ОҚытудың интерактивті әдістерін қолдану ерекшеліктері аннотация. Бұл мақалада оқытудың интерактивті әдістері ретінде: пікір-талас, эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл»



жүктеу 56.29 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2017
өлшемі56.29 Kb.

ОӘЖ  004:031.42 

 

Д.А. Маженова  



(М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар колледжі, 

Шымкент, Қазақстан Республикасы) 



 

ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Аннотация. Бұл мақалада оқытудың интерактивті әдістері ретінде: пікір-талас, эвристикалық әңгіме, 

«миға шабуыл», рөлдік, «іскерлік» ойындар, тренингтер, кейс-әдіс, жобалар әдісі, көрнекілік мәліметтермен 

топтық жұмыс, бейне фильмдерді талқылау және т.б.  Оқытудың интерактивті әдістері  кәсіби білім беретін 

мекемелерінде  оқыту  барысында  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыру 

көзқарасы бойынша, пәндерді оқыту кезінде ең маңыздысы интерактивті әдіс түрлері қарастырылған. 

Негізгі  сөздер:  әдіс,  интерактивті,  пікір  талас,  эвристикалық  әңгіме,  «миға  шабуыл»,  рөлдік, 

«іскерлік» ойындар, тренингтер, кейс-әдіс, жобалар әдісі, технология. 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  2006  жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы 



Еуразия  Ұлттық  университетінің  студенттері,  оқытушылары,  ғылыми  қызметкерлерге, 

университет  басшыларына  арналған  «Инновациялар  мен  оқу  білімді  жетілдіру  арқылы  білім 

экономикасы»  тақырыбындағы  дәрісінде  білім  мен  кемшіліктер  кеңінен  талданып,  білім  берумен 

қатар  ғылымды  жетілдіру  республикамыздың  бәсекелестікке  қабілетті  30  мемлекеттің  қатарына 

енудің басты шарттарының бірі деп көрсетсеткен. 

Мақсаттарға  жету  үшін  Президенттің  Жолдауында  атап  көрсетілгендей,  оқытушылар  жаңа 

әдістер  мен  технологияларды  енгізуі  тиіс.  Бүгінгі  таңда  біздің  көптеген  оқытушылар  мәселелік 

оқыту  және  жобалық  әдіс  технологияларын  оқу  үдерісінде  кеңінен  пайдаланады.  Оқытушылар 

арасында,  университеттік  конференциялар  мен  семинарларда  тәжірибе  алмасу  белсенді  түрде 

жүргізілуде [1]. 

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті 

екенін  айқындап,  Елбасымыз  нақты  жоспарларды  баяндады,  сондай-ақ,  «Мәңгілік  Қазақстан» 

жобасында  50 елдің қатарына ену басты мақсат етіп қойылған [2]. 

 «Технология»  деген термин гректің түп тамыры тех –  өнер, шеберлік, кәсіп және логос – 

ғылым,  білім  деген  сөздерінен  шыққан.  Екі    түп  тамырының  бірлігін  шеберлік  туралы  ғылым 

немесе  ілімді  беретін  сөзді  құрайды,  ол    өндірістік  үрдістерді  жүгізудің  тәсілдері  мен  құралдары 

туралы  білімдер  жиынтығы  (металдардың  технологиясы,  химиялық  технология,    құрылыс 

жұмыстарының  технологиясы  және  т.б.)  Осы  термин  өнімді    өндіру  үрдісі  барысында  жүзеге 

асырылып,  шикізатты  материалдарды  немесе  жартылай  фабрикаттарды  өңдеудің,  жасаудың, 

жағдайларының  қасиеттерін,  формаларын  қалыптырын  өзгерту  әдістерінің  жиынтығы  ретінде 

міндеті  тәжірибеде  өндіріс  үрдістерінің  ең  тиімділерін  анықтау  мен  қолдану  мақсатында 

физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдалақтарды анықтау болатын [3].  

Бүгінгі  таңда  «негізгі  құзіреттіліктер»  (key  skills)  түсінігі  алдын-ала    анықтауда,  арнаулы, 

пәндік-бағытталған,  басқалар  үшін  маңызды,  негіз  болып  табылады.  Бұдан  басқа,  адамға  кез-

келген  тәжірибелік  сала  қызметтерінде  жетістікке  жетуге  мүмкіндік  береді:  қоғамдық,  кәсіби 

сонымен  қатар  жеке  өмірде.  Қазіргі  уақытта  «негізгі  құзіреттіліктер»  түсіндірмесінде    бірыңғай  

анықтамасы мүлдем жоқ. Дегенмен, келесі маңызды белгілерін тұжырымдауға болады: 

-  негізгі  құзіреттіліктер  адамның  маңызды  жетістіктерге  жетуде  көзделген  мақсаты  үшін 

(нәтижелер)  құрал-жабдықтар  (тәсілдер,  әдістер,  қабылдаулар),    амалдар,  жан-жақты  ақыл-ой 

парасатының  әмбебап түрлерін ұсынады; 

-  негізгі құзіреттіліктер күрделі жағдайларда белгісіз нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік 

береді. 


Қазақстанда  білім  беру  саласындағы  педагогикалық  инновация  мен  оқытудың  жаңа 

технологиясы  мәселелерін  Ш.Т.Таубаева,  Н.Н.Нұрахметов,  С.Н.Лактионова,  Е.З.Батталханов, 

Қ.Қ.Қадашева,  Т.О.Балықбаев,    Ж.А.Қараев,  Г.К.Нұрғалиева,  К.Бұзаубақова,  С.Д.Мұқанова, 

Н.И.Хван,  Л.Е.Румянцева,  З.У.Имжарова,  М.М.Мұқаметқалиқызы  және  т.б.  педагог-ғалымдар 

зерттеген [4].  

Ресейлік  және  шетелдік  зерттеушілердің  көзқарастарын  (В.И.  Байденко,   Э.Ф.  Зеера,  А.И. 

Зимней,  Д.А  Иванова,  Г.И.  Ибрагимова,  А.М.  Новикова,  О.Н.  Олейниковой,  Ю.Г.  Татура,  А.В. 

Хуторского,  С.Е. Шишова,  Дж.  Равенна,  С.  Шо  и  др.)  жинақтап,  сонымен  қатар  TUNING 

европалық  жоба  мәліметтерін  қорытындылай  келе,    негізгі  құзіреттіліктер  дегеніміз  –басқа  да 


білім  облыстарының  өмірлік  іс-әрекеттерінде  және  кәсіби  оң  нәтижелерге  қол  жеткізуге  

мүмкіндік  беретін,  тұлғалық  қасиеттері,  жалпы  (әмбебап)  жасай  алуы,    базалық  білімдерінің  

жиынтығы. 

Интерактивті  («Inter»  –  бұл  өзара,  «act»  –  әрекет  жасау)  –    әлде  киммен  әңгімелесу, 

сұхбаттасу,  өзра  әрекет  жасауды  білдіреді.  Интерактивті  және  активті  әдістердің  жалпы 

ұқсастықтары  көп.  Интерактивті  әдістердің  белсенді  әдістерден  ерекшелігі,  оқыту  үрдісінде 

белсенді студенттердің бір-бірімен басым болуы, оқытушылар ғана емес білім алушылардың өзара 

әрекеттесулеріне көбірек бағытталған. 

                           

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

 

 



                                  

 

                                                                            а)  



 

 

 



                          

б) 


 

 

1-сурет.  Оқытудың  белсенді (а) және интерактивті (б) әдістері 



 

Жалпы интерактивті әдісті заманауи белсенді  әдістердің бірі ретінде қарастыруға болады. 

Интерактивті әдістерге келесі түрлерін жатқызуға болады: пікір талас, эвристикалық әңгіме, 

«миға  шабуыл»,  рөлдік,  «іскерлік»  ойындар,  тренингтер,  кейс-әдіс,  жобалар  әдісі,  көрнекілік 

мәліметтермен топтық жұмыс, бейне фильмдерді талқылау және т.б. 

Негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  көзқарасы  бойынша,  жаратылыстану-ғылыми 

пәндерді оқыту кезінде интерактивті әдістер ең маңыздысы болып табылады. 

1.  Жобалар әдісі. 

Қазіргі  заманауи  педагогикалық  технологиялар  арасында  білім  алушылар  жобалық  іс-

әрекеттері  негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыруда    білім  алу-ең  маңызды  адекватты  мақсат 

болып табылады.  Жобалар әдісі жеке дамып келе жатқан дамушы технологиялар ретінде, әсіресе 

жеке  іс-әрекеттердің  нәтижелерін  бағалау  және  жобалай  алу,  мәселелерді  табу  және  шешу,  өз 

бетінше  ойлай  білуге,  шығармашылық  бастамалары,  білім  алушылардың  танымдық  дағдыларын 

дамыту негізін  жатқызуға болады. Жобалар әдісі  білім алушылардың өз бетінше іс-әрекеттеріне, 

әсіресе  белгілі  уақыт  аралығында  жеке,  жұптық,  топтық  орындайтын  іс-әрекеттеріне  үнемі 

бағытталған.  

2.  Кейс-әдіс. 

Кейс-әдіс  (Case  study)  –  экономикалық,  әлеуметтік,  тұрмыстық  немесе  басқа  да    күрделі 

жағдайлардың  сипаттамаларында  қолданылатын  білім  берудің  техникасы.  Білім  алушылар 

кейспен  жұмыс  жасау  кезінде  болашақ  мамандықтарына  байланысты  іздеу,  әртүрлі  білім 

салаларында  қосымша    ақпараттарды  талдау  жұмыстарын  жүзеге  асырады.  Кейс  әдісті  басқа 

техникаларға қарағанда  құрамына  өзге күрделі  емес таным әдістері  кіретінін көрсетуге болады.  

Оған  кіреді:  моделдеу,  жүйелік  талдау,    күрделі  әдіс,    ой  тәжірибесі,  сипаттау  әдістері, 

классификациялары, пікір талас, ойын әдістері  және т.б. 

3.  Зерттеу әдістері. 

Зерттеу  әдісі  кезінде    білім  алушылардан  ең  жоғарғы  толық  дербестікті  талап  етеді.  

Дегенмен,    пәнді  оқытудың  алғашқы  кезінде,  оқытушының  белсенді  қатысуымен  эвристикалық 

әдістерді  топтағы  әртүрлі  дейгейдегі  білім  алушыларға  қолданатынын  ескеру  қажет. 

Эвристикалық  әдістерге  білім  алушылардың  жаңа  білімді  өз  бетінше  іздеу  мақсатында  

жүргізілетін әңгімелер, зертханалық жұмыс тапсырмалары жатады. Іс-әрекеттің бұл түрі ұжымдық 

талқылау  жоспарынан  кейінгі  білім  алушылардың  өз  бетімен  оқытушының  нұсқауынсыз 

тәжірибелік тапсырмаларды орындайтынын болжайды. 

4.  Пікір таластар. 

Оқу пікір таластары білім алушылардың тәртіп бойынша немесе өз пікірлерін, ойларын, оқу 

мәселесі бойынша жорамалдарын  өзара алмастыратынын көрсетеді. Пікір таластар субьектілердің  

өзара  әрекеттесу  формасы  ретінде    мамандандырылған  білім  мекемелерінде    оқытушылардың  

тәжірибелік қызметінде соңғы уақытта  қолданысқа көп ие. 

 

Оқытушы 



үйренуші 

үйренуші 

Оқытушы 

үйренуші 

үйренуші 

үйренуші 

үйренуші 


5.  Ойын әдістері. 

Ойын- әсіресе ересектер мен балаларға тән іс-әрекет түрі, сондықтан  білім үрдісінде  бұл іс-

әрекет  түрін  пайдалану  ертеректен  белгілі,    дегенмен  жаратылыстану  ғылымдарының  негізін 

тануда еріксіз қызығушылығын арттыруы мүмкін, әсіресе іс-әрекеттің бұл түрін қолдану  маңызды 

болып  отыр.  Ойынның    іскерлік,  еліктеушілік,  рөлдік  әртүрлі  түрлерін  пайдаланып,  білім 

үрдісінде    пәндік  ағымында    әртүрлілікті  енгізуде  оқу  мәселесін  шешуде  берілген  пәнді  оқытуда 

жағымды    мотивацияларын  қалыптастырады.  Ойын    білім  үрдісінде  білім  алушылардың  

белсенділін жігерлендіреді және тіпті  ең пассивтілерді тартады. 

6.  «Миға шабуыл» әдісі.  

Берілген  әдіс,  күрделі  мәселелерді  шешу  бойынша  ой  туындауға    бағытталған,    күрделі 

тапсырмаларға    пікір  таластар  ұйымдастыру  барысында    қойылған  тапсырмаларды  бірігіп  шешу 

үрдісіне  негізделген.  Тапсырмада    пәнаралық  сұрақ  немесе    кәсіби  маңызы  бар   тапсырма  болуы 

мүмкін.    «Миға  шабуыл»  әдісі  білім  алушылардың  жоғарғы  белсенді  санының  тартылып 

қатысуына мүмкін береді. Берілген әдісті сабақтың әртүрлі кезеңдерінде  қолдануға:  жаңа білімді 

енгізу  үшін,    білімдерін  аралық  бақылауда  сапалы  меңгеруге,  алған  білімдерін  шыңдауға 

мүмкіндік береді [5]. 

Қарастырылған интерактивті  әдістерде  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  үшін  жоғары  кәсіби 

білім,  алғашқы  сондай-ақ,  орта  кәсіби  білім  беретін    мекемелерде  әртүрлі  пәндерді  оқыту 

барысында қолданылуы мүмкін. 

Интерактивті  әдістер  қазіргі  білім  беру  үрдісінде  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Бұл 

әдістерді жан-жақты меңгерген маман, сонымен қатар әртүрлі болашақ маман иелері және қазіргі 

білім  алушылар  үшін  өте  маңызды.  Интерактивті  әдістерді  меңгеру  барысында  негізгі 

құзіреттіліктерін  шыңдап,  дамытып  қазіргі  заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті  еліміздің 

дамуына үлес қосатын маман болып шығуына мүмкіндік береді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2006  жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразия  Ұлттық  университетінде  «Инновациялар  мен  оқу  білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасы» 

тақырыбындағы дәрісі. – Астана, 2006. 

2.  «Қазақстан 2050Мәңгілік ел» стратегиясы. Астана, –  2014. 

3.  Ныязбекова К.С. «Ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері және бағыттары» – Алматы, 2012.   

4.  Двуличанская  Н.  Н.    «Интерактивные  методы  обучения  как  средство  формирования  ключевых 

компетенций».//Электронное научно-техническое издание «Наука и образование». –  2011. 

5.  Абтикалыков Н.Б. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану».               

– Қызылорда, 2012.   

 

REFERENCES 



1.  Kazakstan Respublicasy Presidenty N. Nazharbaevtin 2006 jili L. N. Gumiliev  atindagy Eurazia Ulttyk 

universitetindegi  «Innovasialar  men  oky  bilimdy  zhetildiru  arkylu  bilim  economycasi»    takyrybindagu  darysі.– 

Astana, 2006.  

2.  «Kazakstan 2050. Mangilik el» strategiasy. Astana, –  2014. 

3.  Niazbekova K. S. «Ulttyk bilim bery jyiesinin  mindettery jane bagyttary» – Almaty, 2012.   

4.  Dvylichanskai  N.  N.  «Interaktivnyie  metody  obychenia  kak  sredstbo  formirobania  clychebix 

kompetenchii». //Electronnoe naychno-texnicheskoe izdanie «Nayka i obrazobanie». –  2011. 

5.  Abdykalykov  N.B.  «Pedagogikalyk  panderdy  okityda  innovazialyk  texnologialardy  paidalany».  – 

Kyzylorda, 2012.   

 

Маженова Д.А. 



Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану ерекшеліктері 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  оқытудың  интерактивті  әдістері  негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыру 

құралы ретінде  қазіргі заманауи ерекшеліктері көрсетілген. Интерактивті оқыту технологиясы және негізгі 

құзіреттіліктерді  қалыптастыру  ерекшеліктері,  сонымен  қатар    интерактивті  оқыту  барысында 

қолданылатын  жобалар  әдісі,  кейс  әдіс,  зерттеу  әдістеріне,  пікір  таластар,  ойын  әдістері,  «миға  шабуыл» 

әдістерінің  қазіргі  заман  талабына  сай  қолдану  ерекшеліктеріне,  әсіресе  қазіргі  еліміздің  дамуына  үлес 

қосатын бәсекеге қабілетті маман даярлауда интерактивті әдіс түрлеріне  толық сипаттама берілген. 



Негізгі  сөздер:  әдіс,  интерактивті,  пікір-талас,  эвристикалық  әңгіме,  «миға  шабуыл»,  рөлдік, 

«іскерлік» ойындар, тренингтер, кейс-әдіс, жобалар әдісі, технология. 

 

 

 



Маженова Д.А. 

Особенности применения интерактивных методов обучения  

Резюме.  В  этой  статье  показано  современные  особенности  формирования  основных  компетенций  в 

интерактивном  обучении.  Дана  полная  характеристика  технологии  интерактивного  обучения  в  подготовке 

конкурентноспособных  специалистов,  вносящих  достойный  вклад  в  развитие  страны    на  основе 

современных компетенций: научные  проекты, кейс стади, методологии  исследования, дискуссии, ролевые 

игры, мозговой штурм. 

Ключевые  слова:  метод,  интерактивный,  дискуссия,  эвристические  диалоги,  «мозговой  штурм», 

ролевые, деловые игры, тренинги, кейс стади, научные проекты, технология. 

 

Mazhenova D.A. 



Features of application of interactive methods of educating 

Summary.  In  this  article  the  modern  features  of  формировиния  of  basic  competenses  are  shown  in  the 

interactive  educating.  Complete  description  of  technology  of  the  interactive  educating  is  Given  in  preparation  of 

competition capable, bringing in a deserving contribution to development of country  of specialists on the basis of 

modern  competenses:  scientific  projects,  case  study,  methodologies    of  research,  discussion,  role  plays,  cerebral 

assault. 

Key  words:  method  interactive,  discussion,  heuristic  dialogues,  "cerebral  assault",  role,  business  plays, 

training, case study, scientific projects, technology. 



 

Каталог: files -> newspapers
newspapers -> Ж е р т у ра л ы ы л ым д а р аз ту хабаршысы №4 2014 19
newspapers -> Орыс тілді балабақшада қазақ тілін электронды оқулық арқылы оқыту әдістемесі
newspapers -> ● Общественные науки
newspapers -> Өсімдік шикізаты полисахаридтерінің пидролизін зерттеу
newspapers -> Геометриялық – графикалық ПӘндерді оқытудың сапасын арттыру жолдары
newspapers -> Б. Е. Карбозова, И. Д. Ақылбекова
newspapers -> ● Общественные науки
newspapers -> ● Қоғамдық ғылымдар
newspapers -> ● Физика–математика ғылымдары

жүктеу 56.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет