Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№10 дəріс тақырыбы:   ЖОО-дағы инновация жəне оқыту ортасы



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата25.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

№10 дəріс тақырыбы:   ЖОО-дағы инновация жəне оқыту ортасы. 

Тақырыбы:   

1.  Аудиториядағы оқытушы рөлі. 

2.  Қатынастың диалогтық формасы. 

3.  Диалог. 

     Қазіргі кезең дидактикасы интерактивті оқыту формасы мен əдістерінің дəстүрлі оқытуда мынадай 

негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді: 

Оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді ету; 

Сабақта студенттің белсендігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру; 

Студенттің  проблемаларды шешу барысында (өз бетімен жəне топпен) жоғары деңгейде күш-жігер 

салуы; 


Белсенді қызмет ету үшін эмоционалдық еріктік жағдай танытуы; 

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста үздіксіз тура жəне кері байланыстың болуы; 



  Мұғалім қызметінің менеджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы, кеңесші рөліне ауысуы. 

     Педагогика  мен  білім  беру  тарихында  оқу  барысында  студенттерді    белсенді  етудің  сан-алуан 

əдістері  мен  формалары  ойластырылады.  Олардың  кейбіреулеріне  қазіргі  уақытта  ерекше  мəн 

берілуде  (жобалау  əдісі),  ал  кейбіреулері  дəстүрлі  оқыту  қатарында  болғанымен  (эвристикалық 

əңгіме, зертханалық жұмыс т.б.) оларға деген қарым-қатынас өзгеріп отыр: мəселен жиырмасыншы 

ғасыр соңында өріс алған оқытудың ұжымдық түрі, проблемалық оқыту, авторлық мектеп т.б. 



     Жалпы  интерактивті  оқыту  теориялық  та,  практикалық  та  тұрғыдан  зерттеуді  қажет  ететін 

дидактка  міндеттерінің  бірінен  саналады.  Ал  интерактвті  оқыту  формаларын,  əдістерін  пайдалану 

мұғаліммен  оқушымен қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта 

уақыт  талабына  сай  қалайды.  Педагокилық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интеративтік 

оқытуды  пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шындайтындығы  дау  тудырмайды.  Сонымен 

интерактивті  оқыту  əдісі,  тек  іс-əрекеттің  өзара  əсерлесуі  ғана  болмайды,  ол  мұғалім  мен  оқушы 

көзқарасы  тең  дəрежеде  шығармашылық  жұмыстануда  əлеуметтік  тұлғаралық    қарым-қатынас 

моделін  құрайды.  Интерактивті  қолдану  кезінде  оқытушы,  қарастырылап  жатырған  тақырыптың 

ашылуын  танымдық  белсенділігімен  шектеліп,  өз  бетінше  жібермей,  бұл  оқушы  мен  оқытушының 

біріккен əрекеті екенін естен шығармаған дұрыс. 



 

№11 дəріс тақырыбыПедагогикалық инновация 

1.  Педагогикалық инновация туралы түсінік 

2.  Жаңа педагогикалық инновация түрлері  

 

 



Қазіргі  таңда  елімізде  болып  жатқан  жаңартулар  оқу  -  тəрбие  жұмыстарының  бағыт-бағдарының 

заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде оқу - ағарту жүйесін қайта құру, мектеп рефомасын 

жасау,  оқуды  өмірмен  байланыстыру,  оқушылардың  білімді  өз  бетімен  ізденуіне  үйрету  жəне  білім 

негіздерін  демократиялық  интеграциялық  ұстанымдарға  орайлас  əр  баланың  жеке  ерекшеліктері  мен 

қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тəрбиелеу талап етілуде.  

 

Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мəселе 



көтеріліп,  онда  білім  берудің  «стандарттың»  ұсыну  басты  нысанға  алынды.  Білім  стандарты  -  əр  бір 

шəкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарлама.  

 

Үстіміздегі  ғасыр  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры.  Олай  болса, 



мұғалімдердің  алдында  тұрған  бірден-бір  мақсат  –  оқушылар  алған  білімдерін  пайдаға  асырып,  өздігінен 

əрекет  ете  алатын,  оларды  түрлі  өмірлік  жағдайда  қолдана  білетін,  жалпы  азаматтық  жəне  ұлттық 

құндылықтарды  қатар  меңгерген,  өзіндік  көзқарасы  бар,  Отанын  шын  сүйетін  азамат  болып  жетілуіне 

көмектесу. 

 

Қазір 


кез-келген 

пəнді 


оқытуда 

пəнаралық 

байланыс 

арқылы 


білімнің 

жинақтаушы, 

қорытындылаушы жəне үйлестіруші қызметін атқаруға болады. 

 

Осы  тұрғыда  оқытудың  интерактивті  əдісі  өте  тиімді.  Себебі,  бұл  əдіс  оқушының  жеке  өмірлік 



тəжірибесіне  сүйене  отырып,  оның  бойында  білім,  дағды  жəне  құныдылқ  жүйесін  қалыптастырады.  Сабақ 

мұғалім  мен  сынып  тобы,  шағын  топтар  мен  жеке  оқушы  арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.  

Бұл  бақылауларды  мына  бағалау  белгілері  арқылы  іске  асыруға  болады.  Өзіндік  бағалауы.  (Бұл 

бақлауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады). 

1. 

Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары. 



2. 

Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары. 



3. 

Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б. 

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).  

1.  Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара əрекет əдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, 

жоғары. 


2.  Жаңа  тақырыпты  өмір  мен  байланыстыра  айтуы  (қосымша  материалдар,  БАҚ  жаңалықтары): 

төмен, орта, жоғары. 



3.  Сөйлеу шешендігі, мəдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары. 

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне жəне өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда  біреуді 

бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. 

[31;28-29]

 

Бұл  бақылау  мен  бағалау  баланың  бойында  мына  қасиеттерді  қалыптастырады:  еріктілік, 



еңбексүйгіштік,  өз  күшіне  сенуі,  қабілеттілігі,  жауапкершілікті  сезінуі,  адалдық,  жолдастық  қасиеттер,  сөз 

қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мəдениеті, т.б. 

Осындай қасиеттерді игерген балада, əрине, пəнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нəтижесінде 

сабақтың  сапасы  артады.  Бала  өзін  тұлға  деп  сезінеді.  Мұғалім  де,  оқушы  да  тұлғаны  тану  жəне  таныту 

жолында қызмет жасайды. 

Қазіргі  кезде  қарым-қатынас  үрдісне  негізделген  оқыту  –  интерактивті  оқытуға  үлкен  көңіл 

бөлінуде.  Оқыту  үдісі  тиімді  болу  үшін  қарым-қатынастың  үш  жағыда  қатысуы  қажет:  1)  ақпараттық 

(ақпараттың берілуі жəне сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-əрекетке өзара əсердің ұйымдастырылуы); 

3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы жəне түсінуі).  

 

Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр. 



1. 

«Қарым-қатынас  мəдениеті»,  «Риторика»,  «Біз  адамдар  арасында  өмір  сүреміз»,  т.б.  арнайы 

оқу курстарын ендіру. 

2. 


Оқу жағдаяттарын банша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.  

Интерактивті  оқыту  үрдісінде  оқу  диалогының  сөздік  емес  жəне  сөздік  тəсілдерін  қарастырып 

көрелік. 

Сөздік емес оқыту тəсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:  

-визуальды; 

-акустикалық жəне т.б. 

Интерактивті оқытудың сөздік тəсілдеріне мыналар жатады:  

-ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен  «дұрыс»  жауапқа алдын ала  бағытталған жауаптар емес, 

мəселе бойынша əр түрлі көзқарастарды айту); 

-мұғалімнің  өз  тұғырын  өзара  əрекеттесуде  анықтаушы  ретінде  емес,  сонымен  қатар  оқушыларға 

сабақ  барысында  «дұрыс»  жəне  «бұрыс»  көзқарастарды  ешқандай  қорқынышсыз  айтуларына  мүмкіндік 

беретін бейтарап ретінде анықтауы; 

-сабақтың  қалай  жəне  неге  жүзеге  асатынын  түсінуге  көмек  беретін  сабақты  өзіндік  талдауға 

дайындық,  қай  жерде  өзара  əрекеттесу  «тоқырап»  қалды,  бұл  қандай  жағдаймен  байланысты  болды, 

келешекте қалай шешуге болады; 

-сабақтың өту жағдайын, оның нəтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу. 

Интерактивті  оқыту  əдістерінің  түрлері:  топтармен  жұмыс;  оқу  пікірсайысы;  «Сократтық 

диалогтар»;  ойындық  жобалау;  ми  шабуылы;  пікірталас;  дөңгелек  үстел.  Енді  осы  əдістерді  қолданудың 

əдістемесін қарастыралық.  

Топтағы  жұмыс  немесе  «Өзаралық».  Топ  төрт  адамнан  тұратын  топшаларға  бөлінеді.  Əрбір  топша 

аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.  

1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, оқушылар оқулықтың 3-4 

тақырыпшадан  тұратын  материалын  оқып,  қысқаша  мазмұнын  жазады.  Бұл  тапсырманы  дайындауға  жəне 

өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі. 

2-кезең.  Жұппен  жұмыс.  Əрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты  белгімен  бейнелейміз:  төрт  адам  – 

алфавиттің төрт əрпімен  А,Б,В,Г деп  белгіленеді. Екінші кезеңде əрбір қатысушы өзіне серіктес  таңдайды. 

Мысалы, А-Г, В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың 

ортақ шешімге келуіне əкелу. Уақыты - 10 минут. 

3-кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі  жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны 

өзгермейді.  Бұрынғы  жұптардың  өкілдері  əріптестеріне  мəселені  өзіндік  шешудің  жолдарын  жəне  жаңарту 

мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың əрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға 

мүмкіндік  алады,  мəселені  қалай  түсінгендігін  білдіреді,  мəселенің  табылған  шешімін  қорғай  білуге 

үйренеді. 

4-кезең.  Топтық  шешімді  қабылдау.  Əрбір  төрттік  жиналады.  Топ  мүшелерінің  мəселені  шешу 

əдістерінен  хабары  болса  да,  бұл  кезеңнің  мақсаты  –  ортақ  жағдайды  жасау.  Бұл  жағдайда  тек  мазмұнына 

ғана  емес,  сонымен  қатар  орындау  формасына  (топшалар  жазба,  сурет,  кесте,  өлең  түрінде  өз  шешімдерін 

ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі. 

Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни,  ақпаратты  белсенді  меңгеруге  бағытталған  біріккен  іс-əрекет 

дағдысын  қалыптастыруға  мүмкін  береді.  Əсіресе,  бұл  өзгелерден  қысылатын  оқушыларға  көмектесіп, 

оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды əсер етеді. Бірақ, барлық əдістер сияқты бұл əдістің  де өзіндік 

кемшіліктері  бар.  Мəселен,  оқушылар  шағын  топтың  пікірімен  ғана  санасып,  тұйықталып  қалуы  мүмкін. 

Сондықтан  өзара  əрекеттесудің  жаңа  фомасы  «Мозайкаға»  көшуге  болады.  Бұл  əдістің  мəні  топтардың 

бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл əдістің мазмұны алдынғы 

əдістермен  бірдей.  Алайда  бұл  əдістің  ерекшелігі  мəселенің  шешімін  топ  ішінде  емес,  шағын  топтың 

сыртында шешуге тырысады.  


1-кезең. Шеңбер ішінде мəселе шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мəселе төрт адамнан тұратын 

кіші  топтардың  ішінде  шешіледі.  Əрбір  қатысушы  талқылаудың  (15-20  минут)  соңында  сол  топтың  ортақ 

шешімінің жоспарын білуі керек. 

2-кезең.  Адамдар  арасында  мəселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да  кезеңнің  аты  кейінгі  əрекеттерді 

көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан «əріптік бірлік» қағидасы бойынша құралған топтар 

(А-А-А-А)  келеді.  Əрбір  жаңа  топтың  қатысушылары  өзінің  мəселені  шешу  жолдарын  ұсынып  өзге 

топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ жəне тиімді шешім таңдалады.  

3-кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір 

оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты – 15-20 минут. Бұл 

өзара əрекетте əрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. 

Сабақты  интерактивті  түрде  өткізген  кезде  оқушылар  тек  қана  бақылаушы  болып  қатыспай,  қиын 

мəселелерді де өз бетінше  



 

№12 дəріс тақырыбы Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы. 

1.   Негізгі тұжырымдық ойлар 

2.  Баланы қолдау технологиясы. 

«Тұлғалық  бағдарлы  педагогика»,  «тұлғалық  бағдарлы  білім  беру»,  «тұлғалық  бағдарлы 

технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.  

«Тұлғалық  бағдарлы»  сөз  тіркесі  білім  беру  үрдісінде  қолданылуына  байланысты  біздің 

педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered"  («тұлға орталықты») жəне "pupil - centered" («оқушы 

орталықты»)  сөздерінің  аудармасынан  енгізілген.  Олар  Карл  Роджерстің  гуманистік  педагогикасы  жəне 

гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді [29, 30].  

Осы  ұғымдардың  түсіндірмесінде  əр  алуан  пікірлер  кездеседі.  Бұл  пікірлердің  көптігі  былайша 

түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың əр қайсысын тұлғалық 

бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. 

Олардың  əрқайсысы  «тұлға»,  «тұлғаның  дамуы»,  «тұлғалық  бағдарлы  білім  беру»  ұғымдарын  өз  бетінше 

түсіндіреді.  Қазіргі  педагогикалық  сөздікке  жүгінсек,  «тұлға»  -  1)  дербес  əрекет  ететін  субъект  ретіндегі 

нақты  жеке  адам  болмысының  қайталанбас,  ерекше  əдісі,  адамның  қоғамдық  өмірінің  дара  нысаны;  2) 

адамдар  арасындағы  өзінің  ұстаным-орнын  еркін  жəне  жауапкерілікпен  анықтайтын,  қоғамның  өкілі 

ретіндегі адам [31]. 

«Тұлға»  ұғымы  философия,  психология,  педагогика  ғылымдарында  зерттелуде.  Ғылыми-

əдістемелік əдебиетті талдау негізінде анықтағанымыз: тұлғалық бағдарлы білім берудің ғылыми-теориялық 

негіздерін  Е.В.  Бондаревская  [32-38]  терең  зерттеген.  Оның  айтуынша,  тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің 

сапасы  мəдениетке  сəйкестік  ұстанымымен  анықталады.  Ұстанымның  мəні  –  тұлғаны  дамытушы  жəне 

жетілдіруші  орта  ретіндегі  мəдениет  пен  білім  арасындағы,  сонымен  қатар  баланың  тəрбиесі  мен  дамуы 

арасындағы  қарым-қатынастарды  анықтау.  Яғни,  білім  беру  мазмұнының  мəдениет  орталығы  –  бірегей 

жалпыадамзаттық,  жалпыұлттық  жəне  аймақтық  мəдени  құндылықтар.  Балаға  деген  көзқарас  оны  еркін, 

тұтас  тұлға  ретінде,  мəдени  дамуы  барысында  құндылықтарды  өзі  таңдай  алатын,  өзін-өзіжүзеге  асыра 

алатын тұлға деп түсіндірумен қалыптасады. 

Тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  əдіснамасын  И.С.  Якиманская  толық  зерттеген  [39-41].  

Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектті тəжірибесіне сүйенуі керек. 

Субъектті тəжірибе танымда айқындалатын жеке іс - əрекеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде 

мұғалім  беретін  тəжірибесі  жəне  оқушының  субъектті  тəжірибе  мəдениеттілік  сипатқа  иеленеді,  өзгереді, 

дамытылады, жетілдіріледі. 

И.С.Якиманскаяның  тұжырымдамасында  тұлғалық  бағдарлы  педагогикасының  білім  берудегі 

мақсаты – баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды 

(əлеуметтік,  педагогикалық)  тудыру,  ол  қасиеттерді  «мəдениеттендіру»,  əлеуметтік  мəнді  іс-əрекеттерге 

айналдыру.  

Тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  тағы  бір  шарты  педагогикалық  технологияға  қатысты.  Оның 

идеясы:  түсіндіруден  –  түсінуге,  монологтан  –  диалогқа,  əлеуметтік  бақылаудан  –  дамытуға,  басқарудан  - 

өзін-өзі басқаруға көшу. Педагогтың негізгі міндеті – қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға 

шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.  

Тұлғалық  бағдарлы  педагогикалық  технологиялары  диалогтық  тұжырымдамаларда  беріледі.  Онда 

диалогтың  жалпылама  идеясы  адам  санасының  негізі  ретінде  қарастырылады.  Диалогтық  қарым-қатынас 

əмбебап құбылыс деуге болады, өйткені ол адамдық сөз жəне барлық қатынасты бойлай өтеді жəне адамзат 

өміріне байланысты жалпы мəн мен мағынаның бəрін қамтиды. .  

Тұлғалық  бағдарлы  технологиялар  дегеніміз  педагогикалық  ситуацияларда  нəтижеге  жеткізуде 

қажет  құралмен  қамтамасыз  ететін,  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  іс-əрекеттер,  операциялар  мен 

шаралардың реттелген жиынтығы.  

Бұл  авторлар  өз  зерттеулерінде  тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  ұстанымдарына  сəйкес 

технологиялардың  алты  түрін  белгілейді:  оқытудың  диалогты  əдістері;  ойын  технологиялары;  тренингті 

технологиялар;  интеграцияланған  тұлғалық  бағдарлы  технологиялар;  оқу-кеңістік  ортасы;  сын  тұрғысынан 

ойлауды дамыту технологиялары. [64].  


Осы  аталған  оқыту  технологиялары  əртүрлі  болғанмен,  олардың  жалпы  бір  ұқсастығы  бар: 

практикада  олардың  барлығы  оқытудың  сынып-сабақ  жүйесінде  негізделеді.  Бірақ  оларды  практикада 

қолдану  мынадай  факторлармен  қиылыспайды:  ең  жақын  даму  аймағында  оқытуды  ұйымдастырумен 

(тұлғалық  бағдарлы  білім  беруде  ең  бастысы  осы  болып  табылады);  шығармашылық  оқыту  əдістерімен; 

оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне оқытудың бағытталуымен.  

Дəл  осы  факторлар  оқушы  тұлғасына  бағытталған  оқытудың  моделін  жасауда  ең  негізгілер  болып 

табылады.  

Қазіргі  уақытта  сынып-сабақ  жүйесінде  де  тұлғалық  бағдарлы  білім  беруді  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше 

нұсқасын  қолдануға,  оларды  оқушылардың  таңдап,  ең  жақын  даму  аймағына  сəйкес  жеке  жылдамдықпен 

ұйымдастырылуына, əрбір оқушының дер кезінде кəсіби көмек алуына, оқытудың шығармашылық сипатта 

болуына,  материалды  проблемді  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Ол  мүмкіндікті  қазіргі  информатика  мен 

телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.  

Тұлғалық бағдарлы білім беру моделі қазіргі мектептердегі білім беру модельдері мен педагогикалық 

жүйелерден ерекшеленеді. Ең алдымен, ол модель балаға оқыту үрдісінде таңдау еркіндігіне мүмкіндік 

береді. Онда мұғалімнің оқыту стиліне оқушы бейімделмейді, керісінше, мұғалім түрлі технологиялық 

құралдарды меңгере отырып, өзінің жұмыс жасау тəсілдері мен əдістерін баланың танымдық стиліне сəйкес 

шебер қолдануы шарт. Білім, білік жəне дағдыны меңгеруге бағытталған модельді тұлғалық бағдарлы білім 

беру моделімен салыстыра отырып, мұғалім мен оқушының оқытудың мақсат-мазмұнын, құралдарын 

таңдаудағы мүмкіншілік шеңберін көруге болады. 

 

№13 дəріс тақырыбы:  Оқытушы іс-əрекетіндегі оқытудың интерактивті əдістері 

1.  Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы əдістерінің 

көмегімен  сабақ өткізу. 

2.  Коммуникативті ойын жəне рефлексия. 

Интерактивті технология əдістеріне мыналар жатады: 1) эвристикалық əңгіме, 2) пікірсайыс əдісі, 3) 

“миды шабуылдау” əдісі, 4) “дөңгелек үстел” əдіс, 5) “іскерлік ойын” əдісі жəне т.б. 

     Осы əдістерге тоқтала кетсек. 

     Эвристикалық əңгіме əдісі өз атауын Сократтық “эвристика” (грек сөзінен – табамын, іздеймін, ашамын)  

деген  сөзінен  алынған.  Оның  ежелгі  грекиялық  нұсқауында  бұл  əдіс  сократтық  əңгімелерге  негізделе 

отырып, сол кездегі білім жүйесінің бір түрін көрсеткен. Ол жылдарда бұл сократтық əңгіме оқушылардың 

өзіндік ізденісін талап ететін жетекші тамаша сұрақтармен ерекшеленген. 

     Эвристикалық    əңгіменің  тақырыбының  мақсаты  айқын  белгіленуі,  мазмұны  нақты  фактілермен 

дəлелденуі,  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескеріп  қарапайым  тілмен  нақтылы  өмірге  қатысты  мəселелер 

қозғалуы қажет. Интерактивті оқыту технологиясының бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушылары жəне 

жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі. 

     Эвристикалық  əңгіме  Сократ  əңгімесінен  бір  жағынан  бөлек  болса,  екінші  жағынан  тамаша  озат 

құрылған  сұрақтарға  оқушының  қызығуын  арттыруымен,  олардың  ойлауын  белсендірумен  ұқсас  келеді. 

Өзінің  психологиялық  табиғаты  бойынша  эвристикалық  əңгіме  –  қойылған  сауалға  жауап  іздеу  немесе 

ұжымдық ойлау ретінде  қарастырылады.  Сондықтан бұл əдістіпедагогика ғылымы  проблемдік оқұытудағы 

проблемдік-іздеу  əдісі  мен  эвристикалық  əңгімені  бір-біріне  ұқсатады.  Педагогика  бұл  екі  əдіс  арасында 

формальді-сандық  шек  қояды:  егер  эвристикалық  əңгіме  тақырыпты  ашуда  тек  қана  бір  элементті  есепке 

алса, ал проблемдік-іздену əдісіне – тұтас проблемалық жағдай сериясы арқау болады.    

      Ал қазір эвристикалық əңгімені проблемдік оқытудың қатарына қоймай қарастырайық. Бірақ бұл 

ойлағыштық əңгіме ұжымдық кеңеске айналып, аралық шешімнің əртүрлі нұсқауларымен алмасып, 

оқушылар өзара жұмыс істеп, өзара көмек көрсетіп, бір-бірінің ойлауын белсендетеді. Сондықтан да 

эвристикалық əңгімені интерактивті технология əдістерінің қатарына жатқызу өте мəнді. 

     Құрылға  сұрақтар  проблемдік  оқытудың  шарттарына  эвристикалық  əңгімені  өрістету,  күшейту  үшін 

бағынады.  Сонымен  проблемдік  жағдаймен  туындайтын  эвристикалық  əңгіме  мұғалімнің  айрықша 

шеберлігін талап ететін интерактивті оқытудың бір əдісі болып табылады. 

      Бұл əңгіме түрі жүру барысында мына жүргізушілер тарапынан мына жағдайлар ескерілуі керек: 

  əңгіме тақырыбы қызықты, əрі проблемалық сипатта болуы; 

  оқушылардың қойылған мəселені талқылауға белсене араласуы; 

  оған сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауы; 

  оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу; 

  өзара түсінушіліктің болуы; 

  олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру; 

  белсенді оқушыларды жəне оларды дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру; 

  кемшіліктері болса, əдеппен түзеу т.б. 

       Келесі  кезекте  пікірталас  əдісі.  Пікірталас  –  тұрмыстық  сауалдармен  қатар  саясат,  идеология 

теорияларының  проблемаларының  плюрализмдік  пікірі  құпия  болмаушылық  кезінен  бастап,  тек  соңғы 

жылдарда интерактивті технология əдістері қатарына жатқызылатын болды. 


     Пікірталас  əдісі  жеке  тұлғаның  интеллектуалды  дамуын,  оның  əлеуметтік  белсенділігінің  артуына 

ықпалын  тигізеді.  Оның  себебі  пікірталаста  алынған  тақырыпқа  дайындық  барысында  оқушылар  мен 

студенттер талқыланатын мəселелерге қатысты зеттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл 

өз  ретінде  олардың  өзіндік  пікірлерін  қалыптастыруға,  өз  ойларын  қарсыластарының  көзқарастарымен  

салыстыра  отырып,  ойын  барысында  қорғауға  үйренеді.  Пікірталас  жастардың  жан-жақты  білімдерін 

жетілдіріп,  мəдениет  деңгейлерін  көтереді.    Басқа  адамдарға  түсіністікпен  қарап,  олармен  санасуға 

үйретеді, əрі шешендік өнерге баулиды. 

       Пікірталасты  ұйымдастыру  əрі  құрылымды  жағынан  өте  күрделі  болып  келеді.  Оқытудың  басқа 

əдістерінен  мұның  ерекшелігі,  оқушылардың  жай  тыңдаушылар  қатарында  емес,  керісінше  қаралып 

отырған  мəселеге  олардың  белсене  қатысу  жағдайында  ұйымдастырылуы,  оған  ұжым  болып 

пікіралмасуы,  дербес  ойлай  білуге  дағдылануы  т.с.с.  болып  келеді.  Соның  негізінде  оларды  сөйлей 

білуге,  өз  ойларын  еркін  жеткізіп,  дəлелдей  білуге,  жолдастарының  пікіріне  сын  көзбен  қарай  білуге 

үйретеді.  Пікірталасты  ұйымдастырудың  барысында  оқушылардың  дүниетанымы  кеңейіп,  сенімдері 

артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.  

     Ол  əдіс  арнайы  алдын-ала  дайындалған  оқу  бағдарламасындағы  теориялық  сұрақтарды  еркін  əңгіме 

ету, эвристикалық əңгімеден туындап, “жағалауға шыққан” пікірталасқа айналады. 

     Ендеше бізде, пікірталас технология тұрғысынан қалай сипатталады деген сұрақ туындайды? 

      Біріншіден,  пікірталас  –  пікір  аласу  кезінде  туындайтын  əртүрлі  ойлардың  арасында  қызу  күрес 

жүретін  сөз-əрекеттік  диалогтық  формасы.  Мұнда  əңгімелесу  кезіндегідей  ой  алмасу  қарқынды  түрде 

еес, əртүрлі темпте өтілуі мүмкін. Бұл əдістің басты ерекшелігі – пікірталасқа түсіп жатқан адамдардың 

ой-пікірлері қайдан алынғаны белгісіз емес, нақты жəне дəлелденген болып келеді. 

     Екіншіден, психологияда ой-пікірлердің тоғысып, олардан пікірталас жаңа бір нəрсе шығарып, кейін 

ол  да  тіптен,  өзгеше,  дара,  айтысатындай  ой  туындайтыны  қызықты.  Бұл  жердегі  пікірталас  пен 

ойлаудың арасындағы себеп-салдарлық өзара қатынасты Л.С.Выготский зерттеген. 

     Əдетте, ой қорытындысынан шешім шығарылып, сондықтан да ойдың алуандығы пікірталас туғызса, 

ал бұл жағдайда керісінше: пікірталас жаңа ой тудырып, ойлау процесін белсендетеді. 

      Иновациялық  білім  беру  əдістемелерінің  ішінде  пікір  сайыс  технологясы  тиімді  құралдардың  бірі.  Бұл 

бағдарлама  Қазақстанға  1996  жылы  “Сорос”  қорының  Карл  Поппер  форматы  бойынша  өткізген  бастапқы 

семинарларының  арқасында  келген.  Аталған  бағдарламаның  əдістемесі  қазақстандық  ұстаздардың 

тарапынан жай қабылданып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық жалғасын да тапты.  

       Бағдарламаны ілгері дамыту жəне оның ауқымын кеңейту мақсатында 1998 жылы “Ұлттық Пікір Сайыс 

Орталығы” Қоғамдық Қоры  құрылған.  

     Бүгінде  “Пікір  сайыс”  бағдарламасы  оқытудың  басқа  иновациялық  əдістемелерімен  қатар  қанатын  кең 

жайып, Қазақстанның əрбір обылысын қамтыды.  

     Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік рухани азаматтық жəне 

басқа  да  көптеген  адами  қабілетінің  қалыптасуына  игі  əсерін  тигізеді.  Өзін-өзі  дамытып  оқыту-тəрбие 

үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.  

       Қазіргі  таңда,  білім  жүйесінде  үлкен  салмақ  оқушының  өзіне  түседі.  Пікір  сайыста  оқушы  мұғалімнің 

түсіндіргенін  ғана  меңгеріп  қана  қоймай,    мұғалімман  тікелей  пікірталасқа  көшеді.  Оқушы  белсенді  рөл 

атқарушы  емес  жетекші  позицияны  ұстады.  Ол  əлемді  тануға,  белгісіздікті  анықтауға  өзі  жауап  іздейді,  ал 

білімді ол əртүрлі жерден табуы мүмкін шешімдеріде əр оқушыда сан түрлі болады. Тапқан шешімін нақты 

ақиқат деп қабылдамай ізденісті əрмен қарай жалғастырады. Пікір сайыс шығармашылық тұлғаның дамуына 

үлесін қосқаннан басқа, бүкіл іс-əрекетті білімге негізделген тұлға тəрбиелейді.  

     Пікір  сайыс  оқыту  мен  тəрбие  үрдісіне  маңызды  өзіндік  рөл  атқарады  .  “Цивилизацияның  аса  маңызды 

міндеті  –  адамды  ойлай  білуге  үйрету”  –  деп  Эдиссон  атап  көрсеткендей,  пікір  сайыс  оқушылардың 

өздігінен  қалыптасқан  логикалық  интуициясының  тереңдей  түсуіне,  дəйекті  жəне  дəлелді  ойлау  мен 

пайымдау дағдыларын қалыптастыруға көмектееседі. 

       Бірін-бірі танып, ойындарда бір-бірімен сұхбаттасып , ал қалалық турнирлерге қатысқанда, бірлесіп 

дайындық  өткізу  барысында,  сабақ  арасында  да,  сабақтан  тыс  уақытта  кітапханаға  бару,  ортақ  мақсат 

оларды достастырады. Бос уақыттарында олар кездесіп, ой бөлісіп, бір-біріне қол ұшын береді. 

     Қорыта  келе,  пікір  сайыс  ұлттық  ерекшелігімізге  сай  келетін  бірден-бір  жаңа  педагогикалық 

технология, оны үш түрлі бағытта пайдалануға болады: 

1.  Оқу үрдісінде. 

2.  Тəрбие сағаттарында 

3.  Сыныптан тыс уақытта, дебат клубында. 

Пікір сайысты оқу үрдісінде қолданудың пайдасы өте жоғары, 

өйткені:  

- Пікір сайыс – философиялық, психологиялық, саяси лингвистикалық ғылым. 

Ол жаңа оқыту, дамыту технологиясы. 



Интелектуалдық тұрғыда нені талап етеді? 

жоғары интеллектуалдық мүмкіндіктер; 



қызығушылық, ынта; 

білім қоры; 



оқушы - өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбенқарайды; 

ойлануға, зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дəлелдеуге үйренеді; 



ашық, əсерлі, нақты сөйлейді; 

логикалы, жүйелі ойлауға, ой қорытындысын жасай алады; 



достық, ұстамдық, пікір сыйлау, құрметпен қарауға дағдыланады; 

шешендік дағдысы жетіледі; 



белсенділік, инициатившілдік дамиды. 

 “Пікірталас бəсекесі – үйренуге, үйретуге тұрарлық өнер. Өйткені, оқушының өз бетімен ізденіп, білім 

алуын  жəне  шығармашылық  белсенділігін  арттыруын  көздейді.  Саяси  сауатты,  еркін  көзқарасы  бар, 

демократиялы  қарым  -  қатынасқа  қалыптасқан  қоғамдағы  тұлға  өсіп  жетіледі.Сондықтан  да  пікірталастың 

интерактивті оқыту технолгияларының ішіндегі ең тиімдісі деп танылуы бекер емес”. [3;27] 

              “Миға  шабуыл”,  “ойға  шабуыл”  (мозговая  атака)  немесе  “миға  батыл  əрекет”  (мозговой  штурм) 

əдісі мен термині ең алғашында Сократтық эвристикалық Диалогты негізге ала отырып жасалынған. 

      1983 жылы ірі жарнамалық компания иегері Алекс Ф.Осборн өзінің фирмасында кейін қызметкерлерімен 

“миға  шабул”  деп  атап  кеткен  əдісті  тəжірибеленген.  Миға  шабуыл  кезінде  кез-келген  идеялар  тыңдалына 

беріп айтылған ойда ешкімге, сынап, келеке еткізілмеген. Айтылған пікірлердің барлығы қағазға жазылып, 

келесі жиналыста талқыланған. 

      Фирма  жетекшілерін  миға  шабуылдың  жемесі  керемет  идеялардың  көптеп  пайда  болуы  бірден 

таңырқатқан.  Əдістің  сəттілігі  соншалық,  ол  50  жылдарда  барлық  Американдық  корпорациялардың  басты 

қаруы бола бастаған. 

      Тікелей  “миға  шабуылдау”  ұжымдық  тапсырмаларды  шешуде  идеяларды  өңдеу  əдісі  болып  табылады. 

Бұл  əдістің  мақсаты  –  шығармашылық  тапсырмаларды  шешу  барысында  қалыпты  ойлау  инерциясынан 

айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру. 

      Бұл əдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау жəне 

мысқылдауға  мүлдем  тыйым  салынады.  Əдіс  нəтежиесінің  сəттілігі  пікірталастың  жүргізушісіне  тікелей 

байланысты болып келеді.  

     Əдіс ұзақтығы əдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 

2  кезеңде  жүреді.  Бірінші  кезеңде  жалпы  ұсынылған  идеялар  арасынан  ең  рационалды  идеялар  таңдап 

алынса,  екіншісінде  солардың  ішінен  шығармашылық  тапсырмалар  мақсатын  қанағаттандыратын  ең 

оптималды нұсқасы таңдалынады. 

    “Дөңгелек үстел” əдісі саясат жəне ғылым жағынан педагогикалық келген əдіс. Əдетте, “дөңгелек үстел” 

саясат  пен  ғылымның  əртүрлі  саласының  өкілдерімен  белгілі  бір  проблеманы  талқылап,  шешу  үшін 

ұйымдастырылады.  Бұл  əдісте  пікіралмасу  белгілі  бір  пікірлердің  сəйкес  келуіне  мүмкіндік  береді,  ал  ол 

болашақ  жұмыстануда  жалпы  қорытындыны  анықтаудың  қызметін  атқарады,  содан  келіп  қоғамымыздағы 

саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге немесе ғылыми ақиқатты табуға болады. 

     “Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мəселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: 

таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.[4;20]  

    Қысқаша айтсам, психолгияны оқытуда “дөңгелек үстел” əдісі əртүрлі формалы болады. Егер ең маңызды 

шартты ескерсе жəне оны мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде жан-жақты саналы түрде сезінсек, теориялық 

проблемаларды  шешуде  əртүрлі  аспектілі  позиция  мен  көзқарасты  сараманда  жүзеге  асырылады.  Егер 

мұндай  қажеттілік  болып,  я,  болмаса  жəне  ол  барлық  жағынан  саналы  түрде  қаралмаса,  онда  "дөңгелек 

үстел"  əдісі  əдеттегі,  əрбіреу  тек  өзіндік  ойын  білдіріп,  консенсус  туындатпайтын  жай  ғана  жиын  болып 

есептеледі. 

     “Іскерік ойын” əдісі. Бұл əдіс өзінің жоғары дəрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық 

үйлесімділігімен ерекшеленеді. 

     Ресей  психологтары:  “”Ойын  –  бұл  шартты  жағдайларда  ғылым  жəне  мəдениет  заттарымен  əлеуметтік 

бекітілген əдістерде қоғамдық тəжірбиені қайта жаңғыртып, меңгеруді жүзеге асыратын формасы”,-дейді. 

      Іскерлік ойын əдісі ең алғашында білім беру жүйесінде емес, тəжірибелік басқару саласында алыптасқан. 

Бүгін  де  іскерлік  ойын  əдісі  тəжірибенің  əртүрлі  аймақтарында:  зеттеу  жұмыстарында,  жобалық  өңдеу 

процесінде,  шынайы  өндірістік  жағдаяттарда  ұжымдық  шешім  шығаруда,  сонымен  қатар  əскери  салада 

қолданылады.  Айта  кетсек,  іскерлік  ойынның  болашақ  үлгісіне  негіз  болған,  ұрыстың  шарты  мен 

əрекеттерін  суреттейтін  əскери    ойындардың  жағдаяттардан  тұратын  əскерлерді  ұрысқа  дайындау 

мақсатымен құрылған ерте заманна келе жатқан “əскери ойындар” екен. 

     Бұл  əдіс  негізінен  еліктеу,  сипаттау,  көрсету,  образға  кірудің  көмегі  арқылы  оқушылардың  бойына 

басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады. 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет