Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/29
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Бала, бозбала шағы 
Алғашқы өлеңін Шәкәрім әкеден жетім қалған жеті жасында шығарған 
екен.  “Әкем  қайтыс  болғанына  көп  уақыт  өткен  жоқ,  -  дейді  ақын.  –  Мен 
қыстаудың  алдындағы  төбеде  жалғыз  отырып,  тасқа  өрмелеп  бара  жатқан 
жұлдыз  құртты  езіп  өлтіріп  алдым.  Өлтірсем  де  оған  жаным  ашып,  өз 

 
16 
жетімдігім  ойыма  түсіп,  “құрт  болып”  өлең  шығарғаным  есімде.  Басқасы  
ұмытылып, екі аузы ойымда қалды”. Сол екі ауыз өлеңі: 
Өлтірдің, онан таптың қандай пайда? 
Өмір сүріп жүрші ем жазда сайда. 
Жетімдік қандайлығын көзің көрді, 
Кешегі тірі жүрген әкең қайда? 
 
Менің де жетім қалды балаларым, 
Олар да жылайды аңсап аналарын. 
Өзің жетім, жетімді аясаңшы, 
Жоқ екен басыңда ми-саналарың… 
Аңғарғыш  та  сезімтал  ойын  баласының  мына  өлеңін  кешке  Төлебике 
мен  Ботантай  шешелері  тыңдап,  көз  жастарын  көл  етеді.  Өлең  оқиғасын 
артынан Абай да естіп, бір келгенінде “Шәкәрімге өлең жазуға әзір ерте емес 
пе”  деген  шешесі  Төлебикеге  ол:  “Шәкәрімге  өлең  жазба  демеңіз,  оны 
тимаңыз. Жазсын, өзім қалай жазуды үйретемін” деген екен. 
Қоршаған  табиғат  адам  баласының  мінезі  қалыптасуына,  сана-сезімі 
өсіп,  ой-қиялы  ұшталуына  күшті  әсер  етеді.  Бұл  әлімсақтан  аян.  Ал,  халқы 
үшін,  күллі  адамзат  үшін  туған  дана  хакімдерге  табиғат-ананың  әсері 
сонағұрлым мол болуы жоққа шығарылмаса керек. 
Құнанбайдың  отыздан  астам  ауыл-ауылдары  көшіп-қонған  мекендер, 
оның ішінде Құдайберді-Бәкемнің балаларына мирас еткен қора-қоныстары: 
сырт  Шыңғыста  –  бір  шеті  Шақпақ,  Үштас,  Кең  қоныс,  Керуенбұлақ, 
Байқошқар,  Балашақпақ,  Керегетас,  Майөзек,  Буратиген  деген  жайлаулар 
(бәрі  де  екі  су:  Бақанас  пен  Байқошқардың  алқабында),  Шыңғыстың  іш-
қойнауында – Хан Шыңғыс, Текше, Қаракүнгей, Ырғайлы, Қарабөктер деген 
тау-шоқылардың  бөктерінде,  Барлыбай,  Суықжал,  Қызбүбі  шат,  Қараойтас, 
Қарақуыс  шат-адырларда  –  қыстаулар,  ал  төменгі  беткей  –  Бауыр 
аумағындағы  Жидебай,  Ақшоқы,  Ащысу,  Қыдыр,  Шонай  қорықтарында 
күзеу  қора,  тамдар  орналасқан  еді.  Қандай  әдемі,  сұлу  жер-су  аттары! 
Шіркін,  атамыз  қазақ  жер-судың  бедерін  қапысыз  таныған  атқойғыш  қой. 
Қаймағы бұзылмаған көшпелі дәуірде кең даламыз жаз шыға өзінің барлық 
сән-салтанатымен:  тау  бөктері  өзен-бұлағымен,  жазығы  масатыдай  көгал 
кілемімен  құлпыратұғын.  Өсімдік  әлемі  қандай  сан  алуан  болса,  жүгірген 
аңы мен сайраған құсы да соған сай түр-түрімен жыртылып айырылған, сірә. 
Айтары не, сайын даланың ерке бұласы Шәкәрім өмірі, міне, осы көрікті 
де тамылжыған табиғат аясында еркін ауа, таза қоныста өткендүр.  
Бала, Үлкен, Кіші деп бөлек-бөлек аталатын “Шақпақ” жоталары көрші 
Керей  елімен  іргелес  ең  шеткі  жайлау.  1913  жылдың  қысынан  Шәкәрімнің 
елден безіп, Бақанаста жалғыз қыстағаны мәлім. Елсіздегі Шәкәрім тамының 
босағасында  үнемі  қыран  бүркіт  қондырулы  тұрған.  Содан  сырт  ел  оқшау 
тамды  «Саятқора»  атап  кеткен  екен.  1925  жылы  балалары  Шәкәрімді 
Бақанас-Байқошқардан  15  шақырымдай  әріге,  Үлкен  Шақпақтың  күнгей 
бетіне көшіріп, жаңадан қора-там салып береді. Жаңа «Саятқорада» да ақын 
қағаз бен қаламды “дос” етіп, таза әдеби қызметпен айналысады. Қораға таяу 
Айыр деген биіктен: оңтүстікте – Қаранай, Тазқызыл, Балға, Тектұрмас, Құр 

 
17 
жоталары,  шығыста  –  Буратиген,  Егізқызыл,  Жәнібек,  Тезек  шоқысы, 
Ақшатау  жоталары,  батыста  –  Көксеңгір,  Жорға,  Жауыртағы,  Шорқашқан, 
Шымылдық, Жосалы биіктері, ал, солтүстікте – Шыңғыстың сырт жоталары: 
Керегетас,  Қаражал,  Қызылжал,  Айдарлықойтас,  Қарақойтас,  Бұшантай, 
Ділдә көрінеді екен. Бүркіт баптау мен аң қағуға құмар Шәкәрім осы аталған 
тау-тасты  түгел  кезген.  Ондағы  өсімдік  әлемінің  түр-түрін,  емдік 
қасиеттеріне  шейін  жақсы  білген.  Ғұмыр  бойы  табиғатпен  сырлас  болғаны 
жайлы: “Елу бес жыл таптадым, Мезі болды тау мен тас” дейді ғұлама. 
Енді Шәкәрімнің шешесі Төлебикеге (Дәметкенге) оралғанымызда, әуелі 
бұл  ананың  туысына  тоқталайық.  Ол  –  қаракесек  ішінде  Кедей  табынан 
шыққан  абралылық  Алдаберген  бидің  қызы.  Құнекеңнің  құдаларын  ел 
ішіндегі  бедел  абыройы  мен  кісілігіне  қарап,  өзі  таңдап  отырғаны  жақсы 
мәлім.  Аллаберген  күллі  Байбөрі  руларының  сөзін  ұстаған,  адалдығымен, 
жоқ-жітікке қайырымдылығымен төңірекке аты шыққан ірі кісі болған. Оның 
үлкен баласы Төлебай  да әке жолын қатты ұстанып, ел құрметіне бөленген 
қадірлі би атаныпты. Алдаберген (дұрысы – Аллаберген, ауызша айтылуда – 
Алдаберген  я  Әлдеберген)  бидің  ата-тек  кестесі  былайша  түзіледі: 
Болатқожаның (лақап аты – Қаракесек) үлкен баласы Ақшадан Бошан, одан 
тараған  бес  ұлдың,  яғни  “бес  Бошанның”  бірі  –  Байбөрі.  Байбөріден  – 
Жүгіней, одан Кедей. Кедейден – Асан, одан Шыбынтай, одан Баубек, одан 
Еділбай,  одан  Аллаберген,  Аллабергеннің  ұлдары  –  Төлебай,  Арғынберген, 
Баймағамбет, Бексұлтан, Омархан, Хайдар; қыздары - Төлебике, Тойған. 
Байбөрі  Аллабергеннің  ата  қонысы  –  Сарыарқаның  шұрайлы 
пұшпағының  бірі  болған  Дегелең.  Бұл  тау  пен  Құнанбай  ауылдарының 
Шыңғыстаудағы  тұрағы  арасы  100  шақырымнан  астам.  Жол  мойны  қашық 
болса да құдалардың ыстық ықыласы суымай араласқан. Шәкәрім көршілес 
Қарқаралы  оязындағы  нағашы  жұртына  ат  ізін  жиі  салып,  ол  жақтан  жаңа 
әндерді үйреніп келеді екен. Он жеті жасында нағашылары оған скрипканы 
да үйретеді.  
Төлебай  бидің  балалары  ішінен  Омарды  (1862-1920)  бөліп  атаған  жөн. 
Өйткені, ол жиені Шәкәріммен тығызып араласып, идеялық, шығармашылық 
байланыста болған. Мұның үстіне Омар Төлебайұлының алаш қозғалысына 
ат салысқаны анықталып отыр. Ең бастысы, ол, бүгінге жеткен өлеңдері куә, 
ұлы  Абайдың  поэзиясынан  анық  нәр-тәлім  алған,  оның  өнегесін  бойына 
сіңірген ақын шәкірті деуге лайық күшті ақынның бірі.   
Бұл  ретте  ғалым  Амантай  Исин  1979  жылы  Ахат  Құдайбердіұлының 
аузынан жазып алған мына бір естелікті ұсынатын жөніміз бар. 
«Абай  мен  Еркежан  қолдарына  Ғабидолла  ноғайды  ұстаған.  Бірде 
жолаушылап  Омар  түскенде  ол  Абайдың  жоқтығын  пайдаланып,  лепіре 
шалқып сөзге қонақ бермепті. Қайтарында Омар Еркежанға бір парақ қағаз 
ұстатады. Онысы өлең екен: 
                  
Сүйген сөзін бұл Абай 
                  
Шығарады парықтап, 
                  
Асыл сөзін таратып – 
                  
Ұқпас надан анықтап. 

 
18 
                         
Ұқсаңыз – сөзі бәрі ақыл, 
                         
Үйретсін бе салып қап. 
                         
Абайша сөйлеп ұқсамақ
                         
Жын қаққандай шалықтап. 
                  
Қолың түгіл көз жетпес – 
                  
Ол ұшқан қыран шарықтап! 
                  
Шарықтап ұшқан қыранға 
                  
Бөктергі жетпес қалықтап. 
Абай  ауылға  оралғанда  Омардың  өлеңін  оқып:  «Әй,  бүлдірген 
екенсіңдер ғой, Төлебайдың ақын ұлы сыншы да емес пе? – деп мейірлене бір 
күлген екен». 
Жә  деп,  енді  Шәкәрімнің  анасы  Төлебикеге  қатысты  мәліметтерге 
қайтадан оралайық.  
Аллаберген би қызы Төлебикенің зеректігін байқап, молда, ұстаз алдына 
береді. Одан шәкірт арабшаны, әсіресе, түрікшені жетік меңгеріп шығады. 
Ол  заманда  баланың  тілі  “р”  әрпіне  жараған,  яғни  “бисмиллаһи 
иррахмани иррахимді” дұрыс айтуға келген шақтан молда алдына беретұғын. 
Бұл 5-6 жастың мөлшері. 
Бесімде оқу білсін деп, 
Ата-анам берді сабаққа. 
Жеті жаста жетім боп 
Түскендей болдым абаққа. 
Ардақты кенже жетім деп 
Әлпештеді мені көп, 
Надандыққа болды сеп 
Қақпай ешкім қабаққа, -  
деп басталады ақынның “Мұтылғанның өмірі” деген өмірдерек өлеңі.  
       
Өлең сөзден Шәкәрімді ата-анасы бес жасынан сабаққа бергеніне, әкеден 
жетім  қалды  деген  аты  болмаса  Құнанбайдың  ерке  немересі  болып  бұла 
өскеніне куә боламыз. Құдайберді Семей медресесінен оқып шыққан Өтебай 
деген молданы қолында ұстап, оған әйел әперіп, балаларын оқытады.  
       
Шәкәрім  тоғыз  жасында  шешек  шығып  қатты  ауырады.  Осыдан  бастап 
молдадан  оқуын  доғарыпты.  Жаңағы  шешек  баланың  бетінде  өз  іздерін 
қалдырған деседі.  
       
Бала  Шәкәрім  оқуға  өте  зерек  болып,  хатты  тез  таныған.  Осы  қабілеті 
байқалған соң әке-шешесі оған өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп, әсіресе, 
шешесі  араб,  түрік  тілдерін  қосымша  үйретіп  отырған.  Ғұламаның 
“жасымнан жетік білдім түрік тілін” дейтіні осы. 
Төлебике Абайдың шешесі Ұлжанды еске салатын кең мінезді, сабырлы, 
көнтерлі,  осыған  қоса,  шаруаға  тиянадай,  оны  дөңгелетіп  ұстаған,  барды 
ұқсатқан  бәйбіше  кісі  болыпты.  Бірақ,  бойындағы  сөз  ұстау,  өлең  шығару 
өнерін  Құдайберді  шаңырағының  шаруасына  садақа  еткен  көрінеді.  Әнет, 
Қарабатыр  таптарының  тұрмысы  нашарлары  таусылмайтын  күнделікті 
істерді  атқарысып,  шаруа  біткенде  қолы  ашық  Төлебикеден  бірдемені 
дәметеді екен. Сөйтіп, Төлебикені Дәметкен атандырған.  
 
Ахаттың  жазбасында  әкесінің  нағашы  жұрты  жайлы  мәліметтер  мол. 
Төлебикенің  ағасы  Төлебайдың  балалары  Омар,  Оспан,  Мұса 

 
19 
нағашыларымды  көрдім,  алдарында  да  отырдым.  Бұлар  орысша  оқыған. 
Омар мен Мұса өлең шығаратын, үшеуі де домбыра, скрипкаға жүйрік және 
қол өнерге шебер еді дейді қария өз естелігінде. Солар сияқты Төлебике де 
қол  өнерге  өте  шебер,  кесте  тігетін,  ою  оятын,  киім  пішетін,  бұны  былай 
қойып,  пышақ,  т.б.  сайманды  өзі  соғатын  ұста  да  болыпты.    Сондықтан 
Аллаберген қызы Төлебикені ұзатарда:“Қарағым! Енді ол жаққа барған соң, 
ұсталықты таста, әйелге қолайсыз, ұнаспайтын өнер” десе керек. 
Шәкәрім  бір  әңгімеде  ұсталықпен  әуестенгенін  былайша  баяндаған: 
“…Абай  ағам  шошалаға  кіріп,  кездік  соғып  жатқанымды  көрді.  Мен  сәлем 
бердім. Абай ағам сәлемімді алып: “Кездік соғып жатырсың ба, Шәкәрім?”, - 
деді. Мен: “Соғайын деп едім, бірақ суарғанда бәрінің жүзі жарылып кетеді” 
– 
деп соққан, жүзі жарылған кездіктерді көрсеттім. Абай соққан кездіктеріме 
қарап:  “Өзің  ұстасың  ғой.  Кездіктеріңнің  мүсіні  жақсы  келген,  бірақ 
суарғанда  жүздерін  жарып  алыпсың.  Жеңешемнен  неге  сұрамадың,  қалай 
суаруды?”- деп тұрғанда шешем келіп, Абайға амандасты. Абай  амандасып 
болған соң: “Жеңеше, Шәкәрімнің ұста болмақ ойы бар екен, бірақ суарудың 
рет-жөнін білмейтін көрінеді. Суаруды неге үйретпейсіз?” – деді. Шешем де 
кездіктерді көріп: “Жүздері жарылып кетуі, біріншіден, өте қыздырып алып 
суарғансың, екіншіден, жұқа жүз жағынан суарғансың, сондықтан жарылған” 
– 
деді.  “Пышақты  қалың  сыртынан  суарған  жөн  деп,  суаруға  дайындап 
қойған  кездігімді  қыздырып  “былай  суар”  деп  көрсетіп,  сыртынан  суартып 
еді, көздіктің жүзі жарылмай шықты. Сүйтіп, пышақ соғуды да үйрендім”. 
Осы  жайларға  тәптіштей  тоқталуымызға  бірден-бір  себеп:  нағашы 
жұртының  жас  Шәкәрімге  нәр  берген  сахаралық  дәстүрлі  мәдени  орта 
болғандығы. Әрі онда бар қол өнердің қай-қайсы да оған қонғаны хақ. “Бала 
кезімде  қолым  тыныш  отырмайтын,  не  темірді  егеп,  не  ою  ойып,  не  ағаш 
жонып, бірдеме жасап отыратынмын” дейді екен. Кейінірек елсіз қорада өмір 
кешкенде осы үйренген өнерлері мен әкесінен жұғысты аң қағуға құмарлығы 
пайдаға әбден асатыны бар. 
Балалық  шағында  өткерген  істері  мен  машықтарын  ақын  өзінің 
“Өмірбаян”  өлеңінің  3-тен  13-ке  дейінгі  шумағына  өзек  еткен.  Оның  әр 
жолын  зер  сала  ізерлесек,  қаршадай  Шәкәрім  жаралысынан  екі  мінезді 
аңдаймыз: бірі – даралық, өзгелерге ұқсамау. “Ерекшелік ойымда… Өзгеше 
болмақ сүйгенім, Осыған басты игенім” дейді ақын. Бірі - әрнәрсенің сырын-
себебін білмекке деген керемет құмарлық. Осы ерекше мінез хакімдерге тән 
екені туралы: “Олар үшін дүниедегі бүкіл ләззат екінші мәртабада қалып, бір 
ғана  хақты  таппақ,  әрбір  нәрсенің  себебін  таппақпенен  ләззатанады”  деген 
Абай. Демек, дәл осы машық-мінездің келешек руханият зерттеушісі, дербес 
ойдың, асқан ақылдың иесі Шәкәрімге тән болуы заңды да. “Сағат пен орган 
қалай  жүргенін”  сынауға  “таңырқап  ашып  көргемін”,  ал  “телеграм  жайын 
білуге  бір  үйден  тарттым  бір  үйге,  шекті  керіп  қадаққа”,  онан  соң 
“шеберлікке  бет  қойдым,  сурет  жасап,  түр  ойдым”  дейді  ол.  Ахат  әкесінің 
бойына біткен ерекше зерттегіш, іздегіш қасиетін естелігінің әр тұсында айта 
келе, бұл жайлы сөздерін: “Мен бертінге дейін сол кезде әкейдей табиғатты 
зерттеп  бақылаған  қазақ  баласын  білмеймін.  Сондықтан,  кейбір  істеріне 

 
20 
таңданатынмын. Адам, айуаннан бастап, өлі табиғатқа дейін зерттеп-байқап 
жүрген адам десем бекер болмас” деп сабақтайды. 
Шәкәрім  жасынан  “Мың  бір  түн”  әңгімелерін  оқып,  ертек  қып  айтып, 
араб,  парсының  бәйіттерін  де  төгілдіре  жатқа  соғады  екен.  “Олармен  бірге 
қазақтың  “Ер  Тарғын”,  “Алпамыс”,  “Қобыланды”,  “Қыз  Жібек”  сияқты 
қиссаларын оқып, жаттап алған. Ескі жыраулардың жыр-өлеңдерін бертінге 
дейін жатқа айтқанын сан естігем”, - дейді әке биографы Ахат. 
Дей тұрғанменен, Шәкәрімнің бала, бозбалалық шағына терең үңіліп ой 
кездірген кім-кімнің де көкейінде “келешекте ғұлама ақын болатын жастың 
арнайы  оқу  орны  –  медресе,  болмаса  орыс  училищесіне  оқуға  түсіп,  білім 
табуға  ұмтылмағаны  несі”  деген  сұрақ  көлденеңдемей  қалмайды.  Ендеше 
бізге де осы мәселені айналып өту жарамас.  
Кесек  мінезді  қатты  адам  болғанымен,  атасы  Құнанбай  ақын  болатын 
немересін  жетім  деп  аяп,  қас-қабағына  қарап  баққан  екен.  Шәкәрімнің  өзі 
“Шежіре”  кітабында  былайша  ақтарыла  жазады:  “Қажы  марқұм  жетім  деп 
аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, 
ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, 
орысша хат танып қалдым». Ойшылдың «мені жетім деп аяп, қысып оқыта 
алмай»   деген лебізі көп жайларды аңдатуға тиіс. Мәселен, ауыл молдасынан 
соң  бала  Шәкәрімнің  әрі  қарай  қалада  оқуына  төмендегі  оқиға  да  кедергі 
болғанға  ұқсайды.  Халиолла  Құнанбайұлы  (1849-1870)  ұзақ  оқып,  Омбыда 
кадет  корпусын,  Мәскеуде  әскери  училищені  тәмамдаған  болатын.  Ол 
тосыннан  қайтыс  болып,  қараңғы  ел  ішінде  “орыс  оқуы  жақпады”  деген 
сыбыс тараған. Бұл кезде Шәкәрім 12-13 жаста.  
Үлкендер жағы Халиолланың аянышты тағдырын көре отырып, “қысып 
оқыта алмаса”, екінші жағынан, жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл-сезімі 
жедел  өсіп,  шапшаң  дамыған  талапты  жасты  шешесі  Дәметкен  өзіне  сүйеу 
көрген  сияқты.  Яғни  Шәкәрім  Құдайбердіден  қалған  үлкен  шаруашылықты 
басқаруға көп болысқан деуге керек. Ақынның өлеңінде: “Бәкем өліп қалған 
соң жастайынан, Әнет пен Қарабатыр маған ерген” дегені сөзімізге дәлел. Бір 
анығы  –  20  жасына  шейін  Шәкәрім  билікке,  ел  жұмысына  араласпаған. 
Себебі, түрлі ел шаруасын,  старшын  ішіндегі жұмыс пен сөзді үлкен ағасы 
Әмір меңгеріп жүреді екен. “Бірақта, - дейді Шәкәрім. – Сорыма қарай, Әмір 
27 жасында қыршынынан қиылып, көз жұмды”. 
Міне бала Шәкәрімнің жүйелі оқудан, яғни қала оқуынан неліктен қалыс 
қалғаны, өз сөзінше “ғылымсыз өскені” жайлы сөз әзірге осы. 
Жас  Шәкәрімнің  қолөнермен  көп  әуестенгенін  жаңа  айттық  (және  қол 
өнерге  керекті  түрлі  құралдарды  аялап  ұстап,  оларды  өзі  көз  жұмғанша 
сақтаған  көрінеді).  Оның  үстіне  домбыра,  скрипка,  гармонды  шебер 
меңгереді.  “Он  жеті  жасынан  скрипка  тартуды үйренді. …Гармонды  бұрын 
үйренген”  (Ахат).  Сондықтан  “Құрбы-құрдастарына  өлең  шығарып,  жиын, 
той-думанға  көп  араласқан”.  Сондай-ақ,  сол  кездегі  қыр  жастары,  әсіресе, 
ауқатты бөлігі - Әмір, Мұқаметжан, Нұртаза, Шәке, Шәкәрімдер әуес болған 
басқа да ермек-машықтар аз емес-ті. Олар: салбурын ұру (ұзақ уақыт қостап 
аңға  шығу),  құс  салу,  салдық  құру,  ат  жарату,  ит  жүгірту.  “Он  бес  жасқа 

 
21 
келгенде  Шәкәрім  қаршыға  ұстап,  құс  баптап  аңшылық  жолға  түсті.  Ол  өз 
тұсындағы құсбегі, мерген болғандардың алды”, - дейді Ахат.  
Үстідегі  мысал-дәйектерден    Шәкәрімнің  18  жасқа  дейінгі  өмірі  қалай 
өткенін әр қырынан көзге елестетіп, көңілге түюге болатын сияқты. 
Сөз  соңында  Шәкәрімге  атасы  Құнанбай  қажының  ықпалы  мен  берген 
тәліміне  тоқталмақпыз.  Қажы  Шәкәрімнің  27  жасында  қайтыс  болған. 
Сондықтан  ақынның  оның  әлеуметтік  істеріне  қанық  боп,  тәлім-тәрбиесін 
көріп  өскендігі  күмәнсіз.  Қажы  бір  Шәкәрім  емес,  бүкіл  әулетіне,  мұқым 
Тобықтыға  тәлімгерлік  жасаған.  Бір  мысалмен  ғана  шектелейін.  Жоғарыда 
сөз  етілген  Құдайбердінің  Ботантайдан  туған  Әмірі  мен  Майбасардың 
Мұқаметжаны Тобықтыға әйгілі әншілер бопты. Бірақ, салдық құрып, сайран 
салуы шектен асып, қос әнші қайырусыз кетсе керек. Осы уақта қажы оларды 
шақыртып  алып,  қатты  қысады:  тентектіктен,  яки  жаманшылықтан  тияды. 
Бұл  оқиға  шамасы  1877  жылы  қажы  Меккеге  барып  елге  оралған  кездері  
болған.  
Мәселе сонда, еркөңілді әрі жомарт Әмір (1850-1877) Құнекеңнен “тізе 
көрген”  соң,  көп  ұзамай  тосыннан  дүние  салады.  Қазаға  қатты  қайғырған, 
мінезді  Ботантай  сүйікті  ұлын  өлеөлгенше  жоқтайды,  қайын  атасы 
Құнанбайға  да  тілі  тиеді.  Қысқасы,  ел  арасында  бұл  “Құнанбайдың 
қарғысынан”,  яки  «теріс  батасынан»  болды  деген  сыбыс  тарап  кетеді. 
Осыдан  соң  қажы,  жаңағы  оқиға  салдары  да  жоқ  емес  шығар-ау,  фәни 
тірлікке  қолды  бір-ақ  сілтеп,    өмірінің  соңғы  8-9  жылын  «дүние  сөзін 
сөйлемеймін» деп бірыңғай діни құлшылықпен,  мұсылманша айтқанда тәркі 
дүниелік тариқат жолында өткізгені жақсы мәлім.  
Елден  де,  туыстан  да  іргесін  аулақ  салған  Құнанбай  мырзаның  өзіне 
жақын  тартып,  жылы  шырай  көрсеткен  кісісінің  бірі  -  Шәкәрім  болған. 
Қалайда  шешесі  Төлебикеден  соң  адалдық  жағынан  тәрбие  берген  ұстазы 
ретінде Шәкәрім тәтесі Құнанбайды атаған. “Тәтемнің ауылы біздің ауылдан 
шалғай  болатын,  -  деп  есіне  алады  ақын.  –  Жылына  бес-алты  рет 
барғанымның  өзінде  көп  әңгіме  айтып,  ақыл  беретін.  Елге  адал  еңбек 
сіңірсең,  адал  болсаң,  абыройлы  боласың…  Көпке  жақпай,  адал  болмай, 
абырой, атақ алмайсың дейтін”.  
Хақ  мұсылмандығы  қазаққа  аян  Құнанбай  қажы  жалғыз  өз  айналасы, 
ұрпағы ғана емес, мұқым Тобықтыны дін жолына бұруға күш салып бақты. 
Нәтижесінде Құнанбай ауылдарында бар балалар молда алдын көрді. Әрине, 
Абай  сияқты  Шәкәрімнің  де  қазақы  көшпелі  өмір  жағдайындағы  діндар 
ортаның (тасып, әкетіп бара жатқан мұсылмандығы болмаса да) тәлімін алып 
өскені еш күмән туғызбайды. 
Мәселен, өз балаларына Әбусуфиян, Ғафур, Ахат, Зият деп мұсылманша 
есімдер беруі жігіт Шәкәрім діндарлығының бір көрінісі емес деп кім айтар. 
Әзірге  ақынның  туысы,  өскен  ортасы  және  балалық  дағды-әдеті  мен 
мінездері сөз етілді. Қарастырылған тақырыпты түйіндей келе, бала, бозбала 
Шәкәрімнің нәр алған, үлгі-өнеге көрген қайнары – қырдағы қазақ мәдениеті, 
кәдуілгі дәстүрлі көшпелі қазақ ортасы деп тұжырсақ та болады. 
 

 
22 
 
 
ІІ.  ЖИЫРМА  МЕН   ҚЫРЫҚ  АРАСЫ 
  
  
Ақынның тырнақалды туындылары 
 
Қандай  ұлы  ақынның  ақындығы  болса  да,  бір  күнде  бір-ақ  бұрқ  етіп 
басталмайды.  Шәкәрімнің  де  жасынан  сөз  өнеріне  жаттығып,  оны  ұзақ 
ғұмырында ұдайы ұштап өткені сөзсіз. 
Ойым бар өлең айтқандай
Ғылымға таман қайтқандай, 
Жыбырлатып тартқандай, 
Қармақ салып шабаққа. 
Бұл  “Мұтылғанның”  он  үшінші  шумағы.  Демек,  жасы  он  бестен  асқан 
бозбалада ақындық өнер мен ғылымға деген ынта алғаш оянған. Ой-сезімде 
саңылау  ашылып,  әлдебір  қуат  қармаққа  түскен  шабақтай  өзіне 
“жыбырлатып тартқанын” сезіндім дейді балғын ақын. 
Ақынның  жан  әлемі  осы  өзгеше  хәл  мен  күйден  енді  айырылмайды. 
Мұны: “Жиырмадан өткенде, азғана ғылым оқыдым. Алғызып кітап шеттен 
де,  көңілге  біраз  тоқыдым”  және:  “Білмегенді  сұрадым,  жиыстырдым, 
құрадым.  Оқыған  сайын  ұнадым,  Жолына  түстім  осының”  деуімен  өзі  паш 
етеді.  Тағы  бір  дәлел  –  1931  жылғы  “Кейбіреу  безді  дейді  елден  мені”  деп 
басталатын  өлеңі.  Онда  ақын  “Елу  бес  жыл  жинаған  қазынамды,  Оңашада 
қорытам  ойға  салып”  деген.  Демек,  “Елу  бес  жыл”  деуі  қаламды  17-18 
жасынан алғанына дәлел.  
        
Оспанның бәйбішесі Еркежан қайныларына ат таңдағанында, Шәкәрімге 
«Молдажігіт» деген атты лайық көріпті. Неге? Өйткені, бұл кездері жас ақын 
Құран Кәрімнің мағынасына терең үңіліп, өз сөзінше айтсақ, «ындын қойып 
ентелеп»  оқып  жаттаған  екен  (жеңгесінің  «молда»  деген  сөзі,  сол  заманғы 
лексикада діндар деген ғана емес, «оқымысты» деген мағынаны да білдірген). 
       
Еркежан Құнанбай ауылына келін боп тұскен 1878-79 жылдары Шәкәрім 
жиырма бір жаста. Бұл кезгі мінез-машығы туралы ақынның өзі: 
                                   
Білмегенді сұрадым, 
                                   
Жиыстырдым, құрадым, 
                                   
Оқыған сайын ұнадым, 
                                   
Жолына түстім осының, - 
деп мәлімдейді.  
      1875-
80  жылдары  жасы  30-дан  асқан  соң,  Абайдың  Семейде  қысқы 
айларда ұзақ жатып алып, ондағы кітапханадан алған кітаптарды “үсті үстіне 
үйіп,  қадалап  оқи  бергені”  (М.Әуезов)  мәлім.  Нәтижесінде:  “Абаймен  қай 
елдің мақтаған жақсылары, атақты шешендері болса да тіресіп сөйлесіп, пікір 
таластыруға жарамайтын болған”, - дейді Мұхаң. Міне, атағы “бір Тобықты 
емес,  сан  Тобықтыдай  елдерге  түгел  жете  бастаған”  (М.Әуезов)  Абайдай 
білгіш,  кемел,  шешен  жүйрік  болуға  өзі  тұрғылас  талапты  жастардың 
қатарында Шәкәрім де ындын қойып құмартады.  

 
23 
Сайып  келгенде,  жас  жігіттің  көңілінде  қыр  баласы  мінезінде  жоқ 
мақсатты  -  бірбеткей  ілім  іздеу  мен  ақындыққа  берілмектікті  алғаш  оятқан 
ағасы Абай болғаны хақ. 
Бұл уақыттың бедерін ақынның өзі: 
Өлең мен сөзді шеберлеп, 
Айтқаным мақұл келер деп, 
Ындын қойып ентелеп, 
Жарайды деп осыным. 
Білімге салып тілекті, 
Сыбанып едім білекті, 
Ағартуға жүректі, 
Аршымақ болып қоқымын, - 
 
деп кестелеген-ді. 
Бірақ  Шәкәрімнің  25  жасқа  дейінгі  өлеңдерінен  бүгінге  жеткені 
болымсыз.  Олар  22  жасында  жазған  үш  өлеңі  ғана:  “Жаз  келер”,  “Арман” 
және  “Жайлаудың  баласымен  айтысы”.  Бұлардың  алдыңғы  екеуі  шағын 
табиғат  лирикасы,  ал  соңғысы  ұзақтау  сюжетті  өлең.  Оны  Жайлау  деген 
кісінің баласымен айтыс түрінде, Әбдіахмет, Таңсыққожа, Байділда есімді үш 
құрдасын  әзіл  ете  шығарған,  өйткені,  өлең  сөзі:  “Өкпелеме  бұл  сөзге  үш 
құрдасым” деп аяқталады.  
Енді “Шын сырым” атты ұзақ өлеңін тексерелік. Туынды “Жиырма үш 
жасымда  бұл  өлең  жазылған”  деп  басталады.  Жырда  ақынның  әлдекімді 
құлай  сүйген  құса  хәлі,  осыған  байланысты  махаббат  сырын  ақтарғаны  ап-
айқын сезіледі. Олай болса, ақын жүрегін жаулаған сұлу кім? 
Шәкәрімнің  жиені  марқұм  Тауфиқ  Досаев  “Абай”  журналының  1994 
жылғы  №9  санында  осы  сұраққа  сәулесін  түсіретін  мынадай  оқиғаны 
жеткізеді.  Қазан  қаласынан  әскерден  қашып  Семей  өңіріне  бас  сауғалаған 
Ысқақ  деген  татар  жігітіне  Құнанбай  Шыңғыс  тауының  Арқалық  деген 
жерінен жер беріп, әйел әпереді. Осыдан соң Ысқақ Қазан қаласынан туған 
інісі Махмұтты да көшіріп әкелген көрінеді. Кейіннен екеуі де дөңгеленген 
дәулет  иесі  болып,  бұл  ауылды  ел  -  “Бәкең”  немесе  “Бай”  ауыл  деп  атап 
кетеді. Ысқақтан төрт ұл, бір қыз, ал, Махмұттан екі ұл, бір қыз өсіп жетіп 
Бай ауылы мен Құнекең ауылының сары-сүйек құда болғандығы белгілі. Осы 
жайларды  айта  келіп:  “Ысқақтың  інісі  Махмұттың  қызы  Айғаншаны 
Шәкәрім Құдайбердіұлы алып қашып кетеді”, - деп жазады Т.Досаев.  
Бұл  мөлшері  1882  жылы  болған  оқиға.  Құда  түспей  алып  қашатыны, 
Шәкәрімнің үлкен әйелі Мәуенге үйленген, үйлі-баранды болған шағы еді. Іс 
насырға шаба ма, әлде қайтеді деген уайыммен ақыл сұрай келген Шәкәрімге 
Абай:  “Олардың  қызын  жолынан  алмай,  қолынан  алсаң  болмас  па  еді”  деп 
кейіпті.  Сонда  Шәкәрім:  “Мұны  мен  де  аз  ойлаған  жоқпын.  Бірақ  Бай 
ауылында осы күнге әйел үстіне әйел алған ешкім жоқ қой. Құда түсем десем 
мені жолата ма, Абай аға?” деген екен. Шәкәрім мен Айғанша бір-бірін шын 
құлай сүйген. “Шын сырым” толғауының аяққы шумағы осының куәсі: 
Өзіңсің аямай әурелеп қор қылған
Көңілде сәулемсің, көздегі нұрым-ау, 
Ақылды астыртын ұрлаған, ұрым-ау. 

 
24 
Өмір бойы өртеніп жүргенімше, 
Не өлтір, не тірілт, осы шын сырым-ау! 
Сөйтіп, албырт жігіт Шәкәрімді ғашықтық отына күйдірген жұмбақ ару, 
Т.Досаевтың  мәліметіне  сүйенгенде,  ноғай  Махмұттың  қызы  Айғанша  сұлу   
десек  қате  болмас.  Ақынның  “Нартайлақ-Айсұлу”,  кейінірек  “Қалқаман-
Мамыр”,  “Еңлік-Кебек”,  “Ләйлі-Мәжнүн”  іспетті  махаббат  дастандарына 
қалам тербеуі өртенген ғашықтық хәлді өзі кешкендігінен де болар-ау, сірә. 
Сүйгені  Айғаншаның  қалыңмалына  Шәкәрім  жүзге  тарта  түйе  берген 
деседі,  айта  кетелік,  ол  бүкіл  Ырғызбайға  танымал  келін  болады.  Айғанша 
етжеңді кісі болғандықтан ауыл-аймақ “Май апаң” деп атаған екен. Шәкәрім 
осы Айғаншадан Қапыр (Ғафур), Жебрәйіл, Қабыш, Ахат, Зият деген төрт ұл, 
Күлзия,  Жәкім,  Гүлләр  деген  үш  қыз  сүйеді.  Жебірәйіл  мен  Күлзия  жастай 
шетінеп кетеді.  
Шәкәрім  мен  Айғаншаның  бақытты,  берекелі  отбасы  болғанына  бір 
дәйегіміз  бар.  Екеуінің  үйленгеніне  тура  50  жыл  өткенде,  1931  жылдың 
күзінде  «Шәкәрімнің  отбасы  түгелімен  қамауға  алынсын»  деген  хабар 
жетеді. Ағайынтуыс, балашаға, әрине, азанқазан, ушу болысады.   Сол кезде 
Айғанша  бәйбіше:  «Біз  тым  жақсы  өмір  сүрдік,  енді  бір  зауалдың  келетін 
уақыты  да  жеткен  шығар.  Кәне,  тоқтатыңдар!»,    деп  бәрін  тиған  екен. 
Әжесінің  осы  сөзін  Ғафурқызы  Кәмила  өз  естелігінде  келтіреді  (Жұлдыз.  – 
1988. – 
№10).   
Айдостың  бір  баласы  Торғай.  Шәкәрімнің  бірінші  әйелі  Мәуен, 
Торғайдан  тараған  Бесбесбай  деген  кісінің  қызы.  Торғайдан    Жабағы, 
Құлыншақ.  Жабағыдан  Байтөре,  одан  Бесбесбай.  Мұнда  аталған  Құлыншақ 
пен  Бесбесбай  «Абай  жолы»  эпопеясының  кейіпкерлері  ретінде  қалың 
жұртшылыққа жақсы мәлім. 
Мәуен  сол  дәуірдің  тәлімтәрбиесіне  сәйкес  отағасы  сөзінен  аспаған 
сабырлы, көнтерлі, бойы кең адам болса керек. Аңғалдау да болған, Шәкәрім 
Айғаншаны алып қашқанда, босағаны аттаған  оған «Е, келдің бе, қарағым» 
депті. Бірақ той өте сала, жүктерін жиып, «мен енді бөлек ауыл болам» деген 
шартын қабырғадан қойыпты.    
 
Мәуен  екі  ұлды  (Суфиян,  Тауфиқ)  және  екі  қызды  (Мәймана,  Ғалия) 
тәрбиелеп  өсірген  ана.  Мейірімді  Мәуен  бәйбіше  осы  төрт  баланың  үстіне 
жоғарыда  айтылған  Құнанбай  салған  үлгі  бойынша  Айғаншадан  туған 
Ахатты  бауырына  салыпты.  Осы  себепті  ерке  өсіп,  жасымда  тентектеу, 
ызақор да ашуланшақ болдым дейді қария.  
Әдебиеттанушы  ғалымдар  Шәкәрімнің  “Шын  сырым”  өлеңін 
фольклорлық  дәстүрмен  жазылған  деп  есептейді.  Өйткені,  жырда  ауыз 
әдебиетіне  тән  образды  бейнелер  мол.  М.Мағауиннің  пайымынша,  бұл 
“ақынның  ұмтылар  биігін,  ұстанар  межесін  айқындайтын”  өлең.  Сонымен 
бірге ақынның ақындық шеберлігі өсіп, пісіп қалғанын байқататын қырымен 
де елеулі туынды.  
Жалпысында  бала  күніндегі  байыз  таппаған  ізденгіш  мінезіне  қарап, 
ақынның  18  бен  25  жас  арасында  жазған  жыр-өлеңдері  аз  болмағаны 
пайымдалады.  Оларды  әркез  әр  жағдайға  байланысты  шығарып  отырған. 

 
25 
Мәселен, ағасы Әмір 27 жасында көз жұмғанда жиырма жастағы ақын оған 
дауыс  қылуға  жоқтау  өлеңін  шығарыпты.  Суырып  салма  ақын  болам  деп 
талпынбайтын  ақын  қазақта  кеме-кем.  Ауыз  әдебиетіне  аса  жақын 
Шәкәрімнің  осындай  экпромттық-импровизациялық  жырлары  аз  болмағаны 
сөзсіз. 
Балалық-жастық аралас, 
Көрсеқызар, мисыз бас. 
Мақтанқұмар мен бір мас, 
Ғылымның сезбей көп нұрын, -  
деп  ақын  бекерге  айтпаған.  Санын  соқтырған  өкініші  де  осы  ғылымсыз 
өскендігі  болған.  Сондай-ақ,  көріп  отырмыз,  Шәкәрімнің  жастық  шағынан 
жеткен өлеңдері азғантай. Неге? 
      
Жасы  20-ға  аяқ  басқанда  ақынның  болыс  сайланғанын  ескеру  керек. 
Демек, 1878-80 жылдары татымды өлең-жырлар шығуы неғайбіл. Екіншіден, 
Абайдың  өз  өлеңдерін  елеп-ескермегені  сияқты,  Шәкәрім  де  өзінің 
тырнақалды  туындыларын  жинап  сақтауды  қажетсінбеген  сыңайлы. 
Сақталмаған,  өзі  айтқандай,  “өртеп  жіберілген”  көңіл-күй,  махаббат 
лирикасы,  қазақтың  ескілігіне  арналған  және  шығыс  әдебиетіне  еліктеп 
жазылған жыр-өлеңдер болуы ықтимал. 
Өйткені,  көзі  көргендердің  айтуынша,  Шәкәрім  балғын  жасынан 
бұрынғы  жырау,  жыршы,  суырып  салма  ақындардың  мұрасын  жете  білген. 
Осыған  қоса  1880  жылдар  қазақ  даласында  “Мың  бір  түн”,  “Шаһнаме” 
сияқты шығыс классикалық әдебиеті кең тараған кезтұғын. “Жасымнан жетік 
білдім”  өлеңінде  ақынның  өзі:  “Оятқан  мені  ерте  –  Шығыс  жыры”  деген. 
Тағы  бір  жай  –  тарих  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын  Шәкәрім  Шыңғыс 
өңіріне  қатысты  жергілікті  аңыз-әңгімелерге  қанық  болған.  “Нартайлақ 
әңгімесі” соның бір куәсі. 
25  жасқа  дейінгі  Шәкәрім  шығармашылығына  қатысты  дерек-
дәйектеріміз әзірге осы. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал