Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№6 дəріс  тақырыбы:  Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивтік əдістерді қолдану жолдары



жүктеу 0.92 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата25.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№6 дəріс  тақырыбы:  Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивтік əдістерді қолдану жолдары 

1. Студенттердің тұлғалық дамуын жүзеге асыратын интерактивті оқыту моделі 

2. Кредиттік оқыту жүйесіндегі интерактивті дəрісті ұйымдастыру жəне жүргізу бағыттары 

Кредиттік  технология  жүйесінің  негізі  оқытушы    мен  студенттердің  бір  –  біріне    үлкен    сенім 

артуында,  яғни  білім  жөнінде    сенім    кредиті    болу    керек.  Студент  өз  бетінше  оқып  келіп  оған  берілген  

білім  кредитін  өтеуі  керек. Бұл  жүйе  АҚШ,  Жапония сияқты дамыған елдерде енгізілген.   

Қазақстанда  кредиттік  оқу    жүйесіне  көшудің    алғашқы  нəтежелері  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының  (СӨЖ)  ролін  күшейту  керектігін  көрсетті,  себебі  аудиториялық  сабақтардың  санын  тиімді 

түрде  кеміту  жəне    мəселені  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  негіздеу  шəкірттердің  білімін  өз  бетінше 

көтеруіне  жəне  өз  бетінше  дамуына,  сын  көзқарас  пен    ойлау  қабылеттерін  арттыруына  зор    ықпалын  

тигізері  сөзсіз.  Студент  үшін  кредиттік  жүйе  бойынша    оқытудағы  ең  маңызды  нəрсе  пəннің  жұмыстық 

бағдарламасы (силабус) болып табылады. 

Кредиттік  жүйе  бойынша  студент  бұрынғыша  конспект  жазбайды,  оның  мазмұны  белсенді 

таратылатын  материалда  (БТМ)    болады.  Студенттің  өз  бетінше  орындайтын  жұмыстарының  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  аудиторияда  өткізілетін  əрбір  2  сағатқа  сəйкес  студенттердің    оқытушының 

жетекшілігімен  орындайтын  өзіндік    жұмысына    1  –  2    сағат  бөлініп  отыр.  Бұл  сағаттар    сабақ  кестесіне 

енеді  жəне  оқытушының    журналына  жазылады.  Оқытудың  кредиттік  жүйесін  енгізу  экспериментінде 

студенттің  білімін  бағалау  екі  түрлі  маңызды    функция  атқарады.  Оның  біріншісі  студенттерді  үлгерімі 

бойыншаесепке  алу,  екіншісі  оқытудың  мəнін  анықтау.  Студенттердің  білімін  тексеру  мен  бағалау 

студенттердің  білімді    қаншалықты  игергеніне  сəйкес  түрде  жүргізіледі,  сонымен    бірге  оқытушының 

қызметінің қаншалықты нəтежелі болғанын білдіреді. 

  

Оқудың кредиттік жүйесі бойынша курстан курсқа көшудің орташа балы əрбір жоғары оқу орнында 



өз бетінше анықталады.  

Студенттің  өзіндік    жұмыс  тапсырмаларын  екіге  бөліп  қарастыруға  болады.  Оның  біріншісі-  лекция 

сабақтарына  дайын  болу  үшін  қажетті  əдебиеттерді  оқу,  термендер  мен  түсіндірме  сөздерден  глоссарий 

түзу,эссе жазу т. б.  

Екіншісі  –  əрбір  пəннің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  белгілі  бір  білім  мен  уақыт  көлемін 

қажет  ететін  арнайы  тапсырмалар.  Мысалы:  презентация,топтық  жəне  жобалар.  Т.б.  Соңғы  жылдардағы 

практика  көрсетіп  отырғандай,  студенттердің  өзіндік  жұмыс  тапсымаларының  көптеген  түрі  қолданылып 

жүр.  


Интерактивті  оқыту  үрдісінде  оқу  диалогының  сөздік  емес  жəне  сөздік  тəсілдерін  қарастырып 

көрейік. 

Сөздік емес оқыту тəсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады. 

- визуальді 

- акустикалық жəне  т.б. 

Интерактивті оқытудың сөздік тəсілдеріне мыналар жатады: 

- ашық сұрақтарды қою іскерлігі біріккен  «  дұрыс» жауапқа алдын-ала бағытталған жауаптар емес, мəселе 

бойынша əртүрлі көзқарастарды айту; 

-  мұғалімнің    өз  тұғырын  өзара  əрекеттесуде  анықтаушы  ретінде  емес,  сонымен  қатар  студентерге  сабақ 

барысында  « дұрыс» жəне «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына  мүмкіндік беретін 

бейтарап ретінде анықтауы; 

-  сабақтың  қалай  жəне  неге  жүзеге    асатынын  түсінуге  көмек  беретін  сабақты  өзіндік  талдауға  дайындық, 

қай жерде өзара əрекеттесу  «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен  байланысты болды, келешекте қалай 

шешуге болды; 

- сабақтың өту жағдайын, оның нəтежелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу. 

Интерактивті  оқыту  əдістерінің  түрлері:  топтармен    жұмыс,    оқу  пікірсайысы  (Сократтық 

диологтар),  «ойындық  жобалау,  «  ми  шабуылы»,  «пікірталас»,  «дөңгелек  үстел».  Енді  осы  əдістерді 

қолданудың əдістемесін қарастырамыз. 



Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Əрбір топша 

аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады. 

1 кезең.  Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни студенттер оқулықтың 3-

4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға жəне 

өткізуге 15 – 20  минут уақыт беріледі. 

2  кезең.  Жұппен  жұмыс.  Əрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты  белгімен  бейнелейміз.  Төрт  адам  – 

алфавиттің  төрт əрпімен А, Б, В, Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде əрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. 

Мыс;  А – Г, В – Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі  жұптардың 

ортақ шешімге келуіне əкелу. Уақыты – 10 минут. 

3  кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі  жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны 

өзгермейді.  Бұрынғы  жұптардың  өкілдері  жаңа  əріптестеріне  мəселені  өзіндік  шешудің  жолдарын  жəне  

жаңарту  мүмкіндіктерін  іздестіреді.  Уақыты  –  10  минут.  Осылайша  топтың  əрбір  мүшесі  басқаның  пікірін 

тыңдауға  мүмкіндік  алады,  мəселені  қалай  түсінгендігін  білдіреді,  мəселенің  табылған  шешімін  қорғай 

білуге үйренеді. 

4 кезең. Топтық шешімді қабылдау. Əрбір төртік жиналады. Топ мүшелерінің  мəселені əдістерінен 

хабары  болса  да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ  жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, 

сонымен  қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары 

мүмкін)  назар  аударылады.  Ізденуге  10  минут  уақыт  беріледі.  Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни  ақпаратты 

белсенді  меңгеруге  бағытталған  біріккен  іс  –  əрекет  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Əсіресе 

бұл  өзгелерден  қысылатын  студенттерге  көмектесіп,  студенттердің  өзін-өзі  бағалауына  жағымды  əсер 

етеді.Бірақ, барлық əдістер сияқты бұл əдістің өзіндік кемшіліктері бар. Мəселен, студенттер шағын топтың 

пікірімен  ғана  санасып,  тұйықталып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  өзара  əрекеттесудің  жаңа  формасы 

«Мозайкаға» көшуге болады. Бұл əдістің мəні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді 

ортағашығаруынан  тұрады.  Бұл  əдістің  мазмұны  (мəселесі,  тақырыбы,т.б)  алдыңғы  əдістермен  бірдей. 

Алайда , бұл  əдістің ерекшелігі мəселенің топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады. 

1 кезең. Шеңбер ішінде мəселені шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мəселе 4 адамнан тұратын 

кіші  топтардың  ішінде  шешіледі.  Əрбір  қатысушы  талқылаудың  (15  –  20  мин.)  соңында  сол  топтың  ортақ 

шешімінің жоспарын білуі керек. 

2  кезең.  Адамдар  арасында  мəселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да  кезеңнің  аты  кейінгі    əрекеттерді 

көрсетеді.  Алдыңғы  топтар  уақытша  таралып,  жаңадан(əріптік  бірлік)қағидасы    бойынша  құрылған 

топтар(А-А-А-А)келеді. Əрбір жаңа  топтың   қатысушылары өзінің мəселені шешу  жолдарын ұсынып, өзге 

топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ жəне тиімді шешім таңдалады. 

3  кезең.  Жаңа  шешімді  іздестіру.  Алғашқы    топтар  қайта  құрылып  бірігеді.  Бұл  біріккен  ізденісте 

бір  оқшауланған  топтың  жұмысымен  салыстырғанда  объективті  шешім  анықталады.  Уақыты  15-20  минут. 

Бұл өзара əрекетте əрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. Сабақты 

интерактивті түрде  өткізген кезде  студенттер тек қана  бақылаушы болып  қатыспай, қиын мəселерді де өз 

бетінше шеше алатын болады.  

Конференцияның  бұл  түрін  «Дөнгелек  үстел»,  «Ойға  шабуыл»,  «Дебат»,  «Фокус-топ»  жəне  т.б. 

оқыту формаларын қолдану арқылы ұйымдастыруға болады. 

 

№7  дəріс тақырыбы:  Педагогиканы оқыту технологиясы. 

1.  Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар. 



2.  Оқытудың инновациялық технологиясы. 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мəселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде 

оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың əртүрлі технологиялары жасалып, мектеп 

тəжірибесіне  енгізілуде.  Педагогикалық  технологияға  алғаш  анықтама  берген  ғалымдардың  бірі  – 

орыс  ғалымы  В.П.Беспалько.  Оның  жеке  аспектілері  мен  түрлері  В.М.Монахов,  М.В.Кларин, 

П.И.Третьяков,  И.П.Сенновский,  Г.А.Монахова,  М.А.Чошанов  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде 

қарастырылған.  В.П.Беспалько  “Педагогикалық  технологияны  –  практикада  іске  асатын  нақты 

педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен.  Ол педагогикалық  жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал 

ететін  арнайы  ұйымдастырылған,  мақсатты,  бір-бірімен  өзара  байланыстағы  əдіс-тəсілдер  деп 

қарастырады. 

 

«ХХ1 ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген Президентіміз Н.Ə. 

Назарбаевтың  18  ақпан  2005  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдануында.  Бұл  мəселе  жалпы  білім 

беретін  мектептерге  байланысты  айтылып  тұрғаны  белгілі.  Кез  келген  мектептен  толыққанды 

сапалы  білім  алған,  оның  бағдарламасын  толық  меңгерген  оқушыдан  болашақта  жақсы  маман 

білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХ1 ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне 

сенімді азамат тəрбиелеуді талап етіп отыр. 

 

Мектепте  жұмыс  атқаратын,  яғни  балаларға  жүрек  жылуын  беріп,  оларды  білім  нəрімен 

сусындататын əрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс-

əрекетін  қалыптастырып,  оны  меңгеріп,  сол  жаңа  педагогикалық  технологияларды  оқу-тəрбие 

үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет /22;22/. 

Технология  дегеніміз-  қандай  болса  да  белгілі  бір  іске  қолданылатын  қабылдаулардың 

жиынтығы. Технология – оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі. 

Педагогикалық  технология  дегеніміз-  тəжірибеде  жүзеге  асырылатын  белгілі  бір 

педагогикалық  жүйенің  жобасы,  ал  педагогикалық  жағдайларға  сай  қолданылатын  əдіс-тəсілдері, 

оның құрамды бөлігі ғана. 

 

Жаңаша  оқытудың  негізгі  мақсаты  оқушыға  деген  сенімді  бағыт  беру,  түзету  енгізу.  Жаңа 

технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн: 

 

- қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру; 

 

- əдістеме мен технологияның сабақтастығы. 

 

Бастысы: 

 

- оқушының өз бетінше іс-əрекет жасау тəсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді 

бірітіндеп азайту. 

 

- мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы. 

 

Жаңа  технологиялардың  түрлері  жетерлік.  Алайда  жаңа  технологиялардың  мына  түлері 

біздің мектеп оқушыларына тиімді нəтиже береді: 

 

- бағдарламалы оқыту; 

 

- профильді жəне кəсіптік бағдар беру; 

 

-тірек конспектісін қолдану; 

 

диалогтік əдістеме; 

 

- модульдік технология; 

 

- семинар сынақ; 

 

- өз бетімен білім алу; 

 

- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. 

 

Шығармашылық тапсырманы орындау. 

 

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың 

əдіс-тəсілдерін  үнемі  жаңарту  жəне  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеру 

мұғалімнің  зейін-зерделік,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  жəне  басқа  да  көптеген 

ұстаздық  қабілетінің  қалыптасуына  игі  əсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тəрбие  үрдісін  жүйелі 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

 

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады. 

 

1-кезең – оқып үйрену. 

 

2-кезең – меңгеру. 

 

3-кезең - өмірге енгзу, тəжірбеде қолдану. 

 

4-кезең – дамыту, нəтижесін тексеру. 

      Б.Т.Лихачев  “Педагогикалық  технологияны  оқу  үрдісіне  белгілі  бір  мақсат  көздей  отырып  əсер 

ететін  педагогикалық  нəтижеге  жетелейтін  бір-ліктердің  жүйесі  ретінде  көрсетеді,  үнемі  өзгеріп 

отыратындығын айтады”. 

      М.В.Кларин  “Педагогикалық  технология  –  бұл  педагогикалық  мақсатқа  қол  жеткізу  жолындағы 

қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы жəне істеу 

реті”, деген анықтама ұсынды. 

      М.А.Чошановтың  анықтамасы  бойынша  “Оқытудың  технологиялары  –  дидактикалық  жүйенің 

процессуалдық  құрамдас  бөлігі”.  Ал  В.М.Монахов  “педагогикалық  технологиялар  –  оқыту  процесін 

жобалау, ұйымдастыру жəне өткізудің ойластырылған моделі” деп көрсеткен. 

[22;3-7]


 

 

№8 дəріс тақырыбы:  Ойындық технология 

1.  Ойындар жөнінде теориялар мен түрлері 

2.  Ойындық педагогикалық технологиялар  

      Мұғалімнің  үнемі  ізденіп,  өз  шеберлігін  жетілдіріп,  оқытудың  жаңа  түрлері  мен  əдістерін  іздестіруі 

қажет.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мұғалімнен  сабақ  кезінде  оқушылардың  білімге  деген 

қызығушылықтарын арттыру жолында ерекше жағдай туғызу қажеттігін талап етеді. Сабақта оқушылар тек 



жаңа  материалды  оқып,  есте  сақтап  қана  қоймай,  өмірдің  түрлі  бағалы  тəжірибесінен  үйреніп,  əлемдік 

зерттеу  ақпараттарымен  танысып,  солармен  біте  қайнасып,  бағалай  білуге  үйренсе  ұстаз  еңбегінің  зая 

кетпегені деп білемін. Əр ұстаз өз сабағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пəніңді 

жақсы білгенің жеткіліксіз, ұстаз жақсы əңгімешіл болуы қажет. 

      Оқушылардың  күнделікті  оқу  материалын  қабылдауын  қызықты  да,  тартымды    ететін,    олардың  

шығармашылық  ізденісін  шындай  түсетін,   оқу  үрдісінен  бірден-бір  тиімді тəсілі - ойын технологиясы 

болып табылады. 

      Ойын  тəсілдері  таным  қызметінің  эмоционалды  жəне  тиімді  жаңа  жақтарын  біріктіреді.  Бұл  бала  үшін 

табиғи  дұрыс  тəсіл.  Ойын  кезінде  бала  өзінің  нақты  тынысын,    шынайы  табиғатын  танытады.  Бұл 

оқушының  оқуға  деген  ынтасын  арттырып,  ойлау    қабілетін,  қиялын  дамытады.  Ойын  –  шығармашылық 

ізденіске  жол  бастайды,  қабілетін  қалыптастырады.  Бұл  жерде  белгілі    ғалым  психолог  Д.Б.Элькониннің 

айтқаны  ойға  оралады:  “ойын  -  баланы  ешкім,  ешқашан  үйрете  алмайтын  нəрсеге  үйретеді.  Бұл  нақты 

өмірге,  кеңістікке,  құбылыстарға,  адамның  іс-əрекетіне  бағдар  беретін  зерттеу  тəсілі.  Ойын  үрдісі  кезінде 

балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, əлемді танып-білуге бағалауға үйренеді”. 

[24;225-228] 

      Ойынның  ұйымдастырылуы  оның  негізгі  арқауынан:  өткізілу  орнын,  уақытын,  қатысушыларды 

айқындаудан  басталады.  Бұл  үшін  тақырыптық  күнтізбе  жоспар  құру  кезеңінде  əр  түрлі  сабақтарда 

ойындарды қолданудың перспективалары айқындалады. 

      Сабақ  жоспарларын  қарастыру  кезеңінде  ойынның ережелері құрылады, атрибуттары  дайындалады. 

Бұл процеске оқушылар да тартылады. 

      Ойынды əрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді, өйткені  қызығушылық-шарттылық  

жағдаят  туғызу  арқасында  əрекет  ойын өзгешелігіне айналады. Сондықтан керекті шарттарды не арқылы 

туатынын ескере отырып, ойындарды топтарға бөлуге болады. 

      Қазіргі  кезең  əр  мұғалімнің  алдына  оқушының  қыбілеті  мен  мүмкіндігін  ескере  отырып,  осы  заманғы 

алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдануды талап етеді. Мұғалім өз тəжірибесінде жалпы топқа ғана 

білім беру емес, əр баланың санасын ажеткізу үшін еңбектенеді. 

      Ойын  технологиясы  арқылы  оқытудың  əр  деңгейлігіне  жəне  оқу  үрдісінің  негізгі  міндеті  жаңа 

материалды оқып үйренудің барынша тиімді нəтижесіне қол жеткізуге болады. 



 

№9 дəріс тақырыбы:   Жобалау əдісі. 

1.  Жобалау əдісі. 

2.  Жобалау типтері. Оларды құрылымдау. 

Əлуеметтік  табиғи  ортамен  жанама  өзара  əрекеттесу  процесінде  стандартты  емес  жағдайларда 

алынатын  білім  мен  біліктердің  қолданылуы  жобалау  əдісі  негізінде  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Оқытудың 

бұл əдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап əлемнің көп 

елдерінде  сəтті  қолданыла  бастады  .Ресейде  бұл  əдісті  алғаш  қолдануға  əрекет  жасаған  С.  Т.  Шатскийдің 

клубы  болды.Жобалау  əдісі  –ұғылықты  толық  нəтижемен  айақталуы  керек  балалар  анықтаған  немесе 

педагог  ұсынған  мəселені  деталъдық  өңдеу  арқылы  дидактикалық  мақсатқа  жеткізу  əдісі.  Ол  нəтижені 

ақиқат тəжірибелік  іс əрекетте көруге ұғынуға болады. 

  Мəселені  шешу  бір  жағынан  оқытудың  турлі  əдіс,тəсілдердің    бірлігін  қолдануды,екінші  жағынан 

білім,біліктерді  интеграциялау,ғылымның  түрлісалаларынан  білімді  қолдануды  талап  етеді.Жобалау  əдісі 

бойынша жұмысқандайда бір мəселенің  болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу əрекеті жоспарлау 

болжамның  болуы,ролъдің  бөлінуін  қарастырады.Жобаның  тематикасы  оқу    процесін  дифференциялау 

процессі,сол  сұраққа  қатысты  жеке  оқушының  білімін  тереңдету  мақсатында  оқу  бағдарламасын  ың 

қандайда  бір  теориялықсұрағына  қатысты  болуы  мүмкін.Дегенмен  көп  жағдайда  жобаның  тақырыбы 

практикалық  өмір  үшін  өзекті,шығармашылық  ойлау,зерттеу  жəнепрактикалық  дағдыларды  талап  ететін 

сұраққа қатысты болады.Осылайша  білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау əдістерінің маңызды 

мақсаттарының  бірі  оқуменпрактиканың  толыққанды  байланыстылығы  классиканың  дидактикалық 

принципін жузеге асыру, 

    

Жобалау əдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданнылуы мүмкін. 



  - Білім,білік дағдылардын практикалықмəнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі. 

  -Өз бетінше индивидуалъды жəне топтық іс-əрекет əдістерін меңгеруі. 

  -Танымдық жəне шығармашылық қабілетті дамыту. 

  -балалардың кəсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру. 

   

 Жобалар  алуан  түрлі,олардыңжіктемесі  түрлі  негізде  болады.Жобада  басымдылық  танытқан 



міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбалы. 

  

Əдістемелік  жобалар-ақпаратты  жинау  жəне  талдау,мəселені  анықтау  жəне  қою,міндет  қою.Бұл 



жағдайда ақпарат əдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен 

қатар қажет қай əдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды. 

  

 Жобаға  қатысушылар  осы  міндеттерді  шешу  бойынша  іс-əрекеттердің  бағдарламасын  өздері 



жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-əректтің заттықнəтижесін 

балалар 


жинаған,доклат,стенд,электрондық 

презентация 

түрінде 

 

ұсынған 



ақпараттар 

құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық  жəне  қолданбалы  жобалар-педагог  ұсынған  немесе  алдыңғы 

ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу. 


  

Зерттеушілік 

жобаларды 

орындау 


барыснда 

балалар 


ақпаратты 

жинау 


жəне 

талдау 


əдістерінқандайда бір ғылым саласында қолданылатын экспериментті жүргізу əдістерін меңгереді.Балаларға 

қосымша  білім  беретін  мекемелерде  оқушылардың  зерттеушілік  жобалары  нəтижесі  ғылымжəне 

практикалық мəнге ие мəселелерге қатысты өткізіледі. 

 

Балаллардың  шығармашылық  жəне  қолданбалы  жобалары  өнер  немесе  техника  саласында  нақты 



өнім жасауға бағытталған. 

  

Өнер 



саласындағы 

балалардың 

шығармашылығын 

жобалары 

қоғамдық 

бағытта,өйткені 

шығармашылық  өнімі  белгілі  бір  көрермендер  үшін  жасалады.Шығармашылық  қолданбалы  шаралар 

коммерциялық  сипатта  яғни  жасалған  өнімді  басынан  бастап  сатуға  бағытталуы  мүмкін.Мұндай  жоба  тек 

оқу-тəрбие  міндеттерін  ғана  емес,балаларға  білім  беру  мəселесінің  эканомикалық  міндеттерді  шешуге 

мүмкіндік  береді.Балалар  жобалары  пəндік  аймақта  менозапəндік  жне  пəн  болуы  мүмкін.Индивидуалды 

жобалардың орындалуындада оқу тобының ішінде қатынас болалды.Біріншіден əрбір индивидуалъды яғни 

жеке  жоба  ортақ  мəселенің  алтерънатифті  шешімдерінің  бірі  болып  табылады.Екіншіден  жобаны  орындау 

барысында  стихиялық  түрдегі  кооперация  болуы  мүмкін.Жобаның  орындалуының  кез-келген  кезінде 

ұжымдық  талқылау  жүреді.Өйткені  олардың  негізінде  бір  алгаритм  жатыр.Жобалар  педагог  жағынан 

басқару сипатына қарай өзгешеленеді. 

 

Сонымен  қатар  жүзеге  асыру  ұзақтығына  қарайда  өзгешеленеді.Ол  қысқа    мерзімді  жəне  ұзақ 



мерзімді болады. Балаларға қосымша білім беретін мекеме тəжірибелерінде жобалау əдісін қолдануға келесі 

талаптар қойылады. Бірінші талап – зерттеушілік жəне шығармашылық жоспарда мəселенің болуы.  

 

Мəселенің    шешілуінің  объективті  мəнділігі  елеулі  болмауы  мүмкін,  бірақ  міндетті  түрде  балалар 



үшін оның субъективті мəні болуы керек. 

 

Екінші талап – күтілетін нəтижелердің практикалық жəне теориялық мəнділігі болып табылады. 



Үшінші талап – балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкінділігі.  

 

Бұл  балаларда  қажет  білімін  жəне  біліктердің  болуымен,  физиологиялық  жəне  психологиялық 



қауіпсіздік жағдайының сақталуымен ақпарат көздерінің қол жетерліктей болуы, материал, құрылғылардың 

болуымен байланысты. 

 

Төртінші  талап  –  аралық  нəтижелерді  көрсете  отырып  жобаның  мазмұнды  бөлігінің  кезеңдерге 



құрылымдануы. Жобамен жұмыс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады. 

 

Біріншісі  –  ізденіс.  Оның  негізгі  қызметі-  жобаның    мақсаты  мен  міндетін  анықтау.  Бұл  кезеңде 



ізденіс  пен  мəселені  қалыптсатыру  жүзеге  асады.  Мəселені  педагог  меңгерілетін  тақырып  шеңберінде 

береді.  Ал  бала  ақпаратты  алдын-  ала  жинақтау  жəне  талдау  барысында  ұсынады.  Ол  үшін  балалар  келесі 

сұрақтар  қатарына  жауап  беруі  керек.  Мен  не  істегім  келеді?  Неге  мен  мұны  істегім  келеді?  Менің 

жұмысымның  нəтижесі  не  болады?  Осы  сұрақтарға  жауап  бере  отырып  бала  мəселенің  субъективті  мəнін 

ұсынады,  алда  тұрған  іс-  əрекеттің  мақсаты  мен  міндеттерін  нақтылайды.Бұл  көлемді  жəне  нақты  түрде 

жобаның тақырыбын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

 

Жобаның мақсаты анықталғаннан кейін ол міндеттерде, аралық мақсаттарда нақтыланады. Олардың 



орындалуы түпкі мақсатқа жетуге жеткізеді. 

 

Екінші кезең – келешек жұмысты жоспарлау. Бұл кезеңде балаларға келесідей сұрақтар қойылады. 



Ұсынылған  тақырыптардың  шешімі  қандай?  Олардың  əр  біреуін  қанша  уақытта  шешу  керек?  Əр  міндетті 

шешу  кімге  жүктеледі?  Жұмыстың  əр  кезеңін  орындау  үшін  қандай  материалдар  мен  құрылғылар 

қолданылады?  Əр  кезеңге  кімнің  көмегі  керек  жəне  оны  қалай  алуға  болады?  Əр  кезеңнің  нəтижелері  мен 

түсінікті  нəтиже  қалай  ұсынылады?  Жоспарлау  кезеңі  анықталғаннан  кейін  келешек  жұмыстың  жобасы 

жасалады. Онда мақсаты мен орындалу кезеңдерінің барлығы сипатталады. Зерттеушілік жобалауды əдетте 

жасөспірімдік  жастағы  балалар  орындайды.  Бұл  жерде  жүргізілетін  зерттеудің  жоба  жоспарының 

орындалуы орынды. Мұнда болжам, қолданлатын əдіс, бақылау жəне эксперимент жүргізу графигі, аралық 

жəне түпкі нəтиженің ұсынылу формасы көрсетіледі.  

 

Жоспарлау кезеңінде жобаның түпкі нəтижесіне қойылатын талаптар жасалады. Ол қалай жасалуы 



керек, қандай критериялармен бағаланады Бұл талаптарды педагогтың өзі өңдеуі немесе ұжымдық талқылау 

кезеңінде  өңделуі  мүмкін.  Индивидуальді  немесе  топтық  жобаларды  тəжірибелік  жүзеге  асырмас  бұрын 

оларды аудитория алдында қорғағаны жөн. Қорғау процедурасы кірістіреді: 

жобаны жасаушы адамның қысқаша жоба жөнінде сипаттама беруі; 



жарияланған жұмыстың орындалуы мен нəтижесіне жауапты адамдарға заттық символдар беру; 

үшінші  кезең  –  практикалық  (техникалық)  –  жобаның  кезеңдік  орындалуы,  аралық  нəтижелердің 



бағалануы, жұмыс барысын талдау, қажет түзетулер енгізу. 

Ол педагогпен жеке кеңес сериясы немесе дөңгелек стол түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.  

 Балалармен  жоба  əдісін  пайдаланудың  өз  ерекшелігі  бар.  Кіші  мектеп  жасындағылардың  жобалық  іс- 

əрекетін ұйымдастыру əдісін Т.В.Цветков өңдеді. Ол жоба əдісі мен ұзақ сюжетті – рольдік ойынның синтезі 

ретінде көрінеді.  

Жасөспірімдер  үшін  жобаның  іс-  əрекетті  ұйымдастырылудағы  маңызды  кезең-  жарысу  т.б.  Балаларға 

қосымша  білім  беретін  меемелерде  «Идея  жəне  іс  биржасы»  əдісі  қолданылады.  Ізденіс  кезеңі  мүмкін 

жобалар  жөнінде  идеяларды  жинақтау  идеялар  тематикасы,  іс  -  əрекет  түріне  қарай  топтастырылады, 

олардың «құны» - өзектілігі жəне орындалу қиындығы анықталады. 


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 0.92 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет