Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

керек   екенін   салыстыра   бейнелеуге   қызмет   етіп   тұр.   Яғни 

табиғаттағы айқындық адамдар бойындағы көзге көрінбейтін 

қайратқа   да   белгілі   бір   заттылық,   тегеуріндік   шарпуын 

дарытқан. Сол іспетті жарыстыру үлгісі:

-

 

 



 

,

Сеңгі сеңгір таулар бар бұлағы жоқ

 

-

 

 

 

.

Қопалы көл жекен мен құрағы жоқ

 

 

 

 

,

Өңшең үрген қарынға душар болдық

 



 

 

. [1]

Зарлап тұрсаң еститін құлағы жоқ

Алдымен   қанша   зәулім   болса   да   бұлағы   жоқ   тауларды, 

ізінше жекен мен құрағы жоқ көлді көру мұнарасымен қарап 

барып,  «зарлап   тұрсаң,   еститін   құлағы   жоқ»   «өңшең   үрген» 

қарын сияқты адамдардың пайдасы жоқтығы, бейшаралығы 

айқындала түседі».

Осы арада, қаламгердің шығармашылық стиліне қатысты 

жайттарға   тоқтала   кеткен   жөн.   Байыптап   қарар   болсақ, 

Мәшһүр   Жүсіп   шығармаларына   стильдік   ерекшеліктері   деп 

мыналарды   атауға   болады:   бірінші,   сюжетті   туындыларға 

бейімділігі,   екінші,   діни   сарынның   басымдылығы,   үшінші, 

58


шығармаларына   сатиралық   өткірлік-сарказм   тән   және 

Батыстан гөрі Шығысқа еліктеу көп [4].

Ал   Мәшһүр   Жүсіп   өлеңдерінің   түр   ерекшелігіне   келетін 

болсақ, көбіне бір ғана формада – ІІ буынды өлең өлшемі, яғни 

қара өлең ұйқасы түрінде келеді. Осы өлшемнен басқа тек 7 

буынды жыр үлгісін қолданады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

2. Негимов   С.   Ақын-жыраулар   поэзиясының   бейнелілігі.   –   А.: 

Ғылым, 1990. – 200-б.

3. Сүтжанов   С.Н.   Мәшһүр   мұрасы.   –   Павлодар:   НПФ   «ЭКО», 

2001. – 104 б.

4. Мәшһүр-Жүсіп   Қ.П.   Қазақ   лирикасындағы   стиль   және 

бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.

7-дәріс тақырыбы

М.Ж. КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС-ТҮРКІ 

ӘДЕБИЕТІМЕН ҮНДЕСТІГІ

Мақсаты:   Ақын   әрі   философ   жазбагердің   шығыс 

классиктерімен   үндестігін   бағдарлау   арқылы,   қазақ   пен 

шығыс-түркі әдеби байланыс арналарын ашу.

Міндеттері:

– Ақынның   баспасөз   аралық   байланыста   атқарған   рөлін 

айқындау;

– Мәшһүр өлеңдерінің шығыс ақындары шығармаларымен 

сопылық таным тұрғысындағы сабақтастығы

Жоспар:


1. Көпейұлының   Қазанда   татар   баспагерлерімен   тығыз 

қарым-қатынасы және кітап бастырып шығаруы

2. Діни   таным-түсінікке   негізделген   шығармаларының 

әдеби байланыстағы орны

Дәріс мазмұны:

1. Көпейұлының Қазанда татар баспагерлерімен тығыз 

қарым-қатынасы және кітап бастырып шығаруы

59


Қазақ   әдебиетінің   ел   тағдырына   ұқсас   аумалы-төкпелі 

кезеңдері, өзіндік даму тарихы мен болмыс-бітімі, қыр-сыры 

бар десек, соған байланысты айқындалатын бағыт-бағдары да 

болғаны   рас.  Және  ол   үрдістің   пайда  болып,  қалыптасуында 

басқа   ұлттар   әдебиетімен   қарым-қатынастың   жетекші   рөл 

атқарғанын  байқаймыз.   Әсіресе,   мұны   ХХ   ғасыр   басындағы 

әдеби-тарихи процестен аңғару қиын емес.

Нақтырақ   айтқанда,   Ресей   империясына   қарасты 

мұсылман,   түркі   тектес   халықтардың   тағдыры   мен   тарихы 

шытырман   оқиғаларға   толы   қилы   кезеңге   тұспа-тұс   келді. 

Қазақ,  татар,  башқұрт,  өзбек,  қырғыз,   түрікпен,  қарақалпақ 

сияқты түбі, діні бір, тілдері ұқсас халықтардың өзара рухани 

әрі   саяси-әлеуметтік   тұрғыда   байланыстар   жасап,   түріктік 

және   ислами   тұтастықты   сақтап   қалуына   бір   қоғамда,   яғни 

патша   өкіметіне   тәуелді   ортада   өмір   сүруі,   жан-жақты 

қысымшылық көруі, т.т. басты себеп болды.

ХХ   ғасыр   басындағы   түркі   халықтарының   өзара   қарым-

қатынасында   кітап   басу   ісі   белгілі   бір   дәрежеде   үлкен   рөл 

атқарды. Бұған, біріншіден, тағы да сол қоғамдық-әлеуметтік 

жағдай түрткі болды. Олай дейтініміз, екі ғасыр аралығында 

түркі  қоғамында   жүріп  жатқан   оң  өзгерістер  тарихи-мәдени 

процеске өз әсерін тигізгені мәлім. Соның соны сипатын сол 

тұстағы баспасөз ісінің өркендеуінен байқау қиын емес.

Кітаптану   ісі   әр   ұлттық   сауаттылығы   мен   білім   деңгейін 

білдіретіні   баршаға   аян.   Кітап,   материалдық   және   рухани 

мәдениеттерінің   жинақтығы,   халықты   ағартушылыққа 

итермелейді,   әлемдік   өркениеттің   жетістіктеріне   әйнегін 

ашады, әлемдік ортаны танудың әлем дүниесін және адамның 

бақыт   кіндік   үшін   күресте   өзін-өзі   тануға   қаруы   болып 

табылады.

Әдеби   байланыстар   үрдісін   сол   тұста   өмір   сүрген   түркі 

тілді   туысқан   елдердің   де,   өзіміздің   де   әдебиет   майталман-

дарының творчествосынан байқау қиын емес. Атап айтқанда, 

екі   ғасыр   аралығындағы   әдебиеттің   көрнекті   өкілдері 

Шәкәрім,   Шәді,   М. Жүсіп,   Мақыш,   Ғ. Қараш,   Сұлтанмахмұт, 

Мағжан,   Бернияз   т.б.   шығармашылықтарына   араб-парсы, 

тәжік   және   өзбек   әдебиетінің   ғана   емес,   басқа   халық 

әдебиетінің   игі   ықпал   еткендігін   аңғарамыз.   Мәселен,   татар 

жұртшылығы және оның мәдениетімен байланысын Ғ. Қараш, 

Мәшһүр Жүсіп, Мақыш Қалтаевтардың Қазан, Уфа, Орынбор 

қалаларының   баспаханаларында   кітап   шығаруынан   анық 

көруге болады.

60


Қазан қаласы ресейлік шығыс халықтары тілдерінде кітап 

бастыру   орталығы   саналды.   Бұл   ретте,   тілдік   негіз   бірлігі, 

ортақ   әдеби   дәстүрлер,   көркемдік   дүниетаным   мен   ой-пікір 

және көне мәдени туыстық, тектестік үлкен рөл атқарғанын 

ескерген   жөн.  Осыған   байланысты   ХІХ   ғасырдың   екінші 

жартысындағы Қазан тарихы туралы мынадай дерек көздерін 

кездестіреміз:   «После   падения   крепостного   права   Казань 

укрепила   и   усилила   свое   значение   крупного   культурного 

центра   Поволжья   и   Приуралья.   Этому   способствовали   не 

только   бурное   развитие   в   городе   фабрично-заводской 

промышленности,   деятельности   университета   но   и   то,   что 

Казань возглавляла значительные по своей территории округа: 

учебной,   военной,   почтово-телеграфный,   судебный,   водных 

путей   сообщения.   Казань   становится   крупным   научным 

центром   на   востоке   европейской   России.   В   60–80-х   годах   в 

Казанском   университете   сложился   ряд   научных   школ   и 

направлений,   основанных   талантливыми   учеными» 

[1] 


(Аудармасы:   «Крепостнойлық   (басыбайлы)   тәртіп   құлағаннан 

кейін Қазан Поволжье мен Приуральенің ірі мәдени орталығы 

ретіндегі   маңызын   күшейте   түсті.   Бұған   қаладағы   фабрика-

зауыт   өнеркәсібінің,   университеттің   қарқынды   дамуы   ғана 

емес,   сонымен   қатар   Қазанның   өз   территориясындағы 

маңызды болып табылатын оқу, әскери, пошта-телеграф, сот, 

су   қарым-қатынас   жолдарын   басқаруы   да   әсер   етті.   Қазан 

еуропалық   Ресейдің   шығысындағы   ірі   ғылыми   орталыққа 

айналды.   60–80   жылдары   Қазан   университетінде   дарынды 

ғалымдар   негізін   қалаған   бірқатар   ғылыми   мектептер   мен 

бағыттар пайда болды.»).

Еділ-Жайық   бойындағы   баспаханалардан   жарық   көрген 

әдебиеттер   тек   татар   тіліндегі   ғана   емес,   түркі   қаламгерлері 

оқи да, жаза да білетін араб, парсы және орта ғасырлық түркі 

тілдеріндегі   туындыларды   құрады.   Татар   кітаптарының   бір 

бөлігі   басқа   түркі   тілдес   Ресей   халықтарының   да   ұлттық 

рухани қазынасына айналды.

Сондай-ақ,   төңкеріске   дейін   Қазанда   ең   алғашқы   қазақ 

ақын-жазушыларының,   ғалым-педагог,   қоғам   қайраткер-

лерінің   де   кітаптары   басылып   шықты.   Атап   айтқанда,   1887 

жылы   Ы. Алтынсариннің   «Шариат-ул-ислам»   («Мұсылманшы-

лықтың   тұтқасы»)   атты   шығармасы   мен   1899   жылы 

«Мактубаты», ал 1909 жылы А. Құнанбаевтың екінші өлеңдер 

жинағы   (біріншісі   де   осы   жылы   Санкт-Петербуркте   шыққан 

болатын), 1913 жылы – М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлең 

кітабы   мен   С. Көбеевтің   «Қалың   мал»   романы,   1914   жылы 

61


С. Сефуллиннің   «Өткен   күндер»   өлеңдер   жинағы   және   т.б. 

жарық көргені көпшілікке белгілі. 

Ал,   өзіміз   сөз   етіп   отырған   М.Ж. Көпеевтің   Қазан 

қаласында   Хұсайыновтар   баспаханасынан   1907   жылы   үш 

кітап шығарғаны мәлім. Оның бұл кітаптарында сол кезеңдегі 

қазақ   қоғамының   саяси-әлеуметтік   дағдарысы,   ел   басына 

түскен отаршылдық езгі, тағысын тағылар сөз болады.

Түркі   ұлдарын   толғандырып,   шығармаларына   арқау 

болған   мәселелер  сол  тұстағы   империя   аясындағы   мұсылман 

жұртшылығының   басына   түскен   бәріне   ортақ   қиыншылық, 

қайғы-қасірет   екені   анық.   Бұл   үндестіктен   түп,   дін,   тіл 

тұтастығына үгіттеген үйлесімді табу қиын емес. Осы іспеттес 

жыр   жауһарын   белгілі   ақын   Мәшһүр   Жүсіп   шығармашылы-

ғынан да кездестіреміз. Сол тұстағы қазақ қоғамының саяси-

әлеуметтік жағдайындағы өзекті де өткір мәселелерді көтеріп, 

әсіресе, дін төңірегінде толғақты тұжырымдар жасаған сопы 

ақын:



-

 

-

!

Сарыарқа өсіп өнген жерлерім ай

 

 

 

 

-

!

Дін үшін қылған қайрат шерлерім ай

 

 

 



 

,

Хақ жолға жанын қиып басын берген

 

 

 

-

! [2]- 

.

Шайтанға ерлік қылған ерлерім ай

дейді

Сөйтіп,  «Хақ   жолында»   шаһид   жандардың   ерлігін   паш 

етіп, ислам әлемі аясының кеңеюін қалайды.

Жалпы,   ғасыр   басындағы   түркі   қоғамындағы   саяси-

әлеуметтік жағдайға  байланысты дін тақырыбы нағыз өзекті 

болып табылды. Оған себеп, біріншіден- түркі ұлттарының тіл, 

дін, пікір бірлігі болса, екіншіден-қоғамда белең алған келеңсіз 

қылықтар, империя тарапынан жасалып жатқан миссионерлік 

іс-әрекеттер, т.т. еді.

Шынында, тарих беттерін парақтасақ, сол кезеңде Ресейге 

қарасты   шығыс   халықтары   аса   қиын   жағдайда   өмір   сүріп, 

әлеуметтік теңсіздікті бастан кешті. Тіпті тіл, дін мәселелеріне 

қатысты   шектеулер   халықтың   рухани   жұтаңдауына   әкеп 

соқтырды.   Империя   мүддесінен   туындаған,   қаны   тамған 

шындықтың   дерек   көзі   боларлық   жазбаларды   кездестіруге 

болады. Бұл шындықтың дәйегі ретінде сол миссионерлердің 

өздері жазып  қалдырған  хаттамаларды мысалға  келтірсек те 

жеткілікті.   Мәселен,   Симон   деген   есіммен   атышулы 

миссионер:   «Мұсылмандардың   бірлігі   олардың   мақсаттарына 

жетуіне   және   Батысқа   тәуелсіз   болмауына   алып   келеді. 

Миссионерлік   әрекет   осы   білікті   бұзуда   маңызды   рөл 

62


атқарады.   Сондықтан   біз   олардың   бірігуіне   сол   арқылы   жол 

бермеуіміз керек»,- деп өз іс-әрекеттерінің түпкі мақсатын еш 

шімірікпестен ашық айтады. Әрине, бұл –империя қолдауына 

сүйенген түсінік пен пікір екені даусыз.

Осыған   орай   түркі   түлектері   де   түленіп,   ұлттың   ұлы 

мақсаттарын мұрат тұтқан тұжырымдар ұсынып, ел мүддесін 

айқындар   әдеби-көркем   топтамалар   берді.  Бұл   ретте,   Абай 

дәстүрін жалғастырушы, Шығыс пен Батыстың мәдениетінен 

қатар   сусындаған   Шәкәрім   қажының   Құран-Кәрімге   иек 

сүйеген , бүкіл адамзаттың сұранысын қанағаттандырар мән-

мазмұнға ие шығармасынан мысал келтірсек те болады:

 

 

 

,

Әлемдегі діндердің түп мақсаты

 

 

 

:

Үш нәрсеге бұлжымай құшақтасар

 



 



 

,

Құдай бар ұждан дұрыс қиямет шын

 

 

 

 

 

 [3].

Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асар

Бұл өлең жолдарының негізгі тұжырымы Құранның «Шура» 

сүресіндегі   мына   аятқа   негізделініп   айтылғанын   байқаймыз: 

«Аллах   Нұхқа   нұсқау   берген   нәрселерді   және   соған   уәхи 

еткенімізді,   сондай-ақ,   Ыбырайым,   Мұса   және   Исаға   нұсқау 

берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды. Дінді мықты 

орындаңдар да дінге бөлінбеңдер («Шура» 42;13). Алайда, бұл- 

қандай   дінді   тұтсаң   да   ,   бәрі   бір   деген   түсінікті   білдірмесе 

керек.   Өйткені,   Ислам-   адамзат   баласының   тура   жолмен 

жүруі,   үшін   Хақ-тағаланың   көрсеткен   шынайы   әрі   ақиқат 

жолы. Оған дәлел ретінде Құранның «Әли Имран» сүресінің 19 

аятындағы   жазуды   келтірейік:   «Аллаһтың   алдында   шынайы 

дін- Ислам». [8]. Жалпы, Ислам діні адамды қайырымдылыққа, 

қанағатшылдыққа,   төзімділікке   үйретумен   қатар,   отан-

шылдыққа   баулиды,   бірлікке   шақырады   десек,   ХХ   ғасыр 

басындағы   түркі   жұртын   тұтастыруда   Хақ   жолы   таңдалып, 

шариғат   қағидаларына   сүйену   басым   болды.   Азаттық   пен 

әділетке   жету   үшін   де   бір   Алланың   қолдауына   сүйеніп, 

рақымына қол созды. 

Шынында, шығыс шайырларының шығармалары басқа ел 

әдебиеттерімен қатар қазақ әдебиетіне де зор ықпалын тигізді. 

Әсіресе, жазба поэзия жанрлары шығыстық дәстүрді бойына 

сіңірген каньондармен толысты. Әсіресе, ХХ ғасыр басындағы 

жазбагерлердің   шығармаларындағы   шығыстық   элементтер, 

софылық сарындар осыны аңғартады.

Сонымен   қатар,   софы   ақындар   өздерінің   сырын   ішке 

бүккен,   күрмеуі   қиын   ой-тұжырымдарын   мысал   түрінде 

63


жеткізуге   тырысқан.   Мысалы,  «Месневиімен»   әлемге   әйгілі 

Руми «Жылан ұрлаған ұры» атты мысалында бір қарақшының 

ақымақтықпен арбаушының жылағанын ұрлағанын, сөйтіп өзі 

ұлы   жәндіктің   құрбаны   болғанын   баяндай   келіп,   мынандай 

қорытынды шығарады:

 

 

 

 

,

Қанша адам тірлікте пайда іздеп

 

 



 

 

Бар жақсысын жоғалтып табады індет [4]. 

Осы   тұрғылас   шығармалар   қазақ   поэзиясында   да   жиі 

кездеседі.   Атап   айтқанда,   Шәкәрімнің   замандасы,   ХХ   ғасыр 

басындағы   әдебиеттің   көрнекті   өкілі   Мәшһүр-Жүсіп  «Жарты 

нан хикаясында» бір жалаушының сандыққа кез болып, одан 

шыққан   айдаһардан   құтылудың   қам-қаракеті   баяндалады. 

Жолшыбай   кездескен   отыз   кісі   де,   бес   адам   да   оған   еш 

жәрдем   бере   алмайды.   Тек   жарты   адам   ғана   айла   тауып, 

айдаһарды   сандыққа   қайта   тығады,   сөйтіп   жолаушыны 

ажалдан   құтқарады.   Жазбагер   бұдан   мынандай   қорытынды 

шығарады:

 

 

 – 

 

,

Оразақ отыз күнгі отыз кісің

 

 – 

 



.

Бес кісі бес намазың білемісің

 

 

 

,

Жоқ қылып жамандықты жойылтуға

 

 

 

.

Бұлармен дәнемеге келмес күшің

...

 





 

,

Танып қой танымасаң мен боламын

 

 

 – 

 



Дүниеде қылған қайыр жарты наның [5].

Мәшһүрдің   бұл   ой-пікірі  «қайыр,   ықсанның   сауабы   мол» 

деген   түсінікке   негізделгені   және   оның   сопылық   таныммен 

сабақтастығы байқалады. Сопылардың түсінігінде, «қайырым-

дылық» рухани тазарудың бір белгісі іспетті.

Қалай   десек   те,   ислам   рухында   жазылған,   Хақ   жолын 

мақсұттаған   туындылардың   мән-мағынасын   ашып, 

анықтаудың   маңызы   өте   зор.  Бұл,   біріншіден,   түркілік 

әдебиеттің   тынысын   танып,   таңбалау   үшін,   екіншіден, 

қоғамымыздың қазіргі кезде дін-исламға жақындай бастаудың 

қажеттілігінен   болса   керек.   Сондықтан   да   діни   дүниетаным 

мәселесі   арнайы   тоқталуды   қажет   етеді.   Ислам   әлемін 

неғұрлым   тереңірек   таныған   сайын,   соғұрлым   оның 

тұңғиығына сүңгіп, інжу-маржан ілерің сөзсіз [6].

Ендеше,   таным   тағылымы   мол,   берері   көп   болғай.   Оған 

дәйек   болар   деректер   жетерлік   секілді.   Осы   тұрғыдан 

келгенде,   әдебиетіміздің   әлі   де   ашылмаған   ақтаңдақ   беттері 

64


бары,   жаңа   ақталған   ақын-   жазушыларымыздың 

шығармашылығын   ізерлеп   зерттеудің   қажеттігі   талас 

тудырмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. – 

5-6 бб.


2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары.– А.: Жазушы, 1988.– 560-б.

3. Джалаладдин Руми. Поэма о смысле. Притчи. – М., 1986.

4. Көпеев М.Ж. Хал-ахуал. Өлеңдер жинағы.  – Қазан,  1907. – 

20 б.


5. Сонда, 22 б.

6. Мырзахметов М. Абай және шығыс. – А.: Қазақстан, 1994. – 

260-б.

2. Діни таным-түсінікке негізделген шығармаларының 



әдеби байланыстағы орны

Рас, Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес 

уақыт намазды қаза жібермеген тақуа, пірадар адам болған. 

Ол   Бұқара,   Самарқанд   шаһарларында   жүрген   кезінде   дін 

оқуын   тәмамдап,   оны   толық   меңгереді.   Оның   дүниета-

нымында діни наным-сенім айрықша орын алады. Сондықтан 

бірқатар ғалымдар М.Ж.Көпеевті ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 

ғасырдың   басындағы   Қазақстандағы   қоғамдық   ой-сананың, 

діни-мистикалық ағымның өкілі деп танып келді. Ал, аталмыш 

ақынның   шығармаларын   идеялық-эстетикалық   мазмұн-

мағынасына   қарай   қарастырып,   тереңірек   үңілсек,   бұл 

пікірдің   оғаштығына   айқын  көз  жеткізер едік.  Әрине, бұған 

бертінге дейін үстемдік құрып келген сыңаржақ идеологияның 

шешуі ықпал етіп келгені талассыз.

Айтылған   пікірдің   ақиқаттығына   жету   үшін   мысал 

келтірейік.

1889   жылы   «Дала   уалаяты»   газетінде   Мәшһүрдің   ел 

аузынан   жинаған   «Адам   һәм   оның   ғұмыры»   атты   ертегісі 

басылды.   Шығарманың   қысқаша   мазмұны   мынадай:   Бұл 

дүниені,   жыр   мен   көкті   жаратушы   ием   адамды   және   басқа 

мақұлықтарды өз құзырына шақырып, әр қайсысына әртүрлі 

мінез, белгілі бір ғұмыр бермек болады. Ең әуелі адам барады, 

оған:  «сен   бәрінен  артық   жаратылдың,   саған   сөйлер   сөз   бен 

ақыл берілді. Барша мақұлықтар саған қызмет қылып, сенен 

төмен тұрады, өзің  жер үстінде  30 жыл өмір сүресің»,-дейді. 

65


Адам   бұл   ғұмыр   жасына   разы   болмай,   босағада   бөгеліп 

қалады.


Сонан   соң   келген   есекке   жаратушы:   «сен   ауыр   мехнат-

машақат көріп жүрерсің. Сөйтіп, елу жыл өмір сүрерсің»,- десе 

керек. Сонда есек жалынып: «Мұндай ауыр азаппен жүретін 

болғанша, менің ғұмырым 20 жылдай азайса тәуір болар еді»,-

дейді.

Сол уақытта адам келіп: «Есектің алмай тұрған 20 жасын 



менің ғұмырыма қосыңыз»,-деп арыз қылады, тәңірі оны разы 

қылады.


Онан   соң   иттің   кезегі   келіп   оған   айтты:   «Сенің   міндетті 

жұмысың – үй күзету, һәм нәрселерге қарауыл болу, ғұмырың 

дүниеде   қырық   жыл   болар»,-деп.   Ит   те   арыз   қылыпты: 

«Сондай   қорлықпенен   кешетін   өмірімді   20   жылға   азайта 

көріңіз».

Адам келіп тағы да иттің алмай тұрған 20 жасын сұрапты 

және арызына разылық алыпты.

Ең   соңында   кезек   маймылға   келіп,   оған   мынадай   сөз 

айтылады:   «Сенің  адамға   сыртқы сипатын  ұқсар,  бірақ  бала 

сықылды ақымақ боларсың, кісілерге ойын, ермек боларсың, 

өзің дүниеде 60 жыл жүрерсің».

Маймыл сорлы тізе бүгіп, арыз қылыпты: «Бүйтіп ақымақ 

болып,   адамзатқа   күлкі   болатын   болсам,   менің   ғұмырым   30 

жылдай   қысқарса   тәуір   болар   еді»,-дейді.   Адам   келіп, 

маймылдың тастап жатқан 30 жасын тағы сұрапты. Бұл жолы 

да ерінбей жүрген адамның арызы қабыл болыпты.

Сөйтіп,   адам   30   жыл   бақытты   дәурен   сүріп,   жас   жігіт 

болып   тұрыпты.  Онан  соң отыздан  асып,  елуге  шейін қатты 

жұмыс істеп көп мехнаттар көріпті. Бұл баяғы есектен алған 

20 жылы болады. Содан адам елуден асып, 70 жасына шейін 

оны-мұныларды   аңдып,   соның   үшін   кім   көрінгенмен 

ырылдасып итке ұқсап өмір сүріпті. Сонан 70-тен асқан соң 

ажардан, ақылынан айрылады, әркімге ермек, ойын болады. 

Сол жастар адамның  өз  еркімен маймылдан  алған  жылдары 

болады.

Қорыта   айтқанда,   жазушының   адамның   өмір   жасының 



белгілі   кезеңдерін   басқа   тіршілік   иелерінің   ғұмырларымен 

салыстыра   бейнелеуі   өте   ұтымды   шыққан.   Шығарманың 

мазмұны   Шығыс   елдеріне   белгілі   сюжет   желісі   болғанымен, 

Мәшһүрдің   осы   уақиғаны   таңдап   алуы   тегін   болмаса   керек. 

Егер шығарманың идеялық негізіне көз жүгіртіп, ой жүздіріп 

қара   болсақ,   бәріміз   мойынұсынатын   тәжірибеден   алынған 


жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет