Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқуды айтады.Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі,бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.
Көрнекілік заттық, бейнелі,символдық болып үш түрге бөлінеді.Бастауыш кластарда, көбіне,заттық, бейнелі көрнекілік қолданылады.Ана тілі пәндері үшін символды көрнекіліктің ішінде таблица кеңінен қолданылады.Көрнекі құралдың қандай түрін болсада, мұғалім пәнге, зеріттелетін тақырыпқа оны өтудің кезеңдеріне сәйкес пайдаланылады.Қазақ тілі сабақтарында балалар оқулықтағы түрлі иллюстрациялық материалдарды қарастырып, оларды талдау жолымен заттарды,құбылыстарды таниды.Әр тақырыптың белгілі бөлімдерін өткенде мұғалім өзі жасаған карточка,таблица , схема сияқты көрнекі құралдарды көрсетеді.Оқу процесінде қолданылатын көрнекілікті негізінен көру арқылы қабылданатын нақтылы бейнелер деп түсінеміз.Солай бола тұрғанымен,көрнекіліктің сөйлеу, есту сезімдері арқылы қабылданатынын ескерген жөн.Бұл ретте айқын сөйлеудің, нақышына келтіре оқудың өнегелік мәні зор.Ал, турасын айтсақ, тұрақты көрнекілік- клас тақтасы.Тақта бетінде, оқушылардың көз алдында жазылған үлгінің, сөзбен сөйлемге жасалған талдаудың оқушылар санасында берік сақталатыны сөзсіз.
Поделитесь с Вашими друзьями: |