Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)


Ақынның соңғы күні, ақырғы сәттері…



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/29
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріӨмірбаяны
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Ақынның соңғы күні, ақырғы сәттері…  
Ахат ақсақал «Фантазия» атты өлеңінде соңғы күндері ойға шомып, тау 
басында отырған әкесінің хәлін былайша елестетеді: 
                                     
Ол алысты ойлайды, 
                                     
Өлместей белгі, жүзінде ар. 
                                     
Тереңге ойы бойлайды, 
                                      
Жүректе жалын, өмір бар. 
                                            
Қырау басқан шашы бар, 
                                            
Күмістей жылтыр ақ сақал. 
                                            
Жетпістен асқан жасы бар, 
                                            
Не істеп жатыр осы шал? 
                                       
….Бұл не ғажап, бұл не хәл?  
Хакім  Шәкәрім  тәні  күйресе  де,  рухы  әлсіремейтін  сирек  тұлғалар 
қатарынан. Сондықтан Ахат жүзінде «өлместей белгі» бар деп әке хәлін дәл 
танып, тамырын ұстаған. Ал, «жүректе жалын, өмір бар» деген сөзден тозған 
денеден  ғарышқа,  жарық  нұрға  самғауды  күткен,  аңсаған  күшті  рух  деген 
мағына тоқылса керек.  
                                        
Қыранша қарап далаға, 
                                        
Шарықтап ойы кезгендей, 
                                        
Алдыңғы жаққа қадала, 
                                        
Жарығын нұрдың сезгендей, - 
деп үстемелеуі осының дәлеліндей.  
       
Ахат  ақсақал  әкесінің  соңғы  күндерін  осылай  елестеткен.  Осы  жырдың 
әсерімен менің де ой-қиялға біраз ерік бергім келді. 
1-
ші  қазан.  Таң  сәл  бозара  бастағанда  тұрып  кеткен  қарт  ақын 
әдеттегідей  бұлақтың  басына  беттеді.  Үнемі  сергек  күйде  жүретін  ол  бүгін 
суық  сумен  жуынып  шайынса  да,  жер  тартқандай  еңсесін  тіктей  алсашы. 
Жүрек шіркін әлденеден секем алғандай ауызға тығыла берді.  
Заман  әлпеті  шошытқан  соң,  соңғы  бір  айдай  уақыт  кітап  болып 
басылмаған қолжазбаларын жөнге келтіріп, кейбірін қайта көшіріп жазумен 
ғана  шұғылданған  еді.  Кеше  кешке  соның  бір  данасын  буып-түйіп:  «Енді 
сенер  ешкімім  де  жоқ.  Қайда  болсаң  да,  көзіңнің  қарашығындай  сақта, 
балам!»,  -  деп  қымбат  дүниесін  Зияттың  қолына  аманат  еткен-ді.  Өйткені, 
оның  алдында  Әзімбай  келіп,  бүгін-ертең  Қытайға  өтпей  болмайды, 
Керегетаста күтем деген және, торжорғаны тастай сап жөнелген. Торжорғаны 
мұнда  ұстаудан  үлкен  қауіп-қатер    жоқ.    Өйткені,  оның  қаза  болған 
коммунист Олжабайдың аты екенін балаға дейін біледі. Демек, бүгін соңғы 
күн… 
Күні бойы сыр шертіскен, ара-арасында бірі-бірінің шашын алып, сақал-
мұртын  басып,  күзеп  әкелі-балалы  екеуі  түн  ауа  ғана  жастыққа  бас  қойған. 
Зият әбден тынықсын әрі қуғыншыны бақылаймын деп абыз қарт тау басына 
отыра тұрмаққа шешті.     

 
248 
Дүние  тып-тыныш.  Саф  ауа.  Айнала  сарала  күздің  әсем  суреті.  Бірақ 
ешбірі де ішкі күйзелісті кеміте алмады. Әлдене иықтан албастыдай басты да 
тұрды. Сондықтан үйреншікті соқпақпен тау басына қалай шыққанын өзі де 
аңдамай,  кей-кейде  «Я,  Раббім!»  деп  ауыр  күрсініп  қойып,  көп  уақыт  селт 
етпей  отырды  да  қойды.  Шындық  пен  елес  алмаса  береді.  Ой  деген  көк 
дөненге  шек  бар  ма,  әкесі  Құдайбердінің  тізесінде  отырған  ерке  бүлдіршін 
кезінен бастап, бүгінге дейінгі ұзақ та қилы тағдыры, жақсы-жаманның бәрі-
бәрі көрген түстей көз алдында елестеп өтіп жатыр, өтіп жатыр. Жан әлемі 
бірде  айнала  түнектен,  қанды  қапырықтан  түршіге  күйзелсе,  енді  бірде 
әлдебір  беймәлім  алыстан  жарық  нұрдың  аңғарын  болжағандай  тыншыға 
қалып,  ләззат  күйге  бөленеді.    Қалтарысы  қат-қабат  ойлардың  құшағына 
енгені соншалықты, көзден кейде-кейде ыршып түскен жастың аппақ қардай 
сақалын  жуып  аяқ  астындағы  қиыршық  тастарға  сырт-сырт  тамғанын  да 
елемеді.  
Бәрі есінде… Міне, мойны қатты шүу асаудай 20 мен 30 жас. Құнанбай 
мырзаның немересі, әрі өнерлі. Өзі болыс, өзі би. Сал-серілік. Ойда тек ойын-
күлкі болмағанда қайтеді...  20 мен 40-тың арасы, тәнге құл, ғылымнан тұл 
болып  бос  өткенін  қарашы.  Атақ-абырой,  мәнсап  пен  дәулет  сананы 
шырмауықтай  орап,  өзіне  тарта  берді.  Қайран  Абай  асыл  ағам-ай,  әрең 
қайырып, ақыры үйіріңе де қостың-ау. Бәрінің алды болсам, анау да, мынау 
да менікі болса деген алаөкпе әрі әрнеге алаңдап, малтымаға көп түскен кезі. 
Сонан Абайдың қатты сынына кезікті, әсіресе, «арсыз жігіт» деген ұстаздың 
сөзі  жүрекке  оқтай  қадалған.  Қу  нәпсіні  сындырып,  өзімшіл  мінезді 
жүгендеу,  жеңе  қалу  оңайға  соққан  жоқ.  Ішкі  күрестің  сыры  өзіне  ғана 
мәлім.. Қай жылы екені есінде жоқ, ұстазбен екеуара бір терең әңгіме болған. 
Сонда  Абайдың  «Менікі  деп  жүргеннің  бәрі  Онікі»  дегені…  Осы  сөздің 
мәнісі  ақыл-санасына  нық  шөкті.  Білімді  Жаратушы  бар  ма?  Өмірдің  мәні 
неде?    Бейне  сиқыры  бардай  өз  иіріміне  тарта  жөнелген  осы  сұрақтардың 
жауабын  қайтсе  де  табуға  шешкені,  сол  сәттен  көкірек  көзі  ашылып 
жеңілейіп сала бергендей хәлі әркез жадында.  
Екі жылдан кейін, Мұқыр оқиғасы… Бұл елде тұра алмаймын! Кетем! -  
деп Абай атқа қонғанда, аттың тізгінін мойнына орап алып, солқылдап тұрып 
жылағаны  дәл  кешегідей  есінде.  Өйткені,  ол  қамсыз  жастық  шақ  пен 
бұрынғы  мінез-әдетке  де  қош  айтуы  еді.  Сөйтіп,  иждиһатсыз,  мехнатсыз 
табылмайтын  ғылымның  ауыр  жолына  түскен.  Орыстың  ғылымы,  Мекке 
сапары өресін өсіріп, көкжиекті кеңейтті. Бірақ көңілі тоқмейілсіген емес, бір 
берген  сертіне  бекем  болды.  Жанкештілікпен  басқыштай  берді.  Жанды 
нұрландыру,  рух  азығын  жинауға  30  жылын  сарп  етті.  Тапқан  иманы  -  сау 
ақылмен тексеру жөнімен ғана. Елден безу, саяси төңкерістер… опасыз пәни 
жалғанда, ұзақ өмірінде нені көрмеді, ненің дәмін татпады.  
Жасы  алпыстан  асқанда  ғана  тіршіліктен  оянып,  көзін  анық  ашты. 
Осымен,  әлдебір  тылсым  күштің  шапағаты  мен  жетегін  сезіне  бастаған.  70 
жастан  асқанда  құз-қияның  шыңына  шығарған  да  сол  беймәлім  нұрдың 
қуаты,  сірә.  Енді  міне  әулиелік  биікте  тұрып,  өмірде  де,  философияда  да 
бақсының  моласындай  жалғыз  қалғандығын  көрді.  Төменге  қараса 

 
249 
құжынаған  аттылы-жаяу  көп  халық.  Солардың  ішінен,  әнә  бір  тайпалған 
торжорға  көзіне  оттай  басылды.  Апырау,  қайдан  көрді  оны…  Сақалы 
желбіреген  әулие  мейірімді  Тәңірінен  халқының  мына  нәубеттен  аман 
шығуын  жалбарынды,  әттең  дүние-ай,  отыз  жыл  жиған  мұрам  жоғалмай, 
халық  игілігіне  асса,  өлсем  армансыз  болар  едім!  Осыны  да  тілеп  дұға 
қылды.  …О,  құдірет!  Осы  сәтте  өзінің  аққу  кейпіне  еніп,  қанаттарын  бірер 
рет  нық  қағып,  ұлы  ғарыш  тұңғиығына  тік  көтерілгенін,  соңынан  тек 
нүктедей ғана шоқ сәуле қалғанын көрді. 
Шәкәрім дәл осы көріністі не деп жоруды біле алмай, өңім бе, түсім бе 
деп күбірлей сөйлеп отырып, төменнен есті Қоңыр аттың иесіне «түспейсің 
бе  енді?»  дегендей  қатты  оқыранғанын  естіді.  Қиял-түстер  кезек  алмасып, 
ұзақ отырып қалғанын сонда ғана байқаған қарт, жалма-жан алдағы жазыққа 
көз  жіберді.  Байқошқар  бағытында  бірер  салт  аттылар  қараңдағандай. 
Ғылымбайлар  ма,  әлде  Қарасартовтың  адамдары  ма?  Қажы  тау  басынан 
шапшаң түсіп, шошалаға бет алды. Бұлар Ғылымбай, Керімқұл, Идаяттар еді.  
Ұйқысы қанып тұрған Зият та сыртта қарауылдап тұр екен, достар абыр-
сабыр  амандасып  жатты.  Жан  алып,  жан  берген  қысылтаяңда  жанашыр 
достармен бірге отыр, ақылдасу қандай ғанибет!  
Бір  сөздің  әлетінде:  «Бақанастың  сабаздары  Сізді  көтерілген  халық  ақ 
киізге  отырғызып  хан  сайлапты,  қажы  оларға  ауданды  басып  алыңдар  деп 
батасын  беріпті!  десіп  даурығысып  қаңқу  сөзді  таратып  жүрген  көрінеді, 
Шәке!»  деп  қалды  Ғылымбай.  Керімқұл:  «Басқа  басқа,  дәл  Сізге  қатысты 
сондай ғайбатқа қалай ғана сенеді мына жұрт! Ай, бәтуәсіз пақырларым-ай! 
Көрсоқырлар!»  –  деді.  Жұрт  өзінен  тоқ  етер  сөзді  күткенде  Шәкәрім 
саңқылдай  сөйлеп:  «Қазір  буырқанған  толқынның  уақыты.  Бірақ  бұл 
уақытша ғана. Өткінші емес ештеңе де жоқ. Артқа басудың жаңылыс, қателік 
шегінісі.  Қайта  шегіністе  де  кері  күш,  кері  ағын  болмақ.  Осыны  сабырмен 
күту  керек.  Амал  не,  нәубет  келгенде  халықтың  көзін  шел  алып,  адасады. 
Жаңағы  толқыннан  бұзылмай,  бұрылмай  адал,  адамдық  арыңды  жоймаған 
қалпыңда  өту.  Міне  қазіргі  ең  қиын  да,  ең  қажетті  іс  те,  менімше,  осы!»  - 
деді. 
Шәкәрімдей  сирек  әулие  адам  бұл  фәни  тұтқыны  болмақ  емес,  оның 
тамам  сынағынан:  қайғы-қуанышынан  да,  тағдыр-талайынан  да    жоғары 
тұрмақ.  Оның  мына  бүгінге  бұрылмай,  алдағыға  сенімі,  жарық  сәулені 
болжап  айтқан  жігерлі  сөзі  жиылғандарға  қатты  әсер  етті.  Сөз  арнасы 
Бердешке ауысқан бір ауықта әулие ақын: «Большевиктер деген қалың орыс. 
Оларға  қарсы  тұрам  демеңдер.  Күресіп  жеңе  алмайсың.  Толқынның  кері 
қайтуын  күт  деп  құдайдың  зарын  қылдым…  Кезінде  Абайды  қан 
жылатқанның бірі өз туысы Әзімбай еді-ау, мұны өздерің де білесіңдер, енді 
баласы  Бердеш  менің  сорымды  қайнатты!  Онсыз  да  лай  өмірді  лаң  қылды, 
сапалақтай  боп  мына  Зиятты  да  батпаққа  тартты.  Не  қыласың,  осы  туыс 
әбден жүйкені тоздырып бітті, иә, Зиятпен де қоштасам, басқа амалым не… 
өкіметтің құрығы ұзын!» - деді.   
       
Қорада  байлаулы  Торжорға,  дәмі  таусыларын  сезгендей,  қайта-қайта 
оқырана берді. Мұны сыр шертісіп отырған үйдегілер де естіп отырды. Осы 

 
250 
аттан  құтылмай  тыныштық  жоқ,  неде  болса  Байқошқарға,  одан  әрі 
түнделетіп,  Керегетасқа  жетіп  алған  жөн.  Осылай  деп  бірауыздан  шешілді. 
Шәкәрім  Қоңыр  атты  Зиятқа  ерттеп,  торжорғаны  өзі  мінген.  Өйткені,  ол 
сыры  белгісіз  жылқы.  Ал,  Қытайға  өтпекке  бекінген  Зиятқа  Қоңыр  аттан 
артық  серік  жоқ.  Кейіннен  Қытайдың Сарсүмбе  қаласында  жазған  өлеңінде 
Зият қоңыр аттың ғажайып қасиеттерін былайша сипаттайтын болады:  
                                   
Үйреткен өз қолымен оны иесі, 
                                   
Таң асырмау, суытпаудың бар киесі. 
                                    
Шауып келіп, отқа қойып суарса да,        
                                    
Індетті жұқтырмайды сом денесі. 
                                    
Арқа басы жауыр болып көрген емес, 
                                    
Ерқашты болып бірде жүрген емес. 
                                    
Қанша қиын жағдайға тап болса да, 
                                    
Иесін далаға тастап кеткен емес. 
Қуғыншы отряд кезігіп қалса аңға шыққанды көз қылу қажет. Сол үшін 
Шәкәрім  мылтығын  да  атқа  өңгерді.  «Я,  Рәббім,  я  сәт»  деп  іштей  дұғасын 
қайырған соң, өзі бас болып, төрт серігімен Байқошқарды бетке алды…  
 
  
х   х   х 
Ұлы  ойшылдың  соңғы  күні  қалай  өткенін  біз  там-тұмдап  жеткен 
деректерге  сүйене  отырып  елестетіп  көрдік.  Ал,  енді  өмірінің  соңғы  сәті 
қалай  өтті,  яғни  соңғы  оқ  кімдікі?  Осыны  ғана  қаузай  түселік.  Бұл  жолғы 
естелік Марат Түңлікбаев (Марат пен Айтмырзаның арасында туыстық жоқ) 
жазып  алған  Өміртай  Смағұлов  деген  қариянікі.  «Бірде  мал  алып,  Қытай 
аспақ  болған  «бандыларды»  ұстауға  жарлық  болды,  -  дейді  ол.  - 
Командиріміз – Абзал Қарасартов деген. Оның айтқаны заң, ақ дегені алғыс, 
қара дегені қарғыс, жат десе жатамыз, ат десе атамыз. Біздің отрядтан есімде 
қалғандары Әбдірайым Шарбаев, Мәуітхан Баймышев, Жұрттыбек Мешелов, 
Зейнел  Оспанов,  Айтмырза  Түңлікбаев,  Жақыпжан  Бармақов,  Рахметолла 
Халитов, тағы да кісілер болды, аты-жөндерін ұмыттым.  
Мезгіл  қара  күздің  кезі.  Суыт  жүріп,  талай  жерді  кезгенімізбен  ештеңе 
байқалмайды. Жеті қараңғы түн болып кеткен соң бір ықтасындау жерге қона 
кеттік.  Ұйықтап  кетсек  керек.  Оқыс  атылған  мылтықтың  дауысынан  атып-
атып  тұрдық.  Байқастасақ,  мылтық  атып  жатқан  күзетте  тұрған  Рахметолла 
Халитов екен. Бізге қарсы таудың беткейінде ат-матымен құлаған еңгезердей 
адамға  көзім  түсті.  Әлгі  адам  атпаңдар  дегендей  оң  қолын  көтерген  күйі 
шекелей  тұра беріп еді.  Соңғы атылған мылтықтың оғы оның түбіне жетті. 
Барып білсек, қансырап жатқан Шәкерім қажы екен». 
Төмендегі естелікті де тебіренбей оқу мүмкін емес. «Арыстай ақсақалды 
түйеге көлденең таңып, серейтіп алып келгенде не болғанымды білмеймін, - 
дейді  сол  кездегі  Бақанастың  тұрғыны  Ұқыш  Көзбаева.  –  Жылауға,  жоқтап 
дауыс  айтуға  рұқсат  жоқ.  Еркектер  мәйітті  шешіп,  шидің  ішіне  қойды. 
Астындағы  тор  жорға  атқа  да  оқ  тиген  екен.  Бауыздап,  етін  алып  келіпті. 
Кетер-кеткенше өздері жеп түгесті. 

 
251 
Жетібай  атам:  «Өлетін  адам  өлді.  Өзіміз  арулап  жерлейік.  Тым  құрыса 
сүйегіне  иелік  етейік»  десе,  нәшәндік  бергізбепті.  Таңға  жақын  ел  ұйқыда 
жатқанда қажының мәйітін Бақанас өзенінің оң жағалауындағы құр құдыққа 
қойып, асығыс-үсігіс бетін жасырған болыпты. Бұл жерде бұрын Әжекеңнің 
зираты  болатын.  Әжекең  деген  Ахметжанның  (Майбасардың  баласы)  әйелі. 
Әуелде бұл құдық сол Әжекеңе зират соғу мақсатында қазылған-ды». 
Өміртай  ақсақалдың  естелігіне  оралайық.  Ол  1930  жылдан  органда 
істеген,  сырға  сараң,  аузы  берік  адам    екен.  Сондықтан  өз  еркімен  емес, 
«білгеніңді неге жасырасың, молаңа ала кетпексің бе?!» деп тақымдаған соң 
әрі Бердеш сияқты өлері алдында ғана (1987 жылы) сыр ашқан. Сондықтан 
бұл адам жалған айтты ма деп, күдіктенуге, иланбауға негіз жоқ сияқты.   
Анығы,  қажыға  тиген  оқ  екеу,  өмірін  соңғысы  қиған.  Алғашқы  оқ, 
әкесінің сүйектерін өз қолымен қазып алған Ахаттың айтуынша, «оң жақтағы 
тоқпақ жіліктің басын үзген». Күзеттегі Халитовтікі ме, басқанікі ме, оқтың 
бірі тізесіне, бірі астындағы тор жорғаға тиіп, онымен бірге қажы да  жерге 
құлаған.  Бірақ  өмірге  қауіп  әзірге  жоқ.  Қансырап  жатқан  қария  топырлап 
жеткен  топқа  басын  көтеріп:  «Мен  жау  емеспін,  мені  ауданға  апарыңдар» 
дегенін бәрі де естіген. Бірақ, «нәшәндік» жібіп, иілмеген. «Екінші атқан оқ 
төс  сүйектің  ортасынан  өтіп,  оң  жақ  омыртқаның  қанатын  сындырған»,  - 
дейді Ахат. Міне, осыдан соңғы оқты кім атқаны айтпаса да түсінікті.  
Олай  болатыны,  онсыз  да  жаралы  жатқан  адамға  командирдің 
рұқсатынсыз өз бетінше мылтықты кезеу әскери тәртіпті өрескел бұзу болып 
табылады,  бұл  бір.  Екіншіден,  қарт  ақынның  «атпаңдар!»  деп  белгі  беріп, 
қолын  қайта-қайта  жоғарыға  көтергенін  екі  жақтың  да  адамдары  көріп, 
бақылап  тұрған.  Демек,  кездейсоқтық  тағы  жоқ.  Кім  атса  да  біліп  атқан 
(әскери отряд құрамында  Шәкәрімді танымайтын, білмейтін бірде-бір бөтен 
адам жоқ).  Осы фактілерді ой таразысына салып, Шәкәрімді кім атты деген 
сұраққа жауап беруді әркімнің өз еншісіне қалдыра тұрайық.  
Айтып-айтпа,  қансырап  жатқан  қауқарсыз  жаралыны  атып  тастау, 
адамдық ар тұрыпты, соғыстың заңына да қайшы. Не көрінді, сонша?!  
Бір ұлттың рухани көсемі болған әулие адамға оқ атылса, бұл, сөз жоқ, 
кездейсоқтық  емес.  Бір  терең  мән  бар  мұнда.  Турасына  келгенде,  Тәңірінің 
бізге берген үлкен сабағы бұл. Сондықтан «қарасартовшылық құбылыстың» 
әлеуметтік-философиялық аспектілерін тағы бір сабақтайық.  
                  
Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 
                 
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың, - 
деп ұлы Абай білмесе айта ма. Сөз етілген азалы жылдарда Абай заманында 
басталған әлеуметтік дерт тереңдеп «Елді алып, Еділді алып» қала мен қыр 
арасына  шабылған  бірлі-жарым  Күнту,  Күлембайлар  орнына  атын 
ойнақтатқан,  көпке  наганын  кезеп  ақыра  сөйлеген  көп  мәнсапқорлар  - 
«аттанбайлар»  шыққан-ды.  Мәнсапқорлық,  өзімшілдік  бұл  мінез  туралы 
Шәкерім  былай  дейді:  «Бұл  мәнсапқорлық,  әкім  болсам,  барлығына  өзім 
қожа болсам, бар адамды бір шыбықпен айдасам деген ең айуандық пиғылға 
апаратын,  дүниені  бұзатын  кеселдің  бірі».  Және  мұндай  пысықайлар, 
Абайдың сөзінше «қазақты жеген қайратты «ер»-лер, Мәскеуден ғана келген 

 
252 
жоқ,  «Құдай  жоқ»  деген  идеология  топырағында  әр  жердің,  әр  ауылдың 
өзінен өсіп-өнгені сөзсіз. 
Сөйтіп, Күлембай мен Қарасартов әлеуметтік дерттің құрбандары. Қазақ 
әдебиетіне  бірі  –  «болыстықтың»  жиынтық  бейнесі  болып  енсе,  бірі  – 
сталинизм тудырған құбылыс – «шолақбелсендінікі» болып қалары даусыз. 
 
«Жылдар бойы көлеңкесіндей қасынан қалмаған осы үрей оған ақынды 
бір  емес,  екі  дүркін  өлтіртті.  1959  жылы  жоғарыда  айтылған  әрекеттерін 
істемей  жайына  жүре  берсе  де  ешкім  оның  жағасына  жармаспас  еді.  Ал, 
ақынның  мол  рухани  мұрасы  осыдан  отыз  жыл  бұрын-ақ  ел  дәулетіне 
айналған  болар  еді.  Қарасартов  сталинизм  тұсындағы  психологиядан  елдің 
әлі де болса арылып болмаған кезеңін шебер пайдаланды».  
Х. Ерғалиевтың Қарасартов туралы айтқан әділ пікіріне кім кім де қолын 
қоятын  шығар.  Шектен  шыққан  озбырлықтан  еңіреген  елін  көре  тұра, 
құтқаруға шарасыздықтан Шәкәрім: 
                        
Қанды қанау айналам, 
                        
Соларды көріп ойланам. 
                        
Құтқарып алар қуат жоқ, 
                        
Құр саламын байбалам, - 
дейді.  Осылай  күйзеліп,  зарлаған  елшіл  ақынды,  ақын  ғана  емес-ау,  әулие 
адамды  «халық  жауы»  деп  сендірген  саясат  пен  заманның  өктемдігі  еріксіз 
бас шайқатады. 
       
Ұлы  ойшыл  қазасының  әлеуметтік  қырынан  философиялық  аспектісіне 
ауысалық. Бақыр басты пендеге жарық дүниедегінің бәрі де өз-өзінен болып,  
суға түскен шөптей кездейсоқ ағып жатқандай көрінеді. Ал, шындығында не 
нәрсе  де  тек  Тәңірінің  қатаң  бұйрығымен,  яки  бұлжымас  заңымен  ғана 
атқарылмақ. Халқымыз «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп біліп айтқан ғой.  
      
Алла  тағаланың  осы  хикметі,  әлбетте,  ұлы  тұлғалардың  өлімінен  де 
көрініс  береді.  Мәселен,  Абайдан  40  күн  бұрын  Мағауия,  ал  өзінен  соң 
Ақылбай қайтыс болып, осы үш өлім кезінде аңыз-әпсәнә болып күллі қазақ 
даласын  аралап  кеткен-ді.  Сондай-ақ,  орыс  ойшылы  Толстой  пәлендей 
себепсіз-ақ өзінің үйінен безіп кетіп, беймәлім стансада жан тәсілім еткенде 
бүкіл  әлем  дүр  сілкінген  болатын.  Қайталап  айтсақ,  Шәкәрімнің  қайғылы 
өлімі  мен  оның  жауһар  мұрасының    30  жыл  тұтқында  қалуы  да  тек  емес. 
Олай болса, оның ғибраты мен сабағы неде? 
       
Осы аталған евразиялық үш алыптың да руханиятта ашқан аса маңызды 
жаңалығы  –  он  сегіз  мың  мына  ғалам  әділет  һәм  махаббат  заңына  тәуелді 
дегенге  саяды.  Мәселен,  Абай  басты  философиялық  шығармасы  -  Алланың 
затын  танып,  хикметін  ізерлеген  38-ші  қарасөзіне  қосымша  толықтыру 
ретінде қалам тербеген 45-ші сөзінде былай жазады: «Адамшылықтың алды – 
махаббат,  ғаделет  сезім.  Бұлардың  керек  емес  жері  жоқ,  кіріспейтұғын  да 
жері  жоқ.  Ол  –  жаратқан  Тәңірінің  ісі».  Міне,  барша  діннің  де,  рухани 
ғылымның да тіні мен алтын арқауын бір ауыз сөзге сыйғызған. 
       
Айтайын  дегенім  –  тарихи  әділеттің  түптің  түбінде  салтанат  құрмауы 
мүмкін емес.  Ұлы ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының қайғылы қазасы 

 
253 
арқылы мейірімді Тәңірінің тірілерге бермек зор ғибраты мен сабағы, сірә да, 
осы.   
х   х     х 
       
…Соңғы  сәттегі  адамды  түзету  ілімін  жасаған  кемеңгер  тұлға  мен  көзі 
қанталаған  революционердің    кездесуін  елестету  қиынға  соқпайды.  Яғни 
қансыраған тізесін әрең басып қолын жоғары көтерген Шәкәрім мен қаруын  
кезене  ентелеген  түсі  суық  чекист  үнсіз  тек  жанарларымен  ғана,  сірә  да, 
шарпысты.  Екі  арада  –  шексіз  ымырасыздық.  Сондықтан  маузерін  қақ 
жүректің  тұсына  кезеп  шүріппені  қалай  басқанын  чекистің  өзі  де  аңдамай 
қалған шығар-ау.     
Сөйтіп, ұлы гуманист ақын ең соңғы қас-қағымда өлең-жырларында ащы 
тілмен  аясыз  сынап,  күресіп,  тістесіп  өткен  жан  дүниесі  мылқау  тобырдың 
өкілі – қатігез тасжүрек, қыңыр, мансапқор, партияшыл, өз сөзінше «байырғы 
революционер»  жаналғышпен  беттесті.  Бұл,  жаңа  айтқандай,  шебер 
Жаратушы  құдіреттің  ісі.    Иә,  иә  со  жолы  әділет  жер  құшты,  ал  зұлымдық 
жеңді. Мұның үстіне мұрасы да жарық көрмей мүлде өлген сияқтанды. Бірақ 
көкірегінде  Құдайы  жоқ  шолақбелсенділер  тобының  жеңісі  уақытша  жеңіс 
болды. Қашанда түпкілікті нәтиже ақ, әділет жағында болары хақ.  
Қазақ  халқының  ұлы  перзенті  аяулы  есімдер  қатарынан  ойып  орнын 
алды. Ендігі кәмілі: қазақ тілі тірі болса, Шәкәрім есімі де мәңгілік. Ешқашан 
мұтылмақ  емес.  Асыл  мұрасын  жердегі  біздерге  қалдырған  ұлы  ойшыл 
данышпанның жаны бейіште болып, биік рухы ғарыштан, тамам ұлы рухтар 
шоғырымен  тұтасып,  туған  халқын,  жұртын  «берекелі,  тыныш  бол»  деп 
желеп-жебей бермек. Осыған бек сенгіміз келеді.  
 
 
 
   
Х.  ӘЗ  ШӘКӘРІМНІҢ ӘН  МҰРАСЫ 
 
      
Екінші  Аристотель  атанған  әл-Фараби  бабамыз  аса  ірі  ойшыл  философ 
һәм  композитор болған  еді.  Шәкәрім  де  сол  сияқты.  Қос  алыптың  4-5  тілді 
меңгеруі  мен  ұзақ  өмір  сүргендерінен  де  әдемі  ұқсастықты  көреміз.  Иә, 
құдіретті Хақ тағала Шәкәрімнің басына  көп өнерді үйіп-төгіп бере салған 
десек, соның бірі – композиторлық дарыны. Яғни ән шығарушы ретінде қазақ 
мәдениеті тарихында Шәкәрімнің өз орны бары елдің бәріне белгілі жай. 
Шәкәрімнің  тұңғыш  әндер  жинағы  «Аманат»  деген  атпен  1989  жылы 
Алматыда «Өнер» баспасынан жарық көреді. Ахат ақсақал әкесінің поэзиясы 
мен прозасын қалай сақтап қалса, музыкалық мұрасын да солай сақтап қалған 
екен.  Жаңағы  «Аманат»  жинағын  баспаға  әзірлеген  халық  музыкасын 
зерттеуші ғалым Талиға Бекқожина.  
Жинақтың алғысөзінде ол Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов 
атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының  ғылыми  қызметкері  болған 
кезінде  Ахат  Шәкәрімұлымен  кездескенін  былай  деп  есіне  алады:  «1966 
жылдың февраль айында институттың музыка бөліміне алпысты алқымдаған, 
ұзын  бойлы  қараторы  кісі  келді.  Ол  кезде  бөлім  бастығы  академик  Ахмет 

 
254 
Жұбанов  еді.  Екеуі  шүйіркелесіп,  біраз  әңгімелескеннен  кейін  Ахмет 
Қуанұлы  мені  қасына  шақырып:  «Мына  кісі  –  белгілі  ақын  Шәкәрімнің 
баласы.  Сен  осы  кісі  айтқан  әндерді  жазып  ал,  ноталарының  бір  данасын 
маған, екіншісін мына отырған Ахат ағаңа бер», деді.  
Ахат Құдайбердиев композитордың он төрт әнін магнитофон лентасына 
жаздырды.  Мен  оларды  тональдық  түрін  сақтай  отырып  нотаға  түсірдім. 
М.Әуезов  музейінде  бұл  әндерді  пианинода  ойнап,  айтып  бергенімде  Ахат 
ағай қатты толқып, көзіне жас алды. Ризашылық білдіріп, алғыс айтты. 
Ахат  бұл  әндерді  Шәкәрімнің  өзінен  үйренген.  Ол  өзі  де  композитор 
болғандықтан, әндерді дәлме-дәл үйренгені даусыз». 
Көріп  отырмыз,  мұқым  мұрасы  сияқты  Шәкәрімнің  әндері  де  бүгінгі 
күнге Ахат арқылы жеткен, негізінен соның айтуымен нотаға түсірілген. 
«Аманат»  жинағына    енген  Шәкәрімнің  әндері:  «Жастық»,  «Шын 
сырым», «Ажалсыз әскер», «Насихат», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», 
«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», 
«Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш 
туғанымда», «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», «Тыныштық жоқ, тыным 
жоқ», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын-да»,  «Еңлік-
Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» – жиыны 16 ән. 
        
Аталған  әндер  жайлы  көрнекті  композитор  Теміржан  Базарбаев 
«Сахараның  ұлы  сазгері»  атты  мақаласында  мынадай  тұжырымды  пікір 
айтады: «Шәкәрім әндерінің бәрі дерлік басынан аяғына дейін мүлде ерекше. 
Соған қарамастан қазақ құлағына жатық әрі жылы тиеді. Ән творчествосында 
басқаны  қайталамау  деген  тек  қана  ұлы  таланттардың  қолынан  келген.  Бұл 
тұрғыдан  келгенде  Шәкәрім  музыкасын  профессионал  композитордың 
қолынан шыққан туындылар деп айтуға әбден болады» (Абай. – 1994. -№9. – 
44 б.). 
       
Ойшыл  ақынның  композиторлық  мұрасы  жоғалмай  бүгінге  жетуіне 
үстіде аталған Ахмет Жұбанов, Талиға Бекқожина, Теміржан Базарбаев және 
Мыңжасар  Маңғытаев  сынды  көрнекті  сазгерлер  үлес  қосты.  Сондай-ақ, 
Әбдірахман  Әсімжанов,  Ғайса  Сармурзин,  Арғынбек  Ахметжанов  сияқты 
өнерпаз  азаматтар да елеулі септігін тигізді.  Сазды мұраны  терең зерттеп, 
зерделеу алдағы уақытта да жалғасатын ғылымдық жұмыс.  
      
Төмендегі біздің міндет – қажының сазгерлік қызметіне жалпылама шолу 
және ән мұраны кейбір қырларынан қарастыру ғана.  
      
Музыка,  әуен  -  адамның  жан  сарайын  нұрландыратын  құралдың  бірі. 
Сондықтан  ақын  «Кетермін,  артымда  сөз,  әнім  қалар»  деп  қос  өнерді  бірге  
атайды.  Яғни үлкен мәдениет иесі Шәкәрім өлең сөздеріне зор иждиһатпен 
келгені сияқты, музыкалық мұрасына да ерекше мән берген.  
       
Мәселен,  ол  «Бәйшешек  бақшасы»  атты  еңбегінде  ән  сұлуы  қандай 
болуы керек деген мәселені қозғап, ой-пайымын былайша кестелейді: «Жиі 
тоқылған жібек бұйымдай құлаққа жұмсақ, тәтті пісірілген сіңімді тамақтай 
жүрекке  жайлы  тиетін,  жақсы  үнді,  сұлу  сөзді  ақындар  май  айының  қызыл 
гүліндей,  қыршын  жастардың  қызықты,  қымбат  өмірлерінің  қиын  сырын 
сипаттаса,  кейде  қыс  айының  декабріндей  жайнаған  жасыл  гүлді 

 
255 
қуартатұғын,  талай-талай  жүректердің  тамырын  солған  жемістей  суалтатын 
баянсыз өмірдің бақытсыздық мұңдарын сипаттаса, сол айтылған сөз, салған 
ән  қуаныштың  да,  қайғының  да  өзіне  лайықты  сөз  ұнаулы  үнмен  айтылса, 
дүниеде осыдан жақсы жанға жайлы әдемілік, жарасымдық бар ма екен? Бет 
сұлулығы – тән сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы ғой, әрине, 
тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет сұлулығын әркім-ақ 
таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз».      
       
«Ән  сұлулығын  танушы  аз»  деп  айтса  айтқандай,  өзіндік  беті  бар, 
пәлсапалық  терең  ойға  құрылған  Шәкәрімнің  әндерін  орындау,  ұзақ 
өлеңдерін  бір  қарпын  қалдырмай  жаттап,  өзінікіндей  етіп  алу  кім  кімге  де 
оңайға  соқпайды.  Қажы  әндерінің  насихаттаушысы  семейлік  сазгер 
А.Ахметжанов өзінің «Шәкерім әндері нотаға қалай түсті?» деген естелігінде 
осы  жайды  ескерте  отырып,  былай  деп  жазады:  «Шәкәрім  әндері  әр 
әуесқойды,  әр  тыңдаушыны  ынталандыра,  қызықтыра,  өз  бойына  дарыта 
бермейді. Бұл әндермен айналысатын өнерпаз алдымен терең ойдың соңына 
түскіш, ойлы әнге құмар болары анық» (Абай. – 1994. - №9. –56 б.)   
        
Осы тұста марқұм Т.Базарбаев ағамыздың: «Шәкерімнің әндерінің бәрі 
дерлік басынан аяғына дейін мүлде ерекше» деген пікіріне қайта оралып, осы 
мүлде ерекшеліктің сыры неде деген мәселені тексеріп, қаузап көрелік. 
       
Бүгінгі  таңға  жеткен  әндерінің  бәрі  дерлік  Шәкәрімнің  60  жастан  соң 
шығарған  әндері.  Демек,  олар  ойшыл  хакімнің  әндері,  былайша  айтқанда 
философиялық музыка.   
       
Неміс  ақыны  Гетенің  Фаусты  сияқты  қазақтың  Қорқыт  атасы  да 
өлмеудің, дүниеде мәңгі жасаудың жолын іздегені белгілі. Дәл осы себептен 
болар-ау, Шәкәрімнің ән саздары ә дегенде қайғылы сарын сияқтанады.  Тек 
жан-жүрегімен  беріле  тыңдаған  адам  ғана  әр  жағынан  оптимистік  әуеннің 
жарқылдаған  шұғыласын  сезіне  алады,  яғни  санадан  тыс  әлемнің  аңғары 
қылаң бергендей әсер қалдырады. Ал, бұл дүние күйбеңінен бір сәтке арылу, 
тылсым нұрына малыну деген сөз. Міне осындай айырықша бір күйге түсуді 
қажет  ететіндіктен  Шәкәрімнің  әндерін  ойлы,  яғни  философиялық  музыка 
деуге керек. Ән мұраны мүлде ерекше қылып тұрған гәп осы, сірә.  
        
Сөйтіп, Шәкәрімнің ән мұрасы қазақ әндерінің ерекше бір саласы.  
        
Осы  талдап  айтылған  себептерден  көргені  аз,  өмір  өткелектерінен  әлі 
өтпеген  әншілер,  әсіресе,  жастар  жағы,  хакім  композитордың  тылсым 
саздарын орындай алмайды. 
       
Олай  болса,  Шәкәрім  әндерін  орындаудың  өзіндік  шарттары  қандай? 
Біріншіден, биік, зор дауыс керек. Екіншіден, үлкен ішкі дайындық қажет. Өз 
әуендері  цикліне  Шәкәрімнің  «Қорқыттың  сарыны»  деген  жалпы  атауды 
беруі  жайдан  жай  емес,  оларда  философиялық  сарын  расында  да  ерекше 
күшті.  
       
Әншіге қойылар талаптар жайлы философ ақынның өз пікірі мынадай: 
                                
Маңызсыз айғай ән болмас, 
                                
Татымды онда мән болмас. 
                                 
Сазды үнмен билеп ал, 
                                 
Тыңдаушы ойын. 

 
256 
                                  
Елжіретіп жүрегін, 
                                  
Әсер беріп, ән балқытсын бойын.  
      
Сөйтіп, талаптар биік болған соң, Шәкәрім әнін орындаушылар да сирек. 
Бірақ, бір ғажабы, қажының сазына бір енген жандар оны өмір бойы тастай 
алмай  адалдықпен  өтеді  екен.  Мәселен,  Шәкәрімнің  әндерін  көзі  тірісінде 
Әбдіғали  Алдажарұлы  (1899-1937),  Әлмағамбет  Қапсалямұлы  (1870-1932), 
ақын  Уәйіс  Шондыбайұлы  (1873-1925)  сынды  атақты  әншілер  орындаған. 
Кеңестік  кезеңде  Керімқұлов  Қабыш  пен  Әбдіғалиұлы  Ниязбек  (1914-1988) 
Шәкәрімнің бар әнін білетін үздік орындаушылар болды. 
       
Мынаған  қараңыз  -  Абай  әндерінің  орындаушысы  әрі  насихаттаушысы 
болған Мәкен Турағұлқызы (1912-1999) Шәкәрімнің әндерін де жақсы білген 
екен.  «1939  жылдың  маусым  айында,  -  деп  әңгімелейді  Мәкен  апай,  - 
Мұхаңдардың  (М.Әуезов)  Калинин  көшесіндегі  жаңа  пәтеріне  келдім. 
…Абайдың әндерін орындағаннан кейін: 
-
 
Иә, тағы қандай әндерді білесің? – деді. 
-
 
Халық әндерін көп білемін. 
-
 
Ә, оның дұрыс екен. Ал, менің білгім келіп отырғаны Абай төңірегі!.. 
-
 
Абай  айналасынан,  Майбасардың  баласы  Мұхаметжанның  үш  әнін, 
Шәкәрімнің оншақты әнін білемін. 
-
 
Ойбай-ау,  өзің  үндемей  жүріп,  ән  қазынасын  көкірегіңе  сақтай 
бергенсің ғой!… Мұхаметжан мен Шәкәрім жас жағынан тетелес. Екеуі де ән 
шығарумен  қатар,  өздері  де  келістіріп  ән  шырқаған,  қыр  далада  салдық 
құрған  адамдар.  Ешкімге  көп  жария  етпей,  бұларды  да  жаздырып  қой. 
Түбінде бәрінің керегі болады!», - деп ескертті» (Жұлдыз. – 1995. - №7-8. – 
11 б.).    
        
Көріп  отырмыз,  Мәкен  апай  ғана  емес,  ұлы  жазушы  Мұхтар 
Омарханұлы  Әуезов  те  ғұлама  Шәкәрімнің  әншілігін  де,  ән  мұрасын  да 
жақсы білген. 
     
Қазіргі  күні  алдыңғы  толқын  орындаушылардың  орнын  басып,  Шәкәрім 
әндерінің  туын  ұстаушы  семейлік  әнші  Келденбай  Өлмесеков  (1952  жылы 
туған) қана. Ол қажының «жан сыйы, ән сұлулығы» деп жазған әндерін ұзақ 
жылдар  бойы  шаршамай-талмай  орындап  һәм    насихаттап  келеді.  Осы 
үрдістің  болашақта  да  үзілмей  жалғасуы  қазақ  әншілік  өнері  үшін  аса 
маңызды нәрсе екені сөзсіз.  
        
Енді  Шәкәрімнің  күйшілік  өнеріне  келсек,  жоғалмай  жетіп,  нотаға 
жазылғаны  жалғыз  ғана  күй.  Ол  «Бозторғай»  күйі.  Өкінішке  қарай, 
ғұламаның өзгедей күй мұрасы сақталмаған.   
          
х   х    х 
        
Шәкәрімнің  музыкалық  өнері  тақыр  жерде  пайда  болмаған.  Оның 
өзіндік  қайнар-бастаулары  бар.  Сондай-ақ  жастық  кездегі  музыкалық  өнері 
бір төбе. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жарымы  қазақ-қалмақ  жорықтарынан  соң  қыр 
қазағының  дәстүрлі  өнерге,  оның  ішінде  ән  мен  күйге    қайтадан  оралып, 
сауық-сайран, той-домалақтың жиілеген кезі. Яғни Абай атқа мініп, ел ағасы 

 
257 
болғанда Арқада өнер көрігі қыза түскен-ді. Осы кездері өткен әрбір ас пен 
тойды ақын-жыраусыз, әнші-күйші өнерпазсыз көзге елестету қиын.  
Абай айналасы Тобықтының өз ішіндегі үлкен шоғырды (Майбасардың 
Мұқаметжаны,  Қапсалямның  Әлмағамбеті,  Ырысайдың  Ысқағы,  т.б.  әнші-
күйшілер)  айтпағанда  көршілес  елдерден  келіп,  Абай  ауылында  айлап, 
жылдап қыстаған атақты өнерпаздар: қаракесек – Мауқай, керей – Уәйіс, уақ 
– 
Мұқа,  арғын  -  Әсет,  найман  -  Әріптерді  жақсы  білген,  сырлас,  дәмдес, 
мәжілістес болған. 
«Тұтас  жұртты  имандылыққа,  бауырмалдыққа,  адалдыққа  тәрбиелеудің 
бір жосын үлгісі - өнер, ұлттық өнер деп білген Абай ағамыз, - деп жазады М. 
Ибраев жаңағы мақаласында, - сөз бен музыканың аражігін ашпай, екеуін де 
осы бағытта қуатты құрал ретінде жұмсай білді».   
Шәкірттеріне үлгі-өнеге шашқан ұстаз композитор Абайдың 40 тарта ән, 
әлденеше күй шығарғаны көпке мәлім.  
Осы ортаның игі әсері бар, оған табиғи таланты қосылып, ұлы ақынның 
бас  шәкірті  Шәкәрім  ержеткенде  кез  келген  сазды  аспапта  ойнайтын  өз 
заманының үздік өнерпазы болып қалыптасады. Музыкаға жасынан бейім ол 
ән мен күйді суырып-салмалықпен де (экспромт) төге салатын болған.  
Соның  бірі  -  «Шымылдық  үзер».    Бұл  күйдің  тарихына  мен  ақын 
Мерғали  марқұмнан  қанық  едім.  Үй  арасы  жақын  болды  да,  ол  кісімен 
қызметтен кейін де жұбымыз жазылмай бірге жүрдік, сыйласқан дос болдық. 
Үйіне барып жайғасқанда Мекең «ал, енді Шәкерімнің «Шымылдық үзерін» 
бір  тыңдап  алайық»  деп  осы  күйді  жиі  тартушы  еді.  Күйдің  шығу  тарихы 
былай  болған  деп,  майын  тамыза  әңгімелеп  те  берген-тін.  Сол  әңгімені 
төменде келтіремін.   
Алдымен  күйдің  сақталу  тарихын  айтайын.  Мерғали  оны  әкесі 
Жанғалидан  (Жәміш),  ал  Жәміш  өз  әкесі  Ыбырай  Елеусізұлынан  үйренген 
екен. 
«Өлең  дарыған  әулет»  атты  мақалада:  «Тобықты  Жуантаяқ  ішінде 
Төлебай-Кебек әулетінен ұлы Абай «шапашотым» («алып кел, барып келге» 
шапшаң, ширақ деген мағынада) деп атаған Елеусіздің жалғыз ұлы Ыбырай» 
делінген. 
Бірде Абайдың үйінде талай әнші, күйшілер өнер көрсетіп жатқанында, 
тартылған күйлердің әр тұсында босағада отырған 9-10 жастағы Ыбырайдың 
ықылық тигендей, естірте «ыңқ-ыңқ» деп қалатынын байқаған Абай: «Анау 
жамантымақ  бала  кім?,  -  десе  керек.  Жұрт:  «Е,  ол  Елеусіздің  баласы  ғой, 
Сізге  ұқсасын  деп,  атын  Ыбырай  қойған»  дейді.  Абай:  «Ал,  бұл  неге 
ықылықтап  отыр?»,  -  десе,  Ыбырай  бала  жұлып  алғандай:  «Абай  ата, 
күйшілеріңіз әр жерде қате жіберіп отыр емес пе?», - депті. Тура сөзге қатты 
риза  болған  Абай  баланы  қасына  шақырып  алып,  өзіне  де  бірнеше  күй 
тартқызып,  ақ  батасын  беріпті    (Молдабек  Жанболатұлы.  «Тобықты 
Шыңғыстау шежіресі». – Алматы, 2004. – 534 б.)   
Шәкәрімнің  «Шымылдық  үзерін»  өзі  де  сүйіп  тартқан,  кейінгіге  де 
жеткізген міне осы бала Ыбырай болатын. 

 
258 
Белгілі  ғалым-жазушы  Ақселеу  Сейдімбектің  «Қазақтың  күй  өнері» 
кітабын  (Астана,  2002)  қарап  шыққанда  байқағаным,  «Шымылдық  үзерге» 
қатысты екі бірдей жаңсақ пікір айтылған екен. Кітаптың 399-400 бетіндегі 
деректі  сол  қалпында  келтірейін:  «Семей  қаласында  тұратын  белгілі  ақын 
Ыбыраев Мерғали, - деп жазады автор, - домбыраны шалыс бұрауға келтіріп, 
Тәттімбеттің  «Балбырауын»  («Шымылдық  үзер»)  дейтін  күйлерін  тартады. 
Бұл күй Тобықты руының ішіне «Шымылдық үзер» деген атпен тараған».    
Міне,  кітапта  күй  Тәттімбеттікі  делінген.  Қате  пікір  деген  ойдамын. 
Өйткені, аталған екі күйдің бір-біріне ешбір қатысы да, ұқсастығы да жоқ, өз 
алдына бөлек күйлер. «Шымылдық үзерді» Мерғалидің орындауында музыка 
мамандары  Амантай  Исин  мен  Серік  Малаев  та  тыңдаған  екен,  олар  да 
осыны  айтады.  Қайталап  айтайын,  күйдің  Шәкәрімдікі  екеніне  Мерғали  
шүбәланған  емес,  өйткені,  оның  қалай  дүниеге  келгенін  әкемнен  естігем 
дейтін (жаңа Ыбырай әулетіне тоқалуымның себебі де осы). 
Енді  кітапта  кеткен  қатенің  екіншісіне  келейік.  «Құнанбай  әулетінде 
Шәкәрімнің Қабышы төңірегіне белгілі сал-сері болған, - дейді А.Сейдімбек 
жаңағы әңгімесі жалғасында. – Бірде Құнекеңнің керей ішіндегі Қырықтыбай 
деген құдасының бір баласы үйленіп, осы тойға Тобықты елін де шақырады. 
Әрине, мұндай тойдан Қабыш сал қала ма, арнайы дайындалып, Тәттімбеттің 
«Балбырауын»  деген  күйін  үйреніп  барады.  Содан,  үйлену  тойына  келген 
Қабыш сал келін түскен үйде бір сұлу қыз отыр дегенді естиді. Сол-ақ екен, 
салдық  еркелігіне  басып:  «Осы  мен  келін  түскен  үйге  түссем»,  -  дейді.  Ел 
кісілері: «Е, түсіңіз», - дейді.  Сөйтіп, Қабыш келін түскен үйге кірсе дәстүр 
бойынша шымылдық құрылған. Қыздар шымылдық ішінде. Қабыш сал төрге 
шығып жайғасқан соң, әлгі сұлуды қалай көремін деп ойлайды. Жан-жағына 
қараса,  бір  домбыра  сүйеулі  тұр  екен,  қолына  алып,  Тәттімбеттің 
«Балбырауынын»  сылқылдата  жөнеледі.  Сонда  шымылдық  ішіндегі 
қыздардың бірі сығалап қарап: «Үйбай, ана кісінің қолы жыбырлап барады», 

депті.  Осы  кезде  жанындағы  қыздар  да  қарамақшы  болғанда  шымылдық 
үзіліп  түссе  керек.  Бұл  күйдің  Тобықты  ішінде  «Шымылдық  үзер»  болып 
тарауының сыры осында». 
Өкінішке орай, бұл сөз де жаңсақ айтылған: «Қабыш сал» деген тіркестің 
орнына Шәкәрім есімі тұрса керек-ті. Гәп мынада: Шәкәрімнің Қабыш есімді 
ортаншы ұлы 1898 жылы туған. Оның ақын әрі күйші өнерпаз болғаны рас. 
Бірақ оны білетін адамдардың бірде бірі «Қабыш сал-сері» демейді. Өйткені, 
онда  мұндай  қасиет  болмаған,  жарайды,  болды  деген  күннің  өзінде  сал-
серілік құратын шағы әлеуметтік төңкерістердің ойпыл-тойпылына дөп келді 
емес пе. 1917-31 жылдар арасында жуан атаның тұқымына қайдағы серілік, 
қайдағы сайран-сауық?!   
Ал, Шәкәрім қажының алпыстан асқан шағында жастығын: 
                       
Қайран 
                       
Қайғысыз, қамсыз күндерім, 
                       
Сайран, 
                       
Сауықты рахат түндерім!, - 

 
259 
деп  сағына  еске  алғанын  білеміз.  Өйткені,  өнерлі,  епті  жігіт  Шәкерімнің 
аңшылықтың да, «асқа, тойға баратұғын, жаны асығып жас жігіт» деп Абай 
айтқандай,  сал-серіліктің  де  қызығын  бір  кісідей  көргені  сөзсіз.  Басқаны 
айтпағанда, ақынның киім киісінің өзі де ешкімге ұқсамайтын ерекше болған. 
Мұны  елдің  бәрі  біледі.  Мәселен,  әкесінің  өнерлері  жайлы  Ахат  былай 
айтады: 
                       
Қыс болса, аңға шығып, кеткен қостап, 
                       
Мылтығын сап, бүркітін қолына ұстап. 
                       
Домбырашы, күйші, әнші жыршы болған, 
                       
Бәйгеге жас болса да өзін қоспақ. 
                       
Киімді өзі пішіп киген қолдан, 
                       
Порымын ішбір жұртқа ұқсатпастан. 
  
«1889 жылы менің 14 жасымда, - деп жазады Турағұл өз естелігінде, - 
үлкен  шешемнен  туған  Райхан  деген  апамды,  найман  Серікбай  баласы 
Құдайбергенге беріп, ұзатып, үйдің ішінің бәрі жолаушы кеткенде, әкеммен 
екеуміз ғана қалдық». 
Міне, осындай құдалар тобына (қыз ұзату, мейлі құда түсу болсын), Абай 
әдетте  Шәкәрімді  бас  құда  қылып,  әркез  жұмсап  отырған.  Өйткені,  бұл, 
үстіде  айтылғандай,  отыздың  ішіндегі    Шәкәрімнің  өнерлі,  шешен  әрі  сал-
сері атағы бүкіл Тобықты ішіне жайылған кез.  
Жоғарыда Шәкәрімнің «Шымылдық үзер» күйін Абайдың батасын алған 
Ыбырай  Елеусізұлы  ақсақал  баласы  Жанғалиға,  ол  өз  кезегінде  Мерғали 
Ибраевқа  үйреткен  дедік.  Ал,  күйдің  шығу  тарихы  қалай  болған?  Мұны  
Мекеңнен қалай естідім, сол қалпында баяндап көрейін.  
Шәкәрім  бастатқан  қыз  алатын  жігіттер  тобы,  жараулы  жүйріктер 
қойсын  ба,  құдалар  ауылына  межелі  уақыттан  бұрынырақ  жетіпті. 
Тамылжыған  жаз  айы.  Жасыл  желек.  Айнала  той  қарсаңындағы  абыр-
сабырға толы: жүгіріскен үлкен-кіші, әр тұста асулы қазан-ошақ, алтыбақан 
төңірегінде  ән  шырқаған  қыз-бозбала,  әйда!  Осынау  сәнді  көрініс  ақынның 
көңіл күйін асқақтата құбылтып, шаттық қуанышқа бөлейді. Жасыл жайлау 
төсіне арнайы кигіз үйлер тігу қамында жүрген үлкендер сыйлы қонақтарды 
қарсы  алып,  бас  құдаға  күйеудің  отауы  жабдықталғанша  қыздың  отауына 
жайғаса  тұруды  өтініпті.  30  жасқа  жаңа  ілінген  қапсағай  бойлы  Шәкәрім 
үстіне  фасоны  қазақ  киіміне  мүлде  ұқсамайтын,  өзі  тіккен  аппақ  шалбар-
костюм  киген  екен.  Мұндағы  жұрт  осыған  да  таң-тамаша.  Ол  ол  ма,  киіз 
үйдің  төріне  жайғасқан  соң,    портсигарын  сыр  еткізіп  ашып,  папиросын 
асықпай тұтатып алып, түтінін жай емес, сақина-сақина ғып дөңгелетіп кеп 
шығарған  дейді,  әр  дөңгелек  шыққан  сайын  күтуші  жігіт-желең  мен  келін-
кепшіктер «о, ғажабым!» деп шу ете түскен дейді. Сол кезде желбіреген үкілі 
шымылдық ішінде ұзатылатын қыз өз нөкерлерімен отырған ғой. Ол қыздар 
қалай  шыдасын,  «апырай,  не  кәрәмәт  екен»  деп,  бірін  бірі  бастырмалап 
сығалағанда шымылдық та үзілсін. Қыран-топыр күлкі. 
Осы  сәтте  Шәкәрім  сал  «Әкел,  бері!»  деп,  үкілі  домбыраға  қол  созған 
дейді.  Тұйғын  құстай  түйіліп,  салалы  саусақтары  домбыраны  шабыттана 
қағып-қағып  жібергенде  оның  шанағынан  төгіле  жөнелген  бұрын  ешкім 

 
260 
естімеген,  мүлде  ерекше  бір  күй  күмбірі,  шалқыған  әуен  отырған  жанның 
бәрін  тастай  қылып  баурап  алған,  олар  құлақтан  кіріп,  бойды  алған  хәлде 
отырып қалған еді дегенді айтады.  
Мен  естіген  оқиға  міне  осы.  Яғни  Ыбырай  ақсақалдың  куәлігінше, 
«Шымылдық  үзер»  1880  жылдардың  соңында  әлгідей  жағдайда  туған. 
Шәкәрімнің  жас  кезінде  шығарған  ән-күйлерінің  бәрі  дерлік  сақталмаған. 
Мерғали  ағаның  орындауында  талай  адамдар  естіп-біліп  жүрген  мына 
«Шымылдық үзердің» де нотаға түспей қалуы өзекті өртейтін өкініш.  
Тағы бір пысықтай кетелік, бүгінгі күнге жеткен 16 әннің бәрі де жастық 
шақтікі  емес,  Шәкәрімнің  кемеліне  келген,  алпыстан  асқан  шағында 
шығарғандары. Тақуа әзиз әулие кісінің әуендері. Яғни ақын өлеңдері қалай 
пәлсапалық  жолмен  жазылса,  әндері  де  дәл  солай  туылған.  Әнді 
шығарушының ізашар жаңашылдығын осы арадан іздеген жөн деймін. 
Сөйтіп, әлемдік ойға өз сөзін айтқан ғұлама Шәкәрім, қазақтың музыка 
өнеріне, ән жанрына мүлде ерекше әуендер әкеп, соны мелодиялар  сыйлаған 
ұлы сазгер де.  
Жоғарыдағы «Сахараның ұлы сазгері» деген мақаласында: «Шәкәрімнің 
ән творчествосында, - деп жазады Т.Базарбаев, - Прокофьевке ұқсастығы бар 
деп  айта  аламын.  Ал,  бүкіл  дүниежүзі  Прокофьевты  жаңашыл,  новатор 
композитор  деп  бағалайды».  Және  өзінің  талдау  еңбегін  былайша 
сабақтайды: «Абай мен Шәкәрімнің әндері классикалық шығармалар, оларға 
еліктеуге болады, ал көшіруге болмайды. …Абай мен Шәкәрім әндері қазақ 
музыкасының алтын қоры. Алтын қорға қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ».   
 
Ахат  ақсақал  әкесінің  алпыстан  асқандағы  (1919  жыл)  «Бұл  ән  – 
бұрынғы әннен өзгерек» деген әнінің шығу тарихын былай айтады: «Жылда 
жазғытұрым  ел,  мал  Бауырға  көшіп  кеткенде  әкей  екеуміз  қорада 
қалатынбыз. Бір күні: 

Атты    ертте,  тауға  шығайық,  -  деді.  Екеуіміз  Жылқыайдар  өзенінің 
жағасындағы  Үштастың  жотасына  келіп  шықтық.  Дала  гүлденген,  гүлдер 
шыққан. Тоғайда бұлбұл сайрап, үкі, көкек, байғұс дауысы. Айнала бір түрлі 
жарастық көрінісіне бөленген.  
Сонда әкей қасында отыр ем: 
-
 
Сен жаратылыстың әнін ұғасың ба? – деді. 
-
 
Жоқ, - дедім. 
-
 
Осының  бәрі:  мынау  шақырып  тұрған  көкек,  сайрап  тұрған  бұлбұл, 
осы  жаратылыстың  өзінің  табиғи  әні.  Мен  бір  ән  шығарғалы 
отырмын, - деді. Соны білгеннен кейін, кетіп қалдым қасынан. 
       
Қайта келсем, ыңылдап отыр екен. 
-
 
Атты әкел, жол болды, мен бір ән шығардым, - деді». 
       
Енді  осы  әнге  байланысты  таңғажайып  бір  оқиғаны  оқырман  назарына  
салайық.  Бұл  халықаралық  фестивальдердің  лауреаты,  қазір  Маңғыстау 
облыстық  филармониясының  әншісі  болып  қызмет  істейтін  Тамара 
Жанқұлова (1976 жылы туған) деген әншінің Семейге келгенінде өз аузынан 
жазылып  алынған  оқиға.  Ол  Молдабек  Жанболатұлының  үстіде  аталған 
«Тобықты – Шыңғыстау шежіресі» кітабында былайша баяндалған.  

 
261 
       
«Алматыдағы «Ақ жауын» ансамблінің әншісі Тамара Жанқұлова туған 
елі  Ақтау  қаласына  қыдырып  барғанда  көлік  апатына  ұшырайды.  Қаншама 
уақыт  ессіз  жатқанын  білмейді.  Ауыр  операциядан  кейін  бір  аяғынан 
айырылып  барып  зорға  қатарға  қосылады.  Кейін  арбамен  жүретін  хәлге 
келгенде  дәрігерлер  «Халың  қалай,  әнші  қыз?»  –  деседі.  Үйткені,  Тамара 
алғаш комадан шығып есі кіргенде әндетіп ояныпты.  
      
Сонда  айтқан  әнінің  сөзі  «Қайран  қайғысыз,  қамсыз  күндерім,  Сайран 
сауықты рахат түндерім» деп келетінін дәрігерлер естеріне түсіреді. Тамара 
болса, мұндай сөзі бар әнді бұрын айтқанын есіне түсіре алмайды. 
      
Бір  жылдан  кейін  аяғына  тұрып,  Ақтаудағы  Абай  атындағы  мәдени-
демалыс  кешеніне  жұмысқа  орналасады.  Бірде  кітапханаға  барып,  әртүрлі 
өлең  кітаптарын  қарап  отырып,  Шәкәрімнің  өзі  білмейтін,  бірақ  есеңгіреп 
жатып айтқан әнінің сөзін кезіктіреді. Режиссерге келіп, сол өлеңді тапқанын, 
енді  оған  ән  шығарғысы  келетінін  айтса,  ол  бұл  өлеңнің  әуенді  сазы 
бұрыннан бар айтып, оны табуға көмектеседі. 
      
Әнді үйреніп алып айтып жүргенде өзі бұрын білмейтін әнді ессіз жатып 
қалай айтқанына таң-тамаша болады.  Әннің сөзіне мән беріп оны нақышына 
келтіре айтқан сайын бойы сергіп, ой өрісі өсіп, жігер-қайраты артқанын сезе 
түседі. Ойлана, толғана келіп, қауіпті апаттан аман қалуыма осы ән себепкер 
болар деп жориды. Егер үлкен сахнаға шығатын сәт болса осы әнмен шығуды 
мақсат  етеді.  «Ол  мені  өмірге  әкелді.  Мен  оны  өнер  биігіне  шығаруға 
тиіспін» деп іштей бекиді.  
      
Тамара  2003  жылы  Мәскеуге  Өнер  институтына  оқуға  барады.  Таңдау, 
іріктеу  өте  қатал.  Кезегі  келгенде  кірген  Тамараға  қомсына  қарап  «тыңдай 
салайық» деген сыңаймен сарапшылар төрағасы: «Өз ұлтыңның әнін айтып 
көр»  дейді  салғырт  қана.  Қатты  толқып  тұрып  «Бұл  ән  –  бұрынғы  әннен 
өзгеректі»  қалай  бастай  жөнелгенімді  өзім  де  білмеймін  дейді  әнші  қыз. 
Шығарманың  мағынасын  ұқпаса  да  оның  сазды  сарынан  философиялық 
толғаныс көкірегіне ұялаған  сарапшылардың жүзі жылып, ықылас-ілтипаты 
кілт өзгереді. Бірауыздан оқуға қабылданады. 
        
Сонымен  өзін  екі  сыннан  мүдірмей  шығарып  өмірге,  өнерге 
қанаттандырған  әнді  де,  оны  шығарған  Шәкәрім  қажыны  да  Тамара  пір 
тұтатын болады.  
       
Өзінің  ең  алғашқы  бейнеклиппін  осы  әнге  жасайды.  «Арманның  ақ 
желкені»  атты  деректі  фильмге  де  осы  әнмен  шығады.  Ақтаудың  ару  қызы 
бұл  күнде  ән  құдіретімен  ұлы  Шәкәрімге  етене  бауыр  басып,  оның  киелі 
қасиетінің  шапағатымен  өнер  биігіне  самғауда»  (Аталған  кітап.  2-том.  – 
Семей, 2004. – 126 –128 бб.). 
       
Шынында да мына болған оқиға киелі қасиеттің құдіреті емей не.   
                       
Шығардым әндер жаңалап, 
                       
Саларсың сынға саралап, 
                             
Жараса ойладым, 
                             
Әншілер салсын деп. 
                      
Белгі болып бір мұра, 
                            
Кейінгіге әнімнен де қалсын деп. 

 
262 
Әз  Шәкәрімнің  ешкімге  ұқсамайтын  әндері  туралы  шағын  ой-
толғанысымызды  «Ойдан  шығарылған  бар  түрлі  әндерім»  деген  өлеңіндегі 
ойшыл  ақынның  өз  мұрасының  болашағын  болжап  айтқан  осы  сөздерімен 
түйіндегіміз келді. 
 
Каталог: files -> pdf
pdf -> Аралады Сәуір айында Бозшакөл мыс кенішіне Павлодар облысының әкімі Болат Ба қауов келді. «Kaz minerals Bozshakol» жшс директоры Джереми Аллен аймақ басшысына жобаның мәртебесі
pdf -> Абайдың рухани мұрасы. Досым Омаров Данышпан берген салауатты өмiр тағлымдары
pdf -> Grade 5 Miras International School of Astana provides an education within a challenging and supportive environment that promotes all aspects of individual student growth, and equips them with the skills for lifelong learning
pdf -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
pdf -> Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы
pdf -> Сабақтың тақырыбы Р. Акдемір «Анамның қолдары»
pdf -> Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
pdf -> Сабақ 19/12/2014 Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы Аяз. Құрманбай Толыбаев Жалпы мақсаты
pdf -> Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет