Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/29
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріӨмірбаяны
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

УІІ.  ҰЛЫ  ДҮБІР,  ҚОС ТӨҢКЕРІС  УАҒЫНДА 
 
Бостандық таңы атты… 
        
Әлемді  дүр  сілкіндірген  1917  жылғы  ұлы  дүбір,  қос  төңкеріс  Ресей 
империясын мекендеген барша халықтардың тіршілігін төңкеріп өтті. Әрине, 
әр адамның жеке өміріне де басқа бағыт әкелді.   
        
Әлеуметтік  құрылымдар  күйреген  сол  бір  тарихи  кезеңнің  басы  -  1917 
жылдың  ақпан  айында  Николай  патшаның  тақтан  өз  еркімен  кетуі,  яғни 
«құлауы»  болды.  Осы  сүйінші  хабар  қазақ  даласының  түкпір-түкпіріне 
таралғанда,  барша  алаш  азаматтары  сияқты  Бақанаста,  елсіз  Саятқорада 
жатқан  Шәкәрім  де  “Я,  ақсарыбас!”  деп  шын  жүректен  қуанған,  тарихи 
оқиғаны  жаңа  заманның  атқан  таңы  деп  қабылдаған  болатын.  Дүбірлі 
төңкеріс  әкелген саяси еркіндікке арнап шығарған қос өлеңі соның айғағы. 
“Бостандық таңы атты” деген әуелгісінде ақын былайша шалқыта жырлайды:   
                    
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер, 
                    
Арға ие басшының соңынан еріңдер. 
                    
Таң артынан хақиқат күн шығады, 
                     
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер. 
Аталмыш төңкеріс не себептен ерекше құбылыс болды? 
Себебі,  Қазақстан немесе қазақ халқы деген ұғым жойыла бастаған ауыр 
кезең  артта  қалды,  келмеске  кетті  деп  есептелді.  Ел-жұрттың  міне  осыған 
шат болғаны анық.   
Бірақ, Ақпан төңкерісі сыйлаған еркіндік тойы, бостандық базары ұзаққа 
бармады,  сегіз  айдан  соң  Қазан  төңкерісі  өткенде  кіші  халықтардың 
болашағы  бұлдырға  айналды.  Уақыт  оза  келе,  баяғы  баяғы  ма,    қайыстың 
орнына темір ноқта салынды десе де болады. Сөйтіп, Ақпан төңкерісі  қазақ 
жанына қаншалықты жақын болса, екіншісі соншалықты алыс та ұғынықсыз 
оқиға болды.    
       
«Қазақтарға, - деп ой бөліседі Ахмет Байтұрсынов осы мәселе жайында, - 
Февраль  революциясы  қаншалықты  түсінікті  болса,  Октябрь  социалистік 
революциясы  соншалықты  түсініксіз  көрінді».  Неге?  Мұның  себебін  Ахаң 
былайша  ашады:  «Россияның  орталық  аудандарында  большевиктер 
қозғалысының  қалай  өткендігі  қазақтарға  белгісіз,  ал  шет  аймақтарда  ол 
барлық  жерде  зорлау,  қиянат  жасау  және  ерекше  диктаторлық  өкімет 
билігімен қатар жүргізілді. Егерде бұрын «патша чиновниктері» деп аталған 
адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай 
әрекеттерді... большевиктер – коммунистердің тобы жүргізіп отыр»  («Жизнь 
национальностей» журналы,  1919 жыл). 
       
Көріп  отырмыз,  Ахаң  мәймөңкелемей,  шыңғырған  шынды  айтқан.  Аса 
күрделі  түйін  сияқтыны  бір-ақ  ауыз  сөзімен  жалаңаштап  берген.  Иә,  гәп 
«ерекше диктаторлық өкімет» деген сөзде, саяси бағада тұр.   
       
Баршаға  аян,  Ақпан  төңкерісі,  дәлірегінде,  биліктің  ауысуы  қантөгіссіз 
өтті. Мәселе сонда, бұл пісіп жетілген, Лев Толстойдың 1902 жылы патшаға 

 
147 
жазған  хатында  «самодержавиелік  биліктің  заманы  өтті,  кетті,  ол  мейлінше 
іріп-шіріп  тұр»  деген  көрегендікпен  айтқанындай  әне-міне  деген  күтулі, 
болжаулы дүниетұғын.   
       
Сондықтан  қалыпты  тарихи  жағдайда,  билік  кадет  партиясы  сияқты 
конститутциялық-демократиялық  күштер  уысына  түсуге  тиісті  еді.  Бірақ 
Ресейде  бұлай  болмады.  Өйткені,  ол  қалыпты  мемлекет  емес,  «халықтар 
түрмесі»  атанған,  реформаларды  ұзақ  күтіп,  бітеу  жарадай  асқынған 
әлеуметтік дерттерге толы алып империя болатын.   
       
Либерал-демократ  күштердің  жақ-жақ  (мәселен,  оңшыл  кадет,  солшыл 
эсер және меньшевиктер) болған берекесіздігін, олардың қантөгіске апарады-
ау деген  үреймен  шешуші  қимылдарға бара алмай қымбат уақытты өткізіп, 
қапы  қалған  дәрменсіз  хәлін,  ең  бастысы,  кедейшілік  қыспағындағы  қара 
халық  пен  мағынасыз  соғыстан  қажыған  солдаттардың  жоғарғы  билікке 
деген қатты наразылығын большевиктер асқан шеберлікпен іске асырды.     
Сөйтіп,  1917  жылдың  күзінде  Балтық  теңізі  жағалауынан  крейсер 
“Аврора”  эсер  Керенскийдің  Уақытша  үкіметі  жайғасқан  патша  сарайына 
зеңбіректен  оқ  атты  да,  біз  73  жыл  бойы  тек  “ұлы”  деген  эпитетпен 
әспеттеген Қазан төңкерісінің сағаты соқты. Ол ә дегеннен-ақ жер жерге, ел 
елге бөліністер мен жіктелулерді, яғни қанды майданды ала келді. 
        
Революция  атаулы  тек  күшке  сүйенеді.  Революциялық  романтика 
албырт  жастарды  өз  иіріміне  жаппай  тартады  және,  әлдебір  себептерден 
билікке  наразы  адамдар  оның  ядросын  құрайтыны  тағы  анық.  Тау  селіндей 
дүлей,  соқыр  күшке  айналған  олар,  ақыры,  орташа  дәулет  құрағандар  мен 
өзінің  еңбегімен  күн  көретіндер,  жалпы  заңсыздықты,  шұғыл  өзгерістерді  
жан-тәнімен  жек  көретін  адамдармен    қарсы  соқтығысады.  Көнеден  бері 
солай. Ресей революциясы да нақ солай өзгермейтін ескі сценарий бойынша 
өтті.   
       
Большевиктер  «Жер-шаруаларға»  деген  ұран  (шындығында  жер 
мемлекет меншігіне өтті) арқасында билікке жетті. Бұл да өзіміз естіп өскен 
1980 жылы «коммунизм орнайды» деген сияқты  жалған ұран еді. 
       
Жалған  демекші,  большевиктік  қозғалыстың  көсемі  В.И.Лениннің  «Лев 
Толстой  –  орыс  төңкерісінің  айнасы»  деп  мәлімдегені  бар.      Шындығында 
төңкеріс пен Толстойды байланыстыратын түк те жоқ. Ой көзімен қараңыз, 
қиянат  қылма,  баршаға    махаббатпен  қара  деп  қақсап  өткен  данышпан  мен 
миллиондаған  жазықсыз  жандарды  қанға  бөктерген  төңкеріс  арасында 
қандай  байланыс  болуы  мүмкін?!    Мұны  қулығын  ішіне  бүккен  саясаттың 
жаңғырығы де де қой.   
       
Айтпағымыз, Ақпан оқиғасының мәнін төмендетіп, бостандық тек Қазан 
төңкерісінің  нәтижесі  деу  жалғандық.  Кіші  халықтарға  зор  сілкініс  әкелген 
төңкерістің  екіншісі емес, біріншісі болатын.  
        
Бірден  айтайық,  Ақпан  төңкерісіне  екі  жырымен  лебізін  білдірген 
ғұлама  Шәкәрім  Октябрь  төңкерісі  жайлы  «ләм»  демейді.  Диктаторлық  исі 
аңқыған  оны  ақын  жүрегі  қабылдай  алмаған.  Әлихан,  Ахмет,  Міржақып, 
Мағжан т.б. алаш арыстары сияқты Шәкерім де «Қазақтарды ешбір шектеусіз 
езіп-жаншып  жатқан»  (А.Байтұрсынов)  жаңа  өкіметтің  болашағына  үлкен 

 
148 
күдікпен  қарады.  Өгейсінді.    Большевиктер  қозғалысы,  ол  дүниеге  әкелген 
кеңес өкіметі қазақ халқының бағын ашады дегенге өле-өлгенше сене алмай 
өткеніне ақылың таң қалады. «Феодализмнен социализмге секіру» барысы 2 
млн. қазаққа опат әкелетінін көре білген сияқты. 
       
Олар  коммунизм  идеясына,  яғни  кеңес  өкіметінің  келешегі  жарқын 
дегенге неге сене алмай кетті? Осы сұраққа  пәлсапалық қырынан келіп, сәл 
аялдайық.  Біріншіден,  революция  жалауына  “теңдік”  сөзі  жазылды.  Бірақ 
қасиетті кітаптар адамдар біркелкі я тең болсын демейді. Бай бол, жарлы бол 
Құдайға  керегі  сенің  адамдық  қалпың  ғана.  Яғни  дін  тек  махаббат  (мейір-
шапағат,  рақым,  ізгілік  пен  жақсылық  жасау  –  бәрі-бәрі  осы  ұғымның 
аясында)  пен  әділет  сезімдерің  үстем  болсын  дегенді  айтады.  Тағы  айтсақ, 
Құдайдың сүйікті құлы болуың үшін де, бұл фәниде бақытты болуың үшін де 
керегі осы шарт қана.  
       
Сөйтіп,  бай  мен  кедейді,  бағлан  мен  жарлыны    “тең  қылмақтық”  идея-
ұранның түбі ә бастан шикі, жалған. Өйткені, ол жаңа айтылған Жаратушы 
заңымен  үндес, үйлес емес.  Демек, одан  Құдай заңын бұзушылықтың, яғни  
күпірлік пен әділетсіздіктің құлағы қылтияды.  
       
Иә, теңдікпен қоса большевиктер “Әділет” ұранын да жалауына жазды.  
      
Бір  қарағанда  дұп-дұрыс.  Алайда  осы  әділетті  мылтықтың  күшімен 
орнату  талабы  Абай  мен  Толстойдың  шәкірті  Шәкәрімді  қалай 
сақтандырмасын?! Данышпан Шәкәрімше рух заңы, яғни ар-әділет билемей, 
мылтық, тұрпайы жаралыс заңы билеген заманда шын азаттыққа да, әділетке 
де есік жабық.     
         
1928 жылғы “Анадан алғаш туғанымда” деген өлеңінде Шәкерім әділет 
орнына мылтық билеген қоғам туралы былайша толғайды: 
                                 
Табылмас анық азат адам, 
                                 
Жаралыс билер заманды. 
                                 
Көрсетер мұқтаж, азап саған, 
                                 
Тартқызар өмір жазаңды. 
      
Ақынның бұл болжамы таяу арада айнытпай келгендігі жақсы мәлім.   
 
Бір  тәуірі,  1917  жылы  Ақпан  айында  самодержавиелік  билік  либералдық 
демократиялық билікке ауысқаннан кейінгі сегіз айдай уақытта қалың бұқара 
зорлық-зомбылықтан,   шұғыл бетбұрыстар атаулыдан аман болды. Әсіресе, 
қыр  елінің  тіршілігі  тыныш  қана,  бәз-баяғыша  өтіп  жатты.  Осы  жылдың 
жазында  Мұхтар  Әуезов  бастатқан  жастардың  еш  алаңсыз  Ойқұдық  деген 
жайлауда “Еңлік-Кебек” пьесасын сахнаға қоюы осының бір дәлелі. 
“Біздің ауыл да Абай ауылдарына қанаттасып, “Ойқұдық” дейтін жазғы 
жайлауда отырған-ды, - деп есіне алады Ғайса Сармурзин (белгілі журналист, 
көтібақ руынан). - Әйгерімнің ауылында той болып жатқан. Бұл Оразбайдың 
Медеуінің  баласы  Саниязға  Тұраштың  Ақылия  (Ақыш)  деген  қызын 
ұзатқалы  жатқан  той  еді.  Сол  той  үстінде:  “Еңлік-Кебек  жайында  Мұхтар 
жазған  пьеса  деген  бір  жаңа  ойын  ойналады  екен”  деген  хабарды  бір  күн 
бұрын естігенбіз. Сол “пьеса” деген ойынды көруге құмартып, бірнеше бала 
тай-құнанмен шапқылап сол ауылға келдік. 

 
149 
…Екі  киіз  үйді  тіркестіре  тігіпті.  Сол  үйдің  бірі  Мұсабайдың  Бастами 
деген баласының үйі екенін дөдеге, үзіктерінен таныдық. Ойынға жұрт көп 
жиналыпты.  Төр  алдына  жүк-жасау  жиылған.  Ойнаушылар  бөтен  киімдер 
киіп,  өңдерін  өзгертіп,  бірнешеуі  сақал-мұрт  жасап,  Жапал  деген  қойшысы 
(Турағұлдың  Жебеші)  бетін  күйелеп  те  алыпты.  Олардың  кім  екенін 
дауыстарынан  ғана  айырасың.  Үстіне  шағи  көйлек,  дүрия  шапан,  басына 
кәмшат  бөрік  киген  Еңлігі  -  Әуездің  Ахметі,  өзгелері  Абай  ауылының 
жастары:  Кебек  болып  ойнағаны  –  Ақкенже,  Матай  шалы  –  Бастами,  оның 
кемпірі  –  Жағыпар,  Абызы  –  Ізкәйіл,  Көбейі  –  Құтайба,  ал  шымылдықты 
ашып-жауып тұрғаны – Сәлімғазы екен” (Біздің Мұхтар. – Алматы. – 1976. – 
363 б.). 
       
Сахара  түзі,  қырдағы  ел  бейғам  тыныштықта  өткерген  қос  төңкеріс 
арасында 
 
Қазақстанның саяси сахнасы төрінде қандай оқиғалар тізбегі өтті? 
Енді осыған келейік. 
 
 
«Жүріп ем, орнықпаған қалқымада»... 
        
«Ойқұдық»  жайлауында    Мұхтардың  тұңғыш  пьесасы  сахналанған  
кездерде  кіндік  Ресейдің  саяси  сахнасы  түрлі  оқиғаларға  толы  болды. 
Шәкәрім барша көзі ашық, көкірегі ояу үлкендер сияқты оларды бақылаумен 
болған  сыңайлы.  “Бостандық  туы  жарқырап”  деген  өлеңінен  осыны 
аңдаймыз.  Онда  алғашқы  өлеңдегідей  шалқыта  жырлау  жоқ.  Көңілге  “алда 
қандай  пәле  тұр?”  деген  алаң  мықтап  ұялағаны  сезіледі.  Мысалға  ойшыл 
ақын  туған  халқын  панасыз  қалған,  бірақ  мойнында  әркімді  қызықтырар 
моншағы көп жас балаға теңеп: 
                 
Моншағы көп мойнында, 
                 
Ол әркімнің ойында… 
                  
Бұл еркіндік тойында, 
                       
Кетер екен кім талап?, - 
дейді.   
        
Ресейдегі саяси күштер мен партиялардың билікке таласын не себептен  
барша  ұлт  зиялылары  қалт  жібермей  қадағалаған  еді?  Екінші  түрде  айтсақ, 
патшалық  Ресей  өзі  шеше  алмай  артқыға  қалдырған  ең  үлкен  қатерлі  жара 
қандай? Ол ұлт мәселесі, дәлдісінде әр ұлттың өзін-өзі билеу еркі десек қате 
бола қоймас. Қазақ зиялылары көп үміт артқан  Уақытша үкімет те осы бітеу 
жараны  ашуға    асықпады,  бәлкім,  шамасы  келмеді  де,    мұның  арты 
Шәкерімнің сөзінше күллі империяда «орнықпаған қалқыма» жағдай тууына 
әкеліп соқты. 
        
Осынау  екі  талай  ахуалда  1917  жылғы  Ақпан  төңкерісі  әкелген  саяси 
бостандықты  ұлттық  мүддеге  пәрменді  пайдаланбау  орны  толмас  өкініш 
болар еді. Сондықтан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастатқан 
алаш  көсемдері  бұл  мүмкіндікті  уыстан  шығармай,  ауқымды  істерді  қалай 
атқаруды ойласты.   
“1917  жылдың  март  айында,  -  деп  жазады  семейлік  өлкетанушы 
В.Кашляк,  -  қазақтың  буржуазияшыл  ұлтшылдар  тобы  Семейде  Комитет 
құрып, Уақытша үкіметтің жоғын жоқтады. …Іле-шала Алаштың “Сарыарқа” 

 
150 
атты газетінің тұңғыш нөмірі жарық көрді” (“Бастау”. - “Семей таңы” газеті. 
– 1989. – 
11 тамыз).  
 
Бұл  дәйектен  Үлкен    құрылтай  -  съезді  өткізу    қарсаңында  алдымен 
«кіші»  съездер  өткізіліп,  ұлт  комитеттерін  құру  және  газет  шығару  қолға 
алынғанының  куәсі  боламыз.  Ұлт  комитеттері  Семейде,  Торғай  мен  Орал 
қалаларында    құрылды.  «Ұлтшылдар  тобы»  (Кашляк)  Семейде  қазақ 
Комитетін құрған съездің ашылу салтанатында Шәкәрім президиум мүшесіне 
сайланып,  алаш  ақсақалы  ретінде  лебізін  білдірген  еді.  Мұны  архивтік 
құжаттар дәйектейді.  
        
Сөз етілген даярлықтан соң мүмкін болған бірінші қазақ құрылтайы, сол 
кездің  тілімен  жалпықазақ  съезі  1917  жылы  21-28  шілдеде  Орынбор 
қаласында өткізілді. Оның ең маңызды нәтижесі - “Алаш” партиясы дүниеге 
келіп,  программасы  жарияланды.  Бұл  оқиға  қазақ  зиялыларының  Уақытша 
үкіметтің шешуші позициясын ұстаған Кадет партиясынан бас тартқандығын 
да  әйгілеген  еді.  «Алаш»  партиясы  құрылғанына  бірер  ай  өткенде,  оның 
облыстық  ұйымдары  ашыла  бастады.  Мұндай  ұйым  1917  жылдың  қазан 
айында  Семейде,  онан  соң  Омбыда,  қараша  айының  басында  Орынборда 
есігін ашты. 
        
Тура  осы  тұста,  1917  жылдың  күзінде  Балтық  теңізі  жағалауынан 
крейсер  “Аврора”  эсер  Керенскийдің  Уақытша  үкіметі  жайғасқан  патша 
сарайына зеңбіректен оқ атты да, Қазан төңкерісі іске асқаны белгілі. 
Бұл  оқиға  алаш  партиясы  мүшелерін  Екінші  жалпықазақ  съезін 
тездетуге мәжбүрледі. Ол небары бір айдай уақыттан соң 1917 жылдың 5-13 
желтоқсан  аралығында  өтті,  басқосуға  тағы  да  Орынбор  таңдалғаны  аян. 
Съезде қаралған он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары – ұлттық автономия, 
милиция,  Ұлт  кеңесі.  Осы  мәселелер  бойынша  Әлихан  Бөкейханов,  Халел 
Ғаббасов,  Мұстафа  Шоқай,  Жанша  Досмұхамедов  баяндама  жасаған.  Съезд 
қаулысында  былай  делінді:  «Қазақ-қырғыз  автономиясы  «Алаш»  деп 
аталсын,  жер  үстіндегі  түгі-суы,  астындағы  кені  Алаш  мүлкі  болсын; 
...Уақытша  Ұлттық  Кеңес  құрылсын.  Мұның  аты  Алашорда  болсын, 
Алашорданың  уақытша  тұратын  орны  –  Семей  қаласы»  (Сарыарқа  газеті. 
1918 жыл, қаңтар).    
Ұлттық  кеңес,  яки  Алашорда  үкіметі  дүниеге  келген  тарихи  Екінші 
съезге  Шәкәрім  ақсақал  арнайы  шақырылған,  бірақ  жол  мойыны 
алыстығынан ба, бара алмаған.  
        
Мынаған қараңыз, алаштықтар автономия құруға жан сала кіріскен тар 
кезеңде Қазан төңкерісін жақтаушылар да бас көтеріп, Қызылжар қаласында 
“Үш жүз” деген жаңа партия пайда болады. Оның құрылу мақсаты жайында: 
“Белгілі кадет Ә.Бөкейханұлы ашқан “Алаш” партиясының программасымен 
қанағаттанбай  қазақтар  өз  алдына  “Үш  жүз”  атты  социалист  партиясын 
ашты”  деп  мәлімдейді  “Сарыарқа”  газетіне  жіберілген  жеделхат  (Аластап 
айдау керек // Сарыарқа. - 1917. - №21 ).  
 
Көлбай  Төгісов,  Мұқан  Әйтпенов,  Ысқақ  Кәбеков,  Шәймәрден 
Қаранаев, Ғалиасқар Қуанышев, Қазы Торсанов т.б. азаматтар басқарған “Үш 
жүз” партиясының құрамында мыңға тарта, оның ішінде Қызылжарда – 200, 

 
151 
Омбыда – 450-дей мүше болған.  “Үш жүз”-дің бағдарламасы Орта Азия мен 
Түркістан  халықтарымен  бірігіп,  бір  федерация  құруға  саяды.  Сондай-ақ, 
үшжүздіктер  кеңес  өкіметін  –  большевиктерді  жақтады.  Ал,  “Алаш”-тың 
ұраны өз алдына жеке мемлекет – қазақ автономиясын құру болғаны белгілі. 
Және, соңғылар әуелде Ресейдің Милюков бастаған кадет партиясын қолдап, 
кейіннен  Сібірдегі  Колчак  үкіметімен  тіл  табысуға  тырысты.  Осылайша  ат 
төбеліндей қазақ зиялылары екіге жарылды. 
 
Елжанды  ақын  1917  жылдың  күзінен  саяси  оқиғалар  иіріміне  шындап 
тартылады,  мәселен,  Семей  уездік  Земство  комитетіне  қатысты  бір  ресми 
құжаттан  Шәкәрімнің  есімі  кезігіп  отыр.  Ізденуші  М.Кенемолдин  “Абай” 
журналында  (2004,  №1)  жариялаған  бұл  құжат  Семей  уездік  комитетіне 
сайланған  депутаттардың  тізімі.  Тізімде  23-ші  болып  Худайбердин 
Шахкарим  тіркелген  (5-ші  сайлау  округінен).  Назар  аударатын  бір  жәйт, 
сайланған 40 депутаттың дені кілең қазақтың танымал зиялылары: Әлімхан 
Ермеков,  Мұстақым  Малдыбаев,  Халел  Ғаббасов,  Нәзипа  Құлжанова, 
Ахметжан  Қозыбағаров,  Иманбазар  Қазанғапов,  Райымжан  Марсеков  т.б. 
(осыдан  алаш  азаматтарының  жергілікті  басқару  тізгінін  өз  уыстарында 
ұстауға тырысқаны байқаймыз).  
Жаңағы  “Үш  жүз”  партиясы  ә  бастан  шу  көтерді.  Оның  аяқ  алысы 
Шәкерім  мүше  болған  Семей  уездік  земствосын  да  алаңдатқан  сияқты. 
Сөйтіп,  олар  екінші  съез  қарсаңында  “Сарыарқа”  газетінің  26-санында 
халыққа  үндеу  жариялайды.  Үндеудің  қорытындысы:  “Біз  Алаш 
партиясының  соңынан  ереміз,  анық  көшбасшыларымыз  сонда”  дегенге 
саяды. 
Семей  уездік  комитетінің  депутаты  Шәкерім  үстіде  сөз  етілген  1917 
жылдың басты саяси оқиғаларын қалт жібермей қадағалан дегенді жоғарыда 
айттық.  Дәлелге    “Бостандық  туы  жарқырап”  атты  өлеңінде  тағы  бір  зер 
салайық. Онда: 
                          
Патшалық енді тірілмес, 
                          
Бұлайша билеп жүрілмес, 
                          
Николай исі білінбес, 
                          
Айтқаным емес табалап, - 
дейді  ардагер  ақын.  Мұны  саяси  ахуалға  жетіктіктің  куәсі  демей  көр,  ал 
келесі  болжамды  саясаттың  жілігін  шағып  майын  ішкен  адамның  пәтуәсі 
десе де болады: 
                                    
Орыс әзір тына алмас, 
                                   
Орнығып жұмыс қыла алмас, 
                                    
Болмас па екен тайталас, 
                                    
Бірін-бірі сабалап. 
       
Бір  жыл  өтер-өтпестен  империяның  ұлан-байтақ  кеңістігінде  бауырға 
бауыр қарсы тұрып бірін-бірі сабалаудың “көкесі” – азамат соғысы басталып 
кете барғаны тарихтың шындығы.  
         
Себебі,  біз  73  жыл  бойы  тек  “ұлы”  деген  эпитетпен  әспеттеген  Қазан 
төңкерісі  ә  бастан-ақ  жер  жерге,  ел  елге  саяси  бөліністер  әкеліп,  тапқа 

 
152 
жіктелудің дәнін септі. Дәл осы саясаттың арты  саяси келісе алмаушылықтан 
қанды қақтығыстарға ұласты. 
        
«Үш  жүз»  партиясының  алаштықтармен  тайталасы,  Шәкәрімше 
«жүндесуі» осының бір мысалы. Оның қаншалықты ымырасыз болғанына бір 
фактіні келтірейік.  
       
1918  жылдың  наурыз  айы  соңында  “Алаш”  партиясының  басшысы 
Әлихан  Бөкейханов  Мәскеуге  Кеңес  үкіметінің  басшысы  В.И.  Ленинмен 
және Ұлт істер жөніндегі комиссары И.В. Сталинмен кездесу үшін екі жақын 
серігі  –  Халел  және  Жаһанша  Досмұхаметовтарды  жібереді.  Ал,  2  сәуірде 
Халел  Ғаббасов  Семейден  Ә.Бөкейхановтың  тікелей  тапсырмасымен 
телеграф  арқылы  аталған  екеуімен  Алашорда  мен  Совет  үкіметінің  қарым-
қатынасы жөнінде келіссөз жүргізді (Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – 
Алматы, 1995. – 160 б.). 
        
Осы  келіссөздің  мән-жайына  қанық  К.Төгісов  21  сәуірде  Ленин  мен 
Сталинге  “Үш  жүз”  партиясы  атынан  жеделхат  жолдаған  ғой.  Артынша 
Сталинмен телеграф арқылы сөйлесіп, “Алашпен” күресте өздерін қолдауын 
өтінген. Сталиннің іздегені де осы «тап тартысы» емес пе, ол бұл істі аяқсыз 
қалдырмай,  оны  қолға  алуды,  өз  кезегінде,  Ә.Жангелдинге  жүктепті 
(Джангелдин А. Документы и материалы. – Алма-Ата. – 1961. – С. 50.). 
       
Сөйтіп,  1918 жылдың жазында   жер, автономия, мемлекеттік тіл, оқу-
ағарту, ұлттық әскер, сот, экономика мәселелерінде Алашорда автономиялы 
республика  дәрежесіне  қол  жеткізген  тар  асуда  көптеген  қазақ  оқығандары 
баррикаданың  қарсы  жағынан    табылды.  «Кел,  маған  ер»  деген  екі  қазақ 
партиясына  большевиктер  партиясы  үшінші  болып  килігіп,  қайсына  ерерін 
білмей  қарапайым  көпшіліктің  басы  қатқан  адасушылық,  әрине,  молайды 
берді.  
       
“Қазақ  халқы,  -  дейді  философ  ғалым  Ғарифолла  Есім  бұл  жайында,  - 
Қазан төңкерісінің не жақсы, не теріс екенін біле алмай екіге бөлінді, мұны 
большевиктер тез арада Қазақстандағы тап тартысы деген дап-даяр қалыпқа 
сала  салды.  Сөйтіп,  қазақ  жұрты  негізінен  екіге  бөлінді.  Бірі  –  социализм 
жолына  түссе,  екіншілері  олардың  “дұшпандары”  болып  шықты”  (Саяси 
философия. – Алматы. – 2006. – 13 б.). 
Алаш  зиялылары  «Шәкәрім  ақсақал»  деп  атап  кеткен  қарт  ақынды  екі 
қазақ  партиясының  баспасөз  бетіндегі  айтысы  мен  мәмілесіз  күресі  қатты 
налытқаны  даусыз.  Ақынның  “Ей,  көп  халық,  көп  халық”  және  “Мен 
қорқамын, қорқамын” деген   екі өлеңі осыған сілтейді. Әсіресе, соңғысы сол 
кездің  репортажы  сияқты.  Онда  ақылшы  ақын  албырт  жастарды  береке-
бірлікке шақырып, әділетке бұруға тырысып бағады. “Жүйріктерім нанбаса, 
Тура сөзді алмаса” қайғым осы дейді.    
Сондай-ақ, жасыл орманы - жастарға: 
                           
Газет, журнал басылды, 
                           
Міне, оқы деп қуанттың. 
                           
Қазаққа ғылым шашылды 
                                  
Ал, қуан деп жұбаттың, - 
дей келе, орын алған бәтуәсіз егестерге жаны жабырқағанын айтады: 

 
153 
                                   
Бірін – бірі сөкті деп, 
                                   
Табылған бақты тепті деп 
                                   
Өлді, жітті, кетті деп, 
                                          
Тағы мені суалттың.  
       
Әйтсе де қысылтаяңда зарлап айтқан ащы үндей естілетін өлеңнің соңы:  
                                   
Айырылғандар қосылар, 
                                   
Бұл мінезден шошынар, -  
деген  оптимистік  нотамен  түйінделген.  Жеңіл  әзілі  “Торайғыров  естісе, 
Мұны  “қатын  ойбай”  дер”  дегені  де  жастарға,  болашаққа  деген  сенімі  әлі 
сарқылмағанының куәсі.  
        
Ал, жоғарыда сөз болған саяси жырына көз салсақ, онда: 
                            
Оқығандар бас болар, 
                            
Жас өмірге мас болар, - 
дей келе, мынадай көрегендік болжау  айтады: 
                                 
Сүйтіп олар күндесер, 
                                 
Бірін-бірі жүндесер. 
                                 
“Кел, маған ер, жүр” – десер, 
                                 
Сонда болар қатты азап. 
      
Қазақ  оқығандарының  күндесіп  бөлінісуінің    салдары  қандай  болғаны 
белгілі.  Қажының “Сонда болар қатты азап” деп ескертуі дәл келді. 
Шәкәрім жасы жағынан алаш қозғалысына қатысушылардың ең үлкені 
әрі  халық  алдындағы  беделі  жағынан  да  аса  абыройлы адамның  бірі болды 
деген  пікірді  үстіде  айттық.  Сондықтан  оның  Алаш  үкіметі  құрамына 
шақырылуы  кездойсоқтық  емес-ті.  «Мұңды  шал»  атты  өлеңінде  оты 
бұрқырап өте шыққан сол кезді ардагер ақын былайша сағына есіне алады: 
                 
....Бір кезде ұмтылып ең талпына да, 
                              
Патша өліп бақ ашылған балқымада.  
                     
Білем деген жастармен жолдас болдың, 
                     
Төңкеріс ұлы дүбір, шалқымада.   
                     
Енді қазақ ел болар деп қуанып, 
                          
Жүріп ең орнықпаған қалқымада! 
Сөйтіп, Шәкерім “бостандық сәуле берген соң” және білем деген жастар 
сенім  артқан  соң,  қартайдым  деп  жатпай  қайнаған  саяси-қоғамдық 
жұмыстарға құлшына араласты.  
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал