Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

арнаЙы реПортаЖ

Өзбекстанда бала еңбегі бұрынғыдай 

«дәстүрлі» болып саналып келеді

Бала еңбегін пайдаланғаны үшін берілетін жазаның қатаңдығы тиімсіз 

секілді, себебі шенееуніктер іс-әрекетсіз отыр, ал ата-аналар қосымша 

табыстың келгеніне қуануда.

13  жастағы  Агзамды  ауа  райының 

бұзылуы  тек  қуантады,  себебі  осын-

дай кезде ол автокөліктерді жуып ақша 

табады. 

«Қар  немесе  жаңбыр  жауған  кезде 

жақсы, машиналар тез былғанады. Кү-

ніне мен шамамен бес АҚШ долларын 

табамын», - дейді ол. 

Өз  жасындағы  басқа  да  көптеген  ба-

лалар секілді Агзам отбасының кедей 

жағдайына көмектесу үшін жұмыс істе-

уге  мәжбүр,  жұмысты  ол  мектептен 

кейін  істейді.  Оның  әкесі  құрылыста 

істеп  аз  ақша  табады,  ал  анасы  үйде 

кіші інісімен отыр. 

Өзбекстандағы  бала  еңбегі  про-

блемасы  халықаралық  баспасөзде 

белсенді  түрде  көтеріліп  жүр,  онда 

кәмелетке  толмағандарды  мемлекет 

қазынасына  ақша  әкелуші  негізгі  экс-

порт тауары –  мақта өсіру мен жинауға 

пайдалантындығы  ашылды.  2007 

жылы АҚШ пен Еуропадағы ірі импор-

терлар өзбек мақтасын сатып алмауға 

шақырды,  бұл Өзбекстан билігін 2008 

жылы екі құжат – бала еңбегінің ең жа-

ман  түрлері  мен  жұмысқа  қабыладу 

барысындағы ең төменгі жас шегі Кон-

венцияларын қабылдауға итермеледі. 

Өзбекстанның  ұлььық  еңбек  заңна-

масы  16  жасқа  дейінгі  балаларға 

еңбекпен айналысуға тыйым салады. 

Халықаралық  еңбек  ұйымы  қолда-

натын  стандарттар  балалар  жасай-

тын жұмыс түрлерін анықтайды. ОСы 

стандарттарға  сәйкес  жеңіл  жұмысты 

12-13  жастағы  балалар,  ал  одан  гөрі 

қиынырағын  14-16  жастағы  балалар 

істей алады, ал «қауіпті» деп танылған 

жұмыс  түрлерін  18  жастан  төменгі 

балаларға жасауға тыйым салынады. 



реСмИ БаС тартУ, ЖеКе маҚұЛдаУ

Екі  конвенция  ратификацияланған 

соң  және  ұлттық  әрекет  жоспары 

тұжырымдалған соң бала еңбегі прак-

тикасы  жоқ  деген  ресми  мәлімдеме 

таратылды. 

Мәлімдеме 

2008 


жылдың  күзінде  өнім  жинау  кезінде, 

көптеген  куәгерлердің  балалардың 

алқаптарда  мақта  теріп  жүргендері 

жайлы  айтқандарына  қарамастан  жа-

рияланды.  Балаларды  алқапқа  тар-

ту  көктемде  де  байқалды  (Оқыңыз: 

Өзбекстан:  мақтадағы  бала  еңбегін 

жою мүмкін бе?).

Осы  мәселе  бойынша  қысымға  тап 

болған өзбек билігі балалар алқаптарда 

жұмыс  істесе,  ата-анасының  қа-

лауымен  жұмыс  істеп  отыр  дейді.  

Өзбекстанда  мақта  өндірісі  жоғары 

деңгейде  ұйымдастырылған,  мемле-

кет  фермерлерге  қайда  және  қанша 


наурыз-сәуір 2010

27

көлемде  өндіру  керектігін  айтады, 

қосымша    жұмыс  күшін  береді  және 

өнімді  нарықтық  бағасынан  төмен 

бағада  сатып  алады.  Бұл  факторлар 

билікті  сынаушылардың  көңіліне  жаға 

бермейді.  Олар  білім  саласындағы 

мемлекеттік  шенеуніктердің  оқушы-

лардың  алқаптарға  шығуына  тыйым 

салу  былавй  тұрсын,  тіпті  қолдайды, 

ал  мектептер  мақта  өндірісі  бойынша 

өз жоспарларын белгілейді дейді. 

Сонымен  қатар,  балалар  қалаларда 

ересектер  жұмысын  істеуде.  Оларды 

дүкендерде.  Кафелерде,  аяқ  киім  та-

залап  жүргендерін,  базарларда  жүк 

көтеріп  жүргендігін  көруге  болады. 

Мемлекет  экономикалық  қызметтің 

осы  түрін  басқаруда  үлкен  рөлге  ие 

емес,  оны  тоқтату  үшін  де  еш  нәрсе 

жасап отырған жоқ. 

Ташкенттегі қоғамдық  көлік компания-

ларының кадр бөлімі қызметкері бала-

ларды автобустарға кондуктор ретінде 

жұмысқа алу қалыпты іс екенін айтты. 

«Мұны  бәрі  біледі,  әрине,  қалай  жа-

сырасың. Балаларды рейстен тек қар-

жылық  тексеру  кезінде  ғана  ала  тұ-

рады», - дейді ол. 

Кондуктор қызметін әдеті автобус жүр-

гізушілерінің  балалары  атқарады,  ба-

лаларға ересек ақысының бөлігіні ғана 

төленеді,  ресми  жолдарды  айналып 

өтіп отбасылық жағдайға сәл де болса 

көмек болсын деп мен де өз баламды 

осындай  қызметке  тұрғыздым  дейді 

қызметкер. 

«Мен  балаға  жұмыспен  айналысуға 

әлі  ерте  екенін  білемін,  бірақ  бізде 

басқа жол жоқ. Күйеуім Ресейге ақша 

табуға  кетті,  соңғы  екі  жыл  бойы  бір 

тиында бізге салған жоқ», - дейді ол. 

Ташкенттік клиникалардың бірінің мед-

бикесі  баларын  жұмыс  істеуге  жібе-

рудің  себебі  ретінде  кедейлікті  алға 

тартады. 

«Біздің  отбасында  төрт  бала  бар, 

күйеуіміз  екеуміз  жұмыс  істесек  те, 

көп  ақша  таба  алмаймыз.  Үлкен  15 

жастағы ұлым және 14 жастағы қызым 

да жұмыс істейді. Мысалы, қызым мек-

тептен кейін ауруханада медбикелерге 

көмектеседі», - дейді ол. 

Әлеуметтік  еңбек  Министрлігінің  ше-

неунігі  Гафур  Өзбекстанда  балалар 

әдетте ата-аналарына үй істерінде кө-

мектеседі дейді. 

«Өзбекстанда  балалар  ата-анала-

рына  ылғи  да  көмектескен,  әсіресе 

қышлақтарда. Ауылдық жерлерде бұл 

бала  құқығын  бұзу  болып  есептел-

мейді,  бұл  қалалықтар  үшін  саябаққа 

немесе киноға барған секілді әдеттегі 

жайт. Балалар да бұған таң қалмайды. 

Бұл  дәстүрлі  бағыттың  бір  бөлігі,  кей 

жағдайда  басқа  жасайтын  ешнәрсе 

болмағғандықтан да пайда болады». 

ЖаҢа  ЖаЗаЛаУ  ЖҮЙеСіне  деГен 

СынИ Қарым-ҚатынаС

2010  жылдың  1  ақпанынан  бастап 

бала денсаулығына және қауіпсіздігіне 

зиянын тигізетін еңбегін пайдаланғаны 

үшін ата-аналардан алынатын 120-дан 

245  АҚШ  долла-

рын  дейін  айы-

ппұлды  қарасты-

ратын  өзгерістер 

күшіне енді. 

IWPR  сұрастыр-

ған  сарапшылар 

заң парламенттің 

төменгі  палата-

сынан өткен жыл-

дың  қарашасын-

да  өткен  соң 

аталған шараның 

тиімділігі  жайлы

  күмән  туғызды, 

олар назарға 2009 

жылдың  күзінде 

алқаптарда  ре-

сми  тыйымға  қа-

рамастан  жұмыс 

жасап жүрген ба-

лаларды  назарға 

алғанды 


(Бұл 

туралы  толығырақ  келесі  мақаладан 

оқыңыз:  Өзбекстан:  бала  еңбегін 

пайдаланғаны үшін билік айыппұлмен 

жазалайды)

«Мені  не  үшін  айыппұлмен  жазалау 

керек?  Өз  балаларымды  жұмыстан 

қорықпай,  ата-анасына  көмектесуге 

тәрбиелегенім үшін бе? Мектептен тыс 

уақытта жұмыс істемеуге ешқандай се-

беп көріп тұрған жоқпын», - дейді Таш-

кенттегі  Ферғана  базарындағыасхана 

иесі Кудрат Валиев. Оның 15 жастағы 

қызы  Малика  осы  жерде  барда 

жұмыс  жасайды,  ал  тағы  екі  баласы 

көмектеседі. 

Ташкенттік  компаниялардың  бірін-

де  аудитор  аталған  шаралардың 

тиімділігіне күмәнмен қарайды, себебі 

кәмелетке  толмағандар  ресми  түрде 

құжаттарда тіркелмейді. 

«Бірде  –бір  жұмыс  беруші  кәмелетке 

толмаған  баланы  жұмысқа  алмайды. 

Ал  бірақ  ол  рәсімделмей,  бухгалте-

риядан  тыс  ақша  алып  отырса,  оның 

жұмыс  істеуіне  көз  жұма  қарайды», 

-дейді ол. 

Ташкенттік тәйелсіз құқыққорғаушылар 

Бастамашыл  Тобының  басшысы  Сук-

рат  Икрамов  жұмыс  берушінің  бала 

еңбегін  пайдаланғанын  мақта  жинау 

кезінде  дәлелдеу  қиын  дейді.  «Егер 

мектеп  жабылып,  баланы  күштеп 

алқапқа шығарса, бұл – күш көрсету. Ал 

егер бала өз қалауымен ата-анасының 

алқабында  немесе  дүкенінде,  ка-

фесінде  жұмыс  жасаса,  мұны  қалай 

түсіндіруге  болады?  Кім  мұны  бала 

құқығы  бұзылды  деп  бағалайды?»,  - 

дейді ол. 



наурыз-сәуір 2010

28

28

«ЖұмыС  іСтеЙтін  БаЛаЛарды 

еСеПтеУдіҢ  ҚаЖеті  ЖоҚ»  деЙді 

ШенеУніКтер

Ташкенттік  «Эзгулик»  («Ізгілік»)  адам 

құқығы  Қауымдастығының  қызметкері 

Абдурахман Ташанов заңнаманың ба-

лаеңбегін  жоюда  іске  асатынына 

күмәнмен қарайды. 

Оның сөзіне  қарағанда  ауылдық жер-

лерде  «үкіметтік  органдар,  прокура-

тура, құқыққорғау органдары бала ең-

бегін  пайдалнуға  өздерінің  де  қатысы 

бар. Яғни олар өздерін-өздері жауапқа 

тарта алмайды». 

Іс  жүзінде  «Өзбекстандағы  бала  ең-

бегін  пайдалануға  нүкте  қоя  алатын 

бірде-бір  механизм  жұмыс  істей-

меді.  Бүгінгі  күні  мемлекеттік  бол-

сын,  қоғамдық  болсын  ұйымдар  осы 

мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір 

әрекеттерге барар емес» дейді ол. 

Өз  есімін  айтпауды  жөн  көрген  еңбек 

және  әлеуметтік  қорғаныс  Министр-

лігінің қызметкері билік бала еңбегінің 

ауқымы  жайлы  мәлімет  жинамайды 

дейді.  «Біз  тіпті  мектепке  барудың 

орынан  қанша  бала  жұмыс  істейтінін 

де  анықтамаймыз.  Біздемұндай  про-

блема жоқ па, оны көтеріп қажеті жоқ 

еп санайды» дейді ол. 



(Сұралғандардың  есімдері  қауіпсіздік 

мақсатында өзгертілді)

Орталық  Азиядағы  IWPR  қызмет-

керлері

«Мен  ұзақ  уақыт  бойы  бала  көтере 

алмадым,  бұл  мені  соққыға  жығудың 

негізгі  себебі  болды.  Күйеуім  маған 

достарының күлетінін, себебі ол белсіз 

әйелге үйленген деп айтады», - дейді 

27 жастағы Карамат Адылова. 

Караматты  өз  еркінен  тыс  туысына, 

ішімдік ішетін адамға күйеуге берген. 

«Мен  бала  көтеріп,  босанған  соң  да, 

ол  мені  ұрып-соғуын  тоқтатпады. 

Мен  шыдадым,  себебі  менің  ата-

анам  ажырасуға  қарсы  болды  және 

егер  мен  күйеуімнен  кетсем  оларды 

масқаралайтынымды  айтты»,  -дейді 

ол. 


Басқа да әйелдер секілді Адылова не 

істейтінін білмейді. 

«Құқыққорғау органдарына бару қиын, 

себебі олар ер адамдарды жақтайды, 

ал мен милицияға арыз жазған күннің 

өзінде  күйеуіңді  айыптау  жақсы  емес 

деді» дейді ол. 

Ташкенттік  қорғаушы  Лайло  Хами-

дова  үйдегі  күш  көрсету  және  оған 

қарсы күреуге деген қорқыныш өмірдің 

дәстүрлі  жағымен  байланысты,  онда 

әйелге төмен орын берілген. 

Тіпті  сотқа  баруға  шешім  қабылда-

ғандардың  өзі  тәуекелге  баруда. 

«Әйелідң мұндай әрекеті бұрыс қылық 

ретінде  қабылданып,  бүкіл  махалла 

тұрғындарының  айыбына  әкеледі»,  - 

дейді ол. 

Махалларда әйелдерге олардың сөзін 

дәлелдеу мақсатында үлкен қоғамдық 

қысым көрсетіледі, достары, көршілері 

егжей-тегжейлі 

сұрайды, 

мұның 


бәрі  әйелідң  арызды  қайта  алуға 

мәжбүрлейді. 

Бұқара қаласында тұратын 26 жастағы 

Райхон  Абдуразакова  төрт  жыл  бойы 

үндемей  келіп,  құқығын  қорғауға  тек 

кезекті    күйеуінің  соққысынан  кейін 

ауруханаға түскен соң бел буған. 

«Ол  ойына  келгенін  істеді,  мені  және 

балаларды  ұрып-соқты.  Менің  ата-

анам бұл туралы айтуға тыйым салды, 

олар  көршілер  күледі  деді  және  егер 

мен милицияға немесе басқа жаққа ха-

баласам менен бас тартатындықтарын 

айтты», - дейді ол. 

Абдуразакова  ауруханада  өзіне  келіп 

жатқанда, сол жердегі басқа бір паци-

ент оған «Ойдын Нури» атты жергілікті 

ұйым  жайлы  айтқан,  бұл  ұйым  үйдегі 

күш көрсетуден зәбір көрген жандарға 

ресми органдар 

отбасылық 

күш көрсету 

проблемасын 

жоққа шыға-

рып отыр

Мәдени салт-дәстүр 

әйелдерді сот арқылы 

өз құқығын қорғаудың 

орнына отбасындағы 

күш көрсетуді үнсіз 

мойындауға әкеліп отыр.


наурыз-сәуір 2010

29

құқықтық  және  психологиялық  көмек 

көрсетеді. 

Осыған  қарамастан  ол  бұл  ұйымға 

хабарласатынын,  хабарласпайтынын 

шешепеді. 

Ташкенттік  заңгер  Наталья  полянова 

әйелдер сотқа өз проблемалары бойын-

ша сирек келетінін айтады. 

«Қалыптасқан этномәдени ерекшелік-

терге  байланысты  олар  соққыға  жы-

ғылады.  Ал  бұл  ажйлы  айту  ұят  бо-

лып  саналады,  қыздар  зайыбының 

ата-анасы ғана емес, өз ата-анасының 

сөзінен де қорқады», - дейді ол. 

1996  жылы  Өзбекстан  БҰҰ-ны  әйел-

лдерге  қатысты  шеттетудің  барлық 

түрлерін  жоюға  байлаынсты  Конвен-

цияны ратификациялады. Ұлттық заң-

нама  шабуыл  жасау  үшін  жазаны 

қарастырған,  ал  отбасылық  күш  көр-

сету  ешқандай  құқықтық  шеңберде 

көрсетілмеген. 

«Отбасылық  күш  көрсету  проблема-

сының  мойындалмауы  нағыз  кедергі 

болып отыр» дейді сарапшылар. 

«Әйелдің  тіс  жармай,  ұрып-соғуға  кө-

ніп  жүре  беруі  мемлекеттің  осы  про-

блеманы  мойындамауына  байланыс-

ты» дейді Хамидова. 

Құқықтық тұрғыдан қарастырылмаудан 

бөлек  көптеген  өзбек  саясаткерлері 

мұндай жағдайдың бар екенін мойын-

дамайды. 

«Әйел  заты  сыйланатын,  оларды 

ана,  әпке,  бала  ретінде  қабылдайтын 

біздің  қоғамда  отбасық  күш  көрсету 

жоқ, себебі ер азаматтар оларға сый-

мен  қарайды»,  -  дейді  IWPR-ға  өзбек 

палраментінің  төменгі  палатасының 

вице-спикері және елдегі атақты әйел-

саясаткерлердің бірі Дилорам Ташму-

хамедова. 

«Тіпті  мұндай  жағдай  болғанның 

өзінде,  ол  жалпы  бұқаралық  сипатқа 

ие  емес,  біз  басқа  елдердегідей  жал-

пы  халықтық  сипатты  көріп  тұрған 

жоқпыз...тіпті  бұлай  болғанның  өзнде 

әйел құқығын қорғайтын заң нормала-

ры  бар.  Сондықтан  бұл  проблеманы 

збекстанға  теліп  қажеті  жоқ»,  -  дейді 

ол. 


Тағы  бір  танымал  әйел-саясаткер, 

ел  премьер-министрінің  орынбасары 

және  Өзбекстан  әйелдері  Комитетінің 

басышсы Фарида Акбарова отбасылық 

күш  көрсету  Өзбекстанда  проблема 

болып саналмайды деп санайды. 

Осындай  жағдайларда  әйелдің  арыз 

беруг  ықылас  таныта  қоймауы  таң 

қаларлық емес. 

«Өзбек әйелдері күйеулерінің алдында 

әлсіз. Олардың көпшілігі тұрақты түрде 

соққыға жығылу құқықбұзушылық еке-

нін де білмейді. Олар милицияға бар-

ғысы  келмегені  былай  тұрсын,  олар 

осылайша  өз  құқықтарын  қорғау  ке-

рек  екенігін  де  білмейді.  Бұл  өмір 

құқығын  қорғау  да  болып  табылады, 

себебі  мұндай  жағдайлар  көп  рет-

те  өлімге  де  алып  келіп  жатады», 

-  дейді  ел  солтүстігіндегі  Хорезм 

провинциясының  «Нажот»    құқыққор-

ғау  ұйымының  жетекшісі  Хайитбой 

Якубов. 

Якубовтың  сөзіне  қарағанда  жыл  ба-

сынан  бері  Хорезмдегі  құқыққорғау 

органдары  үш  өз-өзіне  қол  жұмсау 

оқиғасын  тіркеген.  Милиция  мұны 

отбасындағы  психикалық  және  физи-

калық  қысыммен  байланыстырып 

отыр. 


Жақын  маңда  болған  оқиғалардың 

бірі  22  жастағы  Наргиза  Оллабер-

геновамен  болды,  ол  осы  жылдың 

қаңтарында асылып қалған.  Осы жайт-

ты  зерттеп    жүрген  Якубовтың  сөзіне 

қарағанда  Оллабергенова  күйеуінің 

тарапынан қысымға тап болған. 

Ашық  ақпараттың  жоқтығына  байла-

нысты  статистка  түзу  мүмкін  болма-

са  да,  Оллабергенованың  жағдайы 

жалғыз емес секілді. 

Ташкенттегі  ауруханалардың  бірінің 

дәрігерлері  жақын  маңда  екі  әйелдің 

қаза  тапқаны  жайлы  айтты,  олардың 

бірінің  күйеуінің  соққысынан  бауыры 

жарылып кеткен, себеі күйеуіне тамақ 

ұнамаған,  ал  екіншісі  күеуі  келтірген 

соққылардан қайтыс болған. 

Бүгін  Өзбекстанда  отбасында  жәбір 

көргендерге көмек көрсететін ҮЕҰ өте 

аз. 

2005  жылы  болған  үкіметтік  әскер 



Әндіжанда 

наразылыққа 

шыққан 

адамдарды қырған соң, Өзбекстанның 



батыспен  қарым-қатынасы  нашар-

лап  кетті.  Арасында  әйел  құқығын 

қорғаушы  ұйымдар  мен  дағдарыстық 

орталықтар  бар  көптеген  ҮЕҰ-дар  өз 

қызметін қаржылық қиындыққа немесе 

үкімет тарапынан көрсетілген қысымға 

байланысты тоқтатты. 

Тек  кейбір  жекелеген  құқыққорғау-

шылар  мен  ұйымдар  бейресми  түрде 

осы бағытта жұмыс жасауда. 

«Мұндай  әйелдерге  көмек  көрсететін 

барлық  орталықтар  қысымға  тап  бо-

луда. Ресми мемлекеттік құрылымдар 

мұндай  қызметке  сенбейді  және  біз 

әйелдерді  күйеулеріне  қарсы  қоя-

мыз  деп  санайды.  Біз  көптеген  қыз-

дардың 

күйеулерінің 



тарапынан 

қаза  табатынын  түсіндірдік,  алай-

да  бізге  бұл  өзбек  отбасының  ерек-

шелігі  екенін,  оған  бөтен  батыстық 

мәдениетті  әкеліп  телімеу  қажеттігін 

айтты»,  -  дейді  Өзбекстанның  Жизақ 

облысындағы  дағдарыстық  орталық 

қызметкерлерінің бірі. 

Дағдарыстық  орталық  қызметкері  ел 

отбасылық күш көрсету құрбандарына 

арналған  орталықтар  жүйесін  қажет 

етуде деп санайды. 



(Сұралғандардың  есімдері  қауіпсіздік 

мақсатында өзгертілді)

Бахтиер  Расулов  –  Ташкенттегі 

журналистің жанама аты

наурыз-сәуір 2010

30

30

аҚтҚ-Ға ҚарСы КҮреСКер 

ӨЗ тұЖырымдары ҮШін 

тҮрмеде отыр

24  ақпан  күні  бұқаралық  ақпарат 

құралдары 28 жастағы Ташкенттік пси-

холог  Максим  Попов  жеті  жылға  бас 

остандығынан айрылып, жалпы тәртіп-

тегі  Навои  түрмесінде  жазасын  өтеп 

жатқандығы жайлы хабарлады. 

Озодлик  RFR/RL  өзбек  қызметінің  та-

ратқан ақпаратына сәйкес Максим По-

пов «Изис» үкіметтік емес ұйымына же-

текшілік еткен, ол наша қолданушылар 

мен секс-қызметкерлермен АҚТҚ/ЖҚТБ-

ға қарсы күрескен, нашаға тәуелділерге 

арнап  ине  алмасу  бағдарламасын 

жүзеге асырып жатқан. 

Ferghana  веб-ресурсы  ЮНИСЕФтің 

қолдауымен  Максим  Попов  жастарға 

арналған әдемі кітап шығарғанын, онда 

превентивті шаралар, жыныстық жол-

мен  берілетін  ауруларға  қарсы  қалай 

күресу  керектігі,  мүшеқап  қолдану 

және  бір  реттік  инелерді  қолдану 

қажеттілігі  жайлы  айтылғандығы  жай-

лы хабарлайды. 

Алайда  Ташкент  қалалық  қылмыстық 

істер бойынша соты Поповтің кітабын 

заңға қайшы, жастарды наркотикалық 

заттарды  қолдануға  тартады  деп  та-

уып,  автордан  кітаптың  он  данасын 

тәркілеп өзін жеті жылға соттап жібер-

ген. 

NBCA сұраған шолушылар әлеуметтік 



әлсіз топтарды ақпаратпен қамтамасыз 

етуге  тырысқан  адамды  соттау  еш 

ақылға сыймайды деп санайды. 

«21  ғасыр  АҚТҚ  толқынын  «өзбек 

ділімен  қабылдау»,  -  өз  ашуын  біл-

дірді  Ташкент  тұрғыны,  ол  Поповтың 

түрмеге түсуі фото және кинодокумен-

талист  Умида  Ахметованың  үстінен 

жүргізілген сот секілді дейді. (Қараңыз: 

Өзбекстан:  Умида  Ахмедова  «ақылға 

сыйымсыз» айыптауды күтуде)

NBCA әңгімешісі билік «өзбек ментали-

тетіен сәйкеспейді» деген сөз тіркесін 

пайдаланғанды  ұнатады  дейді  және 

бұл сөздің астына прогресивті идеяны 

жүргізетін кез келген адам түсіп қалуы 

мүмкін. 

«Максим  Поповқа  жүргізілген  үкім 

өзбек  сотының  маужыраған  кейпінің 

көрінісі» дейді ол. 

Ташкенттік  үкіметтік  емес  ұйым  өкілі 

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы ақпараттық кам-

паниялар Өзбекстанмен көршілес жат-

қан  Қырғызстанм  ен  Қазақстанда  ке-

ңінен қолданылатынын айтады, онда-

ғы  адамдар  менталитеті  жағынан 

өзбектермен  өте  ұқсас  дейді.  Алайда 

олар қысымға ұшырамайды. 

«Көрші  елдерде  заманауи  қоғамда 

иммунтапшылығ  вирусына  қатысты 

қауіпсіздік туралы білмеу қауіпті екенін 

түсінеді», - дейді ҮЕҰ қызметкері.

Мемлекеттік  клиниканың  атын  ата-

мауды  жөн  көрген  сексопотолог-дә-

рігері  профилактикалық  кітап  авто-

рын  түрмеге  жабу  билікке  неге  қажет 

болғандығын  түсінбейді.  Медик  мұн-

дай  басылымды  хош  көреді,  себебі 

онда көптеген жақсы кеңестер бар.

«Адамдарға көмектескісі келген жанды 

соттау ақылға сыймайды. Қазір жастар 

арасында АҚТҚ кең таралған, жастар-

да  гигиена  мәдениеті  жоқ,  олар  бұл 

ауру  жайлы  білмейді,  ал  мектептер-

де  осы  тақырыпты  көтеруге  болатын 

ашық сабақтар жоқ», -дейді дәрігер. 

Тіркелмеген Ташкенттік Өзбекстанның 

Құқыққорғау  Альянсы  өкілі  Елена  Ур-

лаева  азаматтық  белсендінің  түрмеге 

түсуі адам құқығы мен еркіндігінің анық 

түрде бұзылуы дейді. 

Біріншіден, бқл жасырын түрде, жабық 

сот жағдайында өткен, ол өткен жыл-

дың  күзінде  шешім  қабылдап  қойған, 

бұл тек қазір мәлім болып отыр. Екін-

шіден,  сотталушы  үкімге  шағымдану 

мүмкіндігінен айрылған. 

«Адам  проблема  жайлы  айтқан,  оған 

қарсы  күрескен,  ал  Өзбекстан  билігі 

мұны жақсы көрмейді және барлығын 

үндемеуге кеңес береді», - дейді Урла-

ева. 


АҚТҚ/ЖҚТБ профилактикасымен айналысып 

жүрген психологтың түрмеге түсуі жайлы а

қпарат шолушылар наразылығын туғызды, 

олар мұны қисынсыз шешім деп атады

наурыз-сәуір 2010

31

КомментарИЙЛер:

Бұұ-ның адам 

құқықтары бойын-

ша Комитетінің 

Өзбекстандағы 

жағдайды өзгертуге 

шақыруы шөл 

даладағы адам-

ның шыққан жан 

даусына ұқсайды

Наурыз  айында  БҰҰ-ның  адам 

құқытары бойынша Комитеті Өз-

бекстандағы жағдайды азамат-тық 

және  саяси  құқықтар  туралы  Ха-

лықаралық Пактінің аясында орын-

далуын  қарастырды.  Отырсы  нә-

тижесінде  беделді  халықаралық 

Human Rights Wathc ұйымы «жары-

лыс»  деп  атаған  қорытынды  жа-

рияланды. 

БҰҰ  Комитетінің  қарарында  [http://

www2.ohchr.org/english/bodies/hrc/

hrcs98.htm]  Өзбекстандағы  азаптау-

ды  қолдану  жағдайының  жалғасуына,

  баспасөз  еркіндігі,  қозғаыс  еркіндігі, 

дін  еркіндігі,  құқыққорғаушылардың 

қысымға  тап  болуы,  елдегі  қалыптас-

қант бала еңбегін күштеп пайдалануға 

байланысты  алаңдаушылық  білдіріл-

ген. Сонымен қатар Комитет Әндіжан 

оқиғаларын толық тәуелсіз зерттеудің 

мүмкін  еместігінің  жоқтығына  өкініш 

білдірген. 

Өзбек  билігі  адам  құқығының  қоғам-

дағы  үлкен  проблема  екендігін  ешқ-

ашан  мойындаған  жоқ  және  БҰҰ 

халықаралық  құжаттарын  орындауды 

да  маңызды  іс  ретінде  қабылдаған 

емес.  Билік  тәуелсіздік  алғалы  бері 

[1991  жылдан  бері]  адам  құқығына 

байланысты 60-тан астам құжатқа қол 

қойылғандығы  жайлы  мақтана  айта-

ды.  1995  жылы  Өзбекстан  БҰҰ-ның 

алты негізгі құқыққорғау құжатына қол 

қойды.  Алайда  қабыданған  құжаттар 

мен  пактілерден  қандай  да  бір  пайда 

аңғарылар емес. Азапатуды қолдануға 

қарсы  Конвенция  Райхон  Соатова-

ны  зорлаған  милиционерлер  тобына 

ештеңе де білдірмейді. 

Өткен  жылдың  мамырында  бір  топ-

милиционерлермен  зорланған  Рай-

хон  Соатованың  ісі  биліктің  азаптау 

проблемасына  деген  көзқарасын 

білдіреді.  Осы  жылдың  қаңтарында 

түрмеде отырған Райхон дүниеге бала 

әкелді, оның әкесі зорлағанардың бірі 

болған.  Құқыққорғаушылардың  үлкен 

іс-әрекеті  мен  БҰҰ-ның  азаптауға 

қатысты арнайы баяндамашысы Ман-

фред  Новактің  мәлімдемесінің  арқа-

сында ғана өзбек прокуратурасы зор-

лау бойынша қылмыстық іс қозғады. 

БҰҰ-ның  сегіз  арнайы  тақырыптық 

баяндамашысы  Өзбекстаннан  ша-

қыру  күтіп  отыр.  2001  жылдан  бас-

тап  құқыққорғаушылар  жағдайы 

бойынша  баяндамашы,  2004  жыл-

дан бері діни бостандық жайлы  ба-

яндамашы, 2005 жылдан бері сотан 

тыс және еркін өлім жазасы бойын-

ша баяндамашы, 2006 жылдан бас-

тап  азаптау  бойынша  баяндамашы, 

2007  жылдан  бастап  құлдықттың 

заманауи  түрлері  мен  әйелдерге 

қатысты  күш  көрсетуге  қарсы  ба-

яндамаышы,  2008  жылдан  бастап 

заңсыз  тұтқынға  алу  мен  сот  және 

адвокат  еркіндігі  жайлы  баяндама-

шылар шақыру күтіп отыр. 

Алайда, шақырулар ешқашан болмай-

тын секілді. 

2002  жылы  билік  БҰҰ-ның  азаптау 

бойынша арнайы баяндамащысы Тео 

Ван  Бовенді  шақырды,  оның  азап-

таудың жүйелі түрде қолданылуы жай-

лы қорытындысы арада сегіз жыл өтсе 

де өзекті болып отыр. БҰҰ-ның Коми-

теті  Өзбекстан  басшылығын  бірнеше 

рет ел алдында азаптауды айыптауға 

шақырғанды,  алайда  халық  алдында 

азапатудың қара іс екенін айту әлі де 

болса орындалмай келе жатыр.

Қазіргі билік кез келген тәуелсіз зерт-

теуден,  биліктен  тәуелсіз  үкіметтік 

емес ұйымдардан  өте қорқады, талап-

кер  құқыққорғаушыларды  қудалайды, 

Кәрімовтің  портретін  мешіктте  көргісі 

келмейтін  тәуелсіз  мұсылмандарды 

түрмеге  жібереді.  Егер  билік  проб-

леманың  бар  екнін  мойындағысы 

келмесе, онда оны шеше алатыны да 

күмән туғызады. 

Осындай  жағдайда  БҰҰ  Комитетінің 

жағдайды  өзгертуге  шақыруы  шөл 

даладағы адамның шыққан жан даусы-

на ұқсайды. Өзбекстанның Нью-Йорк-

ке  келген  Үкіметтік  делегациясы  Ко-

митет  мүшелерімен  пікірталас  бары-

сында күн жоспарында тұрғн көптеген 

маңызды  жолдар  бойынша  ешқандай 

өзгеріс болмайтынын жеткізді. 

Әндіжан оқиғалары қазіргі режимнің ең 

бір  әлсіз  тұстарының  бірі,  яғни  билік 

2005 жылы болған оқиғаларға тәуелсіз 

зерттеу жүргізеду деу аңғалдық болар 

еді.  Бес  жыл  ішінде  билік  сол  кездегі 

оқиғалар жайлы өз нұсқалары бойын-

ша қайта жазып шықты. 

БҰҰ  Комитеті  Әндіжан  оқиғаларының 

құрбандарына  жәрдемақы  төлеуге 

шақыруда,  алайда  жақында  болған 

Әндіжандық  босқын  Дилора  Абдуко-

дированың  тұтқындалуы  елде  «көте-

рілісшілерді»  жәрдемақы  емес  жаза-

лау  күтіп  тұрғандығына  мысал  бола 

алады. 


Осыған  қарамастан,  БҰҰ-ның  Коми-

теті қарары халықаралық шолушылар 

Өзбекстандағы адам құқығына байла-

нысты  шынайы  жағдай  туралы  алда-

майтынын көрсетеді. 

Өкінішке  орай,  БҰҰ-да  диктаторларға 

қысым  жасаудың  басқа  жолы  жоқ,  ол 

тек қоғамға жар сала алады, сондықтан 

ЕуроОдақ пен АҚШ тарапынан қысым 

көрсету жағдайды өзгертуге әсер етуі 

мүмкін.

Бізге  құқыққорғаушыларға  жұмысы-



мызды  жалғатыру  керек  –  адам  құ-

қығы  жайлы  тұрақты  түрде  жари-

ялап  отыру  керек.  Біз  Өзбекстанның 

залықаралық  әріптестері  өзбек  ре-

жимімен  байланыста  адам  құқығын 

қадағалау  тақырыбын  көтеріп  оты-

руын талап етуіміз керек, біз кез кел-

ген  гуманитарлық  немесе  техникалық 

көмек шын мәнінде жүзеге асуына қол 

жеткізуіміз қажет. Мысалы, жағдайдың 

өзгеруінің  индикаторларының  бірі 

болып  өзбек  түрмесінде  отырған  14 

құқыққорғаушының  босауы  мүмкін. 

Өзбекстан  Бирма,  солтүстік  Ко-

рея  секілді  10  ең  репрессивті  де-

ген  елдердің  қатарына  кіргендіктен 

демократиялық мемлекеттердің қазіргі 

режимге  деген  көзқарасы  да  сәйкес 

болуы керек. 

 

Умида Ниязова, 



адам құқықтары бойынша 

Өзбек-неміс форумының 

жетекшісі және Берлинде 

орналасқан NBCA сарапшысы

наурыз-сәуір 2010

32

32

ТҮРКІМЕНСТАН:

1  Наурыз  күні  Мемлекеттік  қауіпсіздік 

кеңесінде  Гурбангулы  Бердымухаме-

дов  қылмыстық-қылмыстық  іс  жүргізу 

заңнамасын 

либералдау 

процесі 


жүргізілетіндігін айтты. 

Жекелеп  алғанда,  тұтқындау  орында-

рындағы  сотталғандар  жағдайына 

қоғамдық  бақылау  орнату  процедура-

сын  енгізу,  оларды  еңбек  тәрбиесіне 

тарту. Парламент құруы тиіс жаңа Қыл-

мыстық  кодексте  ауыр  қылмыстарға 

белгіленген  жазалау  мерзімдері  25 

жылдан 15 жылға азайтылады, ақша-

лай  айыппұл  ретіндегі  жазалау  да 

қарастырылған. 

Түркімен көшбасшысы басқа да шара 

ретінде адвокатура рөлінің күшейгенін  

айтып өтті. 

Президент  ұсынған  қылмыстық  және 

іс  жүргізу  процестеріне  деген  өзге-

рістер баяғыда-ақ пісіп-жетілгенді. Түр-

кімендік  қылмыстық  жазалау  жүйесі 

ескірді  және  жаңартуды  талап  етеді. 

Көршілес  ортаазиялық  мемлекеттер 

баяғыда  осы  жолмен  кеткен,  олар 

ауыр  қылмысқа  берілетін  жазаны 

жеңілдетіп, жеңіл қылмыстар үшін жаза 

енгізді,  бейбіт  келісімге  келу  институ-

тын заңдастырды. Ал Түркіменстанда 

әлі  күнег  тауық  ұрлаған  үшін  бес 

жылға  түрмеге  отыруға  болады. 

Халықаралық  заңнамалық  парктика-

да мұндай қылмыс үшін әдетте үлкен 

көлемдегі айыппұл қарастырылған. 

Ауырлататын себептері жоқ бұзақылық 

үшін  берілетін  үш  жылдан  бес  жылға 

дейін  бас  бостандығынан  айыруды 

қарастыратын баптарда либералдауға 

мұқтаж. Бұл экономикалық қылмыстың 

барлық түрлеріне қатысты. 



Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет