Оқыту бағдарламасы (силлабус)



жүктеу 178 Kb.
бет2/3
Дата17.02.2022
өлшемі178 Kb.
#17324
түріБағдарламасы
1   2   3
силлабус Рим құқығы
силлабус Криминалды психологлия, жеке енбек %орауWord
1. Оқытушы туралы мағлұмат:

Жансултанова Гульназ Сериковна - «Гуманитарлық және құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.м.



2. Өтетін уақыты және орны:

Өтетін уақыты: 2021-2022 оқу жылының 1,2 семестрі

Өтетін орны: Орал қаласы, Победа көшесі 137 үй, 6 кабинет, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесі бойынша.

3. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: ҚР мемлекет және құқық тарихы. Мемлекет және құқық теориясы

Постреквизиттер: ҚР Азаматтық құқығы

4.Курстың жалпы сипаттамасы:

Рим азаматтық құқығының пәні. Рим құқығының қайнар көздері. Азаматтық процесс. Сот ісі туралы ілім. Рим құқығындағы адамдардың құқықтық жағдайы. Отбасылық құқықтық қатынастар. Иелену. Меншік құқығы. Біреудің затына құқығы. Міндеттемелік құқық. Шарттар және олардың жіктелуі. Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ауызша және консенсуалдық шарттар. Рим мұрагерлік құқығының негізгі институттары.



Курстың мақсаты:

Студенттерге Ежелгі Римнің құқық жүйесі мен азаматтарының құқықтық жағдайы туралы түсінік беру. Рим құқығының басқа заң ғылымдары саласында алатын ерекше орны туралы, маңызы мен мазмұны туралы түсінікті қалыптастыру.



Курстың міндеттері:

- рим құқығы курсын оқып-үйрену барысында студенттерге құқықтың барлық саласының негіздері бойынша білім беру;

- рим құқығының қайнар көздерімен студенттерді таныстыру;

- студенттерге заңдардың даму барысын және ҚР қолданыстағы құқық тиімділігін талдап, бағдарлай алу мүмкіндіктерін қалыптастыру;

Оқу нәтижесі:


  • Рим құқығының нормаларына негізделген құқықтық мәселелерді шеше білу,

  • Ежелгі Рим мемлекетінің қайнар көздері мен құқық жүйесін білуі керек;

  • Рим құқығын Қазіргі азаматтық заңдармен салыстырмалы түрде қарастыра білу;

  • Ежелгі Рим құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесі туралы білуі керек;

  • Ежелгі Рим отбасы құқығы бойынша туыстықтың түрлерін ажырата білуі керек;

  • студенттерге академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерінің негізі туралы түсінігінің болуы.


5. Білімді бағалау саясаты

Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.



Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы( бұдан әрі –СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескерілі отырып есептеледі.
Білімді бағалау шкаласы:


Бағаның әріппен белгіленуі

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші %

Дәстүрлі жүйеде бағалау

Анықтамасы

А

4,0

95-100

жүктеу 178 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет