ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(19 тақырып) [1,2,3, 4]



жүктеу 7.99 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата03.05.2017
өлшемі7.99 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(19 тақырып) [1,2,3, 4] 
1.
 
Материктер  мен  мұхиттардың  пайда  болуы  туралы  негізгі 
көзқарастар 
2.
 
Геотектоникалық болжамдар 
 
Ұсынылған әдебиеттер. 
      1.И.А Карлович “Геология”. 
      2.Кузменко Е.Е “ Палеонтология негіздермен  тарихи геология ”. 
 3.   Леонов Г.П. “Тарихи геология” 
       4. Давиташвили Л.Ш “ Палеонтологияның қысқа курсы ” 
 
 
20  тақырып  Жер  қыртысының  байқал  мен  байқалға  дейінгі 
замандарының  геотектоникалық  сатысының  дамуы.  Төменгі  палеозой 
(каледон) геотектоникалық сатысы (2 сағ) 
Дәрістің жоспары. 
1.
 
Кембрийге дейінгі дәуірлер 
2.
 
Палеозой тобы 
 
Жер  шарының  құралып  жетілуінде  және  даму  тарихында 2 ірі  кезеңнің – 
геологиялық дәуірлерге дейінгі және геологиялық сатылардың болған кезең. 1 
–  кезең  Жердің  планетаға  айналып,  оның  бетінде  атмосфера  мен  гидросфера 
қабаттарының  пайда  болғанға  дейінгі  ұзақ  уақыт. 2 – кезең  Жердің  қатты 
қыртысы  қабығының  пайда  болған  уақытынан  басталады.  Бұған  қарағанда 
жердің геологиялық тарихы 4 млрд жыл бұрын басталған. Мұндай ұзақ даму 
уақытынан 2 кезеңдң аңғаруға болады. Ол кембрийге дейінгі және кембрийден 
басталатын уақыт. 
Архей  эрасы  жер  қыртысының  дамуының 1,9 млрд  жылдардай  мерзімін,  осы 
уақыттар аралығында құралып жер қыртысның табанында орналасқан ең көне, 
аса терең метаморфизмделген, сондықтан көбінесе бастапқы түр белгілерінен 
айырылған тау жыныстар тобын қамтитын аса ірі кезең. 
Архей  жыныстары  бірде  серияларға,  бөлімдерге  петрографиялық  құрамдары, 
өзара  орналасу  ерекшкліктеріне  байланысты  жіктелген,  бірде  жіктелмеген. 
Сериялар  мен  бөлімдер  бір – бірінен  метаморфизмделу  және  қатпарлану 
дәрежесі  арқылы  да  айырылады.  өйткені  төмен  қабат  жыныстары  өз  алдына 
бір  қатпарланса  (мысалы,  Балтық  қалқанының  саам  қатпарлану  кезеңінде 
свиовдық  серия) 2 – рет  ботникалық  серия  свекофен  кезеңінде  қатпарлану 
қозғалысына қайтадан тап болған.  
 
40

Проторезой  эрасы  жер  қыртысы  тарихының  архей  мен  палеозой  арасындағы 
қалыптасқан  қабаттар  тобын  қамтитын  заман.  Терминді 1888ж  Э.  Эмонс 
енгізген.  Бұл  эра 2600 млн  жылдар  бұрын  басталып 570 млн  жыл  бұрын 
аяқталып, 2 млрд жылдарға созылған. 
Свион,  ботний  және  карел  серияларының  кристалдық  жыныстары  магмалық 
(жанартаулық)  және  шөгінді  жыныстарының  метаморфизмделу  нәтижесінде 
пайда  болған.  Бұл  деректерге  қарағанда  жер  қыртысының  осы  қаралып 
отырған  өңірі  ұзақ  уақыт  қозғалмалы  (геосинклиналды)  жағдайда  дамыған. 
Бұл  процесс  түбі  біртіндеп  ойысуда  болған  су  бассейнінде  үзілместен  ұзақ 
жүрген.  Мұның  көрсеткіші  ретінде  ондаған  км – ге  жеткен  шөгінділер 
қабатының  қалыңдығын  айтуға  болады.  Геосинклиналдық  облыстың 
дамуының  бір  кезеңінде  қатпарлану  қозғалысы  басталып,  өңір  көтеріліп,  су 
бетіне шығып, эрозияға тап болған. 
Палеозой  тобы  қазба  тас  қалдықтары  тәуір  сақталған  фауна  мен  флораның 
әртүрлілігімен  және  олардың  көп  таралуымен  ерекшеленеді.  Көпшілігі  өзіне 
тән  көнелік  белгісі  бар,  жойылып  құрыған  немесе  қазір  сирек  кездесетін 
өсімдіктер  мен  жануарлар  тобын  құраған.  Осыған  сәйкес  эраға  палеозой – 
көне өмір заманы деп ат қойылған. 
Палеозой эрасы 6 жүйеге: кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және перьм 
деп  жіктелген.  Тау  жыныстарының  ерекшеліктеріне  қарай  төменгі  (кембрий, 
ордовик),  ортаңғы  (силур,  девон,  төменгі  карбон)  және  жоғарғы  (орта  және 
жоғарғы карбон, перьм) бөлімдерге бөлінген. 
Каледон қозғалыстарының нәтижесінде туындаған физикалық – географиялық 
өзгеріс  органикалық  дүниенің  дамуына  әсер  еткен.  Девонның  соңына  қарай 
псилофиттер құриды. Девон кезеңі негізінен басқа жүйелермен салыстырғанда 
тыныштықта  болған.  Геосинклинальдық  еңірлерде  қатпарлану  қозғалыстары 
әлсіз болып, шамалы аймақтарда ғана орын алған. 
 
СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(20 тақырып) [1,2,3, 4,5,6,7,8] 
1. Кембрийге дейінгі жер қыртысының дамуындағы ерекшеліктер  
2. Төменгі палеозой органикалық дүниесі  
3. Палеозойдың геологиялық тарихының негізгі моменттеріне кесте құру. 
Ұсынылған әдебиеттер. 
1. Владимирская Е.В, Кагарманов А.Х “ Палеонтология негіздермен тарихи 
геология ”  
2. Левитес Я.М “ Тарихи геология негіздермен жалпы геология ” 
3. Немков Т.И “Тарихи геология” 
4. Чарыгин М.М. “Жалпы және тарихи геология”. 
      5.И.А Карлович “Геология”. 
      6.Кузменко Е.Е “ Палеонтология негіздермен  тарихи геология ”. 
 7.   Леонов Г.П. “Тарихи геология” 
       8. Давиташвили Л.Ш “ Палеонтологияның қысқа курсы ” 
 
 
41

21 тақырып Жоғары палеозой (герцинский) кезеңінде Жер қабығының 
дамуы (2 сағ) 
  
Дәрістің жоспары. 
1.
 
Жоғарғы палеозойдың негізгі құрылымдық ерекшеліктері. 
2.
 
Жоғарғы палеозойдың  палеогеограафиясы. 
3.
 
Жоғарғы палеозойдың қалдықтары мен пайдалы қазбалары 
 
Тас  көмір – палеозой  эрасының  төменнен  санағанда 5 – жүйесі, 
радиогеологиялық  анықтаулар  бойынша 350 млн  жыл  бұрын  басталып, 275 
млн  жыл  бұрын  аяқталған.  Ұзақтығы 75 млн  жылдар  маңы.  Жүйені  У. 
Конибир мен У. Филлипс бөлген.  
Тас  көмір  жүйесінің  жалпылай  қабылданған  бөлімдерге,  ярустарға  жіктелуі 
жоқ.  Одақтағы  дәстүр  бойынша  жүйе  үш – төменгі,  ортаңғы,  жоғарғы 
бөлімдерге  жіктелген.  Бұлардың  төменгісінде 3 ярус,  ортаңғысында 2 ярус, 
жоғарысында 2 ярус бар.  
Тас  көмір  жүйесінде  болғангерциндік  тау  жасау  қозғалыстарының  басты 
фазалары  жер  қыртысы  құрылымдарын  бұрынғылардан  да  күрделендіре 
түскен, палеографиялық жағдайларды ірі өзгерістерге ұшыратқан. 
Тас көмір қоры мол алуан түрлі кендерге бай. Алдымен өзі аталғанкөмір, кен 
орындарын  атау  қажет.  Көмір  қабаттары  әр  түрлі  стратиграфиялық  деңгейде 
орналасқан. 
Перьм  жүйесі  палеозойдың  төменнен  санағанда 6 – ең  соңғы  жүйесі.  Оның 
жыныстарын  Перьм  губерниясында 1841 ж  Р.  Мурчисон  анықтап, 
губернияның атына сәйкес анықтаған. Екі бөлімнен құралған. 
Перьм жүйесінде аяқталған қатпарланудың герциндік кезеңі жер қыртысының 
құрылыстарына  ірі  өзгерістер  енгізіп,  жер  бетінің  палеографиялық 
жағдайларын күрделендіре түскен. 
Перьм  жүйесінде  әр  түрлі  пайдалы  минералдық  заттар  көптеп  шоғырланған. 
Ірі  тас  көмір  бассейндерінің  Печора,  Кузбасс,  Тунгус  тағы  басқа  көпшілік 
қоры  осы  жүйе  шөгінділерінде  жинақталған.  Солтүстік  Америкада,  Қытайда, 
Гондванда да кездеседі. Тұз кендер қоры жөнінен перьм барлық геологиялық 
кезеңдер  ішінде  бірінші  орында.  Калий  және  ас  тұзы  Орал – Кама – Каспий 
маңдарында,  Донбаста,  Шу  ойысында,  Германияда,  Солтүстік  Америкада 
кездеседі.  
Осы аталған тұзды аймақтарда Печора, Днепр – Дон ойыстарында мұнай – газ 
шоғырланған. 
Перьмнің құмтастарында тақтатастарында мыс кендері де аңғарылған.  
 
СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(20 тақырып) [1,2,3,5,6] 
1.Платформалардың мен жылжымалы облыстардың тарихи дамуын 
оқып жаттау. 
2.Герценидтің қысқа бейнелеуі. 
 
42

3. Герциндік складчатостің фазаларын көрсетіңіз,олардың 
уақытын,пайда болу жерлерін мен тау жүйелерін. 
Ұсынылған әдебиеттер. 
1. Владимирская Е.В, Кагарманов А.Х “ Палеонтология негіздермен тарихи 
геология ”  
2. Левитес Я.М “ Тарихи геология негіздермен жалпы геология ” 
3. Немков Т.И “Тарихи геология” 
4. Чарыгин М.М. “Жалпы және тарихи геология”. 
      5.И.А Карлович “Геология”. 
      6.Кузменко Е.Е “ Палеонтология негіздермен  тарихи геология ”. 
  
 
 
22 тақырып. Мезозой кезеңінде  Жер қабығының дамуы (1 сағат) 
Дәрістің жоспары. 
1.Мезозой құрылымының негізгі ерекшеліктері. 
2.Мезозойдағы органикалық дүниенің дамудың негізгі белгілері. 
3.Мезозойдың палеогеографиясы. 
Бұл  заманның  аты  мезозой  деп  көне  заман  палеозой  мен  жаңазаман 
кайнозойдың ортасында орналасқандықтан қойылған. Оның мағынасы – орта 
өмір эрасы дегенді білдіреді. 
Мезозой эрасында жер қыртысының құрылымында жаңа ірі өзгерістер болған. 
Олардың  әсерінен  Верхоян – Колымада,  Сихотэ – Алинде,  Солтүстік 
Америкада  жақпарлы  тау  және  басқа  да  облыстарда  қатпарлы  құрылымдар 
туындаған. 
Мезозой эрасы 3 жүйеден – триас, юра және бордан құралған. 
Бұл уақытта мезозойлық түрлер мен қатарлас соңғы палеозой фауналарының 
өкілдері (спирифериділер, табуляталар, кейбір желбезектілер т.б.) өз өмірлерін 
жалғастыра берген. 
Теңіз  омыртқасыздарының  ішінде  аммоноидтардың  цератитгы  және 
аммонитты  түрлері  кең  таралған,  Аммонитгердің  кейбір  тұқымдары,  мысалы 
Ріпасосегаз  триас  жүйесін  ғана  сипаттайды.  Цератиттер  жүйенің  соңышда 
қүрып біткен. Олардың орнын бірінші белемитгер басқан. Бұлар мен қатарлас 
пелециподаларда  дами  түскен.  Пелециподалардың  көптеген  тұқымдарының 
арасында  триасты  анықтауыш  түрлер  маңызды  орын  алады.  Маржандардың 
алты  сәулелісі  мен  кірпілердің  жаңалары  пайда  болды.  Табулятталардың 
соңғылары жүйенің аяғына дейін өмір сүрген. Иықаяқтылардың ринхонеллид 
және теребратулид сияқты тұқымдары тарала түскен.  
Герциндік  қатапарлану  кезеңінің  нәтижесінде  жер  қыртысының  құрылымы 
триас  жүйесінің  басында  мынадай  сипаттарға  ие  болған.  Кембрийге  дейінгі, 
каледондық және герциндік платформалар екі ірі материкте – Солтүстік жарты 
шардағы  Лавразия  (кейде  Ангарида  депте  аталады)  мен  Оңтүстіктегі 
Гондванда  орналасты.  Геосинклинальдардан  Шығыс  және  Батыс  Тынық 
мұхиттық,  Қыйыр  шығыстық,  ені  әжептәуір  тарылған  Же  орта  теңіздік, 
 
43

Монғол-Охоттықтың  шығысында  шамалы  жері  қатпарланып,  қозғалып 
дамуларын жалғастыра берді. 
Пермь  кезінде  орныққан  континенттік  режим  солтүстік  материк  пен 
Гондванада  триаста  да  сақталды.  Бірақ,  құрлықтар  аумағы  бұрынғыға 
қарағанда ұлғайған сияқты. 
Триас  шөгінділері пермь  түзілімдері  таралған  өңірлерде  байқалады.  Олардың 
арасында  барлық  жерлерде  континенттік  түрлері  басымдық  алған.  Европа 
территориясында,  солтүстік  Америка  мен  Африка  бөліктерінде  құрғақ 
климатттық  жағдайлардың  жасандылары – қызыл  түсті  саздар  мен  құмдар 
таралған.  Соңғы  триас  дәуірінде  Азияның  қоңыржай  және  субтропикалық 
климатты  өңірлерінде  квмір  қабаттарының  түзілуі  жалғаса  берген.  Бұлардың 
қатарында  Кузнец  алабының  Мельцев  қабаты  Челябі  бассейінінің  көмірлі 
сериялары, Тунгус бассейінінің жоғарғы көмір қабаты және тағы басқа бар. 
     
СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(22 тақырып) [1,4,7] 
1.Мезозой мен палеозой фауналардың айырмашылықтарын көрсетіңіз. 
2.Мезозойдағы өсімдіктердің тез өзгеруінің шекарасын көрсетіңіз. 
Ұсынылған әдебиеттер. 
1. Владимирская Е.В, Кагарманов А.Х “ Палеонтология негіздермен тарихи 
геология ”  
4. Чарыгин М.М. “Жалпы және тарихи геология”. 
      7.   Леонов Г.П. “Тарихи геология” 
        
 
23 тақырып. Кайназой кезеңінде  Жер қабығының дамуы (1сағат) 
Дәрістің жоспары. 
1.Кайнозойдағы органикалық дүниенің негізгі даму көрсеткіштері. 
2.Кайнозойдың қалдықтары мен пайдалы қазбалары. 
3.Кайнозойдың негізгі құрылымдық ерекшеліктері. 
 
Жер  қыртысының  геологиялық  тарихындағы  бүгінгі  заманды  қоса  қамтитын 
ең  соңғы  эрасы  Кайнозой  (екі  грек  сөздерінен – кайнос – жаңа,  зоос – емір 
құралған)  деп  аталады.  Оған  жердің  дамуының  кейінгі 60-70 млн  жылдарға 
созылған, әліде жалғасып келе жатқан дәуірі жатқызылған. 
Кайнозой  тобы  үш  жүйеге – палеогон,  неоген  және  төрттікке  жіктелген. 
Кейінгі кездерге 1960 ж. Дейін палеоген мен неоген үштік жүйенің бөлімдері 
ретінде қаралып келді. 
Палеоген – палео – кене,  және  грек  сөзі  епоз – тегі,  жасы  деген  сөздерден 
құралып  көне  жасты  деген  мағынаны  береді,  кайнозой  эрасының  алғашқы 
кезеңі 
және 
осы 
кезеңді 
сипаттайтын 
жыныстар 
қабаттарының 
жиынтығы.1834  ж.  Ч.Лейельдің  ұсынуымен  Халықаралық  геологиялық 
конгесте  қазіргі  полеоген  мен  неогенді  біріктірген  үштік  жүйе  деген  атпен 
қабылданған.  
 
44

Полеогеннің  стратиграфиясы  бірінші  рет  Батыс  Европада  жасалып, 
көпшіліктен  қолдау  тапқан  үш  бөлімгі – полеоцен,  эоцен  және  олигоценге 
жіктелген.  Көрсетілген  бөлімдерді  ярустарға  ажыратуды  көпшілік  елдер 
қолдамаған,  өйткені  полеогеннен  бастап  қарлұқтар  бетінде  бұрыңғы 
замандардағыдай кен жайылған су бассейіндері болмады. Осыған байланысты 
бір текті органимдердің тас нұсқаларының кеңінен таралуы байқалмайды. Бұл 
жекеленген  аудандардың  шегінді  қабаттарын  стратиграфиялық  салыстыруды 
қиындатады.  Мұның  нәтижесінде  фауна  мен  флоралардың  жергілікті 
ерекшеліктеріне  негізделген  әрбір  елді  өңірдің  өзіндік  ярустарға  жіктелуі 
пайда болған.  
Кайнозой  эрасы  кендерге  өте  бай.  Солтүстік  Америка,  Гренландия, 
Шпицберген, Орталық Европа, Украина, Жоғарғы Яна, Чукот өлкесі, Сахалин, 
Жапонияда  мол  көмір  қорлары  бар.  Бөктерлік  ойпаңдарда  (Карпат,  Кавказ, 
Ферғана, Қосөзен аралығы, Калифорния), Маңғыстау, Үстіртте мұнай-газ кен 
орындары  орналасқан.  Никополь,  Чиатура  Сияқты  әйгілі  марганец  кендері 
палеоген  жыныстарымен  байланычты.  Солтүстік  Африкада  Бай  фосфорит 
кендері бар. Алтын, күміс, мыс сирек және полиметалл кендері Кавказ, Шығыс 
Азия,  Кордильера,  Анд  тауларында  кездеседі.  Сонымен  қатар  диатомит, 
нуммулитті  әктас,  каолин  сияқты  бейруда  кендер  де  мол.  Балтык  теңізі 
жаңғасында янтарь өндіріледі.  
Неоген  екі  сөзден – нео  жаңа  және  грекше  епо – туды,  жасы  дегендерден 
құралып  жаңа  жаратылыс  деген  мағынаны  білдіреді.  Кайнозой  эрасының 
екінші  кезеңі  және  сол  кезде  шөгінділенген  жыныстар  жүйесі.  Неоген 
терминін 1853 ж. Австрия ғалымы М.Гернес енгізген. Неогеннің ұзақтығы 23 
млн.  жылдан  астам,  радиогеологиялық  анықтаулар 25 млн.  жыл  маңын 
көрсетеді. 
Төрттік жүйе жердің геологиялық тарихының қазір жүріп жатқан кезеңі және 
бүгінгі  стратиграфиялық  шкаланың  ең  соңғы  бөлімі.  Оның  ұзақтығы 0,6-1,00 
млн-нан 2,5-3,5 млн  жылға  созылған  деп  болжанады.  Бұрын  аллювий 
формациясы,  аллювий,  делювий  делінген  континенттік  шөгінділердің  ең 
жасын 1825-1829 жж.  француз  ғалымы  Ж.Де-нуайе  біріктіріп  төрттік  жүйені 
бөлді.  Теңіз  шөгінділерінің  ең  жасын  зерттеген  ағылшын  ғалымы  оны 
плейстоцен деп атады.    
  
СДЖ бойынша бақылау тапсырмалары(23 тақырып) [1,4,7] 
 
1.Палеоген мен неоген арасындағы палеонтологиялық айырмашылығын 
көрсетіңіз. 
2. Палеоген мен неогеннің пайдалы қазбаларын оқып жаттау. 
3.Төрттік жүйеннің пайдалы қазбалары. 
 
Ұсынылған әдебиеттер. 
1. Владимирская Е.В, Кагарманов А.Х “ Палеонтология негіздермен тарихи 
геология ”  
 
45

4. Чарыгин М.М. “Жалпы және тарихи геология”. 
      7.   Леонов Г.П. “Тарихи геология” 
        
 
4 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 
 
№ 1 зертханалық жұмыс (10сагат) 
Тақырыбы: Қабаттардың горизонтальды жатысы. 
Жұмыстың 
мақсаты: 
Қабаттардың 
горизонтальды 
жатысының 
ерекшеліктерін зерттеу және олардың геологиялық картада бейнеленуі.  
Негізгі  материал:  Аймақтың  топографиялық  картасы,  бақылау  нүктелерін 
суреттеу және олардың жағдайы. 
 
Кіріспе 
Табиғатта тау жыныстарының жатыс формалары әр түрлі және олар ең 
бірінші кезекте пайда болуларына байланысты. Тау жынысының пайда болу 
кезінде иеленген формасы бұзылмаған деп саналады және сол тау 
жынысының бірінші жатыс формасы деп  аталады. Горизонтальды жатыс – 
бұл шөгінді тау жыныстарының бірініші жатыс формалары. Қабаттардың 
горизонтальды жатыстарына келесі ерекшеліктер сай: 
1. Жамылғы қабаттар әр қашан астыңғы қабаттардан жас. 
2. Мүшеленген бедер жағдайында суайырықты, жоғарырақ орналасқан 
бөліктер ең жас түзілімдермен, ал төменірек орналасқандары ерте пайда 
болған түзілімдермен құралады. 
3. Жазықтықтық бедер жағдайында аймақтың барлық территориясын бір 
ғана жалғыз қабат құрайды.  
4. Қабат табанының немесе жер бетінің абсолютті биіктік белгілері 
аймақтың барлық ауданында бірдей.  
5. Осындай қабаттың жер бетіне шыққан түзулері бедер 
горизонтальдарымен сәйкес келеді немесе оларды қайталайды. 
6. Кез-келген қабаттың нақты қалыңдығы қабат табаны мен бетінің биіктік 
белгілер арасындағы айырмаға тең.   
 
Тақырып бойынша тапсырма: 
1.
 
Топографиялық  негіздегі  мәліметтерге  сүйеніп  геологиялық  карта 
құру. 
2.
 
Геологиялық  кескін  құру  және  қабаттардың  нақты  қалыңдығын 
анықтау. 
3.
 
Стратиграфиялық бағана құру. 
4.
 
Шартты белгілерді жасау. Жұмыс 2 сағат лабораториялық жұмысқа 
және 2 сағат үй жұмысына есептелген. 
 
46

               
Жұмыс барысы: 
1.
 
Қағаз бетіне 1:10.000 масштабты топографиялық карта көшіріледі (1 
сурет). 
2.
 
Салынған  топонегізге (1 сурет)  басы  А  триангуляциондық  тірек 
пунктінен  басталған  маршрутты  көрсетеді (2 кесте),  ал  келесі  бақылау 
нүктелері  бір-бірімен  «полярлы»  әдіс  арқылы  қосылады.  Барлық  бақылау 
нүктелері тік сызықтармен қосылады.  
3.
 
Маршруттың  мәліметтері  бойынша (2 кесте)  топонегізге 
горизонталь  жатқан  қабаттардың  геологиялық  картасы  жасалады.  Маршрут 
бойынша  суреттелген  тау  жыныстарының  жастары  мен  шартты  белгілері 3 
кестеде көрсетілген.  
4.
 
Геологиялық кескін картада көрсетілген сызықтардың бірі бойынша 
жасалады.  Кескіннің  горизонтальды  масштабы 1:10000, вертикальды 
масштабы 1:2000. Әрбір  қабаттың  қалыңдығы  карта  бойынша  анықталады. 
Бұл картаның горизонтальдары арқылы анықталатын жер беті мен жабынның 
биіктік белгілерінің айырмасы. 
5.
 
Барлық 
қабаттардың 
қалыңдықтарын 
қосу 
арқылы 
стратиграфикалық  бағана  биіктігі  анықталады.  Бағанының  сол  жағына  мына 
графалар орналастырылады: топ, жүйе, бөлім, индекс, ал оң жағына қалыңдық 
және тау жыныстарының сипаттамасы. 
6.
 
Карта  мен  кескін  қабылданған  ережеге  сай  боялады  да,  жас 
индекстері көрсетіледі.  
 
 
1 кесте. 
 
 
Абсолюттік 
шама, м  
Варианты 
Горизонталдар 1  2 



а 22

380 500  620  440 
б 20

370 475  600  430 
в 18

360 450  580  420 
г 16

350 425  560  410 
д 14

340 400  540  400 
 
47

 
А тірек пункті 22

386 515  627  444 
 
2 кесте. 
Бақылау 
нүктелері 
(т.н.) 
Нұсқалар 
№  Координат
тар 
1 2  3 4 5 
Бақылау нүктелерінің 
бейнелеуі. 
1  А гр 
Азимут    
А м 
қашықтық 
26 
 
695 
48 
 
940 

 
580
11 
 
605
63 
 
685
Контакт бур түсті балшықтар 
мен кварцттік құмдар. 
2  А гр 
Азимут    
А м 
қашықтық 
11 
300 
58 
230 
57 
180
346 
320
66 
240
Контакт кварцттік 
құмдар мен галечниктар. 
3  А гр 
Азимут    
А м 
қашықтық 
191 
 
320 
143 
 
350 
237 
 
190
166 
 
280
246 
 
400
Контакт галечниктар 
мен кварцеттік құмдар. 
4  т.н. 3, гр 
Азимут   
т.н. 3,м 
қашықтық 
153 
 
405 
135 
 
625 
192 
 
380
144 
 
350
185 
 
580
Контакт кварцеттік 
құмдар мен бур түсті 
балшықтар. 
5  т.н. 4, гр 
Азимут   
т.н. 4, м 
қашықтық 
187 
 
310 
161 
 
355 
175 
 
465
171 
 
260
138 
 
430
Контакт бур түсті балшықтар 
мен сары мергелдер. 
6  т.н. 5, гр 
Азимут   
т.н. 5, м 
қашықтық 
193 
 
190 
205 
 
245 
197 
 
150
196 
 
600
119 
 
535
Контакт сары мергелдер 
мен бур түсті балшықтар. 
 
                      № 2 зертханалық жұмыс (10 сағат) 
Тақырыбы: Қабаттардың еңкішті жатысы. 
Жұмыстың  мақсаты:  Қабаттардың  еңкішті  жатысын  зерттеу  және 
оларды геологиялық картада бейнеленуі.  
 
48

Негізгі  мәліметтер:  Бақылау  нүктелерінің  сипаттамасы  мен 
координаттары берілген кесте. 
 
Кіріспе 
Егер  қабаттардың  алғашқы  горизонталь  жатысы  тектоникалық 
қозғалыстардың  нәтижесінде  бұзылған  болса,  бұл  жағдайда  шөгінді  тау 
жыныстарының қайта қалыптасу формалары туралы айтылады. Еңкіш немесе 
моноклинальды  қабаттар 2 - ретті  формаларға  жатады  және  тектоникалық 
қозғалыстардың  қарапайым  түрі  болып  табылады.  Моноклинальды  жататын 
қабаттар  деп  құлама  бұрышын  сақтай  отырып,  бір  жаққа  құлайтын  және 
моноклиналь  деп  аталатын  структура  құратын  қабаттар  аталады.  Жеке 
қабаттың  және  барлық  структураның  кеңістіктегі  жағдайы  жатыс 
элементтерімен  анықталады  (созылым  азимуты,  құлау  азимуты,  құлау 
бұрышы). 
Геологиялық картада қабаттардың моноклинальды жатысы бірқалыпты 
бір-бірін  ауыстыратын,  ендері  әртүрлі  параллель  алаптар  түрінде  көрінеді. 
Қабаттардың  жер  бетіне  шығу  ені  (көрінетін  қалыңдығы)  құлау  бұрышына, 
аумақтың  бедеріне  және  нақты  қалыңдығына  байланысты.  Қабаттың  нақты 
қалыңдығы неғұрлым көп болса, жер бетіне шығуы соғырлұм ендірек болады. 
Құлау  бұрышы  көбейсе  оның  жер  бетіне  шығуы  азаяды,  бедер  формасына 
байланыссыз вертикальды құлау жағдайында оның нақты қалыңдығымен сай 
келеді.  Қабаттың  шығу  енінің  бедер  формасына  байланысы  келесідегідей:  ол 
қабат пен бедер еңкіштіктерінің бағыты сәйкес келгенде көбейеді, ал қабаттың 
еңкіш бағытына кері жаққа құлағанда азаяды. 
Қабаттың  құлау  қалыңдығын  нақты  шарттарға  байланысты  бірнеше 
әдістермен  өлшеуге  болады.  Бірақ,  осы  жұмыс  барысында  топографиялық 
негізі  жоқ  геологиялық  карта  құру  кезінде  нақты  қалыңдықты  өлшеу  келесі 
формула арқылы жүргізіледі.  
 
m=А 
Каталог: fulltext -> UMKDP -> MDiG
UMKDP -> Оқытушы пəнінің оқу-əдістемелік кешенін əзірлеген: т.ғ. к доцент Шерембаева Р. Т., т.ғ. к доцент Омарова. Н. К
UMKDP -> ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
UMKDP -> Кафедра меңгерушісі Тутанов С.Қ. 2009 ж
UMKDP -> ОҚытушы пəнінің ОҚУ-Əдістемелік кешені
UMKDP -> Жер асты кешендері құрылысының технологиясы
UMKDP -> А. Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік кафедрасы
UMKDP -> ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
MDiG -> Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к
MDiG -> ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
MDiG -> ОҚытушы пəннің ОҚУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 7.99 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет