Өмірзақ айтбайұлы



жүктеу 7.95 Kb.

бет21/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

ө. ЖӘНібеКОВ ЖӘНе 
тіл меН мӘДеНИет хақыНДа
Қасиетті  Отырардың  киелі  топырағында  дүниеге  кел-
ген  Өзбекәлінің  балалық  шағы  өзінің  еске  алуына  қара- 
ғанда өте күйзелісті жағдайда өткен. Алайда еңбекке, оқуға 
деген  ұмтылыс  оны  ылғи  алға  жетелеумен  болады.  Ерте  
тұтана бастаған мақсаткерлік қуат оның жас қанатын қа- 
тайтып  шыңдап,  Оңтүстік  өлкесінің  түлеп  ұшар  бала  қы-
ранына айналдырады. Домбыраға, әнге, өлеңге, биге, жалпы 
өнер атаулының сан түріне деген құмарлық оны үнемі көптің 
алдына  шығарып  отырады.  Өзекеңнің  осы  қасиеттерін 
ерте  байқаған  аудан,  облыс  басқарған  білікті  азаматтар 
оны комсомол жұмысына тартады. Оның қабілет-қарымы, 
міне, осы комсомол қызметінде жүргенде жан-жақты ашы- 
лады. Қандай істі қолға алса да көзін тауып, жұртты ұйым-
дастыра,  іскер  жандарды  төңірегіне  жұмылдыра  білетін 
қабілеті оны жастардың нағыз жетекшілігіне көтереді.
Ол  біртіндеп  қазақ  халқының  осынау  жарық  дүниедегі 
орнын,  өзінен  бұрынғы  ұлылардың  өмірін  зерттей  бастай-
ды. Сөйте келе ол өзі де қазақ елінің тағдыры үшін айқасқан  
үлкен  күрескер  тұлғаға  айналды.  Әсіресе  Қазақстан  тә-
уелсіздігі  жылдарында  жазылған  «Эхо»  (1991),  «Уақыт 
керуені» (1992), «Жолайрықта» (1995), «Қазақ киімі» (1996), 
«Ежелгі  Отырар»  (1997),  «Тағдыр  тағылымы»  (қос  кітап, 
1996, 1997) атты кітаптарының өнегелілік, тағылымдық мәні 
айрықша.
Алдыңғы  баяндамашы  және  өзімен  тұстас,  қызметтес 
аға-іні  бауырлары  айтқан  Өзекеңнің  ауқымға  сия  бермей-
тін  сан  қырлы  талантына  тәнті  боласың.  Соның бәріне қа- 
лай  үлгерген,  шіркін,  Алла  тағала  тағы  біраз  өмір  бергенде 
мына түрленбелі заманның қилы-қилы қылығын таратып, 
талдап  берер  әлі  талай  дүние  ағынын  байқағандай  бола-
мыз. Әттең, дүние-ай, деуден басқа біздердің қолымыздан не 
келеді?! Тек Өзекеңнің осы жазып кеткен дүниелерін игеріп, 
тастап  кеткен  үлгі-өнегесін  бойға  сіңіре  алсақ,  соның  өзі 

298
аруақты  азамат  алдындағы  парызымызды  өтегендей  болар 
едік.
Бүгінгі  әңгімеде  мен  сан  қырлы  Өзекеңнің  әзірге  өзім 
байқаған, сезінген, түсінген кейбір тұстарына ғана тоқталып 
өтпекпін.
Ол,  ең  алдымен,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  еді. 
Оның  өзге  қайраткерлерден  басты  ерекшелігі  мемлекеттік 
және  қоғамдық  істерін  ғылыми,  мәдени  жұмыстармен  ке- 
ремет  ұштастыра  білуінде  болатын.  Оның  негізгі  маман- 
дығы  –  тарихшы.  Бірақ  бұл  саламен  түбегейлі  айналысуға  
оның  мүмкіндігі  бола  қойған  жоқ.  Соған  қарамастан,  та-
рихтың  талма  тұстарына  барып,  оқтын-оқтын  болса  да 
қозғаған  ойлары  оның  зерек  зердесін  танытып  отырады.  
Оның осындай ой-пікірлерін жинақтап, диссертациялы-
лық  жұмысымен  бірге  қосып  баспадан  шығару  қажет.  Бұл 
өткен тарихымыздан адасыңқырап қалған бүгінгі ұрпақ үшін 
қажет. 
Оның  басып  өткен  өмір  жолы  кез  келген  пенденің  өл-
шеміне сия бермейтін тартысы мен тауқыметі, күнгейі мен 
көлеңкесі, қасіреті мен қасиеті, табысы мен тоқырауы қат-
қабат  қиыншылықтардан  тұратын.  Өмірдің  еншісіне  тиген 
соқпақтарын ол әу бастан-ақ күреспен өзіндік, Өзбекәлілік 
іс-әрекетпен  өткізуге  тырысты.  Сондағы  оның  ұстанған 
темірқазығы, мұраты қазақ халқына, Қазақстанға барынша 
адал  қызмет  ету  болатын.  Ол  комсомол  болды,  жастардың 
көсеміне  айналды.  Ол  коммунист  болды,  адал  коммунист 
болудың классикалық үлгісін танытты. Ол совет қызметінде 
болды. Ол қайда барса да, қандай лауазымды қызметте бол-
са  да  осы  өзі  ұстанған  өмірлік  принципінен  тайған  емес. 
Ол шыққан тағын жеке бастың мүддесі үшін, құлқын үшін, 
бас  пайдасы  үшін  пайдаланып  көрмеген  жан.  Өзінің  тура 
мінезінен,  бетің  бар,  жүзің  бар  демей  айтып  салатын  тіке 
ащы  сөзінен  (ешкімнің  қызмет  дәрежесіне  қарамай)  талай 
опық  та  жеді.  Өзінің  табиғатына,  білік-біліміне,  қабілет-
қарымына  сай  емес  қызметтерге  итеріліп,  ығыстырылып 
жатқанда да күйінгенмен, күйзелгенмен ешкімге жалынып, 

299
жалбақтап,  әйтпесе  біреуге  жамандық  ойлап  күн  кешкен 
емес. Екі білекті сыбанып, қай жұмыста да халық мүддесін 
жоғары қойып, соған ғана қызмет етумен болды. 
Жарамсақтарды жасқадың,
Шындықты айтудан қашпадың.
Қандай сайларда жүрсең де,
Биіктерге елді бастадың, – 
дейді  Фариза  ақын.  Тіпті  баз  біреулер  сияқты  өз  мүмкін-
дігін  пайдаланып,  балаларын  да  қызметке  тықпалаған 
емес. «Қабілеті болса, білім алса, өмірден өз орнын өзі табу  
керек» деген пиғылдан өле-өлгенше тайған жоқ. Сондай-ақ  
ауыл-аймақ,  туған-туыс  іздеп,  русырап  әрекет  етіп  тобын  
көбейтіп,  төңірегін  түгендеп  жатқан  мына  заманның  көр- 
генсіз,  өріссіз  басшылары  сияқты  сұрқиялықтан,  зымиян-
дықтан аулақ болатын, ондай әрекетке жол бермейтін. Оған 
жанасқан  жандардың  көбі  осы  принципті  қатты  сезінетін. 
Солайша  әрекет  етуге  тырысатын.  Заманның  ағымына  қа- 
рай  ауытқып,  құбылып,  саясатын  өзгертіп,  түлкі  бұлаңға 
салуды ол білмейтін. Қандай жағдайда да ол әділет жолы-
нан  таймай  өтті.  Өмірдің  тірегі  –  адалдық  пен  әділдікте 
деп  түсінетін  Өзекең  өле-өлгенше  осы  өзіндік  түсініктен 
тайқымай кетті.
Қазақтың  ардагер  ұлдарының  бірі  Ілияс  Омаровтың 
«Туысқандықты туыстарымның арасынан ғана іздеген жан 
емес  едім.  Өзіммен  кім  үндес  болса,  соны  туысқан,  соны  
дос тұттым» деген сөзі еске түседі. Өзекең де осы принцип-
тің адамы болатын.
Мен  бұл  кісімен  туыс  адаммын.  Бірақ  біздің  арамызға 
дәнекер болған осы бір қан туыстығы ғана емес, жан туыс-
тығы, түсінік-пайым туыстығы басым болды деп шамалай-
мын.  Туыстық,  рулық  жақындық  арқылы  жылғаласып,  тіл 
табысып жатуды ол кісі мүлде қаламайтын. Өзіне де, өзгеге 
де қатаң талаппен қарайтын қатал адам болатын. Бірақ сол 
қаталдықтың  аржағында  мейлінше  жұмсақ  мейірімге  толы 
бір сыр жататын. Түбі туыс болғанмен, екеуміздің орайла-

300
суымыз  қызық  еді.  Екеумізді  де  қызықтыратын  ең  негізгі  
екі  нәрсе  болды  деп  ойлаймын  қазір.  Ол  –  тіл  мен  өнер. 
Өзекең өнер атаулыны құдірет санайтын. Әсіресе, қазақтың 
халық әндері мен күйлерін, халқымыздың көне музыкалық 
аспаптарын мейлінше қадір тұтатын. Оның әрқайсысының 
бойынан, үнінен, атынан өзгелер көре, естіп, ұға білмейтін 
бір өрнек, белгі тауып, солар жайында егіліп, төгіліп әңгіме 
айтып  кететін.  Ал  сол  көне  аспаптарды  қалай  жинағаны 
менің  әлі  есімде.  Әйтеуір  жүрген  жерінде  ол  саясаттың  
құлы  болып  қалмай,  туған  халқының  қасиетін  танытатын, 
оның мәдениеті мен рухын әйгілейтін нәрсенің бәріне зер-
герлерше назар аударып, тірнектеп жинап жүретін.
Тіпті  көп  әнші  айта  бермейтін,  біле  бермейтін  халық 
әндерін білетін. Соларды өзінің құдай сыйлаған әдемі қоңыр 
дауысымен  айтып,  жұртты  сүйсіндірмей  қоймаушы  еді. 
Қазіргі  танымал  әншілердің  біразына  халықтық,  ұлттық 
үлгіге ойысуына оның септігі болды.
Өзекеңнің  би  мен  сахна  өнеріне  қосқан  үлесі  ұшан-
теңіз.  Бұл  қайсібір  жандарды  елең  еткізе  қоймағанмен, 
қазақ  халқының  рухын,  өнер  өрісін  танытатын  асқан  үлгі- 
лер  екен.  Бұл  жөнінде  Өзекеңнің  өзі  тәрбиелеген  өнер 
өкілдері әлі талай жазар деген үміттеміз. Қазақтың домбы-
расы мен қобызы Өзекең үшін киелі аспап еді. Менің аздап  
ән айтып, күй шертетін жайым бар. Бізді жақындастыра түс-
кен әуелгі нәрсе осы болды. Ол күй тыңдаудан жалықпай-
тын.  Ананы  тартшы,  мына  күйді  шертші  деп,  мүмкіндігі 
болған сәттерді құр жібермейтін. Зауқы түскен сәттерде өзі 
ыңылдап ән бастап, ауылда, елде бала күнде жадында қалып 
қойған  халық  әуендерін  бірінен  соң  бірін  айтып,  елжірей 
төгілетін. «Шертер», «Сазген», «Адырна» фольклорлық ан- 
самбльдердің  құрылуы,  Торғайдың  муздрам  театрының 
ашылуы  Өзекеңнің  осындай  табиғи  танымы  мен  таланты-
нан туындаған дүниелер ғой.
Қазақтың  өнер  тарихы,  этнографиясы  жайындағы  ма-
қалалары мен кітаптары шежіре кеуденің кейбір сыры ғана. 
Өкініштісі,  көкейіндегі  көп  дүние  хатқа  түсіп  үлгермей, 

301
өзімен бірге кетті. Әр пенденің бір үлкен кемшілігі – қасын-
да  жүрген  адамның  да,  өзіңнің  де  бір  күні  жарық  дүние- 
мен қоштасар сәті келерін сезе бермейтіні ғой. Соңғы жыл-
дары  ауру  айналдырған  Азаматтың  қалжырай  бастағанын 
білсек те, өлімге қия алмай жүрдік. Қаншама әңгіме-сұхбат, 
ойлар, пікірлер, әсерлер болды. Соны жазып жүрсекші, тә-
йірі. Опасыз жалған біздің пайымсыздығымызды бетке ба-
сып, опындырып отыр бүгін. 
Өзекеңнің  екінші  бір  үлкен  қыры  тілге  деген  өзгеше 
құштарлығына  байланысты  көрінетін.  Ол  қазақ  өнері, 
оның  ішінде  музыка  аспаптары,  этнографиялық  атаулар, 
би  өнерінің  терминдері,  жалпы  қазіргі  қазақ  сөзінің  көпке 
беймәлім түрлері жөнінде ізденістерін нағыз тіл маманын-
ша жасайтын. Үнемі телефон соғып, әр сөздің мағынасын, 
түп-төркінін  іздеп,  шарқ  ұрып  жататын.  Мені  де  әуре-
сарсаңға  салып,  әрбір  сөздікке  үңілдіріп,  ойға  шомдыра-
тын. Бір таңғалатыным, ол жеке сөздердің мағыналық өрі- 
сін  терең  түсініп,  оларға  атаулық  сипат  беруге  шебер 
еді.  Оның  кітаптарын  қолына  алған  адам  мұны  аңғармай 
тұрмайды. Қысқасы, Өзекеңнің тілдік ізденістері – бір сала 
әңгіме. Ол жасаған, жүйелеген терминдер саны едәуір. 
Оның  өткен  дәуір,  кешегі  тарих  өкілдеріне  көзқарасы 
тіпті  алабөтен  болатын.  Әсіресе,  сонау  сұрапыл  жылдары 
нақақ  кеткен  арыстарымызды  тарих  әділетсіздігінен  ара-
шалап  алу  үлкен  арманының  бірі  еді.  Бұл  іспен  айналы-
сар қолында билігі жоқ өрен кезінде іштен тынып, бармақ 
тістеумен жүретін. Сөйтіп жүргенде, шамасы сол аруақтар 
тілегі ме, кім білсін, ол Колбин заманында Қазақстан ком-
партиясының  идеология  секретары  болып  тағайындалды. 
Бұл кез бүкіл қазақтың ұлтшыл аталып, қара күйе жағылып 
тұрған  шағы  еді.  Ұлттық  мүдде,  ұлттық  мәдениет,  ұлттық 
тіл  дегендеріңізге  абайлап  баратын,  Горбачевтың  қазақ- 
тарға  қырын  қарап  тұрған  шағы.  Міне,  осындай  қиын  ке- 
зеңде Ө. Жәнібековке жендет атанған Г. Колбинмен қызмет-
тес болып, оның қырысқан мойнын ұлт мәдениетіне қарай 
бұру тіпті де оңай болған жоқ.

302
Әсіресе,  бір  кезде  жалтақ  боп,  аяңкестеніп  алған  қазақ 
зиялыларының  өзінің  батылы  бара  бермейтін,  барғысы 
келмейтін  тарихтың  ақтаңдақ  беттеріне  айналған  арыста-
рымызды  ақтап  алудың  ұлт  мәдениеті  үшін  қаншалықты 
зор  маңызы  бар  екенін  түсіндіру  аса  қиын  болғаны  мәлім. 
Соған  қарамастан  ол  алған  бетінен  қайтпады.  Халқымыз-
дың  теңдесі  жоқ  тұлғаларының  алдындағы  перзенттік  
парызын өтеудің алуан түрлі жолдарын қарастырумен бол-
ды. Мамандарды жинап, комиссия құрып, мәселенің анық-
қанығын айқындауды тапсырды. 
Арамызда  болған  мынадай  әңгіме  естен  кетпейді.  Бір 
сенбінің  кешінде  Өзекеңнің  таудағы  коттеджіне  сәлем 
бере  барғанбыз.  Қашанғы  әдетінше  шаршаңқы,  ой  үстінде 
күйзеліп отыр екен. Хал сұрасып, жағдай білісіп алған соң:
Шаршаулысыз ғой, Өзеке, тыныштық па? – дедім. 
– Қайдағы тыныштық. Тарих алдында жіберіп алған ке-
шірілмес күнәмізді кім түзейді? Жаны күйзелер жандарың 
шамалы,  –  деп  түйіліп,  тоқтап  қалды.  Мұндайда  килігіп 
сұрақ  берсең  бәлеге  қаласың.  Ойын  бұзбай  сабыр  сақтап, 
әңгіменің артын күту керек. Үңдемедім. 
–  Өткен  аптада  қазақтың  қазіргі  белгілі-белгілі  деген 
зиялыларын, жазушысы, ғалымы, қоғам қайраткерлері бар, 
бәрін  жинап  алып,  ақыл  салдық.  Осы  А.  Байтұрсынұлы,  
М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбер-
диев туралы алып-қашты әңгіме көп. Кім бұлар, шынымен 
халық жауы боларлық қылмысты әрекеттері болған ба, жоқ 
әлде  жаламен  кеткен  бе?  Осының  анық-танығын  Сіздер 
айтпағанда кім айтады? Не дейсіздер? – деп едім, көбі үнсіз  
қалды.  Мен  осыған  қайранмын.  Ол  кісілерден  ештеңе 
шықпайтын болған соң арнайы комиссия құрып, тез арада 
ұсыныс  беруін  өтіндім,  –  деп  тоқтады.  Иә,  қашан  барсаң 
осындай  бір  күрделі  мәселенің  күрмеуін  шешумен  әлекте-
ніп отырған оған таңданумен болатынмын.
Келесі  бір  кездесуде  қазақ  даласында  иесіз,  қараусыз, 
қирап,  құрып  бара  жатқан  тарихи  ескерткіштер  мен  жә-
дігерліктер  жайын  айтып  (25  мың  түрі  бар),  соның  бәріне 

303
жалғыз өзі жауапты адамдай күйзеліп әңгімелейтін. Әсіресе 
Әзірет  Сұлтан,  Арыстан-баб,  Айша  бибі,  Қарахан,  Бекет  
Ата,  Алаша  хан,  Ұлытау,  Абай,  Жамбыл,  Құрманғазы, 
Мәшһүр Жүсіп т.т. толып жатқан киелі орындардың бәрін- 
де  Өзбекәлінің  қолтаңбасы,  іс-әрекетінің  ізі  қалып  жатты. 
Бұл да бір зерттеушілерге мол материал беретін үлкен сала. 
Ал  «Тіл  туралы»  Заң  мен  мемлекеттік  Бағдарламаның 
түзілуіне Өзекең қосқан үлес ұшан-теңіз. Тіпті Конституция 
мен Тіл тұжырымдамасын жасауда тікелей атсалысты. Дәл 
осы тұста Әбекең (Ә. Қайдаров) екеуміз «Қазақ тілі» қоға-
мын  құру  жөнінде  Өзекеңе  барғыштаңқырап  жүргенбіз. 
Өйткені ол бұл идеяны да ә дегеннен қатты қолдады. Талай 
нақты мәселелер туралы кеңестік. Бұл тұста зиялы қауым-
ның өз арасында қазақ тілін мемлекеттік тіл етеміз бе, жоқ 
па деген талас пікірлер жүріп жатқан. Жазушылар одағында, 
Ғылым  академиясында  алып-қашты  әңгімелер  өрбіп,  га-
зеттерде  қилы-қилы  мақалалар  жарияланды.  Қазақ  тілінің 
мемлекеттік  тіл  болуына  зиялы  қауымның  көбі  күдікпен 
қарады.  Қаншама  жылдар  сананы  билеген  жалтақтық  бұл 
жолы да көпті өз уысында ұстаумен болды.
Қоғам  құру,  қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  беру  ту-
ралы  академик  Ә.  Қайдаровтың  идеясына  үрке,  шошы-
на  қарағандар  көп  еді.  Тіпті  тіл  қасіреті  мен  оның  қазіргі 
даму  ерекшеліктерін  тереңірек  зерттеп,  көп  ақиқатқа  көзі 
жете  бастаған  тілшілердің  (тіл  мамандарының)  арасында 
да  бірауызды  пікір  болған  жоқ.  1988  жылдың  екінші  жар-
тысында Тіл білімі институтындағы осы мәселеге арналған 
алғашқы жиындар әлі күнге есімде. Мемлекеттік тіл идея-
сына көбі қарсы болды. Ол жайында жазылып жүр.
Ең  бастысы,  Ө.  Жәнібековтың  идеология  хатшысы  бо- 
лып  келуі  «Қазақ  тілі»  қоғамын  құруға  да  тікелей  сеп-
тігі  болды.  Неге  десеңіз,  қазақ  тілінің  қазіргі  күйінің  қан-
шалықты  екенін  ол  мейлінше  терең  сезінетін.  Қазақ  тілі 
туралы  мәселенің  бүкілхалықтық  іске  айналғаны  сонша-
ма, ол жөнінде арнайы Заң түзілмесе болмайтыны жөнінде 
ұсыныстар  көбейді.  Нәтижеде  «Тіл  туралы»  Заң  да  түзіле  

304
бастады. Тіл қоғамын құру туралы мәселе де өзінің шарық-
тау шегіне жетті.
Сөйтіп,  1989  жылы  қыркүйектің  21-інде  «Тіл  туралы» 
Заң  қабылданды  да,  онда  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл  бо-
лып  жарияланды.  Іле-шала  бір  айдан  соң,  яғни  21  қазанда 
«Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Мұның бәрінің басы-қасын-
да  Ө.  Жәнібеков  болды.  Әсіресе  Қоғамды  құрар  алдын- 
дағы, құрылғаннан кейінгі кездесулердің көбі әлі күнге көз 
алдымда. 
Қоғамның  үй-жайы  жөнінде  З.  Нұрқаділов,  Қ.  Төле-
беков,  Б.  Тұрсынбаевтармен  болған  әңгімесі  сол  қалпында 
жадымда  қалды.  Сонда  бір  байқағаным:  ол  тіке  айтатын, 
бірақ ешкімнің жеке басының намысына тиіспей, санасына 
салмақ  тастап  айтатын,  ұятын  қозғайтын  және  біз  көрген  
көп  бастықтың  әншейін  шығарып  салды  сөзі  емес,  бүгін 
айтқан  әңгімесін  ертеңіне  қайталап  сұрап,  қадағалап  оты- 
ратын.  Мәселенің  көп  тетігі  қолдарында  тұрған  әлгі  ба-
уырларымызбен көзбе-көз де, телефонмен де қайталап іздеу  
салып жатқанына талай куә болған едім.
Бір жолы ол Заманбекке былай деді:
–  Әнеукүнгі  Құрылтайда,  басқармаға  мені  сайламаған-
да кімді сайламақшысыздар? Сіздерге үй керек, жай керек, 
басқа да... дегенің қайда? Қоғам әлі үйсіз, көшеде жүр, не 
жәрдемің бар?
– Өзеке-ау, қазір ыңғайлы жай таба алмай отырмыз ғой. 
Мұны  қалай  да  шешеміз.  Дегенмен,  анау  Төлебековтың 
билігіндегі Саяси оқу үйі бар емес пе? Ол тарау алдында тұр 
ғой.  Соны  неге  қозғамаймыз?  –  деп  тосын  ой  тастады  За-
манбек.
Өзекең  онымен  де  сөйлескен  болатын.  Қасым  Қажы-
бекұлы ол кезде Алматы облыстық партия комитетінің І хат-
шысы еді. Бірақ бұдан да ештеңе шықпаған соң Өзекең бір 
жолы  «намысы  бар,  іскер  азамат  еді»  деп  телефон  көтерді  
де, әлдебіреуге:
–  Қал  жақсы  ма,  жуырда  «Қазақ  тілі»  қоғамы  құрыл- 
ғанын білесің ғой, Балташ. Әрең дегенде құрған қоғам әлі 

305
күнге  баспанасыз.  Сендерде  мүмкіндік  бар  ғой,  көмектес-
пейсіңдер ме? – деді. 
Балташтың  іскер,  жігерлі  азамат  екеніне  сонда  тәнті 
болғаным бар. Ол сөзге келмей: 
–  Қарастырайық,  ондағы  жігіттер  халыққа  керекті  ша-
руамен  айналысып  жүр  емес  пе,  Өзеке?  Біз  тым  болмаса 
ана тілімізге осылай, қолғабыс жасайық. Ол жігіттер маған 
келсін, – деді. 
Ол  уәдесінде  тұрды.  Қаланың  ортасынан  ойып  тұрып 
(облыстық  ауылшаруашылық  мекемесі  үйінен,  Саяси  оқу 
үйінің  қасындағы),  5  қабатты  үйден  11  бөлмені  босатып,  
тіпті  екі  аптаның  ішінде  жөндетіп,  тазартып  берді.  Мұнда 
«Ана  тілі»  газетімізбен  Тұрсынбаев  басқа  қызметке  ауыс-
қанша тұрдық. 
Егер  халықтық  мәселеге  келгенде  осындай  саналылық 
пен  сарамандықты  танытып  отыратын  іскер  азаматтары-
мыз мол болса, еліміздің еңсесі бұдан да биіктей түсер еді-
ау деп арман етесің. Өкінішке орай, кейінгі кезде халықтық 
мүддеден  гөрі  жеке  бастың  мүддесін  көбірек  күйттейтін 
күйкі жандар көбейіп кеткені сияқты...
Сонымен,  Өзекең  мен  ол  кісінің  төңірегіндегі  (Мыр-
затай,  Әбіш,  Заманбек  тәрізді)  азаматтар  қамқорлығының 
арқасында «Қазақ тілі» қоғамы өмір сүре бастады. Барлық 
аймақта біз өз ұйымдарымызды құра бастадық.
Күн тәртібінде ә дегеннен-ақ газет мәселесі тұрған. Біз 
осы мәселені көтерумен болдық. Өзекең бұл ұсынысымыз-
ды  құптап,  қолдап  шықты.  Әлі  есімде,  1990  жылы  ақпан 
айының іші болу керек. Өзекең шақырады деген соң Әбекең 
екеуміз дереу жеттік. Өзекеңнің өз кабинетінде өзінен басқа 
Мырзатай, Әбіш, Романов, Заманбек т.т. отыр екен. Өзекең 
әдеттегі жұмысбастылығымен (телефонмен) біреулерге жа- 
уап  беріп  болды-дағы,  орнынан  тұрып,  әйнек  жақтағы  мә-
жіліс столының басына келіп отырды да: 
–  Саламатсыздар  ма?  –  деді  шаршаңқы  дауыспен. 
Сөйтіп  Романовқа  қарады.  Ол  Өзекең  алдына  қағаз  әкеп 
қойды. Өзекең әлгі қағазға көз қиығын тастады да, Әбекеңе  
(Ә. Қайдар) қарап:

306
– Өтініштеріңізді қанағаттандырдық, Әбеке, кеше бюро  
Сіздерге «Қазақ тілі» журналын ашып беру жөнінде шешім 
қабылдады, – деді. Әбекең маған қарады, мен оған аң-таң-
мын. Төбе құйқам ду ете қалды. Біздің сұрап жүргеніміз бұл 
емес-тін. Әбекең бірдеңе дей ме десем, ол кісі жөпелдемде 
не дерін білмей қалды ғой деймін. 
–  Әрине,  рахмет,  бірақ...  –  деп  кібіртеңкіреп  қалғаны. 
Мен шыдай алмай: 
–  Өзеке,  біздің  сұрағанымыз  журнал  емес,  газет  бола-
тын.  Екі  айда  бір  рет  шығатын  салбөксе  журналмен  өрте-
ніп тұрған тіл мәселесін қайтып көтермекпіз? – деп қызына 
бастағанымда, ол жігіттеріне қарап:
–  Қалай,  мына  кісілердің  сұрағаны  журнал  ма,  газет  
пе? – деді. Анау міз бақпастан: 
Журнал болатын, – деді. 
–  Жоқ,  Өзеке,  мына  жігітіңіз  шатастырып  тұр.  (Әдейі 
шатастырған деген сөз көкейімде тұрса да, айта алмадым). 
Қағаздарын  қайта  қарасын.  Бұл  журналды  Ғылым  акаде- 
миясы  Тіл  білімі  институтының  сұрап  жүргеніне  3-4  жыл 
болды,  ал  бізге  керегі  газет.  Егер  газет  болмайтын  болса, 
онда  Қоғамды  жабу  керек,  –  деп  қызына  килігіп  кетіп  ем, 
Өзекең «жә» дегендей ишара жасады да, Мырзатайға қарап 
еді, ол басын изеді, ал Әбіш:
– Өзеке, шынында, бұларға газет керек қой. Қозғайтын, 
көтеретін мәселесі көп, – деді.
Өзекең Романовқа:
– Ты иди разберись со своими бумагами. Найди их заяв-
ку.  Выясни,  что  было  там  написано,  журнал  или  газета  и 
неси сюда!
Ол «сейчас» деп жүгіріп ала жөнелді. Көп ұзамай қай- 
та оралды да:
– Да, Узбекали Жанибекович, оказывается они просили 
газету.  Мы  сами  перепутали  заявки.  Извините,  пожалуйс- 
та, – деді.
Сонымен мәселенің анық-қанығына көзі жеткен соң Өзе-
кең жедел тапсырма берді. 

307
–  На  завтрашнее  бюро  подготовь  материал,  срочно!  –  
деп бір-ақ кесті. 
Ертеңіне бюро Н. Назарбаев қол қойған шешім қабыл-
дады.
«Ана тілі» газетінің тағдыры осылай шешілген еді. Егер 
Өзекеңнің  іскерлігі  мен  оперативті  қимылы  болмаса,  бұл  
шаруа сол күйінде аяқсыз қалған болар еді.
Ө.  Жәнібеков  1991  жылы  тамыз  айында  60-қа  толды. 
Бұл  кезде  ол  аурханада  емделіп  жатқан  болатын.  Сол  күні 
оны асығыс түрде еңбек демалысына шығарды. Туған-туыс, 
жора-жолдастары  «Қаламгер»  кафесінде  дастарқан  жайып,  
оны  сол  ауруханадан  күтіп  отырды.  Неге  екені  белгісіз, 
елге,  халыққа,  оның  мәдениеті  мен  тарихына,  өнері  мен 
тіліне  өз  еңбегімен  зор  үлес  қосып  келген,  өз  мүддесінен 
гөрі  ел  мүддесін  жоғары  қойып  келген,  үлкен  азаматтың  
60 жылдығы үкімет тарапынан ешқандай ілтифат, ескерусіз, 
елеусіз өтті. Оның сол кездегі ішкі жан-дүниесінде нендей 
сыр бұлқынып, не күй кешіп жатқанын кім білсін?! Әйтеуір 
бір байқалатыны – адал еңбектің қайтарымы үнемі кермек 
дәмдене  берді.  Содан  оның  жүйкесіне  нұқсан  келді.  Тез 
ашуланатын  болды.  Үсті  қышынып,  қызара  бөртіп  шы- 
ға  келетін.  Соның  ақыры  айықпас  дертке  жалғасты  да, 
асыл  азаматты  алып  тынды.  Өмірге  таза  келді,  былықпай 
таза жүрді, таза еңбектенді, ары мен жанына дақ түсірмей, 
дүниеден  таза  өтті.  Шамасы,  осындай  адамдарды  ғана  ай-
татын  шығар  «Әулие»  деп.  Тірі  кезінде  аруақтарға  тағзым  
етіп, әулиелерді тірілтуге көп күш-жігер жұмсаған еді. Сол 
киелі  бабалар  ақыры  оған  өздерінің  қасынан  жай  беріп, 
қатарына  алды.  Өзекең  өмірінің  осылайша  аяқталуының 
өзі қалың жұртшылықты қатты ойға қалдырды. Енді оның 
мәңгілік  өмірі  басталды.  Келер  ұрпақтың  мұндай  тұлғаға 
ризалықпен тағзым ете жүрері хақ!
Өзбекәлі Жәнібеков жасаған жұмыстарын тіпті бүгінгі-
дей алқалы жиынның өзінде түгел қамтып айту мүмкін емес. 
Өйткені оның қазақ халқы үшін, бүкіл Қазақстан үшін еткен 
еңбегі ұшан-теңіз. Бір ғажабы, ол ешқашан жеке басының, 

308
отбасының,  ағайын-тумасының  мүддесін  ойлаған  емес. 
Ел, халық, қоғам, ұлт мүддесі үшін жанын салған жан еді. 
Қазақстанның  қай  түкпіріне  барсаңыз  да  Өзбекәлі  тура-
лы  айтып  тауыса  алмас  әңгіме  басталады.  Тіпті  қазақтың 
рухын  көтеретін  әулие,  әнбие,  аруақтар  мен  ұлы  бабалар 
да  Өзбекәлі  сынды  ұрпағына  деген  ризашылығын  айтып 
егіліп тұратындай әсер етеді. Неге десеңіз, байтақ еліміздің  
батысы  мен  шығысы,  солтүстігі  мен  оңтүстігі  аралығында 
баян  тепкен  кесене,  ескерткіштердің  бір  де  бірі  Өзекеңнің  
назарынан тыс қалмаған. Соның бәрін жаяу-жалпылап ара- 
лай  жүріп,  кейінгі  ұрпаққа  үлгі-өнеге,  ықпал  етерлік  дең-
гейге  жеткізіп,  «Міне,  сенің  ұлы  бабаларың,  міне,  сенің 
байтақ  атамекенің,  біле  түс,  ұға  түс.  Сіз  бен  біз  солардың 
аруағына  борыштымыз,  тағзым  ет!  Ей,  бүгінгі  тірі  пенде-
лер!» деп кеткендей.
Өзекеңнің ақтық демі таусылып, өзінің қалауы бойынша 
бабалары  Арыстан-баб  Әулие  мен  Құрман  Атасының  қа- 
сына  барып  жайғасуының  өзі  тегін  емес  еді.  Қазақтың 
пендешілігі  қала  ма,  тәйірі.  Оның  осылайша,  киелі  топы-
раққа  келіп  жайғасуын  да  көре  алмай,  «Жастарды  жолдан 
тайдыруға  бастаған  кешегі  комсомол,  коммунист  мұнда 
неғып жатыр?» деп көкігендер де болыпты. Хаққа бас иіп, 
өмір бойы таза жолмен жүріп, адалдықты, адамдықты мұрат 
тұтқан және аруақты сыйлап, құрмет тұтудың асқан үлгісін 
көрсеткен бір адам, осы Өзбекәлідей-ақ болсын!
Ендігі міндет елі әздек тұтқан Өзекеңе Үкімет тарапы- 
нан  жасалып  жатқан  ізет-құрмет  қалай?  Бізді  осы  сау-
ал  ойландырады!..  Тәуелсіздік  дәмін  еркін  татып,  ел  би-
леп  отырған  жандар,  өздерінің  осынау  даңқ,  тақтарына 
Өзбекәлі  сынды  қайраткер  тұлғалардың  ерен  еңбектерінің 
нәтижесінде  жеткенін  жадынан  шығармаса  екен  деймін! 
Ұлыларын ардақтай білген елдің ғана көсегесі көгермек! 
Өзбекәлі Жәнібеков сол ұлылар санатындағы Тұлға!.. 
(Шымкент қаласында Ө. Жәнібековті еске алуға 
арналған ғылыми конференцияда жасалған баяндама. 
2 қараша, 2006 жыл) 

309

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал