Өмірбаяны мен шығарма шылығын зерттеп, жұртшылыққа насихаттап жүрген Республикалық домбырашылар конкурсы



жүктеу 40.07 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.02.2017
өлшемі40.07 Kb.
түріӨмірбаяны

Тәттімбет Казанғапұлының 190 жылдығы қарсаңында

Биыл шертпе күйдің

атасы, ұлы күйші

Тәттімбет Қазанғапұлы-

ның туғанына 190 жыл

толғалы отыр. Мерейтой

қарсаңында облысымыз-

да Тәттімбет атындағы II

республикалық конкурс

болып өткен болатын.

Осынау конкурстың

кезінде Тәттімбеттің

өмірбаяны мен шығарма-

шылығын зерттеп,

жұртшылыққа насихаттап

жүрген Республикалық

домбырашылар конкурсы-

ның лауреаты, Егіндібұлақ

селосындағы Тәттімбет

атындағы өлкетану мұра-

жайының меңгерушісі

Тұрысбек ТҮСІПБЕКОВПЕН

тілдескен едік. Төменде

соны жариялап отырмыз.

— Балқантаудың бауы-

рындағы Қаратау деген

ауылдың қойнында құлды-

раңдап өсіп келе жатқан

балғын шағымыздың өзін-

де « Тұрысбек Тәттімбет ба-

бамыздың күйін бабына

келтіріп тартады екен» де-

ген үлкендердің сүйсініп

айтқан сезін құлағымыз

жиі шалып қалатын. Бұл

шамамен 1980 - інші жыл-

дардың басы. Сонда сіз не-

шеде едіңіз?

— Қарындасым - ау, есепке

жүйрік болсаң есептеп көр. Мен

1948 жылы Мыржық тауы ішіндегі

Мөшеке - Мыңбай бұлағы деген

жерде дүниеге келгенмін. Бір ғажа-

бы осы жерде қазақ халқының ұлы

күйшісі Тәттімбет те туған.

Бала кезімде Тәттімбеттің не-

мересі Зейнолла Қаймолдин ақса-

қал атақты күйші бабасы жөнінде

қызықты әңгімелер айтып, оның

шығарған күйлерінің тарихы тура-

лы тереңнен сыр қозғап ғана қой-

май, бабаның күйлерін үйрететін

еді. Зейнолла ақсақал әр күйдің

өзіне тән ерекшелігіне қарай орын-

далу мәнерін де асқан байсалды-

лықпен тартып көрсететін. Мен де

ақсақалдың айтқандарын тез қа-

былдап, күйді әсерлі де мәнді

орындауға тырысатынмын.



 Осы кісіден өзге ба-

бамыздың күйіне деген

қызығушылығыңызды оят-

қан басқа да адамдар бол-

ды ма?

— Әрине болды. Ауылдасым,

сері әрі күйші Ақан Әжібеков деген

азамат күй үйренуіме көп ықпал

етті. Мыржықтағы жеті жылдық

мектепте оқып жүріп, күй өнеріне

дұрыстап ден қоя бастадым. 1966

жылдың жазында ауылға, ертеде

Достар болысының ел билеушісі

болған, 1928 жылы тәркіленіп, Се-

мейге жер аударылып кеткен,

Тәттімбеттің туған немересі Шайқы

Мұсатайұлы келді. Ол әкемді ертіп,

ел аралауға шығады. «Жақсыдан

шарапат...» демекші, «Жақсылар-

дың көзі не дейді екен?» деп, жа-

сым 18 - ге келіп қалған мен де әке-

ме ілесе жүрдім. Сондай кездері

Шайқының: «Тәттімбет айтатын!

Қазанғаптың маған жаны емес,

босағасы да жарайды деп, ұрпағы-

ның ішінен Тәттімбеттің күйлерін

тартып, оны халыққа насихаттай-

тын мұрагер бір ұрпағы шықса

ғой», - деп айтқан сөздері құлағым-

да қалып қойды. Сол сәтте кеудем-

де Тәтекеңнің күйлерін терең үй-

реніп, насихаттасам деген бір бұл-

қыныс пайда болды. Шайқының

алдында Тәттімбеттің «Сылқыл-

дақ» күйінен бастап, бірнеше күй-

лерін тартып бердім.



 Кеудеңізде оянған сол

бір бұлқыныс сізді біраз

жерге апарған болар?

— Ойға алған мақсатты іске

асыру үшін де білім мен ізденіс

керек екені белгілі. Тәттім-

беттің күйлерін нотаға

түсірсем деп армандадым.

Сол арманның жетегімен

Қарқаралыдағы музыка-

лық мектепке келіп білім

алдым. Ел ішінен күйлер-

дің шығу тарихы жөнінде

деректер жинай баста-

дым. Көбіне көпті көр-

ген үлкен адамдар-

мен пікірлес болып,

айтқандарын қа-

ғазға түсіріп, жи-

най бердім. Сол

деректерден

бір - екі мысал

келтірейін:

Тәттімбеттің

немересі Зей-

нолла Қаймол-

дин және әкем

Түсіпбек, әкем-

нің інісі Ах-

метбек


К е н -

жетаевтардың әңгімелерінен Тәт-

тімбеттің белгілі «Қосбасар» күйінің

12 түрі бар екендігін естіп білдім.

Сонымен қатар «Санкт - Петербург-

те ақ патша II Александр таққа оты-

ру тойында Сібір қазақтары өкілі

ретінде Шыңғыс Уәлиханов, Бегали

Қоңырқұлжин, Мұса Шорманов,

Тәттімбет Қазанғапұлымен бірге

сегіз адамды қабылдаған. Қабыл-

дауға барған Тәттімбет өзінің өзек-

жарды шығармасы «Сарыжайлау»

мен «Кекейкесті» күйін орындап

беріп, патшаның өз қолынан күміс

медаль белгісін алады. Сол жолы

патша алдында «Бестөре» күйін де

шерткен деген сөз бар » деп айтқан

дерекке де қанық болдым. Ұлы

күйші «Сығанақ», «Көкейкесті»,

«Бестөре» күйлерін Петербургке

барып келген соң, Құнанбай аулын-

да болып, ұлы Абайға арнап тарт-

қан. Абайдың анасы Ұлжан Тәт-

тімбеттің апасы болғандықтан,

Құнанбай жездесінің аулына жиі ба-

рып турған.

Міне осындай деректерді жинап

ғана қоймай күйшінің шығарған

күйлерін үлкен сахнада ойнауға да

ден қойдым. Қарқаралыда оқып

жүргенде «Салтанат» ансамблінің

құрамында Францияға барып, Тә-

текеңнің күйлерін орындадым.

Кейін бір кездегі Ақмола қала-

сындағы С. Сейфуллин атындағы

педагогикалық институттың музыка

факультетіне оқуға түстім. Онда

білім ала жүріп, Тәттімбет шығарма-

шылығы хақында лекциялар оқып,

күйлер тартатынмын. Оған 1974

жылғы 14 ақпанда республикалық

«Учитель Казахстана» газетінде жа-

рық көрген «О народном компози-

торе Таттимбете» деген мақала куә.

Онда журналист «Тәттімбеттің «Қос-

басар», «Көкейкесті» сияқты ғала-

мат күйлерін жеріне жеткізіп орын-

дау оңай болмаса керек» деп өз ба-

ғасын береді.



— Тұрсеке, осы уақытқа

дейін күйші бабамыз туралы

қандай ауыз толтырып ай-

тарлық насихат жұмысын

жүргіздіңіз?

— 1990 жылы Егіндібұлақ село-

сының өлкетану мұражайының ал-

дына күй күмбезі Тәттімбетке ес-

керткіш қойылды. «Тәттімбет күй-

лері» атты деректі фильмнің жарық

көруіне үлкен күш салдым. Онда мен

басты кейіпкер ретінде ойнап, күй-

шінің «Майда - Сары», «Өлең сай»

атты күйлерін орындадым. Бұл де-

ректі фильмді түсіруге техника ғы-

лымының кандидаты, жазушы Юрий

Григорьевич Попов пен ҚР Сурет-

шілер одағының мүшесі, суретші

Мұрат Қалқабаев ат салысты. Қа-

зір аталмыш фильм Қарағандыдағы

шахтерлер мәдениет сарайының

киноклубының Алтын қорында сақ-

таулы.

1995 жылы тамыз айында



ЮНЕСКО деңгейінде аталып өткен

ұлы Абайдың 150 жылдық мерей-

тойында Абай ауданы, Қарауыл

селосына барып, Тәттімбеттің

«Көкейкесті», «Қосбасар», «Азамат

Алшағыр» күйлерін тарттым.

Балам Марғұлан менің баста-

ған ісімді жалғастырып, 2001 жылы

«Тәттімбеттің Алтын домбырасы»

атты қоғамдық қор құрды. 2004

жылдың қаңтар айында Астана-

дағы Қ. Қуанышбаев атындағы

драматеатрында «Күйлердің шығу

тарихы» туралы есеп бердім. Өткен

жылдың қыркүйек айының 11 күні

Франциядан келген ЮНЕСКО - ның

қызметкері, өнертанушы Гзавье

Аллез Тәттімбеттің күйлерін жазып

алып, бейітін суретке түсіріп әкетті.

— Тәттімбеттің 40 - тан

астам күйінің сізге қанша-

лықтысы белгілі?

— Абыз күйшінің күйлері әлі

зерттелуде. Әзірге 25 күйі жарық-

қа шықты. Қалған 15 - і іздестірілу

үстінде. Тәттімбеттің туғанына 185

жыл толуына орай қазіргі Л. Гуми-

лев атындағы Еуразия универ-

ситетінің музыка факультетінде,

С.Сейфуллин атындағы мұражай-

да, Астана қаласындағы №4 және

№26 қазақ орта мектебінде кезде-

су кештерін өткізіп, онда Тәттім-

беттің белгісіз күйлері «Бертіс би»,

«Маңыбай би», «Мінекей би»,

«Мыржықта», «Қоянды» сияқты

күйлерін орындап, шығу тарихын

айтып бердім. Халық композитор-

ларының Ташкент қаласы зауы-

тында жазылған 13 күйден тұратын

грампластинкадағы күйлер жина-

ғының ішіндегі «Сары қамыс» күйі

менің орындауымда өнер сүйер

қауымға жетті.

Баба күйін насихаттаудағы ең-

бегім еленбей қалған жоқ. 1975 -

1977 жылдары және 1985 - 1987

жылдары өткен Бүкілодақтық ха-

лық шығармашылығы көркемөнер-

паздар фестивалінің екі дүркін лау-

реаты атанып, екі медальмен ма-

рапатталдым. Мәдени қызмет са-

ласындағы еңбегім үшін Қазақстан

Мәдениет министрлігінің, облыс-

тық мәдениет басқармасының

бірнеше дипломына ие болдым.

— Әңгімеңізге көп рах-

мет! Жаңа жылда жаңа та-

бысқа жете беруіңізге ті-

лектеспін.

Жұлдыз РАЙЫМБЕКҚЫЗЫ.

Орталық Казақстан.-2005.-1 қаңтар.-13 б.



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Oner -> Tattimbet
Oner -> Жүсекең бала кезінде ағасы Жақыпбектен көп үйренді. Ол мен ағамның қасында әншімін бе?- деп
Oner -> Өмірбаянын айтудың қажеті шамалы. Шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың
Tattimbet -> Күй күмбезі Тәттімбет Рымбек Смағұлов
Oner -> Ұлы əншіні ұлықтаған үш күн
Oner -> 26 қараша күні «Шалқыма» концерт залында композитор Сыдық Мұхаметжанов шығармаларынан концерт болады. Оған Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі қатысады
Oner -> Тарлан әнші
Oner -> «ЖАҚсының аты өшпейді»
Oner -> С. Сейфуллин атындағы облыстык қазақ драма
Oner -> Ұшқан Жүрсін Молдашұлы қазақтың көнеден тамы р тартқан айтыс өнерінің

жүктеу 40.07 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет