерді  тіл  заңдылы- 
ғына  сәйкестендіріп  қабылдау,  дәстүр  мен  шарттылықты 
мойындау, атауларды қысқартып алу жәйі, жазу дәстүріміз- 
ді  сақтау  тәрізділері.  Терминжасам  процесінде  болып  жа- 
татын  ала-құлалықтардың  көбі  осы  шарттардың  ескеріл-
меуінен,  тіл  заңдылығының  аяқасты  етілуінен  деп  білеміз. 
Заман  талабы  ескерілген  бұл  принциптер,  сөз  жоқ,  қазақ 
тілінде  термин  реттеуге  себі  тиер  игі  үлгі.  Мұндай  жаңа 
үрдіс қазақ тілінің қайта жасалуға тиісті емле ережелеріне 
енгізілгені жөн.
Қысқасы, осы айтылғандардан байқалатынындай, қазақ 
тілінде  термин  жасау  ісін  шартты  түрде  бірнеше  кезеңге 
бөліп қарауға болатын сияқты. Бірінші кезең XІX ғасырдың 
ІІ  жартысы  мен  XX  ғасырдың  басын  қамтиды.  Алғашқы 
қазақ басылымдары мен Ыбырай, Абай, Шоқандар өмір сүр-
ген  дәуір  тіліміздің  терминдену  сипатына  аздап  болса  да 
ізін қалдырған. Мектеп, медресе, ғылым, білім, оқу, өнер – 
осының айғағы.
Екінші  кезең  XX  ғасырдың  10-жылдары  мен  30-жыл-
дардың екінші жартысындағы аралықты қамтиды. Бұл тер-
мин  жасау  процесінің  бастапқы  кезеңі.  Әуелгі  қалыптасу 
тұсында  түрлі  талас-тартыстардың,  неше  алуан  бағыт-
бағдарлардың  болғаны  мәлім.  Соған  қарамастан,  термин 
жасауда  негізінен  тіліміздің  бар  байлығын  сарқа  пайдала-
ну бағыты, басқаша айтқанда, терминдерді қазақыландыру 
бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз жоқ, А. Байтұрсынұлы, 

49
М. Дулатов, Х. Досмұхамедұлы тәрізді тұлғалардың ықпа-
лы зор болғаны көрінеді.
Үшінші  кезең  30-40-жылдарды  қамтиды.  Бұл  кезде 
арабшылдар  мен  латыншылдар  айтыса  келе,  кейінгілері 
жеңген,  сөйтіп  латынды  тастап,  кириллицаға  ұласқан  
жылдар еді. Бұл кезеңнің басты белгісі – интернационал-
дық  терминдер  мен  орыс  атауларын  тілімізге  түпнұс-
қадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. 
Осының нәтижесінде тіпті қайсыбір қазақ сөздерінің өзін 
орысша  мақаммен  айтатын  дәрежеге  жеттік.  Алфавиті-
мізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар енгізілді, бөтен 
префикс пен жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта 
түзілді.
Төртінші кезең ретінде 40-80-жылдар аралығын әңгіме-
леуге  болады.  Мұның  термин  қолданыста  алдыңғы  кезең-
нен  айырмасы  шамалы.  Негізінен,  сол  терминологиялық  
лексикамызды  интернационалдандыру,  орыстандыру  ба-
ғыты  жүріп  жатты.  Бұл  жылдардың  ұлттық  лексиканы 
дамытуға қосқан үлесі шамалы.
Бұл  –  қазақ  зиялыларының  соғыстан  кейінгі  жылдары 
еңсе  көтеріп,  рухани  дүниемізді  зерделей  бастаған  дәуірі. 
Газет,  журналдарда  қазақ  мәдениетінің  мәселелері  көтері-
ліп,  жазу-сызуымызға  көңіл  бөліне  бастайды.  Сол  кездегі 
баспасөз материалдарынан көптеген интертерминдердің қа- 
зақша  баламалары  жасалып,  орыс  сөздерінің  қазақша  сөй-
лей  бастағанын  байқаймыз.  Тіпті  әсіреарабшылдыққа  бар-
ғыштап, асыра сілтеп те жіберген кездеріміз болды. Соған 
қарамастан,  бұл  өз  тіл  байлығымыздың  қадіріне  жете  бас-
таған сәт есебінде бағаланды.
Бесінші  кезең  80-ші  және  90-жылдардың  екінші  жар- 
тысына жататын аралықты жатқызуға болады. Бұл жылдар-
дың ішінде болған сан алуан қоғамдық өзгерістер ыңғайы- 
на қарап, мұның өзін үш бөлікке жіктеп қараймыз. Алғаш-
қысы  –  тоқырау  жылдары  атанып,  тарихқа  енген  Брежнев  
заманы,  екіншісі  –  қайта  құру  (Горбачев  заманы),  үшін-
шісі – Кеңес Одағының құлап, Тәуелсіз Мемлекеттер Дос-
тастығының  пайда  болған  заманға  сәйкес  туындаған  тіл 

50
қозғалысы.  Бұл  құбылыстың  әрқайсысының  тілде  қалдыр-
ған өзіндік ізі бар. Әсіресе қайта құру мен тәуелсіздік туы 
желбіреген  соңғы  бес-он  жылдың  мемлекеттік  тілімізге, 
оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен да- 
муына  жасаған  ықпалы  ұшан-теңіз.  Болашақ  зерттеулер, 
біздіңше,  осы  кезеңдік  сипат  негізінде  жүргізілгені  мақұл 
деп ойлаймыз. Сонда ғана ғылым тілінің қалыптасу жолда-
рын нақты саралауға болады.

жүктеу 7.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет