Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция


ЭтнИКаЛыҚ СаЯСат – ҚаУіПті оЙын



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ЭтнИКаЛыҚ СаЯСат – ҚаУіПті оЙын

Конфликтолог, «Эгалите» Қоғамдық Қо-

рының  бас  директоры  Татьяна  Выгов-

ская  жер  мәселесіне  байланысты  дау-

жанжалдар  іс  жүзінде  экономикалық 

сипатқа ие екенін айтып кетті. 

«Этникалық дау өз бетінше шықпайды. 

Дау  әрдайым  не  жетіспей  жатыр,  осы-

ған  байлаынсты  өршиді.  «Сендерде 

бәрі  бар,  ал  бізде  ештеңе  жоқ.  Ре-

волюция  болды,  енді  біз  бәрін  ала-

мыз»  деген  ұранмен  үйлерді  басып 

алуға  келгендердің  басты  себебі  де 

сол.  Этиникалық  сенімнің  бұл  жер-

дегі  рөлі  –  белгілі  бір  ұлт  өкілдерінің 

басқаларға  қарағанда  материалдық 

құндылықтарының  көп  болуы  деген 

әлеуметтік қағидада», – дейді ол. 

Этникалық  жанжалдар  туралы  жаңа-

лықтық  тақырыптар  жаңа  үкімет  үшін 

нағыз  проблема  болып  отыр,  себебі 

ол  сыртта  да,  ел  ішінде  де  өз  беделін 

көтеруге міндетті. 

Маевкада  болған  оқиғаның  келесі  күні 

жаңа  билікті  қолдаушы  Ресей  прези-

денті  Дмитрий  Медведевқорғаныс  ми-

нистріне осы елдегі Ресей азаматтары 

мен  олардың  меншігін  қорғау  туралы 

нұсқау  берді.  Оның  мәлімдемесінен 

Қырғызстандағы  әуе-әскери  базасы 

бар ресейлік әскерилерге не істеу керек 

екендігі белгісіз қалды. 

Түрік-месхитиндықтар  Түркияда  туып-

өспесе  де,  бұл  ел  олардың  қауіпсіздігі 

жайлы өз алаңдаушылығын білдірді. Не-

жат Акчал елші Маевкаға келді, ал оның 

елшілігіосыы  аулыға  гуманитарлық 

көмек көрсетпек. 



ХаоС теорИЯСы

Жер  басып  алушыларының  жасырын 

қолдаушылары бар екендігі жайлы күдік 

болғанына қарамастан кейбір жергілк-

ті сарапшылар принципиалды мәселе-

лердің  бар  екендігі  жайлы  тоқтамға 

келді. 

Маевканы  басып  алуға  келгендердің 



бірі, жас азамат IWPR-ға өз әрекеттерінің 

ақталатынын айтты. 

«Адамдарға жер беріп, дауды баса салу 

оңай  ғой.  Бізге  неге  жер  берілмейтінін 

түсінбейміз», - деді ол. 

Ол  2005  жылы  наурызда  болған  «ра-

ушан»  төңкерісі  кезінде  жерді  басып 

алғандардың  әрекеті  сәтті  болғанын 

айтады. «205 жылдан кейін жер басып 

алғандардың  жерлері  заңдастырылса, 

біздің  жер  кейін  заңдастырылады»,  - 

деді ол. 

Парламент  спикері  болып  тағайын-

далған  Коммунистер  партиясының  же-

текшісі  Исхак  Масалиев  жерлерді  заң-

сыз түрде басып алу 90-жылдардың ба-

сынан келе жатқанын айтты. 

«Билік  ауысқан  сайын  жерлерді  басып 

алу жаман дәстүрге айналып барады», 

- деді ол. 

Құқықтық  мәселелерден  бөлек  Маса-

лиев  басып  алушылар  ауылдарының 

өскенін,  ал  мұның  бұрыс  белгі  екеніні, 

қалалардың  жайылып  емес  жоғарыға 

өсу керектігін айтты. 

«Тұрғын  үйлердің  асығыс  тұрғызылға-

ны,  кедейшілік,  қылмыстық  жағдайға 

алып  келеді,  себебі  бұл  үйлерде  тұ-

ратындардың жағдайы өте төмен: дұры 

жолдар,  клммуникация,  су  құбырлары 

жоқ», - дейді ол. 

ҚР  Омбудсмен  институтынан  келген 

Гульнур Абазбекова басып алушыларға 

берілген  үлкен  көлемдегі  жер  дұрыс 

еместігімен келіседі. 

«Бұл жабайылық, басып алушылар өзге 

біреудің  меншігін  жаулап  алды  және 

бұл қатаң түрде тоқтатылуы тиіс. Басып 

алушылар  негізінен  жастар,  олардың 

тұрақты табысы жоқ. Билік оларға жер 

берген  жағдайы  өзінде  олар  ештеңе 

сала алмайды, себебі қаражаттары жоқ. 

Онда электр, жолдар да жоқ, қала өзіне 

мұндай ауыртпалықты ала алмайды», - 

дейді ол. 

Выговская  да  жаңа  билік  мұндай 

әрекетерді басып тастауға қатаң шара-

лар  қолдану  керек  деген  пікірде.  «Бұл 

топ  биліктің  бар  екенін  білулері  керк», 

- дейді ол. 

Ол мұндай бассыздықтарды жақын ара-

дағы уақытқа да болжап отыр. 

«Кез келген ьиліктің күшпен ауысуы ар-

тынан  заңсыздықты,  күш  көрсетуді,  аг-

рессияны ала келеді», - деді Выговская. 

Сондықтан  қазір  жағдай  билік  тара-

пынан  аса  бір  бақыланып  отырған 

жоқ.  Сондықтан  Маевкадағы  секілді 

оқиғалар ұзақ уақыт бойы көрініс таба-

ды. Жарты жыл шамасында бұл жағдай 

ана  жерде  бір,  мына  жерде  бір  болып 

оытрады.  Бірақ,  негізінен  басып  алуға 

Бішкектің  маңындағы  жерлер  нысан 

болмақ. Бұл халықтың Бішкектегілердің 

бәрі  жақсы  өмір  сүреді,  ал  астанада 

тұру  өмірді  жақсартады  деген  кірімен 

байланысты»,  деді ол. 

Асыл Осмоналиева,

Бішкек

8 сәуір. 

Дүкендер басып 

алушылардан 

сақтанып, 

тауарларын 

әкеткелі жатыр


наурыз-сәуір 2010

19

Көрші мемлекеттер 

Қырғызстанға 

қауіппен қарауда

NBCA сұраған ортаазиялық 

аймақтағы комментаторлар 

қырғыз оқиғаларының көрші 

мемлекеттерге де ықпалын 

тигізуі мүмкін екенін, алайда, жағ-

дайдың қайта тұрақсыздануы 

мүмкін екендігі жайлы айтты.  

6-7  сәуір  күндері  Қырғызстанда  ауыр 

әлеуметтік-экономикалық  жағдай  мен 

басқарушы  реижмнің  жемқорлығына 

қарсы адамдардың жаппай көтеріліске 

шығу  себебінен,  қырғыз  президен-

ті  Құрманбек  Бәкиев  биліктен  кетіп, 

оның  орнына  оппозиция  өкілдерінен 

құралған Уақытша үкімет келді. 

Бішкектегі  оқиғаоардың  нәтижесінде 

84  адам  қаза  тауып,  1600-дей  адам 

жарақат алды. 

Тағынан тайған президент біраз уақыт 

бұрынғы  үкімет  мүшелері  бауырла-

рымен  бірге,  көршілесӨзбекстанған 

жақын  жатқан  Жалал-Абад  облы-

сындағы  туған  ауылы  Тейитте  болып 

келді, ол Уақытша үкіметті заңсыз деп 

атап,  өз  пайдасына  орай  қарсылық 

танытуға тырысты. 

16 сәуір күні үш мемлекет – АҚШ, Ре-

сей  және  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етуші 

Қазастанның  қатысуымен  елде  екі 

билікке рұқсат етілді. 

Ресей  мен  АҚШ  үшін  Қырғызстан 

стратегиялық  маңызға  ие.  Себебі 

оның  жерінде  екі  елдің  де  әскери 

базалары  орналасқан,  ал  Қазақстан 

үшін  бұл  мемлекет  ежелгі  өрші, 

көптеген  салалар  бойынша  тығыз 

қарым-қатынаста. 

Осы  күні  қазақстандық  әуе-іскери 

күштерінің  арнайы  рейсімен  Бәкиев 

Қазақстанның  оңтүстігіндегі  облыс 

орталығы  Тараз  қаласына  жеткізіл-

ді,  бұл  қала  Тала  облысымен  шек-

теседі.  Көрші  елде  отырып,  Бәкиев 

отставкаға  кету  туралы  өтініш  жазды 

деген  хабар  бар.  Кейін  Бәкиев  мін-

ген  ұшақ  Қазақстаннан  кетті  деген 

ақпарат түсті. 

Осы  мақала  жазылып  жатқан  кезде 

қырғыздың  экс-президентінің  қайда 

екені белгісіз болды. 

Қазақстандық  және  тәжіктік  прессе 

мен  телевизия  Қырғызстанда  болып 

жатқан  оқиғалар  туралы  кеңінен  жаз-

ды,  ал  өзбек  пен  түркімен  БАҚ-ды 

бұл  тақырыпты  көтерген  жоқ.  Көрші 

мемлекеттердің  басышлары  ресми 

мәлімдеме жасаған жоқ, тек Қазақстан 

президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 

қана  «билік  жүйесін  қалпына  келтріп, 

қарапайым  адмдарды  қорғау  үшін 

барлық  күшті  біріктіруге  шақырды». 

Ал  өзбек  СІМ  барлық  болып  жатқан 

оқиғалар 

«Қырғызстанның 

ішкі 

мәселесі» екенін хабарлады. 



NBCA-ның  өзбекстандық  шолушы-

лары  қырғыз  жағдайлары  секілді 

оқиғалар Өбекстанда болуы екіталай, 

себебі  қоғамның  наразы  болуы  аса 

үлкен  деңгейде  емес,  алайда  билік 

болсын,  қарапайым  адамдар  болсын 

белгілі бір дәрежеде қауіптенуде дей-

ді. 


Ташкенттік,  саясат  ғылымдарының 

кандидаты,  әледік  экономика  мен 

дипломатия  Университетінің  докто-

ры  Фархат  Толипов  жергілікті  БАҚ-ы 

Қырғызстандағы  оқиғалар  жайлы  жақ 

ашпаса  да,  бұл  «қоғамдық  талқы-

лаудағы  №1-ші  тақырып»  екендігін 

айтты. 


«Бізге  тіпті  университетте  студент-

терге Қырғызстанда не болған жайлы 

түсіндіріп, жеке дәрістер өткізуге тура 

келді,  бірақ  маған  оқытушы  ретінде 

«Мұндай оқиға бізде болуы мүмкін бе 

деген?»  сұрақ  бірде-бір  рет  қойылған 

жоқ.  Яғни  мұндай  ойдың  өзі  жоқ, 

халық  президентке  қарсы  шықпайды. 

Қоғамдық  талқылаулардан  бір  нәрсе 

түсінікті: біздің ел өзін Қырғызстанмен 

еш байланыстырмайды, көпшілік үшін 

ол алыстағы мемлекет», – дейді ол. 

Алайда  өзге  өзбекстандық  коммента-

торлар  қырғыз  екшарасында  туыста-

ры  бар  көптеген  адамдардың  қауіпке 

беріліп  жүргендігін  айтады.  Күн  сай-

ын  өзбек-қырғыз  шекарасындағы 

бақылау-өткізу  пункттерінен  жүздеген 

адам 

жұмысқа, 



қонаққа 

өтеді. 


Аталған  оқиғалалардан  кейін  шекара 

жабылған. 

«Бізде  сақтық  шаралары  күшейтілді, 

мысалы,  прокуратураны  қорғайтын 

адамдар бронды кедешелер киюде, ал 

мемлекеттік мекемелердің жанындағы 

көлік  тұрақтарына  тыйым  салынуда», 

-  дейді  ел  шығысындағы,  қырғыз  ше-

карасында жатқан Әндіжандық «Апел-

ляция» құқыққорғау қауымдастығының 

төрағасы Саиджахон Зайнабитдинов. 

Сонымен қатар Зайнабитдинов қырғыз 

сценарийнің өз елінде қайталануының 

мүмкін еместігін айтады, себебі мұнда 

арнайы  қызметтер  азаматтарды  қатаі 

түрде бақылада. 

«Бде  бәрі  бақылау  астында.  Қазір 

жыл  сайынғы  адамдарды  бір-бірлеп 

прокуратураға  шақрып,  тергеуге  ала-

тын  көктемгі  кампания  басталып  кет-

ті», - дейді ол. 

Интернет шектелген, ал ресейлік және 

басқа да орта азиялық веб-ресурстарға 

тыйым  салынған  Түркіменстада  Қыр-

ызстан  туралы  жағдай  еле  арасына 

жетіп үлгерген. 

«Ашхабад  қаласының  көшелерінде 

полиция патрульдері жүр, кешке елдің 

құжатын  тексереді»,  -  деді  NBCA  шо-

лушысы. 


Түркіменстандық диссидент және Бол-

гариядан  іс-әрекетін  жүргізетін  құқық-

қорғаушы  Таджигуль  Бегмедова  би-

ліктің «үлкен қаупі бар» екендігі айта-

ды, себебі көптеген түркімен жастары 

көршілес Қырғызстанның ЖОО-да оқи-

ды,  сондықтан  олар  бұл  елдегі  жағ-

дайлардың куәсі болып отыр. 

«Түркімен билігі ұйқысынан айрылуда, 

себебі оларда маза жоқ. Бірақ, жалпы 

халық  гипнозда  және  Қырғызстанда 

болып  жатқан  оқиғаларға  дұрыс 

баға  бере  алмайды,  себебі  халық  өз 

пікірін білдіру мүмкіндігінен айрылған, 

сондықтан  қырғыз  оқиғасының  Түркі-

менстанда  қайталануы  екіталай»,  - 

дейді ол. 

Душанбелік тәжік саясаттанушысы Ра-

шид  Абдулло  Қырғызстандағы  қоғам-

дық-саяси  оқиғалар  Орта  Азия  ел-

дерінің  экономикалық  жағдайын  кері 

әсерін тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. 

«Суғару  кезеңі  келе  жатыр,  отыры-

зылған дақылдарды суғару туралы ой-

лау  керек.  Қырғызстан,  Тәжікстан  се-

кілді, ортаазиялақ өзендердің жоғарғы 

басында  орналасқан,  осыған  байла-

нысты  су  жіберу  туралы  шешімдер 

қабылдауда  қарым-қатынаста  болып 

келдік.  Енді  не  болатынын  белгісіз. 

Әрине, мұндай оқиғалар боып жатқан 

кезде  суғару  туралы  ойлануға  мұрша 

болмайтыны белгілі», - дейді ол. 


наурыз-сәуір 2010

20

20

Наурыз айындағы Қырғызстандағы ке-

зекті  парламент  тыңдаулары  бала-

лардың  білім  алуға  қол  жеткізуіне 

байланысты болды. Арнайы құрылған 

депутаттық комиссия жарты жыл бойы 

балалардың  білім  алу  құқығының 

сақталуына байланысты жағдайды ел-

дегі 31 бойынша зерттеді. 

арнаЙы 

реПортаЖ

Қырғызстандағы 

негізгі білім беру 

жүйесі нарықтық 

жағдайда өзгерту-

лерді талап етуде

Білім сапасының төмендеуінің 

негізгі себептерін сарапшылар 

мемлекет тарапынан жеткілікті 

көлемдегі қаржыландырудың 

жоқтығы мен соңғы 20 жыл ішінде 

жүйеде үлкенреформалардың 

жүргізілмеуімен байланыстырады

Парламенттік тыңдаулардың алдында 

Осы тақырыпқа арналған, IWPR ұйым-

дастырған  дөңгелек  үстелдер  Қыр-

ғызстан аймақтарында өтті. 

IWPR-ға  берген  сұхбатында  Уақытша 

депутаттық  комиссия  Төрайымы  Гул-

жамал  Султаналиева  айтып  кеткен-

дей,  парламентарийлер  баланың  те-

гін  білім  алуға  деген  конституциялық 

құқығын  сақтауға  тырысады.  Тәуел-

сіздің  алғалы  бері  жүріп  жатқан  білім 

жүйесінің  коммерциялануы  жағдайы 

төмен  отбасылардан  шыққан  бала-

лардың  аталған  құқықты  пайдалануға 

мүмкіндік бермейді. 

Статистика  бойынша  40  мыңнан  ас-

там бала Қырғызстанда мектепке бар-

майды.  Бұл  көрсеткішті  2009  жылы 

қоғамдық  пікірді  зерттеу  «Эл-Пикир» 

орталығы  жариялады,  ол  ЮНИСЕФ-

тің  қолдауымен  республика  мектеп-

терінде  зерттеу  жүргізген-ді.  ҮЕҰ-дығ 

бейресим  мәліметтері  бойынша  мек-

тептерде  оқымайтын  балалар  саны 

бұл көрсеткіштен үш есе артық. 

ЮНИСЕФ-пен  бірлескен  Президент 

жанындағы  стратегиялық  талдау  жә-

не  бағлау  Институтның  бала  кедей-

шілігі және теңсіздігі бойынша Ұлттық 

зерттеуіне  сәйкес  Қырғызстандағы 

балалардың тек 11%-ы ғана мектепке 

дейінгі білім алуға қол жеткізе алады. 

ҚР  білім  және  ғылым  Министрлігін-

де тек Бішкекетің өзінде ғана 20 мек-

теп  жетіспейтінін,  ал  аймақтарда  бұл 

көрсеткіштің бірнеше есе өсетінін айт-

ты. 


ҚР  білім  және  ғылым  Министрлігінің 

мектепке  дейінгі,  мектеп  және  мек-

тептен тыс білім беру басқармасында 

Бішкек  мектептерінің  орта  есеппен 

30-35%-ға  шектен  тыс  жұмыс  жасап 

жатқандығын, нәтижесінде кейбір мек-

тептер  үш  ауысымда  сабақ  өткізуге 

мәжбүр екендігін айтты. 

Сарапшылар  мектептердің  жетіспеу-

шілігі  Қырғызстандағы  мыңдаған  ба-

лалардың  мектепке  бармай  отырған-

дығының бір ғана себебі емес. 



теГін БіЛім ҚанШа тұрады

Мұндай  себептердлің  бірі  ретінде 

сарапшылар  тегін  бастапқы  және 

орта  білімге  кепілдік  беретін  ҚР  Кон-

ституциясының  және  ҚР  «Білім  ту-

ралы»  Заңының  бұзылуын  айтады. 

Іс  жүзінде  баланы  мектепте  оқыту 

қымбатқа түсуде. 

Қазақстандық  сарапшы  Ярослав  Ра-

зумов  Қырғызстанда  болып  жатқан 

оқиғаларды  түбі  болып  тынатынын, 

алайда Қазақстан мен аймақтың басқа 

да мемлекеттеріне еш әсерін тигізбей-

тінін айтты. 

«Қырғызстан қауіп төндіру үшін айтар-

лықтай  күші  жоқ,  ол  аймақта  үлкен 

ықпалға  ие  емес.  Керісінше  оо  қазір 

көрші мемлекеттердің көмегіне зәру», 

- деді ол. 

(Аталған  мақала  National  Endowment 

for Democracy Қоры қаржыландыратын 

«Орталық  Азияның  жаңалықтар»  жо-

басының аясында дайындалды)

«Бала  құқығын  қорғаушылар  лигасы» 

құқыққорғау  ҮЕҰ-ның  зерттеу  мәлі-

меттеріне сәйкес мектепке орналасар-

да  алынатын  ақы  мектеп  жәрежесіне 

байланысты 200 сомнан ($ 4,5) 20 мың 

сомға ($454) дейін жетеді. 

Ақша  аударылған  соң  ата-аналар 

ай  сайынғы  100  сомнан  ($2,3)  600 

долларға  дейін  жететін  төлем  төлеп 

отырады.  Бұл  мәліметтерді  2009 

жылы  жүргізілген  мониторингінің  нә-

тижесінде  ҚР  заңнамасының  білім 

алуға деген бала құқығының сақталуы 

саласындағы  жүзеге  асырылуы  мен 

қадағалануын зерттеу бойынша уақыт-

ша  депуттатық  Комиссия  ұсынды. 

Мұндай төлемдер қала мектептері мен 

бірқатар аймақтық мектепрге тән. 

Мамандар  атап  өтіп  кеткендей  оқыту 

мекмелеріндегі оқытуға кететін шығын 

ең  әуелі  тұрмысы  төмен  отбасыла-

рына  кері  әсерін  тигізген.  Ұлттық 

стратегиялық  комитет  мәліметтеріне 

сәйкес 2009 жылы Қырғызстандағы ор-

таша  айлық  жалақы  6009  сом  ($136), 

ал астанада 8777 ($199) болған.

 

«Бұрын  біз  жыл  сайын  мектептің 



жөндеу жұмыстарына ақша өткізіп кел-

сек, енді осындй ақшаны біз сыныпты 

жөндеуге  де  өткіземіз.  Бұған  қоса  ай 

сайын шүберекке, шелекке және басқа 

да сыныпқа арналған дүниелерге ақша 

береміз.  Маған  оқытуды  төлеу  үшін 

екі  жұмыс  істеуге  тура  келіп  жатыр. 

Жалақымның  үштен  бір  бөлігі  осыған 



наурыз-сәуір 2010

21

кетеді»,  -  деді  IWPR-ға  астанадағы 

мектептердң бірінің қызы оқитын ана. 

Салықтарды  заңдастыру  үшін  мек-

тердің  жанынан  Қоғамдық  қорлар 

құрылуда,    ал  салықтың  өзін  «қайы-

рымдылық  жарнасы»  деп  аталуда. 

Алайда,  ата-аналардың  шағымына 

қарағанда  салық  ерікті  түрде  алын-

байды.  Ақша  беруден  бас  тартқан 

жағдайда бала қысымға ұшырап, тіпті 

мектептен шығып кетеді. 

«Маған  егер  біз  ай  сайынғы  жарнаны 

төлеп  отырмасам  баланы  басқа  мек-

тепке  ауыстыру  жөн  болар  деп  еме-

урін таныттын. Бұл жайында ашық ай-

тпайды, алайда жөн деп тапса, оқудан 

шығарып  жіберуге  себеп  табады»,  - 

деді  гимназия  оқушыларының  бірінің 

анасы. 


Ол өзге де көптеген ата-аналар секіл-

ді  мектеп  әкімшілігімен  жанжалдас-

қысы  келмейді,    сондықтан  заңбұзу-

шылықтар жайла қажеттті ор-гандарға 

хабарламаған.  Себебі  көп  жағдайда 

мұндай  балалардың  ата-аналарға 

қысымға тап болады. 

«Бала  құқығын  қорғаушылар  Лигасы» 

ҮЕҰ-ның мәліметтеріне сәйкес мектеп 

оқушылары  көп  жағдайда  мұғалімдер 

тарапынан  қысымға  ұшырайды.  Бұл 

тұрақты түрде сынға алу, қорлау және 

басқа да сезімге қысым көрсету. 

Мектеп  психологы  Татьяна  Молча-

нованың  сөзіне  қарағанда  қысым 

көрсетудің  бұл  түрі  ең  кең  таралған 

және  бала  психологиясына  ауыр 

әсере етеді. 



нарыҚтыҚ ЖаҒдаЙдаҒы меКтеП 

менедЖменті

90-жылдардың  алғашқы  жартысы-

нан  бастап  Қырғызстан  мектептерін-

де  ақылы  білім  қызметі  енгізілді.  Бұл 

сабақтан  тыс  уақыттағы  қосымша 

ақылы қызмет түрлері, сонымен қатар, 

бюджеттік  сыныптардың  қатарындағы 

келісім-шартты 

сыныптар, 

олар 


балаларға  арналған  оқыту  жағдайын 

жақсарту  үшін  мектеп  тарапынан 

кепілденеді. 

Сарапшылардың  пікірінше  қырғызс-

тандық  заңнамада  ерікті  және  ерік-

сіз  жарнаның  айырмашылығы  көр-

сетілмеген,  бұл  жемқорлық  үшін 

қолайлы жағдай туғызып отыр. 

«Қазіргі  алынып  отырған  отырған 

салықтар  –  мектеп  әкімшілігінің  ше-

тен  тыс  сұранымдары.  Ата-аналар-

дан  түсетін  ақша  көлем  үлкен,  ал 

шығын бақыланбайды», - дейді «Бала 

құқығын қорғаушылар Лигасының» же-

текшісі Назгуль Турдубеков. 

Өз кезегінде кейбір директорлар «ерік-

ті жарна» жинау қажет, себебі мемле-

кеттік  қаражат  «ештеңеге  жетпейді» 

деп санайды. 

ҚР  білім  саласына  бөлген  бюджеттік 

шығын  көлемі  2010  жылы  7,2  млрд. 

сом  болған  ($164  млн.)  немесе  ЖІӨ-

нің 3 %-ы. Паламентарийлер мен ҮЕҰ 

өкілдері  айтып  кеткендей  мемлекет 

білім  саласын  «қалдық  приниципі» 

бойынша қаржыландырып отыр. 

Бүгінгі  мектеп  директорлары  биз-

несменге 

айналып 

алған. 


Оқу 

бағдарламаларын  жасаудан  бөлек, 

ол  қаржы  жағдайын  бақылап,  мек-

тепте 


құбырлардың 

тесілмеуін 

қадағалауы  қажет»,  -  дейді  «Біздің 

құқық»  қоғамдық  қорының  кеңесшісі 

Калича  Умуралиева.  Қазіргі  кезде 

қаржылық-шаруашылық 

мәселелер 

орта  мектептердің  басшыларының 

уақытының көп бөлігін жеп қояды деп 

атап көрсетіп кетті Умуралиева. 

Астаналық  №62  гимназияның  ди-

ректоры  Людмила  Байбородинаның 

пікірінше  қаржы  тапшылығынан  ең 

әуелі мұғалімдердің өздері жапа шегіп 

отыр.  Жалақының  төмендігіне  байла-

нысты  мектептерде  кадр  тапшылығы 

анық  байқалуда.  Білім  және  ғылым 

Министрлігінің  мәліметтеріне  сәйкес 

жас мұғалімнің жалақысы екі мың сом-

нан ($45) басталады. 

«Бізде  көп  зейнеткерлер  жұмыс  іс-

тейді,  себебі  жас  мұғалімдер  мұндай 

аз  жалақыға  мектепке  жұмыс  істе-

уге  барғысы  келмейді.  Мұғалімдер 

де  адам  ғой,  олардың  балалары  бар, 

оларды  асырау  керек.  Сондықтан  біз 

ата-аналардың  жарна-

ларынан  мұғалімдерге 

ақша  бөлеміз»,  -  дейді 

Байбородина. 

ҚР  Паламенті  депутаты, 

Социал-демократиялық 

партияның мүшесі Ирина 

Карамушкина  өз  мектеп-

те  мұғалім  болып  жұмыс 

істеген  және  аз  жалақы 

көлемімен жақсы таныс. 

«Бүгінгі мұғалім күнделікті 

дәптерлерді тексеру үшін 

айына  бар  болғаны  15 

сом  ($0,3)  алады.  Бұл 

жалақы  орынджалған  жұ-

мыс  көлеміне  тіпті  де  сәйкес  келмей-

ді», - деді ол, орта есеппен әр сыныпта 

30 бала оқитынын атап көрсетіп. 

Білім  және  ғылым  министрлігінде  ел-

дегі  кейбір  мектептерде  бір  сыныпта 

46  адамға  дейін  оқиды,  бұл  қалыпты 

нормадан  екі  есеге  дейін  көп  деп  ха-

барлады. 

Мемлекет  бірнеше  рет  қосымша 

қаржыландыру  бойынша  бағдарла-

малар  жүргізген,  алайда  сарапшы-

лардың  пікірінше,  олар  қажетті  нә-

тиже  бермеген.  Олардың  бірі  «Жас 

мұғалім»  қолдау  бағдарламасы.  Ол 

жас  педагогтарға  арналған,  оларды 

республика  аймақтарында  қалдыру 

мақсатында  қаржылық  көмек  ретінде 

қарастырылған. 

Білі Министрлігінің мәліметтері бойын-

ша төрт жыл ішінде аймақтық мектеп-

рге 600 мұғалім жіберілген. 

Алайда,  Калича  Умуралиева  мұндай 

мемлекеттік  қолдау  елдегі  педагоги-

калық  кадрлердің  жетіспеушілігі  мә-

селесін  шеше  алмайды  дейді,  себебі 

бұл, қосымша ақша инфляция кезінде 

өте аз. 


Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет