Қоғамдық-саяси газет / Общественно-политическая газета Газет 2001 жылдың 7 тамызынан шыға бастады №41 (680)



жүктеу 452.69 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі452.69 Kb.
1   2   3   4

Светлана БУРАТАЙ.    

Өткен  ғасырдың  алпысыншы, 

жетпісінші    жылдарында    қазақ 

әдебиетіне  ауылдың  қасиетті  қара 

топырағына  аунап  өскен,  туған  жер 

мен  өскен  елдің  қадыр-касиетін  жете 

түсінетін, бойында жастық  жігері мен 

күш-қайраты  мол, тіліміздің мәйегіне 

қанық бір топ жас қаламгерлер  келіп 

қосылды.  Олар:  «Мен    ақын  едім!», 

«Мен  жазушы  едім!»  деп,    кеудесін 

кере  келген  жоқ.    Қайта,    ойы 

салмақты,  өресі  биік,  тілі  тұщымды 

шығармаларын қолтықтай келді. Жас 

шамалары  қарайлас  шығармашылық 

толқын    қаламынан  туған  алғашқы 

қарлығаштары  өлең-жырлары  мен 

бояуы  қанық    әңгімелері    оқырман 

жүрегінен берік орын алды.

Солардың  қатарында  «Құс тілінен 

тамған»  жыр  деп  ерекше  ат  қойып, 

ақындар  шоғырына  қосылғандардың 

бірі  –  Әбен  Дәуренбеков  еді.  Менің 

Әбен ағамен таныстығым  80-ші жыл-

дары  басталды.  Мінезі  жұмсақ    жай-

дары болғанмен, арқалы еді. Шамына 

тигендерге:  «Ой,  сен  не  деп  тұрсың-

ей!»,  деп    шыға  келетін.  Кескін- 

келбетіне  қарап,  ондай  қайсарлықты 

күтпегендер  абдырап  та  қалатын. 

Балажан  еді.  Өнерге  бейім,  шертпе 

күйлерді  беріле  тыңдайтын.  Сонан 

кейін  де  болар,  ұлы  Айдынды  жа-

стайынан  домбыра  тартуға  баулы-

ды.    Кейде  үйіне  бара  қалған  сәтте: 

"Айдын,  "Кертолғауға"  бір  басшы", 

деп  маңғаздана    қалатын  әдеті  тағы 

бар  еді.  Жеңгеміз  Қайжан  екеуі  тату-

тәтті  өмір  сүрді.  Жеңгеміздің  көңілі 

мен ұқыптылығын Әбен ағаның үстіне 

ілген  киімдерінен  байқар  едік.  Сұр 

костюм  шалбар,  көк    галстук  және 

көгілдір  жейде  киіп  келгенде  ағаның  

ұзындау  өсіріп  жіберетін  аққырау 

шашы қосылып, жарасып-ақ тұратын. 

Кейде екі қолын шалбарының  қалта-

сына  салып,  шалқая  қалатын  әдеті 

тағы  бар  еді,  жарықтықтың.  Мен  

жұмыспен Панфилов ауданына  ауыс-

тым. Бір күні сыйлас ағамыз телефон 

шалып, жағдайын айтты.

-    Ғалем,  (кейде  есімімді  осылай 

созыңқырап айтатын)   тәтең кішкене 

сырқаттанып  жүр.  Соған  орай,    ана 

Жаркент-Арасанға  жолдама  алдым. 

Енді  оған  жету  қиындау  болып  тұр,  - 

деді. Түсіне қойдым.

-    Онда  былай  болсын,  аға.  Мен 

сізге қазір машина жіберемін. Ол бүгін 

барып  Талдықорғанға  қонады.  Ертең 

сіздерді  алып  келіп,  Арасанға  орна-

ластырып қайтады, -  дедім. Жүргізуші 

жігіт  ылдым-жылдым  азамат  еді. 

Берілген тапсырманы орындап келді. 

Екі күннен кейін іздеп те бардым. Он 

шақты күн өткеннен кейін ағамыз Ара-

саннан телефон шалды. 

-  Арасаннан,    ағаң  ғой.  Жеңгең 

екеуіміз мына тірі пенденің аяғы жете 

бермейтін  жерге  жағдай  болмаса, 

келмей-ақ  қояйық  деп  едік.  Әкелдің. 

Енді бұл жерден қалай шығарымызды 



Аузын ашса, жақұт жыр

төгілетін ақтангер ақын еді

се,  аласыз  ба?  -  деген  сауалыма,  буыны 

босап,  қалқып-шалқып  отырған  шайыр 

«әй,  ол  келмейді  ғой»,  деп  күлімсіреп, 

«сен,  Құсайынның  «Ұршығын»  тауып  оқы, 

тұнып  тұрған поэзия», - деді. Құсайынның 

сол  «Ұршық» туралы жазылған өлеңін күні 

бүгінге    дейін  көзіме  шалынбады.  Ерғазы 

Манапұлынан  сұрап  едім,  «Менде  бір  топ 

өлеңдері  бар  қарап  көрейін  бар  болса  ай-

тамын»,  деді  де,  сол  кеткеннен  мол  кетті. 

2009  жылы  «Офсет»  баспаханасынан 

ақынның «Белжайлау» жыр жинағы жарық 

көрді. Осы кітапта Әбеннің «Құсайынға хат» 

деген  өлеңін оқыдым.

Хат жазбаймын Құсайын күнде саған,

Өзгемен де азырақ тілдесе алам.

Жалғызсырап  жалықтым, жабықтым деп,

Сен тұрғанда мұңымды кімге шағам.

Алынбайды жақынсыз жан қамалы,

Мезгілінде құсым да самғамады.

Гүл атты ма, Жаркенттің алма бағы,

Жыл  толыпты ат ізін  салмағалы.

Өседі адам, өмірден өшеді адам,

Сапырылды жалғанда неше ғалам.

Оң көзімен қараған кеше маған,

Үлкен-кіші жүр ме әлі есен-аман, -  дейтін 

ұзақ  жазылған  жырларына  қарап,  Әбен 

аға  мен  Құсайын  арасындағы  үндестікті 

байқадым.  Өмірінің  соңғы  жылдарын-

да    ақтаңгер  ақын  жиі-жиі    сырқаттанып 

қалатын  болды.  Ол  айтпаса  да  түсінікті 

еді.  Тіпті,  қарға  адым  жер  аттау  мұңға  ай-

налып, тәй-тәй басқан сәбидің күйін кешті. 

Сөйте  тұра,  орталыққа  жолы  түссе  бас-

па  орындарына  бір  бас  сұқпай  кетпейтін. 

Сондай күйде жүрген ақынның күйін көріп, 

70  жылдығы  атаусыз  қалмаса  екен  деген 

оймен  жыр  жазуға  тура  келді.  Кейіннен 

Ерғазы  Манапұлының  ұйымдастыруымен 

Панфилов ауданында және Талды ауылын-

да мерейтойы аталып өтті.



Айтақын БҰЛҒАҚОВ.

ЕРКЕЛІГІ БАСЫМ АҚЫН

білмей  отырмыз,  -  дегені  бар  ғой. 

Осындай    ұтымды  қалжыңмен  ай-

тылған  ұсынысқа не  дерсіз? Сол кез-

де  Жаркенттен  облыс  орталығынан  

АН-2  самолеті  қатынайтын.  Ерке 

ағамыз бен сүйкімді жеңгемізді  само-

летпен шығарып салуға тура келді.

1993  жылы    облысқа  сұлу  сөздің 

зергері  Оралхан  Бөкеев  келіп, 

«АҚҚҰС» 


қауымдастығын 

ұйым-


дастырды.  Осындағы  әріптестеріміз 

қауымдастықтың  тең  төрағалығына 

Әбен  аға  екеумізді  ұсынып,  сайлап 

жіберді.  Бір  күннен  кейін  кабинетке 

аға кірді. Ақылдастық. Қауымдастықты 

мемлекеттік  тіркеуден  өткізудің  жол-

дарын  айттым.  Кенет  орнынан  атып 

тұрған Әбен аға:

-  Айтқанды  өзің  жаса.  Тек  маған 

мөрін берсең болды, - деді де, шығып 

кетті. Күлдім де қойдым. Қауымдастық 

тіркеуден өтті. Жарғысы, банктік кітап-

шасы менде болды да, мөр ағада бол-

ды.  Керек  кезінде  келіп,  мөр  басып 

береді де, мөрдің «ақысын» алып кете 

беруші еді. Қауымдастықтың жұмысы 

енді  жанданып  келе  жатқанда  облыс 

орталығы Алматыға ауысты. Сонымен 

қауымдастықты  қайта  жабуға  тура 

келді.  Тең  төрағаның  үйіне  телефон 

шалып:

-  Аға,  заң  бойынша  қауым-



дастықтың  жарғысын,  мөрін,  банк 

кітапшасын  қайта  өткізу  қажет  екен. 

Не істейміз?, - дедім.  

- Қажетінің бәрін өткізе бер. Бірақ 

мөрді  бермеймін,  дегені  ғой.  Соны-

мен, мөрдің тағдыры осы күнге дейін 

беймәлім күйде қалды.

Гетенің:  «Балалығын  жоғалтқан 

ақын,  ақын    емес»,  деген    сөзі  бар  

екен. Олай болса,  Әбен ағаның осын-

дай 

  еркелігіне  қарсы  келмеуші 



едік.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.  

13

МЄДЕНИЕТ

Қабанбай батыр көшесі, 32.

Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.

E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru

№41 (680) 10.10.2014



 

ТАРАЗДЫҚТАР  ТАЛДЫҚОРҒАНҒА 

ТАРТУЫМЕН  КЕЛДІ

«АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ ЖЕЛІП ЖҮРІП,

АСЫҢ БАРДА ЕЛ ТАНЫ БЕРІП ЖҮРІП», 

ДЕГЕН АТАЛЫ СӨЗДІҢ МӘНІСІ ОСЫ 

АРАҒА ДӨП КЕЛІП ТҰР. «ТӨСКЕЙДЕ МАЛЫ, 

ТӨСЕКТЕ БАСЫ ТҮЙІСКЕН» АЛМАТЫ ОБ-

ЛЫСЫМЕН ШЕКАРАЛАС ЖАТҚАН ЖАМ-

БЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ  КҮНДЕРІ 

ЖЕР ЖАННАТЫ ЖЕТІСУДА ӨТТІ. 

Қыркүйектің  29-нан  бастап  төрт  күнге 

созылған  мәдени  шара  облыс  орталығы 

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров 

атындағы  мәдениет  сарайында  Жамбыл 

облыстық  тарихи-өлкетану  музейінің  «Та-

раз  –  ғасырлар  куәсі»  көрмесінен  бастау 

алып, баспасөз - конференциясына ұласқан 

игі  бастама  кешке  қарай,  Бикен  Римова 

атындағы театрда, жамбылдық артистердің 

қатысуымен    Ш.  Айтматовтың  «Ана-Жер-

Ана»,    Ж.    Омаровтың  «Құлыншақ  ертегі, 

Қ.  Қасымовтың  «Қыз  Жібек»,  Орыс  драма 

театры  Н.  Гернеттің  «Гусенок  Дорофей», 

Ш.  Айтматовтың  «Теңіз  жағалай  жүгірген 

тарғыл төбет» повесі желісінде қойылымдар 

қойды.

  Мәдениеттің  марқасқаларын  Жамбыл 



облысы әкімінің орынбасары  Ерқанат Ман-

жуов бастап келді. Өлең-жырларымен, тари-

хи  жәдігерлерімен  елге  келген  қонақтарды 

Алматы облысы әкімінің орынбасары қарсы 

алып,  әдеби-мәдени  шаралар  төңірегінде 

жылы  лебіздерін  айтып,  Жетісу  өлкесіне 

келген өнер керуеніне сәттілік тіледі.

«Елден  елдің,  жерден  жердің  кемдігі 

жоқ»  десек  те,  ерен  тұлғаларымен  тарихи 

тағылымымен алаш азаттығы үшін толассыз 

күрес  жүргізген  Сұлтанбек  Қожанов,  Нәзір 

Төреқұлов,  Тұрар    Рысқұловтай  айбарла-

рымен,  ұлт  мұрасына  айналған  Қарахан 

мен Айша бибі, қобызына қоңыр үн қосқан 

Ықылас,  ән  мен  жырдың  кемеңгері  Кенен 

Әзірбаев, тура сөйлеп тұғырынан таймаған 

хас  батыр  Бауыржан  Момышұлы,  қаламы 

қарымды  Шерхан  Мұртаза  тағы  басқа  да 

ардақтыларын  арқа  тұтқан  өңір  барын  ба-

зарлатып,  артынып-тартынып-ақ  келіпті. 

Әсіресе,  көне  ғасырдан  сыр  шертетін,    Та-

раз  қаласының  ғылыми  дәлелденген,  мың 

жылдық  тарихы  бар  құнды  жәдігерлерімен 

қан  майданда  қайсарлық  танытқан  Бауыр-

жан  Момышұлының  ұстаған  тапаншасы 

мен  соғыстағы  жоспар  картасы    көрмені 

көрушілердің  қызушылығын  арттырды. 

Төрт  күннің  аясына  жоспарланған  шарада 

Жамбыл  облыстық  мәдениет,  мұрағаттар 

және  құжаттама  басқармасының  басшысы 

Дүйсенәлі  Бықыбаев  мәдени  шаралардың 

бағдарламаларымен 

таныстырды.  

«Қойнауы  рухани  қазынаға  толы  өңірде 

Жаңатас,  Қаратау  және  Шу  қалаларында 

қазба  жұмыстары  жүргізілуде.  Оның 

жарқын  айғағы  Тараз  қаласынан  табы-

лып  жатқан  көне  жәдігерлердің  бәрі  қазақ 

жеріндегі мәдениеттің жоғары болғандығын 

көрсетеді,  облыста  285  кітапхана,  199 

мәдениет  үйі  бар,  әрі  жыл  сайын  жас 

ақындардың  жыр  жинағын  шығаруға    жы-

лына 15 миллион теңге бөлініп отырады», 

деді  Дүйсенәлі  Дыбысалыұлы.  Қазанның 

екісі  күні  Қаратал  шағын  ауданында 

орналасқан  «Тіл  сарайында»  Тараздан 

келген  зиялы  қауым,  ақын-жазушылармен 

кездесу өткізді. Қаламгерлерді бастап кел-

ген  жазушы,  драматург,  публицист  Елен 

Әлімжан  қонақтарды  таныстырды.  Бұдан 

кейін  белгілі  ақын  Қайырбек  Асанов,  Шы-

рын Мамасерікова, Үміт Битенова, Табиғат 

Абайылдаев,  Азамат  Есалы,  Хамит  Есман 

сынды  ақындар  өлеңдерін  оқып,  ән  де 

шырқады.    1993  жылдары  хитке  айналып 

кеткен, күні бүгінге дейін әншілердің репер-

туарынан түспей жүрген: 

«Қыздар, қыздар,

Елікпеген ем еліктірдіңдер,

Желікпеген ем желіктірдіңдер.

Әттең-ай,әттең, жүрегім жалғыз, 

Бәріңе бірдей бөліп берем» деген әннің ав-

торы,  ақын  әрі  композитор  Үміт  Битенова 

«Ана»  деген әнін орындап берді.   

Екі 


өңірдің де қаламгерлері бір-бірімен әңгіме-

дүкен  құрысып,  мәдени  тақырыптар  ая-

сында пікір алысты. Құр қол келмей тарту-

таралғыларымен келген Жамбыл облыстық 

Ш.  Уәлиханов  атындағы  әмбебап  ғылыми 

кітапханасының директоры Эльмира Абди-

нова  Алматы  облысының  Сәкен  Сейфул-

лин атындағы кітапханаға Жамбыл өңірінің 

ақын-жазушылары  кітаптарының  100  да-

насын  сыйға  тартты.  Түстен  кейін  айтулы 

мәдениет сарайында Жамбыл  және   Алма-

ты облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен  

Амандық Баталов өз өңірлеріндегі  экономи-

ка,  мәдениет саласындағы жетістіктер жай-

лы сөз сөйлеп, бір-бірлеріне  қонақ кәделерін 

жасады.  Бұдан  кейін  Жамбыл  облысының 

өнерпаздарының  гала-концертін  көрген 

талдықорғандық  көрермендер,    облыстық 

тарихи-өлкетану музейі және облыстық дра-

ма  театрлардың  ұйымдастыруымен  «Түнгі 

мұражай» көрмесін тамашалады. Енді, Ал-

маты  облысының  мәдениет  күндері  әйгілі 

"Әулие ата" жерінде өтетін болады.

А. МҰХАМАДИ.

Талдықорған  қаласы  І.  Жан-

сүгіров атындағы Мәдениет сарай-

ында әр ауданның сұлулары өзара 

бақ  сынады.  Облыстық  жастар 

саясаты  мәселелері  басқармасы 

және  «Жетісу  жастары  ұйымының 

Конгресі»  жастар  қоғамдық  бір-

лестігінің  ұйымдастаруымен  жетісу 

бойжеткендері  арасында  сұлулық 

байқауы өтті. 

Кешкі сағат «бес» деп шақырған 

«Ханшайым-2014»  кеші,    залдағы 

көрерменін 

күттіріп 

«алтыда» 

бас-талды.    Арасы  бір  сағат.  Бұл 

қадірін  білгенге  аз  уақыт  емес. 

Мұнда  жиналғандардың  әбден 

дегбірі  қашты.  Тіптен,  кейбірі 

кеш  басталмастан  үйіне  қайтуға 

мәжбүр  болды.  Біз  жазуға  келгесін 

күтуге  тура  келді.  Сарылып  күткен 

кештің  төзіміз  таусылып,  сабы-

рымыз  сарқылып  бара  жатқанда 

барып 


шымылдығы 

ашылды. 


Сахнада  сәнді  киінген  қыздарға 

қарап, олардың сұлулығына еріксіз 

тамсанасың.  Байқаудың  алғашқы 

бөлімі таныстыруға кезек берілді. 

«Қыз  өссе  елдің  көркі»  деп 

аталған 


таныстыру 

бөлімінде 



ХАНШАЙЫМ-2014

ЌЫЗДАР С¦ЛУ К¤РІНЕР...



«Ажарың ашық екен атқан таңдай...» деп басталатын өлең 

жолдары көз алдыңа бірден қазақ қыздарының сұлу келбетін 

елестетеді. Жер жаһанда сұлулыққа құштар емес жан жоқ 

шығар, сірә. Адам қиялынан туындаған барлық шығармашылық 

атаулы - сұлулықтан құралмай ма?! Ақындар жырына арқау 

болған қазақ қыздарының қай-қайсысын атасақ та олардың 

бойы тұнған қазақылық пен көздің жауын алатын сұлулыққа 

толы. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де Хәкім Абай жыр арнаған 

Тоғжан, Әйгерімдер, Жұматай Жақыпбаев жырлаған Ләйлілердің 

сыр-сымбаты мен ішкі болмысын іздеп тұратынымыз анық.

бірінші  болып,  Балқаш  ауданының 

үмітін  арқалап  келген  Жансая 

Ермекқызы  шықты.  Өз  таныстыру-

ын үш тілде жеткізген арудың бойы-

нан  еш  мін  таппайсың.  Бәрі  келісті. 

Байқауға  қатысушылар    ретімен 

осылайша 

өз 

таныстыруларын 



жалғастырды. 

«Өлеңге  әр  кімнің-ақ  бар  тала-

сы» демекші бұл жылдың ханшайы-

мы  атанғысы  келген  арулар    өз  та-

ныстыруларын  негізінен  өлеңмен 

өрбітті.  Мұнысы  әсерлі  болады, 

әрине, егер қара өлеңі қабысып жат-

са. Өлең жазу еріккеннің ермегі емес. 

Өлең  Абайша  айтсақ,  «Тілге  жеңіл 

жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр 

келсін айналасы».  Ілияс, Мұқағали, 

Жамбыл, Саралардың мекені Жетісу 

жері өлең мен өнерден, сұлулықтан 

кенде  емес.  Мұндағы  әр  ауданның 

қазақ  мәдениетіне  қосқан  үлесі 

қомақты. Бұл жолғы байқауға да әр 

аудан өз үміттерін ақтайтын ақылына 

көркі  сай  аруларын  аттандырғаны 

даусыз.  Демек,  бәрі  де  жүлделі 

орыннан дәмелі. Жетісу ханшайымы 

атану үшін әр қаракөз өзінің қабілет-

қарымын көрсетіп бақты.

Десек  те,  таныстыруда  оқыл-

ған  ұйқасы  мен  сөз  мағынасы 

шашыраған  шумақтарды  тыңдап, 

қарның ашады. Мәселен: 

«Армысыздар сәлем бердім иіліп,

Сәлемімді қабыл алғын дүйім жұрт.

Сахнаның шықтым бүгін төріне,

Бір  Алланың  ақ  жолына  сыйы-

нып»    деген  өлең  жолдарынан  не 

аңғардыңыз?  Әр  адам  Алланың 

жолына  емес,  Алланың  өзіне  си-

ынбаушы  ма  еді?!  Мұнымен  қоса, 

өз  таныстыруларын  үш  тілде 

өрбіткен 

қаракөздердің 

ішінде 


ағылшын  тілімен  ауызданғандай 

сөзінің  бісмілләсін ағылшын тілімен 

бастағандар да кездесті. Мұны қалай 

түсінесіз? Бұл өз ана тілінен шет тілін 

артық  көргені  ме  әлде  ағылшынша 

білемін  деген  мақтан  ба?  Қазақ 

қызының  бойынан  қазақылықты 

іздеп  отырғанда  батпандай  болған 

бұл детальға көз жұма алмадық.

Аталған  бөлімде  көрсетілген 

бейнетаныстыруға  қарап  тағы  да 

қарның  ашады.  Түсірілген  бей-

нетаныстырулары 

үнсіз. 


Қарап  

тұншығасың.  Жамбыл  ауданынан 

келген  Балжан  есімді  аруымыздың 

бейнетаныстыруына  қарап  тәнті 

боласың. Онда ол әжесімен бесікке 

бала  бөлесіп,    құрақ  құрап,  сиыр 

сауып,  қамыр  илеп  өзінің  кәнігі 

ауылдың  тыныс-тіршілігіне  қанық 

екенін  паш  етті.  Өкініштісі  сол, 

үнсіздік.  Яғни,  онда  көрсетілген 

эпизодтар қимылсыз суреттер. Бей-

нерорлик  дегеннен  кейін,  қимыл-

қозғалысты  жанды  көреміз  деп 

ойладық. Олай ойлағанымыз үшін, 

айып  етпеңіздер.  Бірақ,  сиырды 

гүрп-гүрп  еткізіп  сауып  отырған 

қызды  көрсек,  бұдан  әлдеқайда 

жақсы  әсер  алар  едік.    Бұл  ойы-

мызды  құптаған  Нұргүл  есімді 

ұстаз  да  бейнетаныстыруда  өзін 

жарнамалағандай 

сан 


түрге 

құбылып  түскен  қаракөздердің 

қазақылық  пен  шынайылықтан 

ада екенін айтып, қынжылды. Бұл 

әр  ауданның  осы  салаға  жауапты 

мамандардың  өз  жұмыстарына 

салғырт  қарағанын  аңғартады.  

«Талаптыға  нұр  жауар»  атты 

байқаудың  екінші  бөлімі  бей-

не  сұрақтар  мен  өз  өнерлерін 

көрсетулеріне  арналды.  Байқауға 

қатысушылар 

барынша 

өз 


мүмкіндіктерін  көрсетуге  тыры-

сты. Десек те, қарапайым сұрақтан 

сүрінгендер де табылды. «Ата сал-

тым  –  ардағым»  атты  байқаудың 

соңғы  сынағында  ұлттық  киімде 

сән үлгісін көрсетті. 

Сонымен,  әділқазылар  алқа-

сының  шешімімен  үш  сынақтан 

да  сүрінбей  өткен  үш  ару  ма-

рапатталды.  Бірінші  орын  200 

мың  теңге  көлемінде  сыйақыны 

Қаратал  ауданының  үміткері  Жа-

нерке  Әмірзаданова  иеленсе, 

екінші  орын  жүлдесімен  150  мың 

теңге  сыйақыны  Талдықорған 

шаһарының сұлуы Әнел Есжанова 

еншіледі. Ал, үшінші орын жүлдесі 

мен  100  мың  теңге  сыйақымен 

Көксу  ауданының  аруы  Құндыз 

Уәлиханқызы марапатталды. 

Сынақ  шарттарына  үңілсек, 

қатысушылардың 

«Ханшайым» 

атына  сай  өнер  көрсетулеріне 

бар  мүмкіндік  қарастырылған.  Тек 

қойылған  талапқа  қатысушылар 

тарапынан  тұщымды  дайындық 

болмаған. 



 

Н. ҚҰРАЛАЙ.

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 452.69 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет