Ойы ндардьщ м аң ы зы төлеуова С. Ж., мугалім



жүктеу 28.17 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі28.17 Kb.

М ЕКТЕП Ж АСЫ НА Д Е Й ІН Г ІБАЛАЛАРДЫ  ТӘ РБИ Е Л Е У Д Е ГІҮ Л Т Т Ы Қ

ОЙЫ НДАРДЬЩ  М АҢ Ы ЗЫ



Төлеуова С.Ж., мугалім, 

Подстепный жалпы білім беретін мектебі, Батьіс Қазацстан обльісы

Ойын  -   мектеп  жасына  дейінгі  балалрдың  жеке  басының  дамуына  игі  ықпал  тигізетін 

жетекші,  басты  құралдардың  бірі.  Бала  ойын  арқылы  өзінің  күш-жігерін  жатгықтырады, 

қоршаған  орта мен  құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып,  еңбек дағдысына үйрене  бастайды. 

Жас бүлдіршін болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Баланың бірінші әрекеті -  ойын,  сондықтан да оның мән-мәнісі  ерекше.  Ойын -  адамның 

өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қадамы.  Қазақ  халқының  үлы  ойшылы  Абай  Құнанбаев: 

“Ойын  ойнап,  эн  салмай,  өсер  бала  бола  ма?”  деп  айтқандай,  баланың  өмірінде  ойын  ерекше 

орын  алады.  Жас  баланың  өмірді танып,  еңбекке  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы 

ойын  үстінде  қалыптасады.  Баланың таным  қабілетгері  ойын  арқылы  дамып  отыратындықтан 

мектеп жасына дейінгі кезеңце ойындарды жиі қолданудың маңызы ерекше.

251


Баланың  жасы  өсуімен  бірге,  ойнайтын  ойындарының  мазмұны  да  өзгеріп,  кеңейіп 

отырады.  Алайда,  ойын  баланың  уақытын  өткізу  емес,  баланың  психикасында  сапалық 

өзгерістер тугызу болып табылады.

Жалпы  үлкендер  ойынның  балалар  өмірінде  апатын  орнын түсіне  білуі  қажет.  Үлкендер 

өзін  қоршаган дүниеде  болып жатқан  құбылыстарды  балаға  көрсетіп,  таныстырып,  түсіндіріп 

отырулары керек. Қазақ халқының “Баланы ойын өсіреді” деген сөзі тегіннен тегін айтылмаған. 

Ягни  үлтттық  ойындар  тәрбие  құралы  ретінде  туған.  Заман  өзгерген  сайын  адам  баласының 

басынан  өткергендері  бала  ойынында  көрініс  тауып  отырады.  Ойын  мәселесіне  Т.Тэжібаев, 

Ж.Аймауытов,  Е.Сағындықов,  т.б.  ғалымдар  мен  ағартушылар  өз  еңбектерін  арнаған.  Ерте 

кезде қазақ хапқы өз ойындарына ерекше назар аударған.  Үлттық ойындардың басым көпшілігі 

мазмұны  жағынан  ертегі,  эңгімеге  жақын  болып  келетіндіктен,  бала  зейінін  өзіне  тартады. 

Осыған 


орай, 

жасөспірімдер 

ойнайтын 

қазақтың  ұлттык  ойындары 

баланың  жас 

ерекшеліктеріне  байланысты  әрі  қысқа,  эрі  нұсқа  болып  келеді.  Мысалы:  “Кім  сені  түртті?”, 

“Даусынан таны!”,  “Кім  шертті?”, т.б.  ойындар бала зейіні сөнбей тұрған  кезде жылдам жауап 

беруді  талап  етеді.  Бала  зейіні  төңіректегі  затгар  мен  осы  заттарға  қатысты  іс-әрекеттгер 

арқылы сипатгалатындыкган, ұлттық ойындар да осыған негізделе кұрылған.  “Тақия тастамақ” 

ойынында бас  киімді  пайдаланса,  “Қамалды  қорғау”  ойынында орындық пен жүннен жасалған 

допты  пайдаланған.  Қазақтың ұлттық  ойындарының  тагы  бір  ерекшелігі  эмоциялық жағынан 

алып  карағанда бала зейінін  бірден  езіне аударады.  Эмоциялық әсерлерге бала бірден назарын 

аударатыны  белгілі.  Ұлттық  ойындар  барысында  зейіннің  аударылу  қасиетінде  байқауға 

болады.  Мысалы:  “Көкпар  тарту”  ойынын  алсак,  басы  кесілген  бағлан  немесе  ешкіні  алып 

қашқан  адамды  қуып  жетіп,  екіншіден  оны  тартып  алып,  үшіншіден,  оны  басып  озу  арқылы 

көмбеге бұрын жетуді кездейді. Егер ойында зейінді тез аудару арқылы шапшаңцық танытпаса, 

яғни  зейінді  тез  аудара  блу  қаситеі  жетілмесе,  бұл  ойынға  катыса  алмас  еді.  Ал  балалар 

ойнайтын  “Ақ  сандык,  көк  сандық”  ұлтгық  ойыны  барысында  айтылатын  өлеңнің  мэтініне 

назар  аудару,  өлең  аяқталысымен  орнынан  тез  тұрып  кету,  карсыласын  арқалай  жөнелу  т.б. 

эрекеттерге  зейінін  неғүрлым  тез  аудара  білулері  керек.  Қазак  халқының  тіршілігінде  төрт 

түлік  мал  шешуші  орын  алатындықтан,  үлт  ойындарының  басым  көпшілігі  жан-жауарлар 

дүниесін  елестетіп  ойнайтын  ойындар  болып  келеді:  “Ак  байпақ”,  “Көк  сиыр”,  “Соқыртеке”, 

“Түйе,  түйе”  т.б.  Зейіннің  бөліну  қасиеті  ұлтгық  ойындар  барысында  қалыптасып  отырады. 

“Сокыртеке”  ойынында  соқыр  теке  ролін  ойнаушы  ойыншылардың  дыбысы  қай  жактан 

шықканын,  олар  алыста  ма,  жақында  ма  екендігін  жэне  өзінің  кауіпсіздік  жағдайларына  да 

зейін  бөле  алады.  Бұдан ұлттық ойындар  барысында  зейіннің бөліну  қасиетінің дамитындығы 

көрінеді.

Әрбір  ойын  элементтері  ұлттық  ойындардың  тақырыбына,  мазмұнына  байланысты 

логикапық байланыста болып  келеді.  Үлттық ойындардың логикалық байланыста болып келуі, 

зейін  көлемін  өсіруге  септігін  тигізеді.  Халық  арасында  көп  тараған  “Мысық  пен  тышқан”, 

“Үлек пен тайлақ” ойындарын алсақ,  мысықтың тышқанды,  үлектің тайлақты  қуып ұстауымен 

ерекшеленеді.  Мысық  немесе  үлек  рөлінде  ойнап  жүрген  баланың  бар  назары  тышқанды 

ненмес тайлақты ұстауға ауады.

Қазақтың үлтгық ойындарының тағы бір ерекшелігі  өлең сөздің араласып келіп отыруы. 

Егер  ойын  барысында  тақпак,  өлең  жолдары  кездеспесе,  оны  ойын  соңында  жеңіліп,  үпай 

санын  өтеушілер  орындайды.  Олар  тақпақ  айтып,  өлең  оқып,  ән  салады,  өз  өнерін  көрсетеді. 

Кейде суырып салма акындық өнер де  осы  ойын үстінде емірге келеді.  Жырлай жүріп ойнаған 

бала  ойын  барысында  айтылған  эрбір  сөздерге,  әрбір  сөздің  мағынасына  аса  зер  салып, 

мәтіннің  мазмұнына  қарай  қимыл-эркет  жасайды.  Үлттық  ойындардың  кез-келгенін  алсақта, 

ойынға  қатысушылардан  зейінділікті,  тапқырлықгы,  ешендікті,  алғырлықгы,  шапшандықты, 

тез  ойлауды талап  етумен  бірге,  алға ұмтылуды, табысқа жетуді  көздейді.  Төменде  оқу-тәрбие 

үрдісінде сирек қолданылатын, бала зейінін дамытуға негізделген қазақтың үлтгық ойындарын 

мектеп жасына дейінгі балапардың жас ерекшелігіне сай, ықшамдап ұсынып отырмын.

Көрші

Ойыншылар  жарты  шеңбер  жасап  отырады  да  қасындағы  көршілерінен  “Көршіңмен 

татусың ба?” деп  сұрайды.  Көршісі:  “Көршіммен татумын” деп жауап  береді.  Кімде-кім  ойын 

барысында  “Иә”  немесе  “татумын”  деп  айтса,  ойыннан  шығады.  Ойыншыларды  шатыстыру 

үшін ойын жылдамдықпен ойналады.


Біз де

Ойын  жүргізуші  ойыншыларға  әңгіме  айта  бастайды.  Әңгіме  барысында  адамға  тэн  әрекет 

хуралы  айтылса,  ойыншылар  “Біз  де”  деп  қосылып  отырады.  Егер  жануарларға  тэн  әрекет 

болса, үндемейді. Мысалы:

_  Мен жазда ауылға бардым.

_  Біз де.

_  Итім мені танып үрді.

-   Атам екеуміз қозыларға шөп шауып әкелдік.

-   Біз де.

-   Шөпті кішкентай қозыларға бердік.

-   Қозылар маңырады.

Жаңылма

Ойынға  қатысушылар  шеңбер  жасап  тұрады.  Ойын  жүргізуші  ортаға  шығып,  мәпннщ 

мазмұнын 

немесе  өлең  оқып  тұрып,  эртүрлі  қимылдар  көрсетеді.  (Оң  қолын  жоғары  көтереді, 

сол  кұлағын  ұстайды,  бір  аяғын  көтереді,  бір  бағытқа  бұрылады,  т.б.)-  ойыншылар  оиын 

жүргізушінің қимыл-әркетін бақылап тұрып, дэл солай жасайды. Дұрыс жасамаған ойыншылар 



тақпақ немесе өлең айтып береді.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1. Сагындықов Е. Қазаңтың үлттық ойындары.Алматы,  1991.

2. Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы,  1995.

3. Бастауыш мектеп журалы 2008, № 7-8.

4. Бастауыш мектеп журалы 2007№ 2.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал