Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

жалқаулықты сынға алады:



 

 

 



 

,

Кедей болар кері кеткен ұйқысы мол

 

 

 

 

 

.

Сайрап келіп тұрады үш қара жол

 

 

 

 

,

Кедейліктің бір үлкен жерік асы

 

 

 

 

 

. [6]

Жаман қатын бар үйден үзбейді қол

Шайыр   кедейліктің   түп   тамыры   еріншектікте   деген 

қорытынды жасайды. Немесе:

 

 

 

 

,

Парқы бар жақсының да жақсыменен

 

 

 

 

.

Балгер бірдей бола ма бақсыменен

 

 

 

 

 

,

Артымда ненің барын мен білем бе

 

 



 

,- [7]

Жамандық қанша болса тапшы менен

деп   адамгершілікті   мадақтап,   оған   жат   қылықтарға   жирене 

қарайды.

Мәшһүр   Жүсіп   өзінің   алдында   өмір   сүрген   қазақ 

ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абай секілді демократияшыл 

идеялардың рухын терең сезініп, прогреске ұмтылудың жолын 

ұсынды. Ол әлеуметтік прогреске жетуде еңбек шешуші роль 

атқарады   деп   білді.   Сондықтан   еңбек   тақырыбына   арнайы 

тоқталып, халқын адал да пайдалы еңбек етуге шақырады [8].

М.Ж. Көпеев реалист ақын ретінде өзі өмір сүрген дәуірдің 

ғана   бейнесін   суреттеп   қана   қойған   жоқ,   сонымен   бірге 

лирикалық   қаһарман   образын   сомдай   білді.   Оның 

шығармашылығының   өн   бойынан   туған   ел-жұртының   адал 

перзенті,   халқына   еңбек   етуден   еш   жалықпаған   ойшыл 

ақынның   азаматтық   тұлғасы   әрі   сөз   өнерінің   қадір-қасиетін 

жете сезінген нұрлы бейнесі айқын көрініп отырады.

Мәшһүр   оқу   мен   ғылым   үйрену   қажеттігі   туралы 

тұжырымдарын өлеңде ғана өрнектеп қойған жоқ, қара сөзбен 

де жазып қалдырды. «Ғылым – адам жанына түндіктен түскен 

Күн мен Ай сәулесі іспетті нұр құятындығын» айта келіп, ойын 

былай   қорытындылайды:   «Әркім   өз   жанын   тірілтуді   керек 

қылса, ғұмырын ғылым-білімге сарып қылсын. Ғылым-білімге 

ғұмырын сарып қылған пенденің жаны тіріліп, сыйлы болады. 

36


Ғылым-білімге   ғұмырын   сарп   қылмаған   пенденің   жаны   өлік 

жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады».

Ғұлама   ғалым   тек   жазу-сызумен   ғана   айналысып   қана 

қоймай,   балаларға   дін   сабағын   үйретіп,   дұрыс   тәлім-тәрбие 

берумен де айналысқан. «Ғылым-білім» деп аталатын еңбегінде 

ол:   «Ақымақтың   тізгіні   –   құлағы.   Ғақылдың   тізгіні   –   көңілі. 

Қатықтай   қатып,   сүттей   ұйып   жүре   береді.   Ғақылды   не 

нәрсені   естісе,   естуіне   қанағат   қылмай,   ғақылына   салып, 

көңілінің   дауалауына   тоқтайды»,   -деп   жас   ұрпақты   рухани 

өсуге шақырады [9].

Мерзімді  баспасөз  бетінде  жарияланған  бір  мақаласында 

да жазушы сол кездің жаңа бағыттағы оқу үлгісі – «жадитті» 

қуаттайды.   Осы   үлгіде   жазылған   кітаптардың   кеңінен 

таралуына белсене кіріседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

2. Сонда, 51 б.

3. Сонда, 58 б.

4. Сонда, 73 б.

5. Сонда, 125 б.

6. Сонда, 142 б.

7. Сонда, 145 б.

8. Кенжебаев   Б.   ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   әдебиеті.   –   А.: 

Мектеп, 1976. – 267 б.

9. Бөжеев М. Мәшһүр-Жүсіп мұралары хақында. // Жалын. – 

1974. – №3, 127–129 б.

4-дәріс тақырыбы

МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП АУҚЫМЫ, 

ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ

Мақсаты:   Ақынның   саяси-әлеуметтік,   азаматтық 

тақырыптағы   мысал   өлеңдерінің,   сюжеттік   туындыларының 

мазмұнын, идеясын танып, тағылымдық жүйесін түсіндіру

Міндеттері:

– жазбагердің өмірнамалық туындыларының әдеби-тарихи 

маңызын ашып көрсету;

– мысал   өлеңдерінің   діни   танымдық   мәні   мен   тәлім-

тәрбиелік маңызын айқындау.

37


Жоспар:

1. »Мәшһүрдің   қырық   алты   жасында   сөйлеген   сөзі», 

«Мәшһүр   Жүсіптің   алпыс   сегіз   жасында   сөйлеген   сөзі», 

«Мәшһүр   Жүсіптің   жетпіс   үш   жасында   сөйлеген   сөзі»   т.б. 

шығармаларындағы ғұмырнамалық деректер

2. »Шайтанның   саудасы»,   «Жарты   нан»,   «Тырна   мен 

қасқыр» т.б. мысал өлеңдеріндегі ғибрат, насихат.

Дәріс мазмұны:

1. »Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі», 

«Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», 

«Мәшһүр Жүсіптің жетпіс үш жасында сөйлеген сөзі» т.б. 

шығармаларындағы ғұмырнамалық деректер.

Шынында   да,   М.Ж. Көпеев   халқына   саяси-әлеуметтік 

бостандықты   талап   еткен   ХХ   ғасырдың   басындағы   алғашқы 

қайраткерлер қатарына жатады. Ол өз шығармалары арқылы 

патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілердің 

бірі   болды.   Қылышынан   қан   тамған   патша   өкіметінің 

жендеттерінен   қаймықпай,   қазақ   халқының   қоғамдық   және 

мәдени   мүдделеріне   сай   қажеттіліктерді   батыл   баяндайды. 

Жазушының   негізгі   еңбектерінде   сол   кездегі   қазақ   елінің 

тұрмыс   жайы,   патша   әкімдерінің   қалың   бұқараға   көрсеткен 

зорлық-зомбылығы,   халықтың   жер-суынан   айрылып,   ығыса 

көшуі, 17 октябрьдегі манифест, тағы басқалары сөз болады.

Сонымен   қатар,   ол   қазақ   даласының   өз   еркімен   орыс 

патшасының   бодандығына   өтуін   орны   толмас   қате   деп 

есептеді.   Және   би-болыс,   ауылнай   сияқты   елдің   атқамінер 

тобын   сынай   отырып,   осы   кесел-кемшіліктердің   түп   негізін 

қазақ қоғамындағы патша үкіметі орнатқан тәртіптен іздейді.

Түптеп   келгенде,   Мәшһүр   Жүсіптің   қайраткерлер,   ірі 

ақын-жазушы ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен де осы 

қоғамдық   даму   мен   оның   қайшылықтары,   ұлт   аймақтарын-

дағы езгінің күшеюі, сол кезеңдегі қазақ халқының  тағдыры 

т.б. жөніндегі ой түйіндері еді десек те болғандай.

Мәшһүрдің   халық   пен   заман   жайында   терең   толғаған, 

мәнді   де   маңызды   ой   қорытқан   туындыларының   қатарына 

«Мәшһүрдің   қырық   алты   жасында   сөйлеген   сөзі»,   «Ақ   қағаз, 

қалам,   сия   ...»,   «Ырыссыз   жоқ   нәрсеге   ерінеді»   және   т.б. 

өлеңдерін жатқызуға болады.

М.Ж. Көпеевтің   азаматтық   әуендегі   шығармаларында 

«Қазақ», «алаш» деген сөздер жиі қолданылады. Ел-жұрты үшін 

38


неге   болса   да   даяр,   жаны   жаралы,   көңілі   қаяу   патриот-

ақынның олай деуі заңды да. Себебі:



 



 



 

,

Бірлік қыл басыңды қос пайдаңды ойла



 



, – [1]

Қазағым қайран халқым бауырларым

деп ет-жүрегі елжіреп, туған халқының тағдыры мен болашағы 

туралы, «ойлай-ойлай басында ми қалмаған» Мәшһүрдің солай 

деуге   хұқы   бар.   Шығыс   пен   Батыстың   озық   мәдениетінен 

тәлім-тәрбие алған Мәшһүр өз халқының арманы мен тілегін 

өзге   жұрттардың   мақсат-мұратынан   бөлек   қараған   жоқ.   Өз 

елінің өзге  жұрттармен тең құқылы болуын   қалаған  Мәшһүр 

Жүсіп поэзиясындағы азаматтық үн, қуатты әуен осы бағытта 

айқын бой көрсетеді.

М.Ж. Көпеев   шығармашылығындағы   бұл   сипатты   өз 

дәуірінің идеологиясының ықпалынан шыға алмаған бірқатар 

ғалымдар   мен   әдебиет   сыншылары   басқаша   түсіндірді. 

Ақынның демократтық, ағартушылық бағыттағы ой-пікірлері 

орысқа,   Россияға   қарсы   көзқарас   есебінде   бағаланды.   Іс 

жүзінде ақын жырларында Ресейге емес, патша әкімшілігінің 

озбырлығы   мен   ел   билеу   жүйесіндегі   әділетсіздікке   деген 

қарсылық   идеясы   кең   жырланды.   Ол   алаш   жұртының 

отаршылдық   бұғауына   шырмалған   сорлылық   халіне   күйініп, 

ұлтжанды от сезімін өлең жолдарымен қызына өрнектейді:

 

 

 

,

Байланып қорыққандықтан жүрді тілім



 



 

.

Қазағым қайран жұртым есіл елім

 



 

 

,

Мұжық кеп қара шекпен крестьян

 

 

 

-

. [2]

Жеріңді қылмады ма тілім тілім

Қайраткер   ақын   қазақтарды   отарлануға   мойынсұнған 

құлдық   сезімнен   айығуға,   оянуға,   күресуге   шақырады. 

Азаматтық,   ұлтжандылық   сезіммен   суарылған   жырларында 

Мәшһүр   Жүсіп   ежелгі   түркі   тайпалары   қоныстанған 

мекендердің жат-жұрттың тепкісіне түскеніне, халқымыздың 

отарлық   саясатқа   жем   болып,   ұлттық   қасиеттерін   жоғалта, 

рухани азып-тозып ұсақтай бастағанына күйінеді:



 



 

 

,

Тауып ал тұман түспей тұстасыңды

 



 

 

.

Жолдас бол сынап алып қостасыңды

 

-

 

,

Баласы дін мұсылман ұрандасып

 

 



 

, – [3]

Қосып кісі санына қос басыңды

39


деп,   ақын   бүкіл   түркі   халықтарының   тұтастығын,   бірлігін 

аңсап, отаршылық бұғауынан құтылу жолын іздейді.

Сөйтіп, шайыр меңіреу күйдегі халқына жаны ашып, оны 

жігерлендіру   жолында   және   мәдениет,   өнер-білім   өріне 

жетелеуге   күш   жұмсады.   Ұлт   тағдырынан   жеке   басының 

күйігінен   артық   санап,   барлық   күш-қайратын,   ақыл-ойын 

жұмсап, халқын қалай да іргелі елдер қатарына қосуды арман 

етті.   Шайыр   енді   бірқатар   өлеңдерінде   басынан   кешкен 

жайттарды   әңгіме   етіп,   өзінің   өмір   туралы   толғаныстарын 

ортаға   салады.   Оның   «Мәшһүрдің   қырық   алты   жасында 

сөйлеген сөзі», «Жылым – қой», «Тауық жылы мен үш жаста», 

«Мәшһүр   атты   қалай   алғандығы   туралы»,   «Мәшһүр   Жүсіптің 

алпыс сегіз жасында сөйлеген сөзі», «Мәшһүр Жүсіптің жетпіс 

үш жасында сөйлеген сөзі» атты туындылары – өмірнамалық 

шығармалары  еді десек те болғандай.  Бұдан бүкіл  ғұмырын, 

халқының   бақыты   үшін   сарп   еткен   саналы   адамның   жан 

азабын,   көңіл   сырын   сезінесіз.   Өмір   жайлы,   жалпы   тіршілік 

атаулы   туралы   ой-түйіндерінен   оның   даналығы,   көрегендігі 

байқалады. Мәселен, «Мәшһүр Жүсіптің алпыс сегіз жасында 

сөйлеген сөзі» өлеңіндегі:



 

 

 

,

Жыландай ысқырумен төгіп зәрін

 

 

 

 

.

Тыныштықпен тата алмады ешкім нәрін

 



 

 

,

Көз соқыр құлақ саңырау болғандықтан

 

 

 

 

 

, – [4]

Біз білдік қызық дәурен соның бәрін

деген жолдағы философиялық пікірлер оқушысын толғандыра-

ры рас. Ал енді бірде:

-



 

 

 

,

Жылым қой биыл жасым жетпіс үште

 



 

 

 

 

.

Өң түгіл маған жалған жоқ қой түсте

 

 

 

 

,

Өткіздім мен өмірді босқа шаршап

 

 

 

 

, – [5]

Салумен ақ қағазға шимай кесте

деп, өз өмірінің көріністерін бедерлейді.

Ел тағдыры  туралы толғаныс  ақынның  төл  туындылары-

ның қай-қайсысынан да айқын аңғарылып, оның азаматтық 

кредосын   көрсетері   анық.   Мәселен,   ол   «Ғибратнамада» 

ақындық,   азаматтық   міндет   туралы   ойын   ұсынып   өзінің 

қоғамдағы орнын белгілемекші болады. Арманын ашық айта 

алмай, дағдарысқа ұшырап жүргенін ескерте келіп:



 

 

 

 

Болдым ғой өмірімді тауысқандай

 

 

 

 

Мерт болдым айға шауып арыстандай

40


 

 

 

 

 

Сұңқардай биік тауды мекен қылмай

 

 

 

, – [6]

Шықылыптап көзге түстім сауысқандай

дейді.   Ақын   алға   қойған   негізгі   идеясын  «ап-рахмет» 

жаңбырына теңейді. «Ғаламға ап-рахмет нұрын шашар, үстім 

су болады деп надан қашар» дей келіп:



 

 

 

,

Бұлттай жауатұғын менің өзім

 



 

 

,

Көкірегім қан жаспенен толған көзім

 

-

 

,

Жаңбырдың ап рахмет тамшысындай

 

 

 

 

, – 

Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім

деп, өзін саяси күрестің қаһарманы ретінде көрсетеді. Ойын 

мысалдап   түсіндірген   Мәшһүр   Жүсіп   бұлбұлды   қаршығаға 

кездестіреді.   Ол   қаршығаға:  «Сенің   тұрағың   «бектердің   оң 

қолында» патшалармен ойнассың, беделің артық, қадірің мол, 

мен қызыл гүл іздеп зарлаймын, оның ашылғанын не күндіз, 

не түнде көре алмай, «хасіретім» көп дейді.

Бұлбұлға жауап қайтарған қаршыға:





 



 

,

Аузыңды ақылың болса жабар едің

 

 

 

 

.

Үндемей сабыр қылып бағар едің

 

 

 

 

,

Тілі жоқ сықылды мылқау болсаң

 

 

 

 

 

, – 

Бір күнде мың мұратты табар едің

деп,   өзі   ісін   мақтан   тұтады,   бұлбұлдың   қылығын   келемеж 

қылады.

Бұл сөздерге бұлбұл қатты қынжылады.  Атақ құмар. қан 



құмар   қаршығаны   тілінің   бізін   сұға   аяусыз   кінәлайды. 

Бұлбұлды жақтаған ақын ойын:



 





 

,

Құс болсаң бозбалалар бұлбұлдай бол

 

 

 

 

, –

Табылар іздегенге бір қызыл гүл

деп түйіндейді. Яғни халық үшін еңбек еткен, алға ұмтылған 

адам  мұратқа жетеді дегенді  меңзейді. Болашақтан  зор үміт 

күткен ақынның өлеңінде осындай оптимистік сарын бар [7].

Сонымен қатар, романтикалық лирикасында ол қаршыға 

арқылы   патша   өкіметі   ұлықтарының,   өлексе   жеп   тойынған 

жыртқыштардың   типін   суретттесе,   оған   қарама-қарсы   ұзақ 

түнде атар таңды, қызыл гүлді аңсаған жақсылық жыршысы 

бұлбұлдың бейнесін жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.

2. Сонда, 40 б.

41


3. Сонда, 49 б.

4. Сонда, 56 б.

5. Сонда, 71 б.

6. Сонда, 88 б.

7. Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. – А.: Жазушы, 1984. – 254, 336, 

352-бб.


2. »Шайтанның саудасы», «Жарты нан», «Тырна 

мен қасқыр» т.б. мысал өлеңдеріндегі ғибрат, насихат

Мәселен,  «Шайтанның   саудасы»деген   шығармасы   соның 

дәлелі.


Жалпы, қазақ поэзиясында мысал жанрының өзіндік даму 

жолдары   мен   өзгешеліктері   бар   десек,   М.Ж.Көпеев   те 

әдебиеттің   осы   саласының   көркеюіне   едәуір   үлес   қосқан 

қаламгер.   Оның   ақындық   творчествосында   мысал 

шығармалар   да   баршылық.   Өзінің   ойын   ишарамен,   әрі 

көпшілікке   түсінікті   жеңіл   жеткізуге   қолайлы   бұл   жанрдың 

мүмкіндіктерін ақын ұтымды пайдаланған.

Бұл – ақынның сол кездегі қазақ қауымының жөнсіз әдет-

ғұрыптарын, өрескел қылықтарын, дін иелері мен ұлықтардың 

надандығын, парақорлығы мен әділетсіздігін, зұлымдығы мен 

мейірімсіздігін   әшкерелеген   көрнекті   де   көлемді   туындысы. 

Ақын   ел   тағдырына   қатысты   көптеген   ойын   ащы   сөзбен 

ашына айтады.

Шығарманың   мазмұны   мынадай:   он   қашыр,   бес   есекке 

жүк тиеп базарға шыққан шайтанға кездескен Ғайсаның: «не 

саудамен   келесің»   деген   сұрағына   шайтан:   «есектерге 

артқаным   жала   мен   өтірік,   күншілдік.   Озбырлық,   мекерлік, 

тәкаппарлық,   бұларды   байлар,   алыпсатарлар,   молдалар 

кедейлерге күн көрсетпей жүрген ұлықтар талап әкетеді», [1] – 

деп жауап береді. Әрине, бұл сөздерге Ғайса сенбейді. Бірақ 

шайтанның   сөзі   шындыққа   айналып,   тиеп   әкелген   өсек-

жалалары мен өтіріктерін тез сатып, оңай олжаға батады.

Ал,   шайтанның   қашырларға   артқан   жүгі   басқаша   екен. 

Оны «тамиғ» деп атайды, яғни дәм ету, тілемсектік деген сөз. 

Бір   қашарға   артқан   жүгін   шайтан   қайыршылар   мен   сопы-

бірадарларға оңай өткізсе де, қалған тоғыз қашырдағы жүкті 

ешкім   алмай   дағдарып   тұрған   кезінде   оларға   да   алушылар 

табылады:



 

 

 

 

 

,

Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті

 

 

 

.

Тоғызы өтпей біраз тентіретті

42






 

 

,

Қожа молда ишандар елді жеген

 

 

 

 

. [2]

Дағдарып тұрған шақта солар жетті

Сонымен,   бұл  «мүліктерін»   өмірі   бейнеттеніп   мал   тауып 

көрмеген ақсақал, қажы, қожа-молдаларға өткізеді.

Ақырында, Ғайса жеңіледі, шайтанның айтқаны дұрысқа 

шығады, адалдықтың, діннің тұтқасы саналатын молдалардың 

барлығы   алдымен   өтірікті,   ұрлықты,   алдауды,   күншілдікті, 

зұлымдықты   сатып   алушы   болды.   Поэманың   ақырында 

Мәшһүр Жүсіп мұның бәріне қорытынды жасап: «Заман азды, 

дін   бұзылды,   адамдардың   ішінде   адал,   әділ   жан   қалмады, 

шетінен   өтірік,   ұрлық,   зұлымдыққа   үйір   болып   кетті»   деп, 

уайымдайды. «Осыларды айтушы дүниеде жалғыз мен ғана, ең 

ақыры   өзімнің   қатын-балам   да   азған-адамдардың   қатарына 

жазылып кетті», – дейді.

Жазбагер   қызғылықты   оқиғаны   шығармаға   арқау   етіп, 

одан   өзіндік   ой-тұжырым   жасайды.   Мұнда   ар   мен   жан 

тазалығы,   әділдік   идеясы   ерекше   сипатқа   ие.   Жалпы,   бұл   – 

сюжеті қызық, әрі қоғам кеселдерін әшкерелеген өткір де зілді 

мысқылға толы көркем шығарма.

Ал, «Жарты нан хикаясында» абайсызда айдаһарға душар 

болып,   енді   содан   құтылудың   жолын   іздеген   адамның   айла-

қарекеті   баяндалады.   Суреткер   ақын   өмірдегі   келеңсіз 

көріністерді жалаң тізіп, сырттай жамандаудан  аулақ. Ол өз 

ойларын   құр   баяндап   та   айта   салмай,   шынайы   образдар 

арқылы ұтымды, әсерлі етіп жеткізуге тырысады.

Мәселен, өлеңде сандықтан шыққан айдаһардың соншама 

алып, үрейлі болуы, өзіне жақсылық жасаған адамды жұтпақ 

болып   төнуі   бірден   оқырманды   баурап   алады.   Өмірде   өзге 

түгіл өзіне қолғабыс еткен адамға да опа бермей, қайта оған 

қастық қылуға даяр тұратын адамдар бары еске түседі. Ақын 

белгілі оқиға желісін мысалға ала отырып, өзіндік ой-тұжырым 

жасайды.

М.Ж. Көпеевтің   осы   жанрға   қадам   тартып,   халыққа 

танымал   мотивтерді   алуында   үлкен   мән   бар.   Мысал   жанры 

қазақ   халқына   да   ежелден   етене   жақын   әрі   таныс   дүние 

болғандықтан   ғибрат   айтып,   дұрыстыққа,   жақсылыққа 

шақырудың   ең   бір   оңтайлы   амалы.   Мұнда   әрбір   мысалдың 

соңғы шумақтары алдыңғы айтылғаннан  шығатын  ой-түйіні, 

ақыл-насихат   болып   бітеді   де,   қазақтың   жалпақ   тілімен 

жеткізіледі.   Айталық,   «Тырна   мен   қасқыр»   деген   мысалда 

сүйекке қақалып, өлгелі тұрған жерінен қасқырды құтқарған 

43


тырнаға   алғыс   айтудың   орнына   тап   беріп,   оны   жеп   қоюға 

даяр болғанын суреттей келіп:



 

 

 

 

,

Көрінбей жөнел шапшаң көзіме енді

 

 

 

 

.

Түсініп айтқан менің сөзіме енді

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет