Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция


Құқыққорғау тақырыбы жайлы ақпарат



жүктеу 0.76 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
    Навигация по данной странице:
  • IWPR

Құқыққорғау тақырыбы жайлы ақпарат 

тарату бойынша журналистерге арналған 

тренинг

Алматы, 2-3 наурыз

IWPR: ТМД елдерінің барлығында дер-

лік  құқыққорғаушылар  ресми  БАқ  пен 

биліктің  тарапынан  шын  мәніндегі 

қарсылас немесе билікті сынаушылар 

емес, елеусіз бейнедегі имиджге ие бо-

лып  келеді.  Сіз  қалай  ойлайсыз,  неге 

ТМД  елдерінде  құқыққорғаушыларды 

жақтырмайды?



нигина Бахриева: Бұрынғы Кеңестер 

Одағның қай елі екеніне назар аудара 



ӨЗеКті СұХБат

нИГИна БаХрИеВа:

тәжік құқыққорғаушылары азаматтық соғыс 

туралы тарихи естеліктің себебі бойынша 

билікпен бұқаралық акциялар арқылы 

келісөздерге барғанды қалайды

Белгілі тәжікстандық құқыққорғаушы Тәжікстандағы құқыққорғау 

қозғалысының түйткілді мәселелір мен ерекшеліктері жайлы айтады

отырып,  бұл  мәселеге  түрліше  келу-

ге  болады.  Мен  құқыққорғаушыларға 

және  жалпы  құқыққорғау  қозғалысына 

ТМД  елдерінде  барлық  жерде  бірдей 

қарайды  деп  айтпас  едім.  Мысалы, 

Ресейде,  алғашқы  құқыққорғаушылар 

бұрынғы  саясаткерлер  болды.  Олар 

құқыққорғау  қызметіне  басқаша  қара-

ды. Олар демократияға, адам құқығына 

қатысты негізгі мәселелерді ең әуелі са-

яси деңгейде жылжытуға тырысты. 



наурыз-сәуір 2010

11

Осыған  байланысты,  Ресейде  құқық-

қорғау қозғалысының алғашқы құрылу 

жылдарында  саяси  іс-әрекеттерді 

көруге  болады.  Қазір  Ресейдегі 

құқыққорғаушылар  қызметі  шектеле 

түсті,  бірақ  кәсібилік  деңгей  артты. 

Мен  оларды  үлкен  қарсылас  бола 

алмайды  деп  айта  алмас  едім.  Олар 

өте маңызды мәлімдемелер ажсайды, 

адам  құқығы  саласында  зерттеулер 

жариялап,  баға  беріп  отырады,  бірақ 

мәселе билік мен мемлекеттің осының 

бәрін  қабылдауына  байланысты  бо-

лып отыр.

Украина  мен  Грузиядағы  құқыққорғау 

қозғалысы 

жайлы 


айту 

қиын, 


менің 

ойымша, 


бұл 

елдерде 


құқыққорғаушылар  белсенді,  бірақ 

үлкен,  шешімін  таппаған  мәселелер 

бар. 

Қырғызстанда құқыққорғаушылар бұқа-



ралық сипатқа ие. Сондықтан түрлі ак-

циялар: митингтер, пикеттер, қоғамдық 

пікірталастар 

айрықша 


дамыған. 

Мемлекеттік  билік  органдарының  жа-

нында көптеген топтар бар, ол жерде 

құқыққорғаушылар  өз  пікрін  қорғауға 

тырысып бағады. 

Кейін  мұның  бәрі  Қырғызстанда  адам 

құқығын қорғауға сотта қорғану, халы-

қаралық  сипаттағы  механизмдерді 

қолдану секілді құқықтық тұрғыдан ке-

луді азайтты. 

Бірақ, соңғы кезде бұл жағдай белгілі 

бір  қалыпқа  түсе  бастады.  Мысалы, 

стратегиялық  сот  ауыртпалығын  пай-

даланатын менің көптеген әріптестерім 

заңның  бұл  елде  жұмыс  істеуіне 

үлестерін  қосып  жатыр.  Айтқандай, 

«қимылсыз»  тұрған  заңдар  –  барлық 

біздің елдерге тән ортақ мәселе. 

Біздің Тәжікстанда құқыққорғау тыныш, 

бейбіт сипатқа ие. Бқл қізріг кезде өзін-

өзі  ақтап  отыр.  Тәжікстанда  үкіметтік 

емес сектор дамуының бірнеше саты-

сы жайлы айтуға болады. 

Алғашқы  толқын  Кеңес  Одағының 

басқа  елдеріндей  басталды.  Тәуел-

сіздік  алған  соң,  саяси  белсенділік 

арта бастағаннан кейін елде қоғамдық-

саяси  қозғалыс  түріндегі  ұйымдық-

құқықтық  формаға  ие  қоғамдық 

ұйымдар пайда бола бастады. 

Бұл кездің қоғамдық бірлестіктер үшін 

олардың  қызметінің  саясилануы  си-

патқа ие болды. Қоғамдық бірлестіктер 

қандай да бір елдегі саяси қозғалыстың 

жағына  шығып,  билік  күреске  белсе-

не  араласты,  антагонистік  сипатқа  ие 

бола бастады. 

Нәтижесінде,  олардың  көпшіліг  1992 

жылдың  соңына  қарата  жұмысын 

тоқтатты,  ал  кейбірінің  қызметі 

тоқтатылды  немесе  тыйым  салын-

ды  (жарғыда  көрсетілген  қызметке 

қоғамдық  бірлестіктің  сәйкесссіздігіне 

байланысты). 

ҮЕҰ-дың дамуының екінші кезеңі 1992-

1997  жылдар  болды.  Бұл  кезеңде 

үкіметтік  емес  ұйымдар  халықара-

лық  гуманитарлық  ұйымдардың  қо-

ладуымен  құрылды.  Осындай  ұйым-

дар  қызметінің  негізгі  түрі  –  халыққа 

гуманитарлық көмек көрсетуді тараты, 

өткір  инфекциялық  аурулармен  күрес 

(тиф,  малярия),  тәжік  босқындарын 

қайтару  мен  ел  күштеп  жер  ауда-

рылғандарды  қайтару,  азаматтық  со-

ғыс  кезінде  із-түссіз  кеткендерді  іздеу 

болды. 

Осы кезде бұл іс-әрекеттер өз-өзін ақтп 



отырды,  себебідағдарыс  жағдайын-

дағы  елде  жалғыз  міндет  аман  қалу 

еді, ал мұндай сәтте адам құқығы жай-

лы айту артық болды. 

Құқыққорғау  қызметінің  дамуы  200 

жылдан  бері  анық  байқалып  келеді. 

Алғашқы  құқыққорғау  ұйымдары  не-

гізінен заңдық көмек көрсету мен білім 

бағдарламаоарын  жүзеге  асырумен 

айналысты.  Негізінен  елде  Заңдық 

қабылдау  бөлмелері  мен  кеңес  бері 

орындары  ашылып,  жұмыс  істей  бас-

тады. 

Соынмен  қатар  әйел  құқығы,  бала 



құқығы  бйыонша  ұйымдар  тарала 

бастады.  Біздің  құқыққорғауға  тән  си-

пат көптеген құқыққорғау ұймдарының 

халықаралық  ұйымдар  атынан  құры-

луы  еді.  Олар  өздігінше  жұмыс  істей 

алмады.  Тұрақты  қаржыланжыру  бар 

кезде, сен үшін ойлап, жобалар жаза-

тын  кезеді,  ал  сен  тек  атқарушының 

ғана қызметіне ие тұста болашақ жай-

лы қандай да бір стратегия ойлап, по-

тенциалды арттыру қиын.  

Бұл – елдегі құқыққорғау қозғалысының 

және жалпы үкіметтік емес сектордың 

әлсіз  тұстарының  бірі.  Алайда,  бір-

те-бірте  кәсіби  деңгейі  артқан  жаңа 

ұйымдар  пайда  бола  бастады.  ҮЕҰ-

дың күш-қуатын арттыруға бағытталған 

көптеген жобалар мен бағдарламалар 

жүзеге  асырылды,  оларды  жобаны 

қалай  жазу  керек,  оны  жүзеге  асы-

ру  үшін  ақшаны  қайдан  іздеу  керек-

тігі  көрсетілді,  бірақ  жағдайды  жүйелі 

түрде өзгертуді ешкім дұрыс үйреткен 

жоқ. 


Қазір  құқыққорғау  Тәжікстанда  сарап-

тамылқ  деңгейге  шығып  келе  жа-

тыр.  Потенциалдың  толықтай  дерлік 

жоқтығынан  айтарлықтай  мәселелер 

бар.  Гендер,  БАҚ,  адам  құқығы  са-

ласы  бойынша  сарапшы  ретінде 

сөз  сөйлейтін  адамдарды  саусақпен 

санауға болады. 

Егер сіз бізде өтетін шараларды қарап 

отырсаңыз  белгілі  бір  адамдардың 

ғана  қатысатынын  байқайсыз.  Бұл 

барлық  елдерге  дерлік  тән  құбылыс. 

Срапшылар  тобы  аз  ғана  адамнан 

тұрады.  Бұл  бір  жағынан  жақсы,  яғни 

сарапшылардың  белгілі  бір  тобы 

бар,  бірақ  олардың  санының  артуы 

өте  маңызды,  себебі  мамандарға 

қарағанда 

түйткілді 

мәселелер 

әлдеқайда көп. 

Донорлық және халықаралық ұйымдар 

азаматтық  қоғамның  сараптамалық 

потенцияалын  арттыру  бойынша  бас-

тамалар  құру  жайлы  жиі  айта  баста-

ды. Біз ылғи да шетелдік кеңесшілерді 

шақыра  бере  алмаймыз.  Біз  өзіміз 

үйренуіміз  қажет:  бұл  әрі  арзан,  әрі 

тиімді,  себебі  өз  сарапшымызға  жағ-

дай түсініктірек болады. 

Билік  жайында  келесіні  айтуға  бо-

лады:  олар  азаматтық  қоғаммен 

қарым-қатынас  орнатуға  қарсы  емес, 

шараларға  қатысады,  проблемалар-

ды талқылайды. Алайда бұл әрқашан 

нәтиже  әкеле  бермейді.  Көбінесе 

көтерілген мәселе кездесі өткен жерде 

қалады. Бұл бір жағынан біздің аяқтап 

жұмыс  жасамағанымыз  болса,  екінші 

жағынан  саяси  ерік  әрқашан  шешім 

қабылдай  бермейді.  Біздің  елді  біз 

«Тамшы  тас  теседі»  деген  қағидамен 

жұмыс  жасаймыз.  Бәрібір  уақыт  өте 

келе өзгерістерге келеміз. 

IWPR: Тәжікстандық құқыққорғаушылар 

бүгінгі күні өз міндеттерін атқарып отыр 

ма?Біздің елдегі бұл қозғалыстың ере-

кшеліг неде?



Бахриева:  Құқыққорғауда  бізде  көп-

теген  кәсіби  мамандар  бар.  Мысалы,

адам  құқығы  жайлы  айтатын  болсақ, 

ол  ең  әуелі  заңгерге  байланысты. 

Бірақ,  құқыққорғаушының  заңгер  бо-

луы міндетті емес, ол тек адам құқығы 

саласын жақсы білсе болғаны. 

Біздің  құқыққорғау  қозғалысының 

ескірмеген  тарихи  естелігі  бар,  ол 

–  азаматтық  соғыс.  Сондықтан  біз 

қандай  да  бір  бұқаралық  акцияларға, 

мәлімдемелерге сақтықпен қараймыз. 

Толқуларға алып келетін қандай да бір 

іс-әрекеттер  біздің  құқыққор-ғаумен 

қабылданбайды.  Тіпті  болмаған  жағ-

дайда балама жолдар қарастырылады. 

Қазіргі кезед. Ол – диалог. Келіссөздер 

жүргізуге тырысу – ұзаққа созылатын, 

бірақ кейде өте тиімді процесс. 


наурыз-сәуір 2010

12

12

Мұнда бізге өз көзқарасымызда тұрақ-

тап  қалу  жетіспейді.  Кейде  қандай 

да  бір  іс-әрекетті  жақсы-ақ  бастап 

келе  жатамыз.  Есіңізде  болса,  бұл  – 

ақпаратқа  қол  жеткізу  туралы  заңды, 

қоғамдық  ұйымдар,  діни  ұйымдар  ту-

ралы заң жобасын талқылауғы талпы-

ныстар. 

Басы ылғи да сәтті басталады. Сарап-

тама  жасалынады,  талқылау  болады. 

Ал  «Енді  не  болмақ?  Нәтижесінде 

қандай  заң  болады?»  деген  сұраққа 

келгенде  жалғаспақ  іс-әрекеттер  бол-

май қалады. Осы процесті парламент-

те  бақылауды,  депуттармен  кездесу 

қткізуді,  оларды  заңжобасындағы  мә-

селелердің  бар  екеніне  сендіріп,  іске 

көшу керектігін жеткізуді бастау қажет. 

Бірақ, ол жоқ, біз соңына дейін барып 

жүрген жоқпыз. 

IWPR: Бұл немен байланысты?

Бахриева: Менің ойымша, көп адамдар 

билікпен  қарым-қатынасты  құртқысы 

келмейді.  Үкіметпен  жұмыс  бар,  бір-

лескен  жобалар  бар,  сондықтан 

олар  «суысып»  кеткенді  қаламайды. 

Бір  жағынан  маған  өз  шындығыңды 

дәлелдеу  үшін  қажетті  аргументтер 

жетіспей жатқандай көрінеді. 

Бізде адвокация яғни процестің тұрғы-

сынан  заңнама  жетілдіруге  тыры-

сыһатын  ұйымдар  аз.  Дөңгелек  үстел 

өткізіп  ғана  қою  жеткіліксіз.  Себебі 

дөңгелек  үстел  –  алға  жылжу  дегенді 

білдірмейді.  Бағалаудан,  талдаудан, 

ұсыныстар жасаудан, түрлі кездесулер 

өткізуден  паралменттік  тыңдауларға 

дейін  жеткізу  керек.  Ал  бізде  мұндай 

тыңдаулар ешқашан өткізілген емес. 

Бір дөңгелек үстелде есімде бір депу-

таттың  келесі  сөздері  қалыпты:  «Сіз-

дер  ылғи  заңның  жамандығына, 

үйлесімнің  жоқтығына  шағымданасыз 

да  жүресіздер.  Сіздер  одан  да  қалай 

жасау  керектігін  айтыңыздаршы? 

Біз  бірнеше  заңжобасын  жариялауға 

тырыстық,  бірақ  сіздердің  тарапта-

рыңыздан  ешқандай  пікір  алған  жоқ-

пыз».  Бізде  мәселеге  жүйелі  түрде 

келу жоқ. Негізінен  тек қызмет түрлері 

ұсынылады.

Кейбір  елдерде,  керісінше,  ұйымдар 

сервистен  аулақ  шығып,  жүйелі  өзге-

рістер  деңгейінде жұмыс жасайды. Бұл 

оларды осал қылады. Олар белгілі бір 

сәтте  проблеманы  түсінуден  қалады, 

себебі адамдармен байланыс жоқ. 

Сервис  пен  жүйелі  іс-әрекеттердің 

үйлесімі  бар  жобалар  қажет.  Заңдық 

қабылдаулар  болуы  керек.  Бұл  қа-

былдаулар  заңнамада  немесе  құқық-

қорғау  практикасында  проблемалар

бар тұста ақпаратты талдап, келіссөз-

дер мен қоғамдық мүдделерді қорғау-

дың келесі деңгейіне өте алуы тиіс. 

IWPR: Freedom House бағалауы бойын-

ша  Тәжікстан  еріксіз  мемлекеттердің 

қатарына  жатады,  бірақ  бұл  статус 

кейінгі  кезге  дейін  «жекелеп  алғанда 

ерікті»  деп  келінген  болатын.  Жағдай 

қаншалықты  ушығуы  мүмкін  Сіздің 

ойыңызша?



Бахриева:  Бұл  мәселе  бойынша  бір-

дақты баға беру өте қиын. Бірақ маған 

елдегі адам құқығын қадағалауға бай-

ланысты  жағдай  мүлде  ұнамайды. 

Бірақ,  халықаралық  ұйымдар  және 

азаматтық  қоғаммен  бұдан  гөрі  ашы-

ғырақ диалог тенденциясы байқалуда. 

Мұны мойындау керек. 

Заң  жобалары  талқылануда,  біріккен 

бастамалар  көтеріліп  жатыр.  Белгілі 

бір салаларда реформалар көптеп кез-

деседі. Жағдайдың жақсаруына ықпал 

ететін жақсы тенденциялар бар. Мем-

лекеттік  билік  органдары  тарапынан 

кадр  мәселесін  жақсарту  мен  жүйені 

реформалауға  деген  талпыныстар, 

бастамалар  байқалады.  Мұнығ  бәрі 

ақырындап  болса  да  адам  құқығы 

саласындағы  жағдайдың  жақсаруына 

әкеледі. 

Бір жағынан «бір қадам алған, екі қа-

дам артқа» деген іс-әрекеттер де бар. 

Мысалы,  бұл  бұқаралық  ақпарат  құ-

ралдарымен  болып  жатқан  жағдайда 

байқалады.  Қазіргі  уақытта  сот  билігі 

«төртінші  билікке»  қарсы  соғыс  жа-

риялаған  сыңайлы.  Бұл  өте  қауіпті 

тенденция. 

БАҚ  саласындағы  заңнама  жүйесіне 

қатысты  реформалау  жоқ.  Жаңадан 

қабылданып  жатқан  құжаттардың  бә-

рі  пікірі  білдіру  еркіндігіне  қатысты 

жағдайды  құлдыратып  жатыр.  Бұл 

бүгінгі  күні  БАҚ-қа  қарсы  шағым  бе-

руді  мүмкін  қылса,  ертең  қоғамдық 

ұйымдарға олардың баяндамаары не-

месе  сын  айтылған  балама  есептері 

үшін қарсы қолданылуы мүмкін. 

Ал бұл ар-намыс, абыройды қорлағаны 

үшін  деген  шағымға  әкелуі  мүмкін. 

Және  өз  кезегінде  ешкім  ештеңе 

айтқысы  келмейді.  Яғни  конструтивті 

сын болмайды. 

Егер өзге елдердегі жағдайды бағала-

сақ, онда ЕҚЫҰ-ның пікір білдіру еркін-

дігі бойынша өкілдерінің талдауларын-

да  Тәжікстан  мен  Қазақстанның  бір 

қатарда  тұрғаны  көрсетілген.  Құдайға 

тәубә,  бұл  салада  Өзбекстаннның 

деңгейіне әлі түсіп кете қойған жоқпыз. 

Негізі,  бұл  тенденция  екі  қауіпті  про-

блеманы  көтереді:  пікір  білдіру  ер-

кінлігін  шектеу  және  сот  билігінің 

дағдарысқа ұшырауы. 

Мұның  бәрі  сот  билігіне  деген  әлсіз 

сенімнің  мүлде  жоғалуына  әкелуі 

мүмкін.  Сот  адам  құқығын  қорғаушы 

бейнесінен айрылады. Ал бұл мемле-

кеттік жүйенің дағдарысы деген сөз. 

IWPR: Сіздің ойыңызша жағдайды қа-

лай жақсартуға болады?



Бахриева:  Соңғы  кезге  дейін  біз 

халықаралық  стандарттарға  сай  заң-

дардың  қажеттілігі  жайлы  айтып  кел-

дік.  Қазір  мұндай  заңдар  көп.  Алай-

да  екі  бағытта  жұмыс  жасау  қажет. 

Сотқа беріп және сот органдарынан өз 

мүддеңді қорғауды талап ету қажет. 

Бізде елене бермейтін конституциялық 

соттың өте жақсы механизмі бар. Сол 

арқылы  заңнаманы  өзгертіп,  мүддені 

парламент  конституцияға  сай  емес 

заңдарды  қабылдап,  сот  оны  жүщеге 

асыруға  тырысқан  жағдайда  қорғауға 

болады. Құқықтық жүйе өте ауқымды, 

қатесіз болу мүмкін емес. 

Іс-әрекетсіз  отыру  ештеңенің  ауыс-

пауына  әкеліп  соғады.  Бұл  жауап-

сыздықпеен немесе қорқынышпен бай-

ланысты.  Алайда,  азаматтық  қоғам 

мен халық белсенді болуы қажет. 



IWPR:  Билікпен  тіл  табысуға  тыры-

сарда құқыққорғауышылар елдегі шы-

найы  жағдайды  жне  құқықбұзушы-

лықтарды  естерінен  шығарып  алатын 

сияқты  болып  тұрады.  Тіпті  көршілес 

Өзбекстанның  өзінде  құқыққорғаушы-

лар  бізден  гөрі  белсенді  орында.  Сіз 

бұл туралы не ойлайсыз?



Бахриева: Бір жағынан мен сізбен ке-

лісемін.  Бірақ  Қзбекстанда  құқыққор-

ғаушылар  бізге  қарағанда  белсенді 

деп айтпас едім. Олар аз, тек олардың 

даусы қатты шығуда. 

Мен Өзбекстанда бірнәрсе істеуге тал-

пынып  жүрген  жандарға  құрметпен 

қараймын.  Мұнай  жағдайда  жұмыс 

істеу – өткір пышақтың ұшында жүрумен 

тең.  Көптеген  құқыққорғаушылар  ел-

ден жырақта жүр, ал бұл жақсы емес. 

Бізде  проблемаларды  көтеріп,  талқы-

лауға тырысады, бірақ кейбір мәселеге 

келгенде  жұмсақтық  танытпау  керек. 

Мен мұндай әрекет билікті «өкпелетіп» 

алады  деп  ойламаймын.  Олар  да 

өзгерістер керек екенін түсінеді ғой. 

Менің ойымша, билік сын негізді бол-

ған  жағдайда  келіссөзге  бара  алады. 


наурыз-сәуір 2010

13

Мысалы,  сот  жүйесі  жайында  нақты 

ненің  дұрыс  еместігін  және  не  істеу 

керектігін  ашып  көрсету  қажет.  Бұл 

барлық салаларға қатысты.  

Өткізілген  шараларда  мемлекеттік 

органдардың өкілдері: «Сіздерге әрине 

бәрі  оңай.  Әрдайым  сынға  аласыз-

дар.  Сіздер  біз  осы  проблемалардың 

бар  екенін  білмейді  деп  ойлайсыз-

дар  ма?  Сіз  одан  да  бізге  бюджет-

тен  бөлінген  ақшаның  көлемінде, 

қолда  бар  кадрлардың  мүмкіндігінің 

шегінде  нақты  не  істеу  керек  екенін 

айтыңызшы?  Содан  кейін  барып  біз 

осы  бағыт  бойынша  ары  қарата  не 

істеу  керектігін  бірге  ойланамыз»  деп 

жатады. 


IWPR:  Тәжікстанның  құқыққорғауын-

дағы  негізгі  проблемаларының  ішінде 

HRW  баяндамасында  көрсетілгендей 

келесілер кездеседі әділ сот жүйесіне 

қол  жеткізе  алмау,  процесуалдық  заң 

бұзушылықтар  және  тұтқындармен 

шектен  тыс  қарым-қатынасқа  көшу, 

биліктің  үкіметтік  емес  және  діни 

ұйымдар, саяси партиялар және БАҚ-

тың  үстінен  үстемдік  жүргізудің  артық 

кетуі және т.б. Сіздің ойыңызша, қайсы 

проблема  ең  өткір  болып  отыр  және 

неге?

Бахриева: Шын мәнінде түйткілді мә-

селелер барлық жерде бар. Бірақ осы 

жылы  мен  бірінші  орынға  пікір  білді-

ру,  ақпаратқа  қол  жеткізу  еркіндігін. 

Сот  процестерінің  әділеттілігін  алға 

шығарар  едім.  Міне,  осы  үш  жағдай 

2010  жылдың  алғашқы  екі  айында 

ушығып  тұр.  Сонымен  қатар  қоныс 

аудару мәселесі де өзектілікке ие. 

IWPR:  Рогун  СЭС-ның  акцияларының 

жаппай  таратылып  жатыр.  Президент 

тарапынан  кепілдік  беріліп,  акцияға 

иелік  ету  ерікті  түрде  болалы  деген-

ге  қарамастан  көптеген  ұйымдарда 

әкімшілік  тетіктер  алға  шығып  отыр. 

Құқыққорғаушылар  неге  бұл  туралы 

айтпайды?



Бахриева: Себебі олар оқиға саяси си-

патқа ие бола бастаған кезде үндемей 

қалады.  Бұл  өзі  қызық  көрінеді.  Құ-

қықтық мемлекетте мынайда ұстаным 

бар:  билікке  деген  сенім.  Президент 

–  биліктің  жоғарғы  деңгейі.  Ол  халық 

алдында  жарналардың  еркіті  түрде 

берілетіні жайлы мәлімдейді, және біз 

оған сенуіміз керекпіз. 

Егер  биліктің  басқа  органдарын  және 

оқыту  мекемелерінің  деңгейіндегі  ор-

гандарды  да  Рогун  СЭС-нің  акци-

яларын  сатып  алуға  мәжбүрлеп 

жатса,  осыған  байланысты  оларда 

қиындықтар  пайда  болса,  органдар 

сотқа  шағымдана  алады.  Бұл  туралы 

әңгіме  бастау  керек,  сосын  бұдан  не 

шығатынын қарап көру керек.

Мәжбүрлеуге  болмайды.  Акция  алма-

дың  ба:  университетте  сынақ  кітап-

шасына  баға  қойылмайды,  акция 

алмадың  ба:  жұмыстан  шығу  туралы 

арыз  жаз  және  т.б.  секілді.  Бұл  заңға 

қайшы  келеді.  Рогун  акциясын  сатып 

алуға,  көмек  көрсетуге  шақырып  жа-

тыр,  мұны  әр  адам  өз  мүмкіндігіне, 

отансүйгіштік  деңгейіне  байланысты 

өзі шешеді. 

Бұл акциялардың елдегі энергетикалық 

дағдарысты  шешу  үшін  жасалынып 

отырылғаны  белгілі.  Бірақ,  айтарлық 

сенімсіздік  те  бар.  Қанша  акция  са-

тылды?  Олардан  түскен  ақша  қайда 

кетіп жатыр? Егер жүйе қалыпқа келсе 

айқындыққа  ие  болады,  сонда  акция 

алғысы келмегендер қызығушылық та-

нытады. 

IWPR: Нигина, өткен жылдың желтоқ-

санында Бішкектен сізді не себепті де-

портациялады, осы жайлы айтып кете 

аласыз ба?



Бахриева: Мұның себептері анықтал-

ған  жоқ,  бірақ  мен  өз  пікірмді  білдіре 

аламын. 

Мәселе  менің  БҰҰ-ның  адам  құқықта-

рын  қорғау  жүйесі  саласындағы  са-

рапшысы  болуымда.  2004  жылдан 

бастап  мен  Қырғызстанның  Жастар 

құқыққорғау тобы өткізетін «Азаматтық 

саяси  құқықтар  туралы  Халықаралық 

пакті  мен  оның  факультативті  хатта-

масының имплементациясы бойынша 

адвокаттарға  арналған  курс»  бағдар-

ламасында жұмыс істеймін. 

Бағдарлама  аясында  сарапшылар, 

олардың ішінде  БҰҰ-ның адам құқық-

тары  туралы  комитетінің  мүшелері, 

беделді соттар және Еуропа мен ТМД 

мемлекеттерінен  келген  адвокаттар 

жеке  шағымдарды  БҰҰ-ның  адам  құ-

қықтары  туралы  комитетіне  арнап 

қалай дайындау керектігін үйретеді. 

Мысалы, Тәжікстан Факультативті хат-

тамаға  мүше  мемлекет,  одан  алғаш-

қы  шағымдар  2000  жылы  түссе, 

Қырғызстанда  оларыдың  ертеде  Ак-

тіге  және  Факультативті  хаттамаға 

қосылғанына  қарамастан  2004  жылға 

дейін ешқандай шағым болған жоқ.

2009  жылдың  тамызында  менің  осы 

семинарға  шақырды.  Ол  жерде  Но-

окат  оқиғасына  байланысты  процес-

ке  қатысқан  адвокаттар  болды.  2008 

жылы  қарашада  Ноокатта  Рамазан 

мерекесіне  тыйым  салғанын,  бұл 

қарсылық  акциялары  мен  сотқа  алып 

келгенін еске сала кетейін. 

Сотталған  адамдарды  қорғаған  ад-

вокаттар  азаптау,  әділетсіз  сот  про-

цесі  және  өзге  де  заң  бұзушылықтар, 

адам  құқығының  бұзылуы  жайлы 

айтты.  Кейін  олар  маған  алғашқы 

шағымдарды жіберіп, олардың БҰҰ ко-

митетіне шағымдану процедраларына 

қаншалықты сай екендігін бағалап бе-

руді сұрады. 

2009  жылдың  желтоқсанында  қырғыз 

омбудсменінің  шақыруымен  Бішкекке 

жабық мекемелерге мониторинг жүргізу 

туралы семинарға келдім, алайда бұл 

елге 10 жыл бойы келу құқығынан ай-

рылып  депортацияға  кеттім.  Мен  се-

бебін  сұраған  кезде  маған  қыркүйек 

айында  Қырғызстанның  құқыққорғау 

органдарымен байланысқанымды айт-

ты. 

Бірақ,  бұл  өтірік.  Мен  де  ешқашан 



ешқандай  мәселе  кеденде  де,  ше-

кара  қызметімен  де,  құжатпен  де 

болып  көрген  жоқ.  Қазір  мен  Бішкек-

тегі  құқыққорғау  тобы,  әріптестеріме 

менің мүддемді қорғауға рұқсат бере-

тін  сенімхат  дайындап  қойдым.  Мен 

депортация  туралы  шешімнің  үстінен 

шағым түсірмек ниеттемін.



наурыз-сәуір 2010

14

14

NBCA-ға  берген  сұхбатында  түркімен 

денсаулық сақтау саласының мәселесі 

жайлы  өз  пікірімен  Лондон  гигиена 

және  тропикалық  медицина  мектебін-

дегі  қоғамдық  денсаулық  сақтау  са-

ласы  бойынша  оқытушы,  денсаулық 

сақтау  жүйесі  мен  саясаты  бойынша 

Еуропа  обсерваториясының  зерттеу-

шісі, сонымен қатар «Ниязовтан кейінгі 

Түркіменстандағы  денсаулық  сақтау 

саласы»  кітабының  тең  дәрежедегі 

авторы  Бернд  Речел  білдірді.  Речел 

мырза әлеуметтану ғылымының бака-

лавры,  нәсілдік  және  этникалық  зерт-

теулер  саласында  магистр  және  ре-

сейлік және шығыс-еуропа зертеулері 

саласында доктор дәрежесіне ие.

Түркіменстадық  денсаулық  сақтау  са-

ласын сіз қалай бағалайсыз?



Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті

жүктеу 0.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет