Өмірзақ айтбайұлы



жүктеу 7.95 Kb.
Pdf просмотр
бет15/27
Дата09.01.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

талғат тОлғау
(профессор Т. Сайрамбаевтың рухына)
Сен өмірден өткенде
Егілді шәкірт, достарың.
Қордалы Ордаң өшкендей
Еңіреді ұл-қыз, жан-жарың.
Ойсырап қалды ортамыз,
Аңырады ағайын.
Суырып жүрек, қолқаны,
Шерленді көңіл сарайы.
Құдайдың бұл ісіне
Бар ма, сірә, амалың.
Кезек қой үлкен-кішіге,
Бір күні берер жауабын.
«ҚазМУ» менен «Қайнарда»
Ізің қалды өшпейтін.
Жетелеп елді ойларға,
«Білім қайығын ес» дейтін.
Кәсібіңді таңдаған
Бөлекше сүйдің Талғатым.
Талай шәкірт сомдаған
Жылдарың өтті толғатып.
Мынау ғажап өмірде
Бітірген ісің мол еді.
Медеу тұтар көңілге
Қалдырған жолың сол еді.
Шәкірті едің Мәуленнің,
Өзінен кейде аумайтын.
Өткінші мына дәуреннің 
Қалжыңмен көңіл аулайтын.

208
Соңғы бір сәтің есімде,
Мұңайып қалжың айтқаның.
Сол ауыр күннің кешінде 
Мәлім болды қайтқаның!
О, опасыз, дүние,
Не деген суық, келте едің!
Қайғыртып бір ұяны,
Бұлайша соққан неткенің!
Берері көп жан еді,
Көкірегі таза, білімді.
Көңілі күлген бала еді,
Дос еткен елді, ілімді.
Сен жаққан оттың алауын
Шәкірттер еш өшірмес.
Ұлы-қызың – жалауың
Ұмытпас сені, елің еш!
ұСтазДық ПеН ғалымДықты 
қатар ұСтағаН 
(Профессор Ә. Әбілақов 70-те) 
Адам өмірі Алланың ауанымен жүріп отыратынын әуел-
де аңғара бермейміз. Әйтеуір бір алға, ілгері ұмтылыс сені 
жетелей береді. Бұл ұмтылыс таза еңбек арқылы іске асып 
жатса, онда жолдың болғаны. Оқу, білім, ілім, білімді мұрат 
тұтып, соған қарай талпынған жанның әманда айы оңынан 
тумақ.  Осылайша  еңбектенген  адам  қашанда  мақсатқа  
жетпек. 
Әбжаппар Әбілақұлы осылай үздіксіз ұмтылыс нәтиже-
сінде  өз  мақсатына  жеткен  адам.  Мектеп,  педучилище, 
ҚазПИ-де өткен оқу жылдарын саралап отырсаңыз, сондай 
бір  ізденістердің  ізін  табасыз.  Сүйсінесіз.  Барлық  оқу  ор-

209
нын  үздік  бітіруге  тырысады.  Қызылорда  облысы,  Сырда-
рия  ауданы,  Жамбыл  ұжымшарында  дүниеге  келген  оның 
өмір  жолынан  осындай  талапшыл  жанның  үздік  ізденісте- 
рін байқауға болады. 
Мектептен  соң  1954  жылы  Жамбыл  педучилищесін  бі-
тіріп, екі жыл мұғалім болып қызмет істейді. Алайда білімге 
құмарлық  оны  Алматыдағы  Абай  атындағы  пединститутқа 
жетелейді.  Сондағы  көздегені  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  ма- 
маны  болу.  Институтты  1961  жылы  үздік  бітірген  соң,  ұс-
таздардың көзіне түскен ол осында үш жыл, яғни 1964 жылға 
дейін  аспирантурада  оқиды.  Оны  да  ойдағыдай  бітірген  соң 
Ә. Әбілақов өзінің туған жері Қызылордаға оралып, сондағы 
пединститутқа  мұғалім  болып  орналасады.  Мұнда  тиянақты 
жұмысының нәтижесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі 
деген  қызмет  сатыларынан  өтіп,  ұстаздық  тәжірибесін  жи-
нақтайды.  Институттағы  беделді  де  білікті  оқытушылардың 
біріне  айналады.  Қазақ  тілінің  ішкі  заңдылықтарына  үңіле 
жүріп, ғылыми ізденістерге қарай бой ұра бастайды. Ғылыми 
ортаны аңсайды. 
Сөйтіп  1988  жылы  ол  Қазақ  қыздары  пединститутына 
ауысып келеді. Мұнда ол әуелі оқытушы ретінде ұстаздық 
қызметін жалғастыра жүріп, кейін қазақ тілі кафедрасының 
меңгерушісі  болады.  Ол  ғылыми-зерттеу  жұмысына  деген  
ықылас-ынтасын  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  меңгеріле  байла-
нысқан есімді сөз тіркестері» атты тақырып бойынша 1966 
жылы  қорғаған  кандидаттық  жұмысымен-ақ  танытқан  бо-
латын.  Сондағы  идеяны  ары  қарай  тереңдете,  ауқымдата 
қарастырып,  1998  жылы  «Қазақ  тіліндегі  меңгеріле  байла-
нысқан сөз тіркестері» деген тақырып бойынша докторлық 
диссертация  жазып  қорғады.  Ол  бұл  жұмысымен  қазақ  ті- 
лінің  күрделі  мәселелерін  ғылыми  тұрғыда  жан-жақты  қа-
растырып, талдай алатын маман ғалым екенін көрсетті. 
Қазақ  тіл  білімінің  осы  тектес  күрделі,  қызықты  мәсе- 
лелерін  терең  толғай  алатын  әлденеше  ғылыми  мақалала-
рымен  профессор  Ә.  Әбілақов  жұртшылыққа  танымал  ма- 
манға айналды. Алматыдағы ғылыми ортада, әсіресе қазақ 

210
тіл  білімі  саласы  бойынша  қалыптасқан  ортадан  өзінің 
түсінік-пайымымен, білік-білімімен өз орнын тапты.
Әбжаппарды  мен  ең  алғаш  1979  жылы  көрдім.  Сол 
жылы  Қызылорда  пединститутына  мемлекеттік  емтихан 
комиссиясының  төрағасы  болып  барған  едім.  Ақжарқын, 
адал,  меймандос  қызылордалық  жігіттердің  ортасында  ол 
өзінің  сырбаз,  біртоға,  орнықты  мінезімен  есте  қалған  бо-
латын.  Бір  көргеннен-ақ  адамды  баурап  алатын  жайдары-
жарқын  мінезімен  көзге  түсті.  Содан  былай  қарай  біздер 
көрген  жерде  ескі  достардай  шұрқырасып  табысып,  бір-
бірімізге адал ниетімізді білдіруге тырысып жүрдік. Әсіре- 
се, оның қазақ тілінің бір қарағанда жалпы жұртты қызық-
тыра  қоймайтын  салаларына  терең  түсінікпен  еніп,  соны  
қызыға,  сендіре  жазатын  қабілетіне  сүйсінетінмін.  Әрбір 
жазған мақалаларына зер салып, дәйекті ой-пікірлерін қада-
ғалап оқып азық алғандай болатынмын. 
Әдетте  ұстаздық  пен  ғалымдықты  ұштастыра  білу  қа-
білетті  адамның  ғана  қолынан  келетіні  мәлім.  Әбжаппар  
өзін  осы  тұрғыдан  да  көрсете  білді.  Ұстаздықты  да,  ға-
лымдықты да бірдей алып жүруге тырысты және оның бұл 
әрекеті  нәтижелі  болды.  Оны  жоғарыда  аталған  еңбектері-
нен байқауға болады. 
Дүниеден  өткен  азаматтың  артында  іздеушісі  болмаса, 
аруағын  құрметтеп,  дұға  оқытып  отыратын  ұрпағы  қалма-
са, қасіреттің үлкені сол-дағы. Әбекең бұл жағынан арман-
сыз адамдар қатарына жатады деп білемін. Түтінін түтетіп, 
ордасының  жарығын  өшірмей  сүйген  жары  Маташ  отыр. 
Артында  қалған  үш  ұлы  әке  үмітін  жалғап,  ол  көтерген 
шаңырақты биіктете, іргелендіре түскен. Олар әкенің аруа-
ғын ардақтап, қалдырған еңбектеріне үңіліп, оны өздері де 
түсініп, өзгелерге де ұсынғысы келеді. 
Самат атты ұлы маған арнайы келіп, әкесі туралы елжі-
рей  әңгімелеп:  «Аға,  сіз  менің  әкем  туралы  білетіндігіңіз-
ді  қағазға  түсіріп,  бір-екі  ауыз  естелік  айтып  бере  аласыз 
ба?»  –  дегенде,  қатты  ойда  қалып,  әсерлендім.  Тіршілікте 
қоян-қолтық  араласым  болмасам  да,  Әбжаппардың  бұл 

211
өмірде  ұстаз  ретінде  қалдырған  еңбегін  өзімше  саралап,  
бағалап  көруге  тырыстым.  Әкені  іздеген  ұлдың  таза  ықы-
ласы  толғандырды  мені.  Ұрпақ  жалғастығы  дегеннің  бір 
түрі  осы  болар.  Әкесі  туралы  жылы  сөз  естігісі  келеді. 
Өзінің  сәби  кезінде  аңғара  алмай  қалған  әке  қасиетін  біл-
гісі келеді. Білетіндерден тыңдап қалғысы келеді. Бұған да  
шүкіршілік  айтуға  тура  келеді.  Әйтпесе,  мына  жалған  дү-
ниенің  қызығына  алданып,  ата-анасын  әздектей  алмай  қор 
болып  жүргендер  қаншама?!  Өзіңді  ұмыта  алмайтын  ұр- 
пақ тәрбиелеп кетудің өзі үлкен олжа емес пе деген ой үс-
тінде  отырып  Әбжаппардың  бұл  жағынан  да  жолы  болған 
азамат  екен-ау  деген  түйінге  келдім.  Ендеше  Ә.  Әбілақов 
білім әлемінде өзіндік орны бар бөлек жан. 
 
С.м. ИСаеВ ЖӘНе 
мемлеКеттіК тіл мӘСелеСі
Бір  қарағанда  үкімет  тарапынан  мәртебеленген  мемле-
кеттік  тілге  С.  Исаевтың  қандай  қатысы  бар  еді  деуге  бо-
лады. Қанаты майырылып, еңсесі түскен тіліміздің еңкейіп 
барып ес жиюына септік жасап, тіл алаңында майдангерлік 
қабілет  танытқан  азаматтар  бар.  Бұл  күндері  оларды  біреу 
білсе, біреу білмейді. Міне, солардың қатарынан Сейілбекті 
ерекшелендіріп  тұратын  өзім  куә  болған  екі-үш  мәселені 
еске алғанды жөн көріп отырмын. 
Ғылым академиясына жаңадан барған жас кезіміз. Сту-
денттік  дәуірде  бір-бірімізді  білгенмен,  қоян-қолтық  ара-
ласа қоймаған едік. Қазақ тілін зерттейтін әлемдегі жалғыз 
институтқа  келгенімізді  мақтан  тұтып,  масаттанып  жүрген 
шағымыз.  Ол  кездегі  ғылыми  ортаның  жөні  бөлектеу  кө-
рінетін. М. Әуезов, Қ. Сәтбаев қалыптастырып кеткен дәс-
түрді ары қарай ұластырғандай болып жүрген А. Жұбанов, 
Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаевтардың 
өзі біз үшін қол бірде жетіп, бірде жетпейтін ерен тұлғалар. 
Көбінесе  не  айтар  екен  деп  солардың  аузына  қарап,  елти 

212
тыңдап  жүрген  сарыауыз  балапандаймыз.  Міне,  осы  кезде 
Сейілбектің ғылымға, тілге деген ұмтылысы байқала баста-
ды. Біз сөйлеуге, мәселеге араласуға айбынып шегіншектеп 
отырғанда ол өз ойын ортаға салып, пікір додасына қойып 
кетіп отыратын. Ерте әрекеттеніп, ерте қорғады. Бұл өз ал-
дына бөлек әңгіме. 
Дәл  осы  кезде  бізді  жақындастыра  түскен  бір  жағдай 
болды. Мен елден шешем мен 2-ші сыныпта оқитын інімді 
алып  келіп  соны  орналастырар  орын,  қазақ  мектебін  таба 
алмай әбден сарсаңға түсіп жүрген болатынмын. Ол кездегі 
жалғыз  №12  қазақ  орта  мектебі  жеті  жылдық  мектеп  үйін 
сағалап өлместің күнін кешіп жатқандай екен. Інімді соған 
жайғастырып,  мектеп  күйіне  көңілім  толмай,  балабақшаға 
бара  бастаған  өз  балаларымның  да  болашақ  тағдырын  ой-
лап,  әр  алуан  ой  ауанында  жүретінмін.  Біздің  институттан 
бірнеше адам балаларын осы мектепке беріп оқытады екен. 
Солардың арасында С. Нұрханов, А. Қалыбаева т.б. болды. 
Мектеп жағдайы оларды да толғандырып жүрген. Сейітбек 
пен  Сейілбек  бір  бөлімде  істейтін.  Солар  бір  күні  мектеп-
те  ата-аналар  бас  қосатын  болыпты  деген  хабар  айтты. 
Бәріміз сонда бардық. Бұл жиналыс ештеңе шешпегенімен, 
көп  нәрсенің  бетін  ашып  берді.  Қ.  Ахметов  деген  обком 
хатшысы келді де, ай-шайға қарамастан жиналысты бастап 
кетті. Ауыр сөз айтып қорқытты, үркітті. Балаларын орыс-
ша  оқытатынын  мақтанышпен  айтты.  Қазақтардың  шыр- 
қын бұзбайық, тыныштық керек дегенді баса айтты. 
Міне, осы уақыттан бастап біз ешкім тапсырмаған негіз-
гі міндетімізге, ешқандай қатысы жоқ жұмысқа жегілдік те 
кеттік.  Ашыла  қалса  балабақшаға,  мектепке  беретін  бала-
ларының  тізімін  жасау  жұмысының  бел  ортасында  Сейіл-
бек жүрді. 
Сонымен  санасына  сәуле  құйылғандай  болып  от  алған 
жігіттер  осы  мәселені  шешеді-ау  деген  мекеменің  бәріне 
барып есік тоздыра бастады. Аудандық оқу бөлімінен бас-
талған  бұл  шеру  сол  кездегі  (Мәскеудегі)  Саяси  Бюроға 
дейін бір толастаған жоқ. 

213
Бұл  екіарада  қалалық  оқу  бөлімі,  Оқу  министрлігі,  қа-
лалық атқару комитеті, облыстық партия комитеті, Орталық 
партия  комитетін  түгел  адақтап  шықтық.  Барлық  тұста  да 
Сейілбек  оттай  тұтанып  жалындап  жүрді.  Кейде  тіпті  ол 
кездегі  кедергінің  көптігіне  қарамастан  мәселенің  аяғына 
жетуіміз  керек  деп  бізді  де  жігерлендіріп  қоятын.  Кімдер-
дің  алдында  болмадық  біздер,  қала  бастығы  Е.  Дүйсенов, 
облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н. Дыхнов,  
хатшылар  Кәкімжанов,  Ахметов,  Орталық  партия  комите-
тінің хатшысы Н. Жанділдин т.т. 
Қазір  ойлап  қарасақ,  біздің  кеудеміздегі  ұлттық  сана-
ның тебіндеп көрінген алғашқы нышандары екен, бұл. Әри-
не, ұлттық мектептер мен балабақшалардың тағдырын ой-
лап  күйзелген,  әрекеттенген  жалғыз  осы  топ  болды  десек, 
ақиқаттан  алшақтар  едік.  Бұл  мәселені  бізден  де  бұрын 
қозғаған  азаматтар  болды.  Мәселен,  «Қазақ  әдебиеті»  га-
зетінің  беттерінде  белгілі  ғалым  профессор  Р.  Бердібай 
бастаған  бір  топ  әдебиетші  ғалымдардың  жаны  күйіп 
жазған проблемалық мақалалары кезінде талай жүрекке от 
тастағаны  мәлім.  Шона  Смаханұлы  бастаған  іс-әрекеті  өз 
алдына,  ал  мына  тұста  мәселе  нақтылау  қойыла  бастады. 
Яғни  қазақ  тілінің  дамымай  жатуының  негізгі  себептері 
көрсетіліп,  қандай  шаралардың  іске  асырылуы  керектігі 
нақты  айтыла  бастады.  Қойылар  мәселенің  тәптіштелуі 
тұсында да Сейілбектің жігерін байқап отырдық. 
Жоғарыда  айтылған  шерулердің  қайсыбірі  еске  түсе-
ді.  Өзінен-өзі  оп-оңай  шешім  тауып  жатуға  тиісті  бұл  мә- 
селелердің  соншама  қиындап,  күрделене  түскеніне  таңға-
лудан  басқа  шарамыз  қалмайтын.  Қараңыз,  бүкіл  Алматы  
қаласы  қазақтарының  бала  оқыту  жөніндегі  табиғи  сұра-
нысын өтеуге тиісті жалғыз №12 орта мектептің тағдырын 
осылайша  мүсәпір  халге  жеткізу  не  деген  сұмдық!  Кімді 
кінәлайсың?!  Оқуға,  білім  алуға  жол  ашқан  заманды  ма? 
Жоқ,  ұлттық  мүддеге  селқос  адамды  ма?  Егер  әрбір  лауа- 
зым иелері өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап оты-
рар болса, біздің ел діттеген межеге әдеқашан жеткен болар 

214
еді. Әйтеуір, сабыла жүріп, үлкенді-кішілі бастықтарды са-
рыла күткен шақтарымызда біздің көзіміз осыған жетті. 
  Ақыры  Саяси  Бюро  мүшесі  Орталық  Комитет  секре- 
тары  Ильичевтан  оралып  қайтқан  бұл  мәселе  Дыхнов  
басқарған  облыстық  партия  комитетінің  бюросында  қара-
лып, шешім тапты. Осы шешімнен соң С. Исаев сол кездегі 
Фрунзе  аудандық  оқу  бөлімінде  бір  айдай  отырып,  204-
ші  қазақ  балабақшасына  бала  қабылдап  отырды.  Мұның  
өзінің де тарихы бар. 
Алматы  қаласы  атқару  комитетінің  төрағасы  Е.  Дүйсе-
новке  барған  бір  жолы  ол  телефон  трубкасын  көтерді  де: 
«Шахмардан,  сенің  бітіп  тұрған  балабақшаң  бар  емес  пе, 
соны  азаматтық  жаса  да  тіл,  ел  қамын  ойлап  шырылдап 
жүрген  бір  жастар  бар  еді,  соларға  қисаң  қайтеді  соны. 
Қаржың  бар,  тағы  біреуін  салып  алуға  шамаң  келеді  ғой. 
Иә, иә, дұрыс, о, рахмет», – деді де, трубканы орнына қой- 
ды.  Бізге  қарап:  «Жігіттер,  жолдарың  болды.  Геология 
министрлігі  анау  бітіп  тұрған  балалар  бақшасын  берді  
сендерге,  рахмет,  ал  енді  қамдарыңды  жасай  беріңдер»,  –  
деп  қол  қысты.  Мәселені  осылайша  шешетін  адамдар 
көбірек болсайшы деген риза көңілмен қоштастық та шығып 
кеткен  едік.  Сол  балабақшаға  Сейілбек  қабылдаған  бала- 
лар бұл күнде жоғары оқу орындарын бітіріп, талай қызмет-
тің басын ұстап отыр. Көбі мемлекеттік тіліміздің тірегіне 
айналды. С. Исаевтар араласқан алғашқы тіл жорығы, міне, 
осылайша бастау алған еді.
Сексенінші  жылдардың  екінші  жартысында  тіл  май-
даны  жаңаша  қарқын  ала  бастады.  Бұл  кезеңде  де  ол  тіл 
туралы  пікірталастарынан  тыс  қалған  жоқ,  қақ  ортасын-
да  болды.  Негізінен  ол  тілдің  ғылыми  мәселелеріне  ден 
қояды. Әсіресе оның назарына қазіргі тіл қолданысындағы 
түйінді  мәселелер  ілігеді.  Ол  қазақтың  мерзімді  баспасөз 
тілінің дамуы дейтін мәселені зерттей бастайды. Сөйтіп ол 
бұл зерттеуін кандидаттық деңгейге жеткізеді де қорғайды. 
1980-жылдардың екінші жартысы мен 90-жылдарда жазыл-
ған еңбектеріне қарап отырсақ, оның мемлекеттік тіліміздің 

215
жекелеген  нақты  мәселелеріне  тереңдей  түскенін  аңғару 
қиынға соқпайды. Ол әсіресе тілдің төркініне, этимология-
лық  сипатына  тереңдеп,  көптеген  қазақ  сөздерінің  сырын 
ашады. 
Сондай-ақ,  ол  бұл  жылдары  әдеби  тіл  тарихы,  тіл  мә-
дениеті,  әдеби  тіл  нормалары  және  қазақ  тіліндегі  негізгі 
грамматикалық ұғымдар мәселесіне үңіледі. Ойға жетелей-
тін  мазмұнды  мақалаларын  жазады.  Тіліміздегі  жекелеген 
сөздерді  саралаумен  ғана  шектелмей,  оның  эстетикалық  
проблемаларына  да  бойлайды.  Қазақ  тілінің  мақал-мәтел-
дері,  тұрақты  тіркестері,  фразеологизмдері  мен  идиома 
тәрізді  ең  шұрайлы,  бейнелі,  сырлы  да  нұрлы  сөздері  жа- 
йында  өзіндік  шымыр  талдамаларын  ұсынады.  Міне,  бұл 
болашақ әйгілі тіл маманының мемлекеттік тіліміздің кеңі-
рек  қанат  жайып,  өріс  ашуына  тигізген  өзіндік  қолғабысы 
болатын.  Мұның  бәрі,  сөз  жоқ,  әсіресе  ғажайып  тіліміздің 
қыр-сырын  әлі  біле  қоймаған  жас  ұрпақ  үшін  өте  қажетті  
материалдар болып тасқа басылып қалды. 
Профессор  С.  Исаевтың  мемлекеттік  тілімізге  байла-
нысты  қызметін  сөз  еткенде,  оның  «Қазақ  тілі»  қоғамына 
қатысты  тұстарын  аттап  өтуге  болмайды.  Өйткені  баспа-
сөзде, радио-, телеарналарда, көптеген жиындар мен басқо-
суларда  қазақ  тілі  мемлекет  тілі  бола  ала  ма,  жоқ  па  де-
ген  сауалдар  төтесінен  күн  тәртібіне  қойылып,  елдің  көбі 
сынға түсіп жатқанда ол «қазақ елінде тек бір-ақ тіл, яғни 
қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл болуға тиіс» деген академик 
Ә.  Қайдардың  көп  талас  тудырған  ұсынысын  әуелден-ақ 
қолдап  шыққандар  қатарында  болуының  өзі  біраз  жайды 
аңғартады. Кімнің кім екені танылып жатқан сын сағаттар-
да ұлттық мүдде маңынан табылудың өзі де оңай шаруа емес 
еді. Қоғам құрылар алдында да, құрылғаннан кейін де бұл 
бұқаралық ұйымның күнделікті жұмысынан қол үзген жоқ. 
Бірінші күннен Қоғамның басқарма мүшесі болып сайлан-
ды.  Барлық  аймақтық  көшпелі  жиындардың,  республика-
лық конференция, Құрылтайлардың бір де бірінен қалмай, 
қатысып отырды. Қатардағы қатысушы ғана болып қалмай 

216
мемлекеттік тіліміздің өзекті мәселелері жөнінде тың ойлар 
айтып,  жалпы  жұртшылықтың  лингвистикалық  сауатының 
ашыла түсуіне қолғабыс тигізіп келді. Әсіресе Ақмола, Се-
мей, Жамбыл, Талдықорған, Торғай облыстарында өткен ал- 
қалы жиындар кезіндегі тіл үйрену мен игеруге байланыс-
ты  айтқандары,  тіл  экологиясы  туралы  ойлары  көкейден 
кетпейді.  Тіпті  Академия,  институт,  қоғам,  т.б  жерлерде  
кездескен  сайын  әңгіменің  негізі  тіл  мәселесі,  оның  қа-
зіргі  жайы,  келешегі,  шешуін  күтіп  тұрған  проблемалық 
мәселелері, лингвист мамандар дайындау туралы нақты ой-
тұжырымдарын айтып тауыса алмайтын. 
Қыздар педагогтік институтының ректоры, бірнеше ғы- 
лыми  кеңестердің  мүшесі,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  басқарма-
сының мүшесі, ҚР ЖАК-тың сараптау комиссиясының мү-
шесі,  бірнеше  ғылыми  жорналдардың  редакциялық  алқа 
мүшесі т.т. жұмыстарды қосымша атқара жүріп ол мектеп-
тер  мен  жоғары  оқу  орындары  үшін  түрлі  оқулықтар,  оқу 
құралдарын  түзді  және  қазақ  тілінің  небір  күрделі  де  қы-
зықты  мәселелері  туралы  монографиялық  еңбектер  жаз-
ды.  Мысал  үшін  «Қазақтың  мерзімді  баспасөз  тілінің  да-
муы» (1983), «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық 
ұғымдар» (1992), «Қазақ тілі туралы ойлар» (1997), «Қазақ 
әдеби тілінің тарихы» (1996), сондай-ақ 6, 7-ші сыныптарға, 
филология  факультеттерінің  студенттеріне  арналған  оқу-
лықтарды атауға болады. Осының бәрі сөз жоқ мемлекттік 
тіліміздің мәртебелене, қалыптаса түсуіне қызмет етті. 
Қысқасы,  «С.  Исаев  және  мемлекеттік  тіл  туралы»  де-
ген тақырып төңірегінде әзірге айтпағымыз осы еді. Оның 
еңбектерін  жеке-жеке  алып  тарата  талдау  келесі  кезектің 
әңгімесі деп білеміз. 
 
 
еКі тілДі тел емГеН
Наурыз  айының  соңғы  күндерінің  бірінде  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясы  Тіл  білімі  институтының  залында  өт-
кен  Ғылыми  кеңестің  кезекті  бір  мәжілісі  адам  көңілінде 

217
қалар өзіндік сипатымен есте сақталды. Бұл – коллективтің 
күнделікті  тіршілігіне  байланысты  болатын  кеңестің  оты- 
рысы  емес,  ғылыми  дәреже  беру  жайында  шешім  қабыл-
дайтын  қорғау  кеңесінің  мәжілісі.  Зал  толған.  Талқыға  тү-
сер жұмыстың объектісіне қызығып, содан мағлұмат алғы-
сы келіп отырған жас талапкерлер де, қай деңгейден шығар 
екен деп сынай қарайтын сарапшылар да бар. Басқа да ті-
лектес ағайын, жора-жолдас, дос-жаран көп жиналыпты.
Диссертант  –  Назипа  Қабиқызы  Демесінова,  Тіл  білімі 
институтының өз түлегі. Қазақ ССР Ғылым академиясының 
қорреспондент мүшесі Мәулен Балақайұлы Балақаев басқа-
рып отырған Грамматика бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 
Оның ғылымға келу жолы былай басталған еді...
1948 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универ-
ситетінің  филология  факультетіне  келіп  түскен  талапкер  
жас  X.  Махмудов,  X.  Сайкиев  сияқты  айтулы  мамандар-
дан дәріс алып, білім бұлағынан сусындады. Астана кітап-
ханаларының алтын қорына қолы жеткен Назипа орыс тілі 
мен  қазақ  тілінің  мәселелеріне  тереңірек  үңіле  бастайды. 
Әсіресе, оны осы екі тілдің өзара бір-біріне жасаған игі әсері 
мен заңды құбылыстары қатты қызықтырады. Осы пробле-
малар  төңірегіндегі  бұрын-соңды  жазылған  әдебиеттерді 
оқып,  қазақ  жазушыларының  шығармаларынан  материал 
жияды. Соның ішінен оның ерекше көз тіккені – синтаксис 
мәселесі, яғни қазақ тілі синтаксисіне орыс тілінің жасаған 
ықпалы. Бұл өзі әрқилы дәрежеде бұрын да жалпылама сөз 
болып жүрген сала. Ал екі тіл материалын салыстыра нақ-
ты тексеріп, ғылыми-теориялық деңгейде қарастырған адам 
көп емес.
Университетте  алған  білімі  Назипаның  болашақта  ай-
налысатын  ісіне  жол  ашты.  1953  жылы  жоғары  оқу  ор-
нын  бітіре  салысымен  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Тіл 
білімі институтының жанындағы аспирантураға түсіп, оны 
1956  жылы  табыспен  аяқтайды.  Сол  жылы  институттың 
орыс-қазақ  тілдерін  салғастыра  зерттейтін  бөлімінің  кіші 

218
ғылыми қызметкері болып орналасқан еді. Міне, осы жыл-
дардан  Н.  Демесінованың  нағыз  ғылыми  жолы  бастала-
ды.  Алғашқыда  ол  ізденістерін  әрқилы  ғылыми  мақалалар 
түрінде  байқап  көрсе,  біртіндеп  өзін  толғандырған  топ-
шылауларын  кандидаттық  диссертация  деңгейіне  көтеріп, 
түйіндеп  шығады.  Нәтижесінде  1958  жылы  «Орыс  және 
қазақ тілдері жай сөйлемдерінің сөз жүйесі» деген тақырып 
бойынша  ол  кандидаттық  диссертация  қорғап  шықты. 
Ғылымға берілген адамның басты қасиеті өзі зерттеп отыр- 
ған  объектісінің  жалпы  ғылыми  тұрғыдан  келгенде  проб-
лемалық  салмағы  қаншалықты  екенін  дәл  аңғарып,  соның 
сырларын  біртіндеп  ашып,  түбегейлі  баяндау  болса  керек. 
Назипа  зерттеуінде  осындай  бір  мақсаткерлік,  жүйелілік 
байқалады.  Диссертациялық  жұмыста  жазылып,  айта  ал-
маған кейбір ғылыми ойларын ол «Орыс тілі мен қазақ тілі 
грамматикасын  салыстыра  зерттеу»  деген  монография-
сында  тәптіштеңкірей  түседі.  Және  бұл  жылдары  Назипа 
советтік  лингвистиканың  жетістіктерін  толық  игере  оты-
рып, қазақ тіл білімінің айтулы мамандарының еңбектеріне 
үңіледі.  Бұл  тұста  оның  аса  бір  сүйіспеншілікпен  айтатын 
ұстаздарының  бірі  –  Мәулен  Балақайұлы  Балақаев.  Шы-
нында, оның синтаксис деп аталатын ғылым саласына сон- 
шама  тереңдей  баруына,  бір  жағынан,  профессор  М.  Ба-
лақаев  еңбектерінің,  ойларының  ықпалы  болғаны  даусыз. 
Назипаның әсіресе шұқшия қарайтыны – екі тілдің сөйлем 
құрылыстарындағы ерекшеліктер мен елене бермейтін ете-
не  жақын  белгілер.  Яғни  синтаксистік  құбылыстарды  үне-
мі  салыстыра  қарай  отырып,  қоғам  дамуына  орай,  тілдің 
осы  саласында  да  ғылыми  тұрғыдан  бағалануға  тұрарлық 
неше  алуан  өзгерістер,  даму,  жаңалықтар  болып  жататы- 
нын анықтау. 
Қазақ  халқының  басынан  кешіп  отырған  саяси-әлеу-
меттік  өрлеулер  тілге  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ.  Соның 
ішінде,  зерттеуші  қазақ  тілінің  әлгі  өзгерістер  ыңғайына 
қарай,  қоғамдық  қызметінің  кеңейгенін  басты  діңгек  етіп 

219
алады.  Әрқилы  стильдік  тармақтардың  тарамдана  дамуын 
да қадағалайды. Тіл дамуының осындай ішкі мүмкіндіктер 
механизмін  қарастыру  Назипаның  бұдан  былайғы  мақса-
тына айналды. Сөйтіп ол бұл мәселені бірнеше жыл бойы  
түбегейлі  зерттей  келіп,  «Совет  дәуірінде  қазақ  тілі  син-
таксистік  жүйесінің  дамуы»  деген  докторлық  диссерта-
циямен  түйіндеді.  Бұл  мәселені  қарастыру  нәтижесінде  
Н. Демесінова таза синтаксисті ғана жеке-дара зерттеп қой-
май,  сонымен  бірге,  ең  бастысы,  қазақ  тілінің  қоғамдық 
қызметіндегі  айтулы  өзгерістерді,  заңдылықтарды  анықтап 
берді.  Ол  арқылы  дамыған  тіл  иелерінің  ұлттық  сана-
сезімінің қай деңгейге жеткенін де дәлелдеп шықты. Мұны 
диссертанттың  ресми  оппоненттері  ретінде  пікір  өрбіткен 
профессорлар К.М. Мұсаев пен А. Жапаров та, Қазақ ССР  
Ғылым академиясының қорреспондент мүшесі Р.Ғ. Сызды-
қова да ашып айтты.
Зерттеу  қайсыбір  мамандарды  ғылыми  таласқа  шақы-
рып,  ой-пікірге  жетектеді.  Нәтижеде  Ғылыми  кеңес  мүше-
лері еңбекті өте жоғары бағалап, оның авторына ғылым док-
торы дәрежесін беруге бірауыздан бәтуаласты.
«Еңбек  түбі  –  зейнет»  деп  халық  қалт  айтпаған.  Бала 
күннен тынымсыз еңбек етіп, тырбанып, оқымысты қауым 
соңынан  ерген  жас  қыз  ақыры  өзінің  діттеген  мақсатына 
жетіп, ғылым сардарларының қатарына қосылды. Бұл қор-
ғаудың бір жағынан әлеуметтік мәнін де есте тұтуымыз ке-
рек. Өйткені докторлық дәреже жеке бастың ғана жетістігі 
емес, ол бүкіл бір ғылыми мекеменің, тіпті ғалым зерттеуі- 
не  объект  болып  отырған  тіл  иесі  –  халықтың  мәдени  өр-
леуінің бір белгісі деп танимыз.
Мәжіліс  бітті.  Айтулы  ғұламалар  мен  білікті  мамандар 
ықыласына  бөленген  Назипаның  жанарында  саналы  жан-
ның сабырға жеңдірген қуаныш оты маздайды. Атша тулаған 
жүрегін әрең игеріп, ол өзіне қаншама ауыр міндеттер жүк-
телгенін енді ғана сезгендей бір күйге түсті...
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет