Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жазбагері   филология   ғылымдарының   докторы   –   Мұратхан 

Бөжеев.   Ғалым   айтқандай,   «Қазақстан   Республикасы   Ұлттық 

Ғылым   Академиясының   архивындағы   мағлұматтарға»   сүйене 

отырып,   М.Ж.Көпейұлының   өмірбаянынан   көптеген   бағалы 

деректер   берген.   Мақала   авторы   –   Мәшһүр   Жүсіптің   қазақ 

фольклоры   нұсқаларын   жинау   ісімен   көп   шұғылданып, 

«Желкілдек»,   «Ер   Көкше»,   «Көрұғлы»,   «Алтын   бас,   күміс   аяқ», 

«Сайын батыр», «Қырғыз барған батыр» сияқты нұсқауларымен 

қатар Бұқар жырау, Шөже, Шортанбай, Орынбай т.б. көптеген 

ақындар   сөздерін   кездестіретіндігімізді   тілге   тиек   ете   келіп 

былай дейді: «Мәшһүрдің ескі сөздерінің қалпын бұзбай дұрыс 

жазып   алуды   борыш   санағандығы   сондай,   жыр   нұсқалары 

табиғи көне түрін мол сақтағандығымен көзге түседі. Мұның 

бір   себебі   –   ол   дастандарда,   халықтың   жайын,   түрлі 

аңыздарын   жетік   білетін   көне   құлақ   даналар,   жыраулар 

сарқыны   мол   кезде   жинап   үлгерген.   Бұл   салада   қалдырған 

мұрасының   әдебиет   ғылымы   үшін   қаншалықты   құнды   екені 

өзінен-өзі түсінікті болса керек» [3,112 б.].

Ғалым   «Хал-ахуал»   кітабына   енген   «Ғибратнамасы»   мен 

«Шайтанның   саудасы»   атты   шығармаларына   талдау   жасап, 

ақынның   ұшқыр   ойын   дөп   басып   айтады.   М.Бөжеев   өз 

мақаласын   Көпейұлынан   қалған   «ұланғайыр   мол   дүниеге 

бүгінгі таңда әлі де болса терең зерттеп, жан-жақты әрі әділ 

бағасын беруіміз керек»,-деп түйеді.

М.Ж. Көпейұлының   туғанына   125   жыл   толуына   орай 

«Қазақ әдебиеті» газетінде (26 тамыз, 1983 жыл) белгілі ақын 

20


Д. Әбіловтің   «Шежіре   болған   серігі»   және   филология 

ғылымдарының   кандидаты   С.Дәуітовтің   «Халықтың   маржан 

сөзін қадірлеген» атты мақалалары жарық көрді.

Д. Әбілов   мақаласын   «М.Ж. Көпейұлы   діни   нанымға, 

ескілікке   қарсы   шыққан   белгілі   ағартушылардың   бірі»   деп 

бастайды.   Әрине,   бұл   саяси   тұжырымның   Мәшһүр   Жүсіпті 

ақтап, шығармашылығына шын жанашырлықтан туған ниет 

екені анық. Алайда, Мәшһүрдің діни оқу арқылы өмірге көзін 

ашып,   бүкіл   дүниетанымында   діни   уағыздық   айқын 

сезілетінін жоққа шығаруға болмайды [4].

Ал, С. Дәуітов мақаласында Мәшһүр Жүсіптің ел аузынан 

жинаған   әдебиет   үлгілері,   соның   ішінде   «Үлгілі   сөз»,   «Бата», 

Жар-жар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Шешендік сөз» туралы айтқан 

нұсқаларынан   мысалдар   келтіріп,   өзіндік   талдау   жасаған. 

С.Дәуітов кейінгі жылдары М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасын 

мерзімді   баспасөз   беттерінде   жариялап,   оқушы   қауымға   ол 

туралы көп мағлұмат беріп жүрген ғалымдардың бірі. Мұның 

жарқын   айғағы   ретінде   оның   Мәшһүр   Жүсіптің   екі   томдық 

таңдамалы   жинағын   құрастырып,   оған   көлемді   алғы   сөз 

жазғанын атап өтуге болады [5].

М.Ж. Көпейұлы   қолжазбаларымен   таныс   әрі   мағлұматы 

мол   ғалымдарымыздың   бірі   –   филология   ғылымдарының 

кандидаты Зұфар Сейітжанов. Оған оның 1990 жылы Қазақ 

ССР   ҒА   Шоқан   Уәлиханов   атындағы   сыйлыққа   ие   болған 

«Қазақ   фольклористиканың   тарихы»   атты   коллективтік 

жинаққа   енген   «Мәшһүр   Жүсіп   Көпеев»   деген   еңбегі   күә. 

Зұфар   да   ақынның   шығармашылық   өміржолына 

тоқтағанымен, оның халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін 

зерттеудің   негізгі   нысаны   етіп   алған.   Фольклоршының   ауыз 

әдебиетіне   сіңірген   еңбегін   жоғары   бағалай   отырып,   бұл 

саладағы артықшылығын да дөп басып, тани білген. Мысалы, 

Мәшһүр   Жүсіптің   фольклор   үлгілерін   жазып   алғанда   ескі 

сөздердің қалпын бұзбай жазып алуының маңызы зор екенін 

тілге   тиек   еткен.   Ғалым   Мәшһүрдің   ауыз   әдебиеті   үлгілерін 

өзінше   топтастырып,   жіктеуін   құптай   келіп,   бұл   әдіс-

тәсілдеріне  нақты мысалдар  арқылы көз жеткізеді. Сонымен 

қатар,   Көпейұлының   өзі   жинаған   фольклор   үлгілеріне 

этнографиялық түсініктер жасауын фольклоршыға тән қасиет 

деп тануы дәлелді [6].

Ғалым   Мәшһүр   Жүсіптің   көбірек   жинаған   әдебиет 

нұсқалары,   атап   айтқанда,   мақал-мәтелдер   мен   бата, 

шешендік сөздер, тарихи аңыздар дей келіп, фольклоршының 

қыр-сырын жан-жақты зерттеген.

21


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дүйсенбаев   Ы.   Ғасырлар   сыры   (қазақ   әдебиеті   тарихынан 

очерктер). – А.: Жазушы, 1970. – 192-б.

2. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – А., 1971. – 3-б.

3. Бөжеев   М.   Абайдың   ақындық   айналасы.   –   А.:   Жазушы, 

1971. – 112-б.

4. Әбілов Д. Шежіре болған серігі // Қазақ әдебиеті, 1983. 26 

тамыз


5. Дәуітов С. М.Ж. Көпеев // Көпеев М.Ж. Таңдамалы. 2-том-

дық. – А., 1990, 1992. – 272, 224-бб.

6. Сейітжанов З. Мәшһүр Жүсіп Көпеев // Қазақ фольклорис-

тикасының тарихы. – А.: Ғылым, 1988. – 353-388-бб.

3. Төңкеріске дейін жарық көрген кітаптарынан бастап 

бүгінгі күнге дейінгі том-том болып шыққан және шығуы 

жоспарлап шығармалар жинағы жайында

Біз   жоғарыда   М.Ж. Көпейұлы   және   оның   әдеби   мұрасы 

туралы жазылған бірқатар сыни еңбектерге тоқталып, шама-

шарқымызша   өз   ой-толғамдарымызды   ортаға   салдық. 

Сондағы түйгеніміз – Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы туралы 

әр   кезде   жазылып,   жарық   көрген   көптеген   мақалалар   мен 

монография   тараулары   және   арнайы   еңбектер   қазақ 

әдебиеттану саласында бұл біршама зерттелгенін растайды.

1959 жылдан жоғары оқу орындарында оқытылып, ақын 

творчествосы   жөнінде   жылы   лебіздер   баспасөз   бетінде   жиі 

жарияланып   айтылып   келсе   де,   Мәшһүр   Жүсіп   шығармала-

рының   кітап   болып   шығу   ісінің   кешеуілдеуіне   де   1952–1953 

жылдардағы   қате   көзқарастардың   салқыны   тиіп   келгені 

сөзсіз.   Тіпті   күні   кешегідейін   бірыңғай   тапсыздық   саясат 

әсерінен туып келген сыңаржақ тұжырымдардың М.Ж. Көпей-

ұлы   шығармашылығын   танып   білуде   де   өзіндік   әсері   болды. 

Олардың кейбірі жете білмегеннен жазылса, енді бірі біле тура 

жалтарып   шындықты   бүркемелеуге,   бұрмалауға   мәжбүр 

болғаннан   жазылған.   Сөйтіп   арада   40   жылдан   аса   уақыт 

өткеннен   кейін   басқа   да   ақын-жазушылар   қатарлы 

Ж. Көпейұлына   берілген   сыңаржақ,   теріс   бағаның   күшін 

жойғаны жариялылықтың арқасы деп білеміз. Осының дәлелі 

соңғы кездері әдебиетіміздің ақтаңдақ беттерінің бірі ретінде 

Мәшһүртану   ісі   қолға   алынып,   арнайы   ғылыми   еңбектер 

жазыла бастады.

22


Бұл істің бастамасы деп осы еңбек авторының 1994 жылы 

«М.Ж. Көпейұлының   әдеби   мұрасы»   атты   кандидаттық 

диссертациясы   мен   сол   жылы   жарық   көрген 

«М.Ж. Көпейұлының   шығармашылық   өмірбаяны»   деген 

методикалық нұсқауын айтуға болады [1].

Ақынның   туған   немерелері   –   филология   ғылымдарының 

докторы,   профессор   Қуандық   Мәшһүр-Жүсіптің   [2]   тың 

зерттеу еңбектері мен Сүйіндік Көпеевтің ғұмырнамалық соны 

деректері де баспасөз беттерінде жарық көрді. 1998 жылы екі 

көлемді   ғылыми   зерттеу   жұмысы   Гүлназ   Жүсіпованың   [3] 

«Мәшһүр-Жүсіп   дастандары»   мен   Нартай   Жүсіповтың 

«М.Ж. Көпейұлының   фольклорлық   еңбегі»   [4]   атты   кандидат-

тық   диссертациялары   қорғалды.   Сондай-ақ,   Е. Жүсіповтің 

қорғау   тақырыбы   бойынша   «Мәшһүр-Жүсіп   және   Шығыс 

руханияты»   атты   монографиясы   өткен   жылы   Алаш 

баспасынан жарық көрді [5].

Мәшһүр   Жүсіп   мұрасынынң   іріктеліп,   екі   томдық   кітап 

болып шығуы да жаңа заман желінің лебі. Оның ел ауызынан 

жинаған   «Ер   Едіге»,   «Ерсайын»   жырларының   «Қазақтың 

батырлық жыры» кітабына енуі, төл туындыларының мерзімді 

баспасөзде   жарық   көруі   –   игілікті   істің   бастамасы   ғана. 

Алдағы   уақытта   М.Ж. Көпейұлының   қыруар   мол   мұрасы 

жарияланып, тарихи, этнографиялық тұрғыда байыпталынуы, 

әдеби ғылыми аспектіде әрі теориялық, әрі тарихи-көркемдік 

електен өткізілуі, сөйтіп сарапталынып барып, әдебиетіміздің 

тарихынан өзінің лайықты орнын алуы тиіс.

Қысқасы,   бүгінде   көк   байрақ   туымызды   желбіретіп, 

тәуелсіз   ел   атанып,   қайта   құрылып   жатқан   күндері   өзіміз 

орындауға   ұмтылып   отырған   идеяларды   ол   сонау   жылдары 

ұсынған  болатын.  М.Ж. Көпеев мұрасының  көп кедергіге кез 

болып, осы күнге дейін түбегейлі зерттелмеу себебі де осында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сүтжанов   С.Н.   Мәшһүр   мұрасы.   –   Павлодар:   НПФ   «ЭКО», 

2001. – 104 б.

2. Мәшһүр-Жүсіп   Қ.П.   Қазақ   лирикасындағы   стиль   және 

бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.

3. Жүсіпова   Г.   Мәшһүр-Жүсіп   дастандары.   –   Павлодар:   НПФ 

«ЭКО», 1999. – 164 б.

4. Жүсіпов Н. М.Ж. Көпейұлының фольклорлық еңбегі. – Павло-

дар: НПФ «ЭКО», 1999. – 126 б.

5.   Жүсіпов   Е.   Мәшһүр   Жүсіп   және   Шығыс   руханияты.   – 

Алматы: Алаш, 2005. – 184 б.

23


3-дәріс тақырыбы

МӘШҺҮР ЖҮСІП ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ 

ЖАҒДАЙ КӨРІНІСІ

Мақсаты:   ХІХ   ғасырдың   соңы   мен   ХХ   ғасырдың 

басындағы   қазақ   қоғамында   белең   алған   теңсіздік, 

әділетсіздік,   тағысын   тағылар   мен   елдің   ескілік,   мешеулік 

халде   қалуы   –   бәрі   де   көрнекті   де   көреген   ақынның   төл 

шығармаларында орын алуын байыптап, бағалау.

Міндеттері:

– ақынның   Қазан   қаласында   1907   жылы   жарық   көрген 

кітаптарына талдау жасау;

– жазбагердің   «Дала   уалаяты»   газетінде   жарияланған 

мақалаларын сол кезеңнің сипаты негізінде саралау;

– халықты   өнер-білімге   үйренуге   үгіттеген   ағартушылық 

сарындағы өлеңдерін зерделеп қарастыру

Жоспар:


1. «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тіршілікте 

көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптарына енген 

шығармалары

2. Баспасөз   бетінде   жарық   көрген   шығармаларының 

тақырыптық-идеялық негізі, мән-маңызы

3. Халықты   өнер   мен   ғылым   үйренуге,   оқып,   білім   алуға 

шақырған не көлемді туындылары

Дәріс мазмұны:

1. «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», 

«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 

кітаптарына енген шығармалары

Жазбагер  «Сарыарқаның   кімдікі   екендігі»   атты   еңбегінде 

қазақтың   жер-суынан   айрылып,   патшаның   отаршылық 

талауына түскенін жазады. Алдымен қазақтың кең жер, ата-

қонысы   жайында,   бұдан   арғы   500–600   жылғы   қазақ 

тарихынан   әңгіме   қозғайды.   Сарыарқа   –   қазақтың   Ноғайлы 

заманынан бері қарай мекендеп, туып-өсіп келе жатқан жері. 

Арқадағы   жер   аттарының   аталу   тарихын   «Қозы-Көрпеш   – 

Баян сұлу» жырымен байланыстырады. Бұл жер – Қытайдың, 

Жоңғар қалмақтарының Орта Азия хандығының шабуылынан 

24


сан рет қорғап алып қалған, осы жер үшін қазақ халқы, оның 

талай   ерлері,   талай   батырлары   қанын   төгіп   еді   дейді:   «Бұл 

қазақ иесіз жатқан жерге текке ие болған жоқ. «Ақ найзаның 

ұшымен,   ақ   білектің   күшімен»   кеше   Қаракерей   Қабанбай, 

Қанжығалы   Бөгенбай,   Қаздауысты   Қазыбек,   Шақшақұлы 

Жәнібек замандарында  жаннан көшіп, сусын орнына қызыл 

қан ішіп, «жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, 

қара   қанға   басылып»,   шыбын   жанын   нысанаға   байлап,   не 

маңғаз жау қолында оққа ұшып, өліп, сөйтіп алған жері еді.

Ата-бабамыз   не   үшін   қырылды?   Кейінгі   үрім-бұтағына 

жер-су алып  беремін деп қырылды.  Жалғыз  менің ата-бабам 

емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті 

бұл   Сарыарқа   біздің   қазаққа   атасының   құны   болып,   олжа 

болып еді» [1].

Сөйтіп,   ата-бабамыз   қан   төгіп   алған   Сарыарқа   таланып 

жатыр, патша оны тартып алып, переселендерге беріп жатыр 

деп,   Мәшһүр   Жүсіп   қатты   күйінеді.   Мұнан   кейін   ол   қазақ 

халқының   Ресей   патшасының   қол   астына   қарау   тарихына 

тоқталады.   Қазақстан   Ресей   патшалығына   қараған   кездегі 

халықтың Сарыарқа үшін қалай күрескенін айтады. Жазбагер 

ойы   патшаның   қол   астына   қарамай,   жерді,   қонысты   аман 

сақтау жөнінде басшылық еткендер Кенесары, Наурызбай еді. 

Олар халықты патшаға бағынба деп үгіттеді» дегенге саяды.

Мәшһүр өзінің шығармаларында:  «Кенесары, Наурызбай-

дың   бұл   сөзін   қазақтың   сатқынды   феодалдары   қостамады, 

шоқ   билер   жұртты   ноқталағандай   патшаға   бағындыруға 

кірісті.   Сарыарқаның   ең   шұрайлы   кіндіктері   Баянауыл, 

Көкшетау сияқты жерлерге қала салуға ұлықсат берді. Сөйтіп, 

сонан бері Сарыарқа талауға түсті. Міне, осы күні қазақ халқы 

сол кең жерінің оннан біріне ие бола алмай отыр, күн сайын 

кедейленіп бара жатыр. Оның үстіне елді ұлықтар, болыстар, 

ауылнайлар   талап,   зорлап   қырып   барады»,   [2]   –   деп   күйіне 

жазады.

Мәшһүр   Жүсіп   Қазақстандағы   жер   мәселесін,   қазақ 



халқының   қоныстан   қысым   көру   мәселесін   кең   тарихи 

проблема   етіп   көрсетеді.   Бұл   мәселенің   халықтың   азаттық, 

отан, ел үшін күресімен байланысты, күнбе-күнгі тіршілігімен 

байланысты, саяси ұлттық теңсіздігімен байланысты проблема 

екенін баяндайды. ХІХ ғасырдың (30–40 жылдарында болған) 

Кенесары,   Наурызбай   бастаған   қазақ   халқының   патшаға 

қарсы   көтерілісі   өзінің   тәуелсіздігі,   жері,   Отаны   үшін   күрес 

екенін ашық айтады.

25


Сөйтіп,   ол   халықтың   шұрайлы   жерінен,   мал   өрісінен 

айрылғаны,   ел   ішінен   береке-бірліктің   кеткенін, 

чиновниктердің қала салып, егін еккенін ашына айтады. Сол 

кездегі жер, ауылға келгендермен бірге, қазақ тұрмысына көп 

жаңалықтың   енгені,   атап   айтқанда,   ел   ішінде   егін   салу,   бір 

жерге   тұрақталып   отыру,   газет-журнал   шығару,   оқу-ағарту 

мен   мәдени   істердің   көпшілігі   қауымға   бірте-бірте   тарай 

бастағанын   ашық   жазды.   Оның   бұл   пікірінен   сол   кездегі 

жұрттың   тұрмыс   жайы,   жер   атаулары   елдің   ішкі-сыртқы 

жағдайымен   көрінеді.   Сонымен   қатар,   Мәшһүр   Жүсіптің 

топономия,  этнография   туралы   дәлелді   де   дәйекті   тұлғалары 

ауыз   тұщытарлық.   Мәселен,   «Сарыарқаның   күн   шығыс 

жағында ашық намаз оқылатұғын құбылаға төрі тура келген 

тас   қорғандар   бар.   Ол   ноғайлының   қалақ   қалмаған   күнде 

намаз оқу үшін тастан жасаған қорғаны екен деп айтысады. 

Сарыарқада   жары   терең,   суы   аз   өзендер   бұл   замандағы 

ноғайлардың   егін   салу   үшін   қазған   арығы   екен»,   –   деп   ой 

екшеуі  шындыққа   саяды.   Осы  сияқты  жазушының  тағы  бір 

қызғылықты   дерегі   мынандай:   «Қалмақ   деген   жұрт   өлген 

кісісін қойдың бір санымен, бір құмыра сумен далаға апарып 

тастайды екен.

Сол   басындағы   тамақтарын   ақ   ит   келіп   жеген   болса, 

«Иманды   болды,   пейішке   барады»,-   деп   біледі   екен,   қара   ит 

келіп   жесе,   «Имансыз   болды,   дозаққа   барады»,   –   деп   біледі 

екен. Жаназасы сол – қалмақ тасқа табынады, кісі басы не бір-

бір   тасы   болады,   сол   тастармен   бастырып   үйіп   кетеді   екен. 

Сарыарқадағы «Оба» дейтұғын үйілген көп тас қалмақтардың 

өлгеніне   шығарған   жаназасы   екен...   Бағызы   бір   қадірлісіне 

адам суреті сықылдандырып сынтас қояды екен. Қай жерде 

болса   да   күйген   кірпіштен   жасалып,   жермен   жер   болып 

кепкен   кірпіштер   –   ноғайлардың   моласы,   тастан   үйілген 

обалар – қалмақтардың обасы ...»

Біз   сөзбен   айтқанда   жазбагердің   жер-су   аттарына 

байланысты ой-толғамдарының ғылым үшін маңызы зор екені 

анық.   Жазбагердің   «Сарыарқаның   кімдікі   екендігі»   кітабына 

енген «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты еңбегі сол кез 

үшін   мәні   зор   елеулі   мәселелерді   көтеруімен   құнды.   Олар 

мыналар: қазақ мүддесін қолдау үшін думаға депутат сайлау 

мәселесі;   саяси   көзқарасына   байланысты   түрмеге   жабуды 

сынау; патша әкімдерінің зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу, 

қысымға қарсы бірігіп күреспей, жоғарыдағыларға бас ұрып 

көне берушілікті, жікке бөлінуді анықтау; ел мұқтажына жан 

26


ауыртпай, қара басының қамын көздейтіндерді сөзбен түйреу, 

әділдік жолына бас тіккен ерлерді үлгі ету, т.б.

1905   жылы   енді   қазаққа   бір   кеңшілік   болғалы   тұр, 

патшаның пейілі кеңіді, қазақ сияқты халыққа рахымы түсіп, 

17   октябрь   манифесін   шығарады   деп   ақын   үлкен   үмітте 

болады. Бізге енді кеңшілік тауар, біздің халімізді патша осы 

уақытқа дейін ұқпай жүр екен-ау деген наныммен:

 

 

 

 

,

Сөз шықты біздің қазақ баласына

 

 

 

.

Петербор келіңіз деп қаласына

 

 

 

 

,

Кеңшілік ойлай берсең келе жатыр

 

 

 

, – [3]

Сахараның көшіп жүрген даласына

дейді.


Шынында,   17   октябрь  манифесінен   жаңа   мемлекеттік 

думадан   жұрт   үлкен   үміт   күтеді.   1905   жыл   оқиғасы   қазақ 

халқының   құлағына   тиіп   қана   қоймай,   олардың   арасында 

үлкен   қимыл   тудырады.   Дума   сайлауын   бетке   ұстаған 

құрылтайлар, жиылыстар қала, жәрмеңке сайын болып, онда 

көптеген   саяси   талаптар   ұсынылды.   Бұл   жайында   Мәшһүр 

Жүсіп былай дейді:

 

 

 

,

Патшаның құзырына тартып қалам

 

 

 

-

 

.

Бас қосқан өңшең жүйрік білгіш адам

 

 

 

 

,

Дінмен жалғыз жер емес сұраулары

 

 

 

 [4].

Сұраған бостандықты тегіс тәмам

Расында, ондай жиындарда дін, жер және ұлт бостанды-

ғы,   теңдік   идеясы   туралы   ұлықтарға   арыз-петициялар 

жіберілген.   1906   жылы   сол   жиылыстарды   ұйымдастырушы-

лардың көбі жер аударылған. Олар – жаңа қалыптаса бастаған 

қазақтың ұлттық интеллегенциясының өкілдері еді.

Өз елінің мұң-мұқтажын, арман-тілегін жете түсінген ақын 

халықтық тұрғыда сөйлейді.



 

 

,

Дінімізді кемітіп қорламасын

 

 

.

Көзімізді бақырайтып ұрламасын

 

 

 

,

Баламызды билетсін өзі бізге

 

 

 

. [5] – 

Оқысын деп орысша зорламасын

дей келіп, «бұрынғы ықтиярсыз қолдан кеткен жер мен судың» 

қайтарылып,   мешіт   пен   медресенің   билігі   халықтың   өзіне 

тиюін талап етеді.

Сөйтіп   халықтың   талап-тілектері   орындалмай,   аяқасты 

болады.   Мәшһүр   ел   үмітінің   бекерге   шыққанына   көзі   жетіп, 

27


манифестің   өтірік,   алдау   екенін   ұғынып,   патшадан,   оның 

үкіметінен   бастап   барлық   әкімдеріне   дейін   халықтың 

дұшпаны екенін, шетінен алдаушы екенін түсіне бастайды:

 

 

 

 

,

Түңілді естіген жұрт мынан таза

 

 



 

.

Дәнеңе жоқ білмегенге білген аса

 

 

 

 

,

Манифест бар деушілер тұтқын болып

 

 

 

 

.

Кесілді еш себепсіз оған жаза

 

 

 

 

 

,

Бір құдай бізге жарық таңыңды атыр

 



 



 

 

, [6] –

Болар ек атса таңың біз де оқалар

деп,   ақын   бостандық   таңын   аңсайды.   Ақын   елің   үшін 

қамалсаң да, бостандық күресінен бас тартуға болмайды, «бас 

та азат, орын да азат, форма да азат, еркімен жүрсін әркім 

пайдасына» деп армандайды.

 

 

,

Болыңдар көтермекші жарысқанға

 



.

Дұшпанмен жағаласқан алысқанға

 

 

 

 

,

Бір тиын онан құны кемімейді

 

 

 

. [7]

Салғанмен қанша кісен арыстанға

Мұнда   ақын   бостандық   күресіне   түскендерді   арыстанға 

теңей   келіп,   халықты   батыл   саяси   күреске   шақырады. 

«Зындан түбі – бостандық, күрес түбі – қайыр» дейді. Халықтар 

түрмесі   болған   патшалық   тәртіпке   көрсеткен   бұл   қарсылық, 

наразылық.

М.Ж. Көпеевтің   бостандық,   жарық   күнді   аңсау   түрінде 

жазған   осындай   бірнеше   өлеңдері   бар.   «Күн   мен   түн»   деген 

өлеңінде   ол   бостандық   символы   түрінде   күнді   бейнелеп 

суреттейді.

Шығарманың   мазмұны   мынадай:   ақын   жалғыз   өзі   ылғи 

қараңғы түнде өмір сүреді: түнде ояу бір жан жоқ, жұрт түгел 

ұйқыда жатады. Тек, жалғыз өзі ғана аспандағы айға телміріп, 

қараумен   болады.   Ол   жарық   айға   қарап,   қараңғы   түнді 


жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет