Қожа ахмет яссауи атындағы халықаралық Қазақ турік университ бөж дайындағАН: намуратова дана тобы:Өдз-011



жүктеу 21.15 Kb.
бет2/3
Дата23.06.2022
өлшемі21.15 Kb.
#20681
1   2   3
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТУРІК УНИВЕРСИТ
АКТ СЕССИЯ
өзін-өзі қамтамасыз ету;
ашықтық;
жан-жақтылық.
К. Рaпaй «Мәдeни кoд. Бiз қaлaй өмiр сүрeмiз, нe жәнe нeгe сaтып aлaмыз?» aтты кiтaбында « мәдeни кoд – бұл мaшинa бoлсa дa, тaмaқ, қaтынaс бoлсa дa, тiптi мәдeниeт кoнтeкстiндe бiз тәрбиeлeнгeн eл бoлсa дa, «бұл құбылыс нeмeсe бaсқa зaттaрдың тылсым oйы», – дeп түсiндiрeдi. В.И. Даль сөздігінде «код» – құпия, құпия жазба, жұмбақ ретінде қарастырса, A.Кoнчaлoвский, A. Ayзaнның сұхбаттарында мәдeни кoд тұжырымдaмaсындa eкi тeoриялық жәнe тәжiрибeлiк мaңызды сәт ұсынылғaн: бiрiншiдeн, oсы нeмeсe бaсқa eлдeгi ұлттың мaңызы бaр әлeyмeттiк, экoнoмикaлық жәнe сaяси үрдiстeргe мәдeниeттiң әсeр eтyiн aнықтay, aл eкiншiдeн – мәдeни кoдтың өзгeрмeyiнiң нәтижeсi рeтiндe ұлттық мәдeниeттiң тұтaстығын сақтау болып саналатындығы айтылады.
Мәдениет тілі жалпы мағынасында – белгілер, формалар, рәміздер мен мәтіндер дегенді білдіреді, бұл өз кезегінде, қоғамаралық коммуникативтік қатынастарды реттеуші және мәдениет кеңістігінде бағдарлаушы қызметін атқарады. Мәдениет тілі – шынайы болмысты түсінуде әмбебап қызмет атқарады, оның негізінде жаңадан немесе қалыптасып қойған түбірлі ойлар, түсініктемелер мен образдар, өзге де мағына тасымалын атқаратын сана конструкциялары жатады. Мәдениет қалыптасқан локальды ерекшеліктерге сай өзара ақпарат алмасуға байланысты коммуникация жүйесінсіз өмір сүре алмайды, яғни, жергілікті дәстүрге сай ақпарат алмасу сол мәдениетті түзуші функциясын атқарады. Мысал ретінде, ақпараттық жүйе қазіргі даму деңгейіне жетпеген кездегі ақпарат сипаты мен сапасына назар аударсақ, оның аса құнды материал екенін байқаймыз, сәйкесінше, белгілі бір «ақпарат құндылығы» болды, «ақпарат дефициті» санада қалтықсыз сенуші қасиеттерін туғызады. Тіпті осы орайда, Юваль Ной Харраридің адамзаттың «қысқаша» тарихындағы «тарих» феноменінің негізі түсінікті болады.
Ақпараттық вакуум уақытында кез-келген тарихи оқиға мен тұлғалар жоғары шындық, тіпті ақиқат деңгейіне көтеріледі (дін, қоғамдық және экономикалық жүйе, соғыстар). Фрэнсис Фукуяманың «ақпараттық» толқыны келіп жеткен уақытта ақпарат өз сипатын өзгертіп, тек прагматикалық қызмет атқаруда (әлеуметтік желілер, жарнамалар мен саяси PR). Белгілі бір ақпарат таралуы деңгейі тар уақытта «сакральды» деңгейге жеткен. Сәйкесінше, таралу масштабына сәйкес ақпарат өз құндылығын төмендетіп алғаны түсінікті жағдай. Егер ақпаратты мәдениеттің бөлігі деп қарастырсақ, ақпараттық вакуум уақытында «қаңсық таңсыққа» айналады, дәл сол жағдай мәдениетте де орын алады, қазіргі қазақстандық мәдениетте осы процесстің алғашқы жарқыншақтары қылаң беруде.
Қалыптасқан тәжірибе мәдениетте белгілік жүйелер аккумуляциясы трансляция және жалғасу қызметін атқарады. Белгілік жүйелер мен тіл өз бетімен тәуелсіз қалыптаспайды. Заманауи мәдениеттану ғылымында тіл және код мәселесі пәнаралық сипатта. Оны талдаудан өткізу барысы логика, философия, антрпология, феноменология ғылымдарына мәдениеттану арқа сүйейді.
Мәдени код – әлемді тануға байланысты көзқарастарды тасымалдап сақтап және дамытатын жүйе, сондай-ақ осы уақыттағы қасиеттер мен мүмкіндіктердің нақты мәдени кеңістікке сай көрінісі. Код дегеніміз ақпарат таңбаларының жиынтығы және белгілі бір ережелер жүйесі, олардың көмегімен ақпаратты беруге, өңдеуге мүмкіндік бар. «Код» термині ежелден есептеу, коммуникация, кибернетика, математика және генетика ғылымдарында қолданылып келеді. Кодтау арқылы жасанды тілдер құру, машиналық аударма, мәтіндерді кілттеу және оларды ашу мүмкіндігі беріледі. Мәдениет теориясында мәдени мәтіндердің мазмұны мен түсіну жоспары бірінші кезекке қойылады, сондықтан мәдени код ұғымы өте өзекті болып отыр . Мәдени кодтың қажеттілігі сигналдар әлемінен мағыналық әлемге өту кезінде туындайды. Сигналдар әлемі дегеніміз – ақпараттармен есептелетін дискретті бірліктер әлемі, ал мағыналар әлемі – адамды белгілі мәдениеттің идеяларымен, бейнелерімен және құндылықтарымен байланыстыратын мағыналы формалар әлемі. Басқаша айтқанда, код дегеніміз модель, нақты ережелер мен ақпараттық сериялар құрудың белгіленген қағидаттары, нақты хабарламалардың жүйелілігі. Барлық кодтарды бір-бірімен қарапайым код негізінде салыстыруға болады. Мәселен, хабарлама, мәдени мәтін пайдаланылатын кодқа байланысты әр түрлі оқылымдарға ашық болуы мүмкін. Код мәдениеттің семантикалық деңгейіне енуге мүмкіндік береді, ал кодты білместен, мәдени мәтін жабық болады, түсіндірілмейді әрі қабылданбайды. Адам белгілер жүйесін көре алады, бірақ мағыналар мен мағыналар жүйесін түсіну арқылы ғана игереді. Мәдени код мынадай сипаттамаларға ие болуы керек: адам мәдениетін өндіру, тасымалдау және сақтау үшін өзін-өзі қамтамасыз ету, өзгеру (мобильділік)және ашықтық, сондай-ақ, уақыт талабына сай әмбебаптылық функциясы аса мағызды. Мәдениет түрлерінің жіктелуіне сәйкес: мәдениеттің кодтары, жазба мәдениеттердің кодтары, экрандық мәдениеттердің кодтары.

жүктеу 21.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет