Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№24 дəріс тақырыбы:  Дамыта оқыту



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата25.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

№24 дəріс тақырыбы:  Дамыта оқыту. 

1.  Дамыта оқыту мдеясының тарихы 

2.  Дамыта оқытудың ерекшеліктері, негізгі функциялары мен белгілері. 

 

Дамыта  оқыту  идеясының  ұзақ  тарихы  бар.  Ерте  кезден  бастап-ақ  ойшылдар  білім  мен  ақыл-ой 

тəрбиесінің  арақатынасын,  олардың  бала  дамуына  əсерін  зерттей  бастаған.  Бізге  белгілі  алғашқы 

дидактардың  бірі  квинтилиан  мектеп  алдына  баланың  қабілеттеріне,  ақылының  қасиеттеріне,  мінез-құлық 

ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының жəне тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. 

ХVІІ  ғасырдағы  Я.А.  Коменскийдің  дидактикалық  жүйесінің  негізгі  қағидаларының  бірінде  де 

баланың  ақыл-ой  күшін,  қабілеттерін  дамыту  олардың  білімге  деген  құштарлығын  оятып,  лаулата  түседі 

делінген. 

И.Т.  Песталоцци  баланың  ақыл-ойын,  барлық  қабілет-қасиеттерін  дамыту  идеясымен  арқауланған 

бастауышта оқыту əдістемесін жасауға əрекет етеді. 

Дамыта  оқыту  ұлы  неміс  педагогы  А.  Дистервегтің  əйгілі  «Неміс  мұғалімдерінің  білім  беру  үсіне 

басшылық»  (Руководство  в  образованию  немецких  учителей)    атты  еңбегінің  де  негізі  болып  табылады. 

Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға əрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. 

«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - 

деген. 

Орыстың  ұлы  ағартушысы  К.Д.  Ушинский  де  өз  дидактикалық  еңбектерінде  бастауыш  мектеп 



жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мəселелеріне ерекше тоқталып, арнайы əдістеме жасаған. 

Осылай  бола  тұрғанымен,  «дамыта  оқыту»  деген  терминге    көзқарастар  мен  пікірлер  əртүрлі. 

Себебі,  «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер  жəне  «дамытпайтын оқыту  бола ма?» деген сұрақтар 

жиі қойылады. 

Алайда  дəстүрлі  оқыту  бала  дамуына  тек  қондырғы  болып,  дамуға  стихиялы  əсер  етсе,  «дамудың 

соңында  жүрсе»,  ал  екінші  жағдайда  «оқыту  дамуды  өзімен  бірге  ала  жүреді»  деген                                          Л.С. 

Выготскийдің  пікірінен  көп  нəрсе  аңғаруға  болады.  Алғашқыда,  оқытудың  тиімділігі  алынған  білімнің 

тиімділігі қабілеттің деңгейімен, əрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді. 

«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология  ғылымының  қойнауында  туып,  баланың  дамуын 

қарастырған  (Ж.  Пиаже),  ойлаудың  əртүрлі  деңгейін,  типтерін  (Л.В.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  С.Л. 

Рубинштейн)  жəне  басқа  да  психикалық  функциясын  зерттеген  (Б.Г.  Ананьев,  Г.С.  Костюк,  А.А. 

Люблинская,  Н.А.  Менчинская)  жəне  т.б.  іс-əрекет  теориясының  психологиясын  жасаған  (А.Н.  Леонтьев, 

П.Я.  Гальперин)  еңбектерінде  жан-жақты  талданды.  Нəтижеде  дамыта  оқыту  проблемасына  арналған  екі 

ілгері эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды. 

Зерттеулердің мақсаты Л.С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың 

арақатынасы  жайлы  болжамының  дұрыстығын  тексеру,  нақтылау.  Өткізілген  зерттеу  жұмыстары 

бастауышта  математикалық  білім  ісіне  үлкен  өзгерістер  енгізді.  Мысалы,  1969  жылы  арифметика  курсы 

математикаға  ауыстырылды.  Бірақ  бұл  курста  да  негізгі  –  назар  баланың  ауызша  жəне  жазбаша    есептеу 

дағдыларын  қалыптастыру,  жай  типтік  есептер  шығаруында  болып  қалды.  Оқыту  əдістері,  сабақ 

ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан дамыта оқыту идеясы жүзеге 

аспады. 


Одан  кейін  20  жыл  көлемінде  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика  ғылымдарының  келелі 

мəселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары  «дамыта  оқыту  деп  –  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  əдіс-тəсілдері 

баланың  даму  заңдылықтарына  сəйкестендірілген  оқытуды»  атайды.  Оқыту  арқылы  баланың  психикасына 

жаңа  құрылымдар  пайда  болуы,  яғни  жаңа  сапалық  өзгерістер  болуы  тиіс  деп  есептейді.  Жүйенің  басты 

мақсаттарының  бірі  –  баланы  оқыта  отырып  жалпы  дамыту,  оның  еркіндігін  қалыптастыру,  өз  бетінше 

ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  жекелік  қасиеттерін  ескеру,  басшылыққа  алу,  əрі  қарай 

ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.  

Мақсаты  балаларға  дайын  пəндік  білім,  біліктердің  белгілі-бір  жиынтығын  берумен  шектелетін, 

нəтижесінде  догмалық  ойлауы  басым,  дайын  нұсқаулар  мен  бұйрықтарды  орындай  білетін  адамдарды 

тəрбиелейтін  қазіргі  мектептерде  орын  алып  отырған  оқыту  жүйесі  мұндай  адамдарды  дайындауға  негіз 

бола алмайтындығын өмір көрсетті. 

Сондықтан  да  жаңа  сапаға  ие,  шығармашыл,  қабілетті  адамдар  тəрбиелеу  үшін  дамыта  оқыту 

жүйесін  ең  негізгі  басшылыққа  алар  нысана  деп  білеміз.  Оқыта  отырып  дамыту  мəселесіне  арналған 

зерттеулер  дəстүрлі  оқытуға  өзгерістер  енгізуге  ықпал  тигізді.  Оқыту  барысында  баланың  ақыл-ойын, 

қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы əртүрлі əрекеттің субьектісі болып қалыптасуын 

қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. 

Дамыта оқыту  идеясын алғашқылардың  бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик  Л.В. 

Занковтың  басшылығымен  жасалған  бастауышта  оқытудың  жаңа  жүйесін  мұғалімдер  қауымы  үлкен 

ықыласпен  қабылдағанымен,  белгілі  себептерге  байланысты  өрістен  кете  алмады.  Тек  1990  жылдары  ғана 

Ресей  мектептерінде  қайтадан  қолданыла  бастады.  Қазір  бұл  жүйе  дəстүрлі  оқытумен  қатар  қолданылып 

келеді. 

Л.С.Выготскийдің  теориясы  Д.Б.  Эльконин  басқарған  шығармашылық  топ  жұмысында  əрі  қарай 

жалғастырылады.  Баланың  өзін-өзі  өзгетуші  субъект  ретінде  дамуына  арналған  тұжырымдама  жасалып, 

зерттеулер  жүргізілді.  Екі  авторлар  тобы  да  өз  жүйелері  бойынша  оқу  бағдарламаларын,  оқулықтарын,, 

əдістемелік  құралдар  дайындап  шығарды.  Осылайша,  дамыта  оқыту  ғылыми  теориядан  практикалық  іс-

тəжірибеге батыл ене бастады.  

Дамыта  оқыту  –  дəстүрлі  оқытуға  соңғы  уақыттарға  дейін  балама  жүйе  деп  қарастырылды.    Оның 

нəтижесінде  əр  оқушы  өзін-өзі  өзгертуші  субъект  дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,    соған  оқыту  барысында 

лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.  

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды 

екен.  Ол  оның  «Мен»  деген  категориясының  көрінуінен  байқалады  (өзім  ішемін,  өзім  киемін  жəне  т.б. 

түрінде).  Мектепке  дейінгі  балалық  шақтың    соңына  қарай  ол  əртүрлі  əрекетті  өзі  орындауға  деген 

талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі ролдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін 

еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін əрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.  

Ал,  мектеп  табалдырығын  жаңа  аттаған  бала  оқу  бағдарламаларының  талаптарын  орындау, 

мектептің ішкі тəртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. 

Енді  оның  субъектілік  белгілерінің  даму  мүмкіндігі  азая  түседі.  Өйткені,  дəстүрлі  мектептің  мақсаттарын 

шешу  мұғалімнің  айтқандарын  дұрыс  тыңдап,  тура  сол  түрде  қайта  айтып  беру,  тапсырманы  қатесіз 

орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді. 

Дамыта  оқытудың  Д.Б.  Эльконин  –  В.В.  Давыдов  жасаған  жүйесінің  көздеген  мақсаттарына  жету 

тек  баланың  өзінің  белсенділігіне  байланысты.  Осыған  орай,  бұл  жүйенің  əдіс-тəсілдері  де  оқушының  оқу 

белсенділігін  ұйымдастыру,  қолдап,  көмектесіп  отыруды  көздейді.  Бұл  жүйемен  дəстүрлі  оқытуды 



салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дəстүрлі сабақтардың əдістерінің мəні төмендегідей 3 

құрамдас бөліктермен анықталады: 

1.  Үлгіні көрсету. 

2.  Түсіндіру. 

3.  Бағалау, бақылау. 

Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге 

арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, 

бағалау ұйымдастырылады. Əрине, жұмыс əртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып 

бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту жəне т.б. 

Дəстүрлі  оқытуда  оқу  процессіне  қатысушылардың  «басқарушылар  мен  оындаушылар»  түріндегі 

ролдері  белгіленген.  Басқарушылардың  қарым-қатынасы  қарапайым  басқару  түрінен  қатал  əкімшілікке 

дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мəні – оқушыларды белгіленген нысанаға 

қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп  отырулары керек. Мəселенің бұлай шешілуі дамыта 

оқыту  жүйесінің  мақсаттарына  мүлдем  қайшы  келеді.  Дамыта  оқытудың  Л.В.  Занков  жасаған  жүйесінің 

ерекшеліктеріне  ерекше  тоқталып  өтелік.  Бұл  жүйе  дəстүрлі  оқытудан  төмендегі  ерекшеліктерімен, 

өзгешеліктерімен айқындалады: 

оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;  



мақсаттағы айырмашылықтар; 

дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер; 



əдіс-тəсілдердегі ерекшеліктер; 

оқытуды өзгеше ұйымдастыру; 



мұғалім еңбегінің нəтижелілігін анықтаудың жаңа көреткіштері; 

мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынаста. 



Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. 

Бұл  принципті  балалардың  теорияны  жаттауы,  терминдерді  есте  сақтауы  деп  түсінбеген  жөн.  Керісінше, 

оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, 

қорытынды жасауға дағдыландыру.  

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей 

етіп  беріледі.  Оқушы  да  ондай  сұраққа  өз  ойын,  пікірін  білдіре  жауап  беруге  дағдыланады.  Мысалы, 

«Əңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың? Немесе 4 жəне 5 сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға 

болады?»  түріндегі  сұрақтар.Көрнекілік  жəне  т.б.  əдістер  де  осылайша  жаңа  мақсаттарға  сəйкес  өзгертіле, 

күрделендіріле пайдаланылады. 

Дамыта  оқыту  сабақтарында  жаңа  материалды  талдауға  зор  көңіл  бөлінеді.  Өйткені  талданбаған 

шығарма  бала  жүрегіне  жетпейді  деп  есептелінеді.  Ізденіс  барысында  мұғалім  əр  баланың  көңіл-күйін 

байқауға,  ой-пікірін  байқауға  мүмкіндік  алады.  Интеллект  деңгейін  анықтай  алады.  Əсіресе,  оқу 

сабақтарындағы  материалды  талдау  арқылы  шығарманың  айтар  ойы,  идеясы  бала  жүрегіне  жетіп,  талдау 

арқылы  ар,  ұят,  қайырымдылық,  əдептілік  т.б.  сияқты  тамаша  адамгершілік  қасиеттер  балалар  бойына 

жұғысты болады. 

№26 дəріс тақырыбы:   Модульдік оқыту технологиясы  

1. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері   

2. Модульді құру ережелері  

3. Модульдік оқыту технологиясының мазмұны  



      Модульдік оқыту технологиясыОқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді 

көздейтін  педагогикалық  үрдіс  түзу,  мұғалімге  нəтижені  талдап,  түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау 

жəне  құру.  Оқушылармен  жүргізілетін  қиындықтың  алдын  алу  жəне  түзету  жұмысының  жүйесін  жасау. 

Жалпы  педагогикалық  біліктіліктің  технологиялық  сенімді  даму  динамикасын  жасау.  Жобалаңған 

технологияны  іске  асыратын  жаңа  тəсіл  қалыптастыру.  Бұл  мұғалімнің  бүкіл  оқу  жылында  пайдаланатын 

əдістерді  жоспарлануына  көмектеседі.  Технология  жобасындағы  негізгі  объект  –  оқу  тақырыптары, 

дидактикалық модуль. 

1.3. Модульдік оқыту технологиясы жəне ерекшеліктері 

       


Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы 

білімді  жеке-жеке  тараулар  бойынша  емес,  біртұтас  тақырып  түрінде  жүйеленген  білім  алады. 

Оқушыларды  өзін-өзі  дамытуға,  бірін-бірі  оқытуға,  кітаппен  жұмыс  жасауға,  қосымша  əдебиеттен 

білім алуға дағдыландырады. 

 

Модуль  деп  дидактикалық  жетістіктерге  жету  үшін  алдында  мақсаты,  өзіндік  іс-əрекетінің 

бағдарламасы,  жетекшілік  əдістемелігі  бар  аяқталған  ақпарат  блогін  атайды.  Модульдік  оқытудың 

мақсаты:  оқушының  өздігінше  жұмыс  істей  алуын  дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген 

əдістері  арқылы  жұмыс  жасауға  үйрету  болып  табылады.  Бұл  технологияда  мұғалім  кеңесші 

хабарлаушы  рөлін  атқарады  да,  шəкірттің  іске  белсене  араласуына  жағдай  жасайды.  Оқушы  өзіне 

оқу  əдісін  таңдап  ала  алады.  Модульдік  оқыту  технологиясының  мынадай  қағидалары  бар: 

модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-əрекет əдістері, жан-жақты əдістемелік нұсқаулар 

беру.  Яғни,  бұл  технология  бойынша  тақырыптың  мазмұны  арқылы  оқытуды  ұйымдастырудың 

формасы  мен  əдістері  белгіленеді.  Сонымен  қатар  жүйелілігінде  əлеуметтік  сұранысқа  қарай 

мазмұнына  өзгерістер  енгізе  алады.  Мəселен,  Н.  Нечаев  оқыту  іс-əрекетіндегі  мəселеледі  шешуді 

қарастыру  барысында  нəтижесін  көру  жұмыстың  іс-əрекет  əдістеріне  байланысты  екеніне  тоқтала 

келіп, модульдік оқытудың мақсаты тəжірибелік, дамытушылық жəне ойлауды қалыптастыратын іс-

əрекет  əдістері  деп  түйіндейді.  Тəжірибелі  педагогтер  Ш.  Амонашвили,  Л.  Рубенштейн 

тəжірибелерінен  əр  оқушының  қабылдауы  əр  түлі  болатыны  белгілі.  Ендеше  бұл  технология  жеке 

тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі əдістерді қолдануды көздейді. 

[10;18-21

 

 

Мұнда  оқушы    өтіліп  отырған  курстың  модульдік  бағдарламасымен  тиянақты  танысып 

шығып,  өзіне  маңыздылығын,  алдыңғы  уақытта  күтілетін  нəтижесін  түсіне  білуі  қажет.  Модульдік 

оқытудың  бағдарламасында  күтілген  нəтижеге  байланысты  жақын,  орта,  алшақ  уақыттарда 

қолының жету жолдары көрсетіледі. 

 

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды: 



ақпарат материалының мақсаттылығы; 



жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы; 



модуль элементтерінің жеке даралығы; 



ақпараттық жəне əдістемелік материалын оңтайлы берілуі. 

Мұғалім  бағдарлама  жасағанда  егер  оқу  материалы  топтық  жұмысты  қажет  етсе,  топта 

оқытудың формасы мен əдісін көрсетеді. Тəжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық жəне 

тəжірибелік  тапсырмалар,  оқушылардың  білімін  тереңдету  үшін  қосымша  əдебиеттер  береді. 

Мерзімдік  бақылаулар  арқылы  оқушылардың  игере  алмаған тақырыптары  айқындалып,  қайталау 

жұмыстары  жүргізіледі.  Модульде  əр  элемент  бөлек-бөлек  параққа  жасалады  да,    ақпарат  өзгерген 

жағдайда өзгертіліп отырылады. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  əдістерін  көптеген  ғалым-педагогтер  зерттеп  келеді.  Л. 

Йоваиша модульдік оқытудың мынадай əдістерін қарастырған:  

1. 

Ақпараттық  оқыту  əдісі  (əңгімелесу,  топтық  оқыту,  демонстрациялау,  ақыл-

кеңес, дəріс, емтихан). 

2. 

Операциялық оқыту əдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын). 

3. 

Ізденпаздық  оқыту  əдісі  (мəселені  талдау,  тыңда  да  ойлан,  шығармашылық 

диолог, іс-əрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет). 

4.

 

Өздігінше оқу əдісі (тыңдау, оқу). 

[8;95-101] 

Ақпараттық  оқыту  əдісін  мұғалім  оқушыларға  жаңа  тақырыпты  түсіндіргенде  қолданады. 

Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, 

міндетті  түрде  эксперттің  пікірімен  толықтырылады.  Сабаққа  оқушылар  сұрақ  қою  арқылы 

қатысып отырады. 

Операциялық  оқыту  əдісі  оқушылардың  дағдысы  мен  іс-əрекетін  дамытуға  арналады. 

Мысалы,  «видеоконфрантация»  əдісі  өзіне  басқа  адамның  көзімен  қарауға  үйретеді.  Мұнда 

оқушылардың  əрекеттері  сырттай  камераға  түсіріліп,  өздеріне  қайталап  көрсетіледі  жəне  өзінің 

талдауына жағдай жасайды. Мұғалім əр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады. 

Ізденпаздық  оқу  əдісі  оқушылардың  белсенділігін, қабілетін  дамытады.  «Іскер  себет»  əдісіне 

оқушылар  себеттен  жеке-жеке  тапсырма  алып,  жеке  орындайды.  Тапсырма  орындалып  болған  соң 

оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.  

Модульдік  оқыту  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндіктер  жасайды. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыларды  өздігінше  тапсырманы  орындап,  мəселені  шеше 

алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға 

септігін тигізеді. 

      Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту,  тəрбиелеудегі  ең  озық,  тиімді  ізденістерін,  тəжірибелерін 

жалғастырып,  тағы  да  тың  жолдар  іздеу,  классикалық  педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңа  заман  талабына 

сай дамыта отырып еңбектері жалғаса бермек. 

      Модульдік оқыту технологиясының мазмұны. 

1.  Модульдік оқыту технологиясының құрылымы. 

2.  Оқу модулінің кіріспе бөлімі. 

3.  Оқу модулінің диалогтік бөлімі. 

4.  Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі этаптары. 

5.  Диалогтік бөлімді құру принциптері. 

6.  Танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дəрежесін есепке алу. 

7.  Шығармашылық жəне технология. 

8.  Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері. 

9.  Психологиялық атмосфера жəне оның диалогтік бөлімдегі рөлі. 



10.   Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру. 

11.   Ойын арқылы оқыту жəне ойындар. 

12.   Дискуссиялық формалар. 

13.   Ойын арқылы оқыту технологиясы. 

14.   Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нəтижелерін бағалаудың мəні мен мағынасы. 

15.   Оқушылардың іс-əрекетін бағалаудың оқу модульіндегі нұсқаулары. 

16.   Оқу еңбегінің нəтижелерін бағалау. 

17.   Оқу модулінің қорытындысы жəне бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық 

негізінде “қалпына келтіре қайталай” оқыту циклының иедясы жатыр. 

Оның мазмұны: 

1.  Оқыту мақсатын жалпы анықтау. 

2.  Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу. 

3.  Оқушылардың білімділік дəрежесін алдын-ала бағалау. 

4.  Оқыту  процедураларының  жиынтығы  (бұл  кезеңде  “кері  байланыс”  негізінде  оқыту  коррекциясы 

орын алады). 

5.  Нəтижені бағалау. 

      Осындай  құрылымына  қарай  оқу  процесі  “модульдік”  сипатқа  ие  болады.  “Модуль”  –  қандай  да  бір 

жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі – ортақ құрылымы, бірақ əр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  баланы  оқытып  қана  қоймай,  оның  танымдық  іс-əрекетін  ұйымдастыруға, 

оқу  процесін  “диалогтік”  қарым-қатынас  негізінде  құруға  тырысу  қажет.  Модульдік  оқыту 

технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік жəне қорытынды. Əр оқу модулі 

əр  түрлі  сағат  сандарынан  тұрады,  əрине  бұл  оқу  бағдарламасы  бойынша  тарауға  бөлінген  сағат  санына 

байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. 

[9]


 

      Оқу модулінің бірінші ерекшелігі – жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды 

бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 

9  сағат  жоспарланса,  1  сағаты  –  кіріспе  бөліміне,  2  сағаты  –  қорытындыға,  қалған  6  сағаты  –  диалогтік 

бөлімге  берілуі  керек.  Егер  оқу  модулі  12  сағаттан  тұрса  1  жəне    3    бөлімдегі    сағат    сандары    өзгеріссіз  

қалады    да,    “диалогтік”  бөлімге  9  сағат  беріледі.Бұл  оқу  материалын  барлық  оқушылардың  3  деңгейді 

күрделілікте  өз  деңгейіне  сай  оқып  меңгеру  қажеттілігіне  байланысты.  Яғни  оқу  модулінің  мазмұны 

бойынша  оқушылар  қарапайым  білім,  білік,  дағдылы  меңгеруден  бастап  “білімді  көшіру”  немесе 

пайдалануға”  дейнігі  машықтарын  көрсете  білу  керек.  Бірнеше  рет  қайталау  –  қарапайымнан  күрделілге 

қарай,  репродуктивті  тапсырмалардан  шығармашылық  ізденіске  дейін  итермелейді.  Бұл  əр  оқушыға  оқу 

материалын “түсіну”, деңгейінен білімді көшіру” деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік берді. 

      Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады: 

1.  Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру. 

2.  Класта берілген блокты немесе  тарауды оқыту модулімен таныстыру. 

3.  Оқу  материалын  мұғалімнің  қысқаша  (схема,  график,  кестелер  т.б.  түрінде)  баяндауға  немесе 

зерттеу тұрғысында беруі). 

4.  Оқушылардың  танымдық  іс-əрекетін  “диалогтік”  негізінде  əрбір  оқушының  іс-əрекетінің 

нəтижесін əр сабақ сайын бағалай отырып ұйымдастыру. 

5.  Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай оқыту. 

6.  Тарау, блок бойынша тест алу. 

7.  Тарау  бойынша  “релейный”  зачет  алу  (немесе  диктант,  бақылау,  т.б.).  Бұл  3  деңгейлі  жүйеден 

тұратын карточкалармен білім тексеру.[25;28-29] 

 

№27 дəріс тақырыбы:  Оқытудың белсенді əдістері. 

1.   Бағдарламалап оқыту 

2.  Оқу пікірталасы. 

3.  Case-study. 

  Бағдарламаланған оқыту 1950 жылы АҚШ қаласында пайда болды.Бұл оқыту технологиясы Б.Ф.Скиннер 

есімімен байланысты. Бағдарламаланған оқыту- оқытудың мақсат пен міндеттерін, оқытудың қызметін 

анықтайды. Бағдарламаланған оқытудың психологиялық негізі- бихевиоризм болып табылады. 

Бағдарламаланған оқытудың бихевиористік нұсқасы АҚШ қаласында маңызды сынның обьектісі болды. 

Əсіресе, Б.Ф.Скиннер ұсынған бағдарламаланған оқытудың принциптері қатты сынға алынды. Скиннер 

педагогикалық қауымды оқытудың тиімділігін осы процесті басқару есебінен көтеруге шақырды. 

Бағдарламаланған оқытудың негізінде бірізділіктің, ұғынымдылығы, жүйелілігі, дербестігінің ортақ жəне 

жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту 

бағдарламасын орындау барысында жүзеге асырылады, мұндай бағдарлама міндеттердің ретке келтірілген 

бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. 

Бұл оқытуда белгілі бір мөлшерде оқушылардың бағдарламаны игеру сипатын  ескеру ретінде жеке 

ыңғайдан келу жүзеге асырылады. 1960 жылдың басында бағдарламаланған оқытудың скиннерлік 

нұсқалары қолданыла бастады. Бағдарламаланған оқулықтар мен оқу құралдары шыға бастады.Мұнда 

тексттер бірнеше сұрақтардан тұрды жəне оларға əртүрлі альтернативті жауап нұсқалары беріліп отырды. 



Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті 

оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың 

бұл нұсқасы қатысушылардың ой қызметінің белсенділігіне бағытталмағандықтан, олар белсенді əдіске 

жатпайды.  Бағдарламаланудың үш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, тармақталған жəне аралас. 

Бағдарламалаудың сызбалы-хронологиялық бірінші формасының негізінде Б.Ф.Скиннер бойынша, үйрету-

стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының 

бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны əрі қарай орындауға сигнал рөлін 

атқарады. 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет