Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚамҚорЛыҚ КеҢеСтері

Заңсыз  салық  проблемаларын  шешу 

үшін бала құқығын қорғайтын ұйымдар 

қамқорлық  кеңестерін  енгізу  жобасы 

бастамасын  көтерді.  Олардың  мін-

деті  мектеп  бюджетін  бақылау  мен 

мұғалімдер, ата-аналар, ҮЕҰ және білім 

органдарының  өкілдерінен  тұратын 

топ  арқылы  бүкіл  қаржылық  операци-

яларды ашықтықпен қамтамасыз ету. 

Елдің кейбір мектептерінде мұндай ор-

гандар тәжірибе түрінде жұмыс істеуде, 

алайда  жалпы  жобаның  бастамасы 


наурыз-сәуір 2010

22

22

осы жылы парламент тыңдауларында 

көтеріледі.  Қамқорлық  кеңесі  жоба-

сының бастамашыларының бірі Кали-

ча  Умуралиева  бұл  шараның  білімнің 

нарықтық қатынастарға өркениетті өту 

болып табылады дейді. 

Ал  бұл  жүйенің  қарсыластары  жоба 

қаржыны  жұмсау  процесін  қиындатып 

жібереді  дейді.  Сонымен  қатар,  қам-

қорлық  кеңес  заңсыз  жана  мәселесі 

маңызды  болып  табылмайтын  ауыл-

дық  мектептер  үшін  қосымша  кедергі 

болады деген де пікір бар. 

«Аймақтардағы  мектептер  барлық  қа-

жеттіліктерін  жергілікті  қалалық  бюд-

жеттен  қамтамасыз  етіп  отыр.  Бізде 

ата-аналар тарапынан қосымша көмек 

тартуға деген қажеттілік жоқ», - деді Чу 

облысы,  Ысык-Ата  ауданындағы  мек-

теп директоры Раби Чекиева. 

мИГрант-БаЛаЛар

Балалардың ішіндегі ең әлсіз топ – бұл 

ішкі  мигрант  балалар.  Олардың  80%-

ы  бала  еңбегіне  тыйым  салынғанына 

қарамастан белгілі бір себептерге бай-

ланысты жұмыс істеуге мәжбүрлер. 

Сонымен  қатар,  мигранттар  отбасы 

тұрақты өмір сүру орны бойынша тір-

келуге байланысты қиындықтарға кезі-

геді. Баланы мектепке алу кезінде тір-

кеуде тұру талап етілмесе де, көптеген 

директор мектепке тіркеуде жоқ бала-

ны қабылдай бермейді. 

Балалар  үшін  тағы  бір  өзекті  мәселе 

мектепке  орналасу  кезінде  немесе 

ауыл  мектебінен  қала  мектебіне  көш-

кен кезде тапсыратын тест болып отыр. 

Өткен  жылдың  тамыз  айында  Қыр-

ғызстанның білім және ғылым минист-

рі меатептен мектепке ауысқанда алы-

натын  тестке  тыйым  салатын  жарлық 

шығарды,  себебі  теңдік  ұстанымына 

байланысты  қала  мектептері  ауыл 

мектептерінің  алдында  дәрежесі  еш 

жоғары  емес.  Алайда,  «көптеген  ди-

ректор  жарлық  туралы  естімеген  де. 

Әрине,  сондықтан  орындамаған»,  - 

дейді Раби Чекиева. 

Астанада  мектепке  орналасарда  кезі-

гетін  тағы  бір  мәселе  алғашқы  тө-

ленетін жарна болып табылады. «Эли-

талық» мектептерде бала көп болған-

дықтан,  көптеген  оқушылар  жергілік-

ті  тұратын  орны  бойынша  мектепке 

бара  алмайды.  Құқыққорғаушы  Наз-

гуль  Турдубекова  айтып  кеткендей, 

мектептердің  ақсүйектендірілуі  білім 

сапасына  байланысты  емес,  ол  ком-

мерция мәселесіне байланысты. 

БіЛім реФормаЛары

Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күні 

орын  алып  отырған  білімнің  төмен 

деңгейі  болашақта  мамандардың  са-

пасына  әсер  етпей  қоймайды.  Яғни 

білім  саласындағы  проблем  алар  ел-

дегі  әлеуметттік-экономикалық  жағ-

дайға тікелей әсер етеді. 

«Мемлекет өзіне ор қазып жатыр. Сау-

атсыз мамандар жұмыс істейтін бола-

ды, ал білікті кадрлар елден кетеді. Се-

бебі мұнда олар нан тауып жей алмай 

қалады», - дейді Калича Умуралиева. 

ҚР  білім  және  ғылым  министрі  Аб-

дылда Мусаеванның сөзіне қарағанда 

бүгінгі  білім  жүйесі  тиімді  реформа-

ларды  қажет  етіп  тұр.  Қазір  минис-

трлік  уақытша  депутаттық  комиссия-

мен  бірігіп  білім  саласын  дамытудың 

кезеңді  стратегиясын  әзірлеп  жа-

тыр.  «Реформа  бір  сәтте  жасалмай-

ды.  Біздің  бүгінгі  жасап  отырған  іс-

әрекетіміз бес, он жылдан кейін нәтиже 

бере бастайды», - дейді министр. 

«Бала  құқығын  қорғау  лигасының» 

өкілі  Назгуль  Турдубекова  білім  Ми-

нистрлігінің азаматтық сектормен білім 

саласындағы  проблемаларды  шешу-

де  белсенді  түрде  тізе  қосып  бірігуі 

жақсылықтың белгісі дейді. 

«Білім саласы бізде дұрыс және жақсы. 

Бірақ  олар  сақталмайды.  Қазір  бізге 

олардың сақталғаны мен бақылауына 

мән беруіміз керек. Ол екі жақтың: ата-

аналардың  да,  мұғалімдердің  де  кө-

ңілінен шығу керек», - деді ҚР парла-

мент  депутаты,  Коммунистер  фрак-

циясының  мүшесі  мен  ҚР  заңна-

масының  білім  алуға  деген  бала 

құқығының  сақталуы  саласындағы 

жүзеге  асырылуы  мен  қадағалануын 

зерттеу бойынша уақытша депуттатық 

Комиссия төрағасы Гульжамал Султа-

налиева. 

Сарапшылар  қосымша  демеушілік 

көздер қарастыратын мектептердің жа-

нынан ата-аналардан  түсетін ақшаны 

жүзеге  асыратын  Қоғамдық  қорлар 

құрылды дейді. Алайда, парламенттік 

тыңдау кезінде вице-премьер-министр 

Тажикан  Калимбетова  айтып  кеткен-

дей  бұл  заңнамаға  қайшы  келеді,  се-

бебі  мектеп  мемлекеттік  мекеменің 

қатарына жатады. 

ҚР  Есептік  палатасы  мемлекеттік 

бюджет  қаражатын  ғана  тексереді, 

осылайша ата-аналардан ерікті түрде 

түскен  қаржыны  ешкім  бақыламайды. 

Нәтижеснде  конституциялық  құқығы 

бола  тұра,  жағдайы  төмен  отбасы-

лардың балалары білімге қол жеткізу-

де кедергілерге тап болады. 

Уақытша  Комиссия  Мүшелері  айтып 

кеткендей,  олар  ең  бірінші  кезекте 

осы  мәселені  шешу  үшін  заңнамаға 

өзгерістер енгізбекші. 

Бішкекте  өткен  тыңдаулар  қатысу-

шылар  –  биліктің  атқарушы  орган, 

Парламент, мектеп әкімшіліктері және 

ҮЕҰ өкілдері білім алуға деген консти-

туциялық  бала  құқығын  қамтамасыз 

ету үшін жүйде нені өзгерту керек де-

ген  мәселеге  байланысты  бір  пікірге 

келе алмады. 

Мысалы,  парламенттік  тыңдауда  ҚР 

білім  және  ғылым  министрі  Абдыл-

да  Мусаев:  «Мектептерде  жекелеген 

заң бұзушылықтар орын алуда. Бірақ, 

оларға  жүйелік  сипат  беріп,  бүкіл 

білім саласына тән деуге болмас. Біз 

бала  мектепке  қабылданарда  оның 

білім  алуға  деген  құқығы  бұзылмас 

үшін мектеп жарғыларын қайта тіркеу 

үшін не істеу қажет – осыны ойласты-

руымыз  керек.  Алайда,  бір  нарықтық 

жағдайдамыз,  социалистік  бағыт  та-

рихта  қалды,  коммерциялық  білім 

қызмет түрлеріне тыйым салсақ, білім 

жүйесіне  мүлдем  тоқтау  салсақ  бола-

ды», - деп жариялады. 



Евгения Ким, 

Бішкек

наурыз-сәуір 2010

23

ТӘЖІКСТАН

«Енем  мені  балалармен  қосып  үйден 

қуып  шықты»,  -  дейді  Азиза  күйеуінің 

Мәскеуден  телефон  шалып  ажыраса-

тынын айтқан соң болға оқиғаны есіне 

алып. 

«Ол  мені  бұдан  былай  өз  үйінде  кө-



гісі  келмейтінін  және  менің  өз  ата-

анамның үйіне кетуім керек екенін айт-

ты», - дейді Азиза. 

Тәжікстанның көптеген әйелдері секіл-

ді  24  жастағы  Азиза  үйлену  тойынан 

кейін  күйеуінің  үйіне  көшіп  келеді. 

Оның  күйеуінің  бауырлары  да  өз 

әйелдерімен  осы  үйде  тұратын,  міне, 

солармен  арада  түсініспеушіліктер 

пайда  болды,  бұл  Азизаның  күйеуі 

басқа да жүздеген мың Тәжікстан аза-

маттары секілді шет елге жұмыс іздеп 

кеткенде бой алды. 

Алғашқы  кезде  ол  үйге  ақша  жіберіп 

тұратын, кейін жұмысымды жоғалттым 

деп  ақша  жіберуді  жоғарды.  Осыдан 

кейін  оның  отбасы  Азизаны  «жатыпі-

шер»,  ақша  табудың  орнына  үйде  екі 

баламен отыр деп айыптады. 

Енді ата-анасымен тұрып жатқан Ази-

за  өзін  алдыңғы  үйдегі  секілді  сезіну-

арнаЙы реПортаЖ

ажырасудан кейін әйелдер ештеңесіз 

қалады

Заң бәріне бірдей тең құқық береді, алайда барлық әйелдер ажырасудан кейін 

күйеуінің меншігіне құқығы бар екенін біле бермейді

де, себебі оның үш бауыры үйленгелі 

жатыр және олар да өз келіншектерін 

үйге алып келеді. 

Тәжікстан  заңына  сәйкес  ажырасу-

дан  кейін  күйеуі  әйеліне  алимент 

төлеуі  тиіс.  Өкінішке  орай,  Ази-

за  Тәжікстанның  басқа  да  көптеген 

әйелдері  секілді  жағдайда  отыр,  ол 

заң  бойынша  отбасылы  болмаған. 

Ол  күйеуі  екеуі  мұсылмандық  дәстүр 

бойынша  үйленіп,  ресми  түрде  тірке-

уге алынбаған. (Бұл мәселе бойынша 

толығырақ  Тәжікстан  мақаласында 

оқыңыз:  Неке  уәдесі  әрдайым  әйел 

қорғанысының  кепілі  бола  бермейді, 

RCA № 564, 30 қаңтар  2009 жыл). 

Заңгер  Саодат  Шарипова  заңдасты-

рылмаған некенің көп жағдайда әйел-

дердің алимент пен басқа да меншікті 

бөлісуге деген құқықтан айыруға себеп 

болатынын  айтады.  Алайда  ол  неке 

туралы  куәлігі  бола  тұра  ажырасқан 

әйел  мүлік  бөлінісіне  қол  жеткізе  ал-

майды,  себебі  үй  күйеуінің  отбасына 

жатады,  ал  әйел  ол  жерде  тіркеуде 

тұрмауы да мүмкін. 

Тәжікстанның  әйел-заңгерлер  Лига-

сы  атқарушы  директоры  Зебо  Ша-

рифова  оның  ұйымы  айналысатын 

жағдайлардың көбі әйелдердің ажыра-

судан кейін мүлік бөлінісіне байланыс-

ты болып келеді. 

Тәжікстанның әйелдер ісіне байланыс-

ты Комитет жанындағы «Бовари» кри-

зистік  әйел  орталығының  директоры 

Гульнора Ахророва неке туралы кәулігі 

бар әйелдердің өзі шағымды өз бетін-

ше  түсіру  үшін  жеткілікті  түрде  өзінің 

заңдық құқығын білмей жатады дейді. 

«Ажырасудан  кейін  әйелдер  аяу-

сыз  түрде  балалармен  бірге  үйден 

шығарылып  тастайды,  ал  олар  болса 

сотта  өз  құқығын  қорғауды  білмейді 

және  жоғарыдағы  жағдайға  көне  бе-

реді», - дейді Ахророва. 

Ахророва  жақында  болған  Тәжікстан-

ның  оңтүстігіндегі  Яван  ауданының 

тұрғыны  Мохтоб  есімді  әйелді  есіне 

алады. 


Көптеген әйелдерге қарағанда Мохтоб 

заңды  түрде  күйеуге  шыққан  және 

ажырасардың  алдында  үш  баласы 

болған. ОЛар тұрып жатқан үй енесінің 

атына  жазылған,  ал  ажырасудан  соң 

күйеуінің  туыстары  оған  бұл  үйде 

қалмайтынын анық жеткізген. 

Қазір ол мешітте келушілерден түскен 

садақаның  арқасында  өмір  сүріп  жа-

тыр. 


«Біз  оған  қандай  құзырлы  орындарға 

бару  керектігін  айттық,  арыз  жазуға 

көмектестік.  Сотта  оның  құқығын  қор-

ғайтын  адвокат  бердік.  Егер  жағдай 

жергілікті  деңгейде  шешілмесе  біз 

оны  республикалық  түрде  шешуге 

көмектесеміз», - дейді Ахророва. 

Ахророва  ауылдық  жерлердің  әйел-

дері  білім  деңгейінің  төмендігіне  бай-

ланысты қиындыққа тап болса, мұндай 

оқиғалар қалада да жиі кездеседі дей-

ді. 


наурыз-сәуір 2010

24

24

«Кейде  әйелдің  тіпті  паспорты,  бала-

ларының  туу  туралы  куәлігінің    жоқ 

екені мәлім болып жатады, олар ажы-

расқан  жағдайда  қандай  құқығы  бар 

екенін білмейді», - дейді. 

Некеде  тұрмаған  болып  есептелетін 

әйелдер  категориясы  бар,  ол  –  екін-

ші, үшінші әйелдер. Кеңестік кезеңнен 

кейінгі  уақытта  көпәйел  алушылық 

жиілеп  кетті,  ел  заңнамасы  тыйым 

салғанына  қарамастан  мұсылмандық 

жолмен әйел алу жолы ашылды. 

Көптеген  әйелдер  үшін  мұндай  неке 

қажеттіліктен туады. 1992-97 жылдары 

болған азаматтық соғыс 25 мыңға жуық 

әйелді жесір қалдырды, ал кәмелеттік 

жасқа  жеткен  көптеген  қыздар 

экономикалық  қолдау  мен  әлеуметтік 

мойындаусыз  қалды.  Ер  адамдардың 

тапшылығы  қазір  де  сезілуде,  себебі 

Тәжікстанның  жүздеген  мың  азаматы 

Қазақстан  мен  Ресейге  жұмыс  іздеп 

кетуде. 


Ажырасу немесе күйеуінің өлімі болған 

жағдайда екінші әйел алиментке, мүлік 

бөлінісіне  және  мұрагерлікке  заңдық 

құқығы жоқ. 

Заңгер Каюм Юсуфов әйелдің атынан 

шағым түсіру қиын, бұл оның тіркелме-

ген некеде тұрмағанымен байланысты 

дейді. 


«Мұндай  жағдайда  әйелге  күйеуімен 

бірге  шаруашылық  жүргізгенін  дәлел-

деу,  куәгерлер  табу  қажет.  Мұндай 

әйелдерге көмектесу өте қиын, алайда 

сот  үйсіз,  алданған  әйелдің  құқығын 

қорғау үшін барлығын істейді және ер 

адамда  көшеде  бұрынғы  әйелі  емес, 

балаларының анасы қалғаны жөнінде 

көндіруге тырысады», - дейді ол. 

Юсуфов Тәжікстан заңына сәйкес ба-

лалар  заңды  некеде  болмаса  заңсыз 

некеде туылғанына қарамастан мұра-

герлікке тең дәрежеде ие екенін айта-

ды. 


Тәжікстан  үкіметі  ажырасқан  әйелдер 

мәселесін біледі және оны шешуге ты-

рысуда. 

«Ажырасулардың  көбеюі  бізге  әйел-

дрге  көмекке  келуге  мәжбүрлеуде, 

олар  неке  бұзылға  соң  қорғансыз  қа-

лады.  Мен  президент  осы  мәселе 

бойынша  қолдау  көрсетеді  деп  үлкен 

үміт күтемін», - деді 11 қаңтарда өткен 

баспасөз  мәслихатында  ел  үкіметі 

һжанындағы жастар ісі бойынша Коми-

тет басшысы Хайринисо Юсуфи. 

Юсуфи еке қиюдың шарты ретіндене-

кеге дейін келісімге қол қоюды ұсынады. 

Тәжікстан  тұрғындарының  көпшілігі 

исламның  сүннеттік  бағытын  ұсы-

нады,  сонымен  қатар,  мұсылман-

исмаилиттер,  христиандар  және  өзге 

де дін өкілдері кездеседі. Мұсылмандар 

үшін неке қиюға молдамен жүзеге асы-

рылатын никоха жасау жеткілікті. 2007 

жылы  билік  мемлекеттік  некені  тіркеу 

болмаса діни неке қиюға тыйым сала-

тын закң қабылдады. 

Жаңа  заң  тіркелмеген  некелердің  са-

нын  қысқартты,  бірақ  оны  орындау 

үшін  шаралар  қолдану  қажет  дейді 

қоғам.  Юсуфов  адамдарға  олардың 

құқығы жайлы айтып отыру керек деп 

отыр. 


«Бізде заң бұзылғанның үстне бұзылу 

үстінде. Молдалар көп жағдайда жас-

тар міндетті түрде АХАЖ-ға барып тір-

келеді  деп  сендіретін  ата-аналар  мен 

олардың  туыстарының  жетегінде  ке-

теді. Ал шын мәнінде солай бола ма, 

оны ешкім білмейді», - дейді ол. 

Тәжік  парламентінің  жоғарғы  пала-

тасының  мүшесі,  атақты  дін  ілімін 

уағыздаушы  Ходжи  Акбар  Тураджон-

зода  1990-1995  жылдары  Жоғарғы 

Кеңес  депутаты  болып  тұрған  кез-

де  молдаларға  мемлекеттің  атынан 

неке  қиюға  рұқсат  беруге  байланыс-

ты  ұсыныс  тастағанын,  бірақ,  оның 

ойының қолдау таппағанын есіне ала-

ды. 

Тураджонзода заңнан бөлек ислам ер 



адамға  неке  кезінде  және  одан  кейін 

әйелге барлық жағдай жасауға міндет-

тейтінін айтады. 

Ол  қалыңдықтың  туыстары  неке 

қиылғанға дейін мүлікті құқықтың қағаз 

бетінде заңдастырылуына көз жеткізу-

лері тиіс дейді. 

«Егер  неке  келісім-шарты  Еуропа-

да  100  жылдан  астам  уақыттан  бері 

қолданылып келе жатса, исламда ол 1 

400 жыл бұрын қолданылған», - дейді 

ол. 


Әйел тіпті екінші жұбай болып баруға 

шешім қабылдаса және ол ресми тір-

кеуге ие бола алмаса да, мұсылман 

заңы  ер  адамға  әр  әйелді  жеке 

үймен  қамтамасыз  етуді  міндеттейді 

дейді  Тураджонзода.  Ол  қалыңдық 

туыстарының  міндеті  күйеуден  ажы-

расу  немесе  отағасының  қазасы 

болған  жағдайда  оның  әйелі  мен 

баласына  мүліктің  көшетіні  жайлы  

қағаз бетінде растау алу деп қайталап 

кетті. 


«Мен іс жүзінде басқаша болып отыр-

ғанын  түсінемін,  алайда,  әйел  мүлік 

құқығын діни неке қию кезінде қатысқан 

куәгерлерді шақыру және балалардың 

әкесі екенін анықтау  арқылы қорғауға 

мүмкіндігі бар», - дейді ол. 



Наргис Хамрабаева, 

Душанбе

ДХосият Наджмиддинованың екі қызы 

мектепке  бітіре  алар  емес,  себебі 

олардың  анасы  білім  алу  тек  ұлдар 

үшін қажет деп санайды. 

«Шынымды айтсам, балалардың мек-

тепке  киетін  киімі  жрқ.  Ал  киімнен 

бһлек  оларға  мектепке  қажет  құрал-

жабдықтар  қажет,  мен  оларды  тауып 

бере алатын жағдайда емеспін», - дей-

ді ел астанасы Душанбе тұратын алты 

баланың анасы. 

Наджмиддинованың  күйеуі  өзге  жүз-

деген  мың  отандастары  секілді    Ре-

сейге  қаражат  табу  мақсатында  кет-

кен. Ал үш ай бұрын ол ақша жіберуді 

тоқтатқан  кезде  отбасы  қаражаттың 

негізгі көзінен айрылып қалған. 

Әйелдің үлкен екі қызы – Сайера мен 

Мафтуна мектепке тоғызыншы сынып-

тан кейін баруды қойған, бұл елдегі не-

гізгі білім алудың міндетті кезеңі. 



тӘЖіКСтанда 

ҚыЗдар СаБаҚ 

ЖіБерУде

Қаржылық  қиындыққа  ер  балалар-

дың білім алуы қыз балалардың бі-

лім  алуына  қарағанда  маңыздырақ 

дейтін  пікір  үстеме  болып  отыр.

наурыз-сәуір 2010

25

Осы кезде бала білім алуды тоқтатуға 

құқығы  болса  да  және  «аяқталмаған 

орта  білім  туралы»  диплом  алса  да 

жоғарғы білім алуға бұл жеткіліксіз. 

Екі  кіші  қызына  мектепке  баруға  әлі 

ерте,  алайда  Наджмиддинова  мек-

тепке екі баласын жіберуге тырысаты-

нын,  себебі  болашақта  қыздар  емес 

осы  ұлдар  отбасы  үшін  ақша  таба-

тынын  айтады.  Сайера  үйде  анасы-

на  көмектеседі,  ал  Мафтуна  кафеде 

жұмыс істейді. 

Наджмиддиновтардың  отбасындағы 

жағдай  қыздарды  мектептен  қаржы-

лық  қиындыққа  байланысты  немесе 

ақшаны  оларға  жұмсау  тиімс  із  бол-

ғандықтан алып қалу тенденциясының 

кәдуілгі мысалы болып отыр. 

Қыз балалар ер балаларға қарағанда 

әсіресе  ауылдық  жерлерде  осындай 

жағдайға тап болып отыр. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Балалар 

Қоры  (ЮНИСЕФ)  2008  жылы  қыз 

балалардың 25%-ы мектепті тоғызын-

шы сыныпты бітірместен тастап кеткен 

деп  хабарлайды.  Көп  жағдайда  олар 

он  жасқа  жетер-жетпестен  мектепті 

бастауыш мектептің төртінші сыныбы-

нан кейін тастайды. Осы жылғы білім 

Министрлігінің  мәліметтері  он  қыздың 

төртеуінің  тоғызыншы  сыныпқа  жетіп 

тағы екі жыл оқу мүмкіндігін пайдалан-

бай мектепті тастайтынын көрсетеді. 

Бала  еңбегіне  ресми  түрде  тыйым 

салынатынына  қарамастан  мектеп-

ті  тастайтын  қыздар  отбасы  ауыл 

шарушылығымен айналысса үй жұмы-

сымен,  алқаптардағы  жұмыспен,  ал 

қалада  болса  басқа  да  жұмыспен  ай-

налысады. 

Өткен  жылы  Тәжікстанның  ересек-

терінің  білімі  ұлттық  орталығы  Ду-

шанбедегі  бала  еңбегіне  байланыс-

ты  мониторинг  жүргізді.  Нәтижесінде 

жұмыс істейтін 230 баланың 80-і мек-

тепті тастап кеткен қыз балалар болып 

шыққан. 


Олардың  кейбірі  төртінші  сыныпқа 

дейін ғана оқыған, ал кейбірі тіпті мек-

тепке де бармаған деп хабарлайды за-

рттеу  үйлестірушісі  Ирина  Щаснович. 

Бұған  негізінен  басқа  жүздеген  мың 

отандастары секілді шет елде ата-ана-

лары  жұмыс  істейтін  балалар  немесе 

тұрмысы  төмен  ауылдық  жерлер-

ден  қалаға  жұмыс  іздеп  келген  «ішкі 

мигранттардың» балалары кіреді. 

Тәжікстанның  заңнамасына  сәйкес 

тоғызжылдық білім алуда балаға бөгет 

жасау  қылмыстық  жазаға  тартылады, 

соңғы  екі  жылдың  ішінде  біліммен 

қамтылмаған  балалардың  ата-ана-

лары  жауапқа  тартылған,  сот  оларды 

бірнеше мың көлеміндегі айыппұлмен 

жазалаған. 

Ақша  –  ата-аналардың  балаларын 

мектептен алып кетуіне немесе Надж-

миддинова  секілді  қыз  балалар  емес 

ұл  балаларды  мектепке  жіберуге  се-

бепші болып отырған дүниелердің бірі. 

Щаснович  көрсеткендей  кейбірі  тіпті 

балаларды мектепке жазбайды да. 

Щасновичтің сөзіне қарағанда бұл ба-

лалардың  кейбірін  мектепке  қайта 

әкелу  үшін  оның  жүргізген  зерттеуінің 

нәтижелері  білім  Министрлігіне  жібе-

рілген,  ал  астанада  мектеп  дирек-

торларының  тәрбие  жұмыстары  бой-

ынша орынбасарларымен бірге семи-

нар өткен. 

Осының  бәріне  қарамастан  «біздің 

тізімде болған балалар мұғалімдердің 

қолдау  көрсетуге  дайын  екендігіне 

қарамастан  біліммен  қамтылмаған» 

дейді ол. 

«Бонувони  фардо»  («Болашақ  әйел-

дер»)  қоғамдық  ұйымының  жоба  үй-

лестірушісі  Дилором  Джаббарова 

көптеген  отбасыларының  қаржылық 

жағдайы  аймаққа  ықпал  еткен  ұзаққа 

созылған қаржылық дағдарыстың сал-

дарынан қиындап кетті, олардың ішін-

де мигранттар мен ауылдық жерлерде 

тұратын отбасылар да бар. 

Тәжікстанда  мемлекеттік  білім  тегін, 

алайда Джаббаров айтып отырғандай, 

көптеген  отбасының  баланың  мектеп-

те  оқуы  үшін  қажетті  киім  мен  құрал-

жабдықтар  сатып  алуға  мүмкіндігі 

жоқ.  Бірінші  сынып  оқушысы  үшін 

ең  төменгі  ақша  көлемі  50  долларға 

тең,  ал  Тәжікстандағы  орта  жалақы 

көлемі  60  доллар.  Бүкіләлемдік  банк 

көрсеткендей ел тұрғындарының жар-

тысынан астамы кедейлік шекарасын-

да өмір сүруде. 

Отбасы жолығатын қиын экономикалық 

таңдауды  есепке  ала  отырып,  Надж-

миддинов  отбасының  жағдайындай 

анасы  мектептен  қыз  баласын  алып 

кетуге,  қыз  баланың  мектепке  барма-

уына  таңдануға  болмас.  Ұл  балалар 

үйленгенде, әсіресе ауылдық жерлер-

де,  олар  отбасымен  ата-анасының 

үйінде  қалады,  ал  қыздар  күйеуінің 

үйіне  кетіп,  ата-аналарының  өміріне 

ендігі жерде араласа бермейді. 

Университеттік  білімі  бар  әйелдердің 

Ассоциациясынң  төрайымы  Гульджа-

хон  Бобосадыкова  мұндай  дәстүрлі 

бағыт  үкімет  пен  басқа  да  жақтардың 

қыздардың білім алуға қол жеткізудегі 

іс-әрекетттеріне кері әсерін тигізеді. 

«Қыз  балаларды  күйеуге  шығуға, 

шарушылық жүргізуге, күйеуін тыңдап, 

бала  тууға  дайындайды»,  -  дейді  Бо-

босадыкова. 

Мектепті  тастаған  қыз  балалардың 

көпшілігі  жоғары  білімді  өте  аз  кө-

лемдегі қыздар алатыны жайлы айта-

ды.  Жоғары  білім  алатын  қыздардың 

саны  1991  жылы  Кеңес  Одағы  құлап, 

Тәжікстан  тәуелсіздік  алған  кездегі 

34%-дан  үстіміздегі  оқу  жылы  29%-ға 

дейін төмендеп кетті. 

1997  жылдан  бастап  елде  алыс 

жырақтағы  ауыл  қыдарына  жоғары 

білім  алу  үшін  квота  бөлініп  келе  жа-

тыр.  Білім  Министрлігінің  мәліметтері 

бойынша  өткен  жылдың  қыркүйегінде 

басталған    үстіміздегі  оқу  жылы  ел 

ЖОО-на  635  қыз  бала  оқуға  қабыл-

данған,  бұл  өткен  жылға  қарағанда 

15%-ға  жоғары.  Қазіргі  кезде  квота 

бойынша оқып жатқан қыздардың жал-

пы саны 4 500 адам. 

Джаббарованың  сөзіне  қарағанда  Тә-

жікстанда  әйелдің  қоғамдағы  рөлін 

арттыруға және гендерлік теңдікке ар-

налған құжаттар мен бағдарламаларға 

қол қойылған. Алайда, мәселе «олар-

дың  жүзеге  асырылмауында  жа-

тыр,  себебі  олардың  іске  асуы  мен 

бақылануына жауап беретін қандай да 

бір нақты құрылым немесе орган жоқ». 

Осы  репортаж  барысында  сұралған 

басқа  да  көптеген  сарапшылар  секіл-

ді  Джаббарова  мәселенің  шешімі 

қоғамдық  білімдік  бағдарламаларда 

жатыр,  яғни  қыздарды,  олардың  ата-

аналарын  және  мұсылмандары  ба-

сым қоғамдағы діни басшыларды әйел 

құқығы мен білім алудың маңыздылығы 

жайлы  ақпаратпен  қамтамасыз  етіп 

отыру қажет деп есептейді. 

Бобосадыкова БАҚ-н білімнің «маңыз-

дылығы мен мәртебе-беделі» тақыры-

бын көтеру үшін пайдалану қажет дей-

ді. 


Білім  Министрлігінің  жоғары  кәсіби 

және  дипломнан  кейінгі  білім  Басқар-



наурыз-сәуір 2010

26

26

масының  басшысы  Абдулхамид  Но-

зимов  өз  ведомствосының  маманда-

ры  мектепке  бармайтын  қыздарды 

анықтау мақсатында ел аралап, олар-

ды мектепке оралып, университет кво-

таларын пайдалануға үгіттейді. 

«Мәселені шешу үшін, барлық жақтың 

бірлескен  жұмысы  қажет.  Өкінішке 

орай, үйлескес іс жоқ, ал барлығының 

мақсаты бір», - дейді ол. 

Нозимов  білім  секторының  шенеунік-

тері  жергілікті  билікпен,  прокуратура-

мен, жергілікті ҮЕҰ-мен  және халықа-

ӨЗБЕКСТАН

ралық  ұйымдармен  қыз  балалар  мен 

олардың  ата-аналарын  ақпаратпен 

қамтамасыз  ету  үшін  бірлесіп  жұмыс 

істек керек деп санайды. 

Щаснович  үйлескен  істің  жетіспейтін-

дігімен  келіседі.  «Көптеген  ұйымдар 

осы  бағытта  жұмыс  жасайды,  алайда 

әрқайсысы өз бетінше жұмыс істеуде. 

Ал  бұл  мәселеде  бірлескен  іс-әрекет 

және  жауапты  жұмыс  қажет.  Егер  бір 

ұйым мұндай балаларды анықтай ал-

май  жатса,  екіншісі  оларды  мектепке 

тұрғызуға  болмаса  білім  курстарына 

беруге көмектесуі керек», - дейді ол. 

Бобосадыкованың  сөзіне  қарағанда 

білім  әйел  адамға  жоғары  деңгейдегі 

өмір сүру мен құқыққорғауға мүмкіндік 

береді. 

«Көпжылдық  бақылау  нәтижесінде 

білімді  әйедердің  үйдегі  қорлыққа  си-

рек  жолығатыны,  өз  бетінше  әрекет 

ететіні  және  материалдық  тұрғыда 

жағдайларының  жақсы  екендігі  анық-

талды.  Сонымен  қатар  олар  жақсы 

аналар», - деді ол. 



Нафиса Писареджева, Душанбе

Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет