Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

байқалатыны   –   фольклоршының   қағаз   бетіне   түсірген   ауыз 

әдебиеті нұсқаларының халықтық қасиеті кіршіксіз сақталып, 

көркемдік   бояу   жағынан   ажарланып,   құлпыра   түскен, 

байсалды   сөз   зергерінің   қолынан   өткендігі.   Бір   мысал,   1929 

жылы   Ташкентте   Мәшһүр   Жүсіп   Көпейұлының 

құрастыруымен   «Түлкі,   қасқыр,   түйе,   арыстан»   ертегісі   жеке 

кітап   болып   басылып   шықты.   Бұл   ертегінің   басқа   да 

нұсқалары бар. Мәшһүр Жүсіп жинап жариялаған нұсқа сөз 

нақышымен ерекше көзге түседі, әсіресе, күлкі қудың барлық 

аярлығы   сөзінен   көрінеді:   «Үш   дос   (қасқыр,   арыстан,   түлкі) 

оңаша   кеңесіп,   түйенің   көзін   жоюға   ұйғарысады.   Бірақ, 

әлімжеттік   қылып,   барып   бас   салудан   ұялып,   түйемен 

тілдесуге түлкіні жібереді.

...Түлкі түйенің қасына келіп, солқ-солқ етіп жылай берді.

Сонда түйе маңқиып:

– Түлкішегім, неге жылайсыз? – деп сұрайды.

– Жыламай қайтейін: мына өзге үшеуіміз бір төбе, сен бір 

төбе   едің.   Көрнектіміз   де,   көріктіміз   де   сен   едің.   Қараңды 

көріп,   ішпей   мас,   жемей   тоқ   боп   жүруші   едік,   сенен 

айырылып  қалсақ, құтымыз қашады-ау, қарынымыз ашады-

ау, деп жылаймын, – дегенде, түйе шошып кетіп:

– Түлкішегім, әлде жаман түс көрдің бе? – депті.

– Тәйірі,   түсті   айтып   тұрғанын!   Қылышын   сүйретіп   қыс 

келеді,   түйенің   шудасынан   қар   жауады,   оңды-терісі   боран 

соғады, шөп қар астында қалады. Мынау үшеуіміз інге кірсек 

те жан сақтаймыз. Сенің құрықтай мойының бар, сырықтай 

сирағың бар, өркешің анау-мынау қораға да сияр емес. Осы 

байғұс   жел   өтпейтін   жабуға   сүйеніп,   асты   құрғақ,   жылы 

қорада жатып, жан сақтап жүрген мал еді; үскірік аязда босқа 

83


өліп қалады-ау деп, ішім елжіреп сені қимай жылап тұрмын 

ғой, – дегенде, түйе түлкінің бұл сөзіне қатықтай қатып, сүттей 

ұйып:

– Маған бір ақыл тауып бер, – депті» [2].



Міне,   мұндағы   бейнелі   сөздердің   молдығы,   ойнақы 

айтылуы   –   шығарманың   қарымды   қалам   иесінің   қолынан 

өткендігін   әрі   ауызекі   сөздің   тамаша   үлгісі   қалпын 

жоймағанын байқатады.

Осы   орайда   фольклоршы   ғалым   З.Сейітжанов:   «18–19 

ғасырдағы   ғалымдардың   көпшілігі   фольклорды   этнография-

лық тұрғыдан қарап жинағаны секілді Мәшһүр Жүсіп те осы 

дәстүрді   сақтаған.   Тұрмыс-салт   өлеңдерін   жазып   алғанда 

этнографиялық   түсініктер   беріп,   кейбір   өлең-жырлардың 

қандай   жағдайда   айтылғандығы   жөнінде   ескертпелер   жасап 

отырған»   –   деген   орынды   пікір   айтады.   Мәселен,   Мәшһүр 

«Беташар» жыры туралы: «Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем 

етіп   отырады.   Күйеудің   туғандары,   ағайындары   –   бәрі 

отырады.   Онан   соң   бір   кісі   ағаштың   басына   бір   асыл 

бұйымнан   шүберек   байлап   алып   тығылып   отырып,   келіннің 

басындағы   бүркенген   желегін   көтеріп,   бетін   ашып   былайша 

өлең айтады» [3], – деп қысқаша түсініктеме бере келіп, өлең 

жолдарын тізбектейді:









 

,

Айт айт келін айт келін

 

 



,

Атыңның басын тарт келін

 

 

,

Сауысқаннан сақ келін

 

 

.

Жұмыртқадан ақ келін





,

Келін келін келіншек

 

 

,

Кер биенің құлыншақ

 

,

Салбыраған тұлымшақ

 

 



Алдыңғы түйең итіншек

 

 



Артқы түйең тартқыншақ

-



... [4]

Ұрып соқпа келіншек

Жинаушы тұрмыс-салт жырларын  «Жар-жар», «Беташар», 

«Сыңсу»,   «Жоқтау»,   «Бата»,   «Қара   өлең»   деп   бірнеше   салаға 

жіктеген. әсіресе, өлімге байланысты туған жоқтау өлеңдеріне 

көп көңіл бөлген. Мазмұны да, көлемі де әрқалай болып келген 

жоқтауларды кім-кімге шығарғанын ескертіп отырған.

Жоқтау   жырларда   халықтың   айтулы   ұл-қыздарының 

дүниеден мезгілсіз өтуі ауыр қайғы, орны толмас өкініш екені 

айтылады,   өлімге,   ажалға   наразылық   білдіреді,   «аһ»   ұрған 

сарыны естіледі. Мәселен,,  «Батырбек  дегеннің қызы  Балғын 

өлгенде шешесінің жоқтау» дегенде ардақты ана:

84


 

   

,

Бойынан Досманенің ел өтеді

 

 

 

 

.

Шапаннан жалаң қабат жел өтеді

-



 



 

,

Сығыр ай мен зарланбай кім зарлансын

 

 

 

 

.

Балғынның енді маған айы өтеді

 

 

 

,

Досманенің бауры жалғыз талды

 

 

 

 

,

Аямаған бір құдай жалғызды алды

 

 

 

 

,

Елу беске кеткенде сұмырай Бәтен

 

 

 

, – [5]

Жалғызынан айрылып аңырай қалды

деп, аяулы баласына деген көңіл шерін ерекше аңыратып, көз 

жасын көл етеді.

Жинаушының   қолжазбалар   қорында   бұдан   басқа   тағы 

бірнеше   жоқтау   өлеңдері   бар.   Олар   мыналар:   «Жоқтау» 

(Кеңгірбай өлгенде), «Бопының қарындасының күйеуі өлгенде 

жоқтағанда»,   «Тәтіні   жоқтау»,   «Мұқыш   марқұмды   жоқтау» 

және   т.б.   Бұл   туралы   М.Ж. Көпеев   жинап   қалдырған   халық 

ауыз әдебиетінің нұсқаларын арнайы зерттеген З. Сейітжанов 

былай   дейді:   «Мәшһүр   тек   адамдарға   байланысты 

жоқтаулармен   шектелмей,   жан-жануарларға   да   байланысты 

айтылған   жоқтауларды   да   жинаған.   Бір   саятшының 

қаршығасы өлгенде жоқтап шығарған өлең төмендегідей, -деп 

мысал келтіреді:





 

,

Көкжендет мойның ұзын

 

,

шалғың қысқа

 

Салғанмен жалықпастан

 

.

талай құсқа

 



 

 

 

Алты қаз он бір үйрек бір

 

,

жерде қалып

 

 

Дуадақ жолықпады сен

.

байғұсқа



 

 

 

Көкжендет сен де кәрі мен

 

,

де кәрі

 

 

Көкжендеттей болсашы құстың

.

бәрі

 

 

 

 

 

Алты қазды бір жерде алып

,

ұрып

 

 

 

Танбайды баяғысынан байғұс

 ... [5]

кәрі

Бұл   арнауда  қаршығаның   қырандығы,   алғырлығы   және 

иесіне талай олжа түсіргендігі дәріптеледі.

Осы орайда, айта кететін бір жайт, М.Ж.Көпеев өзі де осы 

тақырыпқа   қалам   тартып,   «Мұса»   (Шорманов)   атты   жоқтау 

85


шығарған.   Бұл   –   ғалым   Тоқтар   Арынов   құрастырған   кітап-

тарындағы ең көлемді жоқтаулардың бірі (345 жол).

Мұса   Шорманов   (1819–1885)   оқыған,   білімді   азамат 

болғаны   белгілі.   Ол   1885   жылы   Омбыға   барған   сапарында 

қайтыс   болады.   Жоқтауда   ел   азаматының   халық   қамы   үшін 

еткен қызметі, оның парасаты сөз болады.

Шайыр фольклор нұсқаларын жинағанда, жұмбақтарға да 

назар   аударған.   Кейбір   жұмбақтардың   шешуі   берілген   де, 

кейбірінікі   жазылмаған.   Мәселен,   «Бірін-бірі   қуысып 

шаршамастан  өмір өткізген не нәрсе?» Шешуі: Күн мен түн. 

«Үш арсыз, үш даусыз бар, үш қадірсіз бар, бұлар ше?» Шешуі: 

Ұйқы, тамақ, күлкі. Ал, «Жансыз, денесіз дем алып тұрған не 

нәрсе?», «Өзі өлді де өлгендік себебімен екінші өлікті тірілтті, 

бұл не нәрсе? деген сияқты жұмбақтардың шешуін жазбаған.

Фольклоршы халық өлеңдерінің бір түрін «Бата сөзі» деген 

атпен топтастырған. Бата үлгілерінің бес-алты жолдан шағын 

да ұзақ айтылатын көлемдісі де бар.

Мәшекеңнің әдеби мұрасын жинақтап бастырушы ғалым 

С. Дәуітовтың   [6]   айтуынша:   «Жинаушының   архивінде   350 

жыл  бата   сөзі   бар.  Тең  жартысы  7–8  буынды   жыр  үлгісімен 

жазылған   да,   ал   жартысы   11   буынды   қара   өлеңмен 

өрнектелген.   Бір   қызығы,   олар   кейде   тақпақ,   кейде   терме 

түрінде,   ал   енді   бірде   нөсерлі   жыр   жолдарын   еске   салады. 

Мәшһүр   жинаған   бата   сөздердің   бір   парасы   ас   қайыруға 

арналған:





,

Асың асың асыңа

 

 

.

Береке берсін басыңа

 

,

Бөденедей жорғалап

 

,

Қырғауылдай қорғалап

 

 

.

Қыдыр келсін қасыңа

 

 

 

,

Осы тұрған боз үйге

 

 

.

Қыдыр ата дарысын

 

 

,

Бәйбішесі боз үйдің

 

 

 

,

Он екі құрсақ көтеріп

 

 

.

Ауылға көзі жарысын

 

 

,

Оқ жіберсе жетпесін

 

 

,

Тәңір берген несібең

 

. [7]

Тепкілесе кетпесін

Мәшһүр   Жүсіптің  «Қара   месінде»   батаның   алғыс   және 

қарғыс түрлері берілген. Батаның қарғыс түрі мынадай болып 

келеді:


 

 

 

,

Саған қас қалған кісінің

86


 

 

 

.

Базарға барып аты өлсін

 

 

,

Ерте кетіп қайтқанда

 



 

 ...

Үйіне келсе қатыны өлсін

 

,

Шаңырағы шартылдап

 

.

Жандарына қадалсын

 

,

Күлдіреуіші күртілдеп

 

,

Көзіне қадалсын

 [8]

Аллауакбар

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан   Республикасы   ҰҒА   Орталық   кітапханасының 

қолжазбалар қоры. 1173-папка.

2. Сонда.

3. Сейітжанов З.. М.Ж.Көпеев // Қазақ фольклористикасының 

тарихы. – А., 1988. – 353-358 б.б.

4. Қазақстан   Республикасы   ҰҒА   Орталық   кітапханасының 

қолжазбалар қоры. 1173-папка.

5. Сонда.

6. Дәуітов С. М.Ж. Көпеев // Көпеев М.Ж. Таңдамалы. 2-том-

дық. – А., 1990, 1992. – 272, 224-бб.

7. Қазақстан   Республикасы   ҰҒА   Орталық   кітапханасының 

қолжазбалар қоры. 1173-папка.

8. Сонда.

9. Жүсіпов   Н.Қ.   Мәшһүр-Жүсіп   және   фольклор.   –   Павлодар, 

1999. – 93 б.

2. Мәшһүр жинаған фольклорлық нұсқалардың бірі – айтыс, 

шежірелер

М.Ж. Көпеев   жинаған   ауыз   әдебиеті   нұсқаларының 

ішіндегі   көлемі   жағынан   көбі   де,   маңызы   жағынан 

салмақтысы   да   айтыстар.   Олар   мыналар:   Балта   мен   Шөже, 

Шөже   мен   Қалдыбай,   Сақау   мен   Тоғжан,   Жанақ   пен   Түбек, 

Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Ұлбике мен Жанкелді, 

Ақбала   мен   Боздақ,   Шортанбай   мен   Орынбай,   Заман   мен 

Ұмсыл,   Түбек   пен   Жәмішбай,   Көтеш   пен   қыз,   Күнекей   мен 

Көтеш, Мәнен мен Оспан айтыстары.

Мәшһүр  Жүсіп  айтыс  жанрының  өзгешелігін  сезініп,  кім 

кімнің кіммен айтысқаны, көлемінің қанша екендігі жөнінде 

деректер ұсынып отырған. Мысалы, жинаушылардың айтуына 

қарағанда,   «Жанақ   пен   Түбек   айтысы»   37   ауыз   өлең,   «Шөже 

мен Қалдыбайдың айтысы» 15 ауыз өлең, «Балта мен Шөженің 

айтысы» 21 ауыз өлең, «Түбек пен Жәнібектің айтысы» 37 ауыз 

өлең.


87

Фольклоршы топтастырған айтыстардың түрлері әрқалай – 

ақындар айтысы, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, өлі мен 

тірінің айтысы, жұмбақ айтыс сияқты болып келеді. Мәселен, 

«Ақбала   мен   Боздақтың   айтысын»   өлі   мен   тірінің   айтысы 

дейміз. Мәшһүрдің өзі оған мынадай түсініктеме береді: «Бір 

Боздақ   деген   жігіт   Ақбала   деген   қызбенен   астыртын 

қосылады.   Екеуі   ғашық   болып   қосылған   соң,   әкесі   біліп, 

«осыған   қызымды   бермеймін»   деп   айрылып   көшті.   Алысқа 

кеткен   соң   Боздақтың   әкесі   жігітті   бұрынғы   айттырған 

қайнына ұрын жібереді. Жігіт қайнынан аулына қайтып келе 

жатып, бұрынғы ғашық қызының жеріне келеді. Келсе Ақбала 

өліп қалыпты. Бейіттің басында жатып өлең айтты:



 

 

 

 

 

,

Арқаның ақ қайыңынан ерімді тоздап келдім

 

 

 

 

 

 

.

Бұ мола кім болды деп қозғап келдім

« – 

 

 

 

 

 

» – 

,

Бір бата кім болса да қылайын

деп

 

 

 

 

. [1]

Жалғызы мен Бөртенің Боздақ келдім

Сонда Ақбала болып қайтарған жауабы:



 

 

 

,

Жалғанның сұмдығынан ақ боламын

 



 



.

Немді айтып өліп қалдым мақтанамын

 

 

 

 

,

Жалғызы сен Бөртенің Боздақ болсаң

 

 

 

. [2]

Жалғызы мен Қырғидың Ақбаламын

Осылайша   аңсаған   армандарына   жете   алмаған 

жастардың мұң-налысы, шер-шемені өлең өрнегіне айналған. 

Ақбаланың   жауап   сөздерінен   сол   кездегі   сүйгеніне   қосыла 

алмаған қазақ қыздарының тағдыр-талайы елестейді.

Өлең   сөздің   қадірін   терең   түсінетін   фольклоршы 

қаламгерлердің   сөз   сайысының   небір   үлгісін   сұрыптаған. 

«Шөже   соқыр   мен   Балта   ақын   айтысы»,   «Ұлбике   мен   Күдері 

қожа», «Қыз бен жігіттің айтысы» және т.б. бұған толық дәлел.

Бұл   айтыстар,   М.Ж. Көпеевтің   зейінділігі   мен   зерделілігі, 

сауаттылығы   ақындардың   өзіндік   ерекшеліктерін,   өлең 

жұптаудағы   таланты   мен   тапқырлығын   тапжылтпай   тап 

басып   таразылауымызға   мол   мүмкіндік   береді.   Әдебиет 

тарихы   үшін   мұндай   сауатты,   тыңғылықты   жазылған 

деректердің мән-маңызы айрықша.

Мәшһүр Жүсіп айтыс өлеңдерін қағазға жазумен шектеліп 

қана қоймай, өзі де кезінде сөз сайысына түсуі, оның айтыс 

ақындары   творчествосын,   жалпы   жанр   табиғатын   терең 

түсінетініне   тағы   да   дәлел   бола   алады.   «Дайыр   молдамен 

88


айтысы»,   «Молдамен   айтысы»   өзінің   қолжазбалар   қорында 

сақтаулы.

Сонымен   қатар,   Мәшһүр   айтыс   жанрының   жаңа   түрі   – 

жазба   айтысқа   да   үлес   қосты.   «Ақан   сері   мен   Мәшһүр 

Жүсіптің айтысы» – осындай еңбектің нәтижесі.

Фольклоршының мол мұрасынан халқымыздың  тарихына 

байланысты шежірелерді де кездестіреміз. Оның «Қазақ түбі», 

«Қоқан   хандарының   тарихы»,   «Абылғазы   хан   сөйлеген 

шежіреден   жазылған   сөз»,   «Бұл   қазақ   қай   уақытта   үш   жүз 

атанған»,   «Қыпшақ   тарихы»,   «Шанышқылы   Бердіқожа 

тарихы»,   «Қанжығалы   тарихы»,   «Қаракесек   тарихы»   деген 

сықылды   ру,   тайпалардың   шығу   тарихын   сөз   еткен 

туындылары  өте   құнды дүниелер. Және  ол өз  шежірелерінде 

тек аты ғана таратып қоймай, сол рудың батыр-биіне, ақын-

жырауына   қатысты   аңыз-әңгіме,   өлең-жырларды   да   қоса 

берген. Жинаушының осы қасиеті жақсы аңғарған академик 

жазушы   С.Мұқанов   былай   дейді:   «Мәшһүр   шежіресінің   өзге 

шежірелерден өзгешелігі, ол әрбір аталарды баяндағанда, сол 

аталардың   өз   тұсында   болған   оқиғалар   туралы   ел   аузында 

қалған   ертегі-аңыздарды   қоса   айтады.   Сондықтан   Мәшһүр 

жазған шежіре оқуға өте қызықты [3].

Халық шежіресі әулет, рулар шежілерінен құралады десек, 

Мәшһүр жинаған  ру-тайпалардың  шығу-тегінен сыр серткен 

бұл шығармалар төл тарихымызды тану мен талдау үшін баға 

жетпес   мұра   екені   талас   тудырмайды.   Әрі   М.Ж. Көпеевті 

тағлымы мол тарихшы, білімдар этнограф ретінде тануымызға 

толық дәлел болады.

Ауыз әдебиетінің көлемді жанры – батырлар жырларының 

да   хатқа   түсуі   –   Мәшһүрдің   еңбекқорлығының   айғағы.   «Ер 

Сайын»,   «Ер   Көкше»,   «Көрұғлы»,   «Шора   батыр»   және   т.б. 

жырлар нұсқалары соның арқасында бүгінге жетіп отыр.

Белгілі   фольклоршы-ғалым   Р.Бердібаев:   «Ер   Көкше»   мен 

«Ер Сайын» жайында да осыны айтуымыз керек. Бұл екі жыр 

да (алғашқысында ертегілік, аңыздық сарын байқала тұрса да) 

эпикалық жинақтаудың нәтижесінде туған. Аракідік тарихтан 

аты белгілі адам есімдері кездесіп отыратынына қарамастан, 

бұлардың   мүлде   «қайта   қорытылып»   шыққандығын 

ұмытпауымыз   шарт.   Сонау   елуінші   жылдардың   бас   кезінде 

кейбір   белсенділер   қазақ   эпосын   мақсұқтау   науқанына   тым 

беріліп   кетіп,   жырдағы   Ер   Сайынды   атышулы   Алтын   Орда 

ханы   Батидың   тұлғасы   негізінде   жасалған   бейне   деп 

дәлелдемек болғаны да, белгілі. Бұл тарихи қайраткерлер мен 

эпос   қаһармандарының   арасындағы   орасан   алшақтықтарды 

89


түсінбеудің   салдары   болатын.   Сондай-ақ   «Ер   сайында» 

жаулаушы   деп   «қараламақшы   болғандар   да   ауыз   әдебиетін 

типтендіру, көркемдік тәсіл ерекшеліктерін мүлде ескермеген 

еді»,   –   десе,   мұның   Мәшһүр   Жүсіп   қағазға   түсірген   жыр 

нұсқаларына да толық қатысы бар. Шынында, кеңес өкіметі 

үстемдік құрған заманда М.Ж.Көпеевтің ел аузынан жинаған 

әдеби   нұсқаларына   да   таптық   идеология   тұрғысына   қарап, 

«әдеби мұраның таптық мәнін жете ескермеген кездері де жоқ 

емес»   деуге   тура   келді.   Сол   себепті   ол   жинаған   фольклор 

үлгілерінің   небір   інжу-маржандары   елеусіз-ескерусіз   жабулы 

күйі қалды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан   Республикасы   ҰҒА   Орталық   кітапханасының 

қолжазбалар қоры. 1173-папка.

2. Сонда.

3. Сейітжанов З. М.Ж. Көпеев // Қазақ фольклористикасының 

тарихы. – А., 1988. – 353-358 б.б.

4. Жүсіпов   Н.Қ.   Мәшһүр-Жүсіп   және   фольклор.   –   Павлодар, 

1999. – 93 б.

5. Сүтжанов   С.Н.   Мәшһүр   мұрасы.   –   Павлодар:   НПФ   «ЭКО», 

2001. – 104 б.

90


МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ..............................................................................3

1-дәріс тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 

шығармашылық ғұмырнамасы .......................................5

2-дәріс тақырыбы: Жазбагер шығармашылығының 

зерттелуі мен жариялануы ............................................15

3-дәріс тақырыбы. Ақын творчествосындағы қоғамдық 

жағдай көрінісі .............................................................24

4-дәріс тақырыбы. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 

тақырып ауқымы, жанрлық сипаты .............................37

5-дәріс тақырыбы. М:Ж.Көпеевтің көлемді, эпикалық 

шығармаларының негізгі идеясы .................................45

6-дәріс тақырыбы: Қаламгер туындыларының көркемдік 

ерекшеліктері ................................................................51

7-дәріс тақырыбы: М.Ж.Көпеев шығармашылығының 

шығыс-түркі әдебиетімен үндестігі ...............................59

8-дәріс тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиеті 

үлгілерін жинаудағы қызметі ........................................72

9-дәріс тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинап, 

қағазға түсірген аңыз-әңгіме, тарихи жырлар ..............80

91


С.Н. Сүтжанов

Мәшһүртану курсы

Дәрістер жинағы

Басу а ќол ќойылды 

ѓ

06.04.2006.



Гарнитура KZ Bookman Old Style.

Форматы 29,7

×

42 ½. Офсеттiк ќа азы.



ѓ

Кµлемi 4,2 шартты б.т. Таралымы 300 дана.

Тапсырыс № 0106.

Павлодар мемлекеттiк педагогикалыќ институтыныњ

редакциялыќ-баспа бµлiмi

140000, Павлодар ќ., Мир кµшесi, 60



E-mail: rio@ppi.kz

92

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет