Өмірбаяны. Бүгінгі күнге дейін қасымтану кенже қалып келеді. Қоғамның Қасым турасындағы ойы өзгерген жоқ



жүктеу 32.36 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.09.2017
өлшемі32.36 Kb.
түріӨмірбаяны

• Қасым Аманжолов-100 

Қасым туралы көп шындық 

бүгінгі күнге дейін айтылмай ке-

леді. Ақын туралы елдің білетіні, 

тек оның өлеңдері. Ал оның арғы 

тегі, туып өскен жері туралы мағ-

лұмат аз. Өмірдерегінде  Қасым 

Қызыл Көшен тауының етегінде 

туған деп жазылған. Ал оның қай 

жердегі тау екені айтылмайды. 

Қасым кедейден шыққан, жеті 

атасынан жарымаған әулет еді 

дейтіндер де бар. Мұнысы өрес-

кел әрі дөрекі  қателік. Бұл кеңес-

тік идеология өзіне бейімдеп, 

қолдан жасап алған ақынның 

өмірбаяны. Бүгінгі күнге дейін 

қасымтану кенже  қалып келеді. 

Қоғамның  Қасым турасындағы 

ойы өзгерген жоқ... 

Қасымның әкесі Рақымжан се-

рі болған адам. Ауыл балалары 

оның атын жетектеп әкелуге құмар 

көрінеді. Өйткені, аттың тұсауына 

айналған жібекті алса, белдеріне 

белдік  қып тағып, бір жарып  қал-

мақ. Рақымжан ескі салтпен екі-

үш әйел алған.  Қасымның шешесі 

қожаның  қызы.  Қожалар  қызын 

қалыңсыз бере ме ол кезде. Оның 

үстіне тоқалдыққа. Ойланып отыр-

сақ,  Қасым кедейден шыққан де-

ген кеңестік идеологияның жаң-

сақтығы осыдан-ақ көрініп тұр. 

Бүгінде бұл түсінікті өзгертуге 

әбден негіз бар. Ақын турасында 

тың деректер табылуда. Таратып 

айталық. 

Ақынның ауылы Сарыобалыға 

жол түскен.  Ұзынқұлақтан  Қа-

сымның кіндік шешесіне Рақым-

жан әулеті сыйлаған күміс білезік 

пен жүзік табылыпты-мыс. Елдің 

айтуынша, ол осы ауылдың тұр-

ғыны Дәулетқазы Егізбаевтың 

үйінде. Анығында солай екен. 

Сарыобалыға жеткесін  құлақпен 

естігенді көзбен көріп,  қолмен ұс-

тадық. Әңгімеміз әріден бастал-

ды. Шежіреге жетік, майда тілді 

Дәукең  құнды жәдігерлер тура-

сында былай әңгімеледі: 

- Шәрия менің нағашы әжем. 

Мына жәдігерлер анам Жұмаби-

кеден  қалған. Шәрия әжем 1973 

жылы біздің шаңырақта дүниеден 

озды. Ол осы өңірге есімі белгілі 

Шашты Сыпатай мырзаның неме-

ре  қарындасы. (Біздің бұрын Сы-

патай болыс туралы естігеніміз 

бар-тын. Дәулетқазы одан да әр-

мен тереңдете әңгімеледі). Сыпа-

тай байларды  қудалау кезінде өз-

гелер сияқты жаяу-жалпыламай, 

пәуеске жегіп, сән-салтанатымен 

жөнеліпті.  Құдды бір  қуғын көр-

мегендей, қонаққа бара жатқандай 

үстіндегі киімін шешіп, иьпына 

жауып кетеді екен. Сыпатайдың 

Дөңмаңдай атты сәйгүлігі осы 

өңірде алдына қара салмаған жүй-

рік болыпты. Өзі бапкер, өзі мыр-

за Сыпатайдың есімі көпке таныс. 

Шәрия әжем, міне, осындай абзал 

азаматтың  қарындасы.  Қазақтың 

салты бойынша текті мен текті 

құда болады. Менің нағашы атам 

Нарманбет Есенқұл дегеннің ба-

ласы. Есенқұл бәйбішесі (Нар-

манбеттің шешесі) өлген соң екін-

ші әйел алыпты. Онысы жетімді 

дасын айттырып, екеуін бөлек 

шығарады. Төребай  Қосбұлақ 

қыстауында, Сыпатай  Қарадөң 

(Сарман)  қыстауында отырған. 

Екеуінің ортасындағы  Қызыл Кө-

шен  қыстауы Рақымжандікі. 1911 

жылы дүниеге  Қасым келгенде 

ақын кіндігін Шәрия шешеміз 

кескен. Рақымжан баласының кін-

дігін кез келген біреуге кескізбесі 

хақ. Сыпатай мырзаның  қарында-

сы, Төребай  қажының келіні Шә-

рияны лайық көріпті. Рақымжан 

ұлының кіндік шешесіне екі күміс 

дейтін жұрт. Оның бұлайша еркін-

суіне Угар Жәнібековпен достығы 

себеп болса керек. Кейін Батыс 

Қазақстан жаққа жер аударылған 

оны  қызыл үкімет ақыры Сібірге 

айдатып тыныпты. 1946 жылы ол 

ақталып шығыпты. Халыққа жай-

лы, қолы ашық болған азамат бай-

лығынан айырылып  қалса да сол 

мырзалық әдетін  қоймапты. Ал-

дынан кездескен көңілі жақынға 

мүйіздей берсе керек.  Қорлыққа 

төзбеген бала үйінен қашып кетіп, 

оны Есенқұлдың аталасы Төребай 

қажы тауып алыпты. Жас үлкен-

дігі бар  қажы Есенқұлға ренжіп, 

Нарманбетті өз бауырына салып 

алған көрінеді. (Төребай  қажы 

Рақымжанмен туыс,  Қара руының 

ішінде бірі Ақкісіден, екіншісі 

Ақжолдан тарайды.) Кейін осы 

Нарманбетке Сыпатайдың  қарын-

кетіп, одан кейін жылдарында 

туған жерге  қайтып оралмаған-

дығы негіз болып отыр. Сырбайға 

айтқан үш арманының бірінде 

ақын туған жерге бір барып  қайт-

сам деп  қиялдайды. Өйткені,  қай-

тіп  Қасым туған жеріне ат ізін 

салмаған.  Қасым есімі Сарыоба-

лыдан 60 шақырым жердегі Фрун-

зеге берілсе, 30 шақырым жердегі 

Аққора мектебі ақын атын иелен-

ді. Ал туған жеріне мүндай бақыт 

бұйырмады. Ең болмаса Алматы-

дан келетін ақын-жазушылар Ра-

қымжанның  қорасы мен  құдығын 

көруге  Қызыл Көшенге ат басын 

бір бұрса, ол да көңілге жұбаныш 

болар еді. Біздің ойымызша, осы-

ның бәрі кезінде дұрыс жазыл-

маған кітаптардың кесірі. Жазу-

шыға кейбір ақсақалдардың: «Біз 

бала кезімізде Қасыммен бірге Бұ-

қатышқанның басынан шана теуіп 

едік», дегені шылғи өтірік. Әдеби 

терминде айтсақ «халтура». 

Дәукеңнен әңгіме соңында: 

«Жәдігерлерді мұражайға өткізе-

сіз бе,  қайтесіз?» деп сұрадық. 

«Жоқ, ешқайда да бермеймін. 

Балаларыма  қалады», деп ол ке-

сіп айтты. Дұрыс-ақ. 

Әдетте ақынның «Шықшы 

тауға, қарашы кең далаға» деп бас-

талатын өлеңі Кент тауына байла-

нысты туған шығар деп ойлайты-

ны хақ. Алайда  Қасым туған 

таудың аты Көшен. Ол онша биік 

те Кент тауындай әдемі де емес. 

Ол жаққа барудың мехнаты да көп. 

Жолы ойқыш-ойқыш, шаң  қапқан 

сары дала. Бірақ, ақын нақ осы 

жерде туған. «Шықшы тауға, қара-

шы кең далаға» деген өлеңі де осы 

тауға арналған. Оған ешкім де дау 

айта алмайды. 



Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ. 

деп басталатын 

ақынның өлеңі қай 

тауға арналғанын 

білесіз бе?! 

білезік пен екі жүзік сыйлапты. 

Бұдан да бөлек тарту-таралғылар 

болса керек. Бізде қалғаны осылар. 

Менің  қолымда  қазір бір білезік 

пен бір жүзік  қана бар, - деп Дәу-

кең жәдігерлерді алдымызға тосты. 

Білезіктің бедері кете баста-

ған, кей түстары жұқарыңқырап 

қалыпты. Жүзіктің жиегіндегі ою-

лары анық көрінеді. Біз Дәукең 

екеуміз кеңестік дәуірде Қасым ту-

ралы жазылған кітаптардағы ол-

қылықтарды түзету  қажеттігін әң-

гімеледік. Расында да өзгесін айт-

пағанда, оларда ақынның туған 

жерінің аты да бұрмаланып жазыл-

ған. Ол олқылықгар әлі де түзелер 

емес. Мысалы, Қасым тойы Сары-

обалыда емес,  Қасым Аманжолов 

(бұрынғы Фрунзе) атындагы сов-

хозда, Кент тауының етегінде өт-

пек. Біз ойға шомамыз. Қасым осы 

Кент тауын көрді ме екен? Олай 

деуімізге Қасымның атажұрттан, 

яғни Сарыобалыдан бала жасында 



Суреттерде:  Қасымның кін-

дік шешесі Шәрия әже; Шәрия 

әжеге Рақымжан сыйлаған 

күміс білезік пен сақина. 

Егемен Қазақстан. - 2011. - 13 шілде (№ 297/298). - 5 б. 




жүктеу 32.36 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет