Ойынның аты: Құстар ұшты Ойынның шарты



жүктеу 29.17 Kb.
бет2/5
Дата14.02.2022
өлшемі29.17 Kb.
#17246
1   2   3   4   5
Қимылды ойын
Қимылды ойын:

«Қу түлкі»

Ойынның аты: Қу түлкі

Ойынның шарты: Ойыншылар дөңгелене тұрады.

Алысырақ жерде түлкінің үйі тұрады.

Педагогтың белгісі бойынша балалар көздерін жұмады.

Педагог ақырын бір баланы түртеді.

Ол бала түлкі болады. Балалар белгі бойынша көздерін ашады да алдымеен баяу сосын қатты айқалап үш рет «қу түлкі қайдасын» деп айтады. Сонда қу түлкі үйінен шығып «Мен мындамын» деп балаларды қуа жөнеледі.

Ұстаған баланы түлкі өз үйіне апарады.

Қанша баланы ұстағаны саналы ойын қайта жалғасады.

«Түлкі»


Қимылды ойын:

«Қасқыр қақпан»

Ойынның аты: «Қасқыр қақпан»

Ойынның шарты:

Қасқыр түссе қораға,

Ұстамасқа бола ма?

Қол ұстасып тұрмайық,

Қасқыр қақпан құрайық.

Біздің қақпан болаттай,

Қасқырды тұр жолатпай.

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан, берік бол!

Балалар екі топқа бөлінеді.

Үлкен тобы-«қақпан», кіші тобы «қасқырлар».

ойнаушылардың бірі жоғарыдағы өлеңді бастайды, қалғандары оған қосылады. Қанша қол ұстасып дөңгеленіп тұрып болғанша балалар:

Кәне, кәне, тұрайық,

«Қасқыр қақпан»- құрайық,-

Деген жолдары қайталап айта береді. Содан соң өлеңнің сонғы шумағы:

Кәне, қақпан, берік бол,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр!

Деген жолдарды айтып болысымен, «қақпан» болып тұрғандар бір-бірінің қолын ұстап жоғары көтереді. Ал қасқырлар арғы беттегі қораға өтуге көтерілген қолдарының астымен жүгіріседі.

«Қасқырлар» осылай өтіп жатқан кезде ойын бастаушының «а-ап» деген белгісімен көтерілген қолдар төмен түсіріледі.

Балалар жүресінен отыра қалады. Сөйтіп «қақпан» жабылады.

Іште қалғандар «қақпан» тобына қосыла береді «қасқырлар» азаяды.

Ойынды кезектесіп ойнауға болады.




жүктеу 29.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет