Өмірбаяны мен шығармашылығы талданатын есімдер жұлдызшамен белгіленген, ал



жүктеу 293.63 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата09.01.2017
өлшемі293.63 Kb.
түріӨмірбаяны
1   2   3

Тоқтарханның (1938) туғанына 75 жыл

Ақын,  композитор  Шондыбаев  Уәйістің 



(1873) туғанына 140 жыл

-  


Ақын,  Абай  мұрасын  тұңғыш  бастырушы 

Кәкітай  Ысқақұлы  Құнанбаевтың  (1868) 

туғанына 145 жыл. 

Суретші, 



этнограф, 

өлке 


танушы 

Белослюдов 

Виктордың 

(1883-1916) 

туғанына  130 жыл

Күйші,  композитор,  ақын  Тауданбекұлы 



Дәуітбайдың (1873) туғанына 140 жыл

Қол  бастаған  әйгілі  батыр,  сайыскер,  ерен 



ерлігімен,  ақыл-қайратымен  жоңғарға  қарсы 

соғыста 


аты 

шыққан 


Есентайұлы 

Шақабайдың туғанына 325 жыл

-  


Кеңес  Одағының  батыры,  3–ші  дәрежелі 

Даңқ  орденінің  иегері  Брилин  Павелдің 

туғанына 100 жыл.  

Тарих  ғылымдарының  докторы,  Ұлы  Отан 



соғысының  ардагері, 

1-дәрежелі 

Отан 

соғысы,  Еңбек  Қызыл  Ту  ордендері  және 



медальдарының 

иегері 


Құсанов 

Шағиланың (1923) туғанына 90 жыл

КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР-



інің  еңбек  сіңірген  мұғалімі  Ислямов 

Асқардың (1928) туғанына 85 жыл

 

 



 

 

17 


Аталып өтілетін мерейтой иелеріне 

қысқаша анықтама және әдебиеттер 

тізімі: 

 

                                 12 АҚПАН 

Алтай Асқардың 

 тұғанына 50 жыл 

 

       Жазушы  Алтай  Асқар 



1963  жылы  12  ақпанда 

Шығыс 


Қазақстан 

облысының 

Зайсан 

қаласында  туған.  1984  жылы 



Абай 

атындағы 

Алматы 

мемлекеттік  университетінің 



филология 

факультетін 

бітірген. 

1984-1989 

жылдары  Алматы  облысы  Күрті  аудандық 

«Шұғыла»  газетінде  тілші,  С.  Мұқановтың 

мұражай-үйінде  кіші  ғылыми  қызметкер,  Қазақ 

теледидарының 

«Алатау» 

бағдарламасында 

жауапты  редактор,  бөлім  меңгерушісі,  1984-1994 

жылдары  «Жұлдыз»  журналының  әдеби  сын 

бөлімінде  редактор,  бөлім  меңгерушісі,  1994-1995 

жылдары  «Ер-Дәулет»  ақпарат  агенттігінде  Бас 

редактордың  орынбасары,  1995-1998  жылдары 

Қаржы 


министрлігінің 

«Қаржы-қаражат» 

журналында  Бас  редактордың  орынбасары,  Бас 

редактор, 1928-2004 жылдары «Білім» баспасында 

жетекші 

редактор, 

«Атамұра» 

баспасында 



 

18 


редактор  қызметтерін  атқарған.  2004  жылдан 

«Арда» баспасының  директоры. 

      «Алтай  балладалары»,  «Алтайдың  алқызыл 

модағайы», 

«Қайың 

сауған, 


ел 

ауған» 


романдарының; 

«Қызыл 


бөлтірік», 

«Қара 


бура»,»Қаладағы құтпандар» повестерінің авторы. 

«Қыр  мен  қала  хикаялары»  (1998),  «Алтай 

новелласы»  (2001),  «Нарық  нақыштары»  (2003), 

«Салбурын»(2005),  «Казино»  (2008)  әңгімелер 

жинағы, тағы басқа кітаптары жарық көрген. 

       «Қызыл 

бөлтірік» 

повесі 


1997 

жылы 


Халықаралық  Сорос  қорының  грантын  жеңіп 

алып, сол қор шығарған «Повестер мен әңгімелер» 

атты жинағына енді. 

       Қазақстан  Жазушылар  одағының  Жастар 

арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990), 

Т. 


Айбергенов 

атындағы 

сыйлықтың, 

Халықаралық 

«Алаш» 

әдеби 


сыйлығының 

лауреаты. 



 

 

Шығармалары: 

 

Туажат [Мәтін] : (Тамұққа түскен сәуле). Роман-

модерн / А. Алтай // Ақ Ертіс . - № 5. - Б. 5-31. 

 

Туажат" романы хақында бірер сөз [Мәтін] / Д. 

Тұрантегі // Жұлдыз. - 2012. - №6. - Б. 172-176. 

 

 



 

 

19 


16 НАУРЫЗ 

Шығыс Қазақстан облыстық телевизиясының 

құрылғанына  

55 жыл 

Кенді 


Алтайдың 

киелі  ордасы  Өскемен 

қаласындағы  студия  - 

қазақ  жеріндегі  тұңғыш 

телевизиялық  студия.  Ол 

1958  жылы  наурыздың 

16-шы 

жұлдызында 



ашылды. Сол 

күні 


телеарнаның 

эфирінде 

«Жеңіс 

салюті» 


бағдарламасы өтті. 

Қызметке ерекше ынта қойып кіріскен ұжым 

бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап, аймақта 

киноөндіріс  құрыла  бастады.  Операторлар  «Киев-

С»  деген  қарапайым  камерамен  жұмыс  істеді.  Ол 

камераларда  түсірілім  15  метрлік  пленкасы  бар 

кассеталармен  жүргізілетін.  Ең  қызығы  сол,  15 

метрлік  пленка  тек  1  минуттық  түсірілімге 

жететін. 

Телевизиялық 

аппараттардың 

жаңартылуымен  қатар,  облыста  телевизиялық 

стансалар  мен  тарату  желісі  аумағын  кеңейту 

мақсатында  радио  желісінің  құрылысы  жүріп 

жатты.  1968  жылы  1  мамырда   Өскемен  мен 

аудандардың  басым  бөлігі  Орталық  телеарнаның 

бағдарламаларын  қабылдау  мүмкіндігіне  ие 

болды. 


1974 

жылдан 

республикалық   

бағдарламаларды  аймақ  жұрты  тамашалап,  одақ 



 

20 


көлемінде  болып  жатқан  елеулі  оқиғалар  ағымы 

туралы  телеарна  эфирінен  хабардар  болып 

отырды. 

 1980  жылы  Шығыс  Қазақстан  облыстық 

телевизиялық 

студияның 

кинооператорлары 

Мәскеу олимпиадасын түсіруге қатысты. 

1981 

жылы 


«Перспектива» 

түрлі-түсті 

телевизиялық 

аппараттық 

және 

жаңа 


телепроекциялық 

блоктар 


орнатылып, 

пайдалануға  берілді.  Көрерменнің  көзайымы 

болған  арна  эфирінде  түрлі-түсті  форматтағы 

бағдарламалар  мен  жаңалықтар  шығарылымы 

телевизиялық  өндірістің  тағы  бір  кезеңін  артқа 

тастап, көш бастауға бағыт алды. 

1988  жылы  жылжымалы  телевизиялық 

станция 


(ПТС) 

ғимараты 

салынды 

және 


«Магнолия  83-А»  жылжымалы  телевизиялық 

станциясы  пайдалануға  берілді.  Ғасыр  талабына 

сай  жабдықталған  кешен  арқылы  әр  ауданнан, 

өңірдің  тарихи-мәдени  орындарынан  эфирге 

тікелей  қосылуға  болатын.  30  жыл  ішінде  арна 

ұжымы  жыл  сайын  жаңа  шығармашылық 

топтармен, техникамен толықтырылып отырды. 

1997  жылы  Семей  мен  Шығыс  Қазақстан 

облыстарының  бірігуіне  орай,  телеарна  мен 

облыстық радио екі облысқа ортақ жұмыс істейді. 

Сол  жылдың  қазан  айында  телеарна  18  сағаттық 

ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды 

бастайды. 

2003 


жылы 

Өскемен 


облыстық 

телерадиокомпаниясының 

атауы 

«Қазақстан» 



 

21 


РТРК  АҚ-ның  Шығыс  Қазақстан  облыстық 

филиалы деп өзгертілді. 

2008 

жылы 


қараша 

айынан 


бастап 

«Қазақстан-Өскемен»  телеарнасының  14  сағаттық 

хабар  тарату  тізбегі  облыстың  100  пайызын 

қамтыды. 

2009 

жылы 


телевизияға 

камералы 



жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді. 

2010  жылы  28  маусым  күні  Астанамен 

республикалық 

телекөпір 

өтті. 

Елбасының 



мемлекеттік 

индустриялық-инновациялық 

«Қуатты 

Қазақстанды 

бірге 

көркейтеміз!» 



бағдарламасына  байланысты    ашылған  Шығыс 

Қазақстанның  ірі  жобаларын  көрсету  телекөпірі 

«Қазақстан-Өскемен»  телеарнасының  мамандары 

көмегімен жүзеге асты. 

2010  жылы  21  желтоқсан  күні  Астанамен 

республикалық  «Қуатты  Қазақстанды  бірге 

көркейтеміз» 

атты 


жалпыұлттық 

телекөпір 

өткізілді. 

 

 

                                              

22 НАУРЫЗ 

 

Марат Қабанбайдың 

туғанына 65 жыл 

(1948 – 2000) 

 

      Жазушы 

Марат  Қабанбай 

Шығыс  Қазақстан  облысының 

жерін басып өтетін Қара Ертістің 


 

22 


сол  жақ  жағалауын  жайлаған  Зайсан  ауданының 

Қараүңгір  атты  ауылында  1948  жылы  дүниеге 

келіпті.  Көзін  тырнап  ашқалы  көргені  -    көгілдір 

таулар,  қара  орман,  қол  созып  теріп  жегені  - 

қызылқат, көкбояу, тошала, бүлдірген, сарымсақ...  

Ел  мен  жердің,  оның  абзал  адамдарының 

ыстық құшағы әлденені екті ме, 8-9 сыныпта ептеп 

өлең  жаза  бастады.  Ара-тұра  әліне  қарамай 

әңгімеге  қол  созды.  Көбі  алғашқы  сезім. 

«Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттеріне 

шикілі-пісілі 

туындыларын 

жіберіп 

тұрды.  


Тамшы  да  тасты  теседі,  ақыры  еңбегі  жанып, 

мектеп 


бітірген 

1966 


жылы 

«Жұлдыз» 

журналының  жастар  творчествосына  арналған 

тамыз  айындағы  санында  «Сену»  атты  әңгімесі 

жарияланды.  

Кейін  Алматыдағы  Әл-Фараби  атындағы 

университеттің  журналистика  факультетіне  оқуға 

түседі.  Студент  кезінен  әңгімелер,  повестер  жаза 

бастады.  «Бақбақ  басы  толған  күн»,  «Арыстан, 

мен,  виолончель  және  қасапхана»,  «Пысық 

болдым, мінеки» повестеріне әр жылдары балалар 

мен 


жасөспірімдерге 

арналған 

таңдаулы 

шығармалардың  республикалық  сайыстарында 

бірінші,  екінші,  үшінші  орындар  берілді.  Бұл 

повестер 

Москваның 

«Детская  литература» 

баспасында жарық көріп, неміс, украин, молдаван 

тілдеріне  аударылды.  «Бақбақ  басы  толған  күн» 

повесі бойынша телефильм түсірілді.  

Марат  Қабанбаев  күндік  емес,  өмірлік 

мәселенің  алдын  орап  кететін  де,  сонысымен 


 

23 


өзгелерден  ерен  көрінетін.  Соған  тағы  бір  дәйек 

мынау  болатын.  «Атлантиканың  арғы  жағы,  бергі 

жағы» 

атты 


повесінде 

алыс 


елдердегі 

нашақорлықтан  сақтану  керектігін,  оның  артына 

қалдырар  сұмдық  қасіретін  өзі  суреттеп  отырған 

баланың  көзқарасымен  беріп,  аулақ  жүрмесең 

арандайсың  дегенді  сонау  сексенінші  жылдары 

айтқан.  Енді  сол  нашақорлық  деген  пәлекеттің 

тітірентіп тұрғанын несіне жасырамыз.  

Жазушының  қай  шығармасын  алсаң  да 

осындай  тың  ойлар,  тосын  шешімдер  мен 

мұндалап  тұрады.  Сондықтан  да  болар  ол 

білімділігімен, 

ізденгіштігімен, 

өзіндік 

көзқарасымен  алғашқы  туындыларынан  бастап-ақ 

дараланып, оқырман аузына ілінді.  

Марат  Қабанбай  «Арыстан,  мен,  виолончель 

және  қасапхана»,  «Бақбақ  басы  толған  күн», 

«Жиһанкез  Тити».  «Қала  және  қыз  бала»,  «Еркін 

сабақ», «Сурет салғым келмейді», «Атлантиканың 

арғы  жағы,  бергі  жағы»  повест-әңгімелерімен 

қатар,  «Кермек  дәм»,  «Айшылық  алыс  жол» 

романдарын  жазды.  Жазушы  Х.К.Андерсен 

атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.  

Өзінің  меңзеуінше  бұдан  кейінгі  өміріндегі 

басты  шығармасы  «Кентавр»  атты  роман  болуға 

тиіс екен. Бірақ сұм ажал дегеніне жеткізбеді.  

Алғашқы қадамын журналистикадан бастаған 

жазушы  өмірінің  соңғы  жылдарында  бұл  салаға 

қайта  оралған  еді.  Оралғанда  тың  көзқараспен 

келді.  Ел  тәуелсіздігіне  ол  жан-тәнімен  қуанды. 

Елдікті  ту  етіп  көтерді.  Қазақ  тілінің  тағдырына 


 

24 


араша  түсіп,  қанатымен  су  сепкен  қарлығаштай 

шырылдады.  Отты  ойлары,  тас-түйін  байламдары 

оқырманның  жүрек  қылын  тап  басып,  жанын 

бебеулетті.  Марат  Қабанбай  әр  мақаласында 

рухани  бәйтерек,  ұлы  ақын  Абай  рухына  бас  иіп, 

өмірдің  алдамшылығын,  қысқалығын,  уақытты 

бос  өткізудің  опындыратынын  алға  тартып 

отырды.  Ұлы  Абай  ғасыр  тоғысында  қандай  күй 

кешсе,  Марат  та  сондай  күн  өткізді.  Қайтсек 

мемлекеттігімізді  орнықтырамыз  деп  шарқ  ұрды.  

Келе-келе  халық  мүддесінен  өз  мүддесін  жоғары 

қойған,  рухани  байлыққа,  тіліне  мұрнын  шүйіріп 

қараған шенеуніктерді сын тезіне алды. Ұлт болып 

ұйысалық,  елге  ұйтқы  болалық,  байлық  қуып 

жеке-жеке  кетпелік  деді.  Тіпті  «Бізді  түбінде 

«қазақпыз  ғой»  өлтіреді»  деп  домбыраның  қос 

шегіндей  ой  мен  қаламын  қатар  сілтеді.  Марат 

осының  бәрін  газеттің  әр  санында  отқа  оранып, 

жалынға  шарпылып  жүріп  жазды.  Сөйтіп  қалың 

оқырманның  ілтипатына  бөленді.  Оқырмандар 

Іздеп 

жүріп 


оқитын 

авторға 


айналды. 

Журналистикада  өз  жолын  қалыптастырды. 

Мұның бәрі оның тар шеңберге сыя бермейтін ой 

өрісінің биіктігінен, білімінің молдығынан, рухани 

байлығының  ұшан-теңіздігінен,  көзқарасының 

ауқымдылығынан  болуы  керек.  Ол  көркем 

шығармасын  қалай  ойнатып  жазса,  көсемсөзді  де 

жанып-жанып 

алған 

ұстарадай 



жайнатып 

жіберетін. Сол дүниелері қазір жұрт аузында жүр. 



 

 

 

25 


Шығармалары:  

 

Қабанбаев М. Жиһанкез Тити: Повестер мен 



әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1982. – 204 б. 

 

Қабанбаев М. Қала және қыз бала: Повесть және 



әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1984. – 224 б. 

 

Қабанбаев М. Туған жердің төрт мезгілі: 



Хикаяттар мен әңгімелер / М. Қабанбаев; Құраст. 

А. М. Қабанбаева.– Алматы: Раритет, 2004.– 192б. 

 

Ол туралы: 

 

 Ақыш  Б.  Көркемдік  қолтаңба:  [Жазушы  Марат 



Қабанбаев шығармашылығы жөнінде бірер ой] / Б. 

Ақыш // Жұлдыз. – 2002. – N 2. – Б.141 – 152. 

 

 Төлегенова  Б.  Марат  Қабанбайдың  “Пысық 



болдым,  мінеки”  повесіндегі  көркемдік  тәсілдер  / 

Б. Төлегенова // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2005. – 

N 8. – Б.80 – 85. 

 

Сыбанбай  С.  Марат  мектебінің  түлегіміз  /  С. 



Сыбанбай //Жас алаш.- 2001.- 26 сәуір.- Б.4  

 

Төленқызы  Р.  Мен  Кентавр–Маратты  көрдім    /  Р. 



Төленқызы // Жас алаш.- 2001.- 26 сәуір. 

 

 



 

 

26 


24 шілде

 

                    Құдайбердіұлы Шәкерімнің 



туғанына 155 жыл 

 (1858–1931). 

 

    Құдайбердіұлы 

Шәкерім  – 

көрнекті  ақын,  кемеңгер  ойшыл, 

компазитор,  аудармашы,  қазақ 

әдебиетінің  классигі.  1858  жылы 

24  шілдеде  қазіргі  Шығыс 

Қазақстан 

облысы 


Абай 

ауданының  Қарауыл  ауылында 

туған. 

    Әкесінен  жастай  жетім  қалып,  немере  ағасы 



Абай  Құнанбайұлының  қолында  тәрбиеленген. 

Бұл  жағдай  Шәкерімнің  дүниеге  көзқарасының 

қалыптасуына,ақындық шеберлігінің шыңдалуына 

әсер етті. Ол жастайынан орыс, араб, парсы, түрік 

тілдерін  жетік  меңгеріп,  Батыс,  Шығыс  әдебиетін 

зерек  білді.  Жеті  жасынан  өлең  жазып,  өмірінің 

ақырына  дейін  ағартушылық  бағыт  ұстанды. 

Абайдың 


жаңашылдық 

дәстүрін 

дамытып, 

Абайдан  кейінгі  екінші  реалист  ақын  атанды. 

Шәкерім 

шығармалары 

сан-салалығымен 

ерекшеленеді,  оған  көңілдің  шат-шадыман  әуені 

де,  көкіректі  қарс  айырған  трагизм  де  тән.  Ақын 

нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін 

тебірене жырлады.    ХХ ғасырдың басында қазақ 

өмірінде  болған  оқиға-құбылыстарға  қызу  үн 

қосып,  «Кел,  жастар,  біз  бір  түрлі  жол  табалық», 

«Жастар  туралы»,  «Кәрілік  туралы»,  «Өмір», 



 

27 


«Сәнқойлар», 

«Ызақорлар», 

«Құмарлық», 

«Қалжыңбас»,  «Тойымсыз  нәпсі»  сияқты  өлең-

жырларын  жазды,  Абайдың  кеңесі  бойынша 

«Қалқаман  –  Мамыр»  дастанын  дүниеге  әкелді. 

«Еңлік – Кебек», «Қодардың өлімі», «Крез патша» 

дастандарының авторы. 

        1905 жылы қажылыққа сапар шегеді. Меккеге 

барған бұл сапарын пайдаланып, Стамбул, Париж 

кітапханаларынан  туған  халқының  тарихына 

байланысты  кітаптарды  оқиды.  Осылай  жинаған 

материалдар  негізінде  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм 

хандар  шежіресі»  кітабын  (1911),  «Мұсылмандық  

шарты»  еңбегін  жазды  (1911).  Өзін  ғұмыр  бойы 

Толстойдың  шәкіртімін  деп  санады,  онымен  хат 

жазысып  тұрды.  Американ  жазушысы  Гарриет 

Бичер-Стоудың 

(1811-1896) 

«Том 


ағайдың 

балағаны»  романын,  Л.Н.Толстойдың  «Асар-

хайдон  патша»,  «Үш    сауал»,  тағы  басқа 

әңгімелерін,А. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» 

повестерін  қазақ  тіліне  аударды.  Физулидің 

«Ләйлі  –  Мәжнүн»  дастанын  нәзира  үлгісімен 

жырлады (1907). 

        Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкерім  

үнемі  демократтық,  халықтық,  гуманистік–

ағартушылық  бағытта  болды.  Ол  Алашорда 

қайраткерлерінің еңбектерін бағалай білді. Таза да 

жарқын  махаббатты  жырлай  отырып,  бас 

бостандығы  идеясын  алға  тартты,  оның  асыл 

мұраттары үшін күреске шақырды. Ақын кеңестік 

тоталитарлық 

жүйенің 


құрбаны 

болды. 


Көтеріліске  шыққан  халық  пен  жергілікті  билік 

 

28 


өкілдерін  татуластыруға,  сөйтіп,  қан  төгісті 

болдырмауға  тырысқан  ол  жазалаушылар  атқан 

оққа  ұшып,  денесі  айдаладағы  құдыққа  тасталды. 

«Халық  жауы»  ретінде  айыпталып, 

оның 

шығармаларын  оқуға  тыйым  салынды.  Тек  1988 



жылы  ғана  ақын  есімі  толық  ақталды.  Қазақ  елі 

тәуелсіздік алған соң ойшыл ақын мұралары туған 

жұртының ортақ  игілігіне айналып, шығармалары 

жарық  көрді.  Семей  қаласында  ақынға  орталық 

көше  аты  берілген,  «Семей»  мемлекеттік 

университеті 

Шәкерімнің 

атында. 


Шәкерім 

Құдайбердіұлы 1931 жылы қайтыс болды. 

 

Шығармалары: 

 

Құдайбердіұлы, Шаһкәрім.  



Мұсылмандық шарты / Ш. Құдайбердіұлы; ред. М 

Қазбеков. – Алматы: Қазақстан: Мерей: Ақиық, 

1993.- 80 б. 

 

 



Құдайбердіұлы, Шаһкәрім.  

Жол табалық ақылмен: шығармаларының бір 

томдық жинағы / Ш. Құдайбердіұлы; ред.: Ә. 

Қайранов, А. Сәбит.- Жидебай: Халықаралық 

Абай клубы, 2006.- 736 б. 

  

Құдайбердіұлы, Шаһкәрім.  



Шығармалары:  өлеңдер,  дастандар,  қара  сөздер  / 

Ш.  Құдайбердіұлы;  ред.И.Сапарбай.-  Алматы:  

Жазушы, 1988.- 560 б.

   


 

 

29 


Құдайбердіұлы, Шаһкәрім.  

Шығармаларының үш томдық жинағы: өлеңдер. 1-

т. Қажыма, ойым, қажыма / Ш. Құдайбердіұлы ; 

ред.: А. Сәбит, Ә. Қайран, Н. Айтұлы.- Жидебай: 

Халықаралық Абай клубы, 2008.- 408 б. 

 

 

Құдайбердіұлы, Шаһкәрім. 

 

Шығармаларының үш томдық жинағы: дастандар, 

роман, аудармалар, мәнді сөздер, түрік, қырғыз, 

қазақ һәм хандар шежіресі, мұсылмандық шарты. 

2-т. Өкінішті ғұмыр / Ш. Құдайбердіұлы ; ред. А. 

Сәбит, Ә. Қайран, Н. Айтұлы.- Жидебай: 

Халықаралық Абай клубы, 2008.- 432 б. 

 

 

Құдайбердіұлы, Шаһкәрім.  

Шығармаларының үш томдық жинағы: мақалалар, 

естеліктер, зерттеулер. 3-т. Үзілмеген үміт / Ш. 

Құдайбердіұлы ; ред. А. Омаров, А. Кемелбаева, С. 

Ізтілеуова.- Жидебай: Халықаралық Абай клубы, 

2008.- 662 б. 

 

Ол туралы: 

 

Серікбаева, Мақсат.  



Шәкәрім тұлғасына жан-жақты қарастыру / М. 

Серікбаева // Тәрбие құралы.- 2010.- №4.- Б. 43-44. 

 

Нүсіпова, М.  



"Қазағым,  қам  ойлан,  сен  де  адам  едің  ғой!"/М. 

Нүсіпова, Д. Смаилова // Мектептегі сыныптан тыс 

жұмыстар.- 2010.- №4.- Б. 11-14. 


 

30 


 

Барлыбаева, Ж.  

Дана халықтың дара Абайы: сценарий / Ж.. 

Барлыбаева // Мектептегі сыныптан тыс 

жұмыстар.- 2010.- №6.- Б. 29 - 31. 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) / ред. Ж.. 



Қалыбай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам.- 2011.-  

№ 16.- Б. 1-50 

 

Асқарбекова, Н.  



Шәкәрім шығармаларының тағдыры  / Н. 

Асқарбекова // Мәдениет.- 2008.- № 5.- Б. 7 - 9. 

 

 Шәкәрімнің саят үні [Мәтін] : ұлы Шәкәрім 



қажының қазасына - 80 жыл / Ә. Медеуханұлы // 

Мәдениет жаршысы =Вестник культуры.- 2011.- 

№ 5. - Б. 4-7

.

 



 

Ізтілеуова, С.  

Шәкәрім дүниетанымы / Салтанат Ізтілеуова // 

 

Ақ желкен.- 2008.- № 7. - Б. 14 - 15.   



 

                  



 Шілде

 

Әміре Қашаубаевтың



 

туғанына 120 жыл 

(1888 –1934) 

Қашаубаевтар  отбасы 

кедей 

тұратын. 



Ауылды 

жерде 


кәсіп 

болмағандықтан, 

Семейге 


 

31 


көшіп  барады.  Әке-шешесі  көп  қара  жұмысқа 

жарамайды да, жас Әміренің мойнына ауыр бейнет 

қамыты  ілінеді.  Ол  Исабек  деген  байдың  көлік 

айдаушысы  болып  жұмыс  істейді.  Міне,  осы 

кезеңде  Әміренің  бойында  әншілік  қабілеті 

барлығы біліне бастайды, оның атшылығынан көрі 

әншілігі  басым  түсіп,  «әнші  бала»  атанады.  Бүкіл 

Жаңа  Семей  болып  енді  Әмірені  жақсы  білетін 

болды.  Ол  арада  болған  ойын-сауық  Әміресіз 

өтпейтін  болды.  Сөйтіп,  Әміренің  атағы  бүкіл 

Семей  қаласына  тарайды.  Қаншама  қиын 

болғанымен,  мейірімді  әке-шеше  өнерлі  баланы 

алған  бетінен  қақпады.  Әміре  енді  әніне 

бостандық  алатын  болды.  Арқа  әншілерінің 

Мекені  болған  Қояндыға  жол  тартты.  Әнші  Жаяу 

Мұсаны  көрді.  Қандай  жолмен  болса  да  Әміре 

бұдан былай өзін бүтіндей ән өнеріне бағыштауға 

бел  байлады.  Семейге  келіп  жатқан  атақты 

Майрамен 

кездесті. 

Әміренің 

күшті 


үні 

революцияның  дүбіріне  қосылғандай  аңқылдап 

аспанға  шығып,  бір  күні  ұлы  астана  Москваға  да 

жетті…Сөйтіп қазақ әншісі Әміре Парижде өтетін 

концертке 

шақырылады. 

Этнографиялық 

ансамбльмен  Қашаубаев    Парижде  11  концерт 

береді.  Сол  концерттерде  Әміре  өзінің  сүйікті 

әндері:  «Ағаш  аяқ»,  «Үш  дос»,  «Екі  жирен», 

«Дудар»,  «Қос  қараған»,  «Қызыл  бидай»  сияқты 

көптеген  әндерін  айтады.  Француздың  белгілі 

музыка 

зерттеуші 



ғалымы 

«Лемюзикалы» 

журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық 

көрініс  екенін  жазды.  Сорбонн  университетінің 



 

32 


профессоры 

Перно 


фонографқа 

Әміренің 

орындауында қазақтың бірнеше әнін жазып алды. 

Бір  айта  кететін  жай,  осы  күнге  шейін  Әміренің 

сол 

фонографқа 



түскен 

әндері 


шетелден 

қайтарылмаған.  Әміре  Қызылордадағы  театр 

труппасының  құрамына  кіріп,  1926  жылы  13-ші 

қаңтарда М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» пьесасымен 

қазақ  тарихында  бірінші  рет  профессионалдық 

театрдың 

шымылдығы 

ашылғанда, 

қойшы 

Жапалдың рөлін ойнайды. 1927 жылы Москваның 



шақыртуымен 

Германияның 

Майндағы 

Франкфурт  қаласында  болатын  Дүниежүзілік 

музыкалық  көрмеге  жіберіледі.  1928  жылы 

Қызылордадағы қазақ театры Алматыға көшкенде 

Әміре  де  бірге  келіп,  театрда  бірнеше  басты 

рөлдерді 

ойнайды. 

Бұрынғы 


заманның 

өктемдігімен  оқи  алмай  қалғаны  болмаса,  Әміре 

тоқығаны, ескергені көп адам болған.   

Дарабоз әнші, актер әрі музыкант, шетелде  жүлде 

алған  тұңғыш  қазақ  әншісі  Әміре    Қашаубаев 

«Қазақстан 

Ұлттық 

 

энциклопедиясының» 



жазуынша  1888  жылы  шілдеде  Шығыс  Қазақстан 

облысының  Абай  ауданында  Қайнар  ауылында 

дүниеге  келіп,  1934  жылдың  6  желтоқсанында 

Алматыда қайтыс болады. 




жүктеу 293.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет