Оқытудың дидактикалық принциптері


Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципті



бет2/7
Дата17.02.2022
өлшемі48 Kb.
#17335
1   2   3   4   5   6   7
Жексембаева А.С 2 күн тапсырмасы
13.12.2021 (1), титулка, Бжб биология 9класс-1-конвертирован, 1 сабақ. зат молшері моль, 1 сабақ. зат молшері моль, 12 сабак Элементтердің өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы. Тыңайтқыштар, химия, есептер химия 8-11 сынып, 113chem11, ,бжб№2, Жексембаева А.С фитосоциялогия (wecompress.com), 14-сабақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық бастауы
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципті оқушыларға білім беру, сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады.Бұл принципті жүзеге асыруда, басқа пәндерге қарағанда, ана тілінің мүмкіншілігі мол.Сондықтан да К.Д. Ушинский ана тілін ұлы педагок әрі ұстаз депжоғары бағалап,оны мектепте оқылатын пәндердің негізгісі деп көрсетеді.Ана тілі сабақтарының әр қайысын жүргізерде оқушыларды тәрбиелеу мқсатына айрықша көңіл бөледі. Демек,оқыта тұрып білім берсек,білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетінде орындап отырамыз.Сабақ процесіне балалар коллектившілдіке тәрбиеленеді,яғни кластың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміздеп санап,жауап кершілікпен қарап,оны тындыруға үлесін қосады.Осы бір кезеңнің өзінен ақ оқушының коллектившілдік, бірлесіп еңбек ету сияқты жақсы сапа-қасйеттері тәрбиелене түседі.Ал,грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін сөз не сөйлем сияқты материалдардың және ана тілі оқу сабағының әралуан текстерінің идеялық,көрекемдік әрі ғылыми мазмұн-мәндері арқылы оқушылар адамгершілік,достық,жолдастық,патриоттық,қырағылық, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді.

Дидактикалық принциптің бірі - оқу материалын саналы меңгеру принципі. Білімді саналы меңгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере алады.Егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп түсінбесе,әр алуан ереже,заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып,дұрыс қолдана білмесе,онда ол білімді формальды түрде үстіртін ұғынғанға жатады.Себебі ондай білім саналы меңгерген білім емес,тек ереже,заңдылықтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау жолымен қабылданған білім болып табылады.



Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы әдеттенген шәкірт сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын қойып, ақыл-ойын іске қосып қажырлы еңбектенеді.Саналылық принципі дегннді осылайша түсінуге болады.Ал, оқушылардың жоғарыдай көп еңбек сіңіріп меңгерген білімінің саналы болмай шығуы да ықтимал.Осындай жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігінен немесе методикалық кемшілігінен басталады. Оған мұғалімнің жеке басындағы кемшіліктер де ықпал етеді.Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін міселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей,өзінің айтқанының бәрін ешқандай шүбә тудырмайтын бірден-бір дұрыс түсінік деп қабылдауға әдеттендірсе, онда оқушылардың формальды түрде білім алуға мәжбүр еткені.Мұғалімнің методикалық ұстамсыздығы балаларды теориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді.Сөйтіп мұғалімнің теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып алады.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет