Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№17 дəріс тақырыбы:   Тірек сигналдары



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата25.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№17 дəріс тақырыбы:   Тірек сигналдары  

1.  Тірек сигналары, Шаталовтың қосқан үлестері 

2.  Тірек сигналдарын қолдану ерекшеліктері  

3.  Тірек сигналдарын қолдану принциптері  

Нəтижелі оқыту моделін жасауда белсенді оқыту əдістерін қолдана отырып, оған қоса интерактивке 

аса  зор  мəн  берілді.  “Интерактивті”  дегеніміз  -  өзара  əрекеттесу  қабілет,  яғни  бір  нəрсемен  (мысалы, 

компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта, əңгіме режимінде болу. “Интерактивті” əдістер  жəне 

“интерактивті оқыту”  терминдерінің ортақ түбірі – интер ағылшын тілінің  “inter” аралық;  “act” əрекет ету 

деген сөздерінен енген. “Интерактивті əдістер” тіркесін оқушылардың өзара əрекет етуіне жағдай жасайтын 

əдістер,  ал  “интерактивті  оқытуды”  өзара  əрекеттесуге  негізделіп  құрылған  оқыту  деп  түсінуге  болады. 

Сонымен интерактивті оқыту деген не ? 

o  Оқыту мен үйрету арасындағы айырмашылық. 

o  Іскерлікке үйрету тренингтері. 

o  Lnteracive Learning - стихиялық немесе арнайы ұйымдастырлған үйрету, 

o  өзара байланысқа негізделген үйрету, өзара байланысқа негізделген оқыту. 

o  Оқыту-арнайы ұйымдастырылған үрдіс. 

o  Тəжірбиемен өзара байланыс. 

o  Оқушылардың білім ортасымен тікелей байланысы 

o  Оқыту шындыққа негізделген, оқушылар меңгерілетін тəжірбие саласын табады. 

o  Оқушылардың тəжірбиесі негізгі қызмет атқарады. 

o  Дəстүрлі оқытуда мұғалім фильтр ақпаратты өзі арқылы өткізеді. 

o  Мұғалім белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, мұғалім міндеті-оқушы белсенділігіне 

жағдай жасау. 

o  Мұғалім дайын білім бермейді. Оқушыны өз бетінше ізденуге итермелейді. 

o  Бұрынғы тəжірбиені өзгеру, құрылым жасау, белгілі логикамен құру, бұрынғы тəжірбиемен жұмыс 

жасау-интерактивті оқытуға тəн белгі. 

o  Оқушыларды  түрлі  тəсілмен  белсенді  қылуға  болады,  бірақ  оқушылар  жай  ғана  көрермен  немесе 

тыңдаушы болып қала беруі мүмкін. 

o  Физикалық белсенділік: жұмыс орнын ауыстыру, сөйлеу, жазу, тыңдау, сурет салу, т.б. 

o  Əлеуметтік белсенділік: сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір алысу, т.б. 

o  Танымдық белсенділік: мұғалім сөзін толықтыру, проблеманың шешімін табу. 

     Белсенділіктің 3 түрі бірімен бірі байланыста болуы шарт. 

o  Мұғалім  лектор-эксперт  позициясында  болса  жаңа  материалды  түсіндіреді,  сұрақтарға  жауап 

береді,т.б. 

o  Мұғалім  ұйымдастырушы  позициясында  болса,  оқушының  əлеуметтік  жəне  физикалық  ортамен 

байланысын қамтамасыз етеді (топтарға бөлу, мини-презентанциялар жасау,т.б.) 

o  Мұғалім кеңесші позициясында болса, оқушы тəжірбиесіне сүйенеді, оқушының өз бетінше мəлімет 

жинауына, қойылған міндеттердің шешімін іздеуге, өз бетінше міндеттер қоюға итермелейді. 

o  Оқушының  ойы-мұғалім  біз  білмеген  нəрсені  біледі.  Мұғалім  барлық  сүрақтардың  жауабын  білу 

міндетті ме? Мұғалімнің тəжірбиесі оқушының əлі айқын емес жолынан тайдырмай ма? 

o  Фасилитация-көмек. 

o  Мұғалім  белгілі  бір  уақытқа  білім  əкелуші  ролінен  шығады,  бұл  ролге  оқушының  өзін  қояды. 

Эсперт ролінен шығып, көмекші ролін атқарады.  

o  Оқушыға білім беру емес, оқушыны білім ала білуге үйрету, бағыт көрсету, əдіс-тəсілдерін үйрету, 

мұғалім  бүкіл  сұрақтың  жауаптарын  білуі  міндетті  емес,  бірақ  оларды  талқылай  білуі,  жауапты 

қалай іздеу керек екенін білуі керек. 

            Мұғалім кез-келген мəселені талқылауға дайын болуы керек. 

 

 

№18 дəріс тақырыбы:   Жекелей оқыту  

1.  Жекелей оқыту ерекшеліктері  



2.  Жекелей оқытудың негізгі принциптері  

 

Жекелей  оқыту.  Топ  төрт  адамнан  тұратын  топшаларға  бөлінеді.  Əрбір  топша  аудиторияда 

өздерінің тиесілі орнын табады. 

1 кезең.  Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни студенттер оқулықтың 3-

4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға жəне 

өткізуге 15 – 20  минут уақыт беріледі. 

2  кезең.  Жұппен  жұмыс.  Əрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты  белгімен  бейнелейміз.  Төрт  адам  – 

алфавиттің  төрт əрпімен А, Б, В, Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде əрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. 

Мыс;  А – Г, В – Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі  жұптардың 

ортақ шешімге келуіне əкелу. Уақыты – 10 минут. 

3  кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі  жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны 

өзгермейді.  Бұрынғы  жұптардың  өкілдері  жаңа  əріптестеріне  мəселені  өзіндік  шешудің  жолдарын  жəне  

жаңарту  мүмкіндіктерін  іздестіреді.  Уақыты  –  10  минут.  Осылайша  топтың  əрбір  мүшесі  басқаның  пікірін 

тыңдауға  мүмкіндік  алады,  мəселені  қалай  түсінгендігін  білдіреді,  мəселенің  табылған  шешімін  қорғай 

білуге үйренеді. 

4 кезең. Топтық шешімді қабылдау. Əрбір төртік жиналады. Топ мүшелерінің  мəселені əдістерінен 

хабары  болса  да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ  жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, 

сонымен  қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары 

мүмкін)  назар  аударылады.  Ізденуге  10  минут  уақыт  беріледі.  Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни  ақпаратты 

белсенді  меңгеруге  бағытталған  біріккен  іс  –  əрекет  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Əсіресе 

бұл  өзгелерден  қысылатын  студенттерге  көмектесіп,  студенттердің  өзін-өзі  бағалауына  жағымды  əсер 

етеді.Бірақ, барлық əдістер сияқты бұл əдістің өзіндік кемшіліктері бар. Мəселен, студенттер шағын топтың 

пікірімен  ғана  санасып,  тұйықталып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  өзара  əрекеттесудің  жаңа  формасы 

«Мозайкаға» көшуге болады. Бұл əдістің мəні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді 

ортағашығаруынан  тұрады.  Бұл  əдістің  мазмұны  (мəселесі,  тақырыбы,т.б)  алдыңғы  əдістермен  бірдей. 

Алайда , бұл  əдістің ерекшелігі мəселенің топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады. 

1 кезең. Шеңбер ішінде мəселені шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мəселе 4 адамнан тұратын 

кіші  топтардың  ішінде  шешіледі.  Əрбір  қатысушы  талқылаудың  (15  –  20  мин.)  соңында  сол  топтың  ортақ 

шешімінің жоспарын білуі керек. 

2  кезең.  Адамдар  арасында  мəселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да  кезеңнің  аты  кейінгі    əрекеттерді 

көрсетеді.  Алдыңғы  топтар  уақытша  таралып,  жаңадан(əріптік  бірлік)қағидасы    бойынша  құрылған 

топтар(А-А-А-А)келеді. Əрбір жаңа  топтың   қатысушылары өзінің мəселені шешу  жолдарын ұсынып, өзге 

топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ жəне тиімді шешім таңдалады. 

3  кезең.  Жаңа  шешімді  іздестіру.  Алғашқы    топтар  қайта  құрылып  бірігеді.  Бұл  біріккен  ізденісте 

бір  оқшауланған  топтың  жұмысымен  салыстырғанда  объективті  шешім  анықталады.  Уақыты  15-20  минут. 

Бұл өзара əрекетте əрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. Сабақты 

интерактивті түрде  өткізген кезде  студенттер тек қана  бақылаушы болып  қатыспай, қиын мəселерді де өз 

бетінше шеше алатын болады.  

 

№19  дəріс тақырыбы:   Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы  

1.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.  

2.  Технологиясының мақсаты, функциялары. 

3.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиясы.                                                       

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында 

ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға 

асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетінсіз алуға 

үйретеді.  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой  толғаныс 

кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мəнді, маңызды əрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде 

үйренуші  не  үйренгенін  саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда,  қалай  қолдану  керектігін  ой  елегінен 

өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. 

Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу- 

ағартудың,  оның  ішінде  білімді  адамның  беделі  өсіп  келеді.  Педагогикалық  технологиялар  оқыту 

мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты  жолдарын  көрсетеді.  Кез  келген  оқыту  технологиясы  іс-əрекеттің  

қарқындылығы  мен  белсенділігін  арттырады.  Кейбір  технологияларда  бұл  құралдар  бастыидеялар 

жəне нəтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Соның бірі – 

сын тұлғысынан ойлау тенологиясы.              

     Оқушы санасына сəуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде 

меңгеруіне  жəне  жеке    қабілет  деңгейлерін  дамытуда  осы аталған  бағдарламаның  маңызыы  ерекше 

екендігін  сабақтарда  қолданыс  тапқаннан  байқауға  болады.  Сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясының  психо-педагогикалық  негізі  ретінде  Л.С.Выготскийдің,  Ж.  Пиаже  жəне  Д.Дьюи 

иееялары алынған. Бұл технологияның авторы Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл. 


       Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - өте күрделі 

ойлау процесі , бұл процес мəліметтің қабылдауынан басталады жəне шешім қабылдаумен аяқталады.   

     Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  –  педагогикалық  технологияның  бірі.    Бұл  технология 

оқушылардың мəтінмен жұмыс жасауын жəне барлық ауызша жəне жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады.  

     Технологияның мақсаты – оқушылардың сын тұрғыссынан ойлау қабілетін дамыту, оқу процесіне енгізу, 

қызығушылығын  ояту.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  адамдар  арасында  сыйластыққа  жəне  қарым-

қатынасқа  тəрбиелейді.  Əлемге  деген  əртүрлі  көзкөзқарастарын  түсінуге  көмектеседі.  Кез  келген  мазмұнға 

сыни  көзқараспен  қарап,  екі  ұйғарым  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда 

үйрету.  Біздің  еліміздегі  Дж.  Соростың  “Сорос  Қазақстан”  ашық  қоғам  институты  қоры  арқылы  бұл 

технология орыс жəне қазақ  тілдерінде мектеп тəжірибесіне ене бастады.  

      “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасы бойынша ол:  

  Шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сыни көзбен қарау; 

  Күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау; 

  үйрету  мен  үйрену  бірлігінен,  үйренудің  қызығушылынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне  негізделген 

құрылым. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен əдістері бар. Келесі оқыту жағдайлары 

сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуға  ықпал  етеді:  сын  тұрғысынан  ойлау  тəжірибесінде  мүмкіндік  пен 

уақыттың  қажеттілігі,  оқушылардың  ойлануына  рұқсат  ету,  оқу  үрдісіне  белсенді  қатысқан  оқушыларды 

мадақтау  пікірлерін  дұрыс  қалыптастыруға  көмектесу,  сын  тұрғысынан  қарастырылған  мəселелердің 

құндылығын  білдіру.  Оқушыларды  біртіндеп  сыни  пікірлерін  дұрыс  айтуға,  мəселені  уақтылы  шешуге 

үйрету.  Сабақта  қолданылатын  əдістер  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  бойынша 

стратегиялардың  құрылымы,  сабаққа  дайындық,  оқыту  барысында  қолданылатын,  үй  жұмысы  ретінде 

берілетін стратегияларға бөлінеді, солардың бірнешеуінің жүргізу əдістемесін назарларыңызға ұсынамын: 

1.  Топтастыру  –  оқыту  стратегиясы,  бұл  стратегия  оқушыларды  еркін  жəне  ашық  ойлауға  үйретеді.  Ол 

ойлауды  шыңдайтын  идеяларды    байланыстыратын  бірнеше  құрылымынан  тұрады.  Бұл  стратегияның 

түсіндірмесі мынадай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болу  да мүмкін. Керекті  уақыт өткеннен  кейін 

жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды. 

       2. Кубизм əдісі – оқыту стратегиясына жатады.  Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға 

көмегін тигізеді. “кубизм” стратегиясында ойлау, оқу, жазу əрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-

20  см.  Шаршының  əр  бетінің  аты  болады.  Олар  1-ші  бетін  суреттеңіз:  түсі,  формасы,  көлемі,  2-бетін 

салыстырыңыз:  неге  ұқсас?,  айырмашылықтары  болса  неде?  3-бетін  –  зертте:  қандай?,  қалай?,  неден 

жасалған?  Шығу  тегі,  тарихы.  4-беті  –  пайда  болған  ойлар:  ойыңызбен  байланыстырыңыз,  ойыңызға  нені 

келтіреді? Осы мəселеге байланысты қандай мəселелер бар? 5-бетін қолданыңыз: онымен не істеуге болады? 

Қалай  қолодану  керек?  6-бетін  талқылаңыз:  қолданыңыз,  не  қарсы  шығыңыз,  өз  ойыңызда  тұрыңыз, 

дəлелдеңіз. 

      Кубиктің 6-бетіне жазбаша жауап беріледі. Əр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. 

Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды, не оны мадақтайды. 

1)  суреттеңіз 

2)  салыстырыңыз 

3)  байланыстырыңыз 

4)  саралаңыз 

5)  қолданыңыз 

6)  талқылаңыз 

1)  Суреттеңіз – ойыңызша тақырыпқа жақын келіп, түсінігіңізді  

суреттеңіз. 

2)  Салыстырыңыз – неге ұқсас, айырмашылығы бар ма? 

3)  Нені ойлаттырады, ойыңызға нені келтіреді. Ұқсас заттар ма, 

əлде бөлек заттар ма? Ойыңызбен шолып өтіп. Осы мəселеге байланысты қандай мəселе бар, біліңіз ? 

4)  Саралаңыз – қалай жасалғанын айтыңыз, өзіңіз жасаңыз. 

5)  Қолданыңыз – онымен не істеуге болатынын айтыңыз. 

6)  Талқылаңыз - өз ойыңызда тұрыңыз, өзіңіздің дəлеліңізді 

немесе пікіріңізді айтыңыз. 

Бұл əдісті ой толғауда қолдану тиімді. 

 Венн диаграммасы 



Бір-біріне  айқасқан  шеңбердің  екі  жағына  салыстырылуғаберілетін  объектілердің  ортақ 

сипаттамалары  беріледі.  Ал,  айқасқан  жеріне  екеуіне  ортақ  сипат  тізіледі.  Салыстыруға  арналған 

тапсырмаларды  осы  диаграммаға  салып,  оқушылар  қызыға  толтырады,  яғни,  салыстыру  сияқты 

күрделі ойлау операциясы. 

     5.  Симатикалық  карта.  Ол  алған  білімді  жинақтауға,  көрсетуге,  салыстыруға,  өзінің  білгеін  көрсетуге 

арналған таблица түрінде болады. Қатып қалған график жоқ. Өз пəніне, тақырыбына байланысты толтыруға 

болады. 


     6.  Еркін  жазу.  Бұл  əдісті  сын  тұрғысынан  ойлау  жобасындағы  сабақтың    ой  толғанысы  үшін  пайдалану 

тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы одан алған əсерін, не үйренгенін, нені əлі 

де біле тұру керектігін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады, жазуға уақыт береді. Аяқталған 

кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерн таныстырады. Ең жақсы деп танылған  жұмысты ұжымға 

оқуға  болады.  Оқушыларды  алған  білімдерін  қорытуға  өған  сын  көзбен  қарап,  ойын  түсіндіруге  үйретеді. 

Бұл əдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.  



 

№20  дəріс тақырыбы:   Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын қолданудың жолдары  

2.  Қызығушылықты ояту  

3.  Мағынаны тану 

4.  Толғаныс  



Сын    тұрғысынан    ойлау    –  сынап    қарау      емес,        оқушылардыңшыңдалған  əрекеті.  Класс  оқушылары 

топпен жұмыс істеу арқылы  

өзара  пікірлесіп,  ұтымды  жауапты  тауып  айтуға  үйренеді.  Сұрақтаға  тынымсыз  іздене  отырып,  өз  ойын 

айтуға , дəлелдеуге мүмкіндік алады.  Бұл технология бойынша сабақ құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту 

мен үйретудің моделі. Ол: 

1.  Қызығушылықты  ояту  –  бұрынғы  білетін  жəне  жаңа  білімді  үштастыру.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды 

түсініктерді жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақтағы қаралғалы тұрған мəселе 

жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алады.  Осы  кезеңге  қызмет  ететін  “ой  ашар,  ой  шақыру”,  “топтау”, 

“болжау” т.б. аттары бар əдістер жинақталған. Мысалы: Əл-Фарабидің суреті арқылы бас киімі, киім үлгісі, 

талғампаз адам, қарапайым адам, ақылды, ойшыл, көрікті, ғалым. 

      Қызығушылықты  оятудың  екінші  мақсаты  белсенділігін  арттыру.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді, 

көршісімен  бөліседі,  тота  талқылайды.  Оқушы  осы  кезеңде  жаңа  білім  жайлы  ақпарат  жинап,  оны 

баяғыдағы білімімен ұштастырады. 

 2.  Мағынаны  тану-түсіне  білу  –  бүгінгі  сабақты  игеру.  Бұл  кезде  үйренуші  жаңа  ұғыммен  танысады. 

Тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  талқылайды,  өз  бетімен  жұмыс  жасайды.  Бұл  кезеңде  “Insert”  əдісін 

қолданған тиімді. Оқушыға оқу материалымен танысу барысында:  

V – білемін 

білмеймін 



+   үйренгенім 

?   үйренгім келеді. Белгілерін қойып отыру тапсырылады. “Insert” оқыту оқығанын түсініп отыруға, ойын 

анықтап, білмейтіндерін сұрауға əзірлейді. 

3. Ой толғаныс. Күнделікті  оқыту  процесінде оқушының ой толғанысын  қалыптастыру. Өзіне, басқаға сын 

көзбен  қарау,  баға  беру  көзден  тыс  қалып  жатады.  Толғануды  тиімді  етіп  “бес  жолды  өлең”,  “Вен 

диаграммасы”,  “еркін  жазу”,  “симатикалық  карта”  стратегиялары  əр  сабақтың  ерекшеліктеріне,  ауыр-

жеңілдігіне  қарай  қолданылады.  Оқушылардың  бір-бірімен  ой  алмастыруын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  кезең 

сабақты  қорытындылап,  оқушыларды  бағалауға  негіз  болады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  үшін  мына  шарттар 

ескерілуі қажет: 

1.  Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. 

2.  Оқушылардың өз ойларын ашық айтуға рұхсат керек. 

3.  Əртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 

4.  Үйрену барысындағы оқушының белсенді іс-əрекетін қолдану. 

5.  Кейбір оқушылар түсіп қалатын жағдайды əжуаға, мазаққа  

айналдырмау. 

6.  Оқушының  жасаған  жауабына  класс  дəлелді,  дəйекті  болуын  талап  етеді.  Стратегияны  кез-келген  үш 

кезеңде қолдана білуге байланысты. Стратегия оңай, мұның нəтежиесі тезірек көрінеді, жүйелі түрде білімді 

игеретін, жеткізетін стратегиялар. 



 

№21 дəріс тақырыбы:  Ынтымақтастықта оқыту. 

1.  Əлеуметтік-белсенді мектеп: өзара əрекетте оқыту. 

2.  Топтық жұмыстың мəні. 

3.  Ынтымақтастықта қалыптасатын дағдылар. «Үш тыйым» ережесі. 

4.  Зейін фокусының  ауысуы. 

      Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына 

көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің ажырамас бірлігі: 

      - мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект; 

оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас; 



оқушы мен мұғалім арасыдағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық  

қарым-қатынас. 

 

№23 дəріс тақырыбы:  Интерактивті оқыту жəне оның ЖОО-дарында қолдану жағдайлары  

1.   Дəрісті интерактивті формада жүргізу 



2.  Семинарды интерактивті формада өткізу 

3.  СОӨЖ өткізудің интерактивті формалары  

Пікірталас-    тұрмыстық  сауалдармен  қатар  саясат,  идеология    теорияларының  проблемаларының  

плюрализмдік  пікірі  құпия  болмаушылық  кезінен  бастап,  тек  соңғы  жылдарда  интерактивті  технология 

əдістері қатарына жатқызылатын болды. 

            Пікірталас əдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның  əлеуметтік белсенділігін  арттыруына 

ықпалын  тигізеді.    Оның  себебі  пікірталаста    алынған  тақырыпқа    дайындық  барысында  оқушылар  мен 

студенттер талқыланатын мəселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады.  Бұл өз 

ретінде    олардың  өзіндік  пікірлерін  қалыптастыруға,  өз  ойларын  қарсыластарының    көзқарастарымен 

салыстыра  отырып,    ойын  барысында  қорғауға  үйренеді.  Пікірталас  жастардың  жан-жақты    білімдерін 

жетілдіріп,  мəдениетін    деңгейлерін  көтереді,  басқа  адамдарға    түсіністікпен  қарап,  олармен  санасуға 

үйренеді, əрі шешендік өнерге баулиды. 

            Пікірталасты  ұйымдастыру  əрі  құрылымы  жағынан    өте  күрделі  болып  келеді.  Оқытудың      басқа 

əдістерінен мұның ерекшелігі,  оқушылардың жай тыңдаушылар қатарына емес,  керісінше қаралып отырған  

мəселеге олардың белсене қатысу  жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып   пікір алмасуы, дербес 

ойлай    білуге  дағдылануы  т.с.с.  болып  келеді.    Соның  негізінде  оларды  сөйлей  білуге,    өз  ойларын  еркін 

жеткізіп,    дəлелдей  білуге,    жолдастарының  пікіріне    сын  көзбен  қарай  білуге  үйретеді.  Пікірталасты 

ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы  кеңейіп,  сенімдері артады, өмірлік көзқарастары 

шыңдалады. 

           Ол əдіс арнайы- алдын-ала дайындалған оқу  бағдарламасындағы  теориялық сұрақтарды еркін əңгіме 

ету,  эвристикалық əңгімеден туындап, « жағалауға шыққан» пікірталасқа айналады.  

        « Миға шабуыл», «ойға шабуыл» (мозговая атака)  немесе «миға  батыл əрекет» ( мозговой штурм) əдісі 

мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық диалогты негізге ала отырып жасалынған. 

      1938  ірі  жарнамалық  компания  иегері    Алекс  Ф.Осборн    фирмасында  кейін  қызметкерлерімен  «миға 

шабуыл»  аталып  кеткен    əдісті  тəжірибелеген.  Миға  шабуыл  кезінде  кез  келген  идеялар  тыңдалына  беріп 

айтылған  ойды  ешкімге,  сынап,  келеке  еткізілмеген.  Айтылған    пікірлердің  барлығы  қағазға  жазылып,  

келесіде жиналыста талқыланған. 

            Фирма  жетекшілері  миға  шабуылдың  жемісі  керемет  идеялардың  көптен  пайда  болуы    бірден 

таңырқатқан. Əдістің сəттілігі соншалық, ол 50  жылдарда барлық  Американдық корпорациялардың  басты 

қаруы бола бастаған. 

            Ал  Осборнға    бұл  əдісті  жазуға  шабыт  берген  1788  жылы  Фридрих    Шиллердің    досына  жазылған 

хаты еді.  Досы оған жаңа идеялардың  жетіспеушілігіне көңілсіздігін білдіреді. 

         Сонда  Шиллер  :  «  Сенің  қиындыққа  тап  болуың...  сенің  ақыл-ойыңның  қиялға    бағынатын  

шектеулігінде.  Сен өте жеңіл  ойлап жəне қатал сынай   бəрін жоққа шығарасын.  Сондықтан да сенің ақыл-

ойыңның  шығармашылық  жұмысы тоқталуда»,- деп классик жауап  қайтарған. 

          Қазіргі таңда «миға шабуыл» əдісінің бірнеше түрі модификацияланады. 



        Тікелей «миды шабуылдау» ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу əдісі болып табылады.  

Бұл  əдістің  мақсаты-    шығармашылық  тапсырмаларды  шешу  барысында  қалыпты  ойлау    инергиясынан 

айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа  идеяларды тудыру.  

           Бұл  əдістің  негізгі  принципі  мен  ережесі-    қатысушылармен  ұсынылған  идеяларды  сынау,    қақпалау 

жəне    мысқылдауға  мүлдем  тыйым  салынады.    Əдіс  нəтижесінің  сəттілігі    пікірталастың    жүргізушісіне 

тікелей байланысты болып келеді. 

          Əдіс    ұзақтығы  əдетте  15  минуттан  1  сағатқа  дейін  болуы  мүмкін.  Идеяларды  таңдау  арнайы 

адамдармен,  2    кезеңде  жүреді.  Бірінші  кезеңде  жалпы  ұсынылған  идеялар    арасынан  ең  рационалды  

идеялар  таңдап  алынса,  екіншісінде  солардың  ішінен    шығармалық  тапсырмалар  мақсатын 

қанағаттандыратын ең оптимальды нұсқасы таңдалынады. 

         Шамасы 20-60  адамдардан құралған үлкен аудиторияларда жаңа идеяларды өңдеуде  жақсы нəтижелер 

алуға мүмкіндік беретін массалық  «миға шабуыл» əдіс түрін американдық Дж. Дональд Филипс ұсынған.  

Бұл  əдіс  түрінің  ерекшелігі  5-6    адамдардан  тұратын  аудитория  ішілік    шағын  топтардың  құрылуында.  

Шағын  топ  əрекеті  нақты  анықталған,    бірақ  алуан  түрлі  болуы  мүмкін.  Оған  15  минут  уақыт  бөлінеді.  

Шағын топ идеяларын өңдеуден кейін, оларды бағалап, ең  жақсы үлгісін  басшылыққа алады.  

         «Миға  батыл  əрекет»  əдісі    қазіргі  заман  психологі  Е.А.  Александровпен  ұсынылып,  Г.Я.Бушпен  

модификацияланды.    Бұл  əдіс    бұзылған  бағалауға  ие  диалог  əдісі.    Бұл  диалог  мəні    ұжымдық  идеяларды  

өңдейге шығармашылық  потенциалды белсендетуде  кезекті қарсы идеяларды, яғни  контридеяларды құру 

болып табылады. 

           Мұнда  «ми  батыл  əрекеті»    əдісінің  қатысушылары  рационалды  түрде    келесі  топтарға  бөлінген  

кезде ғана бұл əдіс өзінің нəтижелілігін көрсете алады. Бұл топтар: 

1. Идеяларды өңдеу тобы; 

2.Проблемдік жағдайларды талдау жəне  идеяларға баға беру тобы; 

3. Қарсы идеяларды өңдеу тобы; 

Қарастырылып жатқан əдістің артықшылығы  ұжым адамдарының  тең құқылы болуымен  жетекшілік  етуде 

авторитарлық стильге жол  берілмеуінде. Əдісте жалқаулық пен ескішіл ойлау,  эмоционалдық «алау»  мен 

рационализм,    өзін  еркін  ұстауға,    интуиция  мен  қиялды    белсендетуге  арналған    психологиялық 


микроклиматтың    көмегімен  автоматты  түрде    жоғалады.  Сонымен  қоса  «    ми  шабуылы»  əдісі  

проблемалардың  шешімін  іздеуге  жаңа  идея,  ой,    пікірлер  шығару  барысында  «ақылсыз  ойлардан» 

қорықпауға,  интенсивті    «ой    кезбелігінде»  күлкілі  жағдайда  қалған  кезде    қысылмай  еркін  сезінуге 

үйрететін бірден-бір əдіс болып келеді. 

         « Дөңгелек үстел » əдісі  саясат жəне ғылым жағынан педагогикаға  

келген  əдіс.  Əдетте,  «дөңгелек  үстел»    саясат  пен  ғылымның  əртүрлі    саласының  өкілдерімен  белгілі  бір 

проблеманы  талқылап,  шешу    үшін    ұйымдастырылады.  Бұл  əдісте  пікір  алмасу    белгілі  бір  пікірлердің  

сəйкес келуіне мүмкіндік береді, ал ол  болашақ жұмыстануда  жалпы қорытындыны анықтаудың қызметін 

атқарады,  содан келіп қоғамымыздағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе  ғылыми ақиқатты табуға 

болады. 


        «  Дөңгелек  үстел  -    өз  ойын  еркін  айта  білу.  Жүргізуші  нақты  мəселе  жөнінде  жоспар  жасайды. 

Мақсаты:  таңдап алынған тақырыпты талдауға  қатысушылардың көңілін аудара білу». 

          Қысқаша  айтсам  психологияны  оқытуда  «дөңгелек  үстел»    əдісі    əртүрлі  формалы  болады.    Егер  ең 

маңызды шартты ескерсе  жəне оны мүлтіксіз орындаса. Міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек,  

теориялық  проблемаларды  шешуде  əртүрлі  аспектілі  позиция  мен    көзқарасты  сараманда    жүзеге 

асырылады.  Егер  мұндай  қажеттілік  болып,  я,  болмаса    жəне  ол  барлық  жағынан  саналы  түрде  қаралмаса, 

онда «дөңгелек үстел»  əдісі əдеттегі, əрбіреу тек өзіндік ойын білдіріп,  консенсус туындатпайтын жай ғана 

жиын болып есептеледі.  

         Сонымен «дөңгелек үстел» əдісін мектеп оқушыларына да,  студенттерге де қолдануға болады.  Ол əдіс 

оқушылардың  өз  ойын    əдемі,    реттеліп  жинақталған  түрде  нақты  дəлелдермен    қалыпты  темпте  жеткізіп,  

сөйлеу барысында  белгіленген мəдениет пен  шарттардан аспай,  ресми тұлға ретінде  өздерін сезіне білу,  

ұқсап бағуға үйретеді 

           «Іскерлік  ойын»  əдісі.  Бұл  əдіс  өзінің  жоғары  дəрежелі  бірігіп  жұмыстануда  оқушылардың  

индивидуалдық  үйлесімділігімен ерекшеленеді. 

         Ресей психологтары: «Ойын- бұл  шартты жағдайларда ғылым жəне  мəдениет заттарымен  əлеуметтік 

бекітілген əдістерде қоғамдық  тəжірибені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы», -дейді. 

           Іскерлік  ойын  əдісі  ең  алғашында    біліс  беру  жүйесінде  емес,    тəжірибелік  басқару  саласында 

қалыптасқан.  Бүгін  де  іскерлік  ойын  əдісі    тəжірибенің  əртүрлі  аймақтарында:    зерттеу  жұмыстарында, 

жобалық  өңдеу  процесінде,  шынайы  өндірістік  жағдаяттарда  ұжымдық  шешім  шығаруда,    сонымен  қатар 

əскери салада қолданылады. Айта кетсек,  іскерлік ойынның болашақ үлгісіне негіз болған,  ұрыстың шарты 

мен  əрекеттерін  суреттейтін    əскери  ойындардың    жағдаяттардан  тұратын  əскерлерді  ұрысқа  дайындау 

мақсатымен құралған ерте заманнан келе жатқан «əскери  ойындар»екен. 

         Интерактивті оқыту  жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген əдіс бұл- тренинг. Осы  аталған əдістің  

жа  адан  қолдануға  енуі  ,  біріншіден,  Батыс  Еуропа  елдерінде  кіші  топ,    яғни  тренинг  топтарында 

психологиялық  түзету  жұмысын    жүргізуге  арнайы  қарым-қатынас  ұйымдастырылуына  қарамастан,    бізде 

ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нəрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол  психологияны оқытудағы студенттерді 

массалық  оқытуда    пайдаланылды.  Бірақ  кейін  шынайы  жағдаяттардағыдай  сияқты  əрекет    жасауда  сол 

əрекеттің  нəтижелігі  үшін    жауапкершілікпен  қаралатын,  ойындық  немесе  шартты  түрдегі  тренингтер 

кеңінен қолданылды.  Əрекеттің жүру барысында əр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі- топтық 

əрекеттің жемісі, үлкен нəтижелілігі, яғни үйлесімділігі. 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет