Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№28 дəріс тақырыбы:  Таңбалы-контекстік оқыту жəне интегративті оқыту технологиялары



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата25.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

№28 дəріс тақырыбы:  Таңбалы-контекстік оқыту жəне интегративті оқыту технологиялары. 

1.  Таңбалы-контекстік білім беру технологиясы. 

2.  А.А.Вербицкийдің таңбалы-контекстік тұжырымдамасы. 

 

  Авторы – психология ғылымының докторы, профессор А.А.Вербицкий. Кəсіптік педагогикада белгілі-



контекстілі оқыту технологиясын даярлаған. Кəсіби білім берудің негізгі бағыттарын талдай отырып, мына 

қорытындыға келеді: қазіргі білім берудегі авторитарлық басқару, оқушы, студент тұлғасы əсер етудің 

объектісі ретінде танылатын ситуация оқу-танымдық əрекетте оқушының белсенді позициясын дамытуға 

қажетті жағдайды қамтамасыз етпейді, маманның кəсіби іс-əрекетінің теориялық моделінен шынайы, нақты, 

түрлі проблемалар мен қайшылықтарға толы модельге көшу үрдісін қиындатады.  

А.А.Вербицкий пікірінше, білім беру міндеттері: 

• 

Мұғалімнің оқытушы əрекетінен студенттің танымдық əрекетіне көшуі. Бұдан баланы оқуға үйрету 



қажеттілігі туындайды (өзін танымдық іс-əрекетте көрсете білуі, яғни оқудың субъектісіне 

айналуы);  

• 

«Оқытушы - оқушы», «оқушы - оқушы» жүйелерінде тұлғааралық өзара əрекеттесу мен қарым-



қатынастың жаңа тəсілдеріне көшу. Диалог, өзара түсіністік, ашықтық сенім жағдайлары оқушы 

тұлғасына еркіндік береді, оның танымдық белсенділігін ынталандырады, тұлғалық қасиеттер мен 

сапалардың толық анықталуына мүмкіндік береді; 

• 

Кəсіби білім, іскерлдік, дағдыларды, жалпы жəне кəсіби əлеуметтік сапаларын қаруландыруға, 



олардың шығармашылық əрекеттену тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.  

Міндеті – белгілер жүйесінде ғылым жинақтаған, «тағы да дидактикалық киім кигізілген» «болмыстың 

шындығын», кəсіби іс-əрекеттің шындығын осы шындықтың формаларына сəйкес түсіндіру.  

Вербицкий бойынша, оқыту – бүкіл дидактикалық формалар, əдіс-тəсілдер, құралдар көмегімен 

маманның болашақ кəсіби іс-əрекетінің пəндəк жəне əлеуметтік мазмұныны модельдеу, ал абстрактілі 

білім – белгілер жүйесін меңгеру болып табылады. Сол білімді меңгеру осы іс-əрекетке салынған, оны 

белгі-контекстілі, немесе контекстілі оқыту деп атайды. Ең бастысы оқу тек өз айналасында бірікпей ( 

тек білім (ақпарат) алу үшін оқу керек емес), ол маман тұлғасының қажетті пəндік-кəсіби жəне 

əлеуметтік сапаларын тəрбиелеуді қамтамасыз етеді.  

Дəстүрлі оқытудағы сияқты оқу материалы контекстілі оқытуда оқу мəтіндері түрінде (белгілер жүйесі 

ретінде)  

 

 



№29 дəріс тақырыбы:   Коммуникативтік ойындар  

1.   Коммуникативті ойындардың ерекшеліктері  

2.  Коммуникативті ойындарды ұйымдастыру  

3.  Коммуникативтік ойындардың түрлері  

Қандай  да  болмасын  қызмет  саласының  негізгі  түрі  қарым-қатынас  арқылы  іске  асырылады.  Оның 

маңыздылығы  -  адамдардың  бір-біріне  ықпал  слуі,  ақпарат  алмасуы.  Қарым-қатынас  іс-əрекеттің  бір  түрі 

іспеттес. Адамдар үшін қарым-қатынас-оның ортадағы мекені. 

Қарым-қатынас  белсенділігі  арқылы  адам  жолдастарымен,  адамдармен  қарым-қатынас  жасайды.  Қарым-

қатынас  белесенділігінің  нəтижесінде  жеке  адамның  бойындағы  адамгершілік  қасиеітері  (қамқорлық, 

қайырымдылық,  ілтипаттық,  жауапкершілік  сезімі,  т.б.)  қалыптасады.  Яғни  қарым-қатынас  барысында 

келесі қасиеттердің болуы шарт: 

1.  Адамдармен   дүрыс   қарым-қатынас   жасай   білу.   Түрақты жақсы көңіл күй. 

2.  Қоғамдық жүмыстарға белсенділік көрсете білу. 

3.  Басқа адамды түсіне білу. 

4.  Өзін басқа адамның орнына қоя білу. 

5. Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау. 

6. Жаңа адамдармен тіл табыса біду. 

7.  Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау. 

8.  Кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дүрыс шеше білу. 

9.  Басқа адамдардың кезқарастарын есепке ала білу. 

10.    Адам қүндылықтарына сипаттама беру. 

 


Осындай  қасиетгер  сіздің  мінезіңізге  сəйкес  келсе,  онда  қарым-қатынас  жасау  барысында  белгілі  бір 

нəтижені көре аласыз. 

Қарым-қатынас  мазмұны  ақпараттық,  жеке  дарайық  байла-ныстар  арқылы  басқа  субъектілермен  немесе 

өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Оның қызметін төмендегі кестеден керуге болады: 

Сондықтан да маманның комуникативтік мəденіиетіне төмендегідей мəселелерді енгізу керек: 

•   Адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қызығушылық пен 

алшақтық; 

•   Кəсіби əріптестермен қарым-қатынастағы өзіндік талпынысы; 

•   үйымдастырушылығы, өзіндік косіби беделі, өзіндік беделін көтсруге талпыііу; 

•   қарым-қатынас дегеніміз не, қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынастың қүрылымы мен қызметі, қарым-

қатынастың қажеттілігі, қарым-қатынас стилі; 

•   білім жəне ақыл-ой; 

 

№30 дəріс тақырыбы:   Оқытудың жаңа техникалық құралдары  

1.  Басқа ел мектептерінде жаңа техникалық құралдарды қолдану жағдайлары  

2.  Оқу процесіндегі жаңа техникалық құралдардың орны  

       Жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдаланудың  педагогикалық  сəйкестігін  ескеріп 

оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың жəне оқыту əдістерінің  өзгеруіне əкееледі. Сондықтан жаңа 

ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін: 

  “тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша 

қолдану); 

  негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда  қолданылатын технологияның ең маңыздысы 

ретінде қолдану); 

   монотехнология  ретінде  (барлық  оқыту,  оқытуды  басқару  үрдісі,  яғни,  диагностика,  мониторинг 

компьютерді қолдануға негізделсе). 

Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді: 

  ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту; 

  “ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау; 

  білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру; 

  зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. 

Концептуалды ұстанымдар төмендегідей: 

  оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы; 

  компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы; 

  оқытудың диалог түрінде болуы; 

  басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы; 

  оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект  

субъект, объект-субъект ; 

  жеке жəне топпен жұмыстардың үйлесуі; 

  оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу. 

Компьютер  оқу  материалын  беру  мүмкіндігін  едəуір  кеңейтеді.  Түсті,  графиканы,  мультимедияны, 

бейнетехниканың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалану  оқушыларға  ерекше  психологиялық  əсер  етеді. 

Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. 

      Компьютермен  жұмыс  жасай  отырып,  оқушы  кез-келген  тапсырманы  аяғына  дейін  орындауға 

мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер 

пайдаланылса,  оған  тапсырманың  шешімі  де  түсіндіріліп,  тиімді  жəне  тиімсіз  жүрістер  талқыланады. 

Қарастырылып отырған мəселенің тəжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, 

кез-келген  сұрақ  қойып,  кез-келген  шешім  жолын  айтып,  нашар  баға  алудан  қорықпауға  мүмкіндік 

беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады. 

      Оқушылар  белсенді  түрде  оқу  үрдісіне  тартылады.  Дəстүрлі  оқыту  жүйесінің  жетіспейтін  жағы  – 

барлық  оқушыларды  оқу  үрдісіне  белсендік  танытуын  қамтамасыз  етпеуі.  Мысалы,  жаңа  материалды 

түсіндіру  кезінде  көптеген  оқушылар  барлық  күш  жігерін  жұмсап  жұмыс  жасамайды.  Себебі 

біреулеріне  жаңа  материл  түсініксіз,  екіншісіне    бұл  мəселе  бұрыннан  таныс,  үшіншілері  бұл  кезде 

басқа нəрсе ойлап отырады, т.б. 

    Орындалатын  тапсырмалардлың  түрлері  көбейеді.  Компьютер  оқу  үрдісін  басқарудың  икемділігін 

қамтамасыз  ете  отырып,  оқушылардың  іс-əрекетін  бақылаудың  сапасын  өзгертеді.  Дəстүрлі  оқытудың 

негізгі кемшілігі – оқу іс-əрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып 

оқушылармен  жұмыс  жасау  барысында  мұғалім  оқушылардың  əрқайсысының  орындаған  барлық 

тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір 

тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын. 

      Компьютер  барлық  жауаптарды  тексеруге  мүмкіндік  береді,  ал  көпшілік  жағдайда  ол  қателерді 

көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін 

компьютер  көмегімен  басқару  дипазоны  өте  кең:  оқушының  сұрақ  қоя  алу  мүмкіндігінен  оқыту 

стратегиясын,  тапсырмалардың  қиындық  деңгейін,  көмек  мөлшерін,  кейбір  жағдайда  оқу  материалын 



түсіндіру  ретін  таңдауға  дейін.  Оқушы  тапсырманы  орындау  барысында  өзі  қажет  ететін  көмекті  дер 

кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес. 

      Компьютер оқушыда өз іс-əрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға   септігін тигізеді. Ең алдымен, 

компьютер оқушыға өз іс-əрекетінің нəтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді. 

       Компьютер мектепте білім  беру үрдісінде пайдалану бірқатар пəндердің оқытылуын жаңаша құруға 

мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге  компьютер  тек  қана  мəліметтер  қоры  болып  қала  береді.    Мұнда  да 

мұғалім қажет жəне оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің 

көмегімен    оқушы  өзінің  нақты    дайындық  деңгейі  негізінде  компьютерді  пайдалана  отырып  өзін-өзі 

дамыта алады. 

      Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық 

ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мəліметтер қоры, гипермəтін 

жəне мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді. 

       Мəліметтер  қоры  дегеніміз  –  компьютерлік  техниканы  пайдаланып    ақпаратты  енгізу,  жүйелеу, 

сақтау  жəне  беру  болып  табылады.  Мəліметтер  қоры  құрамына  əр  түрлі  статистикалық  мəтіндік  , 

графикалық  ақпарат  енеді.  Мəліметтер  қорында  ақпаратты  жүйелеу  жəне  іздеу  үш  негізгі  тəсілмен 

жүзеге асады. 

4.  Иерархиялық  мəліметтер  қорының  классификациялық  негізгі  каталогтар  мен  рубрикаторлар, 

яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері  болып табылдаы. 

5.  Реляциялық  мəліметтер  қорының  əрбір  ақпарат  бірлігіне  белгілі  бір  атрибуттар  меншіктеледі 

(автор,  түйінді  сөз,  аймақ,  ақпарат  түрі,  т.б.)  жəне  оны  іздеу  осы  көрсеткіштердің  біреуімен 

жүзеге асады. 

6.  Статистикалық  мəліметтер  қоры  екі  өлшемді  (кейде  үш  өлшемді)  матрицаның  көмегімен 

ұйымдастырылған  сандық  ақпаратты  өңдеумен  айналысады.  Статистикалық  мəліметтер  қорын 

басқаша электронды кестелер деп атайды. 

 Мəліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының  

        құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады. 

              Оқыту  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  педагогикалық  психологияның  алдына 

бірқатар  көкейтесті  мəселелер  қойады.  Біздің  ойымызша,  бұл  мəселені  екі  топқа  бөлуге  болады.  Олардың 

біріншісі,  оқытатын  функциялар  немесе  олардың  кейбіреулері  техникалық  құрылғыға  жүктелетіндігімен 

байланысты. Ең алдымен,  бұл – оқушы мен компьютердің  дара  қарым-қатынасы  мəселелері. Бұл  тек қана 

компьютер жүйелерінің  техникалық немесе бағдарламалық жабдықталуының кемшілігінен ғана емес, адам 

мен  адамның  жəне  адам  мен  компьютердің  қарым-қатынасының  айтарлықтай  ерекшелігінен  туындайды. 

Компьютер мұғалімді алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра оқушыға тек 

бағыттаушы ретінде əсер етеді, оқу материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды. 



 

7. Электрондық оқу құралдары  

 

 

 

8.  Практикалық (семинарлық) жəне лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар. 

 

Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:  

Ғылым тілін меңгеру; 

Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады; 

Интеллектуалдық проблемаларды жəне тапсырмаларды қою жəне шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер 

мен дағдыларды меңгеру. 

Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі: 

1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып əңгімелесу.; 

2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі; 

3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б. 



Семинарға дайындық жəне оның өткізілуі: 

Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады. 

Əрбір  семинарға  бөлек  əдебиеттер  тізімі  жəне  қосымша  дайындалуға  əдебиеттер  тізімі  беріледі.  Студент  сол 

əдебиеттерді  Университеттің  оқу  залдарынан(№4  корпус  №1,2  оқу  залдары),  кітапхананың  абонемент 

бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы. 

Семинардың  барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек. 

Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан 

арнайы дəптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек. 

Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сəйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы жəне сұрақ толық 

ашылуы тиіс. 

Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс. 

Семинарға  дайындалмай  келген  студенттің  баллдары  кемітіледі  жəне  сол  тақырып  бойынша  дайындалып  келіп 

жауа бару керек. 

Сұрақтарға  жауап  беруде  жəне  пікірталас  туғызатын  мəселелерге  өз  ойын  айтқысы  келген  студенттер  қолдарын 

көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс. 

Семинарға қойылатын талаптар дəріс сабақтарында да сақталады. 

Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады. 


Семинарға дайындалған кезде студент дəрісті де толық меңгеруі керек. 

 

 



 

Практикалық  сабақтарға  əдістемелік  нұсқау. 

Дөңгелек үстел.  Дəріс  семинар  сабағының  материалына негізделген  ашық əңгіме  ұйымдастыру. Əңгімен  барысында  

мəселені    шешудің    тиімді    əдісін    қарастыру.  “Дөңгелек  үстел  -  өз  ойын  еркін  айта  білу.  Жүргізуші  нақты  мəселе 

жөнінде  жоспар  жасайды.  Мақсаты:  таңдап  алынған  тақырыпты  талдауға  қатысушылардың  көңілін  аудара 

білу”.Сонымен “дөңгелек үстел” əдісін студенттерге де қолдануға болады. Ол əдіс оқушылардың өз ойын əдемі, реттеліп 

жинақталған  түрде  нақты  дəлелдермен  қалыпты  темпте  жеткізіп,  сөйлеу  барысында  белгіленген  мəдениет  пен 

шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді. 



Үлкен шеңбер əдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.  

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мəселені ұсынады. 

Екінші  кезең.  Белгілі  уақыт  ішінде  (10  минут)  əрбір  оқушы  жеке  осы  мəселені  шешудің  жолдарын 

қағаздарын жазады.  

Үшінші  кезең.  Шеңбер  бойынша  əрбір  оқушы  өз  ұсыныстарын  ұсынады,  топ  бұл  ұсынстарды  сынамай 

тыңдайды, жəне əңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады. 

“Үлкен  шеңбер”  əдісін  сұрақтың  шешімін  тез  табу  керек  болған  жағдайда  қолдануға  болады.  Осы  форманың 



көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.  

Аквариум    əдісі-  балаларға  мəселені    “қоғам  алдында”  талқылауға  ұсынғандағы  диалог  формасы.  Шағын  топ 



белгілі  бір  мəселе  бойынша  диалогты  жүргізуге  кімге  сеніп  тапсыруға  болатынын  таңдайды.  Кейде  тілек 

білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады.  Соныдықтан да мұны 

аквариум деп атайды.  

Психологиялық  консилиум:  Психологиялық  мəселе    бойынша  əдістерді    қолдануды    талқылау.  Топ  рольдерге  

бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі  мекеме өкілдері. Мəселені  жан-жақты  талдап  тиімді  қотынды  шығарулары  керек. 



Пікірталас  əдісі  жеке  тұлғаның  интеллектуалды  дамуын,  оның  əлеуметтік  белсенділігінің  артуына  ықпалын  тигізеді. 

Оның  себебі  пікірталаста  алынған  тақырыпқа  дайындық  барысында  студенттер  талқыланатын  мəселелерге  қатысты 

зерттеу  жүргізіп,  көптеген  ақпаратпен  таныса  алады.  Бұл  өз  ретінде  олардың  өзіндік  пікірлерін  қалыптастыруға,  өз 

ойларын  қарсыластарының  көзқарастарымен    салыстыра  отырып,  ойын  барысында  қорғауға  үйренеді.  Пікірталас 

жастардың  жан-жақты  білімдерін  жетілдіріп,  мəдениет  деңгейлерін  көтереді.    Басқа  адамдарға  түсіністікпен  қарап, 

олармен санасуға үйретеді, əрі шешендік өнерге баулиды. 



      “Миға  шабуыл”,  “ойға  шабуыл”  (мозговая  атака)  немесе  “миға  батыл  əрекет”  (мозговой  штурм)  əдісі 

ұжымдық  тапсырмаларды  шешуде  идеяларды  өңдеу  əдісі  болып  табылады.  Бұл  əдістің  мақсаты  –  шығармашылық 

тапсырмаларды  шешу  барысында  қалыпты  ойлау  инерциясынан  айырып,  мүмкіндігінше  айрықша  жаңа  идеяларды 

тудыру. 


      Бұл  əдістің  негізгі  принципі  мен  ережесі  –  қатысушылармен  ұсынылған  идеяларды  сынау,  қақпалау  жəне 

мысқылдауға  мүлдем  тыйым  салынады.  Əдіс  нəтежиесінің  сəттілігі  пікірталастың  жүргізушісіне  тікелей  байланысты 

болып келеді.  

     Əдіс  ұзақтығы  əдетте  15  минуттан  1  сағатқа  дейін  болуы  мүмкін.  Идеяларды  таңдау  арнайы  адамдармен,  2  кезеңде 

жүреді.  Бірінші  кезеңде  жалпы  ұсынылған  идеялар  арасынан  ең  рационалды  идеялар  таңдап  алынса,  екіншісінде 

солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады. 



Кеңес  беру.  Кеңес    беру    техникаларын  қолдана    отырып    кеңес    беріледі.  Студенттер    жұпқа    бөлінеді.  Жұптың  бір  

мүшесі «клиент» жəне екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде  болады». «Клиент»  роліндегі  студент «психолог-

консультант роліндегі» студентке өмір  тəжірибесінен  алынған  проблемасын  шешуде  көмек  алу  үшін консультантқа  

келеді. 30 минут кеңес беру  процессіне арналады. 20 минут кеңес беру  нəтиежесін  топта  талдауға  арналады.  

 “Іскерік  ойын”  əдісі.  Бұл  əдіс  өзінің  жоғары  дəрежелі  біргіп  жұмыстануда  оқушылардың  индивидуалдық 

үйлесімділігімен  ерекшеленеді.  Бұл  əдіс  негізінен  еліктеу,  сипаттау,  көрсету,  образға  кірудің  көмегі  арқылы 

студенттердің  бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады. 

     Интеративті  оқыту  жүйесіндегі  салыстырмалы  жаңадан  енген  əдіс  бұл  –  тренинг.  Осы  аталған  əдістің  жаңадан 

қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын 

жүргізуге  арнайы  қарым-қатынас  ұйымдастырылуына  қарамастан,  бізде  ол  туралы  ұзақ  уақыт  бойы  көп  нəрсе  белгісіз 

болды.  Екіншіден,  ол  психологияны  оқытудағы  студенттерді  массалық  оқыту  да  пайдаланылады.  Бірақ  кейін  шынайы 

жағдаяттардағыдай  сияқты  əрекет  жасауда  сол  əрекетің  нəтежиелілігі  үшін  жауапкершіліпен  қаралатын,  ойындық 

немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Əрекеттің жүру барысындағы əр қатысушының индивидуалдық 

жауапкершілігі – топтық əрекеттің жемісі, үлкен нəтежиелілігі, яғни үйлесімділігі. 

  мақсатты айқындау; 

  тренингтің сценарийлік жоспарын құру; 

  оқушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету; 

  өзін  дайындау  (сұрақ  қоюы,  айтылған  жауаптарға  əсерленуі,  өз  ойын  айтуы  немесе  оқушылардың  пікірін 

талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге жəне не үшін оқушыларды бағалау); 

  қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру). 



 

Əдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” əдісі 

 

№1 семинар тақырыбы: Білім жəне технологияны оқытудың ғылыми теориялық негіздері  

1.  Білім беруді модернизациялаудың талаптары  

2.  Білім мен технологияны оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны.  


3.  Білім мен технологияны оқытудың пəні, объектісі 

4.  Білім мен технологияны оқытудың принциптері 



№2 семинар тақырыбы Білім мен технологияны оқытудың отандық жəне шетелдік тəжірибесі  

1.  Білім беру процесінде курстың алатын орны 

2.  Технологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері  

3.  Технологиялық оқыту-даралап жəне деңгейлік саралап оқытудың құралы  



№3 семинар тақырыбы:   Технологияны оқытуды ұйымдастыру  

1.  Технологияны оқыту бойынша оқу жоспарын құру принциптері  

2.  Мектепішілік технологияның моделі  

3.  Технологияны оқыту модельдерін ұйымдастыру ерекшеліктері  



№4 семинар тақырыбы:  Оқу əрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде. 

3.  Топтық оқыту түрі 

4.  Топтық оқытудың ерекшеліктері  

№5 семинар тақырыбы:  Білім жəне технологиялық оқытуда портфолионы қолдану мүмкіндіктері 

1.   Білім жəне технологиялық оқытуда портфолионы қолдану принциптері 

2.  Білім жəне технологиялық оқытуда портфолионы қолдану мүмкіндіктері 

№6 семинар тақырыбы:  Голографиялық əдіс проекциясымен витагендік оқыту. 

1.  Витагендік  білім берудің теориялық негіздері. 

2.  Ынтымақтастық – витагендік педагогиканың негізі. 

 

№7 семинар тақырыбы:  Интегративті оқыту технолгогиясы. 

1.  Қазіргі интегративті-педагогикалық тұжырымдамаларға шолу. 

2.  Дифференциация жəне интеграция – ғылыми танымның дамуының екі қыры. 

3.  Қазіргі ғылымының дамуында интеграция жəне жүйелік тұрғы. 

4.  Қазіргі білім берудегі синергетикалық тұрғы жəне жүйелік талдау. 

№8 семинар тақырыбы:   Бағдарламалап оқыту. 

1.  Бағдарламалап оқытудың негізгі принциптері. 

2.  Білім сапасын арттырудың кейбір аспектілері. 

3.  Дистанциялық оқытудың автоматты оқу-ақпараттық жүйесін  ұйымдастыру. 



№9 семинар тақырыбы:   Интерактивті оқыту əдістерін қолдану. 

1.  Интерактивті оқытудың əдістерін педагогикалық пəндерде қолдану. 

2.  Интерактивті оқыту əдістерін психологиялық пəндерде қолдану. 

№10 семинар тақырыбы:   Мəселелік оқыту. 

1.  Тарихи экскурс. 

2.  Мəселелік оқытудың негізгі функциялары мен белгілері. 

3.  Мəселелік  оқыту түрлері мен деңгейлері. 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет