Өмірзақ айтбайұлы



жүктеу 7.95 Kb.
Pdf просмотр
бет23/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ДОСтықтыҢ құДіреті
(С.А. Қасқабасов 70-те)
Өмір жолы сан тарау. Сені сан алуан тезге салып, неше 
түрлі адамдармен түйістіреді. Соның қайсыбірі сенің бүкіл 
болмыс-бітіміңе  өзгеше  әсер  етіп,  саналы  өмірде  сыйлас, 
қадірлес адамыңа айналады. Ондай адамдар ой қазынаңды 
толтырып,  сенімді  серіктес  дәрежесіне  де  көтеріліп  жа- 
тады.  Ертерек  басталған,  кейін  студенттік  дәуірге  ұласқан 
сондай  бір  аяулы  жандарды  елжірей  еске  аламын.  Олар: 
Мыңбай, Әтен, Төлен, Асқар, Ілия, Құдайберген, Сайыпхан, 
Зейнолла,  Керімбек,  Сейдахмет,  Тұрағұл,  Жамбыл,  Көрік, 
Тұрсынхан,  Махамбетсалы,  Шәмші,  Сабырхан.  Мен  кешіп 
өткен  өмір  жолдары  туралы  жүрекке  жазылған  кітаптың 
бұлар  жарқын  беттері.  Көңіл  сарайын  нұрландырған  олар-
дың  кескін-кейпі  көкейден  кетер  ме,  сірә!  Соларды  аңсай-
мын.  Сағынамын.  Кездескен  сәттерді,  айтылған  сөздерді, 
толғаған ойларды тебіреніп еске аламын. Қайталанбас қан-
дай керемет кезеңдер еді. Өнер, ғылым, білім, өмір жайлы 
бірінен-бірі  іліп  әкетіп,  асыл  ойлар  ағынын  ақтарып  оты-
рар едік. Менің саналы өмірімдегі осы бір ерен лектің орны 
бөлек. Өмірден ертелеу өткендеріне өкініш білдіре отырып, 
көзі  тірілеріне  сүйініп,  осындай  жандармен  қатарлас  өмір 
кешіп, сырлас, сыйлас болғаныма шүкірлік жасаймын. 
Жалпы  ойлап  отырсам,  тақылет-талайыңа  азық  болар-
лық, нәр құя алар адамдар төңірегіңнен табылуы, ол Алла-
ның берген тағы бір сыйы сияқты қазына екен. Достық та 
солай!  «Досты  пайғамбар  қосады»  деген  халық  тәмсілінің 
негізінде шындық жататын сияқты. 
Адами  қарым-қатынас  әлемінде  айрықша  әсер  еткен  
ойға  жетектеген  ондай  жандардың  жөні  бөлек  қой.  Осын- 
дай ойлар ауанында отырып, жүйрік көңіл тағы бір қымбат 
есімді көз алдыма көлденең тарта береді. Ол – Сейіт Асқар-
ұлы  Қасқабасов.  Бұл  қазір  бүкіл  Қазақ  еліне  мәлім  есім.  
Тіпті кешегі кеңес дәуірінің айтулы мамандарының өзі оның 
фольклор  ілімі  жайындағы  зерттеулерін  өз  ізденістеріне 

331
таяныш  етеді,  бедел  санайды,  сілтеме  жасайды.  Оның  ғы-
лымдағы  болмыс-бітімі,  орны,  салмағы  туралы  ғалымдар, 
әріптестері, әдебиет майданының айтулы білгірмендері та- 
лай-талай әңгіме өрбіткен. Сейіт Асқарұлының бұл жағын- 
дағы қабілет-қарымын олардан артық айтармын деп талас-
қандай болмайын деген оймен оның адамдық қасиеттеріне 
байланысты жайларды өз пайымдауым бойынша ғана тілге 
тиек етуге тырыстым. 
Бәрі,  бәрі  қазақтың  қара  шаңырағына  айналған  киелі  
мекен  –  Ұлттық  Ғылым  академиясынан  бастау  алады.  
Ғылым  соңында  жүрген  адамның  қолы  бос  уақыты  бола 
бермейді,  бола  қалса  көздейтіні,  жанына  серік  етері  – 
қазақтың  әні  мен  күйі,  іздейтіні  –  соның  айтулы  өкілдері. 
Осыған  арналған  кеш,  кездесулерге  Керімбектің  құлағы 
түрік.  Ол  әдебиетші,  М.  Әуезов  музейінде  істейтін.  Екеу-
міздің  арамыздағы  жолдастық  қатынас  достыққа  айнала  
бастаған  кез  болатын.  Оның  да  жаны  күйге,  домбыраға 
құмар.  Менің  Біржанның  «Теміртас»  әнімен  әлдиленіп, 
Тәттімбет  пен  Төлегеннің  қосбасарларына  елтіп  жүрген 
кезім.  Ілия,  Керімбек,  Асқар,  Зейнолла,  Талғат  бәріміздің  
басымыз қосыла кетсе (оның қисыны табыла кететін) қоңыр 
домбыраға  ерік  беріп,  алуан-алуан  әндер  ауылын  шарлай-
тынбыз.  Әсіресе  Асқар  қазақ  музыкасына  кәдімгідей  ел- 
титін, ұғынуы жүйрік еді. Керімбек те қалыспайды, домбы-
раға жаны құмар, пікірі зерек. 
Қазір ойлап қарасам, ғылым, өнер-білім, ән-күй туралы  
толғайтын  өзіндік  ортамызды  сол  кезден-ақ  қалыптастыр-
ғандай  түріміз  бар  екен.  Төлеген  Момбековтің  күйшілік 
өнері  жөнінде  гу-гу  әңгіме  тарап  жатқан  кез.  Рахманқұл 
Бердібаев,  Керімбек  Сыздықов,  Асқар  Сүлейменовтердің 
кеу-кеулеуімен  Төлеген  күйлері  қазақ  радиосына  жазы-
лып, жария бола бастаған. Сейітпен екеумізді табыстырған 
осы  Төлеген  күйлері  мен  Керімбектің  көргенділігі  болды 
ғой  деймін.  Бір  жолы  Төлегеннің  кешінен  бірге  шыққан 
сәл  ғана  сылтып  басатын  ақсары  жігітті  Керімбек  «Сейіт» 
деп  таныстырды.  Үшеуміз  бүгінгі  кештің  әсерімен  біздің 

332
үйден  бір-ақ  шықтық.  Ажары  қандай  ашық  болса,  ой-пі- 
кірі де анық, өте білімді жігіт екен. Мұның үстіне домбы-
раны  тартып,  тәп-тәуір  ән  салады.  Әсіресе  халық  әндерін, 
халық  композиторларының  дүниелерін  көп  біледі.  Соған 
әуес. Тарихты, шежірені, әсіресе қазақтың әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрін жетік білетін біліміне тәнті болдым. Әр нәрседен 
хабары бар, кейде тіпті қызбаланып сөйлейтін қасиеті бай-
қалады. Онысы өзіне жарасады. 
Бұл  таныстық  тереңдей  түсті.  Бір-бірімізді  шақыры- 
сып,  отбасы  мүшелеріміз  араласа  бастады.  Менің  аннам 
Жұмагүл  Нарымбетқызы  ақынжанды  адам  еді.  Сейіттің 
шешесі  Аужан  апамызбен  бірден  шүйіркелесіп  кетті. 
Әужекең кәдімгідей өлең жазады екен. Құдай қосқан қоса-
ғы  Асекең  (Асқар)  қан  майданнан  қайтпай  қалған.  Бір  ұл,  
бір қызын құшақтап, жастай жесір қалған қуатты, қайратты 
ана. Сол қайратының арқасында ұлын жеткізіп үйлендірді, 
қызын  бой  жеткізіп  ерлендірді.  Сейіттің  жары  Тамара  
адуын ананың сүйікті келініне айналды. Сейітпен екеуі бір- 
ге  оқыған.  Бірін-бірі  әбден  біліскен,  сеніскен,  керемет  от-
басына  айналған  жандар  екен.  Кейін  Тамара  Тіл  білімі 
институтының  Терминология  мен  аударма  теориясы  бөлі-
мінде  ғылыми  қызметкер  болып  еңбек  етті.  Оның  қазақ 
қыздарына  тән  ізеті  мен  инабатын  қызметтес  болған  сол 
жылдары  анық  аңғардық.  Біздің  Үміт  екеуі  кейін  апалы-
сіңлілердей  жарасым  тауып,  керемет  бір  сыйластық 
қалыптастырды.  Тіпті  Үміт  «Тома  келсе  менің  жаным  ты-
нады»  деп  отыратын  болды.  Содан  адамдардың  тіл  табы-
сып  өмір  сүруі,  әсіресе  әйелдердің  достасуы  өзгеше  бір 
ғанибет  екен-ау  деген  ойға  қаласың.  Тамара  мен  Үміттің 
сыйластығы осындай дәрежеге жеткен қимастық еді, Сейіт 
пен  екеуміздің  арамызды  одан  сайын  беркіте  түсті.  Асып 
бара жатқан байлығымыз болмаса да, дастарқанымыз үнемі 
жаюлы болатын. Әрбір отырысымыздың өзіндік мәні бола-
тын.  Айтулы  ағаларымызды  қоңыр  дастарқанымыздан  дәм 
таттыруға Үміт те, Тамара да құмбыл. Шамасы ер жігіттің 
ырысы  әйелдің  адалдығы  мен  ықыласына  байланысты  

333
болса керек. Солардың шын ниеті бізді жақсылыққа қарай 
жетелеп тұратын. Тамара сол ниетінен қазір де танбай келеді. 
Сейіт үйірсек жігіттің бірі болып шықты. Адам бойынан 
үнемі жақсылық іздейтін қасиеті, іскерлігі, ізденімпаздығы, 
ерен білігі оны белгілі тұлғалармен жанастырды. Зады адам 
тағдыры  әуелі  жаратушыдан,  содан  соң  тәрбие,  тағылым 
алар  ортасына  орай  қалыптасатыны  хақ.  Сейіт  өмірін,  өз 
пайымдауымша, зерделеп отырсам, осындай жандардың ізі 
айқын аңғарылғандай болады. 
«Ұстазы  мықтының  –  ұстанымы  мықты»  деген  қанат- 
ты  сөздің  жаны  бар.  Қазақ  әдебиеті  мен  орыс  әдебиетінің 
асқан білгірі Н.С. Смирнова оның ұстазы. Ол Сейіттің бо-
йынан  болашақ  зерттеушіге  тән  ерек  қасиетті  ерте  таны-
ған.  Оны  ғылым  ордасына  қарай  жетелеп,  Әдебиет  және 
өнер институтынан бір-ақ шығарды. Оның содан бергі өмірі 
негізінен осы ғылым ордасымен, яғни Ұлттық Ғылым ака-
демиясымен тікелей байланысты өтіп келеді. 
Тіл  мен  әдебиеттің  егіз  екеніне  үнемі  көз  жеткізіп 
келемін.  Сейіт  әдебиетші,  мен  тілші.  Оның  фольклорта- 
нушы ретіндегі болмысына тілдің әсері мол болғанын бай- 
қаймын.  Ал  мен  тілші  бола  отырып,  әдебиетке  жаным  құ-
мар  адаммын.  Бәлкім  осыдан  да  болар  екеуміздің  өмірде 
шүйіркелесе  кететініміз.  Әйтеуір  Сейіттің  филология  дей-
тін  ғажайып  ілімнің  керемет  білгір  маманы  екеніне  үнемі 
сүйсіне көзім жеткендей болады. Тіл десең тілге, өнер десең 
өнерге  салсаң  жосыла  жөнелетін  жүйріктігіне  таңғалмау 
мүмкін  емес.  Соған  қарамастан  «мен  білем»  дейтін  мен-
мендік  мінезден  мүлде  аулақ.  Бұл  оның  бойынан  табиғи 
түрде  көрініс  беретін,  өзінен-өзі  туындап  жататын  ізгілік 
іздері.  Осындай  тек  ғұламаға  жарасқан  қарапайым  мінезі 
нағыз ғалымның кейпін сомдайды. 
Жол  адамды  сынайды,  ашады,  танытады.  Сейітпен  та- 
нысқан екі отбасының сапарлас сәттері көбейді. Кітап қор-
ларын  ақтармалап,  кітапханада  көбірек  отыратын  кездер  
еске түседі. Қайсыбір демалыс сәттерінде, тіпті сенбі, жек-
сенбіде көңіл алаңдап сергуді тілейді. 

334
Осындайда Мерке ауданы Аспара деген жерде тұратын 
Тамараның  әке-шешесі  еске  түседі.  Менің  ақ  «Жигулиім» 
бар,  төртеуміз  соған  отырамыз  да,  осылай  қарай  тартып 
кетеміз.  Сәуір,  мамыр  айларында  жер  ананың  бусанып, 
өзгеше түрлене бастайтын шағы. Әсіресе тауды бөктерлеп, 
Бішкекке қарай тартылып жататын жолдың екі жағындағы 
алуан гүлге оранған бел, белестер, бусанып жатқан бөктер, 
беткейлер  сезіміңді  қозғап,  адамды  неше  қилы  ойға  же-
телейді. Үміт пен Тамара мына табиғат аясында тіпті ажар- 
ланып, өзгеше бір көңіл-күй жетегіне еріп алады. Мұндайда 
Сейіт  шабыттың  асау  тайына  мініп  алғандай  ұмыт  бола  
бастаған  небір  халық  әндерін  шырқай  бастайды.  Келін-
шектер үні мұны түрлендіре түседі. Әттең, қазақтың халық 
әндеріндегі  өзгеше  қасиетті  тілмен  айтып  жеткізе  алмай-
сың! Тек оны айту керек. Онда да Сейітше түсініп айту ке-
рек.  Елти  тыңдап  отырып,  Сейіттің  өзіне  ғана  тән  қоңыр 
үніне құлақ түремін. Әсіресе сай-сүйегіңе дейін еніп кете-
тін  пәлсапалық  мәтіндерді  жадына  сақтай  білгеніне  тәнті 
болып отырамын. Мен рөлдемін. Көлік ән әуенімен сызып 
отырады. 
Қазақ  өзінің  ұлылығын  осы  әндері,  күйлері  арқылы 
сан  рет  дәлелдеп  кеткен  халық  қой.  Әлгі  әуендер  мына 
екі  жақтан  кілем  түріндей  боп  сырғып  келе  жатқан  ғажап 
табиғатпен  астасып,  құбыла,  құлпыра  түседі.  Осындай  
сезім әлдиіне бөлене отырып Сейіттің жадына таңғаламын. 
Жастайымнан  халық  әндерін  мен  де  құлаққа  құйып,  жат-
тап өсіп келе жатқан жанмын деп ойлайтынмын. Ал мына  
Сейіт  менен  жастау  болғанымен,  осыншама  қазынаны  ол 
бойына  қалай  жинап  алған  деген  әдемі  қызғаныш  сезімі  
көңіл күйді билейді. Оның тереңіне бойлап, сырын тапқан-
дай  да  түрім  бар.  Ол  қаршадайынан  әлемдік  әдебиет  ай-
дыны – фольклор тұнығына бас қойған жан. Сол фольклор 
әлемінің  ең  бір  бай  саласы  қазақ  ауыз  әдебиеті  екенінде  
дау жоқ. 
Сейіт осы шексіз байлықтың теңізінде еркін құлаш сер-
мей  алатын  қабілетке  ие  болған  жан.  Мен  мұны  әрдайым 

335
байқау  үстіндемін.  Ұзынағаштың  аржағындағы  оқтай  түзу 
жол  кеуделеп  барып  оңға  ойысыңқырайды  да,  Қордай 
асуының алқымындағы МАИ бекетіне тұмсық тірейді. Әнді 
де, көлікті де баяулатып бекеттен жайлап өтеміз. 
Қордай  –  қазақтың  соңғы  сал  серісі  атанған  әйгілі  Ке-
неннің ауылы. 
«Ей, бұлбұл, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,
Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр.
Ел-жұрттан мен алыстан жүргенімде
Ұшып кетпе, қасымда сайра да тұр.
Алатау сағындым ғой самал желін,
Қордайдың көкседім ғой жамал лебін», – 
деп  аңсай  шырқалатын  Қордай  өлкесі  ғой,  бұл  асудан 
өткен  сайын  Кененнің  осы  өлеңі  көкейде  тұрады.  Сейіт 
Кененнің  де  көп  әндерін  біледі,  өлеңдерін  жатқа  айтады. 
Қордайдың төбесіне шығып алып жан-жаққа көз салғанның 
өзі бір ғанибет. Отырған төбесінің биік болғанын қалайтын 
халықтың  ұландары  емеспіз  бе?!  «Ат  тізгінін  тартып,  аз-
дап  аялдайық»  дейді  Сейіт  мына  жердің  еңселі  тұсын 
таңдап.  Үміт,  Тамара  дастарқан  жайып,  шай  дайындай-
ды.  Қордайдың  самалын  еркін  жұта  отырып  шай  ішеміз. 
Сейіт Кенен туындыларын еске ала отырып, қазақтың сал, 
серілері туралы тебірене сөйлеп кетеді. Ақан, Біржан, Естай 
әндерінен де әңгіме қозғайды. Ал бұл дегеніңіз екеумізді де 
еліктіріп,  өнер  өлкесін  шарлататын  құбылыс  қой.  Әйтеуір 
Аспараға  жеткенше  әндердің  неше  атасы  айтылады.  Үміт 
пен Тамара да қалыспайды. Әндеткен көңіл өзінен-өзі Әбі-
лахат, Нұрғиса, Шәмші әндеріне ойысады. Бұл әндер табиғат 
төсінде  сырғытып  әндетіп  келе  жатқан  біздің  есер  көңілі-
мізді одан сайын желіктіріп, желпінте түседі...
Аспара  бұрылысы  желіккен  көңілді  баяулата  бастай-
ды.  Ауылдың  орталық  көшелерінің  бірінде  Ғабди  ақсақал 
тұрады. Бұл кісі кезінде осы өңірдің өркендеуіне үлес қос-
қан,  колхоз  басқарған  соғыс  ардагері,  Тамараның  әкесі. 
Шағын екі-үш бөлмелі үйі бар. Ал есіктің алды, айналасы 

336
неше алуан көкөніс, көкөріспен жайнап тұр. Ауланың түк-
пір  жағында  аздаған  қозы,  лақ  пен  бұзаудың  басы  қыл-
тияды. Бұл айран, сүті бар үйдің белгісі. Бақшада помидор 
домалап,  қияр  көз  тартады.  Көргеніміздің  еңбек  жырын 
айтып  тұрғандай.  Қабекең  бәйбішесі  Мәкең  (Мария)  апай 
екеуі  жаны  қалмай  жүгіріп  жүр.  Мейлінше  қуанышты. 
Сейіт пен Тамараның жолдастарын ертіп келгеніне төбелері 
көкке жеткендей аптығады. Қайран, қонақшыл қазағымның 
қасиеті-ай!  Қабди  аға  сасқалақтап  малын  жайғап,  Мәкең 
дастарқанын  жайнатып  салып,  қаймақ,  қатық,  кілегейлері 
мен  бауырсақ,  нанын  төгіп  жатыр.  Шай,  суан  ішіп  ентік 
басқандай болған соң, Сейіт Тамара әке-шешесінің көңілін 
көтермелеп кеткісі келді ме, төрде тұрған домбыраны алып, 
күйін  келтіре  бастады.  Бәріміз  қосылып  шырқаған  әннің 
әсері  мүлде  бөлек.  Үй  иелері  ерекше  шаттанып,  желпініп 
отырды да, бір мезет Қабекең бәйбішесі мен Тамараға қарап: 
«Далаға, есік алдына жай салыңдар. Әнді сыртта айтыңдар, 
көршілер,  ауыл  естісін»,  –  деп  орнынан  тұра  берді.  Көңіл 
қалдырмадық.  Сары  самаурынның  ысылдаған  дауысына 
елти  отырып,  Сейіт  шерткен  әндерді  бірінен  соң  бірін  ай-
тып, әбден сергіп алдық. Қабекең мен Мәкеңнің қуанышын-
да шек жоқ. Көңілдері тасып, мерейлері өсіп қалды. Қадірлі 
қарттардың  көңілін  тапқанымызға  біз  де  мәзбіз.  Сыйлас, 
қадірлес  көрші-қолаңдары  келе  бастады.  Тамараның  аға-
інілері  келіп  қауышып  жатыр.  Ағайынның  бары  жақсы-ау, 
шіркін!  Шұрқырасып  табысып,  шүйіркелесе  кетеді.  Сейіт 
те, Тамара да бұл ортаға қадірлі, сыйлы екенін көріп, біз де 
мәз болдық. Үлкен кісілердің көңілін аулап, өзіміз де сергіп, 
мауық  басып  алған  соң,  қимастықпен  қоштасып  жолға 
шығамыз.  Тамараның  анасы  мен  әкесі  елпелектеп,  барын 
тықпалап, қимас сезіммен қол бұлғап қала береді. Әлденеше 
қайталанған бұл сапарлар көңілден ұмыт болар ма, сірә?!. 
Ендігі  жүрісіміз  Оңтүстік  сапарларына  ұласатын  бұл 
серуеннің  тұсында  талай  тоқтап,  сергіп  өтетін  жер  осы 
Аспара.  Біздерді  одан  сайын  қауыштыратын,  іштей  табыс-
тыра  түсетін  мұндай  қаншама  жүрістердің  куәсі  болдық.  

337
Бұл  жолдар  біздің  адамдық  болмысымызды  мәпелеген, 
шыңдай түскен жолдар ғой. 
Таза  ауа  жұтып,  сергігіміз  келген  тұста  тартып  кетіп, 
ат  тізгінін  тежейтін  жайлы  бекетіміздің  бірі  осы  Қабекең 
аулы  болатын.  Сейіт  пен  Тамара  бұл  кісілерді  барынша 
мәпелеп  күтті.  Тұз-дәмі  таусылған  сәтінде  ақ  жауып,  ару-
лап көмді. Ұрпақтан күтетін рәсім, қызметтің бәрін жасады. 
Осыларының  өзі  кейінгілерге  үлгі  ғой.  Адамды  осындай 
ауыртпалықтар есейте, шыңдай түседі екен. Сейіт те, Тамара 
да көз алдымызда білікті, белді азамат боп қалыптаса түсті. 
Адам еңбекпен достасып, алға ұмтыла келе талай өрелі 
биіктерге  көтерілуі  бек  мүмкін.  Әкім,  министр,  акаде- 
мик  т.т.  дәрежелерге  жеткен  жандардың  неге  екенін  қай- 
дам,  қайсыбірі  көбіне  адамдық  тұғырдан  тайқып,  тасы-
раңдап  шыға  келетін  жаман  әдеті  бар.  Мұны  көрген  жас 
ұрпақ  кісі  болудың  жолы  осы  ғой  деп  адасуы  ғажап  емес. 
Осындай ойларға бойлай отырып, Сейіт туралы толғанамын. 
Ол  кітапханада  көз  майын  тауысып,  талай  асыл  қа-
зыналарды  ақтарды.  Н.С.  Смирнова,  М.  Ғабдуллин,  І.  Ке- 
ңесбаев, М. Базарбаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, Ө. Жәнібе-
ков  сынды  тұлғалар  қасынан  табылып,  солардың  адамдық 
болмыс, бітімінен өзіне керек азық ала білді. Кітаптан ғана 
емес,  көз  алдында  қатар  жүрген  тұлғалардан  үлгі,  өнеге 
ала білу де тағдырдың берген ерек сыйы ма деп ойлаймын. 
Сейіттің  оқығаны  көп,  оқығанын  көкейге  тоқи  білуі  тіпті 
ерек. Тіпті кітап қана емес, тірі адам бойынан көріп, біліп, 
оқып  алғандай  көрінетін  қабілеті  бар.  Сол  оқып,  көңілге 
түйгенін  тұмшалап,  өзімен-өзі  тұйықталып,  жұмбақ  өмір 
сүретін  жандар  да  бар.  Мен  білгенді  өзгелер  де  білсін, 
әсіресе  келер  ұрпақ  білсін  дейтін  де  табиғаты  кең  пейіл  
жандар жетерлік өмірде. Сейіт, менің байқауымша, осы ке-
йінгі лекке жататын тұлға. 
Жоғарыда  есімдері  аталған  қаншама  ірі  тұлғалардың 
қасында  кімдер  жүрмеді?  Көргендері  мен  көңілге  түйген- 
дері  шамалы  жандардың  бойынан  қандай  үлгі  табасың? 
Сейіт кәсібі, ісі, тірлігі, мінез-құлқы алуан-алуан адамдар- 

338
дың  қасында  қызметтес  болды.  Қызметтес  бола  жүріп  со-
ларды  тануға  тырысты.  Бір  Ісмет  Кеңесбаевтың  өзін  алып 
қараңыз!  Аласапыран  уақытта  қазақ  ауылында  дүниеге  
келген  Ісмет  Кеңесбайұлының  өмірі  сан  қилы  жолдар-
дан  тұрады.  Өмірі  ізденумен,  күреспен,  айқаспен  өткен 
ұлы  тұлғаның  көкірек  көзі  ашық  адамға  берері  мол  бола-
тын. Сейіт осы алпауыт адамның алып тұлғасы мен ірі іс-
әрекеттерінен  өзіне  керегін  ала  білді.  Әсіресе  ғылымдағы 
ұйымдастырушылық  қарым-қабілеті  жағынан  Сейіттің  
І. Кеңесбаев пен М. Базарбаевтан көбірек тағылым алғаны 
байқалады.
Ал ғылым мен мәдениет және қоғам қайраткері ретінде 
Сейітті  шыңдаған  мекеменің  бірі  Қазақстан  Орталық  пар-
тия  комитеті.  Сейіттің  болмыс-бітіміне,  білігіне  қызықта 
ма,  бірде  оны  Ө.  Жәнібеков  қызметке  шақырды.  Қазақтың 
осы бір кесек азаматымен бірге қызметтес болған сәттерін 
Сейіт әлі күнге елжірей әңгімелейді. Айтса айтқандай, бұл 
тұс қазақтың рухани әлемінің ұлы тұлғаларын қайта тірілту 
кезеңі  болатын.  Халық  жауы  ретінде  талай  арыстары- 
мызды  қырып  салған  қасиетсіз  қаулылардың  күшін  жою 
әрекетінің  басы-қасында  болуы  Сейітті  қайраткерлік  дә-
режеге көтерді. Ол әруақтарға қызмет жасап, солардың ба-
тасын алғандай болды. Заманында әділетсіздіктің ауыр аза-
бын арқалап дүниеден өткен ұлылардың аруағын тірілтуге 
қызмет ету арқылы ол өзінің негізінде бар тектілікті шың- 
дады.  Тәуелсіз  еліміздің  еңсесін  көтеріскен  еңселі  аза-
маттардың біріне айналды. Бұл оның азаматтық болмысын 
танытатын  қабілетін  көрсетсе,  адамдар  арасын  біріктіре 
түсетін  ерек  табиғаты  –  достыққа  деген  адал  қасиеті  дер 
едім.  Сейіт  бойындағы  қастерленетін  ұлы  қасиеттің  бірі  
осы достық құдіреті.
Құрметті  оқырман,  бұл  дос  туралы  сырдың  бір  лебі  
ғана.  Адам  бір-бірінің  қадір-қасиетін  танып,  біліп  жүрсе  
ғана  өмір  мәнді  әрі  сәнді  болмақ.  Сол  мәнді  де  сәнді 
өміріміздің бізге Алла бұйыртқан бір сәті осындай еді.

339
ұлттық рухымызДыҢ 
КлаССИКалық тұғырлары
(А. Егеубаевтың ғылыми еңбегі туралы)
Тіл мен сөздің пайда болуын, тіл қадірін атақты Виль-
гельм Гумбольд үнемі үздіксіз жаңа, жаңа болғанда жүйелі 
түрде, кіршіксіз күйде көрініс беріп отыратын рухани күш- 
қуаттың  жаңғыруы  сынды  аса  қасиетті  құбылыстың 
нәтижелері  деп  түсіндіреді.  Ұлттық  рухани  қуаттың  бір- 
ден-бір  көрінісі  тіл,  сөз  екендігін  іштей  түйсінсек  те,  айта  
бермейміз.  Әйтпегенде  адам  баласының  рухани  қазына-
ларының  ішіндегі  ғасырлар  өтсе  де  күнделікті  қолданы-
лып,  адамның  көзін  ашқаннан  бақилыққа  өткенше  ауадай 
қоректенетін жан-дүние кәусары ана тілі мен сөз өнері емес 
пе?!  Қазіргі  ұрпақ  көне  дәуір  күретамырларына  неғұрлым 
ерте,  терең  үңілген  сайын  өз  қадірін,  сөз  қасиетін  түсіне 
түсетін болар. «Біздің білім деңгейіміздің басым бөлігі жаңа 
дүниені  классикалық  көне  дүниемен  салыстырудан  барып 
туындаған...»  (Гумбольд  В.  О  различий  организмов  чело-
веческого  языка.  СПб.,  1859,  26-27-бб.).  Ұлттың  болмысы, 
мемлекеттің,  елдіктің  ішкі  табиғаты  тілден,  сөзден  көрі- 
неді.  Ұлт  жаны  нені  аңсайды,  ұлт  нені  ойлайды,  ұлттың 
таным  парасат  үлгісі  қандай  күйде?  Соның  барлығын  тіл 
арқылы,  сол  ұлттың  ежелгі  дүниелердегі  тіл  қоры  мен  сөз 
бітімінен  танып  білеміз.  Біз  үшін  ол  таным  үрдісі  ежелгі 
түркі дүниесінің ұлы мұраларынан басталады. 
Сондықтан  да  тәуелсіз  Қазақстанның  астанасы  төрін- 
де  Орхон-Енисей  ескерткіштерінің  еңсе  түзеуі  ұлттық  ру-
хани  байрағымыздың  көтерілуімен  бірдей  тарихи  құбы- 
лыс.  Түркі  дүниесі  өркениетінің  асыл  белгілері  мен  
нышандары  мемлекетіміздің  елдік  тарихын  білдіріп  қана 
қоймайды,  оның  үстіне  елдік  жұлдызымызды  жоғары-
латады. 
Мен  ежелгі  түркі  дүниесінің  ғұламалық  толғамдарға  
толы,  өркениетті  дәстүр  егесі  іспетті  ұлы  әдеби-мәдени  
мұраларын  осы  қатардан  көремін.  Қазақстан  Республика-

340
сының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мем- 
лекеттік  сыйлығына  ұсынылған  дарынды  әдебиетші,  түр-
кітанушы  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы  
Асқар Егеубаевтың «Ежелгі түрік мұраларын зерттеу және 
аудару жөніндегі ғылыми жұмыстар циклінің» мемлекеттік 
тұрғыдағы  маңыздылығы  да  осы  орайда  айқын  ашыла 
түседі.  Асқар  көп  жылғы  талантты  ізденістерін  біліктілік- 
пен  ұштастыра  отырып,  нәтижелі  әрі  елімізге  аса  қажетті  
еңбек  тындырды.  Қазіргі  қазақ  мәдениеті  мен  тарихын,  
әдебиетін  көне  дүние  қойнауларындағы  күретамырлары-
мызбен ұштастыра алды. 
Зерттеушінің  бұл  еңбектері  ғылымымыз  бен  мәдение-
тіміздің сан саласында ұзақ жылдар бойы жан-жақты қол- 
данылатыны күмәнсіз. Оны ашып айту парыз. Асқар Егеу-
баевиың ғылыми жұмыстар топтамасы жеті томнан тұрады. 
Олар:  «Кісілік  кітабы»  (Монография).  Алматы,  1998,  
320 бет; «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жү- 
йесі» (Монография). Алматы: 1999, 204 бет; Жүсіп Баласа- 
ғұн. «Құтты білік» (дастан). Алматы, 1986, 650 бет (Аудар-
ған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазып,  баспаға 
дайындаған  Асқар  Егеубаев);  Жүсіп  Баласағұн.  «Құтты 
білік»  (дастан).  Пекин:  «Ұлттар»  баспасы,  1989,  1105  бет; 
тағы  сол  баспа,  1997,  1105  бет;  Махмұт  Қашқари.  «Түрік 
сөздігі».  І-ІІІ  томдар  (Аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми 
түсініктерін  жазып,  баспаға  дайындаған  Асқар  Егеубаев). 
Алматы, 1997. І том, 592 бет; ІІ том, 528 бет; ІІІ том, 600 бет.
Мұның  ішінде  Махмұт  Қашқаридің  мұрасына  көңіл 
аударсам  деймін.  Махмұт  Қашқаридің  «Диуани-лұғат-ат-
түрік»  атты  ХІ  ғасырдың  басында  жазылған  энциклопе- 
диялық сөздігі түркі дүниесінің ата сөзі, ежелгі түркі тілінің 
алғашқы әдеби-ғылыми әмбебап сипаттамасы. 1072-74 жыл-
дар  аралығында  ежелгі  қазақ  сахарасында  жазылған  бұл 
еңбек  түркі  дүниесінің  жер,  ел  аттарының,  түркі  сөзінің, 
түркі тарихының дәйекті де ақиқат шежіресі. 
Ғылыми  бітімі  кемел,  жүйелі  негізделген  білікті  де  дә-
йекті  еңбекті  батыс-шығыс  ғұламалары  ғасырлар  бойы 

341
зерттеп,  аса  жоғары  бағалап,  адамзат  өркениетінің  асыл 
қазынасына қосқан. 
Осы  сегіз  кітаптан  тұратын  ғылыми  дерегі  мол,  ұлт- 
тық  ғылыми  танымымыздың  негізі  –  «Диуани-лұғат-ат-
түрік»  бұған  дейін  қазақ  тілінде  жарық  көрмеген  еді.  Ескі 
мұраны  зерттеп  зерделеуге,  аударып,  игілігімізге  жаратуға 
кеңестік  идеология  мүмкіндік  бермеді.  Әрі  жан-жақты 
білімдар,  осындай  еңбекті  жүзеге  асыра  алатын  мамандар 
да жетіспеді. Бұл сипатты сирек күрделі мұраны игеру үшін 
әрі  ақындық,  әрі  жазушылық,  әрі  ғылымдық  тәжірибе,  та-
лант  қажет  екендігі  сөзсіз.  Оның  үстіне  бірнеше  әліпбиді 
де  білетін,  сол  замандар  заңдылығын  бағдарлай  алатын  
маман болу да шарт еді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана 
белгілі ақын, ғалым Асқар Егеубаевтың ұзақ жылғы табан-
ды  зерттеуінің  жемісін  игілігімізге  жаратудың  мүмкіндігі 
туды, асыл қазына тұңғыш рет ана тілімізде үш том болып 
жарық көрді. Толық мәтінімен жарияланды. Бұл тәуелсіздік 
жолында  күрделі  жаңғыру  үрдісін  бастан  кешіп  отырған 
қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін қымбат қазына, тарихи-
шығармашылық  құбылыс.  Осынау  тарихи  деректілігі  құ-
нарлы,  нақты  ғылыми  мағынасы  кемел  мұралар  егемен 
еліміздің мәдениетін сара жолға шығарады, тарихи санамыз-
ды байытады деп білеміз. 
Филология  ғылымдарының  докторы,  Қазақстан  Жазу- 
шылар  одағының  басқарма  мүшесі,  түркітанушы  ғалым,  
әдебиетші  Асқардың  аталмыш  ғылыми-зерттеу  еңбектері 
көпшілікке  кеңінен  таныс.  Шетелдерде  де,  белгілі  түркі-
танушы  ғалымдар  тарапынан  да  жоғары  бағаланып  отыр. 
Ширек ғасырдан астам уақытты қамтыған шығармашылық 
жұмыс,  шығармашылық  ізденістер  ғылыми  ортада  да,  мә-
дениет  қайраткерлері  тарапынан  да  құптарлық  ықыласқа 
бөленді.  Бұған  дейін  бұл  ұлы  мұралар  қазақ  ғылымында 
осындай  сипатта  кең  тынысты  әрі  кешенді  түрде  қарас-
тырылмаған  еді.  Көп  жылғы  талантты  ізденістер,  ілікті  
пайымдаулар өз жемісін берді. Ежелгі түркі дүниесінің ора-
сан  зор  бай  деректері  мен  мұралары  Қазақстан  ғылымы-

342
ның  айналымына  қосылды.  Асқардың  зерттеу  жұмыстары 
әсіресе  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  кезде  ерекше 
маңызды екендігін таныта түсті. 
Асқар  Егеубаевтың  жеті  томдық  зерттеу  еңбектері  бір  
мәселеге,  бір  ғана  ғылыми  мақсатқа  арналған.  Ол  түркі 
дүниесі өркениетінің баға жетпес ұлы мұраларын тұтастай 
ұлттық  ғылымымыздың  игілігіне  жарату  мақсаты.  Осы 
орайда  Асқар  Егеубаевтың  аталмыш  еңбектерінің  ғылыми 
тұжырымдары  өте  құнды  да  өміршең.  Рухани  дүниемізді 
тарихи  дәстүрлер  арнасында  байытуды  батыл  қолға  алып  
отырған  мемлекеттік  ғылым  мен  мәдениет  саясаты  үрді- 
сінде  мұндай  шынайы  ғылыми-шығармашылық  тұжырым-
ды  еңбектердің  орны  бөлек.  Түрік  дүниесінің  адам  өр-
кениетіне  қосқан  даусыз  мұралары  Жүсіп  Баласағұнның 
«Құтты  білік»  дастаны  мен  Махмұт  Қашқаридің  «Түрік 
сөздігі»  тұңғыш  рет  ана  тілімізде  толық  күйінде  аудары-
лып  зерттелді.  Бұл  жерде  түрік  дүниесі  тарихында  біздің 
қолымызға  жеткен  мұралардың  ішінде  бұл  еңбектерден 
көлем жағынан да, рухани маңыздылығы жағынан да үлкені 
жоқ  екендігін  еске  алған  абзал.  Махмұт  Қашқаридің  сегіз 
кітаптық  энциклопедиялық  зерттеу  еңбегі  қазақ  тілінде 
Асқар  Егеубаевтың  аударып  зерттеуінің  нәтижесінде  ака-
демиялық  басылым  сапасында  алғаш  жарияланып  отыр. 
Осы мұраларды жариялау, зерттеу қорытындысы екі көлем- 
ді  ғылыми  монографияда  жазылып,  жарияланған.  Онда 
ғалым  түркі  дүниесінің  осы  бағалы  мұраларының  қазақ 
елінің  рухани  жаратылысымен  өзектестігін,  жалғастығын 
нақты  деректермен  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдейді.  Бұған 
дейін  аталмыш  мұралар  түрік,  өзбек,  ұйғыр  тілдерінде 
аударылып,  әртүрлі  деңгейде  жарық  көрген.  Бірақ  қазақ 
зерттеушісі  қол  жеткізгендей  арнайы  монографиялық 
талдауларға  негіз  болып  үлгермеген  болатын.  Аталмыш  
мұраларға  арналған  монографиялық  зерттеулерінде  Асқар 
қазақ  елінің  қоғамдық  ғылымдарымен  байланыстыра  пікір  
толғаумен  бірге  ежелгі  түрік  мұраларының  Орта  Азия  мә- 
дениетінің,  түркі  тілдес  басқа  да  туысқан  ұлттар  әдебие-

343
тіндегі  орнына  қатысты  да  тұжырымдар  түйген.  Сөйтіп 
Жүсіп  Баласағұн  мен  Махмұт  Қашқари  мұраларын  игеру-
де  қазақ  зерттеушісі  ілгері  қадам  жасаған.  Талас,  Шу  бо-
йынан  шыққан  екі  ғұламаның  қымбат  қазыналарын  зерт-
теу  жолындағы  белесті  бетбұрыс  десе  де  болады.  «Кісілік 
кітабы»  монографиясында:  «Қандай  жағдайда  да  «Құтты 
білік»  дастаны  Қазақстан  мен  Орта  Азия  мәдениетіне  ор-
тақ  қазына.  «Құтты  білікті»  зерттеу  түркі  тілдес  елдер 
әдебиеті  мен  мәдениетінің  жаңа  қырларын  ашады.  Түрік 
әдебиетіндегі дәстүр, аналогиялық желілер, сарындар, әуен-
саздардың  үйлесімді  үндестігінің  күретамыры,  осындай 
ежелгі дәуір жауһарларынан нәр тартады», – дей келе (61-
бет), Асқар Егеубаев тарихи деректерге, әдеби толғамдарға, 
ұлттық  тарихи  сананың  қалыптасуына  қатысты  нақты 
деректерге  негізделген  ғылыми  тұжырымдарын  саралай-
ды. Әрине, қазақ ғалымының туған ұлттық мәдениетімізге  
деген  ерекше  ықыласы  да  дәйекті  талдаулармен,  байыпты  
мысалдармен  парақталғаны  көкейге  қонады  әрі  түркі  дү-
ниесінің кіндігіндей қазақ сахарасының тарихи мәртебесін 
биіктете түседі. Асқардың Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қаш-
қари  мұраларындағы  әдеби,  мәдени,  тарихи,  этнография-
лық  деректерді  Орхон-Енисей  ескерткіштерімен, берісі  әл-
Фараби, Абай толғамдарымен, қазақтың бес ғасыр жыраула-
рымен сабақтастықта құрастырып, тереңнен зерттеуі тұтас 
бір  рухани  даму  кеңістігінің  ғылыми  заңдылықтарын  са- 
ралап  берген.  Осы  еңбектерді  «Құран  Кәріммен»  байла- 
ныстыра  талдау  арқылы  дініміздің  ғылыми-танымдық  тұ- 
ғырларына  қатысты  бірқатар  құнды  қисындарды  ұсынған. 
Зерттеушінің бұл пікірлері «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебие-
тінің көркемдік жүйесі» монографиясындағы «Құран және 
ежелгі  түрік  мұраларында  ұшырасатын  Құран  шарттары» 
деген  арнайы  тарауында  жүйеленген.  Сондай-ақ  зерттеуші 
еңбектерінде әдеби-көркемдік жүйе, желілері де, тарихи де- 
ректерді  де,  этнологиялық,  этнографиялық  тараптағы  құн-
ды-құнды өзектерді де дәл байқап, тарата талдауға қол жет-
кізеді. Мұның бәрі, әрине, зерттеу жұмыстарының толымды 
сипатын, кешенді маңызын білдіреді. 

344
Асқар  Егеубаевтың  ұлттық  тарихи  сананың  қалыпта-
суын,  ұлттық  тарихи-эстетикалық  болмысының,  тарихи 
танымның  даму  ерекшеліктерін  осы  ежелгі  түркі  дүниесі- 
нен  бергі  көптеген  даму  үрдісінен  туындата  отырып  зер-
делеуі көптеген өркенді ойлардың желісін тартқан. «Кісілік 
кітабы»,  «Ежелгі  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  көркемдік 
жүйесі»  монографияларындағы  осындай  тұжырымдары 
аталмыш  мұралардағы  нақты  деректермен  дәйектеле  түс-
кен. Ғылым тілі дәйектілік десек, автор бұл ретте өзі игер-
ген  мол  мұралардың  алуан  қырын  ашып  көрсетеді.  Шу  
батыр  туралы,  ежелгі  түріктердің  шөген  секілді  этногра-
фиялық  ойын  үлгілері  жайлы,  қазақ  топонимикасына  қа-
тысты,  түрік  дүниесінің  жер  бедері  мен  табиғатына  тиісті 
деректер  хақындағы  ғалым  толғамдары  («Ежелгі  дәуірдегі 
қазақ  әдебиетінің  көркемдік  жүйесі»,  136,  140,  169,  157, 
154-бб.) әрі жаңа, әрі маңызды. Филология ғылымдарының 
докторы,  ақын  Асқар  Егеубаев  өзінің  ширек  ғасыр  бойы 
жүргізген  аударма,  зерттеу,  ғылыми  қызметімен  ұлттық 
ғылымымыздың алдындағы маңызды кешенді мәселені ше-
шуге  қол  жеткізді.  Атап  айтқанда,  Мемлекеттік  сыйлыққа 
ұсынылып  отырған  жеті  томның  да  ғылыми  сапасы  биік. 
Қазіргі  заманғы  академиялық  зерттеулерге  қойылатын  та- 
лаптарға сай жасалған. Барлығы толық жауап береді. Сөйтіп 
Ж.  Баласағұнның  «Құтты  білігі»,  М.  Қашқаридің  «Түрік 
сөздігі»  тұңғыш  рет  қазақ  тіліне  аударылып,  тұңғыш  рет 
ғылыми  негізде  зерттелді.  Бұл  еңбектер  жарияланып, 
жұртшылық  игілігіне  айналумен  бірге,  әдебиет,  тіл,  этно- 
логия,  тарих,  ұлттық  философия,  тағы  басқа  да  ғылым 
салаларындағы  практикалық  ғылыми-зерттеу  жұмыста-
рында қолданылып отыр. 
Асқар  халқымыздың  көптеген  мақал-мәтелдерінің,  қа-
натты  сөздерінің  ежелгі  нұсқаларын  осы  еңбектерден  та- 
уып,  зерттеп,  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп  берді.  Қазақ  әде-
биетінің ежелгі жанрларының пайда болып, қалыптасу жо- 
лына  көне  түркі  мұралары  арқылы  барлау  жасады.  Қоры-
тындылары  мен  нәтижелері  дәлелді.  Көптеген  бұлтартпас 
деректер тапқан. 

345
Ал  осы  зерттеулердің  ішінде  бөле-жара  айтатын  екі 
мәселе  бар.  Оның  бірі  –  қазақ  тіліндегі  «Құтты  білік»,  
«Түрік  сөздігі»  басылымдарына  берілген  ғылыми  түсін-
дірме,  комментарийлердің  өзі  өз  алдына  ғылыми  құнды-
лығы  ерекше  материалдар.  Асқар  өзге  ғылым  салаларын- 
дағы  деректермен  де  салыстыра  отырып,  көптеген  тұжы- 
рымдары  мен  байқауларын  осы  түсіндірмелерде  ұсынып-
ты.  Екіншісі  –  Махмұт  Қашқаридің  «Диуани  лұғат-ат-
түрік  («Түрік  сөздігі»)»  атты  сегіз  кітаптан  тұратын  эн- 
циклопедиялық сөздігінің тұңғыш рет қазақ тілінің заңды- 
лықтарына  сәйкестендірілген  қазақ  әліппесінің  таңбала-
рымен  түсірілген  транскрипциясын  жасап,  жариялатқан. 
Бұл да ежелгі мұраларды зерттеу саласындағы зор ғылыми 
жетістік. 
Зерттеуші  үш  бірдей  әліпбиді  –  араб,  латын,  кирилли-
цаны – қатар қолданады. Түпнұсқа, аударма, транскрипция-
лық  мәтіндер  соның  нәтижесінде  өзара  сәйкес,  үйлесімді 
жарық  көрген.  Бірнеше  әліпбиді  қолдану  қазақ  ғалымы 
жариялаған  мұраларды  түркі  тілдес  елдер  ғалымдары  мен 
зерттеушілерінің бәрінің қолданылуына жол ашқан. 
Ғалымның бір-біріне сабақтас ғылыми зерттеулер топта-
масының  қорытындылары  ұлттық  мәдениеттің,  тіліміз  бен  
тарихымыздың  дамуына  нақты  ықпал  етеді  әрі  рухани 
дүниемізді түгендеу ісіндегі пайдасы ұлан-ғайыр. 
Ежелгі дәуірлердегі түрік әдебиетінің мұраларын тари-
хи,  әлеуметтік,  елдік  тұрғыдан  талдап,  тану,  этнологиялық 
қырынан  саралау  қазіргі  ұлттық  ғылым  үшін  жаңа  қадам. 
Сонымен  қатар,  автордың  өзі  маманы  болып  саналатын 
әдебиеттің,  әдебиеттану  ғылымының  пәндік  мәртебесін 
көтеріп, қазақ әдебиеті мен тілінің елдік, әлеуметтік салма-
ғын  арттыра  түседі.  Ежелгі  түркі  әдебиетінің  көркемдік  
таным  жүйесінің  эволюциясынан  халқымыздың  тарихи 
көркем  санасының,  ұлттық  танымының  заңды  тұлғалары 
көрініп  тұр.  Тіл  табиғатының  ғасырлар  өткелдеріндегі  
сипаттары,  поэтика  тарихилығы  сөз  болып  отырған  зерт-
теулерде  нанымды  зерттеулерге  өзек  болған.  Филология 

346
ғылымдарының  докторы  Асқар  Егеубаевтың  Қазақстан 
Республикасының  ғылым  саласындағы  Мемлекеттік  сый- 
лығына  ұсынылған  зерттеулер  топтамасы  біртұтас  ке-
шенді  ғылыми  жұмысы  ретінде  маңызды  әрі  қазақ  елінің 
қоғамтану  саласындағы  зәру  мәселелерге  арналған,  Қазақ- 
стан  ғылымындағы  зор  жаңалық,  соны  жетістік.  Асқар  
Егеубаевтың  ұсынылған  еңбектері  Қазақстан  Республи-
касының Мемлекеттік сыйлығын беруге толық лайықты.

жүктеу 7.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет