Өмірзақ айтбайұлы



жүктеу 7.95 Kb.

бет19/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

халық ақыНы 
айтмұхамеД белГібайұлы туралы
Айтбай (Айтмұхамед) Белгібаев – халық ақыны, жырау.  
1887 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Отырар 
(бұрынғы  Шәуілдір)  ауданының  Тартоғай-Сумағар  дей- 
тін  Сыр  бойына  орналасқан  саялы  жерінде  туған.  Ол  жа-
сынан  оқу  іздеп,  әрекеттенумен  болды.  Тіпті,  Түркістан 
қаласындағы  Иван  Калыч  дегеннің  орыс  мектебінде  оқы-
маққа  да  талап  етеді.  Бірақ  егіншілік  пен  малшылықтан 
басқа кәсібі жоқ кедейдің баласына оқу қайда? Жігерлі бала 
сонда  да  алған  бетінен  қайтпайды.  Ақыры  жасы  он  үшке 
толғанда Түркістан маңайындағы Атабай қыстағына өз бе-
тінше  қашып  барып,  сондағы  Айтжан  дамулланың  Қарнақ 
медресесіне  жалданып  оқиды.  Зейінді  бала  мұның  бес 
жылға шақталған бағдарламасын үздік тамамдайды. Содан 
кейін ол Бұқараға жіберіледі. Бұл Орта Азия мен Қазақстан 
аймағындағы  ең  жоғары  мұсылман  оқуы  еді.  Мұнда  араб, 
парсы  тілдерін  меңгеріп,  діни  кітаптармен  қатар,  шығыс  
поэзиясына бойлайды. Фердауси, Низами, Рудаки, Омар Хаям  
тәрізді  алыптар  туындыларын  түпнұсқадан  оқып,  ләззатқа 
батады. Солардың кітаптарын жинап, өмірлік серік етеді.
Өзінің  өлең-жырға  деген  ынта-ықыласы  оны  қазақтың 
бай  фольклорлық  мұрасына  жетелейді.  Сонымен  бірге  Қа-
ратау  мен  Сыр  өңіріне  аты  мәшһүр  Молда  Мұса,  Мәделі 
қожа, Шәді Төре, Майлықожа, Құлыншақ сынды жыр алып-
тарының  шығармаларын  оқып,  жатқа  да  айтатын  болады. 
1913-14  жылдары  Тәшкенде  Маруся  деген  орыс  қызымен  

270
танысып, арада бірер жыл өткенде оны еліне алып қашады. 
Ол  сол  кездегі  генерал-губернатордың  туысы  Лушник  де- 
геннің  қызы  болатын.  Айтбайға  туған  өлкесі  Сумағар
Торғай, Тінеймешіт жамиғаты жиылып той жасап, соңынан 
екеуіне «балаларымызды бірің қазақша, бірің орысша оқы-
тыңдар» деп қолқа салады. Сөйтіп, олар балаларды бірнеше 
жыл оқытып, көптеген қазақ балаларының сауатын ашады.
Айтбай  мен  Маруся  Қазан  төңкерісі  туралы  хабарды 
үмітпен қарсы алады. Тіпті, Түркістан қаласында құрылған 
Совдеп жұмысына ә дегеннен араласып, арнайы тапсырма-
мен аш-арықтар үшін Ақтөбе қаласынан астық тасу жұмы-
сымен  айналысады.  Ол  кезде  паровозды  жүргізу  үшін 
Сырдан,  Қызылқұмнан  сексеуіл  тасиды.  Қара  жұмыстың 
ешқайсысынан  қашпайды.  Осынау  аумалы-төкпелі  кезеңде 
Марусяны әкесі шақыртып әкетеді де, ақсүйек ағаларының 
қысымымен ақыры екеуін ажыратып тынады.
1919  жылы  Айтбай  Тәшкент  қаласындағы  мұғалімдер 
дайындайтын  аймақтық  курсқа  түсіп,  оны  бітіреді.  Сонда  
алған  дипломға  кезінде  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  совет 
өкіметінің  қаз  тұруына  көп  еңбек  сіңірген  партия,  кеңес 
қайраткерлерінің  бірі  С.  Қожанов  қол  қойыпты.  Мұны  бі-
тірген  соң  Айтбай  бірнеше  жыл  Түркістан  қаласындағы 
бесінші  интернатта  мұғалім  болып  істейді.  Осыдан  отыз 
сегізінші  жылдарға  дейін  әртүрлі  сауат  ашу  істерімен  шұ-
ғылданып,  Шәуілдір  ауданына  көшіп  келіп,  жаңа  ұйымда-
сып жатқан колхоз жұмысына араласады.
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  және  одан  кейін  де 
әуелі аудандық ақша бөлімінде, одан әрі қарай ұзақ жылдар  
қызылотау  жұмысын  басқарды.  Айтбай  өлеңді  жазып  шы-
ғарған ақын. Және жазғанын сол сәтінде халық алдына шы-
ғып, әдемі дауысымен әуендетіп айтуға дағдыланған ақын. 
Оның  ерекшелігі  де  осында.  Яғни  өлеңдерін  үнемі  баспа 
жүзінде жариялатып отыруды құнттамаса да жұртшылыққа 
дер кезінде жетіп отырған.
Жалпы Айтбай өлеңді жас кезінен жаза бастаған. Және  
бірден  оқиғалы,  желілі,  көлемді  дүниелерді  жазуға  бейім-

271
делген.  Оған  дәлел  оның  1913  жылы  Ташкент  баспасынан 
шыққан  «Шырын  жігер»  атты  тұңғыш  дастаны.  Мәлике, 
Жәмила деген қыздармен айтысы, оның ә дегенннен-ақ өлең  
сайысына  түскенін  де  дәлелдейді.  Жазған  дүниелерінің 
тақырыбы  мен  мазмұнына  қарап  отырсаңыз,  ең  алдымен, 
өз басынан кешкен оқиғалар мен өзі түсініп, түйсінген, өзі 
сезініп, күйінген жайларды ғана жазғанын байқаймыз.
Оның  ақындығына  Шығыс  поэзиясымен  қатар  қазақ 
фольклоры және өзі өскен ортаның Қызыл жырау, Нартай, 
Елеусіз,  Байбосын,  Мақан,  Балтабай,  Орынбай,  Қазанқап, 
Баймұрат, Желеу, Өтебек, Сәдуақас, Сәнбай тәрізді саңлақ-
тарының әсері болса керек. Оның «Арманда Айтбай», «Үш  
мұңлы»,  «Қоқаннан  қашқан  Нарбота»,  «Қызылқұм»,  «Мұ-
рынқарақ», «Шәуілдір», «Қажымұқан», «Сейітқасым», «Те-
мірбек  батыр»,  «Тазша  бала»,  «Туған  жермен  қоштасу», 
«Сары  аттың  арызы»,  «Ақын  Айтбай  көргендері»  тәрізді 
көлемді  туындылары  мен  «Мырзашөлге  аттаныс»,  «Оқу 
таппай  шөлдедім»,  «Кедейлік  тақсыреті»,  «Әкемнен  хат», 
«Құдық  суреті»,  «Малшыларға»,  «Оқушы  балаларым», 
«Шәуілдір қонысы», «Темір стансасы», «Еңбек ері», «Ота-
ныма қырық жыл», «Қорғаушыларыма», «Өмірімнен өсиет» 
деген  өлеңдерінің  көбін  ел  кезінде  жатқа  айтып,  жадында 
сақтап келген.
Осы санамалап шыққан өлең, дастандардың көбі қолда 
жинақталған. Тек «Қажымұқан» дастаны қолға түспей тұр. 
Кезінде  жазушы  Қалмұқан  Әбдіқадыров  Айтекеңе  жолы-
ғып, Қажымұқан туралы біраз деректер алғанын інісі Төле 
Белгібаев  айтып  отыратын.  Сондай-ақ,  Омарбай  Малқаров 
көп  болатын.  Өтебай  Тұрманжанов,  Бейсенбай  Кенжебаев  
та  біздің  әкей  туралы  жылы  лебіз  білдіретін.  Ол  кісі  бізге 
сабақ берген ұстаздарымыз еді ғой. Айтекеңнің осы тектес 
өлең,  жырларын  білетін  зерделі  жандар  болса,  хабарласа 
жүрсе деп едік. Бұл кісінің жинағы дайындалуда. 
Атақты  шығыстанушы,  фольклоршы  Әбубәкір  Диваев  
жиырмасыншы  жылдардың  алғашқы  жартысында  Айте-
кеңмен  әлденеше  рет  кездесіп,  одан  көптеген  материал 

272
алған.  Оның  өзге  дүниелерімен  қосып,  СССР  Ғылым  ака-
демиясы  Ташкент  филиалының  қолжазбалар  қорына  тап- 
сырылды.  Бұл  қолжазбалардың  біразы  Қазақстанға  жібе-
рілген.  Олар  қазір  Қазақстан  Ғылым  академиясының  Ғы-
лыми кітапханасында сақтаулы. Солардың ішінде бір мате-
риалға  ерекше  назар  аударуға  тура  келеді.  Ол  ақынның 
«Арманда Айтбай» деп аталатын күрделі дастаны. Кезінде 
Ә. Диваев бұл шығарманы «өлеңмен жазылған роман» деп 
бағалап,  ол  кісінің  «Роман  в  стихах  муллы  Айтмухамеда  
к  русской  девушке  Марие»  деп  жазып  қалдырған  қолтаң-
басы бар.
Айтбай  1939  жылы  Шымкентте  өткен  ақындар  айты-
сына қатысады. Осыдан былай қарай оның есімі аудандық, 
облыстық  газеттерде  жиі-жиі  көріне  бастайды.  Аудандық, 
ауданаралық ақындар айтысына қатынасып, жүлделі орын-
дарға ие болады.
1943 жылы Алматыда өткен ақындардың республикалық 
слетіне  қатысып,  Мұхтар,  Сәбиттермен  кездеседі.  Жам-
былдың  ауылында  болып,  лебізін  тыңдайды.  Бұл  сапар 
оның  ақындық  дарынын  үдете  түседі.  Елге  келген  соң  ол 
бұрынғыдан  да  ерекше  жігермен  ел  тірлігіне  араласып, 
өткір де уытты өлеңдерімен соғыс зардабынан қасірет шек-
кен  еңбекші  бұқараның  еңсесін  көтереді.  Үгіт  бригадала-
рын  басқарып,  диқандар  мен  малшылар  арасында  жиі  бо-
лып,  оларды  жігерлендіріп  отырады.  Қызылқұмның  алыс 
түкпірлеріндегі  шопан  отарларына  барып,  соғысқа  кеткен  
отандастар  ерлігін  жырға  қосады.  «Ер  Сейітқасым»,  «Те-
мірбек  батыр»  дастандары  сол  жылдары  туған.  Сөйтіп,  ол 
соғыс жылдары өзінің шығармашылық шабытын, ақындық 
дарынын  колхозшылардың  жігерлі  еңбек  етуіне,  жеңіске  
деген сенімін бекітуге жұмсайды. «Біз жеңеміз», «Майдан-
нан  хат»,  «Қуанышты  хабар»,  «Серпін»,  «Жүрек  сезімі» 
т.б. туындылары осындай мақсатпен жазылып, елдің отан-
шылдық сезімін тәрбиелеуге үлес қосқан өлеңдер.
Соғыс  жылдарында  фольклорлық  дәстүрдің  жаңа  бір 
түрі  пайда  болды.  Ол  майдангерлер  мен  еңбеккерлердің 

273
өзара  жазысқан  өлең-хаттары.  Міне,  осы  жаңа  дәстүрдің 
қалыптасуына кезінде Айтбай да өз үлесін қосқан. Майдан-
ға  аттанған  азаматтардың  көбі  Айтбайға  хат  жолдап  отыр-
ған.  Онда  олар  өзінің  мұң-шерін,  ерлікке  толы  әрбір  сәтін 
ашық  сыр  етіп  жазады.  Айтбай  ондай  хаттардың  қайсы- 
бірін өлең сөзге айналдырып, ел мұрасына қосып отырған. 
Айдарша мен Айтбайдың, Әбдібек пен Айтбайдың арасын-
да  болған  өлең-хаттар  күні  бүгінге  дейін  оңтүстік  өлкеде 
жатқа айтылады.
Соғыстан  кейінгі  жылдарда  Айтбай  қызыл  отауда  қыз-
мет ете жүріп, бейбіт еңбекті жырлайды. Жастарды өнерге, 
білімге,  еңбекке  шақыртатын  өлеңдер  жазады.  Әлденеше 
ақындар сайысына түсіп, айтыскерлік өнерін шыңдайды. Ол 
Мәлике, Жәмила, Орынбай, Елеусіз, Мақан, Желеу, Көпбай 
тәрізді ақындармен айтысқа түскен.
Айтбай  кезінде  өлеңдерін  жариялап  отыруды  құнтта-
+маған адам. Бірақ ол жазған дүниелерін дер кезінде халық 
алдына шығып айтып отырған. Содан болар, оның көптеген 
өлеңдерін жұртшылық күні бүгінге дейін жатқа айтады.
Өткенде  ақынның  жүз  жылдық  мерекесін  республика  
жұртшылығы, оңтүстік өлкесі тойлады. Оңтүстік Қазақстан 
облысының орталығы Шымкентте, ақынның туған елі Шә-
уілдір,  Отырар  алқабында  жыр  сүйер  қауым  өзінің  сүйікті 
ақынына  үлкен  құрмет  көрсетті.  Нәтижеде  Айтбайдың  
туған  ауылы  Ешкіқора  және  сол  жердегі  мектеп  ақын  есі-
мімен аталатын болды. Сондай-ақ, «Обцевод» совхозы мен  
«Шәуілдір»  селосының  бір-бір  көшесіне  Айтбай  есімі 
берілді.
Оның жекелеген өлеңдері «Жұлдыз» журналында (1978), 
«Пернедегі  термелер»  (1965),  «Айтыс»  (1965),  «Оңтүстік 
Қазақстан  ақындарының  айтысы»  (1958)  атты  кітаптарда, 
«Социалистік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Лениншіл 
жас» газеттерінде жарияланған.
Ал  оның  өмірі  мен  шығармашылығы  жөнінде  «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» (1964, 1-том, 2-кітап), Қазақ совет эн- 
циклопедиясында (1-том), «Ақын-жыраулар» деген кітапта, 

274
проф.  С.  Аманжоловтың  «Қазақ  тілінің  диалектология-
сы  мен  тарихының  мәселелері»  (1959)  деген  монография-
сында,  «Сарқылмас  қазына»,  «Қазақтың  Ұлы  Отан  соғы- 
сы  кезіндегі  поэзиясы»  тәрізді  зерттеулерде  және  «Со-
циалистік  Қазақстан»  (1.12.1988),  «Оңтүстік  Қазақстан» 
(1.12.1988; 14.5.1987), «Лениншіл жас» (2.8.1966; 29.8.1968) 
газеттерінде мағлұматтар мен пікірлер бар.
ИСа байзақОВ өлеҢДеріНіҢ 
тілДіК өрНеКтері
Қазақтың  өлең  әлемінде  өзгеше  орны  бар  Иса  туын-
дылары  тілдік  тұрғыдан  тексеріліп,  жан-жақты  зерделене 
қоймаған.  Әдетте  поэзия  үлгілерін  сөз  еткенде  оның  тілі 
бай, сөзі шебер немесе тілі жұтаң деген тәрізді жалпылама 
пікірден асып тереңдей бермейміз. Өлеңдік дүниелерді зерт-
теп,  талдағанда  сол  өлеңді  нәрлендіріп,  әрлендіріп  тұрған 
неше алуан бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін қолдану жайы 
зерттеуші назарынан тыс қалып жатады.
Бір қарағанда, сөз құрылыс материалы іспетті. Оны тілді 
жете меңгерген сөз зергері ғана қалағанынша қажетіне жа-
рата алады. Ой мен сезім дүниесін әсем де шешен берерлік 
сөз жүйесін іріктеп, жүйелей білгенде ғана көркем шығарма 
көріктене түспек.
Қазақ  сөзінің  қуатын  Абайдан  терең  игерген  жан  жоқ 
десе  де  болады.  Абайдан  үлгі  алып,  сөзді  Абайша  түрлен-
діре түскендер бар. Иса сөз түрлендіру, тіл ұстарту жағынан 
осы қатарға жататын ерек тұлға.
Кейде  ол  бәйгеге  қосқан  тұлпарының  мінез-қылық  та-
қылетін терең білетін бапкер сияқты қазақ сөзінің теңізінде 
еркін  жүзеді,  керегін,  кесегін  ала  біледі.  Иса  қолданған 
сөздер табиғатқа, жан-жануарларға, қоршаған ортаға тіл бі- 
тіріп,  сөйлетіп  жатады.  Оның  тіл  қолданыс  тәсілі  бөлек. 
Жаңаша  мағына  жетелеп  жандана  түскен  жеке  сөздер,  бұ- 
рыннан  бар  бейнелі  тіркестер,  түрлене  түскен  тосын  тір-
кестер, мақал-мәтелдер, өзіндік нақыл сөздер мол. Иса қол-

275
данысындағы  бұл  тектес  лексикалық  қабаттар  оқырманды 
бей-жай  қалдырмайды.  Елітіп,  еліктіріп,  тіл  құдіретіне  де-
ген сүйіспеншілікті арттыра түседі. Қараңыз: 
Ер тауып, жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды.
Тұсында әр заманның бір сұрқылтай,
Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды... 
 
      («Құралай сұлу» поэмасынан)
Ақын «Ер құнын екі-үш ауыз сөзбен шешкен» Монтай 
бидің аузына осындай сөздер салады. Мағынасы терең, ой-
ландырмай,  толғандырмай  кетпейтін  мұндай  аталы  сөздер 
ешқашан ұмытылмақ емес. Тіпті ол адам тәрбиесінің тіре-
гіне  айналады.  Оқырманды  осылайша  бір  иліктіріп  алады  
да,  Иса  ақын  оқиғаны  әрі  қарай  ежелгі  қазақ  дәстүрімен 
нақылға бергісіз сөздер үйіріне жетектетіп қояды. 
Үйірінен бөлінсе,
Құланның күйі болар ма?
Өз тобынан бөлінсе,
Батырдың бағы жанар ма?
Қара басың қайғырса
Биде әділдік болар ма? – 
дей келіп,
Қамсыз қайғы қапалық,
О да ақылдың заңы емес, –
деп түйеді.
Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай 
сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ, өлі сөзге жан 
бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастырса, 
ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз. 
Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл 
маңының көркін айн-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен 
сурет салады.
Өзеннің екі жағы қамысты көл,
Жайылып екі тарап болады сел.

276
Шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі,
Ат шаптырым алабында жайлаған ел.
Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш-қызық, шәукілдек жағын безеп,
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Алыстан көрсеткенде сұлу сағым,
Күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын.
Жан-жағы көктеменің көк майсасы,
Толтырып жаңа жарған жапырағын.
Қара бұлт, қаптаған мал сонау дала,
Бықырлап ақтылы қой толған сала.
Шұбырып көлден жылқы шығып барад,
Қиқулап жылқышылар беткейді ала.
Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-
ақ  әрі  қарай  оқи  бергің  келеді.  Оқыған  сайын  қазақтың 
қаймағы  бұзылмаған  мамыра  жай  тіршілігіне,  табиғаттың 
тамылжыған кейпіне, дала көркі – төскей толы мал мен сұң-
қылдаған  ұшқан  құс  әлеміне,  айнадай  жарқыраған  көліне, 
жағалай  біткен  қамыс  құрағына  деген  сағыныш  сезімің 
оянып,  «о,  жалған,  дүние-ай,  мұндай  да  болған  екен-ау» 
деп арманды ойдың ауанына түсіп аласың. Осындағы суға 
қонып  шуылдаған  сұқсыр,  жағын  безеген  шәукілдектер, 
сұңқылдаған  аққу,  қаздарға  тіл  бітіріп  сөйлетіп  отырған  
ақын  шеберлігіне  тәнті  боласың.  Көрмейсіз  бе,  шәукілдек 
екеш шәукілдекке дейін тілін безетіп қоюын. Бұл тек Исаға 
ғана  тән  тіл  қолданыс.  Көлдің  бағын  күлдірете  көтеріп  
тұрған сұлу сағымды қазіргі жастарымыз көз алдына елес- 
тете  алар  ма?  Өйткені  мұның  бәрі  шындығында  да  елеске  
айналып,  есте  қалған  сағым  дүние  ғой.  Мұндағы  сөзқол-
даныстардың өзі кейінгілерге тосын болып көрінуі ықтимал. 
Қазіргі қазақ сөзі кедейлене түсуі, сөз байлығымыздың қол-
даныс  өрісін  тарылтып  алуымыздан  ба  деп  шамалаймыз. 
Мәселен, Исаға тән сөзқолданыстар осыған меңзейді.

277
Көктелі, көкалалы жылқылар, қозы маңыратып, көген 
шешу,  қотан  салу,  кермедегі  бедеу,  тұғырдағы  томағалы 
бүркіт,  қақытып  жем  беру,  көзін  салу,  кәрі  көзді  кештің 
ұялтуы тәрізділер Иса қолданысында жанданып тұр. 
Ол тіпті жерді аспанға, аспанды жерге телміртіп ойлан-
дырып қояды да, күн батар шақты былайша толғайды.
От шашып қызыл жібек маңайына,
Нұр төгіп көкжиектің маңдайына.
Түсіріп шымылдығын бір заманда,
Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Мына  суреттеуде  жер  мен  аспан  әлемінен  тұратын  ға-
лам  ақынның  асқақ  ойының  қауызына  сыйып  кетіп  тұр. 
Мұны  сыйғызып  тұрған  ақынның  шеберлікпен  шендескен 
шешендігінде, ал шешендік пен шеберлікті шыңдап тұрған 
тіл байлығы, шамасы, Алла тағала бергісі келген пендесіне 
адам  жанын  асылдандыра  түсетін  өнерді,  тіл  өнері  мен 
ақындық  өнерді  түгелдеп  беретін  болса  керек.  Иса  туын-
дыларын оқи отырып, осындай түгелдікті сезінбей тұра ал-
майсыз.
Исаның  сөз  толғамдарында  мақалға  бергісіз  нақылдар 
көп және олар ақындық пен даналықтың нышанындай бо-
лып, өлең шумақтарын құлпыртып, нәрлендіріп тұрады.
«Елден де ер арманы күшті», «өмірдің алды жарық, соңы 
қара»,  «Қиянатшыл  өмірдің  аласы  көп»,  «үш-ақ  күн  өмір 
сүрдім үш мың жылдық», «Ер туса, елден тумақ», «Ер туып, 
жоқ елді бар қыла алмайды», «Ел болса, ер туғызбай тұра 
алмайды» т.т.
И. Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын 
тергіштеп қана қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің 
жиһаздарындай етіп құлпыртып, құбылтып жібереді. Құра-
лайдың  сұлулығын  «жерде  туып,  көктегі  күн  нұрымен  қа-
уышқан» ғажайып құбылыс іспетті толғайды.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып,
Ақ жүзіндей өмірдің шамы жанып.

278
Жас баланың аузындай кішкене аузын 
Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.
Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,
Ақылдан орнатқандай өлшеу алып
Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай, 
Сұлулық есі кетіп тұр таңғалып.
Арқаның ақ бұлтынан ай күткендей,
Қарайды ойлы көзбен кешке таман.
Осында  тек  Иса  әлемін,  яғни  ақынның  сөзқолданыс 
әлеміне  тән  өзіндік  оралымдар  бар.  Мысалы,  «ақ  жүзінде 
өмірдің  шамы  жану»,  «сәби  ауызды  қызыл  еріннің  сүйіп 
тұруы» кесек сөздермен кестеленген келбетті көз алдыңыз-
ға келтіреді.
«Құралай сұлу» поэмасында қазаққа тән таза, пәк махаб-
бат  кескіні  жасалған.  Қолдана  білсе  қазақ  сөзінің  құдіреті 
бұл тұста да шексіз екенін Иса тамаша дәлелдеп, үлгі сала-
ды. Жастарды махаббаттың құлына балап, табиғаттағы бар 
құбылысты осыған қызмет еткізді.
Сардала сағым ойнап сақ-сақ күлді,
Таулар да көн садағын мойнына ілді.
Құралай қыздың бойындағы ибалық пен пәктік суға шо-
мылар сәттегі оның «шешінуге ұялам» деуінен-ақ байқала-
ды.  Ар-ұятты  саудаға  сала  бастаған  қазіргі  кейбір  жастар 
жайын ойлағанда бұл көз жеткізгісіз алыс артта қалған ар-
ман тәрізді нәрсе боп көрінеді.
Исаның  қай  шығармасын  алсаңыз  да,  сөзқолданысқа 
мейлінше  жауапты  қарайтыны  байқалады.  Әнге  лайықтап 
жазған өлеңдерінде, кеңес дәуіріндегі заман кескіні мен ле- 
бін кейіптеуде де ол соған лайықты сөздер үйірін сұрыптап 
сарамандықпен  өлең  мақамына  қосады.  Өлеңмен  өрнек-
телген  сөз,  сөз  қуатын  дұрыс  пайдаланған  өлең  қашанда 
оқырман  кеудесінен  орын  алатыны  хақ.  Қысқасы,  Иса 
ақынның  аузына  түскен  қазақтың  қай  сөзі  де  құлпырып, 
қуаттанып  шыға  келеді.  Мұның  бәрі  ғылыми  тұрғыда  зер-

279
деленіп,  түбегейлі  зерттелуі  тиіс.  Өйткені  қазақтың  тілін 
бағалап, соны бір қазақтай игеремін деп мақсат қоя білетін, 
әсіресе жастар Иса сынды поэзия дүлдүлдерінің туындыла-
рына  тереңдегені  мақұл.  Сөз  маржанының  неше  алуан  үл- 
гісі Иса шығармаларында тұнып тұр. Біз соның кейбір тұс-
тарын ғана сөз еттік.
Өлеңнің желдірмесімен желдей ескен, екпіні жүйрік ат- 
тай заулайтұғын Иса Байзақовтың есімін ерекше атай оты- 
рып, сөз құдіреті атты тұлпарды баптап мінген төкпе ақын-
ның аруағына тағзым етелік. Қазақ сөзін қасиет тұтуды со-
дан үйренелік. 
СӘКеН – қазақ тіліНе
 мемлеКеттіК мӘртебе алыП беруші
Кезінде  қазақ  дейтін  көктүрік  әулетінің  елі,  жері,  тілі 
үшін  кескілескен  майдан  алаңында  жүріп,  ержүректіктің 
алапат  түрін  көрсеткен  Сәкен  сынды  ғажайыптың  түр-
тұлғасы ғана емес, іс-әрекеті, болмыс-бітімі, парасат-пайы-
мы,  кесек-кескіні  таңғалдырмай  қоймайды  екен.  Оның  се- 
зім  дүниесін  тебірентіп  өтер  поэзиялық  туындылары  мен 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  атты  тарихи  шежіресінің  өзі  сан  
алуан  толғаныстарға  жол  ашары  анық.  Айтулы  зерттеуші 
ағаларым  Тұрсынбек  пен  Серіктің  бұл  жөніндегі  тебіре-
ністерінің  жөні  бөлек.  Орны  толмай  жүрген  олқылықтар-
дың  орнын  толтырды,  сусынды  қандырды.  Бірақ  Сәкен 
туралы  шежіренің  әлі  бітер  түрі  жоқ.  Бітпейтін  де  тәрізді. 
Өйткені табиғи қайнар бұлақтың нәрін тауысу мүмкін емес. 
Қазақ  әдебиеті  мен  мәдениетінде  Сәкен  таусылмас  кәусар 
бұлақтың бірі ғой. Ендеше сол қайнардан қанып ішіп, раха-
тын сезінуге мүмкіндік туып отырғанының өзі бір ғанибет 
емес пе?!
Ақын,  революционер,  мемлекет  қайраткері  Сәкен  Сей-
фуллиннің мен бұл жолы қазақ пен қазақ тілінің тағдырына 
қалай араласып, күйзеліп қана қоймай нақты іс-әрекеттерге 

280
барғаны туралы қайталап ортаға салмақпын. Қайталап деп 
отырғаным,  сөз  болмақ  мәселе  бұдан  бұрын  да  тілге  та-
лай  тиек  етілген.  Осыған  орай  Сәкен  жайында  жазылған 
көптеген материалдарды тағы да қарап шығуға тура келді. 
Бұл  жөнінде  сәкентанушы  Т.  Кәкішев  ізденістерінің  көп 
жәрдемі тиді. Сондықтан мен Сәкенді біз қалай оқып, қалай 
бағалап жүрміз деген ыңғайда сөз етуді жөн көрдім. Әсіресе, 
қаншама  жылдар  бойы  қазақ  тілінің  қадіріне  жете  алмай  
келе жатқан билік басындағы бүгінгі шенеуніктерге ой түсер 
ме  екен  деген  мақсатпен  баяндама  жасауға  бірден  келісе 
кеткен  едім.  Келісуін  келіскенмен,  бұл  оңай  шағылатын 
жаңғақ емес екенін жазу үстінде сезінумен болдым. Әйтсе 
де  Сәкеннің  өзіндік  өнегесі  жолдан  тайдырмай,  жетелеп 
отырды.
Сәкен өмір кешкен тарих жолдарын саралап қарағанда, 
шынында, 1923 жылы ол үшін өзгеше мәнді болып көрінеді 
екен. Бұл Сәкенді ұлт мүддесін тереңінен ойлайтын, әсіресе 
ұлт  тағдырын  тіл  тағдырына  тікелей  байланысты  екенін, 
онсыз  тәуелсіздік  толыққанды  болмайтынын  бар  жанымен 
терең түсініп, күреске бел байлаған тұсы екені байқалады.
Большевиктер партиясының ұлт мәселесін қарастырған 
ХІІ съезі Сәкенді қатты ойландырады. Бұл 1923 жылы 17-
25  сәуір  аралығында  өткен  және  ұлт  мәселесін  әңгіме  ет-
кен соңғы жиын еді. Онда орыс мәдениетінің басқа ұлттар 
мәдениетін жеңбей қоймайтынын, ұлы орыс ұлтының бас- 
қалардан  басымдығын  нығайту  жөніндегі  ойлар  ашық  ай-
тылған  еді.  Осыны  күйзеле  тыңдаған  Сәкен  өз  ұлтының 
тағдырына қалай қолғабыс тигізудің амалын іздейді. Мем-
лекет  билігі  қолына  тиісімен  ол  тебіреніп  жүрген  кезінде 
мынадай әділетсіз пиғылдар оның жүрегін мұздатқан еді.
Осының алдында ғана, яғни 1923 жылдың 15 ақпанында 
«Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген өткір мақала-
ны айбынбай жазуы осындай жан күйзелісінен туған бола-
тын.  Ондағы  мынадай  ащы  да  әділ  ойларды  тағы  бір  еске 
сала  кеткеннің  артықтығы  бола  қоймас:  «Бүгінге  шейін 
қазақты  орыстар  киргиз  деп  келеді,  орыс  патшасының  тө-

281
релері,  жасауылдары  қазақты  біртүрлі  мүгедек,  мақау  жа-
нуар  деп  «киргиз»  дегенде  біртүрлі  менмендік  қиянатпен, 
қорлаған  мазақпен  айтатын...  Төрелердің  қатындары  итіне 
ұрысқанда «ах, Палкан, киргиздан да жамансың» дейтін...».
Большевиктер заманы орнаған 1917 жылдан бергі жер-
де де, қазақтың өз атына өзі ие бола алмай жүргеніне Сәкен 
сынды ұлтшыл қазақтың қаны қайнамай тұрмас еді. Атына 
айтылған  ащы  пікір  кеңестік  дәуірдің  шовинистік  ойдағы 
басшыларына дөп тиді.
Мемлекет  басшысы  Сәкеннің  бұл  ұсынысын  бірден 
қолдай  кеткендер  аз  болды.  Соған  қарамастан,  оның  бас-
таған істі тастамайтын қайтпас қайсарлығына, жігеріне таң- 
данбауға  болмас  еді.  Ақыры  оның  ұлт  атауы  жөніндегі 
ұсынысы  1925  жылы  Кеңестердің V  съезінде  қабылданды. 
Қазақ есіміне ие болды. Енді қазақты қазақ дейтін болдық. 
Сәкеннің ең алдымен ел ісінде қалар осы батылдығын кейін-
гі  ұрпақтың  көбі  біле  бермесе  екен.  Қазақтың  өзін  керек 
етпей  жүрген  қазіргі  заманда  бұл  аса  бір  ірі  тірлік  болып 
көрінбеуі де ықтимал. Бірақ тарихты қалай ұмытарсың?!
Оның  ұлт  үшін  жасаған  алапат  істері  мұнымен  ғана 
шектелмейді.  Ол  енді  қазақ  тілінің  мемлекеттік  дәрежеге 
көтерілу  қамын  ойлап,  күрделі  мәселелерді  көтере  бастай-
ды.  Ол  өз  ұлтының  арғы-бергі  тарихына  көз  сала  оты-
рып,  содан  үлгі  алар,  өнеге  тұтар  тұлғалардың  іс-әрекетін 
қастерлей  қарастыра  бастайды.  Бір  мысал.  Өзінің  аз-ақ  
алдында  өмір  сүріп,  бүкіл  қазаққа  ілім-білім  нұрын  шаш-
қан  Алаш  көсемдерінің  бірі  Ахмет  Байтұрсынұлын  ардақ 
тұтуының  өзі  неге  тұрады?!  Тарих  аласапыранында  өмір  
кешіп,  адамдықтың  арлы  жолынан  таймай,  халқын  қараң-
ғылықтан  құтқарған  бұл  тұлғаны  аса  жоғары  бағалап  кө-
регендік  көрсеткен  Сәкенді  ұнатпайтындар  көбейді.  Елдің 
мүддесін  тіл  мүддесімен  тұтастыра  қаузаған  Ахмет  сын-
ды  дала  данышпанының  тағдыры  қыл  үстінде  жүрген 
тұстың өзінде Сәкеннің бұл қылығы үлкен адамгершілікпен 
астасқан  өр  рух  нышаны  еді.  Тілдің  мәртебесін  көтеру 
үшін  тіл  патшалығының  алтын  тағында  отырған  Ахметті 

282
төрелеп, Орынбор қаласында 1923 жылдың қаңтар айында 
50  жылдығын  өткізуі  қазақ  мәдениетінің  тарихындағы  ірі 
оқиға болды.
Жуырда  жұртшылық  қолына  тиген  Амантай  Ғазизұлы 
Кәкен (мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің отставкаға шық- 
қан  полковнигі)  деген  азаматтың  «Қазақтың  Сәкені»  атты 
повесть-эссесінде  Сәкен  мен  оның  кезеңінің  бұлтартпас 
шындықтары  жөнінде  Оқу-ағарту  комиссариаты  колле-
гиясының қаулысын Казкрайком теріске шығарғаны жайын-
да да нақты құжат келтіріпті. Еске түсіре кетелік:
«а)  считать  недопустимым  организацию  советскими  
органнами празднования данного юбилея;
б)  возложить  персональную  ответственность  за  содер-
жание  речей  выступающих  на  празднестве  товарищей  от 
имени советских органов на товарища Сейфулина» деп ше-
гелеп  тастаған  осындай  шешімге  қарамастан  С.  Сейфулин 
Ахаңның кешін кіріспе сөз сөйлеп ашқан екен. Ол қазақ та- 
рихында тұңғыш өтіп отырған бұл мерекенің мәнін тәптіш-
тей  түсу  үшін  А.  Байтұрсынұлы  жөнінде  мынадай  ой  өр-
бітеді: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлық-
қа  шыдап,  құлдыққа  көніп,  ұйқы  басқан  қалың  қазақтың 
ұлт  намысын  жыртып,  ұлттық  арын  жақтаған  патша  зама-
нында  жалғыз-ақ  Ахмет  еді.  Өзге  оқыған  замандастары  өз 
бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып 
жүргенде,  Ахмет  халықтың  арын  іздеп,  өзінің  алған  ісі  
үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын 
шын сүйетін шын ұлтшыл».
Сәкеннің  бұл  пікірін  неше  саққа  жүгіртіп,  тіпті  шови-
нисттік партия жаршысы болған «Степная правда» газетінде 
бұған  қарсы  «әшкере»  мақаланың  жариялануын  қайтерсіз. 
Бір  сорақылығы  сол,  бұл  газет  Сәкен  тәрізді  мемлекет 
басшысының  жауабын  баспай  қойғаны  ғажап!  Қазақстан 
үкіметі төрағасының пікірін елемеу деген қай басынғандық!
Оның  есесіне  Сәкен  «Тағы  да  Ахмет  туралы  Ә.  Ай-
тиевке жауап» деген мақаласын өзі редакторы болып отыр-
ған «Еңбекші қазақ» газетінде жариялайды.

283
Біз қазақ тілінің бүгінгі күйіне көңіліміз толмай күйзеліп 
жүрсек,  мұның  бісмілләсы  сонау  өткен  ғасыр  басында-ақ  
басталғанын осы мәліметтер растай түседі емес пе?! Ахаңды 
алға сала отырып, Сәкен қазақ тілін кеңсеге, яғни мемлекет- 
тік мекемеге енгізбей елде тұтастық болмайтынын, көсеге-
міздің көгермейтінін айтып, тікелей іске кіріседі.
Қазақ тілінің беделін көтермей, қазақтың беделі көтеріл-
мейтінін уағыздай бастайды. Сөйтіп 1923 жылы 9 маусымда 
«Кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізу  керек»  деген  мақала- 
сын  жариялады.  Сәкеннің  бұл  батыл  әрекеттерін  қуатта-
ғандар да, қарсы әрекет жасағандар да болды. Тіпті қатерден 
сақтандырмақшы болғандар да табылды. Бірақ ол алған бе-
тінен  қайтпады.  Қайта  «Қазақстанның  еңбекші  табы  шын 
қатарға  кірісіп,  өз  тізгінін  өзі  алсын  деген  азамат  бұл  іске 
жан аямай кірісуі керек?» деп елді жігерлендіре түседі.
Өзі  басқарып  отырған  «Еңбекші  қазақ»  газетін  ол  өте  
тиімді пайдалана білді. Сол жылдың 25 маусымында «Кең-
селерде  істі  қазақ  тілінде  жүргізуге  кірісу»  деген  екінші 
мақаласында ол нақты істер нобайын көрсетіп, қадағалауды 
қолға алады. Осыдан ойға қаласың. Мемлекеттік тіл жөнін-
де бізде де қаулы, қарарлар, шешімдер, мақалалар аз болған 
жоқ,  заңдар  мен  бағдарламаларды  былай  қойғанда.  Бірақ 
соның  нақты  соңына  түсіп,  шаралардың  орындалу  бары-
сын  бақылау  жағына  келгенде  де  Сәкеннің  іскерлігі  мен 
тиянақтылығынан  көп  нәрсе  үйренуге  болар  еді.  Өкінішке 
қарай, біздің үкімет басында болғандардың қатарынан тілге 
шын  жанашырлық  танытқандар  (И.  Тасмағанбетовтен  бас- 
қа)  бола  қойған  жоқ.  Сонда  олар  нендей  іс-әрекетімен  ха- 
лық  жадында  қалды?  Тек  қалтасын  толтырып,  қарын  қом-
пайтқаннан басқа не істедің демек?
Сөйтіп,  Сәкен  ыждағаттылығының  нәтижесінде  1923 
жылдың  22  қарашасында  Орталық  Атқару  Комитеті  де-
крет қабылдады. Сол бойынша, Кеңес істері 1924 жылдың  
1 шілдесінен бастап қазақ тілінде жүргізілетін болды. Мұ-
ның  тарихи  мәні  аса  зор  еді.  Қазақ  өз  алдына  ел  болып,  
оның тілінің үкіметтік деңгейге көтеріліп, хатқа түсіп әле-
уеттене  бастауы  бұрын-соңды  тарихта  болмаған  оқиға  еді. 

284
Бірақ  бұл  шараның  мәні  60-70  жыл  бойы  көмескіленіп, 
есепке  алынбай  келгені  өкініш.  Мұндай  істің  еленбеуі  та- 
лай сұмдық оқиғаларды еске түсіреді. 28-жылдардағы кәм-
песке, 32-дегі ашаршылық, 37-38-дегі репрессия, 41-45-тегі 
алапат  соғыс,  51-52-дегі  қуғын-сүргін,  54-56-дағы  тың  кө-
теру т.т. ұлт тағдырын тәлкекке салған сорақылықтарға ерік 
берген елдің есін жиғызар, санасына сәуле құйғызар алып-
тар әрекетін үлгі ету орнына онан сайын үнін өшіре түскен 
жоқпыз  ба?  Енді-енді  ес  жиып,  өткенімізге  оң  көзімен  
қарап,  о  тәңір,  бұл  мәселені  бізден  де  бұрын  қаузаған  ға-
жайып тұлғалар болған екен-ау деп таңданып, тәуба жасап 
жүреміз. Жан-жағы темір тор іспетті мәдени қоршауда жү- 
ріп-ақ,  халық  мүддесі  үшін  арыстанша  арпалысқан  Сәкен 
іспетті  осынау  тұлғалар  қалдырған  жадығаттар  мен  мұра-
ларынан сабақ алдық па деп толғанар басқа не шара!
Жалпы  Сәкен  тіл  мүддесін  қозғайтын  9  мақала  жазған 
екен.  Бұл  сол  кездегі  ұлттың  қамын  жеген  жандар  үшін 
қыбыланама,  темірқазық  іспетті  маңызы  болған  дүниелер 
еді.
Сәкен  бұл  мақалаларын  «Арты  қалай  болар  екен,  ұлт- 
шыл  атанып  кетпейміз  бе?»  деп  солқылдақтық  жасап 
жүргендерді  жігерлендіру  үшін,  игі  іске  тікелей  тосқауыл 
жасап,  қарсы  әрекеттерге  бара  бастаған  төресымақтардың 
мысын  басу  үшін  де  жазған  түрі  бар.  Оның  ойы  осыны 
аңғартады.  Қараңыз:  «Біздің  қазақ  коммунистерінің  кейбі-
реуі  қазақ  тілі  туралы  қатты  кірісуге:  «біреу  ұлтшыл  деп  
айтады...» деп бой тартады. Бірақ бұл – қулық, бұл – ком-
мунисттік  қылық  емес,  ол  –  жарамсақтық,  жағымпаздық. 
Кейбір  сасық,  жалмауыз  демагог  өзін  «жақсы  коммунист 
екен»  деп  айтсын  деп  қазақ  тілін  кіргіземін  деп  жүрген 
белсенді  адамдарды  «анау  ұлтшыл,  мынау  ұлтшыл»  дер, 
бірақ  одан  қымсынбай,  айылын  жинамай  іске  кірісе  беру 
керектігін» қадап, қазып айтады.
Шіркін,  біздің  қазіргі  басшыларымыз  мәселені  осы-
лайша  ұғып,  осылайша  қадағалап  отыратын  болсайшы! 
Жалтақтаса,  кеңестік,  шовинистік  құрсаудың  қысымында 
отырған Сәкеннің-ақ жалтақтайтын реті бар еді, ал тәуелсіз 

285
елге  басшылық  жасап  отырғандар  кімге,  неге  жалтақтай- 
ды? Егер мемлекеттік тіл тағдырын қазір дәл Сәкенше қолға 
алған  болсақ,  15  жыл  бойы  сарсаңға  түспес  едік-ау  деген 
ой келеді. Бірер жылдың барысында қазақ тілін кеңселерге 
ендіріп  үлгерген  Сәкендердің  қажырлы  да  қарқынды  әре-
кеттері  біздің  басшыларға  әлі  күнге  жетпей  жатқанын  өкі-
нішпен айтуға тура келеді. Өйткені Сәкен сілтеген «сасық, 
жалмауыз демагогтар, жарамсақтар, жағымпаздар» арамыз-
ға терісін айналдырып алып әлі жүрген сияқты. 
Сәкеннің тілмен тікелей байланысты қараған келесі бір 
мәселесі, ол – оқу-ағарту жайы.
Бір жұбаныш – қазақтың басына қандай тауқымет түссе 
де елдің, жердің, тілдің қамын жеп, сол үшін құрбан болуға 
дейін барған Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин сын-
ды  тұлғалардың  ғасырдан  ғасырға  ұласар  өшпес  өнегесі 
мен  теңдессіз  тағылымының  қалғанына  шүкірлік  айтамыз. 
«Қолда  барда  алтынның  қадірі  жоқ,  қолдан  шығып  кет-
кен  соң  өкіндім-ай!»  деп  халық  өлеңінде  айтылғандай-ақ, 
өздері  дүниеден  өткенмен,  артында  қалған  өлмес,  өшпес 
мұрасының қадіріне жете білу парызымыз. Ана тілінің бо-
лашағы  үшін  бар  жанын  салған  Сәкеннің  бұрын  да  айты-
лып жүрген мына бір сөзі бүгінгі әңгімеміздің түйіні болуға 
әбден лайық па дейміз.
Қазақстанға келе салысымен қазақ тілін үйреніп жүрген 
Мирзоян мен Темір Әлиев жолдастарды үлгіге ала отырып, 
Сәкен тілге құрмет жайындағы бір ойын былай түйіндеген 
екен: «Кейбіреулер қазақ тілін оқуға уақытымыз жоқ дейді... 
Күндіз-түні жұмыс істейтін, тынбай істейтін адам Мирзоян 
мен Әлиев Темірлердей-ақ болар... Және кеше Украинадан 
Қазақстанға келгеніне 3-4 ай ғана болған жазушы Антонен-
ко-Давыденко  осы  съезде  сөз  сөйлегенінде  сөзін  қазақша 
бастаған  жоқ  па?...  Бұл  да  қазақ  тілін  менсінбейтіндері 
ұялтар, егер де олар бұған ұялатын болса...».
Ия,  ұлттың  ұятты  жігіттерінің  еңсесі  қашан  көтеріліп, 
намыс  тұлпарының  қос  құлағын  қашан  қайшылатар  екен 
деген арманмен, қазақтың ар-ұятының сақшысындай болған 
Сәкен сынды біртуар тұлғаның аруағына тағзым етемін!

286

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал