Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

рэчел:  Түркіменстандық  денсаулық 

сақтау  жүйесі  басқа  да  ортаазиялық 

мемлекеттерде  кездесетін  қиындық-

тарға  кезігіп  отыр,  олар:  туберкулез 

секілді  жұқпалы  аурулардың  жоғары 

деңгейі,  сонымен  қатар  бала  мен 

әйелдер  өлімінің  жоғарылығы.  Алай-

да  Түркіменстандағы  жағдай  жабық-

тығымен  ерекшеленеді.  Үкімет  жоққа 

шығару  саясаты  мен  мәліметтерді 

араластыруды  жиі  қолданады.  Басты 

проблемалардың бірі – денсаулық сақ-

тау жүйесі мен халықтың денсаулығы 

жайлы  мәліметтің  мүлде  болмауы. 

Үкіметтік статистикалық мәліметтер не 

мүлде жоқ, не шындыққа жанаса бер-

мейді.  Мұндай  жағдай,  мысалы,  ана 

өліміне  қатысты.  Түркіменстандағы 

ана  өліміне  байланысты  ұсыныслған 

Бернд рэчел: 

түркімен денсаулық 

саласын зерттеу қара 

түнекті зерттегенмен бірдей

112  сәуір  күні  елдегі  қызметін  желтоқсанда  тоқтатқан  «Шекарасыз 

дәрігерлер» халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы («Médecins 

Sans  Frontières»  -  MSF»)  «Түркіменстан:  денсаулық  сақтау  жүйесінің 

жабықтығы» деген тақырыпта даяндама жасады. Баяндама  денсаулық 

сақтау  саласындағы  кейбір  негізгі  мәселелерді  қозғайды.  Түркімен 

билігі  бұл  баяндамаға  оң  ниетпен  қарай  қойған  жоқ.  TDH  мемлекеттік 

ақпараттық  агенттігі  осы  мәселе  қаралған  соңғы  министрлер 

кабинетінің отырысында бүгінгі Түркіменстанның «бірегей әрі жөнделген 

денсаулық  сақтау  жүйесіне  ие  және  ол  тәуелсіздік  алғалы  юері  өзінің 

қолжетімділігі мен тиімділігін дәлелдеді» делінген. 

көрсеткіштер  Нидерландыдан  төмен 

болған,  ал  бұл  Түркіменстан  секіл-

ді  ел  үшін  мүмкін  емес.  Бұдан  бөлек, 

түркімен  билігі  соңғы  жылдары  елде 

бірде-бір  адам  ЖҚТБ-мен  тіркелме-

ген деп тұжырымдайды, ал бұл мүлде 

мүмкін  емес.  Үкіметтік  мәліметтер 

болмаған жағдайда болмаса шындық-

қа  сәйкес  келе  бермесе,  жағдайдың 

нақты сипатына көз жеткізу үшін зерт-

теулерді  пайдалануымызға  болады. 

Аладай Түркіменстанда қазір тәуелсіз 

зерттеулер  жүргізу  мүмкін  емес.  Түр-

кіменстандағы  халықтың  денсаулы-

ғын  зерттеуге  тырысу  қара  түнекті 

зерттегенмен бірдей. 

NBCA:  MSF  баяндамасында  медици-

налық  күтім  жасау  мен  медициналық 

қызметкерлердің  біліктілігінің  төмен-

дігін  түрді  себептермен  байланыс-

тырылады  және  назар  аударылады. 

Бұл  медициналық  қызметкерлерді 

дайындаудың  әлсіздігі,  режим  алдын-

дағы  қорқыныш.  Бұл  қорқыныш  кадр-

лардың  жиі  ауысуына  байланысты 

дәрігерлердің сенімсіздігін тудырады. 

Сіздің  мәліметтеріңіз  бойынша  Түр-

кіментстандағы  медициналық  қызмет 

көрсету деңгейі қандай?

рэчел:  Менің  мәліметтерім  бойынша 

медициналық қызмет көрсету мен ме-

дицина  қызметкерлерінің  деңгейінің 

төмендігі  елдегі  денсаулық  сақтау 

жүйесіне  тәне  негізгі  проблемалар. 

Ниязовтың  үкіметі  жалпы  білім  сек-

торына,  оның  ішінде  медициналық 

білімге де үлкен шығын әкелді, оқыту 

кезеңі  өтіп  кетсе  де,  білім  сапасы 

үлкен сұраққа ие болып отыр. Бұрынғы 

Кеңес  Одағының  барлық  елдерінде-

гідей  медициналық  қызметтің  бей-

ресми  ақысы  кең  таралған  құбылыс 

болып  отыр.  Ол  медициналық  қыз-

меткерлердің  төмен  жалақысына  қо-

сымша ақша болып отыр, алайда кей-

де қажетсіз емдеуге алып келеді, яғни 

сапасыз медициналық қызмет түрлері 

пайда болады. 

NBCA: MSF баяндамасында көрсетіл-

ген  жұқпалы  аурулар,  сифилис  және 

ЖҚТБ  фактілерін  жасырып  қалу  қоға-

мның  денсаулығына  қалай  ықпал 

етеді?  Ол  қаншалықты  өз-өзін  ақтап 

отыр??


рэчел:  Жұқпалы  аурулар  фактісін 

жжасырып  қалу  ешқандай  жолмен 

де ақталуға жатпайды. Ол тек шығын 

әкеледі,  емделушілерге  қажетті  ем 

алуға мүмкіндік бермей, халыққа қауіп 

тудырады.  Мұны  Қытаймен  салысты-

ра айта кетсе болады, онда билік ұзақ 

уақыт бойы пневмония вирусын жасы-

рып  келген,  нәтижесінде  бүкіл  әлем 

бойынша осы аурудың бірнеше ошағы 

пайда болды. 

NBCA: Сіздің ойыңызша түркімен билі-

гі  денсаулық  сақтау  саласын  қандай 

дәрежеде  транпаренттікпен  қамтама-

сыз ете алады? Бұл үшін не істеу ке-

рек?

рэчел:  Біз  елдегі  денсаулық  сақтау 

саласына  қатысты  жағдайды  және 

денсаулық  сақтау  жүйесінің  өзін  тек-

серуді талап еткен едік, бірақ, барлық 

талпынысымыз тосқауылға тап болып 

отырды.  Халықаралық  қауымдастық 

денсаулық  сақтау  сақтау  саласының 

ашық  болуын  қатаң  түрде  талап  етуі 

тиіс.  Денсаулық  сақтау  жүйесі  тура-

лы нақты мәліметтер болмай аталған 

елдің  жағдайының  жақсаруы  мүмкін 

емес. 


Сұхбатты Түркіменстан мен 

Өзбекстан бойынша IWPR бас 

редакторы Инга Сикорская алды

наурыз-сәуір 2010

15

ҚАЗАҚСТАН

Мали азаматы Идрисса Траоре Қазақ-

станның миграциялық қызметімен дау-

жанжалдың  ортасында  қалып  отыр. 

Ол  қызметті  оған  заңсыз  түрде  айып-

пұл  белгілегені  және  айыппұлды  тө-

лемесе елден шығарып жібереміз деп 

қорқытқаны үшін кінәлауда. 

Траоредің  өткен  жылдың  күзінде  миг-

рациялық полицияға берілудің орыны-

на,  олармен  күресуге  шешім  қабыл-

дауының  ерекше  болғаны  сондай,  ол 

туралы  желтоқсан  айында  атақты 

«Время» газеті жазды.   

Бір  қарағанда,  әңгіме  Қазақстанға 

жаңа келген иммигрант туралы болып 

отырған  секілді,  шын  мәнінде  Трарое 

20 жыл бойы Қазақстанда тұрып келе 

жатыр,  мұнда  ол  Кеңес  Одағының 

кезінде мал дәрігерлігін оқыған. 

Ол  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан 

кейін университетті бітірісімен осында 

қалған  200  африкандықтың  бірі.  Ұзақ 

уақыт Қазақстанда тұратындықтарына 

қарамастан,  олардың  көпшілігі  нақты 

заңдық мәртебе алу үшін кедергілерге 

тап болып отырғанын айтады.

2004  жылы  Траоре  тұру  ықтиярхатын 

алады,  алайда  өткен  жылдың  та-

мызында  ол  ықтиярхатты  ұзартуға 

құжаттар  берген  кезде,  оған  2007 

жылы  тіркемеде  тұрған  Алматыда 

емес, Астанада тұрып, жұмыс істегені 

үшін  100  доллар  көлемінде  айыппұл 

төлеу керектігі туралы айтқан. 

Траоре  айыппұлды  дер  кезінде  тө-

легенін, ал шенеуніктер оларда айып-

пұлдың  төленгені  жайындағы  мәлі-

меттердің жоқтығы жайында айтады. 

Ең бастысы, алайда, африкандық бұл 

айыппұлды төлемеуі керек еді, себебі 

тұру  ықтиярхаты  бр  шетелдік  азамат-

тар ел аумағында еш кедергісіз жүріп-

тұра алады. 

Қолындағы  ықтиярхатының  ұзартыл-

мауына  байланысты  Траоре  жұмысқа 

Қазақстандағы африкандықтар өмір сүру 

құқығы үшін күресудее

Қазақстан аумағында ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан өзге мемлекеттердің 

азаматтары билік тарапынан озбырлық пен өздеріне деген ашық түрде ықылас 

танытылмауына кезігіп отырғанын айтады.

тұра алмайды. Оның паспорты да жоқ, 

себебі  оны  ықтиярхатты  ұзарту  үшін 

құжаттар өткізген кезде бірге берген. 

Траоре  миграциялық  полиция  Бас-

қармасын  оған  заңсыз  айыппұл 

салғаны  және  өмір  сүру  үшін  ақша 

табу  мүмкіндігінен  айырғаны  үшін 

сотқа  берді;  сонымен  қатар,  ол 

прокуратураға  миграциялық  полиция 

басқармасының  өзіне  «тұру  ықтияр 

хатын  тартып  алу  үшін  себеп  та-

батынын»  айтып  қорқтып-үркіткені 

жайындағы арызын қарастыру туралы 

өтінішін тапсырды.  

«Бұл  енді  маған  айтқанымнан  қайт-

паудың ісі болып отыр. Мен ештеңе де 

төлемеймін», - дейді Траоре IWPR-ға. 

Ол «заң шеңберінде қозғалыс, жұмыс 

орнын  таңдау  құқығы  жоқ»  жағдайда 

бұдан әрі қала алмайтындығын айтты. 

Адам  құқықтары  бойынша  Қазақстан-

дық  халықаралық  бюроның  заңгері 

Виктория  Тюленева  Траоре  ісін  жүр-

гізіп отыр. Оның сөзіне қарағанда, аф-

рикандық  айыппұл  төлемеуді  талап 

етуге толық құқығы бар. 

Тюленева миграциялық қызметтің бұл 

жағдайда Траореге елде виза бойынша 

жүрген  шетелдік  азамат  дәрежесінде 

қарап отырғанын, бұл жағдайда оның 

жүріп-тұруы  шектеледі,  ал  оның  шын 

мәнінде, елдің тұрақты тұрғыны екенін, 

сәйкесінше Қазақстан азаматтары се-

кілді қозғалыс еркіндігіне ие және жер-

гілікті миграциялық полицияға тіркеуге 

тұруы міндетті емес екенін айтады. 

Траоре  ісімен  айналысып  жатқан  ше-

неунік, Алматы миграциялық полиция-

сы  басқармасы  бастығынң  орынбаса-

ры Айкелді Асанов барлық шетелдіктер 

тіркеуден өтуі тиіс дейді. «Олар заңды 

міндетті түрде сақтауы тиіс. Егер олар 

мұндай  жағдайды  қаламаса,  (...)  бас 

тартсын [тұру құқығынан]», - дейді ол.

Асанов салынған айыппұлдың заңды-

лығын  қарастырған  жоқ,  ал  осыдан 

кейін миграциялық полицияға берілген 

өтініштерге жауап болдан жоқ.

Қазақстанда  тұрып  жатқан  басқа 

африкандықтар елде қалу құқығына ие 

болу  үшін  осындай  қиындықтарға  тап 

болып отырғанын айтады. 

Сьерра-Леоне  азаматы,  Қазақстан 

африкандықтары  Кеңесінің  төрағасы 

Ламин  Бангура  Траорені  қолдау  жө-

нінде  айтады.  Ол  бұрын  өзінің  де 

осындай кедергілерге кезіккен жайын-

да әңгімелеп берді. 

«Мұның бәрі ұзақ жылдар бойы жалға-

сып  келе  жатыр.  Тұру  ықтиярхатын 

ұзартуға  келгенде  миграциялық поли-

ция  бізді  азаптау  үшін  әдейі  осындай 

қадамдарға  баратын  секілді.  Оларға 

бір  қағаз  әкеліп  берсең,  басқасын 

сұрайды,  ал  ол  заң  бойынша  талап 

етілмейді».

Бангура  африкандықтарды  шеттете-

тінін айтып, «басқа ұлттарды [өкілдерін] 

еш қиындықсыз ұзартатынын, ал қалыс 

қалған адамдар секілдіміз» дейді.

Нәтижесінде  африкандықтар  елде 

өздерін  бөтен  және  шенеуніктердің 

олардың  елден  кетуін  қалайтындай 

сезінеді. 

«Біз  қайда  барамыз?  Әйеліміз,  бала-

ларымыз,  жұмысымыз  бар»,  -  дейді 

Бангура. 

Ганалық  Франсис  сыбайлас  жемқор-

лықтың  үлкен  рөл  ойнап  отырғанын 

айтады,  полиция  пара  үшін  заңбұзу-

шылықты елемей қоя сала алады.

«Кейде  маған  африкандықтарды  са-

уын  сиыр  ретінде  ұстау  үшін  осы 

жүйені әдейі құрылған секілді көрінеді. 

Ақшаны  алған  соң,  олар  барлығына 

көздерін  жұмып  қарайды  және  келесі 

жағдайды күтеді», - дейді Франсис. 

Тюленеваның  пікірінше,  мәселе  тек 

африкандықтарда  ғана  емес,  барлық 


наурыз-сәуір 2010

16

16

иммигранттармен  осындай  қатынас 

қалыптасқан дейді.

«Мұндай жағдай өз саласында жалғыз 

емес,  ол  миграциялық  полиция  мен 

мигранттардың қарым-қатынасын біл-

діреді және мигранттық қауымдастық 

өкілдерінің  көпшілігіне  тән»,  -  дейді 

ол.

ЮНЕСКО  мәліметтері  бойынша,  Қа-



зақстанда  300  мыңнан  бір  миллионға 

дейін  мигранттар  бар,  олар  негізі-

нен  көршілес  Қырғызстан,  Өзбекстан 

және Тәжікстаннан келген маусымдық 

жұмысшылар.

БҰҰ-ның  босқындар  ісі  бойынша  Жо-

ғарғы  комиссары  Басқармасы  «Бос-

қындарға құқықтық көмек» жобасының 

координаторы  Денис  Дживага  мигра-

циялық  полиция  мигранттарды  оңай 

табыс  көзі  деп  санайды  дейді.  Оның 

себептерінің  бірі  мигранттардың  көп 

жағдайда  өз  құқықтарын  білмей  жа-

туымен байланысты. 

«Бүгінгі  күні  миграциялық  полиция 

мигранттарды,  ең  бірінші  кезекте,  та-

быс  көзі  ретінде  қарайды.  Бұл  заңды 

өз  қалауынша  талдауға  мүмкіндік  бе-

реді», - дейді ол. 

Траоре  ісі  жария  болған  соң,  миг-

рациялық полиция оның тұру ықтия-

рхатын  ұзарту  бойынша  арызының 

бекітілетінін,  бірақ,  қазіргі  кезде  іс 

техникалық себептерге байланысты 

тоқтап  тұрғаны  жайында  хабарла-

ды. 


Траоре иммиграциялық билік тарапы-

нан басқа қатынас көргенді қалар едім 

дейді, бірақ оның жағдайындағы адам-

дар көп дүниені талап етпейді де.

«Өз  еліңдегідей  болмаса  да,  ертеңгі 

күні  біреу  олар  заңсыз  жұмыста  жүр 

деп  айтпас  үшін  заңды  түрде  жұмыс 

істеу,  заңды  түрде  тұрі  мүмкіндігі 

болса.  Кез  келген  уақытта  оларға: 

сен  мұнда  неғып  жүрсің  деп  айтуы 

мүмкін», - дейді ол.

Андрей Гришин, 

Алматы

ҚЫРҒЫЗСТАН



Қырғызстан билігі басып 

алушылармен күресуде

*

* Бюллетень жарық көрердің алдында біз беру керек деп шешкен өзгерістер 

болды. Нақтылап айтсақ: 

Маевкадағы бассыздықтар кезінде 120 адам ұсталған, олардың жетеуі күдікті 

ретінде айыпталып отыр.  Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 

- деп мәлімдеді баспасөз мәлімдемесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік 

қызметінің  төрағасы  Кенешбек  Душебваев.  Осы  оқиғадан  кейін  Маевка 

ерекше  күзетілуде.  Халықтық  жасақтар  жергілкіті  тұрғындармен  біріге 

отырып  жақын  маңдағы  жыртуға  арналған  жерлерді  қорғауда.  Милицияның 

күшейтілген жасақтары ат үстінде. 

Екінші бір орында, «Кара-Жыгач» тұрғын аймағында 30-дан астам басып алу-

шы Чу облысының ІІБ мен Аламудун АІІБ-не жеткізілігене 7 мамыр күні белгілі 

болды. Қазіргі кезде аудандық сот заң бұзушыларды ҚР әкімшілік жауапкершілік 

туралы Кодексінің 105 бабы –  «Өз бетінше жерді басып алу» бойынша жауапқа 

тарту жайлы шешім қабылдауда. 

7  мамаыр  күні  Қырғызстан  астанасында  5  мыңға  жуық  жерді  өз  бетінше 

басып  алғандар  бар  деп  шамалануда.  Және  олар  биліктен  қала  шеңберінде 

әрқайсысына  4  сотық  жерден  беруді  талап  етіп  жатыр.  Бұл  жайында 

баспасөз мәлімдемесінде олардың өкілі хабарлады. Басып алушылар өздеріне 

жер беріледі деген нық сенімде. 

Қазір басып алушылар да, Бішкек пен қала маңындағы басып алынған ауылдар, 

жерлердің  тұрғындары  да  жаңа  биліктен  шешім  күтіп  отыр.  Осы  уақытқа 

дейін бұл проблеманың шешілмей отырғанына байланысты. 

Жерлерді  басып  алу  күш  қолдан-

атын  сипатқа  ие  болып  жатқан 

кезде, жаңа үкімет тұрақтылықты 

қамтамасыз етуге шақырып отыр

Қырғызстанның  жаңа  үкіметі  қысымға 

тап  болып  отыр:  олардан  ел  астана-

сы Бішкек қаласының маңындағы жер 

үшін жүріп жатқан күреске тәртіп орна-

ту талап етілуде. 

Жерлерді  басып  алу  өз  бетін-

ше,  стихиялық  түрде  және  жаппай 

жүргізіліп  жатса  да,  бірқатар  сарап-

шылар  бұл  іс-әрекеттер  белгілі  бір 

дәрежеде  үйлестіріліп  отырады,  оны 

мүмкін  жаңа  биліктің  қарсыластары 

жүзеге  асыруы  мүмкін  деп  күдіктеніп 

отыр. 


Қырғызстанның ішкі іст ер министрінің 

қызметін атқарушы 5 адам қаза тауып, 

40  адамның  жарақан  алғанын  хабар-

лады.  Бұл  19  сәуір  күні  бірнеше  жүз 

адамның Бішкектің солтүстігіндегі Ма-

евка  ауылының  маңындағы  жерлерді 

тартып алғанда болған. 

8 апреля


наурыз-сәуір 2010

17

Мұндай  жерлерді  басып  алу  негізінен 

астанаға  жақын  маңнан  жақсы  өмір  із-

деп  келген  мгиранттардың  тарапынан 

болып жатыр. Бұл оқиғалар Қырғызстан 

тәуелсіздік  алғалы  бері  көрініс  табу-

ды  және  саяси  тұрақсыздықтар  кезін-

де  айқындыққа  ие  болады.  Жаппай 

басып  алудың  соңғы  толқын6-7  сәуір 

күндері  болған  халық  қарсылығының 

нәтижесінде  туындап  отыр.  ОСы 

наразылық  нәтижесінде  Құрманбек 

Бәкиев тағынан иайып, оппозиция жаңа 

уақытша үкімет құрған болатын. 

Мыңдаған  адамдар  жаңа  үкіметтің 

заңсыз  іс-әректтерге  шара  қолданыла-

тыны  жайлы  ескертпесіне  қарамастан 

астана маңындағы жер учаскелерін ба-

сып алды. 

Маевкада  басып  алушылар  жерлерге 

қазықтардан  белгі  қойды  да,  тобымен 

жерге  деген  құқықтық  заңдастырып 

беруді  талап  ету  үшін  Бішкектің  орта-

лығына қарай жылжыды. 

Басып алушылармен келіссөзге шыққан 

Бішкек  мэрінің  міндетін  атқарушы  Иса 

Омуркулов  жер  мәселесін  муниципал-

ды биліктің талқылайтыны жөнінде ғана 

уәде бергенін айтты. «Қала аумағында 

бос жатқан жерлер жоқ. Ал өзге біреудің 

меншігін, шарушылық жерін басып алу-

ды біз жібермейміз», - деді ол IWPR-ға. 

Жерге  дәмеленгендер  Маевкаға  орал-

ған  кезде  өз  жерлерін  басып  алудан 

қауіптенген жергілікті тұрғындармен ай-

тарлықтай қақтығыс орын алған. 

 

Маевка  ауылы  –  Бішкектен  бірнеше 



шақырым қашықтықта орналасқан, онда 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  Ста-

линмен  Кавказдан  Орта  Азияға  жер 

аударылған  этникалық  орыстар,  түркі-

месхитиндер және қырғыздар тұрады. 

Осы оқиғалардан кейін келген Маевкаға 

келген IWPR репортеры ауылдың үстін-

де  тұрған  түтінді,  өртенген  үйлерді, 

шаруашылық құрылыстарды, көліктерді 

көрді. 


Ауылдың  бір  тұрғыны,  үйі  шабуылға 

ұшыраған  түрік-әйел  басып  алушы-

лар  өз  іс-әрекетін  қарсылық  танытып 

жатқандардың  қатарында  болғанын 

және Бәкиевті құлатқан, ал жер оларға 

сыйақы ретінде берілетінін айтқан. 

Ол басып алушылардың жаңа үкіметке 

қарата  айтқан:  «Біз  сендерге  Ақ  үйді 

бердік, ал сендер бізге жер беріңдер!» 

деген сөзін есіне алды. 

IWPR сұраған ауылдың басқа да тұрғын-

дары әлі күнге естеріне келмеген. Басып 

алушылардың  этникалық  қырғыздар 

болғанына  қарамастан  тұрғындар 

олардың  ештеңеге  қарамай,  ұлтына 

қарамасатан шабуылдағанын айтады. 

Маевкалық  орыс  әйел:  «Мен  қырғыз-

дардың  арасында  өмір  сүруге  қорқа-

мын. Осынша жыл бірге өмір сүріп кел-

дік. Бірақ енді маған Қырғызстанда өмір 

сүру қорқынышты». 

Осы күні кешке бассыздықты басу үшін 

ауылға  милиция  жіберіледі,  сонымен 

қатар  «Патриот»  халықтық  жасағы  да 

осы  ауылға  бет  алды.  Нәтижесінде 

жүзден астам адам ұсталды. Олардың 

сөзіне қарағанда қазір тәртіп орнатыл-

ған. 


Келесі күні, 20 сәуірде тағы бір жағдай 

астананың оңтүтігінде орын алды, бірақ 

бұл  жерде  бәрі  бейбіт  түрде  өтті.  Бір 

топ, араларында балалар мен қарттар 

да  бар,  жер  учаскелерін  белгілеп,  ша-

тырлар орнатқан, бұл қаламыз дегенді 

білдірді. Күш көрсету болған жоқ. 

Мэр  Омуркулов  IWPR-ға  басып  алу-

шылар  талап  етіп  отырған  жер  жа-

сыл  аумаққа  жатады,  ол  жерде  билік 

қолтеімді көпқабатты тұрғын үй салмақ 

болып жоспарлаған. 



БИЛіК  ШеШімді  іСКе  КӨШПеК  Бо-

ЛыП  отырҒандыҒы  ЖаЙЛы  мӘ-

Лімдеді

Маевкада  болған  оқиғадан  бір  күннен 

кейін  уақытша  премьер-министр  Роза 

Отунбаева  құқыққорғау  органдарының 

қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

етуге,  адамдардың  өмірлерін  қорғап, 

тұрғын үй мен жеке меншікке, сонымен 

қатар  азаматтық  және  әскери  объек-

тілерге  жасалған  шаралардың  алдын-

алуға  бұйрық  беру  туралы  қаулыны 

таратты.  Ол  мұндай  жағдай  болса 

құқыққорғау  органдарының  қару  қол-

дану мүмкіндігіне ие екенін айтты. 

ІІМ баспасөз хатшысы Рахматилло Ах-

медов қазіргі кезде себептерді анықтау 

мен  болған  оқиғаның  анық-қанығына 

тергеу шараларының жүргізіліп отырған-

дығы  және  жаппай  бассыздықтарды 

бастағандар мен қатысушыларын анық-

тау жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Бәкиев  тақтан  тайған  соң  Қырғыз-

станның құқыққорғау органдары қандай 

күштің артынан ерерін білмей қалды, ал 

жаңа ішкі істер министрі тағайындалған 

соң тіпті де шатасты. 

Осыған  емеурін  тастаған  Бішкек  мэрі 

«сәуір  оқиғалары  кезінде  соққы  алған 

құқыққорғау  органдары,  енді  халықты 

қорғау алады» деді. 

Маевкаға  жақын  маңда  орналасқан 

Ленинское  ауылының  тұрғындары  өз 

жерлерінде  жүрген  бөтен  адамдар-

ды  көрген  соң,  милицияның  келетініне 

күмәнданып,  өз  беттерінше  қорғау  от-

рядтарын ұйымдастырған. 

«Біз өзжерімізді бермейміз», - деді атын 

атамауды жөн көрмеген ауыл тұрғыны. 

Ол  Ленинское  ауылының  тұрғындары 

тек  өз  күшіне  сенетінін  айтты,  себебі 

Маевакаға милиция тым кеш келген. 



іС-ӘреКеттердеГі ЖаСырын ыҚ-

ПаЛ?

Елдің  оңтүстігіндегі  Жалалабад  қа-

ласында Бәкиевтің жақтастары жергілік-

ті әкімшілік пен телевизиялық станция-

ны жаулап алған соң 21 сәуір күні тағы 

да  милициямен  қақтығысып  қалған. 

Халықтың  жерді  басып  алуына  біреу 

нұсқау берген және оны жаңа үкіметтің 

қарсыластары  жүргізіп  отырған  деген 

күдік бар. 

«Жерді жаулап алып жатқандардың іс-

тері үйлестіріліп отыр. Олай болмағанда 

шеттен  келген  қарапайым  адамдар 

Бішкектің  қай  жерінде  жер  уаскелері 

бар екенін білмес еді»,- дейді Омурку-

лов. 


Маевкаға  милицияға  көмекке  келген 

«Патриот»  штабының  еріктілерінің  бірі 

басып  алушылардың  іс-әрекеті  шын 

мәніндегі  қиыншылықтармен  байла-

нысты  болса  да,  олардың  әрекетіне 

біреу  басшылық  жасайтын  секілді  деп 

өз пікірін білдірді. 

«Басып  алушылар  негізінен  15  пен 

25  жастың  аралығындағы  жастар. 

Біз  олармен  сөйлесе  алдық,  көпшілігі 

сырттан  келген,  қалад  жұмыс  істей-

тіндер.  ШЫн  мәнінде  олардың  үйлері 

жоқ,  олар  не  үй  жалдап  тұрады,  не 

туыстарында тұрады. Кейбірі осы акйи-

ялар  ұйымдастырылмағанда  мұндай 

әрекеттерге  бармас  едік  деді»,  -  деп 

айтты жасақшы Эрлае Джусупов. 

«Басып  алушыларды  белгілі  бір  адам-

дар басқарады, оларға тамақ бреді, ал-

коголь  береді,  біз  олардың  көпшілігінің 

ма скүйінде кенін аңғардық. Мен мұны 


наурыз-сәуір 2010

18

18

ұйымдастырушылар  қарсы  күштік  ре-

акция  ұйымдастыру  үшін  және  жаңа 

биліктің  қолынан  ештеңе  келмейтіні, 

осылайша  олар  да  қан  төгуге  баруы 

мүмкін  деген  [олардың  Бәкиев  билігін 

айыптағаны  сияқты]  күдік  тудыру  үшін 

осылай жасап отыр деп есептеймін. Ал 

этникалық тақырып – бұл назар аударту 

үшін жасалған қосымша әркетет». 



Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет