Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/29
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

 
Мұқыр оқиғасы 
      
Шыңғысқа  қатарлас  шөккен  үлкен  таудың  бірі  -  Ақшатау.  Осы  таудың 
шығысы найман ішінде  сыбан руына тиесілі, ал, батыс жағы тобықты елінің 
жайлауытұғын. Міне, 1898 жылы Ақшатаудың бөктеріндегі “Көшбике” деген 
жайлауда Тобықты еліндегі төрт болыстың бірі - Мұқыр болысының сайлауы 
өтпекші  еді.  Осы  жерде  исі  қазақ  ұмыта  алмаған  тосын  жағдай  -  Абайға 
қамшы  тигендіктен  Көшбикедегі  сайлау  тарихта  қалды.  Басына  қамшы 
үйірілгеннен кейінгі Абайдың күйзелісін Мұхаңның қаламы: “Абайдың үнемi 
арманды болып өткiзген өмiрiнiң ең мағынасыз қорытындысы сияқты болды” 
деп жеткізедi. Айтылмыш оқиғаның ізі Абайдың творчествосында да сайрап 
жатыр. 
      
Сол кездің куәгері Турағұл тағы сөйлесін. “Біздің қазақ сорлы мансапқа 
таласпай  жүре  ме?,  -  дейді  ол  естелігінде.  -  1898  жылы  сайлау  болғанда, 

 
65 
бұрынғы Мұқыр атанған елдің сайлауына менің әкем барған. Оразбай байдың 
дәулеті  асып,  дәуірі  тобықты  ішіне  жүріп,  Оспанмен  екеуінің  араздығы 
Оспан өлген соң менің әкемнің басында қалған. Мұқыр болысының ішіндегі 
менің  әкемнің  тілеулестері  Сіз  бармасаңыз  болмайды,  Оразбай  қалаған 
кісісін сайлатып алып, басымызға пәле жауғызады деп, жалынып, жалпайып 
апарған.  Ақылы  көзінде,  елдігі  де,  жаулығы  да  қаспен  көздің  арасында 
тұратұғын сорлы қазақ, менің әкемді көрген соң, әкемнің досы жаққа қарай 
ауыса  бастаса  керек.  Бастығы  Оразбай,  жолдастарымен  осының  өзіне  қол 
тигізіп  бір  таңба  салмасақ,  ел  ескі  әдетімен  ауа  береді  десіп,  бірнеше 
адамдарды сайлап шығарып, уезнойдың қасында әңгімелесіп отырған Абайға 
қолдарыңды  тигізіп  жанжал  шығарыңдар  деп  жіберген.  …Таяқ  тиді  не, 
тимеді не, әйтеуір, Абайды ұрдық деген атын көтеріп мұратына жетті”. Бір 
болыс я бір уез емес, тамам қазақтың жанына  жара салған Мұқыр оқиғасы 
жайлы Турағұл сөзі осы. 
     
Жауласқан  жақтың  бастығы  Оразбай  осал  жау  емес.  “Үш  мың  ақ-көк 
жылқысымен даңқы шыққан, өзі құдіретті жуан, бүлік, атқамінер” (Әуезов). 
Соның  ұйымдастыруымен  Мұқыр  болысы  сайлауы  қарсаңында  Абайдың 
сабалуы сүйекке таңба сияқтанып, Құнанбай тұқымына азап шектірген. Бұл 
кезде Шәкәрім - 40 жаста, ұлы Абайға рухы, өресі жақын тәлімгер шәкірті. 
Сондықтан масқара оқиғаның өзгелерден гөрі оған ауыр соққы болып тигенін 
болжау қиынға соқпайды. Сезімтал ақынға қара жер теңселіп кеткендей әсер 
еткен  болар.  Ызаға  булыққан,  амалсыз  іштен  тынған  жайы          көп  жылдар 
өткенде де ақын творчествосынан белгі береді. Мәселен,    “Жолама, қулар, 
маңайға” өлеңінде Мұқыр оқиғасының жаңғырығы күні кеше ғана өткендей 
естіледі.  Онда  ақын:  “Кім  жағады  сендерге,  Тартқызған  азап  Абайға”  дей 
келе, жүректегі ескі жараны жасыра алмай: 
                                 
Соның да тілін алмадың, 
                                 
Сабадың, сөктің, қарғадың. 
                                 
Көріне қашан кіргенше, 
                                 
Арсылдап иттей қалмадың, - 
деп замандас, қандастарын ашу-ызаға толы сөздерімен соғып өтеді. Мұндай 
ашу-ызадан шыққан басқадай шығарма, сірә, Шәкәрім поэзиясында жоқ.    
      
Шыны  керек,  Мұқыр  оқиғасын  туғызған  себептердің  бірі  -  
“ырғызбайлық”  еді.  Ырғызбайлық  деп  Тобықты  елі  кезінде  өзгелерге 
орынсыз жуандық жасауды айтатын болған. Кішік деген атадан Әйтек, одан 
Олжай,  одан  Айдостың  төрт  табы  (Ырғызбай,  Көтібақ,  Топай,  Торғай) 
тараған  да,  соңғы  төртеудің  жуаны,  мықтысы  –  Ырғызбай  болған.  Өз 
кезегінде бұл атаның жуандығы 1852 жылдары аға сұлтан Құнанбайдың жаңа 
билікке, орыс заңына сүйеніп Шыңғыс ішіндегі 14 қыстауды тартып алуынан 
басталғантұғын.  Бұл  туралы:  “Бір  кезде  Құнанбай  балаларының  дәуірі  ұзақ 
жүргендіктен, - деп жазады Мұхаң, - барлық Ырғызбай деген рудың ішінде 
болысы  да,  болыс  емесі  де  түгелімен  бақ-мастыққа  салынып,  орынсыз 
жуандық,  орайсыз  тентектік  молаяды”.  Мысалы  Бақаш  деген  ырғызбай  көп 
сөйлеп,  орайсыз  сөздерімен  елді  әбден  ығыр  еткенде  тыңдаушының  бірі: 
“Бақаш-ай,  мынауың  орайсыз  ғой”  дегенде  ол:  “Менің  Ырғызбайлығым 

 
66 
шығар” депті. Осындай ұшы-қиыры жоқ орынсыз еркелік, орайсыз тентектік 
елдің  жалпы  наразылығын  күшейтіп,  “Абайдың  айтқанына  қарсылық 
ойлайтын кісілердің тобын көбейте бастайды” (М. Әуезов).   
      
1852 жылдардан бастап, 35 жылға созылған бітеу жара 1898 жылы Мұқыр 
оқиғасында  ашылды  десек  қате  болмас.  Жуандықтың  сөз  етілген  жай-
жапсарын Құнанбай тұқымы жақсы білген.  Мысалы, “жуаннан туған ірімін” 
дей келе: 
                             
Көңiлiм қайтты жуандық, 
                             
Бай-бағлан қарадан. 
                             
Осындай елде туғандық 
                             
Ағызды iрiң жарадан, -  
деп  күйзеледі  ақын.  Мұндағы  Шәкәрімнің  “жуандық”  сөзі  зорлықшыл, 
қиянатшыл деген мағынаны білдіреді. 
      
Шежіре  қарт  Бекен  Исабаев  өзінің  «Ұлылар  мекені»  атты  кітабында 
Құнанбай ұрпағының билік тізгінін уысында ұзақ ұстағаны соншалық, тіпті 
жұрт  аузында:  «Құнанбайдың  тұқымы  кісі  бар  екенін    Күнту  болыс  болған 
соң, Құдай бар екенін  Оспан өлген соң білді»,  деген сөз қалған деп жазады.   
       
Абай  дүниеден  өткенде  Шәкәрім  өзіне  өзі:  “Күдеріңді  үздің  бе,  
Сүйенішім  мықты  деп  едің!”,  -  дейді.  Бұдан  отар  ел  жағдайында  жуандық 
туғызған  батпан  ауыртпалықтың  азабы  көбіне  Абайдың  иығына  түскені 
аңдалса  керек.  Өйткені,  ол  Шәкәрімнің  де,  Құнанбайдан  тараған  он  арыс 
ағайынның  да  мықты  сүйеніші,  тірегі  еді.  Тіпті,  күллі  Ырғызбай  баласы 
Абайды пана тұтты, Абай барда өздерін сенімді сезінді. Мысалы, 1897 жылы 
Ысқақ  Қызылмола  болысының  бұрынғы  болысы  ретінде  әлдебір  заңсыздық 
үшін сотқа тартылып, Абай арашаға жүреді. Ақынның қан қысымын көтеріп, 
жүйкесін жұқартқан осындай үлкенді-кішілі оқиғалар аз болмаған.  
     
1898  жылғы  Мұқыр  оқиғасы  1889  жылдан  Абайдың  ізіне  ерген,  бірақ 
әзірге  ұлы  ұстаздың  көлеңкесінде  қалып,  өзіндік  бетін  айқындамаған  жас 
дарынға  сілкініс  әкелген  деуге  керек.  Неге  десеңіз,  аталмыш  оқиға  Абай 
творчествосында  терең  із  қалдырса,  сол  ізді  Шәкәрімнен  де  көре  аламыз. 
Яғни,  “Қырық жаста астым бел” және “Қырықтан соңғы қырымды” деп өзі 
айтқандай,  ақынның  осы  1898  жылы  басқаның  бәрін  аулақ  серпіп  тастап, 
ғылымға бет қоюы кездейсоқтық деуге қиын.  
      
Сонымен,  үстідегі  жайлардан  1898  жылдан  бастап  Шәкәрімнің  ел  мінін 
көзге шұқып, басқа сабап айтқан өлеңдеріне шұғыл кірісуі (бұл жерде “Қазақ 
айнасы” кітабына енген азаматтық лирикасы сөз болып отыр) мен Абайдың 
сабалуы арасында, сірә да, көрінбейтін байланыс жібі бар деген қорытынды 
туады.    
 
Деді бір ой – көзіңді аш! 
        
Шәкәрім  ағасы  Абайға  қарағанда  ақындық  жолды  ә  бастан  таңдаған 
және ақындығы жастайынан танылған адам. 
        
Жазушы  Тәкен  Әлімқұловтың  Абай  шығармашылығына  арналған 
“Жұмбақ жан” атты белгілі кітабында (Алматы, 1993 жыл) Шәкәрімнің есімі 
де аталады. Оның 178-ші бетінде Петербург кітапханасынан академик Әлкей 

 
67 
Марғұлан  тауып  алған  Садуақас  Мұсаұлының  жинақ-дәптері  жайлы 
мағлұмат  бар.  Кітаптың  иесі  осы  жинақ  туралы  Ә.  Марғұланның  дерегін 
келтіреді.  “Жинақ,  -  дейді  Әлекең,  -  1884-1891  жылдар  арасында  тізілген. 
Абай шығармаларынан басқа да мұнда бірнеше ақынның жырлары жиналған. 
Оның  ішінде  қарауыл  Арыстанның,  Тобылбай  ақынның,  Шәкәрімнің, 
Мәшһүр  Жүсіптің,  Сәдуақастың  өзінің  тағы  басқалардың  жазғандары  бар. 
…Қазір бұл дәптер Салтыков-Шедрин атындағы кітапханада, академик А.Н. 
Самойлович архивінде сақтаулы тұр”. 
     
Демек,  Шәкәрім  өлеңдері  1880-ші  жылдардың  ортасында-ақ  сол  
заманның зиялысы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің білгірі С. Мұсаұлының 
назарына  іліккен  екен.  Міне  бұл  атағы  Абайдай    жер  жарды  демесек  те, 
Шәкәрімнің  де  әйгілі  болып,  Арқаға  ақын  атағы  жайылғанын  көрсетер 
фактінің бірі.  
      
Екінші фактіні 1895 жылы Шыңғыстың сыртында, Жон деп аталатын кең 
жайлау төсіне қонған Абай ауылында өткен  алқалы мәжілістен алайық.  
      
Жоғары бір тұста айтылғандай, Шәкәрім жайлауда Абай ауылына барады. 
Үйде Абай тұрғылас ақсақалдар толып отыр екен. Ақын сәлем беріп кіргенде 
Абай:  “Кімді  айтса,  сол  келеді”  дегендей,  Шәкәрім,  келгенің  жақсы  болды. 
Мен мына ақсақалдарға айтып отыр едім. Мен етек басты болып, білім қуа 
алмай қалдым. Сол көксеген арманымды Шәкәрім арқылы орындаймын деп, 
саған білім қуғызатын болдым!” дейді. “Сенің өзгелерден қабілетің жоғары, 
озықсың!”  деген  мақтау  бар  мұнда.  Мақтауға  сараң,  “болдың,  толдың” 
деуден  аулақ,  арқадан  қағудан  гөрі  қақпайлап  қоюға  бейіл  сыншыл  ағасы 
Абайдың  бұл  сөзі  өзіне  үлкен  әсер  еткенін  Шәкәрім  баласы  Ахаттан 
жасырмай:  “Осыдан  соң  бар  ынтамды  салып,  еңбек  етуге  айналдым”  деп 
әңгімелеген екен.   
       
Шәкәрім - өз елі Тобықты арасынан ұзап шықпаған жуан атаның баласы. 
Мекені – Шыңғыстай салқар сахара төсі. Тәлімгері -  Құнанбайдай, Абайдай 
дара  тұлғалар.  Мінезі  -  еркін  ауада,  кер  далада  құрық-жүгенсіз  шу  асаудай 
өскен өршіл адамдікі. Біздің сыбаға ақын өмірін осындай кесек штрихтармен 
кескіндеу ғана. Өйткені, орта жасқа дейінгі Шәкәрім өміріне қатысты дәлді 
құжат-қағаздар  да,  естелік  жағы  да  тапшы.  Әйтеуір,  адам  болмысының 
қалыптасуы сол мезгілдің бейнесі, таңбасы, көшірмесі есепті деген ойдамыз.  
     
Анығы, 90-шы жылдардың орта шенінде ақын Шәкәрім өнері төгілген хас 
жүйрік  болып  қалыптанады.  Осыған  қоса,  Шәкәрім  атқамінер,  Шәкәрім 
сәнқой,  Шәкәрім  қолөнерші,  Шәкәрім  сал  сері,  Шәкәрім  саятшы,  Шәкәрім 
күйші,  Шәкәрім  шаруақор,  Шәкәрім  шежіреші,  Шәкәрім  мақтанқұмар, 
Шәкәрім шешен.  
      
Атам  қазақтың  мәтелі  еркек  адамның  ақылы  “Қырықтан  соң  толады, 
алпыстан соң солады” демей ме. Жаңағы сөзінде Шәкәрімге: “Адам  қырық 
жасына дейін білім жинап,  қырық жасында кәміл толады, ақыл-ойы, жігер-
қайраты жетіледі” дегенді Абай да айтқан. Қырықты кемел жас санап үлкен 
лауазымды  басшылыққа  жасы  қырықтан  асқан  адамдарды  сайлайтын 
дәстүрлі елдер аз емес. Мысалды алыстан іздеп әуре болудың қажеті шамалы 
десек, Абайдың өзі де  жасы 40-қа ілінгенде ғана шығармашылыққа құлашын 

 
68 
көсіле  сермеді  ғой.  Неге?  Өйткені,  ақындығына  ғалымдығының  сайма-сай 
толысуы осы мезгілге келді. Мынаған қараңыз – ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 
өзінің  басты  шығармасы  “Абай  жолы”  эпопеясын  жазу  үшін  дәл  қырықтан 
енді асқан – 1938 жылы қолына қаламын алады.   
      
1895 жылы Шәкәрім - 37 жаста.  Қырыққа дейін небары үш-ақ жыл десек 
те, ақын өмірін тексеруші көңілге бұл жастықтың оты азаймаған, арын-желігі 
ортаймаған,  яғни  пысық  жігіт  Шәкәрімнің  қым-қуат  тіршілікке  белсене 
араласқан уағы болған. Қырыққа дейінгі Шәкәрім бейнесін  М. Әуезовтің көп 
жағдайда  “Абай  жолы”  эпопеясының  күрделі  кейіпкері  Шұбар  арқылы 
беруге тырысқаны белгілі. Сол кезгі қалпына “көрсеқызар”, “мақтанқұмар”, 
“ерке қырт”, “қалжыңшыл қылжақбас” деген мінездемелер беруден ақынның 
өзі де қашпайды. Қате баспайтын, жаңылмайтын адам баласы жоқ, тегі. Ал, 
келешек  ұлы  адамның  пендеден  айырмасы  әр  қатеден  жан  дүниесі 
сілкінетіндей  зор  сабақ  ала  білуінде  болса  керек.  Қысқасы,  өңкей  бір  қол 
жетпейтін  жанталаста,  қайнаған  өмірдің  қызығына  тойып  бола  алмаған  әрі 
толысу үстіндегі Шәкәрімнің бойынан сол заманның өзіне жарасымды әдет 
пен мінез-қылықтың түр-түрі табылса, бұл таңданыс тудырмаса керек. 
     
Осы  ой-пайым  тізбегінен  шығар    тобықтай  түйін  –  40  жасқа  дейін 
Шәкәрім ойшылдық әлеміне шындап бет бұрмаған, терең бойламаған деген 
пікірге саяды.   
      
Бірақ  басы  ашық  бір  нәрсе  бар.  Ол  қырық  жасқа  толған  соң-ақ 
Құнанбайдай  мырзаның  ерке  немересі  өзін  өзі  басқаша  сезініп,  ішкі  жан 
әлемі үлкен сапалық түрленіске түскендігі. Айталық, мына өмірдің жарқылы 
жалғандық,  опасыздық  деп  түйсіну,    өткіншілікті  мойындау,  сондықтан 
дүниеге суық көзбен қараушылық, сондай-ақ,  “қайғы ойлаған”, “қартайған”  
дертті  көңіл,  заманынан  басы  озған  кісіге  тән  “жалғыздық  трагедиясы” 
сияқты  бұрын  болмаған  хәлдер  алғаш  белгі  береді.  Мысалға  “Ажал  жетсе 
өлдің бе”, “Өлген көңіл, ындынсыз өмір” т.б. өлең сөздерінде. 
      
Осының  себебі  неде?  Шәкәрiмді  қырық  жасында  маса  боп  оятқан, 
санасын, көңіл көзін шайдай ашқан не нәрсе, қандай ой? Ақын неге “астым 
бел” деген?  Осыған тоқталған мақұл. 
      
40  жастағы  Шәкәрімге  «көзіңді  аш!»  деген  ой  мынау,  сірә.  Халыққа 
танылғандай  түк  бітірмей  қосақ  арасында  бос  жүріпті.  Олай  емес  деуге,  өз 
ойы,  ұстанған  жолы  кәне?!  Тығырыққа  тірелген  туған  елге  жаны  ашымай 
бәрі алда деп алаңсыз жүре беріпті. Рас, талпыну мен ізденуден ешқашанда 
тайқып көрген емес, жазған жырлары мен дастандары ел аузында жүр. Бірақ 
олар  елдің  жарасына  ем,  санасына  сәуле  болар  құдіретке  ие  ме?  Абайдың 
«Сегіз  аяғында»  шарасынан  аса  төгілген  мұң-зарға  үндесе  ме?  Заман  мен 
қоғамның сол кездегі хал-ахуалын дәл баса алды ма? Олай болмаса, шынайы 
өмірден,  оның  күресі  мен  талабынан  алыста  қалса,  кінә  өзінде,  ғылымсыз 
өскендігінде.         
      
Міне Шәкәрім санасын қаумалап, түн ұйқысын төрт бөлген ойлар осылар 
болса ше. Не десек те, “Мұтылғанның өмiрi” деген өмірбаяндық жырындағы 
шумақтар осы сарынды жеткізеді.  Онда ақын әуелi балалық-жастықтың қызу 
ағынымен,  онан  соң  мансап,  мақтанқұмарлық,  өзiмшiл  мiнезбен  достастым, 

 
69 
өстіп,  ғылымнан  «тұл»,  «жалаңаш»  қалдым  дейді.  “Жиырма  мен  қырық 
арасы – Жас өмiрдiң сарасы, Бос өткенiн қарашы, Жүрекке төгiп қанды iрiң” 
деп  санын  соғады.  Және  осынау  өкінішке  толы  ой  тізбегін  былайша 
түйiндейді: 
                                       
Бар керектi екi он жас, 
                                      
Желiкпен өтсе болып мас, 
                                      
Болса да жүрек мұздай тас, 
                                      
Зарламай қайтсiн мұң-жырын.  
     
Ғұлама  қаламгердің  қырыққа  дейінгі  өміріне  разы  болмағаны  растық. 
“Жиырма мен қырық арасы… бос өткенiн қарашы”. Ол ол ма, “желiкпен өттi 
болып  мас”  деп  тым  батыра  айтқан.    Бұл  өлең  жолдарындағы  шындықты 
ұғыну  бүгінгі  жас  буын  оқырманға  оңайға  соқпаса  керек.  Мәселен,  көп 
жырларын,  үш-төрт  дастанын  жазып  үлгерген  болса,  мұны  қалай  айтқан 
деген ойдың тууы мүмкін.  
     
Біріншіден,  ғұламаның  жастық  ғұмырын  “бос  өтті”  деуі  Абайдың 
“Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім,  Пайдасын  көре  тұра  тексермедім” 
деуімен  үндес.  Ерке  жетімдік  желеуімен  арнайы  оқу  орнында  оқымай, 
ғылымнан шала қалып, мағынасыз, баянсыз істерге алтын уақытым зая кетті 
деген өкініштің лебі еседі. Яғни қайран жастық атты кең жайлаудың төсінде 
сайран  салған  кезіне,  оның  ізденгіштік  ой  мен  жазушылық  еңбек  
тұрғысынан бос өткен “әй, қап” дегізген мезеттеріне сілтегені айқын. 
        
Тағы бір ескертуім: “Мұтылғанның өмірін” кемеңгер ойшыл 70 жасында 
жазған.  Әдепкі  ойлы  адам  үшін  “Қызық  жоқ  бұл  жалғанда”  және  “Өмірдің 
алды – ыстық, арты – суық, Алды - ойын, арт жағы - мұңға жуық” (Абай). Ал, 
Шәкәрім ойлы адам ғана емес, ой алыбы - хакім. Сондықтан өткен өміріне де, 
жастық шақтағы қызмет-әрекеті мен шығармашылық еңбектеріне де хакімдік 
биіктен, сыншыл кісінің суық көзімен қарауы заңды.  
       
Жас бол, жасамыс бол өмір жолы – “тар соқпақ, бір иген жақ”. Жұмыр 
басты  пенде  өз  ғұмырында,  әсіресе,  ортаншы  жаста,    түрлі  рахат-бейнет, 
адасу-қателесу,  ыстық-суық,  қысқасы,  мехнаттың  бәрiн  де  көрмек.  Көре 
жүрiп  қана  кемелденбек.  Бұл  жаңалық  емес.  Бірақ  тағдырдың  тезінен, 
өмірдің  сынағынан  өтпей,  бiрден-ақ  төске  өрлеп  руханият  шыңын  алсамды 
ойланған  талапкерлер  болуы  мүмкін.  Жас  буынды  мұндай  жалған,  қате  ой 
жүйесінен  сақтандырған  артық  емес.  Абайдың:  “Ғұмыр  өзі  –  хақиқат.  Қай 
жерде  ғұмыр  жоқ  болса,  онда  кәмәлат  жоқ”  (38-сөзі)  деп  ескертуі  содан. 
Міне, Шәкәрiм де жиырма мен қырықтың арасында үй болу, бала өсiру, мал-
дәулет  құрау,  қоғамдық  iстерде  шыңдалу  сияқты  өмiрдің  қайнаған 
мектебiнен өтті. Бірақ ақындық дарынын, ізденгіш қабілетін жоғалтқан жоқ. 
Қасиет осында. 
      
Мұның бәрі өзіне мәлім ойшыл өзі туралы қарасөзінде: “Мен жетпіс екі 
жасқа  келгенше  өмірде  болатын  неше  алуан  қилы  оқиғаларға,  түрлі 
жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін 
өзім  де  істеп,  басымнан  өткізгендерім  көп”,  -  дейді.  Ал,  “Мұтылғанның 
өмірі”  жырында  өзіне  тосқауыл  болған  кеселдің  төртеуін  былайша  жіктеп 
атап береді:  

 
70 
                               
Туған елім надан жұрт, 
                                
Жуандық тағы, бір қыл құрт. 
                                
Жетім ерке болып қырт 
                                
Мансапқа мінген мен бір мас. 
Және: 
                                
Осы айтылған төрт кесел, 
                                
Жасымда болды көзге шел, - 
деп  түйеді.  Сөйтіп,  байқап  отырмыз,  жас  Шәкәрімге  шынның  жүзін 
көрсетпей келген төрт кесел (надан ел, жуандық, жетім еркелік, мансап) екен. 
Өкініші  -  осылар  көзге  шел  болған  соң,  пайдасын  біле  тұра  ғылымға  бас 
ұрмағандығы,  қолын “мезгілінен кеш сермегендігі”. 
     
Ынталы  жүректің  дәтін  дәл  тапқан  кезден  адам  пенде  болып  қала 
алмайды. Шын пейілімен белсеніп “ғылым іздемектік” жолына түскен 1898 
жылдан беріде жігеріне жігер,  шабытына шабыт қосылып, Шәкәрім өндіре 
жазады.  «Жас  қырыққа  кірген  соң»  құлшына  кіріскен  қызметі,  тапқан 
алғашқы  жаңа  қыры  –  ағартушылық  пен  санаткерлік  еді.  Келесі  тарауда 
қарастырылатын «Қазақ айнасы» жинағы осының айқын айғағы.  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІУ ҚЫРЫҚТАН  СОҢҒЫ  ҚЫРЛАРЫ 

 
71 
 
        
Аңдатпа  сөз.    Өзіне  өзі  төреші  болған  ақын  “Қырық  жылдан  өтіп 
жасым”, “Қырықтан соңғы иманым”, “Қырықтан соңғы қырымды, Сынамақ 
болсаң  түрiмдi”  және  т.б.  әлденеше  өлең-жырларында  1898  жылы,  жасы 
қырыққа  кіргенде,  елеулі  белден  асқанын  паш  етеді.  Ал,  “Мұтылғанның 
өмiрi”  деген  жырында  осы  белге  ұзын  ырғасы  он  бестей  шумақ  арналған! 
Керек десеңіз, онда: “Қырыққа келіп астым бел, Деді бір ой – көзіңді аш”, - 
деген айқын жолдар бар. 
      
Сөйтіп,  қартайған  шағында  Шәкәрімнің  өз  өмірін  қырыққа  дейінгі  және 
қырықтан соңғы деп екі белге айырғанын көреміз.  
      
Бұл  тарауда    қырықтан  соңғы  ақын  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы 
сөзімізді  бастамақпыз,  сонымен  бірге  Абайдың  ұстаздығы  деген  мәселені 
басты  назарда  ұстайтын  боламыз.  Шәкәрім  -  мырза,  қажы  атанған  сұңғыла 
атасы  Құнанбайдың  ғибратына  сусындаған,  ескі  далалық  салттың  көнекөз 
қариялары  білген-жиғанын  естіген,  әкесі  Құдайберді  құраптас  орта  буын 
азаматтармен сыйласып араласқан,  алақаны аялы аналарының  қамқорлығын 
молынан көріп өскен адам. Сөйте тұра, Абайдың оған үйреткені мен берген 
тәлім-тәрбиесінің  орны  бөлек.  Біріншіден,  ол  жас  ақынның  ғылым-білімге 
махаббатын  оятты.  Екіншіден,  Абай  шынайы  рухани  ұстаз,  асқан  ақыл-
парасат иесі. Сондықтан да, тәлімді інісін баулай алды, хакімдік асқар биікке 
жөн көрсетіп, жол сілтеді деген ойдамыз.  
       
Қай  талант  иесінің  де  тағдыры  ұстазсыз  не  болары  белгісіз  болса, 
дүниенің  көрінбеген  сырына  бойлау,  “терең  ойдың  телміріп  соңына  еру” 
(Абай)  ісінде  ғұлама  ұстазсыз  алға  басу  мүмкіндігі  тым  шамалы.  Әсіресе, 
ғылым-білім  сәулесі  әлсіз  қазақ  сахарасында  туып-өскен  кісіге  (мысалы, 
Абайдың  өзі  25-26 жасынан  бастап,  сол  заманның  үлкен    оқымыстысы  -  Е. 
Михаэлиспен достасқан болатын. “Абай өле-өлгенше “Менің дүниеге көзімді 
ашқан  -  Михаэлис”  деп  айтып  отырушы  еді”,  -  деп  жазады  Кәкітай 
Ысқақұлы).  Міне,  баянымызда  Абай  ұстаздығы  деген  тақырыптың  үнемі 
орын алып отыратыны осыдан.   
     
Жалпысында  Шәкәрімнің  Абайдың  ізін  қуған,  шекпенінен  шыққан, 
Мұхаңның сөзінше, ұлы ақынның “толық мағынадағы шәкірті болған” кезеңі 
он бес жылдай уақытты қамтиды. Оның 1898 жылға дейінгі бастапқы бөлігін 
өткенде  ойшыл  ақынның  қырық  жасқа  дейінгі  шығармашылығын 
қарастырғанда сөз еткенбіз.    
      
Ескертер  тағы  бір  нәрсе,  40  жастан  соңғы  ақын  шығармаларында  өзекті 
өртеген  өкініштің    сарыны  жоқ.  Сондай-ақ,  өзіне  өзі  көңілі  толмаудың  да, 
өткен  өмірін  місе  тұтпай,  оған  суық  көзбен  қараудың  табын  да  көре 
алмайсыз. Сап тыйылған. Неге? Себеп неде? Осыны ұғыну маңызды сияқты. 
      
Қырық  жасқа  келгенде  Шәкәрім  көкейін  тескен  асыл  арманын,  іздеген 
мұратын  тапқан,  тегі.  Өйткені,  дүниенің  көрінбеген  сырларына,  адам 
болмысының  жұмбағына  бойлауға  бейімділік,  Абайша  “әрбір  нәрсенің 
себебін  таппақпенен  ләззаттануға  жаны  құмарлық”  оған  берген  Тәңірінің 
сыйы, табиғаттың сыбағасы болған.  

 
72 
      
Расында,  ақын  іздеген  “иманын”  табады.  Ол  иманы  –  ғылым.  Бірақ 
ғылымның да ғылымы бар. “Ғылым –Алланың бір сипаты, ол – хақиқат, оған 
ғашықтықтың  өзі  де  Хақлық  һәм  адамдық  дүр”  деп  хакім  Абай  айтқандай, 
Шәкәрімнің көксегені көкірек көзді ашатын рухани ғылым болды.  
       
Міне, 40 жасында ақын “астым бел” деп ғылымға бетбұрысын меңзегені, 
осы  жолға  біржола  ден  қойғандығын  мәлімдегені  еш  шүбәландырмайды 
(және,  бұл  шұғылалы    жолға  1912  жылға  дейін  байлаулы  боп,  одан  сынық 
сүйем аумай зор еңбек қылады. Осылайша “нұрын сезбей” ғылымнан махрұм 
қалған жылдардың есесін толығымен алады). 
      
Рухани  тез  өсудің,  шапшаң  дамудың  өзіндік  заңдылығы  мен  саты-
сатылары  бары  ақиқат.  Шәкәрім  де  40-тан  47  жас  аралығында  аса  күрделі 
өсу, жетілу жолынан өтеді. 1905 жылға дейінгі әр жылы  соны көкжиек, жаңа 
әлем сияқтанып, табиғи таланты бар қырымен жарқырай көрінеді. Және, бұл 
кез, атап айту керек, толысқан ақындығына жаңаша қасиет -  сыншылдықты  
қосыа алуымен ерекшеленеді.  Төменде осы жайларды рет-ретімен сөз етеміз. 
  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал